«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет19/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38

219. «Бұлбұлдың құрғыры» 

1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын 

Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей 

ел билеу жұмысын жақсы көрмейді. Тек «ата заңы» бойын-

ша аз уақыт бұл дәрежеге ие болады. Бірақ Дәулеткерейдің 

бұл руларды билеуі Құрманғазыға жаман тимейді, өйткені 

осы жылдарда екі күйші танысады. Бірі—исатайға бүйрегі 

бұрған, қызылқұрттан шыққан Құрманғазы, бірі—Бөкейдің 

кіші інісі Шығайдан туған төре Дәулеткерей болып кездесіп, 

өмір жағдайында көзқарастары алшақ жатқанымен, оларды 

жақындастыратын үлкен күш пайда болады. ол күш—өнер 

күші, күй күші болып шығады. Бірінші көріскенде бір-бірі-

не қоңыр салқын болғанымен, аз уақытта-ақ бейтаныстық 

мұз еріп, екі күйші жалпы тілді тез тауып кетеді. олай дей ті-

німіз—Құрманғазы отырған, жүрген жерлерінде үнемі исатай-

дың, Махамбеттің әңгімелерін көп айтады. Қалай дегенде 

ондай әңгімелер Дәулеткерейге ұнай бермейді. Бірақ кейін 

Дәулеткерейдің қитығына тие бермейін деп, Құрманғазы ол 

отырған жерде «бас жаққа» бара бермейді. 

Қызылқұрттың жер дауымен бір күні жақсы көретін 

шәкіртінің бірі Көкбаланы алып, Папастың ауылына келеді, 

Папас би күйшіні жақсы қарсы алады. Құрманғазының кел-

ген жұмысын бітіріп, қызылқұрттың пайдасына мәселені ше-

шіп береді. Әуелі Папас бір күй тартады. Күй Құрманғазыға 

қатты ұнайды. «Мынау не деген күй еді, тым сайрап тұр екен?» 

дейді Құрманғазы. Папас күйдің атының «Бұлбұл» екенін ай-

тады. Құрманғазы сол арада бір күй тартады. Енді күйдің аты-

ның не екенін Папас сұрайды. Құрманғазы: «Бұл менің бұлбұ-

лым еді» дейді. Сонда Папас тұрып: «Жоқ, аға, мынау бұлбұл 

емес, бұлбұлдың құрғыры ғой»,—дейді. Содан келіп бұл күй 

«Бұлбұлдың құрғыры» атанып кетеді.

  

220. «Айда бұлбұл, Айжан-ай» 

Дәулеткерей өзінің әкімшілік жұмысын жиып қойып, енді 

біраз уақыт Құрманғазымен бірге ел аралап, күй тартып жү реді. 

Бір осындай сапарда екі алып сол өңірге атағы шыққан Ай жан 

қыздың үйіне барады. ол өзінің көпке жайылған «Айжан қыз» 

атанып кеткен күйін тартады. Құрманғазы Айжанның тар-


208

күй аңыздар

тысына риза болып кетіп, қолына домбырасын алып, бір жаңа 

күй шертеді. Папас тұрып: «Құреке, мынауыңыз бұрын-соңды 

естілмеген күй екен, аты не болады екен?» дейді. Құрманғазы: 

«Бұл мына Айжан бұлбұлға шығарғаным ғой!»—дейді. Сол 

арада Папас: «онда бұл күйдің аты «Айда бұлбұл, Айжан-ай» 

болсын»,—деп күйге ат қойса керек. Құрекеңнің күйіне риза 

болған Айжан сол арада домбыраға түсіріп алады. осы жүрген-

де Құрманғазы Папастың «Жігер» күйін әлденеше рет естіп, 

аса риза болады. Бірақ творчествалық кезеңнің ең бір көңілді 

тұсына келгеннен бе, Құрманғазы «Жігерге» еліктеп, өзі бір 

күй шығарады. ырғақтық жағынан Құрманғазының «Жігері 

де» Папас вариантына ұқсайды. Бірақ күйдің динамикалық 

құрылымы мүлде басқа болады. 

221. «Назым» 

Құрманғазының соңғы жылдары табылған «Назым» атты 

бір күйі бар. Күйді бізге берген адам оның шығу тарихы жөнін-

де ештеме айтпады. Дина бір әңгімесінде былай баяндаған: 

«Құрекең Көкбаламен екеуі бір жақтан келе жатқанда бір 

моланың басына жиналған көп қараны көреді. Келсе, ол адам 

тобы екен. ол адамдар осыдан бірнеше сағат бұрын ғана ке-

нет өлген бір адамды көмгелі жатыр екен. Сұрастыра келгенде 

өлген қыз болып шығады. ол күндіз бір асау аруананы сауамын 

деп, көнек қойған тізесін көтеріп, оң жақ қолын нардың артқы 

аяғынан орай бергенде, ол қызды тақ жүректен теуіп қалады. 

Қыз шалқасынан құлап, содан кейін есі кірмейді. Денесі суып, 

демалысы білінбейді. Ата-анасы зарлап «о, дүниеге кетті» деп 

көр қаздырып, жаназа оқып, бейіт басына алып келіп көмгелі 

жатқаны осы болып шығады. 

Құрманғазы түрмеде неше түрлі адамдармен кездесіп, 

«өлу дің» неше алуан кезеңі болатындығынан хабары бәрі есі-

не түседі. ол әсіресе қазақ ауылында талып қалған не қатты 

ұйқыға кететін жайларды білмей, күтпей көме салудың барын 

біледі. Сондықтан жиналған топқа қарап:

—Бір-екі сағат тоқтай тұрыңыздар, мүмкін бұл қыз өлмеген 

болуы керек, асығыстық дұрыс болмайды,—дейді. Тұрғандар 

бұл сияқты бұрын-соңды естімеген «сұмдыққа» сеніңкіре мей 

бастарын шайқайды. Әсіресе араларында тұрған молда:



208

209


күй және күйшілер туралы аңыздар

—о, кештен, бұ кешке шейін өлген жанның қайта тірілгені 

жоқ, ондай сөз айтып күпір болмаңыз!—деп жолатпайды. Құр-

манғазы ашуланып молдаға: 

—Сірә, сен бірдеме алып қойып, соны қайта құсамын ба 

деп қорқып тұрған шығарсың, амандық болып қыз тірілсе, сол 

бергенді қыздың садақасы деп сенен алмай-ақ қояйық!—деп 

молданы тоқтатады. Қыздың ата-аналары:

—Алыс сапардан келе жатқан жолаушылар екен. Көпті 

көрген адамдар шығар, аялдай тұрыңдаршы!—деп көздерінің 

жасын тағы бір төгіп алады. 

осылай көпшілік тоқырап тұрған кезінде кебін қозғалған-

дай болады. Құрманғазы жүгіріп барып жүрегін басып, 

тыңдап: «Шүйінші, жаны бар!»—деп айқайлап жібереді. өзі 

жанындағы торсығынан қыздың аузына су тамызады. Қыз 

біртіндеп дү ние ге ене бастайды. Баяғы молда: «Астапы ралла, 

Астапы 

ралла!»—деп топты айнала жүгіріп, ақыры ауылға 



қарай қаша жөнеледі. Басы Құрманғазы мен Көкбала болып, 

молданың жағдайына біраз күліп алады. Бұл кезде қыз да әлсіз 

түрде көзін ашып, аң-таң болып айналаға қарайды. Әке-шешесі 

«қорыққан мен қуанған бірдей» дегендей, тағы да біраз жылап, 

тостағандарын жуып алады. 

Қызды ауылға алып келіп, туысқандары үлкен той қылып, 

ат шаптырып, балуан түсіріп бір жетідей мерейлейді. Қыздың 

әке-шешесі Құрманғазы мен Көкбаланы бірнеше күн қонақ 

етіп қатты сыйлайды. Көптеген күй тыңдап мәз болады. Кете-

рін де қыз Құрманғазыға: «Сіз менің екінші әкем болдыңыз, 

сіздің арқаңызда мен екінші рет дүниеге келдім, өмірбойы 

сізді ұмытпаймын»,—деп құшақтап жылап жібереді. «Менің 

көзімдей көріп жүріңіз»,—деп өзінің ең жақсы көретін сары 

ат деген арғымағын Құрманғазыға жетелетіп жібереді. Ал 

Құрманғазы оған арнап күй шығарады. Айтушылар сол қыз-

дың аты Назым екен дейді. Мына қыз сол «Назым қыз» болып 

та аталатын еді дейді. Бір әңгімеде Құрманғазы қызды көміп 

кеткен бойда келіп, бейіттен бір дауыс шыққандай болып, жаңа 

салған топырақты күшті қолмен қазып, қызды көрден алып 

шығып тірілтеді делінеді. Әрине, бұл сияқты аңызға айналған 

әңгіменің бұтақтары көп болады емес пе, оның бәрін бірдей 

келтіріп жатпадық.

14-136


210

күй аңыздар



222. «Бозшолақ» 

Құрманғазы алпысыншы жылдардың ортасы ауғанша 

Жиделіде жүріп қалады. оған себеп болған күйшінің Папаспен 

достасуы болады. уақытша советке қадірлі Папас үндемесе де 

оның төреден шыққан туысы, ақсүйектігі Әубәкір сияқтылар 

бата алмайтын қорған болады. Бірақ Құрманғазының соңынан 

қалмайтын Әубәкір күйшінің тағы бір жақсы атты болғанын 

естіп, адамдарын жіберіп бір түнде сары атты ұрлатып алды-

рады. Атын іздеп барған күйшіні Әубәкір сөгіп: «саған жақсы 

ат неге керек? әуелі анау құрым киіз жапқан үйіңді неге ағартып 

алмайсың, Құрымбай мырза!»—деп кемсітеді. онымен қоймай 

қарсыласар ойы да жоқ тып-тыныш тұрған Құрманғазыны 

қапылыста жігіттеріне ұстатып, сілейтіп сабап, естен тандырып 

тастайды. Түн ортасында ғана көзін ашқан Құрманғазы үсті-ба сы 

көк ала қойдай болып үйіне келіп, қалай кегін алуды ойлайды.

Әуелі бейбіт жолмен көрейін деп, Құрманғазы Әубәкірдің 

сыйласы дегенмен, Шыман төренің баласы Жаншаға барады. 

Құрманғазының ойынша, Жанша өткен оқиғаны есіне алмас, 

бұл жасы келіп, дәрежесі көтеріліп тұрған кезінде мейірімі тү сер 

дейді. Бірақ Жанша сау күніндегі әдетіне басып, Құрманғазы-

ны балағаттап қуып жібереді. «Бай байға құяды» деген осы екен 

ғой деп, Құрманғазы қайтып бара жатып, Шыман әулетінің 

жылқысынан іріктеп елу атты қуып кетеді. Бұхараның ашуы-

нан қорқып қалған, көлеңкеде өскен ақсүйектер Құрманғазы-

ның соңынан батып қуа да алмайды. Бірақ «Жараның ауызы-

на тұз сеуіп қайтемін»,—деп Құрманғазы Шыман тобының 

аттарын ауылының қасына алып келіп, қуып тастап, өзі біраз 

желпініп өшін алғандай болады. Кейін Әубәкірдің қойған аты 

«Құрымбай» есіне түсіп, «қанды ауыздан шыққан сөз екен, ізсіз 

қалмасын» деп өлең шығарып:

Сұрасаң менің атым Құрымбай-ды,

Жайықтың суы маған жұрындай-ды.

Шыманның елу атын бір айдадым,

Құрымбай жай адамға ұрынбайды» дейді. 

Құрманғазының бұл өлеңі халық арасына кең таралып ке те-

ді. Шыман әңгіме болған жерде осы өлең айтылмай қалмайды 

екен деседі. 

Әубәкір досы Жаншаны бір тізе бүктірген күйшінің бұл 

ісіне қатты ыза болады. Құрманғазыны қалайда тыныш жүргіз-


210

211


күй және күйшілер туралы аңыздар

беуге уәде береді. өзінің пікірлес бір старшынымен бірігіп: 

«Құрманғазы қоғамға қауіпті адам» деп сол кездің жек көретін 

адамына қолданатын қаруы—«бейбіт үкім» жасап, күйшіні 

үркітке айдататын болады. оны естіген Құрманғазы тағы амал-

сыз тасаланады. Әубәкір жиырма старшынға боблік шашып, 

Құрманғазыны табылса, ұстау керегін білдіреді. Бірақ стар шын 

біткеннің бәрі де «Құрманғазы біздің қарауымызда жоқ» деп 

хабар береді. олардың ішінде орта дыбыс станцияның депу та-

ты Бердінов, Бекболат ұстыбаев, Жантілесов, Наурызәлин тағы 

басқалардың аттары аталады. 

Күндердің күнінде Әубәкір Құрманғазыны ұстатып айдата-

ды. Күйшіні Саратовқа дейін жай арбаға мінгізіп алып келеді. 

Арбаға шеккен Бозшолақтың еріксіздік жағдайын тақырып 

етіп алып, Құрманғазы күй шығарады. Күйдің аты «Бозшолақ 

атты боқ дүние» болады. Кейін күй «Бозшолақ» атанып кетеді. 

Құрманғазы бұл күйде Бозшолақтың жүрісінен бастап, өзінің 

еріксіздік халін суреттейді.



223. «Терезеден-есіктен» 

Құрманғазы үркіт түрмесінде біраз жатып қалады. Бұрын 

әлденеше рет қашып кеткені жазулы болғаннан ба, күйшіні 

мұнда тіпті қатты ұстайды. Басқасын былай қойғанда оның 

не істеп отырғаны үнемі аңдулы болады. Терезеден де, есіктен 

де сығалап қарап, мінез-құлқының бәрі қарауылшылардың 

алақанында болады. Құрманғазы күзетшінің біреуі әкеліп бер-

ген ескі домбырасын икемдеп алып, тағы күй шертеді. өзін 

күндіз-түні терезеден-есіктен аңдыған адамдардың міне зіне ар-

нап «Терезеден-есіктен» деген күй шығарады. Құр ман ғазы ның 

домбыра тартысы тұтқындарға ұнайды, бәрі жабылып түрме 

бастығымен сөйлесіп, Құрманғазының домбыра тартуына рұқ-

сат алады. осының бәріне жәрдемдескен Сергей деген орыс до-

сы болады. ол Құрманғазының өмірбаянын сұрап, күй ші нің 

шатпақтап айтқанымен шет жағасын болса да түсінеді. Сергей-

дің іштартқаны бірден Құрманғазыға сезіледі. Сол күннен ба-

стап Құрманғазы Сергейден сырын жасырмайды. Бір күні баты-

лы жетіп, Сергейге өзінің қашуды ойлап жүргенін айтып, одан 

ақыл сұрайды. Даладан жұмыс істеп кешеуілдеп қайтып келе 

жатқанда серігі Құрманғазыны есебін тауып кейін қашырып 

жібереді.


212

күй аңыздар



224. «Қазижан» 

Құрманғазыны тағы бір ауыр оқиға күтіп алады. Жалғыз 

баласы Қази қатты ауырып жатыр екен. Бұл жағдай күйшінің 

жанын қозғайды. Баланың уайымымен үйінде астың жоғын, 

тұрмысының қиындығын да елемейді. Бірақ Құрманғазының 

тілегі болып, Қази көп уақыт төсек тартып жатып, әйтеуір беті 

бері қарайды. Әбден арықтаған бала енді тез оңалып кету үшін 

жақсы тамақ керек болады. оның үстіне көп уақыттан бері 

күйшісін сағынған ел адамдары, достары ағылып келе береді. 

Баласына да, келген-кеткен қонақтарына да Құрманғазы 

тамақ, қонақасы тауып бере алмайды. өйткені, Алқа мен 

Байғазының жиған-терген қара-құрасын баяғы Әуесті қуған-

да Құрманғазының мініп кеткен екі атының иесі, бай сыпы-

рып алады. Сөйтіп, күйшінің үй-іші тек өлместің күні ғана 

болып күнелтіп отырады. Басқасынан бұрын Құрманғазыға 

қонақтарын, достарын разы қыла алмағаны батады. Пәлен 

жасқа келіп ақ-қараны, өмірдің небір соқпағын да, тоқпағын 

да көріп, қаншама ыстық-суыққа көмпісті болғанымен, мына 

бір жағдай күйшінің жанын қаттырақ тербетеді. Қонақтары 

кеткесін Қазидың жанына жайлап, ыңырсып:

—Сұрасаң менің атым Құрманғазы,

Құтқармас қашса қоян құмнан тазы.

үйіңе досың келіп құры аттанар,

Қайтейін кедейшілік малдың азы.

Күреңнің тобығынан тарттым таңба,

Бай менен бас имедім биге, ханға.

Арықтап сары аурудан тұрғанында,

Ас тауып бере алмадым Қазижанға.

Айтайын айт дегенде өлеңімді,

Білемін бір күн барып өлерімді.

о да бір маған берген бақыт шығар,

Кетейін жайып жұртқа өнерімді.

Құрекең ұшқан құсқа мылтық атқан,

Жігітке жараспайды үйде жатқан.



212

213


күй және күйшілер туралы аңыздар

Кешегі буырқанған кезеңімде,

Байларды қабан едім зар жылатқан,—деп дом-

бырасына қосылып әндетеді. Күй тартады. Бұл күй ел арасында 

«Қазижан» атанып кетеді.

225. «Павескі» 

Жетпісінші жылдардың аяғы жақындайды. Бұл кезде бұ-

рынғы Құрманғазының соңына түсіп жүргендердің бір 

қа 


та-

ры өледі. «Біреулері Құрманғазы енді осы жолдан ке лер дей-

місің»,—деп күдерлерін үзіп, жәйбарақаттанып қалады. 

осын дай жайлардың нәтижесінде Құрманғазы кәдімгідей ты-

ныш тық дәрежеге енді шындап енгендей болады. үй іші де 

ты 


нышталып, жадыраңқы өмірге жаңа енгендей, «ұһ» деп 

дем дерін алғандай болады. Қазидың дерті де әбден айығып, әке-

шешесін қуантады. өмір бойы бұл үйдің төбесін бүркеген бұлт 

ыдырап, күн көзі көріне бастағандай сезім үй іші адамдары-

ның бәрінің де басында болады. осындай жайма-шуақ күнде 

кенет тағы да дауыл тұрып, Сағырбайдың қараша үйін тағы да 

қобалжытады. Бір старшын ойда-жоқта Құрманғазыға бір қағаз 

алып келеді. ол қағаз Астрахан генарал-губернаторы кеңесінің 

Құрманғазыны шақыртқан қағазы болады. Павескіні алып, 

бармай қоюға қорыққан кісідей болармын деп, Құрманғазы 

тағы жолға жиналады. Кетерінде әдетінше қолына домбырасын 

алып, күй тартады. Тыңдаушылар сұрауына Құрманғазы: «Бұл 

күйдің аты «Павескі» (повескі) болсын»,—дейді.

226. «Саранжап» 

Халық арасында әңгімелер бойынша, Құрманғазыны гене-

рал-губернатор түрмеге жауып тастайды. Түрмеде күйші қал-

мақ тың батыры Саранжаппен танысады. Саранжап өзінің ру 

басыларына бір нәрседен жазып қалып, оны осы араға алып 

келген екен. Екеуі ақылдасып көп ұзамай есебін тауып, Астра-

хан түрмесінен қашып кетеді. олар Астраханнан 50 шақырым 

жердегі Ерғали Есжанов деген адамның үйіне келіп паналап, 

екі айдай жатады. Ерғали аздап оқығаны бар, орысша біле-

тін көзқарақты адам екен. өзі дарынды домбырашы Ерғали 

Құрманғазыны бұрыннан сырттай-ақ ұстаз ететін. Бақытсыз-


214

күй аңыздар

дық жағдайымен үйіне келген Құрманғазыны әкесіндей күтеді. 

осы бір кезеңде шыққан көптеген күйлерін үйретеді. Саран жап 

та күйшімен бірге болып, аздап тыныққасын еліне кететінін 

айтады. Құрманғазы сол арада: «Мынау саған арнап шығарған 

күйім еді. Екеуміздің бірге болғанымыздың естелігі болсын»,—деп 

бір күй тартады. Ел арасында ол күй «Саранжап» атанып кетеді. 



227. «Төремұрат—Нарынбай» 

Төремұрат айналаға қарауыл қойып, көптеген мал сойды-

рып «Қызданайды екінші рет алғанымның тойы» деп, үлкен той 

жасайды. Тойдың көптеген бәйгелерін тағы Құрманғазы ала-

ды. Кешке ойын басталғанда баяғы киік атыста, алтынқабақта 

жеңіліп жүрген батырлардың жігіттері қорлығы өткен 

Құрманғазыдан өш алмақ болып, Шөкен деген қызды азғырып, 

оған бір-екі ауыз өлең үйретіп, Құрманғазыға қарсы айттыра-

ды. ойында ешнәрсе жоқ күйшіге қылымсып Шөкен қыз келіп: 

«Жиен аға, айтысайық!»—дейді. Құрманғазы қарсы алмауға 

арланып, «болсын» деуі-ақ мұң екен, кезек те сұрамай, Шөкен 

бастап кетеді:

Байлардан қазық қалады қонған жерде,

Түлкінің еті қалады сойған жерде.

Ішкен ас, сый-құрметті олжа көріп,

Жүресің төбет иттей тойған жерде.

Сен жүрген бір «боз қаңғыр» біздің елде,

Шет жерде әлін білмей әлек болған,

Сөзім шығын болады-ау сендей кемге»,—деп 

өлеңдетеді.

Құрманғазы бұл әңгіменің түбінің қайдан шыққанын сезеді. 

Қыздың өз қара басынан мұндай ауыр сөз шығатынының еш-

бір реті жоғын біледі. «Жетім бала—кекшіл» дегендей, қыздың 

сөзі өңменінен өткендей болады. Домбыраға қосылып, қалайда 

жауап беру керектігін ойлап, шырқап кетеді:

«Шыға алмай жаман жүреді туған жерде,

Қайда да ер жүреді сыйған жерде.

Сайрандап сары даланы кетсем кезіп,

өнерпаз атым шықты сіздің елде.

Теңедің кемітем деп мені итке,



214

215


күй және күйшілер туралы аңыздар

Адасқанның өзіне алды жөн де.

Азғырған біреулердің тіліне еріп,

Құрбыжан тілім тисе, артық көрме.

Қонақ көрген көргенді елдің қызы,

Ауылыңа келген жұртқа «тиістің» неге?»—

дей бергенде Нарынбай сезіп қалып, айдап салып отырған 

жігіттерді алдына шақырып алып, қамшының астына алады. 

ойынның қызығы бүлінеді. Төремұрат, Нарынбай, Қызданай 

үшеуі Құрманғазыны үш жағынан жұбатып, ақыл айтқанымен, 

күйшінің көңіліне бір түйін түсіп, ойынды қалай қыздырамын 

дегенімен, бұл кеште Құрманғазы сырттай ғана жарқылдап, 

іші түтін болады. Нарынбайдың ашуынан зәресі ұшып кеткен 

Шөкен қыз қаша жөнеліп, енді ойынның қарасын да көре ал-

майды. ойын тараған соң, Құрманғазы жатқан үйіне келіп, кө-

рер таңды көзімен атқызады. Ертеңінде батырлардың алдында 

тағы бір күй тартып, оның атын «Төремұрат—Нарынбай» атай-

ды. Қоштасып, батырлар берген арғымақ атты жетекке алып, 

Бөкейге қарай жол тартады.

228. «Амандасар» 

Құрманғазының Төремұрат—Нарынбайға баруын біреулер 

басқаша айтады. Ел ауызындағы нұсқа бойынша, Құрманғазы 

жоғарыда айтылғандай басқа ауылдан батырлар тауып алып, 

сәлем беріп кіріп барғанда ешкім назар аудармаған соң, қолындағы 

домбырасын алып, тізерлеп отыра қалып, бір күй тартады. 

Домбыраның даусы шығып бастағанда-ақ, дуылдап отырған көп 

тына қалады. Құрманғазы да оларға қарамай, күйдің ырғағына 

жаны билегендей өзімен-өзі болып кетеді. Күйде неше алуан сы-

пайы үндер, оның арасында жалғыз атты жолаушының салған 

әні секілді дыбыстар кезектеседі. Құрманғазы күйді аяқтаған 

кезде Нарынбай тұрып: «ау, жаным, қайдан келдің? әңгімемен 

байқамаппыз ғой, жоғары шық»,—депті дейді. Құрманғазының 

сол арада тартқан күйін көпшілік сұрап болмаған соң, қайта орын-

дап, күйдің аты «Амандасар» еді десе керек. 

229. «Боз қаңғыр» 

Құрманғазы кенеттен кетіп қалғанымен жолшыбай батыр-

ларды сағынады. олар жөнінде бала ораз ақынның:


216

күй аңыздар

«Төремұрат, Нарынбай,

өте дегдар ерлерім.

Сол ерлерім барында

Қолдан намыс бермедім,

Құлшылыққа көнбедім...»—деген толғауын 

айтып, біраз уақыт жақсы өткен күндерін есіне түсірді. Бірақ 

баяғы Шөкеннің «боз қаңғыр» дегені көкейінен кетпейді. 

Бір жерге тоқтап демалып, ойланып, домбырасын алып күй 

шертеді. Қаншама қадірлі болып жүргенімен бір шөпжелке 

сө зінің мұншама ауыр тигені деп, өзінше осы оқиғаны да ізсіз 

тастамайын дегендей тағы бір шытырманды дүниеге келтіреді. 

ол күйдің атын өзі «Боз қаңғыр» қойды. Кейінгі кездерде бұл 

күйді ойнағанда күйдің туар тарихын айтып отырады екен.

230. «Арба соққан» 

осы кезде өздерінің жоғалған бір бөлек аттарының іздері 

Бөкейге қарай кеткені үшін, баяғы шыққан қызылқұрттың 

ұрылары алған болуы керек деп, елдің қазақ әскерлерінің жі-

берген қарулы отряды қызылқұрттың көп жылқысын қуып 

кетеді. ондай бұзақылыққа шыдай алмаған Құрманғазы інісі 

Байғазы және басқа жеті-сегіз кісіні алып, гилинин меші ті-

нің азаншысы болып тұрған бұрынғы қазақ-орыс Сейтқұлов-

тар 

дың тоғыз жылқысын қуып кетеді. Бұл жөнінде Сот-



ник Чер 

номорсков рапорт түсіріп, Құрманғазының істері 

шекаралық комиссия уақытша совет және орынбор генерал-

губернаторлығының араларында жүреді. Бұл 1857 жылы бо-

латын. бірақ архивтік деректердің бірінде, бұл іс сол кездегі 

орынбор генарал-губернаторы Перовскийдің бұйрығы бойын-

ша қысқарады. 

Ауызша деректер бойынша, Құрманғазыны осы сапарда 

тағы ұстап, айдап орынбор түрмесіне салады. Жолда кетіп 

бара жатып Құрманғазы «Арба соққан» деген тағы бір күй 

шығарады. Бұл күйде сырттай аты «Арба соққан» болғанымен, 

онда арбаның салдыры, ат тұяғының тасырлы, дауысы, талған 

куердің дыбысын бермейді. Мұнда күндіз-түні ағаш арбаның 

үстінде шаршап, езіліп, еріксіз елінен айырылып, тағы айдауға 

кетіп бара жатқан адамның жан дүниесінің ауыр жайы бар. 


216

217


күй және күйшілер туралы аңыздар

231. «Қызыл қайың машина» 

Халық ауызында Құрманғазының «Қызыл қайың» күйі-

нің шығуы да осы кезеңге жатқызылады. Аңыз бойынша, 

Құрманғазы осы қашып келе жатқан сапарында иен далада 

жал ғыз өскен қызыл қайың бұтағын жамылып отырып, қуғын-

шы лардан аман қалыпты дейді. 

Кейін: «Менің елім де, жерім де, ағашым да, бұтағым да 

пана екен, анадай қойнын ашып жапырағын жауып паналат-

қан қызыл қайыңға арнап едім» деп орындаса керек.

Күйшінің осы сапарында туған шығармасының бірі—

«Машина».

Қазақтың құлазыған кең даласымен салыстырғанда, қа ла-

ның өмірі ритмді қозғалысы, у-шуы, әрине, мүлде басқаша, 

міне, қыдырман Қазының «Машина» күйі осы айтылған қала 

өмірінің суретін береді. 

Арбаның доңғалағындай сырғып, тез өтіп жатқан қала өмі-

рін, Құрманғазы машинаның доңғалағының айналуындай тез 

жүріс ырғағымен береді. Әрине, күйде біз айтқан тура сы нан-ту-

ра сурет жоқ. Бірақ кідіріссіз қозғалыстың кейпі бар. Дала ның 

асықпайтын баяу өмір сазына қарсы келетін, қозғалыс кейпі бар.



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет