«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет20/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

232. «Адай» 

Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне 

түседі. үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден 

келе жатқанын, толық аты-жөнін Құрманғазы ашық айтып бере 

қоймай, қазақ әдетіндегі «сүйрей салмамен» жүрген жерінің ит-

тен, құстан амандығын, басқа «алды-салдының» естілмегенін, 

ат-көлігінің аман екендігін, «Құдайы қонақ» екендігін айтумен 

тоқталады. Бір кезек үй иелері шаруалары болып далаға шы ғып 

кетеді. осы кезде Құрманғазының көзі керегенің басында ілулі 

тұрған үкілі сары домбыраға түседі. Домбыраның үкісі—оның 

иесінің не қыз, не сал мен серінің бірі екенін ескертеді. Қан шама 

ұзақ жол жүріп шаршап келгенімен, домбыраны көргенсін, оны 

ұстап қарағысы келіп, қолына алып, бір-екі қағып, әдейі «теріс 

бұрап», бұрынғы орнына апарып қайтадан іліп қояды. 

Біраз уақыт өткеннен кейін кемпір мен шал, он жеті-он сегіз 

жас шамасындағы қыз кіреді. Қыздың аты Ақмаңдай екен. 

ол келісімен-ақ, төрде отырған қонаққа көзінің қырын да сал-


218

күй аңыздар

май, бірден керегенің басындағы домбырасын алып, тартуға 

айналды. Бір-екі қаққансын-ақ, домбырасының бұрауының 

өзгергенін сезіп: 

—Мынаған кім тиген?—деп әке-шешесіне қарайды. олар не 

дерін білмей, «жазықты осы болар-ау!» дегендей төр алдындағы 

күйшіге қарайды. Ақмаңдай енді қайталап сұрамай домбы-

расын бұрынғы өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Ақ-

маң дай күйдің аяғына шыққан кезде Құрманғазы қызға қарап: 

—Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой! 

Домбыраны бері берші!—дейді. 

Күтпеген жерден мұндай әңгіме есіткен Ақмаңдай, екі көзі 

күйшіде болып, домбырасын Құрманғазыға қалай ұсынғанын 

сезбей де қалады. Кемпір мен шал аң-таң болып, «бұл өреде 

Ақмаңдайдың домбыра тартысы жөнінде ешкім бір ауыз сөз ай-

тып көрген жоқ еді, бұл «жер астынан екі құлағы тік шыққан 

қандай жік» екен дегендей біріне-бірі қарай береді. 

Құрманғазы бір күйді тартып болған кезде үй адамдары 

біріне-бірі сыбырлап, бұрын-соңды бұл айналада Ақмаңдайды 

домбырадан сүріндірмей келгендерден емес-ау, тартыс шоқты-

ғы тым биік екен дегендей, бір жағынан жұмбақ қонақты шыра-

мытқандай, баяғы ашудан тыс жылы шыраймен күле қарап: 

—Шырағым, домбыра тартысың біздің бұл араның тарты-

сына ұқсамайды. Қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен 

соның өзі емеспісің, «аяқ алысың» әләй екен тым,—дейді. 

Құрманғазы мұртынан күліп: 

—Болсақ, болармыз,—деген екен. 

Енді үй-іші болып қолқалап, Құрманғазыға қайтадан дом-

быра тарттырып, бірнеше күн жатқызып қонақ етіп, сый-құр-

метпен аттандырады. 

233. «Ақсақ киік» 

Көпке белгілі Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі де осы 

сапарда шығыпты деген аңыз бар. Төремұрат, Нарынбай ауы-

лында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда 

Құрманғазы: «Киіктің қай жерінен тигізейін?»—деп сұрапты 

дейді. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр 

деймісің дегендей: «Аяғынан» дей салыпты. Сонда Құрманғазы 

киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап, 



218

219


күй және күйшілер туралы аңыздар

қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге 

Құрманғазы ұлықсат етпейді. өзі домбырасын алып сол арада бір 

күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат 

күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбы расын аяқтап 

болғанда ғана өзі барып: «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе 

туып қалды білем, атын қойдың ба?»—деп сұрайды. Сонда 

Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбет-

пен: 

—Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей, 



өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жа-

ралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына 

бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кет-

кен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты—«Ақсақ 

киік» депті дейді. 

234. «Балқаймақ» 

Құрманғазы Жем бойынан қайтып келе жатып бір қараша 

үйге түседі. үй жапан далада жалғыз болады. үйдің қасында бір 

саулы інген боздап жүреді. Құрманғазы үйге кіргенде, бір бой-

жеткен қыз ибамен сәлемдеседі. Күйші алыстан келе жатқан 

жолаушы екенін, қатты шөлдегенін айтады. Қыз жалма-жан 

мосы ағашын көтеріп, күйе басқан қара шәйнекті асып, от жа-

ғады. Шайы қайнағанша далада жүрген інгенді көс-көстеп ша-

қырып алып, сауады. Інген сүтін құйып қыздың берген шайы 

Құрманғазыға аса ұнайды. Шөлдеп келген жолаушы бір өзі бір 

шәйнек еңсереді. Әбден өзіне-өзі келгенсін Құрманғазы қолына 

домбырасын алады. Қыз да қонағының тыныға бастағанын 

біліп, енді бір таза ауа жұтсын дегендей іргенің көлеңке жағын 

түреді. Құрманғазы күй шертеді. Аяқтап болған кезде қызға 

қа рап: «Сіздің берген шайыңыз әншейін шай емес, маған бал-

қаймақтай болды. осы күйімді сізге арнадым. Балдан тәтті шай 

бергеніңіз үшін күйдің атын «Балқаймақ» қойдым»,—дейді. 

235. «Кедей зары» 

Арқадан Жем-Сағыз арқылы еліне қайтқан Құрманғазы 

жолшыбай бір ауылға соғады. Ауыл шетіндегі қараша үйдің 

жанына келіп, сырттан дыбыс береді, бірақ іштен ешқандай 



220

күй аңыздар

жауап болмайды. Қайта қамығып, зарлап жылаған қайғылы 

үн естіледі. Бұл не жағдай екенін білмекші болған Құрманғазы 

үйге кірсе, егіліп жылап отырған кемпірді көреді. 

Құрманғазы әлгі кемпірмен амандасып, хал-жағдайын 

сұрайды. Сонда кемпір: 

—Жалғыз балам бар еді. оған еліміздегі биіміз «атымды 

ұрладың» деп жала жауып, шабармандарына дүре соқтырып, 

сойылға жықты. Сол балам ақыры қамшының зардабынан қаза 

тапты. Енді осы үйде жалғыз қалып, зарлап отырған қу баспын, 

шырағым,—дейді. Ананың қайғысына ортақтасып: 

—Жыламаңыз, шеше, жылағанмен кеткен адам қайта кел-

мейді. Ел, жұрт, ағайын аман тұрса, сіз де қиыншылық көр-

мессіз,—деп Құрманғазы оны жұбатады. 

Қарт ананың қайғысын өз көзімен көрген күйші: 

—Сорлы болған кедей, бәрінің де күйі осы ғой,—деп, «Кедей 

зары» атты күйін толғана тартыпты. 



236. «Көбік шашқан» 

Жаздың тамылжыған ыстық күндерінің бірі. Аңызақтан 

шөліркеген Құрманғазы бір ауылға кездесіп, ауыл ортасынан 

шеткері, көгалға тігілген ақбоз үйге қарай атының тізгінін 

бұрады. үй сыртына жақын келіп, ішке дыбыс береді. үйден осы 

ауылдың түйешісі Жиенәлі шығып, Құрманғазыға амандаса-

ды. Құрманғазы оның сөзінен бұл Әділеке төренің отауы екенін 

біледі де: 

—Шөлдеп келе жатырмын, сусындап шығуға рұқсат болар 

ма екен?—дейді. Сонда Жиенәлі: 

—Жарайды, ханымға барып айтайын,—деп үйге қайта кір-

генде, төрде отырған ханым: 

—үйдің қожасы жоқ, түсуге болмайды!—дейді дауыстап. 

Сыртта тұрған Құрманғазы бұл сөзді естігеннен кейін 

ауылдың батыс жағына жағалай қонған кедейдің қараша үйле-

ріне қарай жүре береді. Бір үйдің жанына келіп, «осы ауыл 

үйінің төрін бермесе де, көлеңкесін беретін шығар» деп атынан 

түсіп, киіз үйдің көлеңкесіне отырады. үй иесі жарлы болса да, 

өзінің шамасына қарай күйшіні күтіп алады. 

Құрманғазы біраз тыныстап, енді кетпекші болып сыртқа 

шыққанда бие сауынынан қайтқан байдың қыз-келіндерін кө-


220

221


күй және күйшілер туралы аңыздар

реді. Қолдарында бір-бір шелек толы сүт, көбігі бұрқырап, 

теңселген жүрістен жерге төгіліп келеді. Мұны көзі шалған 

Құрманғазы домбырасын алып, бір күйді төгілте тартып жі-

береді. Домбыраның бұлбұлдай сайраған әсем сазын үй иесі 

де, шуылдасып келе жатқан қыз-келіншектер де ұйып тыңдай 

қалады. Құрманғазы күйін бітіргенде қасында тұрған үй иесі: 

—Қонағым, бұл тартқаныңыз қандай күй?—деп сұрайды. 

—ой, ағатай-ай! Бұлар байлыққа белшесінен батып, иті 

май жемей отырса да, сұрағандарға сүт түгіл, бір жұтым су да 

бермейді. олар сүт пен қымызды сіз бен біз секілділердің іш-

кенінен көрі, жерге төгілгенін жақсы көреді. Анау, сүтті жерге 

төгіп келе жатқан байдың ақылсыз қыз-келіндерін мазақтап

қайран қор болған қымызға шығарған «Көбік шашқан» атты 

күйім,—депті Құрманғазы. 

237. «Құрманғазы»

Құрманғазы бір байдың аулына қыдырып келіп, оның үйіне 

түспек екен. Байдың қызы Құрманғазы келгенде бие саууға 

шығып кетіп, келгенсін, Құрманғазы қолына домбырасын 

алып, «Бие сауған» деген күй тартқан екен. Қыз да домбы-

рашы екен, түсініп қалады да, ол да домбырамен күй тарта-

ды. Екеуі де бірнеше рет күй тартып жеңісе алмай отырғанда, 

Құрманғазы жата қалып, башпайымен күй тартып қызды же-

ңеді. Бай Құрманғазыға жақсылап қонағасы беріп, ат-шапан 

беріп, сол ауылда бірнеше күн болып, домбыра тартып басқа 

ауылға аттанған екен. 

238. «Қашқындық жолы»

Құрманғазы отыз орыс өлтіріп, хан оны «Құрманғазы жүр-

ген жерінде ұсталсын» деп бұйрық берген екен. Құрманғазы-

ның руы қызылқұрт екен. Содан Құрманғазы қашып жүріп бір 

күні Төремұрат батырдың үйіне келіп, оған қызметке жүргісі 

келетінін айтқан. Төремұрат жүруге ұлықсат еткен. Сонда 

қызмет істеп жүре береді. оның кім екенін білмейді. Төремұрат-

тың жолдасы аңғарғыш адам екен, Құрманғазының тегін 

жүріспен жүрмеген адам екенін біліп бір күні Төлемұратқа: 

—Батыр, осы қараңнан (Құрманғазы арық, ұзын қара кісі 

екен) қорқам, тегін адам емес, осының оңайын сұрап, ұлықсат 


222

күй аңыздар

бергенің мақұл, өйткені бір кесірі тиер,—дейді. Төлемұрат бір 

күні Құрманғазыны шақырып алып: 

—Ал, шырағым, сен қайдан жүрген кісісің, жөніңді айт-

шы?—дегенде:—Менің атым Құрманғазы. отыз орысты өлті-

ріп, қылмысты болып қашып жүрмін. Хан «ұсталсын» деген 

еді, соған қашып жүрмін. Сізге паналап келдім,—дейді. 

—ол айтқаның дұрыс. Мен сені қолымнан келгенше па-

налатамын, бірақ ханға күшім жетпейді. Әлім деген руда екі 

батыр бар. ... Сол екеуі осы күнге дейін ханға дұрыс бағынған 

жоқ. Хан да оларға бата алмайды. Сол екі батырға бар, солар 

паналар,—дейді. 

Құрманғазы күрең атына мініп, сол екі батырға келіп: 

«Сіздерге қызметке жүрейін деп едім»,—дейді. Батырлар 

келісіп жылқы бағуға жұмысқа алады. Құрманғазыға «арық 

қара» деп ат қояды. Сөйтіп жүргенде Кіші жүзде бір той болып, 

соған сауын айтады. Соған екі батыр екі көк мойнақ ат жарата-

ды. Және Құрманғазыға: 

—Арық қара, мына күрең атыңның мүшесі тәуір екен, 

бәйгіге қоспайсың ба?—дейді. Сонда Құрманғазы: 

—Қоссам қосармын,—дейді де жүре береді. Айтылған 

уақытында той болады. Екі батыр жаратқан екі атын алып 

барады. Хан да жүйрік екі-үш атын жаратып әкелген екен 

Құрманғазы да күрең атын алып келеді. Аттарды бәйгіге де 

жібергенде Құрманғазыға: 

—Е, арық қара, атыңды бәйгіге қосасың ба?—дейді әзілдеп. 

—Қосамын,—дейді. 

—Е, қалай қоспақшысың, жаратқан жоқсың ғой, терін алған 

жоқсың. Тоқ ат шаба ма? 

—ой, терін ауырлаған ат бола ма?—дейді де, күреңнің 

үстіне қырық жастағы бір адамды мінгізіп, аттың сырын ай-

тып, бәйгіге жібереді. Бәйгі он көштік жерден болады. Күрең 

ат бәйгінің алдында жалғыз, үстіндегі кісі басын тарта алмай 

өкпесі қысылып, әрең келеді. Күрең ат бірінші бас бәйгіні ала-

ды. Енді балуан күресі болғанда хан «түйе балуан» деген, денесі 

адамға бітпеген бір зор адамды шығарады. Бай екі батырға: 

—Ал, батырлар, балуаныңды шығарың,—дейді. Батырдың 

балуандарынан бірі де шықпайды. Сөйтіп тұрғанда бір батыр 

Құрманғазыға: 



222

223


күй және күйшілер туралы аңыздар

—Қалай, арық қара, күресіп көресің бе мына балуанмен?—

дейді. Құрманғазы: 

—Жарайды,—деп ортаға қарай шығып, шешінбестен үстін-

дегі күпісімен жүре береді. Батырлар: 

—Тоқта, қайда барасың? Шешінсейші,—дейді. Құрманғазы: 

—Ей, киімін ауырлаған балуан балуан бола ма?—дейді де 

күреседі. Күресте ханның түйе балуанын жығады. Сол уақытта 

екі батыр қуанып «арық қараны» құшақтап: 

—Әй, сен Құрманғазы емессің бе?—дегенде: 

—Ай, ағайлар, мені өлтірдіңіз ғой, мына хан мені ұстап ала-

ды ғой,—дейді. Сонда екі батыр: 

—Жоқ, шырағым, енді екеуіміздің біреуіміз өлмей сені ұстап 

бермейміз,—дегенше болмайды, ханның әскерлері қоршап ала-

ды. Екі батыр ұрысып алдыртпай кетеді. Артынан екі батырға 

кісі салады. «Құрманғазыны бізге ұрыссыз бер, егер ұстап 

бермесең, ұрыс болады» деп келген кісіні кейін қайтарады. 

—Беретін кісіміз жоқ, ұрысса ұрысқанша, төбелессе төбе-

лескенше тұрамыз,—дейді. Артынан екі мыңға жуық әскері-

мен екі батыр ұрысып, тағы жеңеді. Бірақ бірі ауыр жарала нып 

қайтады. Содан кейін қалған бір батыр Құрманғазыға: 

—Ал, шырақ, екеуіміздің біреуіміз өлмей ұстап бермеймін 

деп едім, әлде де өзім өлмей сені ұстап бермеймін. Бірақ, 

енді сен басқа жерге кеткенің тәуір болар еді. Жалғыз күшім 

жетпес,—дейді. Құрманғазы «мақұл» деп күрең атына мініп 

қашқындық жолмен кете барады. Сөйтіп, жүргенде көптеген 

жылдар өткесін, Құрманғазыны ұстап түрмеге салады. Арты-

нан шешесі іздеп барғанда, ауыз-ауыз жолықтырмайды. Сонда 

жатып «Қайран шешем» деген күйді шығарады. 

АБЫЛ ТАРАҚҰЛЫ /1820-1892/

239. «Абыл» 

XVIII ғасырдың соңын ала Кіші жүздің көптеген рулары 

Жайықтан арғы алап пен Еділ бойы сияқты атақонысына тұяқ 

тигізуге зар болады. Табын,

 

тама, жағалбайлы сияқты рулар-



дың біраз бөлігі орта жүздің ханы Абылайға салмақ салып, Сары 

Арқаға көшіп кетеді. осы кезде үстірт үстіне қарай ығысқан 

қалың адай тайпасы ХІХ ғасырдың бас кезінде Маңғыстау 


224

күй аңыздар

түбегіне деңдей орнығады. Мұндай қыспақты бір жағы иран 

шахынан, екінші жағы ресей патшалығынан түркімендер де 

көреді. Сөйтіп, тағдыр тауқыметі қазақтар мен түркімендерді 

үстірт үстінде тоқайластырады. Шыңырау құдықтың бір жұтым 

суы ағайын екі елді алакөз етеді. 

осындай бір қырбай шақ болса керек. Бірде жоқ қарап 

жүрген Абыл күйші түркімендердің қолына түсіп қалады. Са-

ны көп, күші басым түркімендер Абылды сөзге келтірмейді. 

Сарт-сұрт қағып, қолын артына байлап, атқа көлденең салады. 

Сол бетінде салақтатып алып келіп ауыл иесінің үйінің алдына 

сылқ еткізіп тастай салады. 

Бұл кезде ауыл иесінің үйінде қонақтар бар екен. Қазақтың 

қолға түскенін естігенде даурыға гу-гулесіп, «алып кел, көр-

ейік» дейді. Кешікпей-ақ қолы артына байланған Абылды ке-

лекелеп, қазақтарды бір ауыз қыжырта сөз етіп алады. Содан 

бірте-бірте басқа әңгімеге ойысып, тіптен орталарында тұтқын 

қазақтың отырғанын да ұмытып кетеді. 

Абыл көз қиығын салып қараса, төрде екі жағына ұстара 

жанығандай бір қара сұр жігіт ағасы есіп әңгіме соғып отыр 

дейді. өзге жұрт «о, бақшы, о, бақшы» деп әлгі қара сұрды 

көтермелеп қойып, әңгімесіне құлақ түреді. Қара сұр одан сай-

ын екілене есіп: «Бүйтіп тартып едім» деп дутарын бебеулете 

шертіп қояды дейді. 

Содан әлде уақытта қара сұр түркімендерді бір жайлы қы-

лып, енді қазақ арасында болғанын, небір дүлдүл күйшілер-

мен сайысқа түскенін, тіптен қазақ-түркіменге аты жайылып 

кеткен Абыл күйшінің өзін көргенін айтады. отырған жұрт: 

«Апыр-ай, Абылдың өзін көрдім дейсіз бе?»—деп таңырқаса, 

әлгі қара сұр одан сайын лепіріп: «Көргенің не, өз қолынан күй 

үйрендім»,—деп соғады. 

Бір кезде әлгі қара сұр «Абылдың сондағы тартқан күйі 

еді»,—деп бір күйді бастайды. «Аңқау елге арамза молда» де-

ген, қайдағы бір ауыл арасынан естіген жыр-терменің сарыны-

на салып, сүректете жөнелсе керек. 

осы кезде босағада отырған Абыл күйші әбден төзімі тау-

сылып, мінез көрсетеді. Күйдің біткеніне қарамайды. Дутар-

ды төпеп отырған қара сұрға: «Әй, бақшы»,—дейді,—«Абыл 

олай тартпайды, тоқтат басты ауыртпай!»—дейді. «ұрының 

арты қуыс» дегендей, қара сұр сап тиылады. үйдегілер оша-


224

225


күй және күйшілер туралы аңыздар

рыла бұрыла Абылға қарайды. Содан соң, о жер, бұ жерден «е, 

сен қайдан білесің?», «Абылды танушы ма едің?», «осының өзі 

күйші болып жүрмесін?» деген дабыр сөз естіле бастайды.

Сонда үй иесі өмір көрген, бір орнықты адам болса керек, 

«жә, шуламаңдар, бұл қазақтың қолын шешіңдер, Абылдың 

қалай тартатынын өзі көрсетсін!» дейді. 

Айтқанынша болмайды, бір жігіт лып етіп орнынан тұрып, 

Абыл күйшінің қолын шешеді. Екінші біреуі дутарға қол 

жалғайды. 

Абыл аз-кем қолын жазып, дутарды алады да, құлақ күйін 

келтіре бастайды. Дутардың ішегі шаңылтырланып шертіп 

тұр екен, босата бұрап, үйірінен адасқан сыңар қаздың үніндей 

қоңыраулатып алады да, қаға жөнеледі. Жаңағы бір даңғаза 

бопса желік әп-сәтте ғайып болғандай, үйдің ішін сабырлы 

саз жайлайды. Сабыр болғанда немкетті бейжай халық емес, 

сырты түйіліп, іші егілген, сырты бүтін, іші жалын бір сиқыр 

отырғандарды лебімен тартып, сол ішкі ағынға ілестіріп үйіріп 

әкеткендей дейді.

Күй бітеді. Жай бітпейді, үйдегілердің еңсесін басып, тәу-

бесіне келтіріп, мына дүние тіршіліктің алдын-артын ала қанға 

салғандай көз алдына келтіріп тынады. онымен де қоймайды, 

түйінін өзі шешіп, байлауын өзі айтып тастағандай. 

Түркімендер өзгеге тоқтамаса да, күйге тоқтайды. Күй тілін 

түсініп, күйге күңіреніп, күйге жұбана алатын ел. отырған-

дар тұғжыңдап төмен қарайды. Бетке шіркеу, беделге көлеңке 

түсетін бір іс жасап алып, тығырыққа тірелгендей. 

үнсіздікті үй иесі бұзады: «Жарқыным, осы сен Абылдың 

өзі болмасаң игі еді?» дейді. Абыл: «Болсақ болармыз»,—деп 

сабырмен тіл қатады.

осыдан кейін-ақ, Абыл күйшінің иығына шапан жауып, 

жарылып төрден орын береді. Содан соң үй иесі: «Ал, шырағым 

Абыл, көңіл кірі айтса кетеді деген, сөйлет домбыраңды»,—

дейді. 


Сол күні шер тарқайтындай күй тартылады. одан ары адай-

лар мен түрікмендер арасындағы кикілжің ұмыт болып, ағайын 

елдің дәм-тұы жарасады. 

«Абыл» күйі туралы осындай әңгіме адай мен түркімен ара-

сында күні бүгінге дейін айтылады. 

15-136


226

күй аңыздар



ШЫҒАЙҰЛЫ ДӘУЛЕТКЕРЕЙ /1820-1887/

240. «Бұлбұл»

(I нұсқа)

Әйгілі күйші Сағырбайұлы Құрманғазы бір даудың салда-

рынан істі болып, сол кездегі Бөкей ордасының әкім сұл таны 

Шығайұлы Дәулеткерейдің алдына келіпті дейді. Құрманғазы-

ның күйшілік даңқына Дәулеткерей сыртынан қанық екен, 

ықыласпен қарсы алады. Ауыл-елдің амандығы сұралып, сый-

құрмет көрсетілген соң, Құрманғазы келген шаруасын айтады. 

Сонда Дәулеткерей: «Құрман аға, бір ғана базына шартым бар. 

Теріс дау болса да пайдасын сізге шешейін, тек бір-бірімізге 

айтар сөзімізді күймен жеткізіп көрсек қайтеді»,—деп, ашық 

шыраймен күтпеген қолқа салады. 

Құрманғазы үшін көкірегін кернеп келген мұң-сырын 

күймен жеткізу жеңіл. Сондықтан да, іркілместен келісім 

береді. 


Дәулеткерей: «олай болса, сіз қонақсыз ғой, күйді мен 

бастайын»,—деп, бір күй тартады. Бірден сергек басталған 

күй Құрманғазының жүрегін баурап, іш-бауырына еніп, буын-

буынына түскендей жанына жағады. Күй біткенде Құрманғазы: 

«Апырай, мынауың бұрын естімеген тамаша күй екен, бұл не 

күй?»—деп сұрайды. Дәулеткерей болса сәл жымиып алып, «Біз 

күй тілімен сөйлесуге тоқтадық емес пе, егер күйім шынымен-

ақ сізге ұнаса, онда мұның аты «Бұлбұл» болсын»,—дейді. 

Сонда Құрманғазы да домбыраға қол созып, аз-кем тол-

ғаныстан кейін бір күйді бастай жөнеледі. Әлгінде ғана жүрегін 

шарпыған ыстық сезімді өкшелей қуып, ізін суытқы сы кел-

мегендей домбыраны лекіте қағады. Тың сарын қат-қаты-

мен түсіп, қыранның қауырсынындай жымдасып, мүдірмей 

төгіледі. Бір мезгілде домбыра сағағын қақтай сауып, таңдайы 

тақылдап, өліп-өшіп, әлденені қадалып айтқандай болады да, 

іле кері серпіліп, сабасына түскендей, сыбырлап-сыңқылдап 

барып тынады. 

Дәулеткерей де әсерін жасыра алмайды: «Тамаша екен, бұл 

не күй?!»—деп сұрайды. Енді Құрманғазы жымия күліп тіл 

қатады: «Тілдің емес, күйдің айтқышын бұлбұлға теңеген өзің 

емес пе, менің күйімнің де аты «Бұлбұл»,—дейді. 


226

227


күй және күйшілер туралы аңыздар

241. «Ақжелең» 

Дәулеткерейдің аулына жақын жерде домбыра тарту ше-

берлігімен де, көріктілігімен де көзге түсіп, жақсы атағымен 

ел аузына ілінген Ақбала атты қыз бар екен. Аң аулап жүріп, 

сусындауға түскенде сұлу қыздың өнеріне таң қалады. Ақбала 

бір Ноғайлының (Байұлы руының бір атасы) бұла өскен жалғыз 

қызы болса да, ата-баба жолынан аттап, әдепсіздік көрсете 

қойған жоқ. Бірақ өзін қашан да тәкаппар ұстайтын әдеті еді. 

Тіпті, көңілім жақын деп жүрген жігіттердің өзі жеме-жемге 

келгенде тайсақтап, қыз алдында тілі күрмеліп қала беретін. 

Ақбалаға Дәулеткерейдің жылы ұшырағаны—ол өзі «ежел-

ден келе жатқан тәртіп бойынша ел билеу үшін жаратылған» 

ақсүйектер тұқымынан шыға тұрса да, өз домбырасын жанын-

дай сүйетін күйші, өз ортасынан ғана емес, өзге ортадан асық-

қан өнерпаз әріптестерімен де тіл табысып, шүйіркелесіп жүре 

береді екен. Дәулеткерей де «Ақжелең» аттас күй шығарып, 

оны сол қызға арнапты. 

242. «Ысқырма»

«ысқырманың» шығу тарихы да айта қалғандай. Дәулет-

керей төре тұқымына лайықсыз болса да, атын мінбей, ауыл 

сыртында жаяу серуендегенді тәуір көреді екен, сондай серуен-

ге шыққан бір күні келе жатып бірдеңе деп күбірлегендей бо-

лады. Қасындағы серігі «о не?» деп елең ете қалып еді, күйші 

басын шайқай, «үндеме» дегендей ишарат білдірді. Дәулет-

керей сосын балалар құсап ысқыра бастады. Бұл қылық, 

әрине, «Шыңғыстың әулетіне» тым ерсі еді. оның үстіне қазақ-

тар ысқырған әдепсіздік белгісі деп санайды. Дәулеткерей 

қасындағы серігінің абдырап қалған түрін көріп жымиды да, 

бірдеңеге қуанып асыққан адамша үйіне қарай тез-тез адымдай 

жөнелді. Серігі ештеңеге түсінбеген қалпы иығын бір қомдады 

да, соңынан еріп жүре берді. үйге келіп Дәулеткерей қолына 

домбырасын алды да, жаңа күйді шерте жөнелді. Музыканы 

жақсы түсінетін құймақұлақ жолдасы күй сарынынан бағана 

әдептен аттап, айдалада ысқырып салған үзік-үзік әуеннің са-

зын бірден айырған. Зердесіне келген күйден үйге жеткенінше 

айрылып қалмай пернеге түсіргеніне қуанған Дәулеткерей, бұл 

күйге «ысқырма» деп ат қойдым дейді жолдасына. 


1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет