«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет22/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

САРЫМАЛАЙ /1835-1885/

259. «Сансызбай» 

Сарымалайдың сыбызғышылық өнері ауыл арасына ғана 

емес, төңірегіндегі орда, орынбор сияқты қалаларға да кеңі нен 

мәлім болған. Мұндай орындарда Сарымалай қолдан қолға ти-

мей, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленеді екен. Тіп тен 

сыбызғышының асыл өнеріне тәнті болғандар астына ат мін-

гізіп, үстіне киіт кигізіп, зор құрмет көрсететін болған. 

Бірде Сарымалай ел аралап жүріп, Сансызбай деген байдың 

ауылына тап болады. Сансызбай өзінің кең ордасында әйгілі 

сыбызғышыны қолқалап отырып, ұзақ таңға күй тартқызады. 

Тіптен, күйшінің жол соғып шаршап келгеніне де қарамай, әр 

күйдің аңызын айтқызып, беріле тыңдайды. 

Содан, таң алдында дем алуға сыртқа шыққан Сарымалай ға 

ауыл жігіттері: «Апырай, біздің байекең алуға жомарт, беру ге 

сараңдығын сізге де көрсетіп, тұла бойыңыздағы күйді сауып 

алды-ау!»—деп әзіл айтады. Сансызбайдың сараңдығын Сары-

малай үнсіз ғана ішіне түйіп алады. 

Ертеңінде Сарымалай жол жүрмекші болады. Ауыл жігіт те-

рі айтса айтқандай, Сансызбай мыңғырып мал айдаған байлы-

ғына қарамастан, Сарымалайға ешқандай жөн-жоралғы жаса-

май, сұлу-сыпайы қоштасады. Сонда Сарымалай сыбызғысын 

алып, кешегі күйлерінен мүлде бөлек бір күйге салды дейді. Сол 

жерде күй тыңдап отырғандардың бірі: «Мынау бір тың сарын 

ғой, бұл күйіңіз не деп аталады?»—деп сұрайды. оған Сары-

малай: «Бұл күйімді басқаға сараң болса да, тыңдауға жомарт 

Сансызбайға арнадым»,—дейді. 



240

күй аңыздар

Мұны естіген Сансызбай қызара ұялып, бір жағынан сараң-

дығын жұртқа жайып жіберер деп қысылып, сол жерде әйгілі 

күйшіге ықылас көрсетеді. Сарымалайды қолқалап отырып 

қайтадан төрге шығарып, «сыбағаң» деп қой сояды, «жолың» 

деп иығына шапан жабады. 

Бірақ өнер шіркін өлетін мал, тозатын дүниенің шылауында 

жүрмейді ғой. Соның бір айғағындай болып, бүгінгі күнімізге 

«Сансызбай» күйі жеткен. 



260. «Ақсақ құла»

(ІІ нұсқа)

Кіші жүздегі он екі ата Байұлының бір бұтағы Адай болған-

да, Адайдан тарайтын іргелі рулардың бірі Қырықмылтық деп 

аталады. Сол Қырықмылтықтың бір тармағы Мұқалдың ішін де 

Қарабас деген қадірлі адам өткен. Қарабас дүние салғанда үш 

жүздің бір-бірімен құлақтас адамдары тегіс күйзеліп еді дейді. 

Қарабас балалары әкесінің асын Алшынның жуан ортасы 

деп Құмауытта өткізіпті. үш жүзге сауын айтып, бас бәйгеге 

елу түйе, екі жүз елу қой тігеді. 

Қарабастың асында үш жүздің небір нәнталап ығай-сы-

ғайларынан басқа, қатысам деген үміткерлердің де бетін қақ-

пайды. Сондай үміткерлердің бірі Табын ата елінен келген Жұбан 

деген жігіт екен. Мініп келген құла қасқа атының қолдауы түсіп, 

сылти басып келгеніне қарамай бәйгеге қосатынын білдіреді. 

Жұрт ішінде Жұбанды қыжырта кемсітіп, әжуа етушілер де бо-

лады. Жұбан мұның бірін елемей, құла қасқасын тәуекел деп 

бәйгеге қосады. 

ұзын саны алпысқа тарта бәйге аттарының ішінде Жұбан-

ның Ақсақ құласы жалғыз қара болып бірінші келеді. 

осы оқиғаны көзімен көріп, көңіліне тоқыған Сарымалай 

сыбызғысына күй етіп тартқан екен. 

261. «Жорға аю»

(ІІІ нұсқа) 

Ертеде бір аңшы аю аулауға тауға кеткенде, кішкене баласы 

әкесінің артынан ілесіп қалмайды, әкесі ол баланы аңғармай-

ды. Қалың тоғайға кірген соң, бала әкесінің қарасынан көз жа-



240

241


күй және күйшілер туралы аңыздар

зып, жолдан адасып, жалғыз өзі беті ауған жағына жүре береді. 

осы уақытта ол балаға аю шабуыл жасап, өлтіреді де, оны 

жерге көміп жатады. Бір кезде осы аюдың ізіне түскен аңшы, 

баласын жайғастырып көмгелі жатқан азулы аңның үстінен 

шығады. Аңшы аюды атады, бірақ оқ аюдың бір аяғына тиеді. 

Жараланған аю үш аяғымен қашады. Аюдың сондағы шабы-

сы жорғаның жүрісін елестетеді. Екінші рет атқанда аюды 

құлатады. 

БАЙСЕРКЕ ҚҰЛЫШҰЛЫ /1841-1906/

262. «Жекпе-жек» 

Мүйізді өтеген батыр еліне жайлы қоныс, шұрайлы мекен 

іздеп көп нөкерімен жолға шығады. Шығысында Бежінге дейін 

барып, батысында Еділге дейін жол тартады. Талай азапты 

басынан кешіреді. Ақтөбе деген жерге бет алғанда таң бозын-

да алдарынан алып айдаһар шығып, кес-кестеп тұра қалады. 

Нөкерлерінің бәрі жанынан шошып кейін шегінгенде, өтеген 

өзі жеке шығып айдаһармен алысыпты дейді. Батырды жеңе 

алмаған айдаһар кейін шегініп, өтегеннің керуеніне жол беріпті 

дейді. осы жекпе-жекті Байсерке күй тілімен бейнелесе керек.



263. «Төрт қарға» 

Шу өзенінің бас жағын мекендейтін ұлы жүзден шыққан 

орта шаруасы бар бір адам мұқтажсыз өмір сүріпті. Ақкөңіл, қо-

лы ашық болғандықтан ауылдастары оны «Жомарт» атап кетіп-

ті. Бірақ баласы болмай, соған қатты ренжиді екен. Жасы елуге 

аяқ басқан соң мұрагерлерден де үміт үзіп, Құдай салғанды кө-

ріп, жата береді. Жұбайы да қарапайым, жолдасының айтқанын 

екі етпей, тату-тәтті өмір өткізеді.

Қоян жылы келгенде үлкен жұт болып, елдегі мал біткен-

нің бәрі қырылып, халық ашаршылыққа, босқыншылыққа 

ұшырайды. Мұндай жағдай Жомартқа да жақсылық әкелмей-

ді. Көктемге салым оның да қысып ұстап отырған бірді-екілі 

тұяғы шөбі болмағандықтан опат болып кетеді. ол бала орнына 

жас малды: бұзау, қозы, бота, құлындарды бағып-қағып күтеді 

екен. Енді мал орнында оның қыстауында әрнемені шұқып, 

16-136


242

күй аңыздар

қарқылдаған төрт қарға қалады. Қарғалар шалдың жалғыз 

екенін сезгендей, бір орыннан екінші орынға секіріп жүріп, бір 

уақытта онсыз да қайыр сұрауға, болмаса өлуге бел байлаған 

жалғыз шалдың қасына келеді. Тіпті, олар да жалғызсырады 

ма, кім білсін, шалдың артынан ілесіп қалмай қояды. Шал бір 

нәрсесін ұмытқан кісідей сәл ойланып тұрып, жүгіріп үйіне ба-

рып, домбырасын алып шығады. Көктем лебін әкелген самал жел-

дің ызыңына қосылып тұрып домбыраның шегіне қол соғады. 

Шал ескі бір күйді ойнап кетті. Домбыра халық басына түс-

кен ауыр қайғыны сезгендей боздай жөнеледі. Күйде көңілсіз 

әуен тақырыбы өтіп жатыр, бірде аттың желісін бейнелейтін саз 

да естіліп қояды. Сонан кейін басын төмен салып, бір кез өзін-өзі 

ұмытқандай шал күйді өте бір нәзік сезіммен шерте жөнеледі. 

үздік-создық дыбыстары барған сайын баяулап, әлсіреп барып 

күй аяқталады. 

Жан-жағына байқап қарайды. Төңіректе ешкім көрінбейді. 

Тек жаңағы төрт қарға ғана дөңгеленген көздерімен қарап 

қалыпты. Барлық жерде өлген мал, жандардың қалдықтары 

көрінеді. Жомарт домбырасын қайта қолға алып қарғалардың 

қарқылдаған үніне еліктетіп бір күй тартты. Домбыра төрт 

қарғамен қарғаша сөйлесіп кетті. «Сендерден басқа менің еш-

кімім жоқ, мені тастап кетпей-ақ қойыңдар, маған ештеңе қал-

маса да, сендер үшін жететін азық мол»,—дейді. 

ЕСБАЙ /1842-қ.ж.б./ 

264. «Айда бұлбұл, сайра бұлбұл» 

Ел әңгімесіне қарағанда Есбай бұл күйді бозбала шағында 

домбырамен алғаш әуей болған кезінде шығарған екен. Же-

тімдіктің тақсыретін ерте көрген, сынық көңіл бала жігіт 

оңашаға барып зираттардың арасында отырып күй тартатын 

әдет шығарады. Бірде, күй тартып отырған кезінде төбесіне бір 

жалғыз бұлбұл құс келіп, үйіріліп тұрып алады. Келесі күні 

сол көрініс айна-қатесіз қайталанады. үшінші күні де солай 

болады. Екеуі бір-біріне әбден үйреніседі. Бұлбұл көкте, Есбай 

жерде, әрқайсысы өзінің мұңлы жырын толғап жүре береді. 

Кейіннен өзінің жалғыз мұңдасына арнап бозбала Есбай осы 

күйін шығарған екен. 



242

243


күй және күйшілер туралы аңыздар

265. «Үш атаның тартысы» 

(І нұсқа)

Кіші жүздің төресі Қаналы үлкен бір мәжіліс ұйымдасты-

рып, оған дүйім жұртты шақырады. Мәжіліс үстінде көптеген 

ойындар көрсетіледі, өнер сайысы болады. Ақырында күй тар-

тысы басталады. Тартысқа үш кісі түседі. олар: Байұлынан—

Есбай, Әлімнен—Тоғызбай, Жетірудан—Науша қыз екен. Бірін-

ші кезек Науша қызға тиеді. Наушаның тартқаны «Шилеме, 

шегелеме» күйі. Аңызда Науша бұл күй жайында былай депті-

міс: «Бірде далада «Ақсүйек» ойнап жүргенде, шоңқаймамды 

тасқа соғып, өкшесін сындырып алдым. Сонда бір құрбы жігіт, 

ұсталығы бар еді, айдың жарығында шоңқаймамның өкше-

сін кәдімгі шимен шегелеп берді. Сондағы құрбымның өнеріне 

разы болып шығарған күй еді». 

Қазақ өнері—Шығыс өнерінің бір саласы, мұнда астарлап 

айту, символ мен ырым көп орын алады. Мысалы, бұл күйде 

әңгіме мүлдем ұста жігіттің өнері жайлы емес екені аңғары ла-

ды. Немесе ашып айтсақ, Науша қыз көңілдестік жайын мең-

зеп, емеурінмен жеткізген. 

Келесі кезек ата жолы үлкен Тоғызбайға тиеді. Тоғызбай 

«Қызыл қайың—Мамыт» деген күйді тартады. Бұл күйдің 

әңгімесін Тоғызбай былай деп түйген екен: «Бір жігіт бір қызбен 

көңілдес болады. Бірақ өзінің олақтығынан, келген сайын 

иттерді шулатып, елге жария болып қалады. Содан кейін бірде, 

әсіресе белсене шауып жүрген бір қайың-қаптал итті манағы 

жігіт айдалада қуып жүріп, әбден сабап, бір аяғын сындырып 

қоя береді. Міне, сонда, «итті алдай алмаған жігіт қызбен не 

сөйлеспек?» деп шығарған күйім еді»,—депті. 

Науша мен Тоғызбайдың арасында әлденедей, келісім, 

ұғысымның барын байқау қиын емес. Науша, қыздың көңілін 

таба білген епті жігіт жайын айтса, Тоғызбай жұғымы жоқ 

олақ, ебедейсіз жігіт жайын айтып отыр. Сол жиында отырған 

қыз-бозбалаға өнеге ғой бұл. 

үшінші кезек Есбайға тиеді. Есбай сол жерде отырған ха-

лыққа қарап: «уа, жарандар, мына екі домбырашы бұрыннан 

дайындап келген күйлерін тартты. Ал мен осы арада, табан 

астында шығарған күйімді тартамын. Және бұлар оң қағып 

тартса, мен теріс қағып тартамын»,—деп, «Теріс қақпай» күйін 

тартады. 



244

күй аңыздар

Атырау өңірінде Есбайдың шертісіне тәнті болмайтын адам 

болмаған. Жұрт: «Па, Байұлының домбырашысындай күйді 

ешкім шала алмас. Тазбала жеңді»,—десіп шуласып кетеді. 

Сол кезде Қаналы төре: «Халықтың аузына Байұлының атын 

Құдайдың өзі салды ма, әлде Есбайдың бағы ма, білмеймін. 

Қош! Байрақ Есбайдікі»,—дейді. Сонда елде болмаған бір оқиға 

болыпты. Айрандай ұйыған жұртты селк еткізіп, Науша қыз: 

«Дат»,—дейді. Қазақта тіл кеспек, сөзін жұтқызу деген жоқ. 

Қаналы төре: «Айт!»—дейді. Науша қыз былай дейді: 

—уа, алдияр! Мен бірінші кезек өзіме тигенде сасып қалып, 

қолыма ілінген күйді тарта салып едім. Ендігі тілек—осы 

жиынға арнап, әкелген күйімді тартсам деп едім. Маған байрақ 

керек емес. Жұрт күйімді тыңдаса болды. 

Халық та, төре де құп көреді. Науша қыз өзінің «Бұлбұл» 

атты әйгілі күйін тартады. Жұрт Наушаның саусақ алысына 

қайран қалып: «Апырмай, Байұлы бізді қолын олай сермеп, 

былай сермеп алдап кеткен жоқ па осы? Мына Наушаның қолы 

ілме күйге шебер екен»,—дейді. Біреулер тіпті «Байрақты Нау-

ша алсын!»—деп қалады. Қаналы төре: «Ау, халайық, төре екі 

сөйлемейді. Бір тойда екі жоралғы болмайды, өздерің Есбай-

ды жақсы дедіңдер. Мен «хош» дедім. Ал енді мына сөзің қай 

сөз? Қысқасы, төре бір-ақ байрақ береді. Ауылдың атынан сый-

құрмет берсеңдер—оны өздерің білесіңдер»,—дейді. 

осы кезде Есбай сөз алады: 

—уа, халайық! осы жасқа келгенше талай тартысқа түстім. 

осы уақытқа дейін өзім білген домбырашы менің алдымды кес-

пеп еді. Ешкім менен кейін күй тартпап еді. Ал енді Науша 

қыздың мына тартуын менің заманымның өткені деп білдім,—

дейді. Дейді де, мұңайып отырып: «өттің дүние» күйін 

қозғайды. 



266. «Үш ананың айтысы»

(ІІ нұсқа)

Әйгілі күйші Есбай Балұстаұлы (1842-1910) тартқан «үш 

ананың айтысы» атты тармақты күйдің аңызын толық қал-

пында келтіре кетудің артықтығы жоқ. 

«Кіші жүзге аты мәлім Қаналы деген төре 1903 жылы 

сары ала күзге қарай әкесіне ас береді. Шежіре сөздің қисыны 



244

245


күй және күйшілер туралы аңыздар

бойын ша, Кіші жүздің он екі ата Байұлы, алты ата Әлім, жеті 

ата Жетіру тармақтарының түпкі аталары бір болғанымен ана-

лары бөлек болған соң «үш ананың балалары» деп атайтын 

дәстүр бар. Сол үш ананың балаларына Қаналы төре сауын ай-

тып, үш арыс елдің кіндік ортасы деп, ас беру үшін Сағыз өзені-

нің «Терісаққан» деген сағасына киіз үй тіктіреді. Қапысыз 

таңдалған шымдауыт, қияқты алапқа тігілген үй саны 900 бо-

лыпты. үй бас сайын Хорезмнен алдыртқан ұнды бір-бір қаптан 

үлестіріпті. Мұның сыртында, келген қонақтарға сыбағасы деп 

үй ара бір тайдан, жолы деп үй бас сайын бір қойдан сойылады. 

ол кезде астың көркі—ат бәйгесі, балуан күресі, өнер сайыс-

тары. Сол дәстүр бойынша, алдын ала сауын айтушылар ат 

жарысының бас бәйгесіне өңшең бір өңді елу айыр інгеннің 

тігілетінін, бас балуанға бір үйір қысырақтың бұйыратынын, 

сондай-ақ осы аста үш ананың күйші-домбырашылары өнер 

өрелестіретінін, жеңімпазға үш жасар бұқа беріліп, иығына 

оқалы жібек шапан жабылып, құрметіне ту көтерілетінін ха-

барлайды. 

Межелі уақытында Кіші жүздің жақсысы мен жайсаңы бас 

қосқан ас басталады. Асты Қаналы төренің өзі басқарады. Ат 

бәйгесінде, Адай, оның ішінде Мұңал, оның ішінде Әли ата-

сынан Нұрымның Тауаны деген байдың шұбар аты бірінші 

келеді. Тауан бай Қаналы төреге әрі құда, әрі қайын болса ке-

рек, «маған атағы да жетеді» деп, бас бәйгеге тігілген елу айыр 

інгенді ошаққа қалдырып кетеді. Сөз арасында айта кетуге бо-

лады. Тауан бай 1926 жылы қайтыс болып, келесі 1927 жылы 

ас берілген. Бұл ас Адай арасындағы ең соңғы ірі ас дейді көз 

көргендер. 

Қаналы төре берген астағы балуан күресінде Жетірудың 

жігіті бас балуан атанып, бір үйір қысырақты еншілейді. 

Содан, түздегі қызықтың солығы басылып, шөліркеген жұрт 

бір-бір сусындап алған соң, кезек үш ана домбырашылары ның 

күй сайысына жетеді. Нәнталап күйшілер Қаналы төренің он 

екі қанат сары ала ордасына шақыртылады. Байұлынан аттай 

алпыс мүшеліндегі Балұстаұлы Есбай келеді. Әлімнен қырық 

жастағы Тоғызбай күйші көрінеді. Ең соңында Жетірудан әйгілі 

Алтынай күйшінің шәкірті он сегіз жасар Науша қыз жетеді. 

Күйшілерге Қаналы төренің өзі сарапшы болады. 


246

күй аңыздар

«уа, ағайын!—деп Қаналы төре сөз бастайды.—үш ананың 

бетке шығар күйшілері алдымызда отыр. Бұрынғы-соңғының 

дәстүрімен бұларды қара тартысқа, қала берді түре тартысқа 

салсақ, онда апталап тыңдауға тура келеді. Сондықтан бір-

бірден күйлерін тыңдап, «Теңіз дәмі тамшысынан белгілі» де-

гендей, төрелігімізді айталық». 

отырғандар Қаналы төренің уәжін қабыл алады. Сол жер-

де «жолы жіңішке» деп, бірінші күй тарту кезегі Науша қызға 

беріледі. ол кезде тартар күйінің бөгернайын танытып, мән-

жайын айтып алатын дәстүр бар. «Бұл күйдің шығуына себеп-

ші оқиға басымнан өтіп еді,—дейді Науша қыз.—Бірде, айлы 

түнде ауылдың қыз-бозбаламен бірге ақсүйек ойнап жүріп 

етігімнің өкшесін тайдырып алдым. Сонда ақсүйекті бірге 

іздесіп жүрген жанымдағы жігіт етігімнің өкшесін ай жары-

ғына қаратып отырып, шимен шегелеп бергені. Сол жігіттің 

өнеріне риза болғаннан шығарған күйім еді». 

Науша қыз осылай дейді де, «Шилеме-шегелеме» деген күйін 

тартып шығады. 

Келесі кезекті «атасының жолы үлкен» деп, Тоғызбайға 

береді. «Менің күйіме де өз басымнан өткен бір оқиға себепші 

болып еді,—дейді Тоғызбай.—Жапсар ауылда Мамыт деген қыз 

болды. Әзіліміз жарасып, сөзіміз үйлескен жандар едік, ертелі-

кеш бара қалсам, Қызылқайың деген иті күрпілдеп үріп ал-

дымнан шығады. Қабаған ит қызды ауылға жолатпай діңкемді 

құртты. Содан бір күні қолыма таяқ ұстап, сайланып шықтым. 

Әдеттегідей алдымнан үріп шыққан итті қатты жасқап едім, 

жайына кетті. Мен де мұратыма жеттім. Сонда көңілім өсіп 

қайтқан соң шығарған күйім еді».

Тоғызбай жорғадай сыдыртып күйін тартып шығады. Мұ-

нан әрі күйдің кезегі Есбайға тиеді. Сонда Есбай: «Бұлар күйді 

оң қақты ғой, қайталау болмасын, мен теріс қағайын» деп, сол 

жерде «Терісқақпай» деген күйді шығарып тартады. 

Күй біткен кезде тыңдаушылар ду ете қалады. «ойпырм-ай, 

бұл Есбайға дауа жоқ екен... Түрткені де, шерткені де күй ғой... 

Табан астында тыңнан шығарып тартты-ау» деседі. Көптің 

қолдауына Қаналы төре де қосылып, «Бәйгенің иесі—Есбай» 

деп айтып салады. 

Сол жерде Науша қыз уәж айтады: «Қадірлі ағалар,—

дейді,—кезек тосын тиген соң, қолым үйренген күйді тартқа-


246

247


күй және күйшілер туралы аңыздар

ным рас еді. Болмаса, шығарып тарту біздің де қолымыздан 

келеді. Маған бәйгенің де, байрақтың да керегі жоқ. осынау 

асқа құр қол келмейін деп, құлағын шығарып келген жаңа 

күйімді тартып берейін». 

Науша қыздың уәжін Қаналы төре бастаған жұрт қабыл ала-

ды. Іле Науша сарыны тың, қағысы тосын бір күйді лекілдете 

жөнеледі. отырғандар жаңа күйге сүттей ұйып, құлақ түреді. 

Әсіресе, Қаналы төренің Күнтай атты бәйбішесі ұмсына түсіп 

құлақ түргенде жаулығы сырылып, шашының көрініп қал-

ғанын аңғармайды. Күй делебе қоздыра құлдыраңдап барып 

бітеді. Күнтай бәйбіше апыл-ғұпыл жаулығын түзейді. Мұны 

байқап қалған Науша қыз күліп: «Менің күйіме ең беріліп 

тыңдаған адам Күнтай апамыз сияқты, сондықтан бұл күйдің 

аты «Күнтай» болсын»,—дейді. Ақылды қыздың қылығына ри-

за болған Қаналы төре қабақ серпіп, Науша қыздың алдына «зер 

бұйымыңды салып жүр» деп күміс сандықша қойдыртады. 

осы кезде Есбай отырып тіл қатады: «Апыр-ай, менен кейін 

күй тартылмаушы еді, дәуренім өтейін деген екен-ау!» деп, 

сол жерде «өттің дүние» деген күйін тартады. Күй тереңнен 

толғап, күңірене дөңбекшіп, отырғандардың ойын сан-саққа 

жүгіртеді. 

Сонда Тоғызбай күйші: «Сабыр, Есаға, сабыр! өлмейтін 

өнердің алды-артында дүбірі қалың болмайтын ба еді. Мұн дай-

да шүкірлік еткен жарасар»,—деп, сол жерде «Әләйлім жал-

ған» деген күйін шертеді. 

Күй біткен кезде аңтарылған жұрттың ішінен біреу сөз бас-

тайды: «Ау, ағайын, осы біз мына Байұлының қолын олай-бұ лай 

сермегеніне алданып қалған жоқпыз ба?»—дейді. Бірінен-бірі 

өткен күйдің әсері суымай отырған жұрт дабыр-дұбыр болып 

қалады. Бірі—«Наушаның қолы шебер екен», келесісі—«Жоқ, 

Тоғызбайдың сарыны сұңғыла болды» деседі. 

өршіп бара жатқан дауға Қаналы төре басу айтады: «Жә, 

ағайын, дейді,—бұл бір айта жүретін өнер сайысы болды. осы 

жерде тегін тартылған күй жоқ, бәрі де кісіліктің сойылын 

соғып, жөн-жобасымен тартылды. олжаның үлкені сол болса 

керек. Дегенмен, кесім айтылып қойды. Енді мені екі сөйлетпей-

ақ қойыңдар. Жеңіс Есбайдікі, құрмет туын көтеріңдер! Ал, 

Науша мен Тоғызбай болса, олар да сый-құрметке әбден лайық 

екен. риза етіп аттандыру мойнымызда болсын».



248

күй аңыздар



267. «Жалды қара» 

Тұржанның айтуы бойынша, «Жалды қара» күйінің тууы 

былай болыпты: 

Домбырашы Есбайдың тұсында Таз руында Көпен деген 

халыққа беделі бар, ауқатты адам болыпты. Көпеннің отыз 

жылқысы, бес түйесі, 40-50 қойы болса керек. Бір жылы қыс 

қатты болып, мал түгел боранға ұшыраған. Сонда Көпеннің де 

малы өліп, жалғыз қара айғыры ғана тірі қалады. 

Жалы тізесіне төгілген қара айғыр, жазғытұрым үйірін іздеп, 

қолды-аяққа тұрмай, бекітсе—бекітуге, байласа—байлауға 

көн бей, кісінеп, ауылды айнала шауып жүреді. Мұны көрген Есбай: 

—Шіркін, жануарым-ай, жалғыз қалып зарыққан екен,—

деп күй шығарады. Содан халық арасына Есбайдың «Жалды 

қара» күйі болып таралып кетіпті. 



ДҮКЕНҰЛЫ ЫҚЫЛАС /1843-1916/

268. «Айрауық» 

ықыластың бұл күйіне де өткен заман оқиғасы арқау болған. 

Ертеректе Ақшахан деген хан болған екен. Айналада ан та-

лаған жауы көп, ат үстінде күн кешер жортуылы мол заман бол-

са керек. Күндердің бір күнінде ел тағдыры сынға түскен, ердің 

басы бәйгіге тігілген ұлы сүргін, жаугершілік болыпты. Сонда 

жауды жеңіп, жалауы желбіреп қайтқан Ақшахан көзге түскен 

батырлардың басын қосып, той жасап, сый-сияпат көрсетеді. 

осы бас қосуды Айрауыққа айрықша ықылас көрсеткен хан: 

«Айрауық сен—ел еркесісің, қашан көзім жұмылғанша бетің-

нен қақпаймын»,—деп, жұрт алдында жария етіп еді дейді. 

Сол кезде Ақшаханның бой жетіп, толықсып отырған 

жал 

ғыз қызы болады екен. Айрауықтың осы қызға көңілі 



кетеді. «Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген емес пе, 

Айрауықты қыз да ұнатса керек. Сөйтіп, Айрауық пен хан қызы 

бір-бірі мен көңіл жарастырған соң Ақшаханға сөз салады. 

Ақшахан болса: «Жалғыз қызымның ұнатқан адамы 

Айрауықтай батыр болса, Айрауықтың қалағаны менің қызым 

болса, екі жастың қалауы болсын!»—деп, ұлан-асыр той жасай-

ды. Сонан соң, хан қызына лайық жасауын келістіріп, қырық 

нарға жүк артып, Ақшахан жалғыз қызын ұзатады. 



248

249


күй және күйшілер туралы аңыздар

Содан, Айрауық батыр хан қызын алып, нөкерлерін ертіп, 

көшкен елдей болып, көңілдері тасып еліне қайтып келе жа-

тады. Сол кезде, есесі кеткен жаудың ел шетін торып жүрген 

жасағы бар екен, бір күні аңдып жүріп Айрауықтың көшіне 

тұтқиылдан шабады. Айла тауып, ақыл тоғыстыруға мұрша 

болмайды, арсы-күрсі айқас басталып кетеді. Қапыда соққан 

жау қоя ма, аз сәтте Айрауықтың жанына ерген жігіттерін 

баудай түсіреді. Айрауық жалғыз өзі қаша ұрыс салып, жауға 

теңдік бермейді. Сөйтіп жүргенде садағының адырнасы үзіліп, 

бойында басқа қаруы қалмаған Айрауықтың амалы болмай бір 

төбенің басында тұрып қалады. 

Ақшаханның ару қызын мол жасауымен қолға түсірген жау 

мәз болып, көшті бұра тартпақ болады. осы кезде Ақшахан ның 

қызы сауға сұрайды: «Некелеп қосылған қосағым еді, бұйрық 

осы шығар, енді тым болмаса бір ауыз тілдесіп, қоштасып 

айырылысуға ұлықсат етіңдер»,—дейді. 

Мерейі үстем болып тұрған жау ару қыздың тілегін қабыл 

алып, Айрауыққа қарай алып жүреді. Сонда, Айрауыққа жа-

қындап келген Ақшаханның қызы: «Ей, Айрауық, мұнша неге 

есің шықты, тарыққанда талғасын деп, қанжығаңа мейіз түйіп 

едім ғой»,—депті. 

Сөйтсе, алдын болжайтын ақылды қыз «заман қандай бо-

лады» деп, түйе сіңірінен ширатып жасаған садақтың тара-

мыс адырнасын ерінің қанжығасына байлаған ғой. Жаңағы 

«тарыққанда талғажау етсін деп, мейіз түйіп едім» деп тұрғаны 

сол адырнаны меңзегені еді дейді. 

Бұл емеурінді Айрауық түсініп, садағына адырнасын тағып 

алып, жауға «жекпе-жек, жекпе-жек!» деп қайта шабады. 

Қаруы келіскен Айрауық дес бермейді, қапысыз атып, қынадай 

қырып шыдатпай, ақыры жауды түре қуады. Сөйтіп, сүйген жа-

рына қайта қосылып, аман-есен еліне келіп, мұратына жетіпті 

дейді. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет