«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет17/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

192. «Телқоңыр»

(ІІІ нұсқа)

Бежең төменгі Алтайдың «Кешім қызыл үйеңкі» деген же-

рінде найман-керейдің бітім дауына қатысады. Жиын топ 

тарқамастан бұрын «бәйбішеңіз ауыр науқастанып қалды» 

деген хабар жетеді. Күн кешкірген шақ болса керек. Бір бар-

дам адамның телқоңыр деген атын мініп қатты жүріп, Буыр-

шын өзенінің жағасындағы Шыбар тал деген жердегі үйіне 

түнделетіп жетеді. Әйелінің ауру беталысы оңалған соң, қайта 

жиынға барады. Телқоңырдың осы сапардағы алымды жүрісі, 

жолының жақсылығы Бежеңе әсер жасап, «Телқоңыр» күйін 

тудырады. 

Екінші бір аңыз дерек былай айтылады: Бежең алғашқы 

атқа міну сапарын жылқы қостарында бастаған. өзіне қарасты 

жылқыдағы қоңыр биеден ылғи жақсы ат туады екен. Қоңыр 



186

күй аңыздар

бие құлындаған жылдардың бірінде бір қоңыр құлын туады. 

Енді бір биеден тағы да бір қоңыр құлын туылса да, құлыны 

өліп қалады. Сонымен Бежеңнің қоңыр биесінен туған қоңыр 

құлын өз енесі мен құлыны өлген биені қатар емеді. Келесі 

жылы өз енесі қысыр қалып, қоңыр құлын тайынан құнанына 

дейін арда емеді. Бежең осы қоңыр құнанды жастай өсіріп, бас 

үйретіп, жуасыған соң, өз мінісіне алады. осы қоңыр ат жа-

рысса, озатын, қуса, жететін, неше түрлі әсем жүрісті, сурет 

тұлғалы ерекше жылқы болады. Телқоңырына ерекше разы 

болған Бежең «Телқоңыр» деген күйін арнайды.



193. «Көк иірім кеңес» 

Айтушылардың аңызына қарағанда, Бейсенбі Көк иірім 

кеңесіне екі рет барған. Бірінші рет барғанда найман-керей 

ортасындағы жер талас бітімін найман билерімен келісіп, 

бітіріп қайтқан екен. Келесі жылы жер талас қайта өршіп, 

үлкен төбелес шығып, екі жақтан адамдар сойылға жығылып, 

бас жарылып, көз шығып, қол-аяқ мертігіп, бұл істер бітімсіз 

дауға айнала бастаған.

Әсіресе керей жақтан бір жігіттің басы айырылып, өліп қала 

жаздаған. Наймандар жағы керейдің жаралы адамын қолына 

салсақ, ауыр жарақатын көрген ызақор туыстарының бірі көзін 

жойып, кісі құнына қалармыз. онан да қолымызда бағып, өлсе 

де, тірілсе де, көзбен көрелік дескен. Ал керей жағы адамымызды 

өлтіріп, тығып тастадыңдар деп жарғы жазып, мал қуып алған. 

Бұл ушыққан істі бітіруге найман жағы съез ашуды талап 

еткен және керей биі Бейсенбіні шақыртқан. Бежең екінші 

рет барғанда, ол жердегі керей ауылдары қыс қатты болып, 

малы жұтаған. Аштық-жалаңаштық жайлаған. «Жұт жеті 

ағайынды» дегендейін сарысүзек ауру жүріп, адамдардан өлім-

жітім көбейген. Бежең ауылдарды аралап көріп, барын жоғы на 

теліп, ақыл-кеңес айтып жанашырлық жасаған. 

Әсіресе өткен жылы жер бөлісін мұқият істемей, екі жаққа 

да көңілшектік істегеніне қатты өкінді. Бұл жолы қатаң келіп, 

жерді әділ бөлді. Екі жақты жақсы келісімге келтірді. Керей-

дің сойылға жығылған жаралы адамын туған-туыстарын ертіп 

апарып, көзімен көрсетті. Қарсы жақпен ақылға келіп, дәрі гер 

шақыртып, сойылға жығушылардың бағып-қағуына өткізді. 


186

187


күй және күйшілер туралы аңыздар

Екі жақтың ерегесін тоқтатып, еліне қайтты. Алайда Бежең 

өзінің дәрменсіз күйде екенін сезіп, көп ой толқынына түс кен. 

өзара береке-бірлікте болып, ірге бөлмей, алтыбақан алауыз 

болмай, оқу-білімге ұмтылып, өнер үйренсек, мұндай ауыр 

жағдай тумас еді деп армандаған. осы арман сапарында «Көк 

иірім кеңес» туған.

194. «Танысаңшы» 

Бейсенбіге бұрыннан таныс бір домбырашы, нағашысы ның 

ауылына жолаушылай бара жатып, жол-жөнекей өрісте жат-

қан жылқыларды тамашалап, аралап жүрсе, сырттай күзетіп 

отыр ған ауыл адамдары одан сезіктеніп ұстап алады да, билер-

дің алдына сұраққа апарады. Әсілі, жылқылы ауыл оның наға-

шы ла рының жамағайындары болса керек. бұл кезде Бейсенбі де 

осы ауылда екен. Сұрақ үстінде Бейсенбі ұрыға баланып отыр-

ған домбырашыны қиын жағдайдан құтқару үшін, шабытта-

на қолына домбыра алып, бір түрлі қоңыр ырғақты күй төгеді. 

Әлгі домбырашы күй әуенінен «танысаңшы» деген ырғақты 

айқын ұғынады. Сонымен ол жалт беріп: «нағашыларымның 

ауылына келіп отырмын, бұлардың әр қандай жақсы ісі менің 

мақтанышым, арғымақ жылқыларын көргенде қуанғаннан көз 

алмай қарай бердім. Менің жақсы ниетімді жаманға жору жа-

рамас» дейді. Сонымен ол сөзден ұтып, құтылып кетеді. осы-

лайша, ел ішіне Бейсенбінің «Танысаңшы» күйі тарап кетеді.

195. «Ой, дүние-ай!»

(I нұсқа)

Бежеңнің Алтай тауындай абыройын көре алмаған күндес 

жаулары, керей ішінен Бежеңді жоғалтып, елін бодан етуді ерте 

ойластырған. Сонымен бір съезде Бейсенбіге жасырын қастық 

жасалып, мекені Буыршынға әрең жетіпті дейтін аңыз бар. 

Хал үстінде жатқан күйші арғы-бергі жағдайды ойлап, сүйегін 

иенге, ешкім білмес жерге жасырып жерлеуді тапсырып өсиет 

айтқан. 


Ажал қармаған азапқа қайрат көрсетіп, күй шабытын бой-

ға жинап, елі мен жеріне, қормал дос-жарандарына өткен өмір, 

тәтті армандарына, ұрпақтарына қош айтып, «ой, дүние-ай» 


188

күй аңыздар

деген күйін шығарған. осыдан соң пәни жалғанның жарығы-

мен мәңгілік қош айтысқан. 



196. «Ерке бұлан» 

Ертеректе Алтай тауларында бұғы тектес аша тұяқты, күйіс 

қайыратын, тұр-тұлғасы көркем, шоқтығы биік, түсі кер қызыл 

бұлан деген аң болған. бір кезде Бежең ауылының жігіттері 

Қанас өзенінің бойынан осы аңның бір бұзауын ұстап алып 

қолға бағады. Аңның зәбірсіз момын, тұқым жақтан сирек, 

киелі қоңыр аң екендігіне көзі жеткен Бежең осы аңды үйіріне 

қосып қоя береді. осының артынан ұзақ толғаныс арқылы 

«Ерке бұлан» күйін шығарады. Күй өте әсем болады. Бежеңнің 

өз ұрпағынан Мақаш деген домбырашы көп шертеді екен. Кейін 

ауылдастары оны Мақаш демей «Ерке бұлан» дейді екен.

197. «Құс қашқан» 

Бейсенбінің тұсында керей атаның жантекейінен шыққан 

Тікен деген құсбегі адам болыпты. Алтайдың белгілі бір же-

рінен қансонарда қара құсынан айырылып қалады. Құсынан 

айырылған Тікен назаланып, көп күндер үйінен шықпай құ са-

ланады. Мұны естіп-білген Бейсенбі Балбағайдағы Қожам жар 

төреге адам жіберіп, бір қыран құсты Тікенге алдырып береді. 

Қазақ ұлтының кең сахарадағы құсбегілік өнерін жоғары ба-

ғалаған Бежең осы туралы ойланыс жасайды. Аспандағы құс-

тың тілін біліп, қолына қондырған адамның да қыран құстай 

қырағылығы бар-ау, бұл сахара мәдениетінің сайыпкер салты 

ғой. Қыран құс қуанышты да, қайғыны да иесіне сыйлайды 

екен, осыған да күй тудыру қажет деп тебіренеді. осы деректен 

«Құс қашқан» күйі туындайды.



198. «Әйми» 

Әйми керейдің шеруші руынан туған біреудің жалғыз 

ұлына айттырған найман руының қызы екен. Қалың малы 

беріліп болып алғалы отырғанда, бақытқа қарсы күйеу жігіт 

қайтыс болады. Жігіттің жылы өткеннен кейін «қызға біреулер 

құдаласқалы жатыпты» деген хабар керей жағының құлағы-



188

189


күй және күйшілер туралы аңыздар

на тиеді. Керей жақ алатын жігітін қосып, қыз жаққа адам 

жібереді. Бірақ қыз барған жігітті жаратпайды. Құда жақ: 

«Қалың малды қайтарамыз» деп жат ниет білдіреді. Жігіт жақ 

бұл ақуалды орыс жерінде съезде жүрген Бейсенбіге хабарлай-

ды. Сол дәуірдің ережесінде қызды айттырған жігіт өлсе, қыз 

сол елдегі өзінің таңдаған жігітіне барады. Егер ол жігіт алма-

са, яки алуға жағдайы жар бермесе, қалың мал салауат бола ды. 

Қыздың талабына лайықты жігіт шықпаса, қыз жақ қалың ма-

лын қайтарып беріп, қыздың бас еркіндігін алады екен. 

Бежең қайтар жолда келіп құдалармен сөйлессе, олар қалың 

малды қайтарамыздан басқаны айтпайды. Бейсенбі: «Қалың 

мал қайтару қашпас, мен қыз лебізін өз құлағыммен естісем,—

деп Әймиді шақыртып алып,—құдаласқан жігітің бақытқа 

қарсы қайтыс болды. Бұл—тағдырдың ісі. Атамыз қазақта 

«жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген салт бар. Мына 

жігіттерден көңілің сүйгенін таңда, көңілің толмаса, бүкіл 

керейді таңдауыңа да болады»,—дейді.

Ат-атағы елге әйгілі Бейсенбіні Әйми де сырттай білуші еді. 

Бұл рет Бейсенбінің көз тартарлық тұлғасы мен көңіл толар лық 

келбетін көргенде Әймидің іштей ғашықтық сезімі қозға лып, 

Бейсенбіге: «Керейден өзім таңдаған жігітіме баруыма бо 

ла 

ма?»—деп сұрайды. Бейсенбі: «Ел салған жол, жалғасып келе 



жатқан салт қой, неге болмайды? Болады!»—дейді.

өжет Әйми: «ондай болса, мен өзіңді таңдаймын, басқаңа 

бармаймын»,—дейді. Бейсенбі бір жағынан өзі айтқан сөзінен 

бұлтара алмайды, енді бір жағынан Әйми сынды сымбатты, сұ-

лу, өжет аруды өзі де шын жүрегінен сүйеді. осылайша, Әйми 

өзінің тамаша мінез-құлқы, ұнамды іс-әрекеті, ақ жарқын, 

меймандос, сауықшыл ерекшелігі және зейінді зерделілігімен 

жұртқа да, Бейсенбіге де ұнайды. Бежеңнің ақылына ақыл 

қосып, дау-шарларға билік айту, елді береке-бірлікке шақыру 

іс теріне де араласады. Ел алдында зор беделге ие болады. Түсе-

тін түсел, келетін қонақ Әйми отауына ауады. Әймидің осын-

дай іс-әрекетіне сүйінген Бежең өзінің көңіл-күй, ой-өрнегін 

«Әйми» атты күй қылып қалдырады. 

199. «Көш келді» 

Бежең үлкен ұлы Қара оспанға қалыңдық айттырып, келін 

түсірер кезде, ырым жасап баласын қайнына аттандырады. 


190

күй аңыздар

Құда жақ қыз ұзату тойын жасап келінді аттандырыпты деген 

хабар жетісімен, тұңғыш келінінің қуанышты тойын асыға 

күткен Бежең, келін келуге бір күн қалғанда, ауыл іргесіндегі 

төбеге кілем салдыртады да, ауыл ақсақалдарымен бірге ағыл та 

әңгіме соғып, төгілте күй шертіп отырады. Келесі күні түс тен 

кейін қыз ұзатқан құда-құдағилар көші ауылға жақындаған-

да ата салт бойынша келінді аттан түсіріп, ауылға жаяу бас-

тайды. Кежімдеген келін атын мінген бойжеткен мен көш то-

сып жүрген балалар «көш келді!»,—деп шүйінші сұрай ауылға 

келеді. Ауылдағы ақ самайлы әжелер мен Бежеңнің бәйбі ше сі 

салт бойынша келіннің атына шашу шашып, балаларға шүйін-

ші беріп риза етеді. Қуанышқа бөленіп сезім шаттығы шалқыған 

Бежең көсілте күйге басады. Торқалы той, думанды қызықпен 

жалғасып таратады. Алыс жерден келіп, екшеліп қалған ерек ше 

күтімдегі құда-жұрт, сыйлы қонақтар қош айтып, еліне қайту 

үшін Бежеңнің үйіне келеді. Бұлардың ішіндегі қадірменді 

қарт құдасы, қаратай руынан шыққан әйгілі би Мәметек те 

бар еді. Бежең алыс сапардан келген сыйлы қонақтарын жібер-

мей, тағы бірнеше күн жатқызып, дыр-думанды сауық-сайран 

ұйыстырып береді. Мәметек би: «Бежең құда, сен қатынасқан 

ұлы дүбірлі бас қосулардың бірде-бірі күйсіз басталып, күйсіз 

аяқталып көрген емес еді ғой! Қане, балаңның торқалы тойы-

на арнағаның болса, біз соны естісек» дейді. Қаумалай отырған 

қалың жұрт бұл пікірді құптай жөнеледі.

Бежең домбыраның құлақ күйін келтіріп алады да: «тойға 

арнаған екі күйім бар еді. Бірі—шүйінші сұрай келген қуа-

нышты хабар шабытымен туған «Көш келді» атты күй; енді 

бірі тұңғыш ұлымның думанды тойы басталғандағы қуа 

ныш-

ты сезімнен туған «Той бастар» күйі дейді де, құйқылжыта күй-



ге басады. Айшықты жасалып, айызды шертілген осы бір тәтті 

күйлерден жан семіртерлік ләззат алған Мәметек би: «шір кін, аты-

затына сай ершімді-ақ күйлер екен қарағым, Тәңірім қол-аяғыңа 

дерт бермегей, отауың құтты, балаларың бақытты әрі ұрпақты 

болсын!» деп ақ батасын беріп, ақ тілегін білдіріп аттанады. 

200. «Екеуім-екеуім» 

Бежеңнің Әйнеп, Зәйнеп деген екі қызы болған екен. Арасы 

бір жасар тетелес өскен екі бала Бежең үйінде болса, қасынан 

шықпай еркелеп, әкелерінен екі елі айырылмайтын болыпты. 



190

191


күй және күйшілер туралы аңыздар

Екі баласының мейірі Бежеңе ауған екен де, Бежеңнің жаны 

осы екі баласының үстінде екен.

Белгілі бір жылы Бежең сапарға шығады. Бірде дем алып 

жатып ұйықтап кетеді де түс көреді. Түсінде өз үйінің төрінде 

отырса, үйінде баққан екі кептер бар екен, бір қаршыға киіз 

үйдің шаңырағынан ұшып кіреді де, әлгі екі кептерді тең іліп 

алып, есіктен шығып кетеді. Бежең орнынан тұрып кептерді 

арашалап алып қалайын деп қозғалғанда өзі оянып кетеді. осы-

дан кейін көңілі қобалжып, үйіне қайтқысы келіп, жұмысын 

тез бітіріп үйіне қайтады. Бежең келгенше екі баласы жұқпалы 

қызылша ауруына шалдығып, екеуі де бір күнде тең қайтыс 

болады. Балаларды енді ғана оң жаққа жатқызып болған кез-

де, Бежең де үйіне келіп түседі. Балаларының ежелгі дағды-

сы бойын ша алдынан жүгіріп шықпағанынан күмәнданады. 

Бежең үйіне кірумен зарлы көріс басталады да, шаңырақтан 

өлім шыққаны мәлім болады. Бежең тағат қыла алмай оң жақ-

тағы шымылдықты ашып қараса, екі бала қатар жатқан. ол 

шыдап тұра алмай екі баласын құшақтап бауырына басып, 

«қос жанарым, екеуім», «екеуім, екеуім» деп егіле еңірейді. үй 

толы адам бірге жылап, бүкіл үй күңіренеді. Қатарға қосылып, 

көзге көрініп қалған екі бірдей баланың бір күнде тең қайтыс 

болып, оң жақта сұлап жатуы Бежеңді ауыр қайғы теңізіне ба-

тырады. Қос балапанын өлімге қимаған ол, қараша айында киіз 

үйдің іргесін түргізіп тастап, балаларын шығартпайды. өзі де 

нәр татпайды. Ақыры Құлбек бастаған ел ақсақалдары келіп 

Бежеңе жұбату айтып, иландырып балаларды қойдырған екен. 

Балаларының өліміне қатты қайғырып назаланға Бежең «Қос 

жанарым, екеуім», «Екеуім, екеуім» атты қайғы-қасірет 

ке 


толы зарлы күйді шертіп, шерін, мұңын тарқатады екен. 

201. «Бодау кеңес»

Шыңжаң аймағында ғұмыр кешкен белгілі би, әйгілі күйші 

Бейсенбі Дөненбайұлының (1825-1898) «Бодау кеңес» деп ата-

латын күйі бар. осы күйдің аңызын ақын Нүкеш Бәдіғұлұлы 

былай баяндайды: 

«Алтайдағы абақ-керей елінің бодаусыз кеткен дау-шарын 

бітіру үшін үлкен жиын болады. Қаба деген жердегі Алқабек 

өзенінің көкорай шалғынына ақшаңқан үйлер тігіледі. Бұл 



192

күй аңыздар

оқиға 1853 жылы болып еді дейді. Бодау кеңесіне арғын, най-

ман, керей, уақтың тізгін ұстаған игі жақсылары шақырылады. 

Ең бір еңселі ақ ордаға арнайы шақырылған аға сұлтан Құнан-

бай өскенбайұлы келіп түседі... Керейдің Маман биі өзі баулып 

жүрген жас жігіт Бейсенбіні ертіп келеді. Мұндай бас қосуға 

Бейсенбінің енді-енді араласа бастаған жаңа талап кезі болса 

керек. 

уәделі мерзім болғанда билікке араласатындар Құнанбай 



түскен үйге жиналып, еселі орындарына жайғаса бастайды. 

Жасы кіші Бейсенбіге босаға жақтан орын тиеді. Межелі кісі-

лердің басы қосылды-ау дегенде, Құнанбай отырып: 

—Кәне, дау-шарды неден бастаймыз?—деп сауал тастайды. 

Керей жағынан дау иесі болып отырған Шау би айнала 

отырған билерге салмақ салып, «сөз бастаңдар»,—дейді. Алай-

да, аға сұлтан Құнанбайдың мысы басып, ешкім суырылып 

шыға қоймайды. Сонда, босаға жақта отырған Бейсенбі еңсесін 

тіктеп, жүгіне отырып тіл қатады: 

—Сұлтан аға, біз сөзді қалай бастаймыз?—дейді Бейсенбі,—

арғын, найман біздің ағамыз еді. Алайда әрідегі Сыр бойынан 

ауғанда арғын ағаның қамшысының жуандығынан, берідегі 

Қалбадан ауғанда найман ағаның қамшысының жуандығы нан 

қоныс теппей келіп едік. Содан, ортамыз ойылғандай, орда мыз 

бұзылғандай болып, мекен қуып жүрген елміз. Қоныс ауда рып 

келген жеріміз қалың дүрбіт пен ұраңқайдың ортасы. Бұлар-

дың бесік белгісі, төсек үлгісі жоқ ел, алса—бітім, берсе—итім 

дегенді ғана біледі екен. Сондықтан кеуделеуді көріп, ортасы 

ойылмаған, саудалауды көріп ордасы бұзылмаған, жаны бір, 

заңы бір ағаның баласы өзі сөз бастамай ма? 

Жаңа талап, жас жігіттің өр мінез, өжет сөзі, қиыннан 

қиыстырған орынды уәжі отырған жұртты өзіне ошарылата 

қаратады. Қос жастықты шынтақтаған әрі паң, әрі асқақ аға 

сұлтан Құнанбай да басын көтеріп, Бейсенбіге барлай бір қарап 

алады. Сонан соң сөйлеп кетеді: 

—Болар, болар!—депті Құнанбай.—өзі де болғалы тұр екен 

ғой! Аузының жұрт иланар киесі, көмейінің жау жасқанар дуа-

сы бар жігіт екен... Ау, ағайын, жиын өзі де басталып кетті емес 

пе?! Бала жігіт жөн сөз айтып отыр: сендер білгелі жуандардан 

басымдық көріп елден шеттедіңдер, жерден айырылдыңдар. 

оған мен қамықпасам, қуанбаймын. Керейден сендей бала ның 


192

193


күй және күйшілер туралы аңыздар

туғаны исі қазаққа мақтаныш. Бұл реттегі биліктің тізгінін осы 

балаға беріп, біз тыңдаушы ғана болайық! 

Құнанбайдың оң шырайы отырғандарды жадыратып, тілеу-

қор ниеттерді тоғыстырғандай болады. Сол жолғы бодау кеңес-

те Бейсенбі төбе би болып, дау түйінін қалдырмай шешім айта-

ды. Ағайын арасы келісімге келіп, жарасым табады. Мұның 

бәрін қалт жібермей сыннан өткізген Құнанбай жиын тарқар 

кезде Бейсенбіге «көмейінен бітімді сөз ақтарылған шешен, 

билігіне ел тоқтайтын көсем, аузы дуалы, ойы киелі жігіт екен» 

деп баға беріпті. 

Сонда, Бейсенбі осы бас қосудың ұрпаққа үлгі болар бір бел гі-

сі болсын деп, өзінің «Бодау кеңес» атты күйін шерткен екен».

ҚАЗАНҚАПҰЛЫ ТӘТТІМБЕТ /1815-1860/

202. «Нар шөккен» 

1841 жылдың қысы қылышын сүйрете келіп, ақсүйек 

жұттың нышаны белгі бере бастайды. Мал сүмесімен күн кө-

ріп отырған Арқа қазақтары абыржыңқы күй кешеді. «Жұт 

жеті ағайынды» дегендей, қардың қалыңдығына, малдың 

өлім-жітіміне, ит-құстың молаюына, ұры-қарының білінуіне 

қоса терістіктен тұрған үскірік жел жыландай ысқырып ба-

сылмай қояды. Мал мен жанның апшысын қуырған қарлы 

боран Алшымбайдың да көп жылқысын ықтырып, көрші ру-

лардың қорық-теппесіне алып келеді ғой. Аштық атасын та-

ныта ма, Алшымбайдың ыққан жылқысы қорықтарды талап, 

тақырлағаны былай тұрсын, ауыл-ауылдың үстін басып, арық-

тұраққа деп жинаған көпен-шөмелелеріне ауыз салады. 

Алшымбайдың жылқысы екенін білсін-білмесін көз алдын-

да бөтен малдың аяқасты болып отыра ма, ауыл адамдары ығып 

келген көп жылқының алдын жасқап, бұрып жібереді. Сол 

бетінде ыққан жылқы Қарасор көлінің бықылдап жататын со-

рына тіреліп, біразы шығын болады ғой. 

Мұны естіген Алшымбай «жылқыларымды әдейі бақас-

тық 


пен сорға түсірді» деп, көрші ауылдардан өлген малын 

өн діртіп алу үшін төңіректің би-болыстарын жинап, салмақ 

салады. Берсе—қолынан, бермесе—жолынан алатын, өктемді-

гін жүргізіп қалған Алшымбайға ешкім қарсы келе алмай, 

13-136


194

күй аңыздар

қиналған көпшілік араша сұрағандай, елдің жаңа талап жас биі 

Тәттімбетке кісі жібереді. 

Көптің сәлеміне құлақ асқан Тәттімбет келгенде Алшым-

бай би елдің апшысын қуырып, би-болыстарды ықтыра сөйлеп 

отырса керек. Тәттімбет Алшымбайдың жасының үлкендігін 

сыйлап, сөзін бөлмей шеткерірек отыра кетеді. 

Сонда Алшымбай дегенін арындататын үкім сөзін бітіре бер-

генде Тәттімбет: 

—Дат, Алшеке! үкіміңізге қосарым бар!—дейді. 

—Айт датыңды!—деп Алшымбай ошарыла бұрылады. 

Сонда Тәттімбет: 

—Алшеке, жалғыз Айбике емес, жапсар жатқан Шаншар да, 

қала берді Қарқаралы, Қуды ен жайлаған иісі Қаракесек сізді 

төбесіне көтеріп, дуалы ауыз, тура би деп біледі. Дуалы ауыз, 

тура би деп танып, тағдырының тізгінін қолыңызға ұстатып 

отыр! ол ол ма, ықпалыңызға жүргізем десеңіз, Қарқабат ана-

сын ұрандас кеткен бір шоғыр Қаракесек былай тұрсын, қы-

рық сегіз болыс Майқы-Бошанға, одан асып Арғынға айтқаны-

ңыз өтеді. япырау деймін, осынша билікте отырып, неліктен 

терістіктен соғар үскірікті алдын ала болжамадыңыз! Қалайша 

жұрттан асқан құдіретіңізбен болжап, өз малыңыз ғана емес, 

төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайынға қамқор бола 

алмадыңыз. Біле білсеңіз, мұндай үлкен міндет елдің сіздей 

үлкеніне лайық емес пе еді. «Тас түскен жеріне ауыр». Сіз 

білмегенді сіздің панаңыздағы қара халық қайдан білсін?! 

Бо 


ранның соғарын, жылқының ығарын, ыққан жылқының 

сорға түсерін болжап, біліп отырудың жолы Сіздікі емес пе?! 

Менің қосарым—боранда ығып, сорға түскен жылқыны осы 

ел бөліп төлесін-ақ. Ал осынау қалың елдің биылғы жұтта 

өлген жылқысын, жұттың боларын болжамағаныңыз үшін сіз 

төлеңіз. ол болмаса үкім бұзылсын!—деген екен. 

Алшымбай өзінің белден басып, артық кетіп отырғанын 

мойындап, Тәттімбеттен тосылған екен дейді. 

Бұл Тәттімбеттің жұт жылы басынан өткен бір сәттік қана 

оқиғасы. Ел басына түскен ауырлықта Тәттімбет мұнан басқа 

да көп қажыр көрсетеді. Ел атынан омбыға барып, аштыққа 

ұрына бастаған елдің ес жиюына ерекше ықпал етеді. 

Кейін осы оқиғаны есіне алып, төрт түлік малдың төресі 

нарды шөктірген ауыр жұт туралы «Нар шөккен» деген күйін 

шығарып еді дейді.


194

195


күй және күйшілер туралы аңыздар

203. «Көкейкесті»

(І нұсқа)

Күйдің қалай туылғандығы туралы мынадай шежіре бар. 

Есімі ел көңілінде ұялаған күйші көрер тірлігін де ақыр-

ластырып қалады. өмірінің соңғы кезінде ауру азабын шегіп, 

үзілер соңғы дәмін күтіп жатқан күйшіге күллі қазақтың 

бірталай жердегі игі жақсылары жиналып барады. Көңілін 

сұрап, жақсы жұбатуларын айтып отырған топқа әлден уақытта 

Тәттімбет, ауру төсегіне сүйеулі тұрған жан серігі—домбырасын 

алып, ғажайып бір күй шертеді. Күй аяқтала сала отырған топ 

бұл күйдің қайсы күй екендігін сұрап білгілері келеді. Сонда 

күйші, бұл күйімнің аты «Көкейкесті» болсын дейді. Күйшіні 

күзетіп, сусын беріп, ажалмен таласып отырған шәкірті әрі інісі 

Жақсымбет күйші табанда бұл күйді жатқа алады. Күй осылай 

туылып, кейін Жақсымет арқылы елге тарап, заманымызға жа-

тады. 

204. «Көкейкесті»

(ІІ нұсқа)

Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күй-

ші қатты науқастанып қалады. Сонда ол өзінің басынан кеш-

кен өмірін еске алып, халқының алдында өтелген-өтелмеген 

парызын ой таразысына салады да, өзінен-өзі мұңға батады. 

«Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым-ау» 

деп ширығады, жанарына ыстық жас үйіріледі. Мұңдас-сыр-

лас дос-жарандарының хал-жайын ойлайды. Сөйтіп, толға нып 

жатқанда елдің бір азаматы келіп көңілін серпілткісі келе-

ді. Тәттімбет күйлерінің ел арасына кең таралғанын, мұрагер 

шәкірттерінің көбейіп келе жатқанын әңгімеге арқау етеді. Бі-

рақ Тәттімбет өз арманының әлі орындалмағанын ойлап, іштей 

назаланады. осы тұста күй толғағысы келіп, домбырасына қол 

созады. отырғандар жүкке сүйеулі тұрған қоңыр домбырасын 

қолына ұстатады. Тәттімбет жастығын биіктетіп, домбыраны 

кеудесіне сүйеп, шалқалап жатып, сыры терең, толғанысты бір 

күй тартады. Күңіренген күй әуені отырғандардың сай-сүйегін 

сырқыратады. «Бұл күйіңізді жаңа естіп отырмыз, қандай күй 

болды екен?»—деп сұрайды. Сонда, Тәттімбет: «Көкейкесті» 

болсын,—деген екен. 


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет