«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет18/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

205. «Бес төре»

(І нұсқа)

Тәттімбет танымал күйші ғана емес, тұтас Қаракесекте сөз 

ұстаған сері, шежіре-шешен болған кісі екен. Сонысынан бол-

са керек, бір жолы ол Қаракесектің белгілі бір биі—Алшынбай 

бидің атынан омбыға жіберіледі. Тәттімбет бұл сапарында 

Шыңғыс уәлиханов, Мұса Шорманов, ыбырай

 

Жайықбаев сияқ-



ты бірталай би-төрелермен сапарлас болады. Би-төрелердің жол 

бойы байқатқан озбырлығына, местігіне, елге танытқан суық 

рай зорекерлігіне іштей ызасы түсіп, ұнатпай келе жатқан күйші 

төрелер бір ауылға түсіп, мәжіліс құрып отырғанда, тыңнан бір 

күй шертеді. Бөгенайы бөтен бұл күйді байқап қалған төрелер: 

«Мынау қайсы күй екен?»—деп сұрап қалады. Сонда Тәкең:

Күйдің аты «Бес төре»,

Бесеуі де мес төре.

Санаң болса кеудеңде,

Жұмбағымды шеш төре.

өз еліне қасқырдай,

Мұнша неге өш төре?»—деп жауап қатып, күйді 

тағы қайырып бір шертіп жіберген екен. сөйтіп, күйшінің әй-

гілі «Бес төре» күйі осы омбы сапарынан туған екен.



206. «Бес төре»

(ІI нұсқа)

Тәттімбет омбыға барған сапарында Шыңғыс уәлиханов, Мұса 

Шорманов, ыбырай Жайықбаев, тағы басқа бірталай би, төре лер-

мен сапарлас болады. Кейбір шонжарлардың жол-жөнекей ел ді 

қат ты шығынға ұшыратып, қыспаққа алған озбырлық, зомбы лы-

ғы на төзбей «Бес төре» күйін шығарыпты. Іштен тынып жүр ген 

күй ші бір ауылда мәжіліс құрып отырған азулы төрелер ара сын  да 

тың нан бір күй тартады. Бұл күйдің жайын сұрағандарға: 

Күйдің аты «Бес төре», 

Бесеуі де мес төре, 

Санаң болса кеудеңде 

Жұмбағымды шеш, төре. 

өз еліне қасқырдай, 

Неге мұнша өш төре?—

деп жауап берген екен. 


196

197


күй және күйшілер туралы аңыздар

207. «Былқылдақ» 

Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, ке-

дей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыя пат, 

қошаметке бөленіп жүрген бір қыз бар деп естіген Тәттім бет, 

өнер десе өмешегі үзіліп, алтын қарағандай ентелеген күйші, 

сол қызды көруге аттанады.

Айтса айтқандай, өнері мен бағы өрлеп тұрған қыздың 

күйшілік құдіретіне Тәттімбет айырықша сүйінеді әрі оған 

құ марлығы артып, оның әр қылығын күндіз-түні бақылайды. 

оның кедей қызы болған соң үйіне көмектесіп, бастаудан су та-

ситын жәйтін байқайды. 

Бардам бай балаларына кеудесін алдырғысы келмейтін ке-

дей қызы әсем киініп, кербез басып, тәкәппар, паң мінезбен су 

көтерсе де, әсем қылықпен басатынын көрген Тәттімбет қыз 

жүрісінен «Былқылдақ» деген күй шығарған екен.

208. «Жылқыда» 

Арқа бойында бір жылдары қыс тым қатты болып, тұтас 

жатқан адырларды қасаттанған қар алып малға жайылым 

бермейді.

осындай жұт белгісін сезген жылқышы Тәттімбет көршілес 

найман елі отырған өңірге жылқы салып, өзі ел аралап сауық-

сайранмен болады. Еліне осындай өнерлінің келіп, өнерімен мәз 

еткенін найман елі де теріс көрмепті. Жылқысын қумай, өзін 

қадірлі қонақ ретінде қарсы алады.

Жылқысы жұт көрмей, өзі қысты сайранмен алған Тәттімбет 

ел мен жерге риза болып, «Жылқыда» атты күй шығарған екен.

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ /1818-1889/

209. «От жалын» 

Бір күні Махамбет Жәңгірдің он екі биімен бірге далада келе 

жатса керек. Сонда астындағы қара қасқа аты алды аяңдап, ар-

ты желіп, билердің алдында оқ бойы озып отырыпты. Сонда бір 

би тұрып: «Ей, Махамбет! Қазақта атты адамдар қатар жүреді, 

сен немене, тазы итке ұқсап жұрттың алдын бермейсің!» десе 

керек.


198

күй аңыздар

Сонда Махамбет артына қарап, екі бүктеп ұстаған бұзау тіс 

он алты өрме бөкейлік қамшысын тақымына тіреп, бір жағына 

қисайыңқырап отырып: «Е, неменесі бар, мен қарғылы қара 

тазы болып, алдарыңда оқ бойы шығып отырсам, артымнан он 

екі төбет дүңкілдеп ере алмай келе жатса, дүниенің қызығы сол 

емес пе!» деп билердің жағын қарыстырған екен дейді. «Қайран 

от ауызды, орақ тілді ақыным-ай»,—деп Құрманғазы сол арада: 

«исатай мен Махамбет, өкіне ме екен өлдім деп!» деген жолдар-

мен басталатын өлеңін жайлап термелеп айтып келіп, аяғында 

бір күй тартып жіберген екен дейді. Күйдің аты «Жалын» бол-

масын, «от жалын» болсын деп отырғандар толықтаған екен.

210. «Маната» 

Күндердің күнінде күйші үстіртке келіп, оның жоғары 

көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе 

жатқан керуеннен асудың сырын сұрап, әңгімеге біраз қана-

ды. Ақ сұр аттың айыл-тартпасын қатты тартып, өмілдірік-

құйысқанын мықтап алып, «Қара түйе—Манатаның» шыңына 

көтеріледі. Бұл шың туралы ел ауызында небір қызықты 

аңыздар барын бұрыннан да білетін. Енді, міне, ертегідей бо-

лып естілген асуды өз көзімен көріп, өз аяғымен басып келеді. 

«Қара түйе—Манатаның» жоғары қарасаң, бөркің түсетін, 

төмен қарасаң, басың айналатын үстірттің текше-тегіс үстіне 

шығады. Ақ сұр аттың айыл-тартпасын босатып, аз уақыт жел-

ге қаратып, қаңтарып қойып, шылбырынан ұстап отырып, біраз 

ойға кетеді. Бұл шыңның басына шықса да, төмен түссе де, аман-

есен өткендіктеріне мал сойып, садақа беріп жататын керуен нің 

істегенін істейтін қауқары жоқтығын есіне алады. Дегенмен бұл 

да ел ауызында бар жер екен деп, асудың асқарларын домбы ра 

дыбысымен жаңғырта «Маната» деп күй шығарады. Біреу лер 

бұл күйді «Маната тау» деп те атайды. Сөйтіп, үстіртке аса тын 

асу—«Қара түйе—Манатаның» басын жылдар бойы сада 

қа 

шалған мал етінің исі мен жер ошақтың түтіні ғана шалса, ол 



құздарды Құрманғазының қолынан шыққан күйдің сиқыр лы 

толқыны да шалып өтіп, шың-шыңды қуалап кетті. 



211. «Қайран шешем» 

Құрманғазы орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің 

орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз 


198

199


күй және күйшілер туралы аңыздар

налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен-өзі болып

қалың уайым теңізіне батады. Бір күні қысқа серуен кезінде 

лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. ол «ақ патшаға 

тілі тигені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. өзі 

қазақ арасында көп болып, қазақшаны судай білетін болады. ол 

Құрманғазыны жұбатып, көптеген ақыл айтып, өзінің өмірінен 

біраз шежіре айтады. Екеуі енді айырылмас дос болып, сырла-

сып, ақылдасып отыратын болады. 

Құрманғазы лавочкинге өзінің осы жолға шығардағы басы-

нан кешкен бір әңгімесін баяндап береді:

«Ақбаевтің атарман-шабармандары ұстап алып, көк арбаға 

тіркеп, енді жүргізейін деп тұрғанда шешем Алқа келе жатқа-

нын көрдім. Әлпештеп өсірген анама әлі күнге бір қызмет ете 

алмай, оны үнемі қауіп-қатерде, жоқшылықта ұстап келгенмін. 

Енді, міне, көп жылдан соң келгенде тағы да оны пұшайман 

етіп кетіп бара жатқаным ойыма түсіп, шыдай алмай көзімнен 

бір тамшы жас шығып кетті. Сонда, қайран шешем менің 

қасыма келіп: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық неме 

екен ғой, туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып 

тұрсың?!» деп жағымнан шапалақпен тартып-тартып жіберді. 

Сонда ғана мен антектік жасағанымды сездім. Анама күле қарап 

қош айтыстым»,—дейді.

Құрманғазының бұл әңгімесі лавочкинге үлкен әсер етеді. 

ол өзінің шешесінің талай мейірбанды істерін есіне алып, біраз 

әңгіме етеді. Құрманғазы болса шешесінің жас кезінде қан дай 

сотқарлығы болса да кешіріп, қандай тентектігі болса да Са ғыр-

байдан арашалап, қалай да Құрманғазыны қақпайламай, бір-

беткей етіп өсіруге тырысқанын, ондай тәрбиенің Құрманғазы 

өмірінде үлкен рөл ойнағанын күйші қайта-қайта есіне түсіріп, 

небір еркеліктерін көз алдына елестетіп, көрер таңды көзімен 

атырады. Қатар жатқан лавочкин де өзімен-өзі сырласып, ол да 

аунақшып ұйықтай алмай шығады. 

Ертеңінде Құрманғазы ойланып-толғанып, қолына дом-

бырасын алып, қолы хат білмесе де, ардақты анасының айта 

қалғандай «жазасын» қағаз бетіне түсіретін мүмкіншілігі бол-

маса да, домбыраның қос ішегінде бір ескерткіш қалдырайын 

деп күй шертті. оны лавочкинге тартып бергенде екеуінің ерлігі 

де бір сәт кейінгі пыланға шыға тұрып, кішкене көз жастарын 

төгіп алды. Бірақ өмірдің небір өткел бермес асуларын, асқар 



200

күй аңыздар

белдерінен өткен қайратты жігіттер тез өздерін-өздері жинап 

алып, күйді қайта-қайта орындап, тыңдап, оның ішінде тек 

сағыныш ноталары ғана емес, күш-қуат барын, тіпті сартылдап 

қашып бара жатқан аттың тұяғының сарыны барын естігенде, 

бірін-бірі тілсіз түсініп, ол сарынның арман даусы екенін біліп 

қойды. Ақылдасып келіп күйдің аты «Қайран шешем» болды.



212. «Түрмеден қашқан» 

Қазақ музыкасымен жете таныс болмаса да, қазақтың 

әншілерін, күйшілерін көп тыңдап, біраз көзі ашылып қалған 

лавочкин, күй тыңдап болғаннан кейін Құрманғазыға өзінің 

сезгенін, алған әсерін айтады. Досының өз ойынан шыққанына 

Құрманғазы да риза болады. олай дейтініміз—күйдің ортасын-

да келетін ат шабыс ырғағы күйшінің анасына деген барлық 

жылылығымен бірге, қашу да ойында барлығын меңзеген-

дей болады. Екі тұтқын музыка тілінің мұндай өткірлігін 

тағы біраз әңгіме етіп, күлісіп те алады. Жаман домбыраның 

біраз қолқабысы тигенін де айтып, музыканың адамды рух-

тандырып жіберетін қасиетіне тоқталады. осы кезде түрме 

қараушылардың бірі лавочкинге оның шешесі келгендігін 

айтады. ол түрме бастықтары рұқсат еткен бөлмеге барып 

шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын 

баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен 

білдіреді. Шешесі қоштасып кеткен соң, лавочкин тамақтарды 

камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндай ды. 

Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздерінше іш тартып 

жүрген, баяғы домбыра алып келіп берген күзетшіге білдіреді. 

ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді. Бір түнде екеуі болат ара-

мен кісендерін кесіп, қашуға дайындалады. Қашу жос 

пары 

әбден піскен соң, Құрманғазы көңілденіп: «Бұл оқиғаны да 



ескерусіз қалдырамыз ба?»—деп тағы күй шертеді. Бұл күйді 

тыңдаған лавочкин Құрманғазыға: «Е, нағыз қашатын күй 

мынау ғой, әкімдердің біреуі естіп, ойымызды біліп қалар, 

жетер»,—деп күліп тоқтатады. Сонымен күйдің аты «Түрме ден 

қашқан» болып кетеді.

Шынында да, «Түрмеден қашқан» күйінде басынан аяғына 

дейін тынымсыз атшабыс ырғағы бар. Екпіні еш уақытта әл-

сіремейді. Баса қуғаннан аяғына бірақ шығады. Күйдің жыл-



200

201


күй және күйшілер туралы аңыздар

дамдығы сондай—жеке домбырада тартатын шеберлердің бәрі 

бірдей өз екпінінде «Түрмеден қашқан» күйін аяғына шейін 

тартып шыға алмайды. Ал оркестрде өз екпінінде таза тарту 

тіпті қиын.

Айтушылар Құрманғазы осы күйді тартып отырғанда

түрменің тұсынан бір шенеуник өтіп бара жатыр екен. ол 

тұра қалып күйді басынан аяғына дейін тыңдап болып, ба-

сын шайқап: «Мына бір қазақтың домбыра тартысы маған 

ұнамайды, қашып кетіп жүрмесін, мықты болыңдар!»—деп 

түрме бастықтарына айтып кеткен екен дейді. осы хабарды 

әлгі достасып жүрген күзетші арқылы лавочкин естіп барып, 

Құрманғазыға қалжыңдаған деседі. Ал «Түрмеден қашқан» 

күйінің қандай жағдайға арналып шығарылғанын айтпаса да, 

музыканы түсінетін адамдар оның дыбысынан тарсылдаған 

тұяқ дыбысын естиді. 



213. «Лауішкен» 

Құрманғазы мен лавочкин сол түні түрмеден қашып кетеді. 

Айналаны шарлап тастаған. Күйші небір жыра-жықпылды 

тауып, сәтте-ақ қараларын көрсетпей алыстап кетеді. оның 

үстіне жәрдемдескен күзетші де құғыншылардың маңдайын 

басқа жаққа бұрып жіберіп, бұларға біраз уақыт ұтқызады. иен 

далаға шыққан соң, бұлар еркінірек жүреді. Бір күн, бір түн 

жүріп, таң ата лавочкиннің бір таныс балықшысының үйіне 

келіп дем алып, тамақтанады. Бірнеше күн тыныққан соң, 

Құрманғазы түрме досына өзінің еліне қайту керектігін, онда 

қалған ата-ананың хал-жайын білу керектігін айтады. лавоч-

кин қимас досымен айырылудың керек екенін білсе де, біраз уа-

қыт тағы отырып әңгімелеседі. Құрманғазы қолына домбы ра сын 

алып, тағы бір күй шертеді. ол күйдің бұрынғы өзі естіп жүр ген 

күйлерге ұқсамайтынын, күйшінің тағы бір шығарма шы лық 

жаңалығы екенін лавочкин сезеді де, ешнәрсе демей тыңдап, 

үлкен ойға батып отыра береді. Күйді аяқтаған соң, Құрманғазы 

лавочкинге қарап: «Ананың бәрі де—ана, қай тілде сөйлесе 

де, олардың балаға деген мейірбандықтарының тілі әркімге де 

түсінікті, мына менің жалпыға тілі түсінікті күйімді сол орыс 

анаға—лауішкенге арнаймын»,—дейді. Құрманғазының «в», 

«ч» дыбыстарына тілі келе бермейтін. Сондықтан күйші нің өзі 



202

күй аңыздар

айтқандай, халық арасында бұл күй «лауішкен» атанып тарап 

кетті. Досының мұндай сый тартқанына лавочкин қатты риза 

болып, өзі домбыра тарта алмайтынына қынжылып, бірақ: 

«Сенің қолыңнан бұл күй халыққа жайылады ғой, шешеме 

көргенде айтармын» деп уәде беріп, құшақтасып қоштасып, 

екеуі екі жаққа жүріп кетеді. 



214. «Ақбай» 

Ақбайдың Әубәкірі Құрманғазының торы аты жөнінде 

хабар естиді. Торының құнан күнінде-ақ бәйге бермегенін 

жеткізушілер үлкейтіңкіреп аңызға айналдырады. өзімшіл 

Әубәкір: «жалаң аяқ Құрманғазыға ондай ат қайдан бітті дей-

сің, біреуден ұрлап алған шығар, барып тартып алып келіңдер, 

іздеп келсе, көресіні көрсетерміз ол қарақшыға»,—деп екі 

кісі жібереді. Құрманғазы екеуін екі ұрып аттан түсіріп, босқа 

арам тер болып старшынның сойылын соғып жүргендерінің 

ұят екенін бетіне басып: «Көрген-білгендеріңді Әубәкірге айта 

барыңдар»,—деп қоя береді. Құрманғазы Әубәкірдің өзіне 

өштесіп қалғанын, оның тағы да соңынан жарық алып тү се-

тінін біледі. Дос-жарандарын шақырып алып, старшынның 

мына шексіз зорлығын әшкерелей, масқаралай шығарған 

жаңа күйін таратады. Күйдің басында біраз қайғылы хәлдер 

суреттеледі. ол қайғы тереңдеп кеңейіп, ыза-ашу ноталарына 

айналады. Кенет Құрманғазыға тән тағы күн жапқан бұлттың 

ыдырағанындай жасық дыбыстар қала тұрып, күй көңілденіп, 

шырқап, домбыраның сағасына қарай сырылып, аттың дүрсілі 

естілгендей тыңдаушыға құлақ түргізеді. осы бір күш, қажыр 

суретті қайталап тағы күшейеді. «үмітсіз сайтан ісі» дегендей 

алдан жақсылық күнін күткендей жаймашуақтанады да, тағы 

кенет ауыр ой, терең қайғыға көшеді. Бұл ауыр жағдай да ұзаққа 

созылады. Домбыраның сағасына барып біраз «мұңын халқына 

шаққандай» тақырып пернелер арқылы өтіп, сол кейіп, сол 

үнінде жайлап, асықпай кейін қайтады. Бастағы ауыр жайды 

суреттейтін шырқаған, зарлаған тақырып қайта бір көрініп

күй аяқталады. Жиналған жұрт көп уақытқа шейін томса-

рып отырып қалады. Біраздан кейін бастарын көтеріп, күйдің 

аса терең мазмұндылығын әңгіме етеді. Күйшінің анасы Алқа 

тұрып: «мұның аты—бізге күн көрсетпей қойған Әубәкірдің 


202

203


күй және күйшілер туралы аңыздар

әкесі Ақбайдың атымен аталсын. Сенің әкеңнің көп жыл-

дар бойы бермеген ақысы үшін, сені талай жәбірлегені үшін, 

халқыңа Ақбайдың арам атын әйгілеу үшін домбырадан ғана 

өшіңді аларсың» дейді. Жиналған жұрт бір ауыздан күйдің 

атын «Ақбай» қоялық дейді.



215. «Аман бол, шешем, аман бол» 

Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап 

жүрген бір ойын оңашалап айтады. ол Құрманғазының жасы 

болса келе жатқанын, енді Әубәкірдің әбден жауласып алға-

нын, күйшінің бұл арадан тағы біраз уақыт тасалана тұрмаса 

болмайтынын айта келіп, өткен жазда төркініне бара жатқанда 

Есенқұл беріш игіліктің үйіне түсіп, қызы Әуесті Құрманғазы ға 

атастыру жөнінде игілікпен сөйлескенін, малдан жарлы болса 

да, баласының өнері бар екенін, халық ауызында тек жақсы лық 

сөздерімен ғана айтылатынын, әкімдердің «ұры», «қарақшы» 

деп жүргенінің шын сырының неде екенін айтқанын баласы-

на баяндайды. Әзірше қолда бар үш-төрт қарасын беріп, Құдай 

қосқан құда болатынын тұжырыңқырап айтып та салды. Әкесі 

Сағырбайдың жасы келіп қалғанын, енді өзінің де немере 

көретін кезінің жеткенін қосып қояды. Ардақтап, ақ сүтін беріп 

өсірген анасының сөзіне Құрманғазы «үндемеген—ризалық тың 

белгісі» дегендей пішін көрсетеді. Іштей бәрін түсінген Алқа 

жаз шыққандай жадырап табанда Сағырбайға айтты. Қарт 

әке де қуанып қалды. Бірақ баласының тағы да жиһан кезіп 

кететіні әсіресе анасының дегбірін қашырды. Соңғы бірнеше 

түн Алқа ұйықтай алмайды. Торы атты ерттеп жолға жиналған 

Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алып, 

қадірлі анасына қоштасып, бір күй тартады. Шығарып салуға 

жиналған достары күйдің атын сұрамай-ақ білді. өйткені бұл 

күйдің басындағы бірінші бастамасының өзі «аман бол, ше-

шем, аман бол» деп қақсап тұр еді. Күйде жабығу кейпі атымен 

жоқ болатын. Құрманғазының бұл күйі жайбарақат басталып, 

тіпті қайнына аттанып бара жатқан күйеудің шабытындай 

көтеріңкілік жағдайда еді. Тек кейбір жерлерінде күйші аз-

дап кідіріп қалып, дыбыстарды нақтағанда ата-анасын, алтын 

босағасын қимағандық кейпіндегі дыбыстар ғана шығып, көп 

ұзамай баяғы «аман-есен оралармын, ешнәрсе ойламаңдар» де-



204

күй аңыздар

ген сияқты болашағына сенім бар еді. Айтушылар Құрманғазы 

осы жүрер алдында «Ертең кетем» деген күй шығарған екен. 

«Ертең кетем» күйінде домбыра кәдігімгідей «ертең кетем» деп 

сөйлеп тұрғандай дейтін. 



216. «Қыз Данайдың қырғыны» 

1850 жылдардың басында Құрманғазы жоғарыда айтыл-

ғандай күй арқылы қоштасып, тағы да Жайық өзенінің сол 

жақ бетіне қарай кетеді. (біреулердің айтуынша, Құрманғазы 

игіліктің қызы Әуесті алып келіп, ауылда аз болып, үй ішін 

Жәлел дейтін жамағайынға тапсырып кетеді). ол Жем өзенінің 

бойындағы Төремұрат, Нарынбай, өтен деген батырларға бар-

ғысы келеді. олар етжақын болмағанымен Құрманғазының 

үлкен әкесінің нағашыларының руынан шыққан болады 

екен. Бірнеше күн жүріп, Жайықтан, Жемнен аман-есен өтіп 

Төремұрат, Нарынбай ауылына келеді. Батырлар үйде жоқ, 

басқа бір ауылда жиын болып, соған кеткен болып шығады. 

Құрманғазы батырлар кеткен ауылдың шамасын сұрап біліп, 

онша алыс емес дегесін солай қарай кете береді де, әлгі ауыл-

ды тауып келеді. Батырлар өздеріне арналып тігілген үйде 

екен. Аттарын белдеуден түйіп тастапты. Найзаларын үйге 

сүйеп қойыпты. Құрманғазы көп найзаның бірін алып, жерге 

шаншып, соған атын байлай сала үйге кіреді. Күйшінің берген 

сәлемін ешкім елең қылмайды. үй ішіндегілер бір әңгіменің 

қызу жерінде отырса керек. Әлден уақытта Нарынбайдың көзі 

есік жақта әлі күнге түрегеліп тұрған Құрманғазыға түсіп кетіп: 

«уа, жігіт, қайдан жүрсің? Төрге шық!»—дейді. Құрманғазы-

ның шөлдеп, түтігіп ерні кезеріп тұрғанын көріп, саптаяқтан 

қымыз құйдырып береді. Құрманғазы бір зере қымызды көтеріп 

тастап, тамағын кенеп, домбырасын тақпақтап, өзін өлеңмен 

таныстыра сөз бастайды:

«Нарын еді жайлауым,

Қиқу салған құсы бар.

Қамысы қалың көлдерім—

Бәрі қалды артымда.

Бала жастан бір жүріп, 

Асық ойнап алысқан,

Қатар өскен теңдерім. 


204

205


күй және күйшілер туралы аңыздар

Қайран туған топырақ,

Барлығынан уаз кешіп,

Маңдайға түскен тәуелмен,

Төремұрат, Нарынбай,

Іздеп келген ерлерім!»—дей бергенде, Төремұрат: 

«Сөзің жақсы екен, арғы жағын айтпай-ақ қой, таныса жа-

тармыз, іздеп келсең, іні бол!»—деп Құрманғазының сөзін 

тоқтатып, шақырып қасына отырғызады. Сол кезде осы күйді 

шығарған екен. 



217. «Алқа» 

Құрманғазы жаяулап ел шетіне келіп, бірақ ауылына ба-

руға бата алмай, Жәлел деген досының үйіне келеді. Жәлел 

Құрманғазыны қойнын ашып қарсы алады. Бірақ күйшінің үй 

ішінің аман-саулығын айтқанда аздаған әңгімесінің кірбіңін 

Құрманғазы сезіп қалады. «Ел аралаған сыншы болады» деген-

дей, Құрманғазының қырағы көзіне ол кірбең ілініп қалады. 

Сол жерде Құрманғазы тұрып: «Сенің әңгімеңнің түбінде ай-

тыл май тұрған бір жай бар ғой. Несін жасырасың, айт! Біздің 

үйде бірдеңе болып қалған ғой» дейді. Жәлел біраз уақыт кібір-

тік теп, ақыры болған оқиғаны кезегімен баяндайды. ол күйші-

нің әкесі Сағырбайдың осыдан екі ай бұрын қайтыс болғанын, 

осыдан үш күн бұрын Әуес пен емізулі баласы Қазиды орынбор-

дан солдаттар келіп, қашып кеткен күйшінің орнына «залеке» 

деп алып кеткенін айтады. 

Құрманғазы ұзақ уақыт басын көтере алмай, күрсініп оты-

рып қалады. Басынан ауыртпалықтың кетпей қойғанына на-

лиды. Бірақ «уайым түбі—теңіз, батасың да кетесің, тәуекел 

түбі—қайық, мінесің де өтесің» дегендей, әрең тамағынан өт-

кен асты ішіп болғасын, тұжырымды шешімге келеді. ол шеші-

мін досына айтып, өзі сол түні шешесіне көңіл айтуға, аман-

есен келгенін білдіруге, алған шешімін айтып естіртуге үйіне 

кетеді. Алқа аңырап қалғанын баласына шағып, қанша мықты 

болғанмен қапелімде бір үйлі жаннан жалғыз өзі ғана қалға ны-

на қатты күңіренді. Бірақ жақсы көрген баласы Құрманғазы-

ның төбесін көргесін көңілі біраз жұбанып, баласының Әуес-

тің соңынан қуу жоспарын мақұлдайды. Тек Құрманғазының 

енді ешкімге қолын тигізбеуін , басқа қауіп төніп бара жатса, 



206

күй аңыздар

ешкімге ұрынбауын тілек етеді. Барлық өмірдегі қуанышы мен 

реніші, сүйінгені мен күйінгені күй арқылы сыртқа шығып ба-

рып көңілі бір жерге тоқтайтын Құрманғазы, осы арада тағы ру-

хани жолдасы домбырасын алып, толғанады. Әкесінің өліміне, 

Алқадай анасының аңырап қалғанына арнап күй шертеді. Бұл 

күй кейін халық арасында «Алқа» атанып кетеді. 



218. «Бұқтым-бұқтым» 

Жәлел ауылына жалғас отыратын бір байдың жылқысынан 

екі атты ұстап алып, бірін мініп, бірін жетелеп, Құрманғазы 

Әуесті алып кеткен солдаттарды қуады. Көрген кісілердің ай-

туынша Құрманғазы төтелейді. Ал солдаттар болса жолдан 

шықпай, бұраңдап жерден ұтылады. үш күн өткеннен кейін 

Құрманғазы бір малшылардың айтуы бойынша, отрядтың 

қоналқыға тоқтайтын жеріне жақындайды. Сайды, жыраны 

қуалап отырып, солдаттардың қонып жатқан жерінің үстінен 

шығады. Солдаттардың әбден ұйқыға кеткен кезін аңдып

қос атты ылдиға байлап тастап, өзі жаяулап, айдың астын 

ала солдаттарға келеді. олар мылтықтарын ешкінің мүйізі 

сияқты етіп қалқайтып, бір-біріне сүйеп қойып, шырт ұйқыда 

қаннен-қаперсіз жатады. Әуес шетіректе алдына баласын 

алып, еңкейіңкіреп отыр екен. Құрманғазы абайлап ысқырып 

белгі береді. Әуес Құрманғазының белгісін танып, жыламасын 

деп Қазидың аузына емшегін салып, қара шапанды бүркеніп, 

еңкейіп жүріп отырып Құрманғазыға келеді. Құрманғазы 

Әуесті аттарын қалдырған жаққа жіберіп, өзі «керек бола-

ды» деп мылтықтың біреуін алып, аттарына келеді. Сонымен, 

Құрманғазы Әуес пен Қазиды алып кетіп қалады. 

Солдаттар ертемен бір-ақ оянып, Әуестің жоғын көріп, айна-

ладан іздейді. Таба алмағасын қолдарын бір сілтеп кете береді. 

орынборға келіп: «Құрманғазының әйелі кішкене емізулі ба-

ласымен далада қонып жатқанымызда қашып кетіпті. Біраз 

жерді шарлап іздедік, таба алмадық, қасқыр жеп қойған бо-

луы керек»,—деп ақпар береді. Мылтықты бұл оқиғаға арала-

стырудан қорқып: «бара жатқанда суға түсіріп алдық» дейді. 

Құрманғазы болса аман-есен ауылына келеді. Солдаттардан 

Қази мен Әуесті ұрлап алып келгенін айтып, Құрманғазы бір 

күй бағыштайды. ол күйдің аты «Бұқтым-бұқтым» болады.


206

207


күй және күйшілер туралы аңыздар


1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал