«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет21/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

243. «Жұмабике» 

Масқар руынан шыққан Жұмабике деген қыз әсем дауысы 

сол атырапқа әйгілі, асқан әнші, ақындық өнері де бар адам 

екен. Малға сатылып, сүймеген адамына кетіп бара жатқанын 

уақытша совет председателінің алдына кіріп өлеңге қосып, 

мұңын шаққан еді деседі. Сонда қыздың даусының да, әні мен 

сөзінің де кереметтігі сонша—отырғандар оның тағдырына 

қатты аяушылық білдіріп, көздеріне жас алған екен. Атастыр-

ған жігіті асып тұрған ақылды да, кісі сүйсінерлік көркі де жоқ 

көптің бірі еді дейді. уақытша совет Жұмабикенің тілегін орын-

дап, өзі қаламаған күйеудің құрығынан құтқарады. 

244. «Топан» 

Дәулеткерейдің Топан атты аңға салатын қыран бүркіті бо-

лыпты деседі. Бір күні сол құс ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. 

Дәулеткерей келеді деп, екі көзі төрт болып, күте-күте, келме-

ген соң, аяғы жеткен жердің бәріне де сұрау салады. Ешқай-

дан сыбысы шықпайды. Күндердің күнінде үйінде шалқалап 

жатқан күйі қолындағы домбырасына қапа көңілін қосып жат-

са, шаңырақтың ар жағында, шыңырау көкте қалықтап ұшып 

жүрген Топанды көреді. Қуанғаннан тап сол жерде «Топан» де-

ген күйді тартқан екен. 



245. «Көрұғлы»

(I нұсқа)

Дәулеткерейдің Көрұғлы күйінің аңыз-әңгімесі орта Азия 

халықтарының арасында кеңінен таралған әйгілі «Көрұғлы» 

дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу 

себебі күйші өмірінің бір сатысымен байланыстыра айтады. 

... Бірде ауыл аралас, қой қоралас жатқан, төсекте малы, 

төскейде малы қосылған түркімен ағайынға Дәулеткерей қо-

нақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алдынан 

шығып, ел ағасының олжасын қызықтамақ ниет білдірсе ке-

рек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «уа, ағайын, сөзі-

ме құлақ сал!—депті,—түркімен ағайынның көңілінде көлеңке 

жоқ екен. Мал беріп еді, өледі деп алмаған едім. Бірақ құр қол 

қайтқаным жоқ. осы сапардан бір белгі болсын деп, өлмейтін, 


228

229


күй және күйшілер туралы аңыздар

тозбайтын күй шығарып қайттым!» депті. Сондағы күйі осы 

«Көрұғлы» екен.

246. «Көрұғлы»

(IІ нұсқа)

Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл 

көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып 

отыратынын, қоңсылық қайырымды меңзеген сөз. 

Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елдер. Сондықтан да, ру-

хани орталық, өнер жолындағы өзара ықпал етушілік қашан-

нан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де шет қал-

ма ған. ол түркімен тақырыбына арнап «Нар иген», «Тәштит», 

«Көрұғлы» сияқты күйлер шығарған. 

Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйінің аңыз әңгімесі орта Азия 

халықтарының арасында кеңінен тараған әйгілі «Көрұғлы» 

дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу 

себебі күйші өмірінің бір сәтімен байланыстырла айтылады. 

...Бірде, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан, төсекте басы, 

төскейде малы қосылған түрікмен ағайынға Дәулеткерей 

қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алды-

нан шығып, абыройлы ел ағасының олжасын қызықтамақ 

ниет білдірсе керек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: 

«уа, ағайын, сөзіме құлақ сал!—депті.—Түркімен ағайынның 

көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді, «өледі» деп алма-

дым, дүние беріп еді, «тозады» деп алмадым. Бірақ құр қол 

қайт қаным жоқ. осы сапардың бір белгісі болсын деп, өлмей-

тін, тозбайтын күй шығарып қайттым!»—деген екен. 

Сондағысы, осы «Көрұғлы» күйі еді дейді. 



ҚОЖЕКЕ НАЗАРҰЛЫ /1823-1881/

247. «Бұлбұл торғай» 

(I нұсқа)

Қожеке Мұқыр, Жырғалаң деген жерлерді мекендеп жүр-

ген екен. Бір күні Қасымбай деген ұстамен бірге Мұқырдың қа-

лың орманынан отын алуға барады. Таңертеңгілік мезгіл болса 

ке рек. Ағаш бұтағына қонып отырған бұлбұл торғай құйқыл-


230

күй аңыздар

жытып сайрай жөнеледі. Бұлбұлдың сан құбылтып сайраған 

әсем үніне еліткен бұлар алатын отындарын ұмытып, әуенге 

қызыға тыңдап отырып қалады. Әлден уақытта Қасымбай: 

—Шіркін, мына бұлбұл дауысының жағымдысын-ай. үнін 

домбыраға салып алар ма еді? Түсіре аласың ба?—деп сұрайды 

Қожекеден. 

—Домбыра болғанда, түсірмей несі бар?—дейді Қожеке. 

—ондай болса, домбыраны мен жасап берейін,—деп, Қасым-

бай орманнан қураған қарағай ала қайтады да, үйіне келген соң 

домбыра шауып жасайды. Қураған қарағайдан қақпақ салады. 

Тау ешкісінің ішегінен ішек есіп тағады. Қожеке сол домбы ра-

ны қолына алғанда, көкейіне таңдағы сайраған бұлбұл торғай-

дың құйқылжыған үні оралыпты. 

248. «Қамбархан» 

Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан 

деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған 

аңын сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жібер-

се, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты. 

Күндердің күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жат-

са, құлағына ерекше бір жағымды әуен, құйқылжыған үн, 

үзілмейтін сарын естіледі. Жан-жағына қараса, бір бұтақтан 

бір бұтаққа керіліп қалған қос ішекті көреді. Жел соқса, 

ішек ызыңдап қоя береді екен. Қамбархан әлгі ағашты кесіп 

алып, шауып, жонып, домбыра жасапты да, күй шертіпті. 

Қамбарханның бұл жаңалығы бүкіл қазаққа аңыз болып тара-

лыпты. 

осы аңыз желісіне Қожеке «Қамбархан» атты күй шығарған. 



оның бізге бірнеше нұсқасы жеткен. 

249. «Шалқайма» 

ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке 

қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауыл-

дастарын шақырып алып: 

—Қотаныңнан шыққаның—отаныңнан шыққаның емес. 

Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы. 

Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық, 


230

231


күй және күйшілер туралы аңыздар

сөзге түсінеді,—дегенде, бірсыпыра ағайын келіспей, шалқая 

тыңдап, теріс пікір білдіреді. 

Сонда Қожеке жаңа бір күй тартады. 

Тыңдап болғанның бірі: 

—Көке, бұл қай күйіңіз?—дейді. 

—«Еңкейгенге еңкей, ол—адамның құлы емес, шалқайғанға 

шалқай—ол Құдайдың ұлы емес», күйдің аты «Шалқайма»—

депті. 

Сонда барып біраз ағайын Қожекенің сөзіне тоқтаған екен. 



250. «Кертолғау» 

өткен ғасырдың соңына қарай Шыңжаңдағы ұйғыр, дүң-

ген, қырғыз халықтары сияқты қазақтар да жергілікті үкімет 

билеушілерінің езгісіне ұшырайды. Қашанда ел басындағы 

ауырлық тауқыметтің ел еңсесін көтерер азаматтардың иығы-

на түсетін әдеті. Іле бойындағы Садыр палуан бастаған көтері-

ліс тен кейін, ел ішінде тыңшы молайып, бірін-бірі түрткілеген 

жағдай көбейді. Бұл билеуші өкімет орындарына ұнамайтын 

адамдардың көзін жою үшін қолданатын ежелден белгілі тәсіл. 

Міне, осындай аласапыран кезде орыс отаршылдығының 

қыспағына шыдамай Қарқара мен Нарынқол өңірінен Текес 

бойына көшіп барған қалың албанның бас иесі, әйгілі күйші 

Қожеке Назарұлына жала жабылады. ол кезде өкімет орында-

рына ең қолайлы адал берілген қызметші және ел ішінен мол 

дерек сүзіп қайтатын тыңшы ел кезеген саудагерлер болған. 

Әсіресе, туысы бөлек, ұлты бөтен саудагерлер бас көтерер аза-

маттарды аяусыз көрсетіп отырған. оған елдің өз ішіндегі көр 

кеуде, шолақ ойлы, іші тар пенделер қосылғанда, өсек пен жала 

өрттей қаулап, елдің берекесін кетірген. осы тұзақ Қожекенің 

де мойнына түседі. Текес бойына келген татар саудагерінің ке-

руенін Дәркенбай деген көнтақым ұры тонайды. Ертеңінде өкі-

мет адамдары елдің апшысын қуырып, ұрыға іздеу салады. Сол 

кезде өр албанның Дадай деген болысы Қожекемен дәм-тұзы 

жараспай, қырбай болып жүреді екен. ұрымтал сәтті пайда-

ланып, үкімет адамдарына «керуенді тонатқан Қожеке» деген 

куәлік бере қояды. өктемдік жүрген жерде кісілік бола ма, 

Қожекенің ауызын ашуға шамасын келтірмей ала жөнеледі. 

Болған оқиғаны даланың «ұзын құлағы» әп-сәтте Текес бойына 



232

күй аңыздар

жайып жібереді. Сол кезде төңірегіне ықпалды рабат төре мен 

Мамырбек төре дереу атқа қонып, өздерінің сыйлас-сыралғы 

досы Қожекені үкімет адамдарынан бір жылға кепілдікке сұ рап 

алады. Бір жыл ішінде шын ұрыны тауып бермек болып уәде 

береді. 

Бірақ ізін жасырып үлгірмеген ұры оңайлықпен таптыра 

ма. уәделі мерзім жақындайды. Нақақ жала Қожекенің жіге рін 

құм етіп, шарасын тауысады. Қожекенің адалдығына шығар 

күндей сенетін ағайын-туыс та сеңдей соғылысып күйзеледі. 

Бір күні рабат пен Мамырбек төрелердің ауылда жоқты ғын 

пайдаланып, баяғы арызқой Дадай болыс Қожекені тағы да 

қамауға алдыртады. Бұл жолы Қожекенің баласы молла ыбы-

райым қоса тұтқындалады. оларды алды-артына қарат 

пас-


тан Күре қаласындағы түрмеге қамайды. Бұл сол кездегі саяси 

тұтқындарды қамырдай илеп, азаптың небір сорақы түрле рін 

ойлап табумен даңқы шыққан зұлымдықтың ордасы сияқты 

орын болатын. 

Күре түрмесінде Қожеке небір азапты көреді. Азаптауда-

ғы мақсат белгілі, жапқан жалаға мойындату. Бірақ Қожеке 

шындықтан басқа ештеңке айтпайды. 

Бұл кезде Қожекеңнің қадірлес досы рабат төре де қол қу сы-

рып отырмайды. Ақша жұмсап, адам салып, Қожекені боса тып 

алу үшін жоғарғы жақты айналдырады. Ақырында Қоже кеге 

өлім жазасының кесіліп қойғандығын біледі. оны бұзу дың еш 

мүмкіндігі болмаған соң, рабат төре өз басын кепілдікке тігіп, 

ел-жұртымен қоштастыру үшін бір аптаға сұрап алып шығады. 

Бірақ бұл жағдайды Қожекенің өзіне білдірмейді. 

Содан, елге келіп, ағайын-туғанымен қауышып, сағыны шын 

басқан соң, үлкендер оңаша үйге жайғасады. Сол кезде рабат 

төре майдалап сөз бастайды: «Е, Қожеке, өмірге келген пенде 

бір-біріне қонақ деген рас екен. өзіңнен көз жазғалы құлақ қа 

ұрған танадай болып, қоңылтақсып қалдық. Домбыраңды ұста, 

сенің де көкірегіңе біраз сыр жиналған болар. Ертең не бо лары 

Тәңірдің еркіндегі заман ғой. Шығар көкірегіңдегіні, сөй лет ші 

домбыраңды!»—дейді. 

Қожеке өзінің аз уақытқа кепілдікке шыққанын сонда ғана 

біледі. Біледі де, бір ауық түйіліп отырып тіл қатады: «өлместі 

Құдай жаратпайды, тозбасты ұста соқпайды, өлімнен қашып 

жан сауғалар жайым жоқ. Тәңір алдында арым таза, бір ғана 



232

233


күй және күйшілер туралы аңыздар

жағдай жанымды қинайды, рабат! өзің сияқты қадірлі азамат-

пен мәңгілік қоштасу қиын екен!»—депті. Бұл сөзді естігенде 

рабаттың иығы бүлкілдеп, көзіне жас алады. 

Ал, Қожеке болса, тұғырдағы шәулідей дүр сілкініп, еңсесін 

түзеп, қолына домбырасын алады. Сонан соң көкірекке кептел-

ген мұң-шері «Кертолғау» күйі болып ақтарылады. Қожекенің 

«Таскөмір шоғы алдында», «Тас көмір шоғына қарылу» күйлері 

де тартылады. 

Арада бір апта өткенде Қожекені қайтадан Күре түрмесіне 

қамап, көмір шоғына қақтап өлтіреді. 

ҚАЙРАҚБАЙ ШӘЛЕКЕНҰЛЫ /1828-1877/

251. «Еміл толқыны» 

Ертеректе Қара Ертісте мұз қатысымен, ел өтіп аржағына 

қыстайды екен. Бабақан би бастаған бір зәңгі ел, ежелгі әдеті 

бойынша көшіп, мұздан өтпек болады. Бабақан бірнеше адам-

мен мұздың аржағына өтіп, аттарынан түсіп, мұзға таңырқай 

қарап тұрады. Көшкен ел мұз ортасына келе бергенде, мұз ойы-

лып, бір зәңгі ел мұз астына кетіпті. 

Бабақан—80 жаста, он балалы адам екен. Бірнеше баласының 

отауы да бар екен. Бұлар тұтас мұз астына кетіпті. Басқалар 

Бабақан биге тоқтау айтса да, елі-жұртын, бала-шағасын ойлап 

қайғы-зарға батып жүреді екен. Бұл хабарды естіген Қайрақ бай 

бір сыбызғы күйін тартып, Бабақанға тоқтау айтыпты: 

—Еменнің иілгені сынғанмен тең, сен еменсің, иілмейсің, 

қай ғыға майысып сынасың, бірақ Еміл толқиды, иілмейді. Қай-

ғы адамды толқытады, адам шыдамды болу керек,—деген екен. 

Сондықтан бұл күйдің атын «Еміл толқыны» деп қойған екен. 



252. «Қоңыр жел» 

Қайрақбай Тарбағатай жайлауынан ойға түсіп, бір мезгіл 

тұрып жайлауға қайтып бара жатқанында, қоңыр жел соғып 

рахаттандырған сықылды. Сонда Қайрақбай омырауын ашып 

қоңыр желге төсеп: «оһ, шіркін, қоңыр жел-ай!» деп, жасыл 

жайлауды желпіген қоңыр желді сыбызғыға түсіріп бір күй 

тартып, атын «Қоңыр жел» қойған екен.


234

күй аңыздар



253. «Молқоңыр және Майдақоңыр» 

Бұл екі күй ежелден елге таныс, Қайрақбайдың күйі. Дене 

салмағына байланысты Қайрақбайды төрт-бес ат ғана көтере 

алады екен. Соның бірі—жал-құйрығы мол, денесі соған лайық 

қоңыр аты болған екен. Бұл қоңыр ат өрге келсе, қайыспайтын, 

еңіске келсе, қолтауламайтын ат екен. 

Тағы бірі—Майдақоңыр деген аты болыпты. ол жүргенде 

шыныға құйған су шайқалмайтын майда жүрісті ат екен. Бұл 

күйлерді Заманбек топ ортасында көп шертіп, содан ел ішіне 

кең таралған. 



254. «Бұтабайға арналған кеңес» 

Қайрақбай заманында Бұтабай деген кісі аға сұлтандыққа 

сайланыпты. Бірақ Бұтабай ағайынның қадірін, алаштың 

құрметін ұмыта бастаған кезінде, ауыл ақсақалдарымен бірге 

Қайрақбай да барып «құтты болсын» айтып, елдің береке-

бірлігін, тілегін ұмытпауды түйін етіп, бір кеңес күйін тартқан 

екен. Қазірге дейін Тарбағатай өңірінде осы күй «Бұтабайдың 

кеңес күйі» деп аталып кеткен. Ал Бұтабай домбыра тартқан 

адам емес, тек күй оған арналғандықтан осылай аталған. 

255. «Ой толқыны» 

өз кезінде Қайрақбай орта жүздің бір жиынына барғанда, 

рулар арасындағы алауыздықтың салдарынан билердің басы 

қосылмауға айналыпты. Бұл жағдайды білген Қайракең көп-

шілікке ой тастау үшін табанда бір күй тартыпты. осы күйдің 

әсерімен съез сәтті ашылған екен. үлкендер: «бәрімізге ой салған 

Қайрақбайдың осы күйі болды. Бұл күйдің аты «ой толқыны» 

болсын деп, сол жерде-ақ күйдің атын тұрақтандырған екен.



ШОҢМАНҰЛЫ ТОҚА /1830-1914/

256. «Саржайлау» 

Тоқаның «Саржайлауының» дүниеге келуіне қатысты ел 

ішінде екі-үш түрлі әңгіме айтылады. 

Біріншісі, қырғыз манабы Шәбденнің асымен байланыс-

ты айтылатын әңгіме. Алатаудың қазақ-қырғыз болып тең 


234

235


күй және күйшілер туралы аңыздар

жайлаған апайтөс алқымында Шәбденнің әйдіңгер асы беріліп, 

оған қазақтың жеті уезінен игі жақсылар шақырылады. Ар-

қаның Ақтау дуанынан Сайдалы Сары Тоқа бастаған бір топ 

адам келеді. Тоқа құр қол келмейді, Шәбденнің асының жөн-

жоралғысы деп елу меңсіз қара жылқы айдап келеді. Бұған қоса 

әнші-күйшісін, сұңғыла шежірешісін, жауырыны жер иіске мес 

балуанын, үкілеген бәйге атын, қысқасы, тамақсау мешкейіне 

дейін жанына ертеді. Содан Алатауды теңселткендей айтулы 

ас беріледі. Аста Тоқаның Тайқасқа деген аты аламан бәйге-

ден бірінші келіп, Бақа деген балуаны белдескенін жығып, өзі 

қырғыз-қазақ домбырашыларын аузына қаратып, үш бірдей 

жеңіске ие болады. Сол жеңістердің жүлдесі ретінде мың сом 

ақша, үкілеп кілем жабылған жеті арғымақ, жеті тайтұяқ ал-

тын Тоқаның алдына тартылады. Сонда Тоқа: «Бұл дүние мені 

пейішке енгізер деймісің, салдым ошаққа, жеті уезд елінің басы 

бүйтіп күнде қосыла бермес, қылдай етіп бөліп беріңдер!»—

деген екен.

Содан, Шәбденнің асы тарқап, абыройы аспандаған Тоқа 

серіктерімен елге қайтып келе жатқанда: «о, шіркін, біздің 

Арқа елі осы кезде бой жазып, жайлауға шашырап қонып 

жатыр-ау!»—деп, туған жеріне деген сағыныш сазындай бір 

күйді ат үстінде шертеді. Тоқаның әйгілі «Саржайлауы» осы-

лай шығып еді дейді, ел ішіндегі әңгіменің бір парасы. Бұл де-

рек бойынша, «Саржайлау» күйінің алғашқы тыңдаушылары 

Жетісу жұрты болған. 



257. «Төрт толғау»

(І нұсқа)

Тоқаның қартайған шағында ел-жұртқа қадірлі болып 

танылған Жалмағамбет дейтін үлкен ұлы қырық алты жасын-

да дүние салыпты. Сол жылдың қары қалың түсіп, көктемде 

Жалмағамбеттің бейіті су астында қалса керек. Бұған Тоқаң 

қатты күйініп, ұлының сүйегін қайтадан дөңес жерге қоюды 

ниет етсе, ауылдың молдасымақ діндар адамдары: «Жаназа 

шығарарда «Аманат!» деп жерленбеген мұсылман баласының 

мүрдесін қазу күпірлік, кітап сөзінде орнынан қозғалған пенде 

о дүниеде бейіштің қарасын көре алмақ емес»,—деп наразылық 

білдіріпті. 


236

күй аңыздар

Тоқаның әйгілі «Төрт толғау» дейтін күйі осы бір қасірет 

шектірген оқиғаға орай шыққан. Жай шықпаған, көкірекке 

кептелген шер тарқамай, қайта-қайта толқи лықсып, төрт күй 

бо лып шыққан. Ер жетіп, елге қадірлі болған баласының өлімі—

бір қайғы, төңірегіндегі күйреп қалған ет жақындарының қа-

сірет шегуі—екінші қайғы, күтпеген жерден Жалмағамбеттің 

деген топырағының суға қарық болуы—үшінші қайғы... 

Қысқасы, әрбір күйзеліс сәтінде Тоқа домбырасына ғана мұңын 

шағып, домбырадан ғана күйзелген жанына жәрдем тілеп, 

«Төрт толғау» атты тізбекті күйін дүниеге әкелген. Бұл күй өз 

ішінде «Естірту», «Арнау», «Ана жүрегі», «Немере зары» деген 

бөлек-бөлек атауларымен белгілі. 

осы жолы қожа-молданың қарсылық жасағанына қарамай

Тоқа Жалмағамбеттің сүйегін дөңес жерге қайта жерлет кен. 

өзінің жанын түсінетін ел азаматтарына арқа сүйеп, соларға 

жүрек азабын шағым еткендей, сауға сұрағандай: «Дүниенің 

тұтқасы «Аманат» деген жалғыз ауыз сөзде тұрса, қылша 

мойным талша, көтердім бәрін де. Болмаса көктем шыққан 

сайын баламның су астында қалғанын көріп, пенде болып 

отырмай-ақ қояйын... уа, ағайын, Жалмағамбетімнің басына 

барыңдар... жерді жырып су ағызыңдар... бесікшесін қайта 

ашыңдар... өлгеніне көнгенде, өзгесіне көнбейтін несі қалды, 

егер Жалмағамбетімнің денесі бұзылмаса, маған сүйінші сұрап 

хабар беріңдер!»—деген екен. 

Қыста жерлеген мәйіт бұзылмайды ғой, ұйықтағандай бо-

лып жатқан Жалмағамбетті Тоқа мен бәйбішесі Көрік келіп 

көреді. Сол жерде Көрік дауыс салып, былай деп жоқтау айтып-

ты дейді: 

Айналайын Құдай-ау!

Қапалық салдың басыма, 

Толтырып көзді жасыма, 

Боздағымнан айырып, 

Қабырғамды майырып, 

Қамалдым қайғы қосына

Көресім менің осы ма! 

Қара бір таудың алқымы-ай, 

Болғанда қаңтар салқыны-ай, 

Жаннатқа жаның қонсын деп, 



236

237


күй және күйшілер туралы аңыздар

Жатағың жайлы болсын деп, 

Жауып ед торқа топырақ. 

Жылаулы болған халқың-ай! 

Құданың ісі жөн болар, 

Жылаусыз күнім кем болар, 

Наурыздың туған айында 

Сел ағып сала-сайында, 

Жамбасыңа су тисе, 

Көкірегіме шер толар! 

Бұл істі салса Құдайым, 

Ақсарбас тағы сояйын, 

Көзімді жаспен ояйын, 

Ағарған шашты жаяйын.

Торқа деп қойған жеріңнің, 

Топан су алса маңайын

Қалай да ғана шыдайын! 

осы жоқтау өзінің ерекше сазды, мұңды сарынымен күні 

бүгінге дейін ел арасында айтылады. Көз көрген қарттардың 

айтуында, Тоқаның ақындық шалымы да ешкімнен кем болма-

ған. Жаңағы жоқтау мен оның мұңды сарынын бәйбішесіне 

Тоқа ның өзі шығарып беріп еді деген сөз бар. 

«Төрт толғау» күйінің соңғы «Немере зары» деген бөлігі 

Тоқаның немересі, Жалмағамбеттің баласы Хамитке қатысты. 

Сол кезде Хамиттің есі кіріп қалған кезі екен, әкесінің суық 

тәнін мүрдеден шығарып, қайта жерлерде «көкелеп!» өліктің 

үстіне құлап, үлкен-кішінің сай сүйегін сырқыратып еді дейді. 

Бұған Тоқа да бейтарап қарай алмай, кейін «Немере зары» деп 

атап күй толғаған. 

258. «Төрт толғау»

(ІI нұсқа)

Бір жылы Тоқа мал жайылатын құнарлы жер іздеп, иманақ 

тауының етегендегі исен дейтін шұрайлы жерге барыпты. 

Сол жерден ауылдың қонатын орнын белгілеп, жанындағы 

жігіттерге құдық қаздырып, оларға: «Елді көшіріп келіңдер, 


238

күй аңыздар

біз осында күтеміз»,—деп, жанында жеті жасар баласы бар 

Тоқа әлгі жерде қалып қояды. 

Тоқа атының ерін алып жайылысқа жібереді де, көгалға 

тоқымды төсеп, айнала табиғаттың сұлу көркіне қызықтап 

қарап біраз отырады. Сәл тынығып, қолына домбырасын алып 

бір мезет күй тартады. Күйге берілгені сонша—тіпті, жанын-

да жүрген баласын ұмытып кетеді. Домбырасын тартып бо-

лып, баласы есіне түсіп шақырса, бала көрінбейді. Айнала-

ны шарқ ұрып іздейді, таппай, сілесі қатып шаршаған Тоқа 

тамағы кеуіп шөлдеп, су алып ішейін деп құдыққа келсе, судың 

бетінде қалқып жүрген баланы көреді. Баласын құдықтан 

шығарып, өзі отырған жерге әкеліп жатқызады да, бетін жау-

ып қояды. өзі қатты қапаланып, қайғырып, үкілі сары домбы-

расынан күңіренте бір күйді тарта береді. Сол мезетте ауыл да 

көшіп келіп, жаңа конысқа үйлерін тіге бастайды. Бірақ Тоқа 

баласының өлімі жайлы ешкімге тіс жарып ештеңе айтпайды, 

жұртқа сездірмейді. Ал сұрағандарға: 

—ойын баласы ғой, балам шаршаған шығар ұйықтасын,—

дейді. Ел үйлерін тігіп, түгел орынға отырып жайғасады. Мал 

сойып, кешкі тамақ ішіліп, жұрт жата бастады-ау деген кез-

де, Тоқа домбырасын алып, күңіренген бір күйді тарта береді. 

Тоқаның күйлері құлағына қанық отбасы, мына тартқан 

күйінің бұрын естілмеген жаңа екенін бірден сезіп, әйелі: 

—Мынау бұрын тартылмаған, естілмеген зарлы күй ғой, 

қайдан шықты? Не пәлеге бастадың?—деп сұрайды. Бірақ 

Тоқа бұларға ешқандай жауап қатпай күйін жалғастырып тар-

та береді. Күйдің тіліне түсінген Тоқаның әйелі:

—Құртқан екенсің ғой жалғызды. Домбыра қақсады ғой, 

жалғызым,—деп жылай бастайды. Сол кезде Тоқа: 

—Тоқтатыңдар жылауды! Ел жаңа қонысқа келіп, қуаны-

сып жатқанда, түн ішінде дауыстап жылап ауылды дүрліктір-

меңдер. Кетер бала, кетті. Жылағанмен қайта келмейді. Бізге 

қазір дауыстап жылауға болмайды. Домбырамен ғана жылай-

тын күніміз болды бүгін. Менің әлгі тартқаным «Естірту» күйім 

еді,—депті Тоқа.

Тоқа «Естірту» күйін тартып болып, енді мына тартатыным 

балама арнаған «Арнау» күйім,—деп бір күйді күңіренте тарта 

беріпті. «Арнау» күйдің бітуіне әрең шыдап отырған әйелі: 



238

239


күй және күйшілер туралы аңыздар

—Әкелші бермен домбыраңды! Ішім жанып барады, құ лы-

ныма мен де бір зарлап күй тартайын,—деп домбыраны алып 

«Зарлау» күйін тартып, күй аяқтала бергенде, талып жығылады. 

Бұл жағдайды естіп отырған Тоқаның шешесі күңірене келіп: 

—Әкелші домбыраны! Мен де құлыным деп жоқтап жіберейін 

немеремді,—деп, «Жоқтау» күйін тебіренте тарта беріпті. 

Сонымен Тоқаның «Төрт толғау» күйі өмірге осылай келген 

екен.



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал