«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет2/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

8. «Нар идірген» 

(І нұсқа)

Ертеде бір кедей шал мен оның ақылына көркі сай жалғыз 

қызы болады. Кедейліктен басқа міні жоқ, ұжымдары жарасқан, 

төңірегіне сыйлы жандар екен. Жар дегендегі жалғыз нарын 

сауып тамақ, мініп көлік етсе керек. Соның арқасында ешкімге 

көзін сүзіп тіленбей, барды қанағат етіп күн көреді. 



20

күй аңыздар

Күндердің бір күнінде сауып отырған бекбатша нардың жас 

ботасы қос кіндік болып ауырып өледі. Ботасын жоқтап сар-

наған нар сүтін бойына тартып, иімейтін болады. Сөйтіп, түйе 

сүтін жалғыз қорегі еткен әкелі-балалы кедей мүлде ас-су сыз 

қа лады. Әсіресе қарт әке жалғыз қызының жаутаңдаған жү зі не 

қарап, еш қайраны болмай қатты қапаланады. Сонда ақыл ды 

қызы жұбату айтып; «Әке, уайымдай беріп қайтесіз, Құдай дың 

бір жақсылығы бар шығар, шыдай тұрайық» дейді екен. 

Әрине, қанша сабыр сақтағанмен, шыдам тамақ бола ма?! Бір 

күні әбден шарасы таусылған ақылды қыз әкесіне тіл қатады: 

—Әке, қыз болып жаралған соң, жатағым төріңіз болғанмен, 

өрісім түзден ғой. Маған ақ батаңызды беріңіз де, халқыңызға 

хабар салыңыз. Біздің бекбатша нар тек қана ботасындай бозда-

тып күй тартқан адамның алдында йюге тиісті. Кімде-кім өнерін 

асырып, нарды иіте алса, мені сол өнерпазға қосыңыз,—депті. 

Әкесі қызының сөзін жерде қалдырмай, аяқ жетер жерге 

жар салады. Ел іші өнерпазсыз болған ба, сұлу қыздан дәмелі 

күйшілер төңіректен ағылып келе бастайды. Жұрттың етек-

жеңі жиналып болды-ау дегенде, төрешілер сайланып шығып, 

күйшілердің өнерін сынауға кіріседі. Небір саусағынан саз 

төгілген дәулескер күйшілер сай-сүйегіңді сырқыратар сарын-

дар ды судай сапырады. Бірақ ботасын жоқтап, көзінің жасы 

мөл тіл деген бекбатша нар меңірейген қалпы тұрып алады. Тар-

тылмаған күй, шертілмеген мұң қалмайды. Көбелері сөгіл ген-

ше күй төккен өнерпаздардың әбден мысы құрып, бі рі нен соң 

бірі шеттей береді. Бекбатша нар мұның ешқайсысын шыбын-

ның ызыңы құрлы көрместен түнерген қалпы тұрып алады. 

Содан, күйшілердің ішінде іріктеліп-сұрыпталып бір қарт, 

бір жас домбырашы қалса керек. Кезек қарт күйшіге беріледі. 

өзі де бір, күй күйдіріп, сарын сүрлегендей жан екен дейді, 

нардың алдына қаққан қазықтай болып отырып алады да: 

«Ал, қарағым, білегіңді түрініп, көнегіңді оңтайлай бер!»—

дейді қызға. Сонан соң қу тақтай, екі ішекті бауырына басып

шерткенде алыс бір қиырдан ботаның боздаған үні естілген-

дей болады. Алғашқыда елестей елең еткізген сарын бірте-бір-

те айқындалып, енді бір сәтте ботаның өзі үкідей үлпілдеп, ба-

ладай елпілдеп келіп қалғандай әсер береді. осы сәтті күткен 

қарт күйші одан сайын қағына тартып, біресе ілме, біресе шал-

ма қағысқа салса, енді бірде тебеген қағыспен тарпып-тарпып 


20

21

халық күйлерінің аңыздары



жібергенде домбыра шанағы «көс, көс!» деп сөйлеп қоя береді. 

Сонда күн ұзын мелшиіп тұрған нардың тұла бойы шымырлап, 

алпыс екі тамыры босап, емшегі дертіп қоя береді. 

Малының сыры иесіне мәлім, нардың ағыл-тегіл иіп бара 

жатқанын алдымен қыз сезеді де, көнекті көтере түскен қалпы 

түйенің емшегін қатты қысып, кернеп келген сүтті үрпінен 

шығармай қояды. Мұның себебі—қыздың көңілі қарттың со-

ңында кезек күтіп отырған жас күйші жігітте еді дейді. Түйенің 

емшегін уыстай қысып, иінін тоқтатқаны—жігіттің кезегіне 

іріккендегі қулығы болса керек. 

Қарт күйші мұны бірден сезеді де: «Пах, күйім келіскенмен, 

күнім өтіп кеткен екен ғой!»—деп, кезекті жас жігітке береді. 

Жігіт домбыраны тарта жөнелгенде, қыз алақанын керіп, уы-

сына сыймай бара жатқан нардың емшегін босатып қоя береді. 

Ақ саумал көнектің бүйірін тесіп жіберердей саулап жөнеледі. 

Бұл кезде осы гәптің бәрін аңғарып, біліп отырған жас күй-

ші іштей намыстанып, бір жағы қызға деген сезімін білдіргісі 

ке ліп «Күйдім-жандым» деген күйге салған екен. 

Күй бітіп, нар ағыл-тегіл иіп, жұрт мәре-сәре болысады. Сон-

да төрешілер жағы отырып жаңағы қарт күйшіге: «Төрелік ке 

өкпе-наз, күдік-күмән болмағаны керек, күйім келісті деге нің-

ді түсіндік, күнім өтті дегеніңнің мәнісі қалай?»—дейді. Қарт 

күйші: «оның мәнісі—түйені иіткен менің күйім еді, бірақ 

қыздың көңілі өзінің теңінде болды да, иіп келген сүтті іркіп 

қалды. осы айтқанымның ақиқат екенін білгілеріңіз келсе, 

мына жас жігіт екеуміз әлгі күйлерімізді қайта тартқан қалпы 

екі бағытқа жүрейік. Сонда мына тұрған жануар кімге «ботам» 

деп ергенін көресіздер» деген екен. 

Бұл шарт төрешілердің көңіліне қонып, қос күйшіні қайта 

сынға салады. Сонда, айтқанындай, бекбатша нар қарт күйші-

нің шалғайын иіскеп, соңынан ере беріпті. 

Қыз бетін басып ұялады, жұрт аңырып қалады. Сонда 

қайтып оралған қарт күйші: «уа, ағайын, мен бүгін өзім қар-

тайсам да, күйімнің қартаймағанын көріп бір жасап қалдым. 

Тосылмаңдар, «тең теңімен, тезек қабымен көрікті» деген, екі 

жастың бақытын тілейік!»—деген екен. Сөйтіп, кедей шал мен 

қызының басына бас қосылып, күйеу бала үшеуі ұжымдары 

жарасқан қалпы, ештемеден тарықпай, келісті ғұмыр кешіпті 

дейді. 


22

күй аңыздар



9. «Қос мүйізді Ескендір» 

Әйгілі Ескендір патшаның басында қос мүйізі болса керек. 

Бірақ мұны тірі жан білмейді екен. Себебі шашын алдырған 

сайын сол шашын алған адамның басын шаптыртып тастап 

оты рыпты. Мұның мәнісі, Ескендірге түсінде бір әулие аян бе-

ріп: «Егер шашыңды алушыдан басқа адам мүйізіңнің бар еке-

нін білсе, сол күні жарық жалғанмен қоштасасың!»—деп ес кер-

тіпті дейді. осыдан кейін-ақ сақтық жасап, шашын алдырт қан 

адамының басын кестірте берген ғой. 

осылайша, Ескендір төңірегінде қолының ебі барлар си рей-

ді. Бір күні шаш алу кезегі патшаның жақсы көретін жақы нына 

келсе керек. Сонда Ескендір сол жақынына шашын алдырып бо-

лып былай депті: «Шарт бойынша, менің мүйізімді көрген адам 

бұ дүниемен қоштасуға тиісті еді. Бірақ мен саған тиіспеймін. 

Шашымды тек қана өзіңе алдыртып тұрамын. Тек, есіңде болсын, 

мүйізімнің бар екенін екінші адам білген күні басың кесіледі». 

осыдан кейін-ақ шаштараздан маза кетеді. Алдымен, Ескен-

дірдің қос мүйізі жатса түсінен, тұрса есінен кетпей есі шығып 

жүреді. Бара-бара бұған еті үйреніп, енді өзі ғана білетін 

жаңалықты жұртқа айтқысы келген бір сезім билейді. Бірақ ай-

тайын десе, жанынан қорқады, айтпайын десе, ішіне толған құ-

пия сыр шыдатпайды. Ақыры, амалы таусылғандықтан патша 

сарайындағы жеті жұрттың тілін білетін тәуіпке келіп, өзінің 

дертті болғанын айтады. Тәуіп болса, әрі-бері қарағаннан кейін: 

«Дертің ауыр болғанмен, емі жеңіл. Ішіңе толған бір құпия сыр 

бар екен. Сол сырды сыртқа шығару үшін елсіз-күнсіз бір жер-

ге барып, басыңды ойға қарат та, ішіңе толған сөзді айтуың 

қа жет. Жай айтпайсың, әрине, аузыңнан сілекейің шұбырып, 

ішің ортайғанша қайталайсың. Тек, даусыңды ешкім естімей-

тін болсын. Біреу-міреу естісе, басыңа қатер!»—дейді. 

Шаштараз тәуіптің айтқанын бұлжытпай орындайды. Ел-

сіз-күнсіз жердегі бір құрғаған құдықты тауып алып, басын сол 

құдыққа салбырата түсіреді де. «Ескендірдің басында қос мүйіз 

бар! Ескендірдің басында қос мүйіз бар!..»—деп, жанын жегі-

дей жеген сөзді іші ортайғанша қайталайды. осылайша, айы-

на екі рет елсіздегі құдыққа келіп, ішіне толған сөзін қайта лап

дертін жеңілдетіп жүреді. Жақынының аузы беріктігіне патша 

да риза, күтпеген кеселден оңай құтылып жүргеніне шаштараз 

да риза болып жүріп жатады ғой. 


22

23

халық күйлерінің аңыздары



Күндердің бір күнінде, шаштараз барып жүретін құр құ-

дықтың басына әлдеқайдан келе жатқан керуен тоқтайды. Ел 

кезген керуеншілердің ішінде неше түрлі қабілеттің адамдары 

болатын әдет емес пе. Мына керуеншілердің ішінде де жұрт-

тан асқан бір сыбызғышы бар еді дейді. Сол сыбызғышы ері-

гіп отырып құр құдықтың түбіне қарайды да, онда өсіп тұрған 

қамысты көреді. Бұл қамыс, әлгі дертті шаштараздың аузы-

нан ақтарылған сілекейден нәр алып өссе керек. Сол жерде, 

сыбызғышы жігіт құдыққа қарғып түседі де, бір сабақ қамысты 

жұлып алып, сыбызғы жасайды. 

Ескендір патша құпиясы осы жерде кереметін көрсетеді. 

Керуенші жігіт сыбызғысын ойнатайын десе, сыбызғысы «Ес-

кендірдің басында қос мүйіз бар!» деп адамша сөйлеп қоя береді. 

Керуенші жігіт өз құлағына өзі сенбей, сыбызғыны қайта ойна-

тып көрсе, жаңағы сөз тағы да қайталанады. Сол жерде басқа 

керуеншілер де мұндай ғажапқа таң қалса, екіншілері әлемге 

даңқы әйгілі патшаның сыртынан ғайбат сөз айтылғандай се-

кем алысады. 

Тағдырдың бұйрығы бойынша, құпиясы жария болған Ес-

кен дір сол күні жарық жалғанмен мәңгілікке қоштасып еді 

дейді. 

Бұл оқиға керуенші жігіттің сыбызғысы арқылы дүниенің 



төрт бұрышына күй болып тараса керек. 

10. «Бегім бер» 

(І нұсқа)

Ел аузында «Жанкент жеті рет күйреп, жеті рет көтеріл ген» 

деген сөз бар. Соның бірі Шаншар ханның ханымы Бегім-анаға 

қатысты айтылады. 

Шаншар хан Жанкенттің әміршісі болып тұрған күндердің 

бірінде нөкерлерін ертіп, сейіл-серуен құрып, аң аулауға шы-

ғыпты дейді. Шаһардан ұзаңқырап шыққанда ханның есіне 

садақ ұштайтын егеудің сарайда қалып қойғаны түседі. оған 

өкініп жататын хан ба, көзіне көрінген нөкерінің бірін «бар, 

жылдам алып кел» деп жұмсап жібереді. 

Хан сарайына тіке шауып келген нөкердің суыт жүрісінен 

сарайдағылардың бірі тіксініп, бірі секем алғандай болады. 

Сыртқа Бегім-ана да шығады. Сонда ханымның ерекше жа-


24

күй аңыздар

ралған көрік-келбетіне қайран қалған нөкер есінен танып, ат-

тан ауып түссе керек. Содан бас көтеріп, есін жиғанша біраз 

уақыт өтеді. одан кейін мән-жайды айтып, егеуді алып, ханға 

кешігіп жетеді. 

Шаншар хан нөкерден неге кешіккенін сұраған екен, ол 

болған жайды бүкпесіз айтып беріпті. Сол жерде хан тарс ашу-

ланып, аттың басын кері бұрады. Нөкерді жеті қабат зынданға 

тастады. Бегім-анаға сенімсіздік білдіріп, оның оң қолы мен 

бұрымын шорт кестіріп тастайды. 

Сол кезде Бегім-ананың аузы дуалы әулие әкесі тірі еді дейді. 

Бұл оқиға сол кісіге жетеді де, дереу Жанкентке келеді. Әу лие 

қарт Шаншар ханға: «уа, Шаншар хан, шындық екеуміздің 

бірімізге зауал келтірсін. Мен сол шындықты білгелі келдім. 

Егер қызымда күнә болса, сенікі жөн. Ал, күнәсіз болса, ертеңге 

дейін қолы мен шашы орнына келсін де, өзің зауалын тарт!» 

депті де сырт айналып кетіп қалыпты. 

Әулиенің қатал шарты бүкіл шаһар халқын үрейлендіре-

ді. Ертеңінде үрейлі жұрт Бегім-ананың сарайына келсе, ақ 

білегі жарқырап, қолаң шашы салбырап орнында тұр дейді. 

Ал жазықсыз нөкер өзінен-өзі жеті қабат зынданның сыртына 

шығып қалған екен. 

Сол жылы сары ала күз түсе Жанкент шаһарына адам ой-

ламаған зауал келіп, улы жыландар қаптап, жұртшылық дүр-

ліге қашуға мәжбүр болып еді дейді. осы оқиғаны бір өнерпаз 

күй тіліне көшіріп, ұрпаққа аманат етіп қалдырса керек. 

Бегім-ана—тарихта болған адам. Сырдарияның төменгі 

сағасына жақын маңдағы Арал теңізінің түбегінде Бегім-ана 

мұнарасы /бейіті/ күні бүгінге дейін күңгірлеп тұр. Зерт теу-

шілердің анықтауында мұнара IX-XI ғасырда салынған. Бұл 

кезең түрік-оғыз тайпалары шаңырағын көтерген Салжұқ 

мемлекетінің заманына жатады. Түрік-оғызының қынық тай-

пасын билеген Тұқақтың баласы Салжұқ мемлекет басына кел-

ген соң, ислам дініне мойын ұсынған. Мұның өзі Сыр бойында 

моншақтай тізілген қалаларын қыстап, жазға қарай желпіне 

көшіп жүретін тәңірілік наным-сенімдегі тайпалардың елеулі 

қарсылығын тудырған. Салжұқтардың 985 жылы Жент қала-

сын тастап, Нұрата тауына қоныс аударуы Бегім-ана аңы зы ның 

астарындағы тарихи шындық сорабын аңғартады. Сал 

жұқ-

тың өзі осы Жент қаласында өлген. Салжұқтың ұрпағы Сан-



24

25

халық күйлерінің аңыздары



жар сұлтанның /1118-1157/ тұсында қыпшақ-қимақ ода 

ғы-


ның қайы деп аталатын тайпасы Жентті қиратып, Сыр бойы на 

тәңірілік рухтағы қалпын қайта орнықтырған. 

Енді аңыз бен ақиқаттың үндестігіне қараңыз, аңыздағы 

Шаншар хан—өмірдегі Санжар сұлтан екені ден қойғызады. 

Ал аңыздағы Жанкентке қаптайтын ордалы жылан—қайы 

тайпасы. өйткені монғол тілінде «қайы» деген сөз «жылан» 

деген мағына береді. Сондай-ақ Кіші жүздің Жетіру тайпалық 

бірлестігінің құрамындағы Табын руының бір бұтағы Бегім деп 

аталатыны да осындайда еске түседі. 

11. «Бегім бер»

(ІІ нұсқа)

Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ 

кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір 

түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге қарай әбден толысып піскен 

бегіні көптеп теріп, баптап кептіріп, келер жылғы терімге дейін 

талғажау етеді екен. 

Сол әдетпен сүрлеп, кептіріп қойған кемпірдің екі қап бегін 

бірде ұрылар алып қашыпты. Күнелтіп отырған жалғыз ғана 

тағамын көз алдында алып кетіп бара жатқанын көрген кем пір: 

«ойбай, бегім бер, бегім бер!» деп дауыстайды. Сайланып кел-

ген ұрылар қартайған кемпірге жеткізе ме, әне-міне деген ше 

көзден таса болады. Жесір кемпір қатты налып, осындай күй ге 

түсірген Тәңіріне мұңын шағып, зарлапты. 

Кемпірдің зарын естіген бір күйші тебірене толқып сыбыз-

ғыға салған екен дейді. 

12. «Жетім бала» 

Ертеде, жаугершілігі мол заман болса керек. Бірде, қаннен-

қаперсіз бейбіт жатқан ауылды жау шауып, ойранын шығара-

ды. ойда жоқта басталған аласапыранда бір балажан ана есейіп 

қалған жалғыз баласын қазанның астына жасырып үлгереді. 

Ауылдың қарсыласқандары ажал тауып, қолға түскендері пен-

де болып, жаудың айдауына кетеді. Содан, қазан астында жа-

сырынып аман қалған бала шаң-шұң басылған соң орнынан тұ-

рып, ойраны шыққан ауылын көреді, тірідей айырылған ана сын 


26

күй аңыздар

жоқтайды. «Айналайын, Құдай-ау!» деп зар төгеді (осы тұста 

домбыра «Айналайын құдай-ай!» деген сөздің буын ырғағы мен 

үндес қайғылы сарын шығарады). 

Тағдырдың тауқыметінен қашып құтыла ала ма, жетім бала 

жатағынан түңілген құлындай болып, иесіз жұртты артқа тас-

тап, беті ауған жаққа жүріп кетеді. Қанша жүргені белгісіз, 

күндердің бір күнінде ерні шөлден кезеріп, әбден титықтаған 

шағында көз ұшынан қарайған аттылы көрінеді. Жай аттылы 

емес, соңына ерткен тазысы бар, қолына қондырған қаршыға-

сы бар, қанжығаға байлаған дабылы бар Қошан сері деген аңшы 

болса керек. Құлазып келе жатқан жетім бала жүгіре дауыс-

тап: «Ағажан-ау, ағажан, атыңның басын тарта тұр!»—деп 

шақырады (осы тұста домбыра «Ағажан-ау, ағажан, атың ның 

басын тарта тұр!» деген сөздің буын ырғағымен үндес қайғы лы 

сарын шығарады). 

Сол сәт аңшының алдынан құсы қалың отырған көл көрі ніп, 

қолындағы қаршығасы тіленіп ұшып жөнеледі. Қаршы 

ғасы 


кеткен соң, құстың қызығымен балаға қарай алмай, дабы лын 

дүңкілдетіп, аңшы да шаба жөнеледі. (осы тұста домбы ра ның 

үні соғылған дабылдың дүңкіліне, шапқан аттың дүбіріне ұқ-

сап кетеді). 

Жетім бала екі өкпесін қолына алып жүгіріп көлге жетсе, 

аңшы атын көл жағасына қаңтарып тастап, өзі қамыс арасына 

түскен қаз-үйректі жинауға кетіпті дейді. Жапан түзді жаяу 

кезіп жаны қиналған бала аттың тұсауын шешіп, қарғып мінеді 

де жүріп кетеді. Қошан сері қаз-үйрегін арқалап, қамыстан 

шықса аты жоқ. Төңірегіне қараса, көз ұшында желе жортып 

кетіп бара жатқан баланы көреді. Дүние кезек деген емес пе, 

енді баланың соңынан жүгірген аңшы: «Балажан-ау, балажан, 

аттың басын тарта тұр!»—деп дауыстайды. (осы тұста домбы-

ра «Балажан-ау, балажан, аттың басын тарта тұр!» деген сөздің 

буын ырғағымен шертіледі).

Бала болса, қайтып оралсам қандай ниеттегі адам екенін кім 

білген, тағы да тентіреп далада қалармын, оның үстіне мендей 

емес қой, қолында қаршығасы, соңында тазысы бар, деп ойлай-

ды да, тоқтамай жүре береді. Сол бетінде қара үзіп, шығандай 

ұзап барып, бір тақырға іркілген қақтың басына келгенде тізгін 

тартады. Аттан түсіп, атының ауыздығын алып, суармақшы 

болады. осы сәт күрс еткен мылтық дауысы естіледі де, суа-



26

27

халық күйлерінің аңыздары



рып тұрған аты жалп етіп құлайды. Жетім бала жанына ара-

ша болған атының басын құшақтап, еңіреп қоя береді. Сонда 

үстінде жарғағы, қолдарында мылтығы бар қос мерген келіп 

баланы жұбатады. «Әттеген-ай, жаңылған екенбіз! Шырағым, 

құлан ататын мергендер едік. Мына тақырдың қағына құлан-

нан басқа ұшқан құс, жүгірген аң келмеуші еді. Біз байқамай 

жазым еттік»,—деп қос мерген өкініш білдіреді. 

Сол жерде жөн сұрасып, жайды біліскен соң қос мерген 

балаға: «Алаңдар ешкімің жоқ екен. Біздің елдің байының ба-

ласы жоқ еді, балшықтан кісі жасай алмай отыр. Сол кісіге бала 

боласың»,—дейді. Жетім баланың бұлданар жайының жоқ 

екені белгілі, қос мергеннің сөзіне құлақ асып, ауылына еріп ке-

леді. Айтқандай, баласы жоқ бай жетім баланы зор қуанышпен 

бауырына басып бала етіп, ұлан-асыр той жасайды. 

Сонымен, күндер жылжып өте береді. Бойы өсіп, бұғанасы 

қата бастаған бала жүре тапқан әкесінің үйір-үйір жылқысы на 

бас-көз болып, жылқышылардың қосағасы болады. 

Күндердің бір күнінде жетім бала жылқышылардың жайын 

білуге келе жатса, тау арасынан түгі жетіліп үлгермеген тып-

тықыр бір құлынды көреді. Бала құлынды қосқа алып келіп, 

бағуға кіріседі. Кешікпей-ақ, тықыр құлын тез жетіліп, ат бо-

лады. Жай ат емес, желсе желдей есетін, шапса құстай ұшатын 

тұлпар болып өседі. 

Бір күні бала атын мініп, әкесіне көрсету үшін үйіне келіп, 

атын белдеуге байлап жатқанда пысқырып қалады. Сонда бай 

үйінің түндігі құйын соққандай желп ете түсіп еді дейді. Бай 

үйге кірген баласынан: «Шырағым, мынауың неғылған ат, 

мұндай жылқы бізде жоқ еді ғой»,—депті. Бала мән-жайды ай-

тады. Бай: «Е, дұрыс-ақ, мінетін атыңды тапқан екенсің»,—деп 

оң шырай танытады. 

Бала осы бір сәтті пайдаланып, көптен көкейінде жүрген 

ойын айтады. «Әке,—дейді бала,—тумасам да туғандай көріп, 

бауырыңызға бастыңыз. ол үшін алдыңызда мәңгі қарыздар-

мын. Алайда қазақ «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» демей 

ме? ұлықсат етсеңіз, туған жерімді көргім келеді». 

Ержеткен азаматты зорлап ұстап бола ма, бай қаншалық ты 

балаға бауыр басып, қимағанымен, ақылға жеңдіріп ақ бата сын 

беріп, ұлықсат етеді. 

Бала қуанышы қойнына сыймай жолға шығады. Былай 

шыға тақыр атына қамшыны басып, талай бел-белестен өтеді. 



28

күй аңыздар

Бір мезгілде тізгін тартып артына қараса, көз ұшында жал-

пылдап бай әкесі қуып келеді дейді. Сөйтсе, бауыр басқан бала-

сы енді қайтып келмей ме деп қимай, тұлпарына мініп, соңы нан 

ере шыққан екен. Сонда баланың да жүрегі елжіреп: «Сағың 

сы нар қайт, әке!»—деп дауыстайды. осы тұста домбыра «Сағың 

сынар, қайт, әке!» деген сөздің буын ырғағын сұңқылдай қай-

талап тұрып алады. 

Баланың алған бетінен қайтпайтынына көзі жеткен бай: 

«Қайтейін, қайыр қош, алдыңнан жарылқасын!»—деп, көзінің 

жасын іркіп, кері қайтады. 

Жетім бала сол жүргеннен мол жүріп отырып, күндердің бір 

күнінде тау қойнауынан бұрқырап ағып жатқан бұлаққа тап бо-

лады. Бұлақты өрлеп келе жатып, көңілі тасыған бала әнге са-

лады (осы тұста домбыра үні жан сергітер әсем сазға ойысады). 

Кешікпей-ақ, жетім бала бұлақтың бастау қайнарына жа-

қындап келсе, оның әсем әнін елти тыңдап бір қыз тұр дейді. 

Жөн сұрасып, тілдесе келе бала қызды ұнатып қалады. Сол 

жерде бала: «Маған өмірлік жар болсаң, алдыма мінгізіп алып 

кетер едім»,—дейді. Сонда қыз: «Әніңді естідім, тегін жүрек-

тен шықпайтын ән екен, атыңды көрдім, қашса құтылып, 

қуса жететін ат екен. Тағдырдың жазуы осы шығар, айтқаның 

болсын»,—деген екен. Сөйтіп, көңілдері жарасқан екі жас 

тықыр атқа мінгесіп жолға шығады. 

Сол уақытта қыздың артында қалып бара жатқан шешесі 

мен Ер Көбен деген бір ағасы бар еді дейді. Шешесі күндік жер-

ден жыланның күйсегенін біліп, иісін сезетін қазық аяқ қара 

кемпір болса керек. Су алуға кеткен қызының кешіккенінен 

секем алып, тың тыңдап жібереді де, болған жайды біледі. 

Сол-ақ екен, аттанды салып: «Ер Көбен, әлгі жүзіқара жалғыз 

қыз көлденеңді көк аттыға мінгесіп, күндік жерде кетіп ба-

рады, жылдам жете гөр!»—деп байбалам салады. Ер Көбен де 

намысқа басып, тұлпарына мініп, қуып береді. Келесі күні де-

генде қараларын көреді. Сонда Ер Көбен: «Қашпа, батыр, қаш-

па, тоқта, батыр, тоқта!»—деп дауыстайды (осы тұста дом бы ра 

«Қашпа, батыр, қашпа, тоқта, батыр, тоқта!» деген сөздің буын 

ырғағына ойысады). 

Сол жерде жанындағы жетім балаға қыз: «Біз мінгесіп қа-

шып құтыла алмаймыз, мені түсіріп кет. Ағамның алдынан 

зор лықпен ілескендей болып шығайын да, «асқар таудай пана 


28

29

халық күйлерінің аңыздары



болған ағам-ай» деп, құшақ жайып жылаған болайын. Біраз 

бөгелер, сонда қара үзіп, ұзап кет»,—дейді. Бұған жетім бала: 

«Е, мен неге қашайын, зорлық-қиянатым жоқ. Ағаң ет пен 

сүйектен жаратылған адам шығар, мән-жайды айтармыз»,—

деп көнбейді. Алайда олай болмай шығады. Ашу буып келе жат-

қан Ер Көбен тықыр атты бір айналып өтеді де: «ой, әттеген-ай, 

кінә сенен емес, қарындасымнан болған екен. Сен ісің ақ болған 

соң қашпаған екенсің. Әйтпесе, атың қуса жететін, қашса құты-

латын жануар екен. Енді өткен іске өкінбей, маған ер. Атың ның 

төрт тұяғына төрт табақ жамбы берейін»,—дейді. Жетім бала: 

«Алтының маған ат болар ма, ат болса да тықыр атымдай бо лар 

ма?!» деп ермейді. «Ендеше өзің біл, мен саған «қыз алып қаш» 

дегенім жоқ»,—деп, Ер Көбен қарындасын мінгестіріп жүріп 

кетеді. Жетім бала болса: «Берген жомарт емес, алған жо март. 

Мен көрдім, ол ерді, сен жеңдің. Қайсымыздың ісіміз ақ екені 

бір тәңірге аян!»—деп жетім бала қала береді. 

Содан, есіз далада ер-тұрманын арқалап жалғыз қалған 

жетім бала тағдырына мұңын шағып, зар төгеді (осы тұста дом-

быра ерекше мұңды сазға ойысады). 

Есіз далада ұзақ еңіреп, сілесі қатқан жетім балаға бір 

мезгілде ой келеді. «Қой, мен бүйтіп езіле бергенмен іс бітпес. 

Әрі жаяу-жалпы қалып, әрі жазықсыз жапа шегіп, сүйгенім-

нен айырылғаным жараспас. Бір амалын қарастырайын»,—

деп орнынан тұрады да, Ер Көбеннің ауылын бетке алып жүріп 

кетеді. Сол бетінде тоқтамай жүріп отырып, түннің бір уақы-

тын да ауыл іргесінде жусап жатқан Ер Көбен жылқысының 

үстінен шығады. Ақырын көз үйретіп қараса, ағаш саясын-

да бір жылқышы қалғып тұр дейді. Жетім бала еппен басып 

келеді де, шылбырын тұзақтап жылқышының мойына салып, 

ағаш бұтағынан асырып тартып тұра қалады. Сонан соң: «Жан 

керек болса шыныңды айт, жылқы ішіндегі ең жарамдысын 

ата!»—дейді. Шыбын жанын сауғалаған жылқышы: «Айта-

йын, ай тайын! Ер Көбеннің жұма сайын бәйгеден келетін егіз 

күрең аты бар. Бірін кеше қинап мінген екен, үйінің жанында 

таңасып тұр. Екіншісі—мына менің астымдағы ат. Шыным 

осы!»—дейді жылқышы. 

Мұнан әрі жетім бала шылбырды ағаш бұтағына орай тар-

тып, жылқышыны байлап тастайды да, оның астындағы атына 

мініп алады. Сол бетінде өзін ұнатқан қыздың ауылына келіп, 


30

күй аңыздар

қыз үйінің тұсынан кешегі бұлақ басында айтқан әніне салады 

(осы тұста домбыра үні әсем сазға ойысады). 

Әнді естіген қыз бұл әннің кешегі бұлақ басында жетім бала 

салған ән екенін бірден таниды. Таниды да ойға қалады. «Бұл 

келіп тұрған жетім бала болар. Жетім де болса сертке берік 

екен. Сол сертінде тұрған соң, есебін тауып егіз күреңнің бірін 

қолға түсірген ғой. Қолға түсірген соң маған ат басын бұрып, 

белгі беріп тұрғаны болар, тәуекел!»—деп, қыз еппен киініп, 

затын салған қоржынын қарына іліп, сыртқа шығады. Сыртқа 

шыққан соң алаңсыз болайын деп, есікке қамыттай қара құлып 

салады. Сонан соң таң асып тұрған күрең атқа мінеді. 

Мұның бәрін көз жазбай бағып тұрған жетім бала қызға 

келіп: «Тағдыр жолымызды оңғарсын! Сен жылқыға барып, ай-

дап кете бер. Мен ағаңмен қоштасып қайтайын!»—дейді. Қыз 

мұны жөн көреді. 

Жетім бала Ер Көбеннің үйінің тұсына келіп: «Ау, Ер Көбен, 

Ер Көбен! Сен ер екенсің. Кеше қарындасыңды қалыңсыз бер-

гің келмей алып кетіп едің. Бүгін егіз күреңді мінгізіп, бір та-

бын жылқыны алдымызға салып бердің. Мәрттігіңде шек жоқ 

екен, тәңірі жарылқасын!»—деп дауыстайды. Мұны естігенде 

Ер Көбен: «өй, мынау не дейді ей!»—деп, орнынан тұра жүгір-

генде құлыптаулы есікке соғылып, шалқасынан түседі. 

Мұны естіген жетім бала: «ұрит соқ-соқ!»—деп іштей күліп 

жүріп кетеді. 

осылайша жетім бала мол жасауымен сүйгенін алып, туған 

жеріне жетіп, ел болып кетіп еді дейді. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет