«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет25/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38

288. «Қара жорға» 

Байдың жылқысын бағып, шаруасын күйттеген жалшы 

жігіт байдың жалғыз қызына ғашық болыпты. Қыз көңілі жі-

гітте болғанымен, жалшыға тиюіне қыздың ағайын-туыстары 

ырзашылық бермейді. 

Күндердің күнінде қыздан жігітке хабар келеді. «Әкем 

мені сүймеген адамыма атастырып, жақында тойымды жасап 

ұзатқалы жатыр. Егер уәдеңнен таймаған болсаң, ебін тауып, 

мені алып қаш»,—депті. Не қыларын білмей, ақылы алпыс 

бөлінген жігіт ауылдың беделді ақсақалымен ақылдасып, жөн-

жоба сұрапты. Жігіттің сөзін түгел тыңдап болып, ақсақал 

жауап қатады: 

—Шырағым, талабың оңғарылсын! Бірақ біз ол байдың 

қызын байлықпен ала алмаймыз—дәулетіміз жетпейді. Батыр-

лықпен де ала алмаймыз—күшіміз жетпейді. Тек, асқан ақыл-

айла жұмсап қана ала аламыз депті. Сонда жігіт: 

—Ақсақал, ол қандай айла?—деседі. 

—Байдың Қаражорға деген атақты жорғасы бар. Егер сол 

жорғаны қапысын тауып қолға түсіре алсақ, жорғаның өзі де 

келеді, өзіне қоса қызды да әкеледі. Қыз өз еркімен келген бола-

ды. Біз сонда ғана бар жаласынан аулақ боламыз,—дейді. 

—Мақұл, ақсақал. Айтқаныңызға көндім. Бірақ сол Қара-

жорғаны қолға түсірудің жолын айтыңыз. «Ер серігі—тәуе-

кел», көрейін белді байлап,—дейді жігіт. 

—олай болса, қалыңдығыңа хабар айт. ұзамай бара тын-

дығың жөнінен бір ауыз ишарат білдір. Бірақ ол сен барған 

күннен бастап төсек тартып жатып қалсын. Науқас адамның 

кейпінде болсын. Жағдайын сұраған жеңгесіне жауап бермей, 



272

273


күй және күйшілер туралы аңыздар

тек шешесіне тілдесіп, бір ауыз тілек айтсын: «Мен жат жұртқа 

кетерімді біліп, құса болып жатырмын. Әкеме айт, кетерімнен 

бұрын туған-туыс аралап, қатар-құрбыммен көңіл көтеріп 

қалғым келеді. Маған, мінуге Қаражорғасын берсін»,—десін. 

Және бұл әңгімені шешесі ауылдың қадірлі деген адамына 

айтқызсын. Әйтпесе, бай көнбес. Қаражорға әйел түгілі, ер 

адамның да тақымына берілмейтін қасиетті жануар еді,—деп 

қауіп айтады.—Ал Қаражорға тақымға тигесін қыз аттың ба-

сын бірден ауылға бұрмасын. Әуелі аттың табанын қызды-

рып, әбден бусандырсын. өзің ілгері жүре бер де, ақырын күт. 

Қалғаны тағдыр-талайыңнан белгілі болар,—деген екен. 

Жігіт ақсақалдың айтқан ақыл-кеңестерін түгел орын-

дайды. Қыздың шешесі де әкесін көндіріп, ақыры Қаражорға 

қыз тақымына тиеді. Әрі-беріден соң табаны қызып, бауырын 

жазған Қаражорға маңдайын Тасқұдыққа беріп, бағыт алып 

жөнеп отырады.

Жолшыбай жігіт қалыңдығын тосып алып, елге сүйіншіге 

шабарман жібереді. Жігіттің тілеуін тілеп, жолын тосып тұрған 

ел-жұрт алыстан ала шаңның ішінен қарауытып ерекше көзге 

түскен Қаражорға ақыры бай қызының еншісі, дүниесінің басы 

болып, келген жеріне сіңіскен екен деседі.



ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЗАНҒАП /1854-1927/

289. «Балжан қыз» 

Балжан деген қыз қарақалпақтар ортасында туып-өскен 

қазақ қызы екен. Ақылына көркі сай, қылығына өнері сай, жұрт 

аузына іліккен ару бойжеткен болса керек. Қазанғап жер көріп, 

ел танып, өнер іздеп жүрген кезінде Балжан қызбен таны сып, 

тұңғыш рет бозбала сезімі оянады. ойын-тойда сөздері жара сып, 

өнерлері үндесіп, біраз күн жұптары жазылмай бірге болады. 

Содан Қазанғап қайтар кезде Балжан қыз арнайы қошта-

су ға келіп: «Ал, Қазанғап аға, тілеуі жолыңызда жүре тін бір 

қарындасыңыздың барын ұмытпаңыз, қыз ғұмыры қыз ғал дақ-

тай келте екенін білесіз ғой, жыл ұзатпай келіп тұрыңыз!»,—

деп ішкі сезімін емеурін етеді. Қазанғап та қимас көңілмен тіл 

қатып: «уәде—Құдайдың аты, жыл ұзатпай арнайы келемін»,—

деп сөз береді. 

18-136


274

күй аңыздар

Қазанғап ұзақ жол жүріп, еліне келеді. Елдегі жағдай 

белгілі. Жоқшылықты серік еткен ата-ана қартайған. Баяғы 

қоңыр үйдегі тірлік. Қарт анасы Қазанғапқа мұңын шағып, 

қолқанат болар келін көргісі келетінін білдіреді. Тіптен, көрші 

ауылдағы көз көрген қатарларымен сөйлесіп, Жәми атты қызға 

құда түсіп қойғандарын айтады. Тіршіліктің темір қамыты 

дегеніне көндірмей қойсын ба, Қазанғап әрі-бері ойланып, ата-

ананың тілегіне бас иеді. Жәми қыз да тәрбие көрген ару бол-

са керек, Қазанғаптың көңілі толады. Ата салттың рәсімінде 

«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген жөн-

жоралғы бар. Қазанғап бас құраудың қам-кереметіне кіріседі. 

Кедейдің ойға алғаны қай бір оңайлықпен орындала қойған, 

бірі кем дүниенің кетігін бүтіндейін деп жүргенде арада бірер 

жыл өтіп кетеді. Күндердің бір күнінде аяқ астынан Жәми қыз 

дүние салады. Қазанғап күйзеледі. Күйзелгенмен өлген қай тып 

тірілмейді. Тірі адам тірлігін жасау керек. 

Қазанғап тәуекелге бел буып, баяғы қарақалпақ арасын дағы 

Балжан қыздың ауылын бетке алып, жолға шығады. ойы Бал-

жанды өмірлік жар етіп, алып қайтпақ. 

Бұл жазмыш дегенді қойсайшы, Қазанғап Балжан қыздың 

ұзатылу тойының үстіне түседі. Қыз көңілі өңі түгілі түсін де-

гіге сеніп, дұғадай ұйыйтын әдеті ғой. Балжан қыз Қазанғап-

тың баяғы уәдесінен көп үміттеніп, күтудей-ақ күткен екен. 

Бірақ араға екі жылдың жүзі түскенде, амал жоқ күдер үзе бас-

тайды. Күдер үзген соң да сөз салып жүрген бір жақсы жердің 

баласына келісім береді. 

Ақылды ару Балжан қыз бота көзі мөлт етіп, көзінің жасын 

ішіне жұтады. Сонан соң болған іске болаттай беріктік таны тып, 

болашақ күйеуі мен жолдас-жорасына естіртіп ашық шы раймен 

тіл қатады: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. 

Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі 

еселеп күтіп-ақ едім. Кінә өзіңізден, енді арамызда өкпе мен 

өкініш қалмасын. Ақ тілеулі тойымды өзіңіз басқарып, уәдеде 

тұра алмаған айып-шамаңызға өмір бойы маған күй арнап 

өтіңіз!»—деген екен. 

Бұл сияқты ақ жүрек, адал көңілге көлеңке түсіруге бола ма, 

Қазанғап сол жерде Балжан қыздың кісілігі мен бүкпесіз ашық 

көңіліне риза болып: «Дегенің болсын!» деп бас иеді. 

Сөйтіп, Қазанғап өмір бойы Балжанға сұлулық пен ақыл-

парасаттың тәңіріндей табынып, күй шығарып өтеді. ол 

күйлері «Балжан қыз», «Қыз он бесте», «Балжанның он жетісі», 


274

275


күй және күйшілер туралы аңыздар

«Балжанның келін болып түсуі», «Сен кеткенде, мен қайтем», 

«Балжанның екі мықынының бүлкілдеуі», «Балжан қатын» 

деген атпен күні бүгінге дейін тартылады. 

Міне, осыдан кейін өмірді өнердің мәңгілік ететініне күмән 

келтіріп көріңіз. 



290. «Көкіл»

(I нұсқа)

«Көкіл» күйіне қатысты ел ішінде аңыз-әңгіме көп. Соның 

бірі Қазанғап пен үсен төренің алғаш кездесуіне байланыс-

ты айтылады. Бірде Қазанғап ел аралап жүріп Қарақамыста 

отырған үсен төренің үйіне түседі. үсен төре үйінде жоқ екен. 

Қазанғап сусын ішіп, шөлін басқан соң, төрде сүйеулі тұрған 

төренің домбырасына қол созады. үсен төренің дәулескер дом-

бырашылығын сырттай еститін. Төренің даңқына домбырасы 

сай екен, Қазанғап қызығып кетіп бірер күй тартады. 

осы кезде үйіне үсен төренің өзі де келіп қалады. Төрінде 

домбырасын тартып отырған бейтаныс біреу. Төре бел шешіп 

жайғасқан соң, жақтырмаған шырай танытады.

—Құдайы қонақ екеніңе сөз жоқ, бөлінбеген еншің әзір. 

Бірақ құдайы қонақтың еншісіне үй иесінің домбырасы да 

бұйырады дегенді естімеп едім. Домбырама ұлықсатсыз қол 

тигізген ендігі айып өзіңнен. Төрелігін тартқан күйің танытар, 

көрсет өнеріңді,—дейді үсен төре. 

Қолына домбыра жағып отырған Қазанғап «Көкіл» күйін 

сұңқылдатып қоя береді. Күй бітер-бітпестен үсен төре еңсесін 

тіктеп, ошарыла бұрылып: 

—Апырай, бұл төңіректе домбыраны бұлай сөйлететін еш-

кім жоқ сияқты еді. Күйің жан-жүрегімді баурап, буыныма 

түсіп кетті ғой. осы ұлықұмда жалғыз атты Қазанғап деген 

күйші бар деуші еді, жарқыным, сол сен емессің бе?!—дейді. 

Сонда Қазанғап: 

—Болсақ, болармыз!—деп жымиған екен. 

Алғаш осылай танысқан Қазанғап пен үсен төренің арасын-

да үлкен кісілікті қарым-қатынас орнаған. Қазанғап үсен төре-

ден домбыра тартудың небір шеберлік шалымдарын үйренген. 

Кейін екеуі додалы күй сайысына түскен соң да бір-біріне деген 

сый-құрметінен айнымаған. 

Міне, «Көкіл» күйінің адам танытар құдіреті осындай. 



276

күй аңыздар



291. «Көкіл» (Көкейге түскен Көкілжан)

(ІІ нұсқа)

Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы 

болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Қарақамыс аулы-

ның тұсынан өтіп бара жатып, белгілі күйші үсен төремен таны-

сып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады. 

үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп 

тыныққан соң, үсен төренің домбырасын келінінен алдырып, 

тарта бастайды. Әлден уақытта сырттан үйге кірген үсен төре 

домбырасын тартып отырған бейтаныс адамды көріп: 

—Домбырамды менің рұқсатымсыз алып тартуға батылы 

жеткен неткен жансың? Ал енді көрсет өнеріңді, егер дұрыс 

тарта алмасаң, осы жерде айыбыңды төлейсің?—дейді. 

Қазанғап өзін таныстыру үшін «Көкейге түскен Көкілжан» 

атты жаңа бір күйін шертеді. Күйші домбырасы басынан 

уайым-қайғы арылмаған кедей қауымның ауыр өмірі, жаны на 

батқан мұқтаждығы жайында күңірене жөнеледі. Сай-сүйек ті 

сырқыратқан күй сазы үсен төрені қатты толқытады. Қазан ғап-

тың домбырашылық шеберлігіне таң-тамаша қалған ол орны-

нан еріксіз ұшып түрегеліп: 

—япырым-ай, түр-тұлғаңа қарасам, алыстан келе жат-

қан адам тәріздісің, шырағым. Бұл өңірде мен көрмеген, дом-

бы расының үнін естімеген күйші жоқ еді. Сенің домбыраңнан 

төгілген мына күй жан-жүйемді босатты ғой. өмірдің талай 

қиын дығын басыңнан өткеріп, мұқтаждықты көп көрген жан 

екен сің. ұлықұмның бойында Қазанғап деген кедей, жалғыз 

атты тамаша домбырашы бар деп естуші едім, сол сен боларсың. 

Қазанғап болсаң, жоғары шық, төрге оз,—дейді. 

—Болсақ, болармыз,—деп Қазанғап төрге шыға берген екен. 

Белгілі күйші үсен төре мен Қазанғап осылайша танысады.

 

292. «Торы жорғаның бөгелек қақпайы» 

Қазанғаппен сыйлас, қадірлес Бүркітбай деген бай болған. 

Мал тегін адамға бітпейді ғой, Бүркітбай төрт түліктің тілін 

білетін, шаруаның ығын тапқыш, табиғат сырын танығыш зе-

рек жан болса керек. 

Бір жылы жаз ортасы ауғаннан-ақ шөп буыны ерте қатып, 

құс ерте қайтып, жылқы малы ішін тартып, алдағы қыстың 



276

277


күй және күйшілер туралы аңыздар

қолайсыз болатын сыңайы байқалады. Табиғат сырына зерек 

Бүркітбай ширақ қимылдап жүріп, ұсақ малы мен қара малын 

базар шығарып, ақшаға айналдырып үлгереді. Ал жылқысын 

сенімді жігіттерге тапсырып, Аралдың Құланды деп аталатын 

құрақты, қамысты қорығына айдатады. 

Бүркітбай қателеспеген екен, қылышын сүйретіп қыс келеді. 

Қара күзден бастап көк иық етіп ұзақ жауған қара жауынның 

аяғы сақылдаған сары аязға ұласады. Дала төсін көк сауыт мұз 

құрсайды. Жерден қылтанақ теріп жей алмаған төрт түліктің 

аз күнде жілік майы үзіліп, ақсүйек жұт болады. 

Әбден, күйзеліп көктемге «шықпа, жаным, шықпа!» деп 

әзер жеткен ел бар үмітін Құландыдағы жылқыға артады. Со-

дан, көктем жылт етіп шығып, ел-жұрт біріне-бірі сүйеніп, 

жайлауға тұяқ іліктіргенде Бүркітбайдың қалың жылқысы 

да көрінеді. Жай көрінбейді, бір басы екеу болған көп жылқы 

шұрқырап, сұлық жатқан дала төсіне жан бітіреді. Жер 

қайысқан жылқының алдында Бүркітбайдың малының басы 

Торы жорға айғыр, жал-құйрығы жер сызып, кекілін сілки 

шұлғып, үйреншікті жайлауын бетке алып келе жатса керек. 

осынау көрініске сүйсініп, іштей шүкірлік еткен Қазанғап-

тың қолындағы домбырасынан тың сарын лекілдей төгіліп 

қоя берген екен. Сонда жаңа күйге елең ете қалған Бүркітбай 

да қуанышын жасыра алмай: «Қазанғап-ау, мына күйің со-

нау көрінген торы жорғаның бөгелек қақпайы сияқты ғой!»—

депсе керек. Қазанғап болар-болмас жымиып қойып: «Болса, 

болар!»—деген екен. 

Ел қуанышын өз бағына балайтын Қазанғаптың бұл күйі 

кешікпей-ақ «Торы жорғаның бөгелек қақпайы» деген атпен 

дүйім жұртқа тарап еді дейді.



293. «Домалатпай» 

Бір жылы Қазанғап ел аралап жүргенде Адай ауылындағы 

Ботақара деген байдың үйіне барады. үйде бойжеткен қыз 

ұршық иіріп отырады. Жанында сүйеулі домбырасы тұрады. 

ол—Ботқара байдың жалғыз қызы және сол жерге аты шық-

қан белгілі домбырашы екен. Қазанқап үйге кіріп, жайғасып 

отырғаннан кейін, үнсіз отырған қызы сөзге шақыру үшін, өзі-

нің киіз қаптағы домбырасын алып күй тартады. Қыз домбыра-



278

күй аңыздар

ның көмейінен шыққан күй сазына еріксіз мойын бұрып, күй ді 

зейін қоя тыңдайды. Қазанғаптың орындаушылық шеберлі гін 

көрген қыз, күйшіні сынау үшін: 

—Сіз мықты домбырашы болсаңыз, мына ұршыққа күй шы-

ғарыңызшы?—деп қолындағы ұршығын кілем үстіне домала-

тып жібереді... 

Мұндай тосыннан қойылған сұраққа сезімтал күйші жақ-

сы лап жауап беру үшін, сәл ойланады да, ұршық домалап ба-

рып тоқтаған жерге көз тастап, бір күйді тарта жөнеледі. Баяу, 

бірқалыпты дамыған күй үні, оның әсем сазы қыздың сезімін 

оятады. Қазанғап тартқан күйдің «сиқырлы» үніне шырмалған 

қыз, бір сәт басқа дүниені ұмытқандай, екі көзі күйшінің 

саусақтарында, құлағы күйде болып, біраз ұйып қалады. Күй 

самғап, шарықтап барып біткенде демін ішіне тартып, үнсіз 

отырған қыз күйшіге қарап: 

—Мына тартқан күйіңіздің аты не болды?—деп сұрайды. 

Сонда Қазанғап: 

—Шырағым, қазақта «жастың талабын қайтарған күнәға 

батады» деген сөз бар, сондықтан сенің талабыңды қайтар-

майын деп айтқан сауалыңа арнап шығардым, бұл күйдің аты 

«Домалатпай» болсын,—депті. 

294. «Бұраңдама, келіншек!» 

Қазанғап күйшінің өнері шартарапқа тарап белгілі бола 

бастаған шағы болса керек. Қайда барса да, елі құрметтеп 

қарсы алған ғой. Жылда жазғытұрым ауыл-елді аралап, 

күмбірле тіп күйін тартып, майын тамыза, әңгімесін айтқанда, 

күйді ұйып тыңдап отырған жұрт, өздерін таңғажайып сырлы 

дүние нің ішінде жүргендей сезінетін еді. Күйші әрбір ауылды 

жыл да осылайша аралап шығатын. Әр сапарында сол ауылға 

жа ңа күй, жаңа саз әкелетін. Бір жылы бұрынғы әдетінше ара-

лап жүргенде ел шетінен алыстап, өзге өңірге шығыңқырап 

кетеді. Алда ел шығар, не де болса жүре көрейін деп ойлайды. 

Астындағы Бозжорға да өндіре аяңдап, жер апшысын қуы-

рып келеді. Бір мезгілде, күн сәске түс болғанда алдындағы 

төбенің баурайынан екі-үш ақ шаңқан киіз үй көрінеді. өзі де, 

астындағы Бозжорға да шөліркеп шаршай бастаған еді. Сол 

ауылға түстенуді ұйғарды. 



278

279


күй және күйшілер туралы аңыздар

ортадағы әдеміше келген киіз үйдің сыртына тоқтап, қа-

зықбауға атын байлай бергенде үйден алты-жеті жасар бала 

жүгіріп шығады. Қазанғаптың қасына келіп аман-саулықтан 

кейін, үйге қарай бастап ала жөнелді. 

Қазанғап ашық тұрған киіз үйдің есігінен «Ассалау маға-

ликум!» деп кіріп келді. үйде отыздар шамасындағы келіншек 

бар екен. Сәл жымиып, «төрге шығыңыз» дегендей ишарат 

білдірді. 

Қазанғап төрге жайғасып отырғаннан кейін, таңдайы құр ғап 

тұрғанын сезді де, келіншекке қарап: «Жүргінші жолаушы едім, 

сусыныңыз болмас па екен?»—деді. Келіншек сәл-пәл жы миды, 

сол жақта тұрған қоңыр күбінің бетін ашып, пісіп-пісіп жібер-

ді де, ағаш аяқты толтыра құйып Қазанғапқа ұсынды. Күйші 

сіміріп жіберді де, кесені бірақ төңкерді. Шөлдеп келгендікі ме 

қымыз керемет тәтті болып көрінді. Келіншек кесені алды да 

тағы құйды, бұл жолы бағанағы кішкене балаға қарап, «Мына 

қымызды ағаға апарып бер»,—деді. Бейтаныс жолаушыға қы-

зықтай қарап отырған бала ұшып тұрып, қымызды алып берді. 

Балаға «рахмет» деді де, қымызды бір-екі ұрттады. Келіншекке 

қарады да: «Қарындасым, қымызың балдай тәтті екен, шөлімді 

су сепкендей басты. рахмет!»—деді. Келіншек сәл жымиды да: 

«Жолаушы болсаңыз, хош келдіңіз! Жолдан шаршаған шы-

ғарсыз. Демалыңыз. Мен шай дайындайын»,—деді де сыртқа 

шығып кетті. Қазанғап тысқа шығып, Бозжорғаны суытты да, 

үйге қайтып келді. Көпшікке қисайып еді, ұйықтап кетіпті. 

«Аға, шайға тұрыңыз» деген дауыстан оянды. Алдында құман 

ұстап қолға су құяйын деп бағанағы бала тұр. Сонда білді, 

ұйқысы қанып, тынығып қалыпты. Қонақ демалсын деп шай-

ды әдейі кешуілдеткенін түсінді. 

үш-төрт кесе шай ішіп, маңдайы жіпсіп, көңіл хошы келіп, 

рахаттанған Қазанғап жөн сұрасты: қай ауыл, қай ел екенін 

білді. 

«Шайыңыз бағана берген қымызыңыздан да дәмді екен, 



қарындасым»,—деп Қазанғап өзін таныстырып өтті. 

Бұл келген қонағының әйгілі Қазанғап күйші екенін ке-

ліншек бағана-ақ білген. Көрші елде Қазанғап күй тартып, өнер 

көрсетіп жүр екен деп естіген-ді. Ел аңыз етіп айтатын осындай 

атақты күйшінің өзінің ақ дастарханында қонақ болып отыр-

ғанына дән риза, келіншек өзі де өнерден құралақан емес-ті. 



280

күй аңыздар

Қазанғап өз халқының тұрмыс-салтын өте терең білетін 

сұңғыла зерек кісі еді. Айнала көз тастады, үй-іші аса бай бол-

маса да, жып-жинақы сәнді екен. Керегеде екі домбыра ілулі 

тұр. Біреуі кішірек домбыра. осы үйде жүгіріп жүрген, сүп-

сүйкімді мына баланың домбырасы боларсың-ау деп ойла-

ды. Байқайды, дастарханда әжептәуір сыйлы қонақ келгенде 

беретін тағамдар қойылған екен. Мұндай сый-құрметке көңілі 

толған Қазанғап, енді назарын келіншектің өзіне аударды, 

нағыз қас сұлудың өзі десе де болады екен. өзінің әлі үйленбей 

жүргені есіне түсті. «Шіркін, осындай жарым болса», деп ойла-

ды. Тап бір осы шақта ішкі сырды біліп қойғандай Қазанғап тың 

ойын келіншектің сөзі бөлді.

—Күйші аға, сіздің ел аралап жүргеніңізді естіп едік. 

Біздің жаққа келмейсіз. Жақсы өнерге біз де құмармыз. Айып 

етпесеңіз мына кішкентей да сіздің күйіңізді тыңдағысы келіп 

отыр, біз де өнеріңізді тыңдалық,—деді. Күлімсірей жы миып, 

наздана қарап, қолқа салды. 

Көңілі толып, әбден риза болып отырған күйші қолына дом-

бырасын алып, күй толқынын бірінен кейін бірін ал кеп ағытты 

дерсің. Ақжелеңдердің небір сұлулары бұлақ суындай асып, 

төгіліп жатты. Тұла бойын шабыт кернеген Қазанғап қанша 

уақыт күй тартқанын өзі де сезбеді. Бір сәт күй толастағанда 

келіншек: «ой-бой! Шоғым сөніп қалған екен ғой!»—деп сыртқа 

қарай бет алды. Шығып бара жатып, артына күлімсірей қарап: 

«Пай-па-ай, шіркін, дүние-ай! осындай да саусақтар болады 

екен-ау!»—деді. Киіз үйдің сықырлауығы екі жаққа айқара 

ашылып қалды. Келіншек ошақ басына қарай бұрала басып 

кетіп барады. «Былқ-сылқ еткен жүрісі қандай әдемі еді»,—деп 

ойлады Қазанғап. Сіз он саусақтан өнер тамған күйші болсаңыз, 

мен осы ауылдың қас сұлуымын, күйші болсаң, суретте осыны 

деп тұрғандай. 

Келіншек ошақ басында әр нәрсені түрткілеп, күйшінің көз 

алдында көлбеңдеп жүріп алды. Біраздан кейін қып-қызыл 

шоғын алып, қайтып келді. Сонда күйші қапелімде төгілген ша-

быт толқынын тоқтата алмай сол көрініске арнап: «Қарындас, 

мынау: «Бұраңдама, келіншек» деген күйім болсын»,—деп сол 

бойда әдемі бір сұлу күй шығарып тартқан екен дейді. 


280

281


күй және күйшілер туралы аңыздар

295. Қыз Ақжелең мен Қазанғап

Қарашаның үйіре соққан бораны айналаны ақтүтек етіп 

жіберген. 

—Қарашада соққан боранды алғаш көруім. Сірә, биыл жұт 

болмаса игі еді,—деді екі аттылының егделеу келгені. 

Жолаушылар бұйрат құмның желкесіне шыққанда, таяқ 

тас там жерден жылтыраған от көрінді. Іңір қараңғылығы жаңа 

түсе бастаған шақ еді. Екі жолаушы қазақ дәстүрі бойынша 

сәлем беріп, киіз үйге кіріп келеді. 

—Жем бойын бетке алып шығып едік, мына құтырына 

соққан бораннан жүрісіміз өнбеді, жолай алдымыздан көрін-

ген соң, осы үйге түсіп, қонып шығайық деп келдік, ныспым 

Қазанқап, мына қасымдағы қосшым Ержанның Кәдіралысы,—

деді жолаушылардың үлкендеуі бойлары жылынып, алдарына 

шай келген кезде. 

үй иесінің кесесі қолынан түсіп кете жаздайды. 

—Апыр-ау, сенейін бе, сенбейін бе? Кәдімгі домбырашы 

Қазанғап па? Апыр-ау, емшегі беріш боп қатып қалған бесті 

нарды күйімен идірген Қазанғап па бұл? 

—Жолыңыз құтты болғай, лайым!—Қазанғаптың көзі кіш-

кене терезе алдына сүйеп қойылған тоғыз пернелі қара домбы-

раға түсіпті. орнынан тұрып, әлгі домбыраны алады да, түрегеп 

тұрған күйі қағып-қағып жібереді. 

—Тартыңыз, Қазеке,—деп үй иесі домбырашының кідіріп 

қалғанын көріп. 

—Жоқ, бұл домбыраның иесі бар екен, оның рұқсатынсыз 

тартуға болмайды. Құлақ бұрауынан иесінің өнерпаз екенін 

көріп тұрмын. 

—Апыр-ай, Қазеке, тегін емессіз-ау! оның иесі өзіміздің 

Ақжелең ғой. Жан дегенде көрген жалғыз балам. ұлым да, 

қызым да сол. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, бозбалаша 

киінген, жасы он төрт-он бестердегі жас өспірім қыз сәлем беріп, 

үйге кіріп келеді. Ақжелең осы еді. 

Шай ішіліп, дастарқан жиылған соң, кезек домбыраға келді. 

Ақжелең қос бұрымын арқасына қарай серпіп тастайды да, 

домбыраның ішегін бір-екі қағып жібереді. 

—Көке, мына домбыраны біреу ұстапты ғой,—деді ол сосын 

жұлып алғандай. 



282

күй аңыздар

—Күнім, әлгінде мынау Қазанғап ағаң байқап көріп еді. 

Қазанғап сонда байқады—қыз солақай екен, домбыра теріс 

бұралыпты. 

—Балам, жасым үлкен болғанмен, әуелі өзің тарт, 

домбыраның бабын бұзбайын,—дейді Қазанғап қыз өзіне дом-

быра ұсынған кезде, Ақжелең домбыраның сағақ пернесін 

басып тұрады да, безілдете жөнеледі. Сүйріктей саусақтары 

бірте-бірте жоғарылап, біресе бәйгеге қосылған аттың шабысы, 

біресе жорға бүлкілдің жүрісі естілгендей болды. Енді бірде сол 

қолдың аты жоқ саусағы ортаңғы пернелердің бірінде дірілдеп 

тұрып алып, екпіндеп келген күй кілт үзіліп еді. 

—Бәрекелде, талабың таудай болсын! Бұл күйің не 

деп аталады?—дейді мына тартысқа арқасы қоза бастаған 

Қазанғап. 

—Сізге жайылған ақ дастарқанның үстінде туып отыр, бұл 

күйдің атын әзір өзім де білмеймін,—дейді қыз. 

—Ата өнерін қадір тұтқан өнерпаз қыздың өзінің атымен 

аталсын, «Ақжелең» болсын,—дейді күйшінің серігі Кәдіралы. 

Күй кезегі Қазанқапға келгенде, Кәдіралы денесімен күйші-

ге бұрыла қарады. Құдіретті саусақтардың ізін аңдып, көкейіне 

тоқып отырғандай. Қазанғап күйін кейінгі ұрпаққа жеткізсем 

деп құштарлық тұла бойын билеп алған... өте бір аяныш ты, 

зарлы әуен отырғандардың еңсесін түсіріп жібереді. Күйші 

саусағы сағаға барған кезде Ақжелеңнің көзінен бір тамшы жас 

тамып кетіп еді. 

—ойпыр-ай, Қазеке, сіз тартқанда домбыра сөйлейді деу ші 

еді, рас екен, елді тағы бір аласапыран оқиға күтіп тұрмаса бо-

лар еді?..—дейді отырғандар. 

—Биылғы жылдың бастауы жаман. Айтуға аузым бармай, 

осы домбыраға ғана ерік беріп отырмын, бұл көптен көкейімде 

жүрген «Көкіл» еді,—деп Қазанғап төмен қараған күйі ләм-

мим деместен едәуір уақыт отырып қалады. 

Сол жылы елде жалпақ жұт болыпты деседі. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет