«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет16/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

179. «Дүние қалды»

Абылай хан осынау фәни жалғаннан өзінің көшетінін біл-

гендей, дүние салатын жылы қазақ даласының оңтүстігін 


174

175


күй және күйшілер туралы аңыздар

ара 


лап қайтуға шығады. Жалаң сейіл, жай серуен Абылай 

болмысы на жат, жолға шығар алдында үш жүздің батырла ры на 

хабар беріп, Түркістанда тоқайласуға пәтуаласады. он дағы ойы, 

орыс пен қалмақтың бір жайлы болған толасын пайдала нып, 

оңтүстіктегі қалың қазақтың іргесін орнықтырып қайту бол-

са керек. Әсіресе Шымкент, Сайрам, Тәшкент, Қоқан, Бұхара, 

үргеніш жағындағы қазақтарды сарттарға түрткілетпей, 

біртұтас елдік айбарын танытып қайтуға бел буады. 

Бұл кезде, кеше ғана қалмақтың қаһарлы қолын жайратып, 

қытай мен орыстың бетін бері қаратқан Абылай ханның айба-

ры орта Азияның ұсақ хандарын ықтырып отыратын. Абылай 

хан оңтүстікке келген соң Түркістанға өз баласы Садық сұлтан-

ды, Талас пен Қызылкөл маңына баяғы Қытайға кепілдікке 

беретін баласы Әділді ие етіп қояды. Шымкент пен Сайрамға 

Ғабдырахман деген сартты, Тәшкентке Мырзахмет деген сартты 

әкім етеді. Сонсоң, қалың қосынына шеру тартқызып, Самар-

қанды бетке алады ғой. Жолда Жиренше шешеннің жең гесі-

нің атымен аталған Жұпар қорығына жеткенде, тізгін тартады. 

Әулиелі адам еді деп, бір қонып өтуді ниет етеді де, шатырын 

құрғызады. 

Сол күні Абылай хан батыр-билерімен түннің бір уақытына 

дейін әңгімелесіп отырып, жатар алдында Бұқар жырауға: 

—Не тілеулі жолға аттанып барамыз, нысанаң бар еді ғой, 

бүгін сәуе көріп бер,—дейді. Сонда Бұқар жырау: 

—Қарап жатпаспын, сен хансың ғой, өзің де болжай жат-

қайсың,—депті.

оңтүстіктің қоңыр салқын түні қандай, бір мызғып кетсең, 

ұйқың қанып, құр атқа мінгендей боласың. оның үстіне керіліп 

жататын уақыт па. Торғай шыр еткенде Бұқар жырау сыртқа 

шықса, Абылай хан да тұрып, шатырының маңында жүр екен. 

Бұқар жырау жақындап келіп, сәлем берген екен, Абылай хан: 

—иә не көрдің?—деп сұрайды. 

—Ештеңе көріп-білмегендей болғанша, өзің көргеніңді 

айт!—депті Бұқар жырау. 

Абылай ханның жыраудан жасырар сыры жоқ. Бірауық 

түнере толғанып отырып, көрген түсін бастайды: 

—Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның алдына сұ-

лап жатып алды. Бұл не қылған жолбарыс деп көз тоқтатып 

қарап едім, жолбарыс дегенім аю болып шыға келді. Апы-


176

күй аңыздар

рай, жаңа ғана жолбарыс еді ғой, аю болғаны қалай деп қайта 

қарағанымда, көкжал бөрі болды. Мұнан соң түлкіге айналды. 

одан кейін қоян болып кетті. осы кезде оянып кеттім, көрген 

түсім осы,—дейді. 

Бұқар жырау да ханға тура сөйлеп, қадірін арттырған адам. 

Көп бөгелмей Абылай ханның түсін жориды: 

—Шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс—өзіңсің. 

Жолбарыс болып көрінген сенің бақ-талайың, алыс-жақынды 

ықтырған айбарың. Шатырыңның алдына келіп, бас көтермей 

сұлап жатып алғаны—сенің жетіп жығылған жеріңнің осы 

болғаны. Мұнан арғы көксегеніңді бақ-талайың көтермейді. 

Енді «есіл Абылай баяғыдан бері жүріп-жүріп, сарттан өліпті» 

дегізбей, аман-есеніңде осы жерден қайта ғой... Ақырыңның 

не боларын да айтайын. Көз алдындағы жолбарыстың аю 

болғаны—өкше басар ұрпағың аюша алысып өтетін заман туа-

ды екен. Аюдың көкжал бөріге айналғаны—келесі ұрпағың бір-

бірімен ит-құсша ырылдасып өтер. ит-құстың түлкі болғаны—

одан кейінгі заман ұрпағыңды түлкіше бұлаңдатар. Сонсоң 

көргенің қоян болса, қоянша қорғалап, бас сауғалайтын заман 

да келер,—депті Бұқар жырау. 

Абылай хан түйіліп отырып қалады. Әлден уақытта Бұқар 

жырауға қарай ошарыла бұрылып, әлденеден үміт еткендей: 

—Енді өз көргеніңді айт!—дейді. Сонда Бұқар жырау 

іркілместкен: 

—Мен көргенімді айтсам, күннің көзі, жердің жүзіндегі 

әулиелер «Абылай хан өлді, соның жаназасын шығарысуға 

Түркістанға бара жатырмыз!» деп құмдай құйылып, жын-

дай жиылып жүр екен. Енді аманыңда қайтқаннан басқа жол 

жоқ!—деген екен. 

Абылай хан жыраудың болжамына құлақ асып, Самарқанға 

елші жөнелтіп, «соғыспақ ниетім жоқ еді, әулиелерге зиярат 

қыла келдім, елдің қадірлі қарттары қонаққа келсін» деп сәлем 

айтқызады. онымен де тынбайды, орта жүз бен Кіші жүз-

дің батырлары бастаған қалың қосынды елдеріне қайтарады. 

Бірақ Абылай ханның көрген түсі есінен кетпей, өзінен-өзі 

оңашаланып, іштей құмыға толғаумен болады. 

осындай бір толғаныс кезінде домбырасын қолына алып 

«Дүние қалды», «Қайран елім» деп күй тартқан екен дейді. 



176

177


күй және күйшілер туралы аңыздар

180. «Абылай ханның Майдақоңыры» 

Абылай ханның жорғасы болыпты. Әлгі бір жорғалағанда 

үш алуан—кейде арындап, кейде ақырындап, кейде аяңдап 

жорғалайды екен. Содан оның жорғасын «майдақоңыр» атап 

кетеді. осы жүрісін домбыраға салады. Бірақ «тіл болады» деп 

ешкімге көрсетпей айдалаға барып тартады. Сонда қой жайып 

жүрген қойшы ғана көріп, күйді қолындағы таяғына түсіріп 

алады да, ауылға келгенде: 

—Абылай хан жорғасының жүрісін былай салды,—деп 

таяғымен тартып көрсетіпті. Күй содан елге тарапты. 



181. «Сары бура» 

Қазақтың дәстүрлі наным-сенімінде, алапаты артық туған 

адамның желеп-жебеп жүретін киесі көмекке келіп, дұшпан-

ның десін басып, көзге көрінеді екен дейді. Мәселен, қиын-

қыстау сәттерде Қаз дауысты Қазыбек биді аузынан от шаш-

қан аю жебеп жүреді екен. Тарақты Байғозы батырдың киесі 

ақиық бүркіт болса керек. Жарылқап батыр Алтайдың қызыл 

түлкісіне сенеді екен. Әйгілі Кемпірбай ақын өз бойының кие-

сін көк үйрекке балайтын болған.

Міне, осы сияқты қиын-қыстау кезінде желеп-жебеп жү-

ретін кие хан Абылайда да болыпты. Ат үстінде өмірі өткен хан 

Абылай қиын сапарға, қанды жорыққа аттанарда, жолы бо-

лып, ойына алғаны сәтімен орындалар болса, сары бура жолға 

маңдайын беріп жатады екен. Егер жорық сәтсіз болатын бол-

са, сары бура Абылайдың бұл сапарын теріс көргендей болып, 

сырт беріп жатады екен. Абылай ханның киесі болған сары 

бура алдымен Бұқар жыраудың түсіне енген екен. Бұқар жы рау 

сары бураның жатысына қарап, болжау айтатын болған. Қиын-

қыстау кезде желеп-жебеп жүретін сары бураға арнап Абы лай 

хан күй шығарыпты дейді.



БОҒДА /шамамен 1765-1845 жж./

182. «Жем суының тасқыны» 

Арқасында домбырасы бар Боғда Жем өзені тасып жатқан 

кезде, бергі беттегі ауылға өтейін деп, өткелге атын салады. 

12-136


178

күй аңыздар

өзеннің ортасына жеткенде дарияның асау ағысы Боғданы аты-

мен бірге ағызып әкетеді. Бір жарға соғылған аты суға кетеді 

де, өзі өлдім-талдым дегенде домбырасын арқалап, жиекке 

шығады. Боғда демін алып, киімін кептіріп отырып: «япыр-

май, мынау табиғаттың күші керемет құдірет екен-ау. Бұл 

менің атымды ағызып алып кетті, өзім өлім аузынан қалдым. 

өмірдің өзі де осы қатты ағыс сияқты емес пе?»—деп, Жем 

өзенінің тасқынын, оның дүлей күшін, күймен бейнелепті. Сол 

Жем суы былай ағады екен. 

183. «Бозтөбе»

өткен ғасырда Қазақстанның батысында бір жылы 

ашаршылық болып, мал көп қырылыпты. Ашыққан халық кү-

нелтіс іздеп, жан-жаққа кете барады. Сол жылы Нарынның ба-

тыс жағындағы Боғда тауының етегіне қоныстанған ел де ара-

лап жүрген домбырашы Боғда, осы бір уақиғаның куәсі болып, 

сол төбенің басында отырып, «Әдірә қалған Бозтөбе» деп күй 

шығарыпты. Сөйтіп, Боғданың бұл күйі кейіннен «Бозтөбе» 

аталып, халық арасына кеңінен таралыпты. 

ЖАНТӨРЕ /XVIII-XIX ғғ./

184. «Шалқыма» 

Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс 

етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де 

болған. 


осындай бір жылдары көктем ерте шығып, мыңғыраған 

төрт түлік малмен, қаптаған қалың ел жылдағы әдетінше 

Жайықтан өтіп жатады. Жылдың төрт мезгілі: қыстың 

аты—қыс, жаздың аты—жаз, күздің аты—күз, көктемнің 

аты—көктем. Әсіресе көктем айларында: маңыраған қозы, 

кісінеген құлын, мөңіреген бұзау, боздаған бота—далада 

ұлы думан той жасап жатқандай көрінеді. Көктемде ауылға 

жан бітіп, жарқын-жарқын әзіл сөздер айтылып, қыз-

келіншектердің сыңғырлаған әдемі күлкісі дала қызығына 

айналады. ұлы дүрбелең. Айнала жасыл желек, көк майса 

шалғын шөп. Мазаңды алып, делебеңді қоздырады. Біреуді-


178

179


күй және күйшілер туралы аңыздар

біреу аңсап іздегендей күй сезімге түсесің. Мұндайды сурет-

теуге тек ақынның ғана сезімтал жүрегі, күйшінің күмбір-

леген күйінің ғана құдіреті жетеді. 

Қора, қора қой жатыр, 

Қарын, қарын май жатыр. 

Түйе, түйе жүк жатыр, 

Ауыл, ауыл ел жатыр,

—десе ақындар, күйшілер небір әдемі күйлерді домбыраның 

көмейінен төгілткен. 

Дәл осындай бір жылдары Жантөренің ауылы да көктемде 

Жайықтан өтіп, келесі жақтағы беткейге қонып жатады. Сол 

кездегі әдет-салт бойынша елдің игі-жақсылары бас қосып, 

Жайықтың арғы бетіне елден бұрынырақ шығып қарап 

тұратын. Жантөре де қасына жиналған төре ауылының игі 

жақсыларымен бірге арғы бетке өтіп алды. Айналасы тегіс 

көрінетін, биіктеу жар төбенің басына қалы кілемдер мен 

текеметтерді төсетті де, өзі төңірекке қырағы көзімен көңілі 

толып қарап тұрды. 

Сол кездегі дәстүр бойынша: Жантөре жастайынан өте 

зерек, сөзге ұста, әрі шешен, он саусағынан күй төгілген 

ақынжанды адам еді. Көз алдындағы көктемгі даланың 

ғажайып осындай көрінісі көңіл-күйін тасытса керек. Төре 

жанында тұрған қаптаулы қарағай домбырасын қолына 

алып беті-жүзі алабұртып, бір керемет сазды әуенді құйқыл-

жыта төгілтті дейді. Бұрын-соңды мұндай сазды естімеген 

ағайындары, қасындағы ел жақсылары, домбыраның үніне 

елтіп, берілген күйі тым-тырыс отыр. Бір кезде Төре күйін 

бітіріп, домбыраны қасында жатқан көпшікке сүйей сал-

ды. Басын көтеріп жан-жағына жалт қарады. Айнала үнсіз. 

Қапелімде не болып қалғанын, алғашқы сәтте төренің өзі 

де түсінбей қалды. «Бұлары несі?»—деп ойлады сезіктеніп. 

Бір кезде көптің ішінен бір ағайыны: «Төре, жаңағы күйіңіз 

бұрын-соңды біз естімеген, керемет саз болды!»—дегенде ғана 

мән-жайды енді түсінген Жантөре: «Е, е, е! ол мынау төгіліп 

Жайықтан өтіп жатқан еліме қарап, көңілімнің шалқып 

кеткені ғой!» деген екен. 

Сөйтіп, «Шалқыма» күйі Жантөренің кеудесінен қарлы-

ғаштың балапанындай ұшып шығып, қазақтың кең даласын 

аралап кеткен дейді айтушылар. 



180

күй аңыздар



САРША /XVIII-XIX/

185. «Бозінген»

(ІV нұсқа)

Бір кедейдің маңдайына бітіп, таңдайына талшық етіп отыр-

ған мал дегенде жалғыз «Бозінгені» бар екен. Жазғытұрым сол 

Бозінген боталайды. Бір айдан кейін Шу өзені тасыған кезде бота 

жардан құлап мерт болады. Ботасын іздеген Бозінген күндіз-түні 

боздап күңіренгенде, зарлы даусы бүкіл ауылды басына көтереді. 

Жануардың боздаған даусына қапа болып, көңілі босаған 

Сарша: «Жар басындағы жантақты жанынан кешкен нар жей-

ді» дегендей, жануар, әбден қиналдың-ау!»—деп қолына дом-

бы расын алып, «Бозінген» деген күйін шығарыпты. 



БЕЙСЕНБІ ДӨНЕНБАЙҰЛЫ /1803-1872/

186. «Жеке батыр» 

1817 жылы көктем, Бейсенбі ауылы қазіргі Қаба ауданына 

қарасты Қостай талдысы деп аталатын қоныста отырған еді.

рулық қақтығыстың жолын қуып жүздерін суыққа бұрған 

бөгде рудың бұлаңшы тобы талтүс кезінде қанаттас отырған 

дәрігер (байкісі) ауылының бір топ түйесін, ауыл адамдары ның 

қарсылығына қарамай, алдына сап айдап жөнеледі. Ауыл дағы 

бала-шаға «бұлаңшы» деп ұлардай шулады. Әсіресе малмен көз 

ашып, малды жанының тірегі еткен ауылдағы аналар зар иледі. 

Аналардың «ойбай, құрыдық, күнге қарап ұлыдық, жұртта 

қалып құрыдық, бұл не сұмдық, бұл не басынғандық, бізден ұл 

тумап па еді?» деген зар-заласы тау-тасты жаңғыртты. Ауыл дан 

Дөненбай шаңырағын да шайқалтты.

Ер жүрек Дөненбай мына қорлыққа шыдамай, атына де-

реу ер салды. Қатарлас отырған ауыл азаматтарын аттанысқа 

келтіріп, бұлаңшылардың өкше ізіне түсті. Бұлаңшылар жер 

түбіне барса да, қуып жетіп, түйелерді қайтарып әкелмек. осы 

мақсат-тілек мінген атына қамшы бастырды, бұлаңшылар-

ды састырды. Тебінгі терге көміліп, тұлпар талыққан кезде 

басқалардан бұрын жеткен Дөненбай түйе бұлаушыларымен 

жалғыз айқасты. Апыр-топыр айқаста бұлаңшылардың ал-

тауы аттан құлап, қалған екеуі қаша соғысты. Сойыл жетпес 



180

181


күй және күйшілер туралы аңыздар

аралықтан Дөненбайға зуылдатып садақ жебесін жұмсады. 

Дөненбай сауыт-саймансыз от кеуделі жүрегін садақ оғына то-

сып, сол майданда жан үзді. осы бір шайқас болашақ күйшіні 

сормаңдай жетім етті. Бекең әке арманына арман қосып, бір 

жаңа күйдің көзін ашты. 14 жасында «Жеке батыр» атты күйін 

әкесі Дөненбайға арнады. 

«Жеке батыр» күйінде әкесінің ел тілегі жолындағы ер лі-

гіне, өзінің әкеден жас қалған жетімдік көңіл-күйі қосыла күм-

бірлеп, бізге жетті.



187. «Кербез сылқым» 

Әйми сұлу басы Таласта тұрғанда, менің бұрынғы күйеуім-

нің руында мені әменгерлікке аларлықтай жігіт туған жоқ деп 

қарысады.

Ал Бейсенбі ел намысын өз намысым деп біледі. ол кез-

де жесір кету ел-жұрт үшін үлкен қорлық саналады. «осы 

ғұрлы өңмеңдейтін, жесірің кетті ме» дейтін сөздер де бар. 

Әймидің керейде мені алатын жігіт жоқ деуі білген адамға на-

мыс қозғайтын іс еді. Бұған шыдамаған Бейсенбі: «он бірінен 

ассаң да, он екісінен аса алмайсың» деп қалады. осыны аңдып 

отырған сұңғыла әйел: «он екі керейдің қай бегзатын тани-

мын. Көз алдымда өзіңіз тұрсыз, сізге мақұлмын, сіз мақұлдық 

берсеңіз, басымды ашам»,—деп күшейді. осы кезде қиналыс-

та қалған Бейсенбі қасындағы жолдасы Мыңжанға: «Кербез 

сылқымға сөз ұстатып алғаным-ай!»—деп өкінді. Мыңжан: 

«жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды, он екі керей 

кеңесінде болады» деп ақыл берді. Кейін Әйми Бейсенбіге аяу-

лы жар болып, ел қадіріне бөленген кезде, Мыңжан би: «әуелгі 

сөз рахым деген, кербез сылқым көңіліңізден, домбыраңыздан 

ұмыт қалмасын»,—деп ескертті. Жақсы жардың жағымды 

қылығы, нәзік сезімі «Кербез сылқым» күйін тудырып, біздің 

заманға ұрпақ жалғады. 



188. «Арман»

(ІІ нұсқа)

Керей атаның келіні Әйми, күйеуі өліп, жесір қалған соң

төркініне отауымен көшіп барып қоныстасып қалады. Жесір ді 


182

күй аңыздар

ерден кетсе де, елден кетірмеуді қарастырған жесір иелері бұл 

жұмысты Бейсенбіге тапсырады. Сол заманда «Қасым ханның 

қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жолы бойынша тұл 

әйелдің ер таңдау құқығы болады екен. Кеңеске қатысқан би-

лер Әймиге ер таңдау құқығын береді. Билерді барлай қараған 

асқақ сұлу «Керейде мені алатын жігіт жоқ» деп қарысады. 

Билер кеңесі Әймиге: «Сен керей жесірісің, көзің түсер ері-

ңе, аяғың жетер жеріңе тоқта, керейдің бірінен ассаң да, он екі 

керейдің біріне тоқтайсың» деп кесім жасайды. Ақша жүзінде 

нұр ойнаған сұлу Әйми: «тұл әйелдің ер таңдау құқығы өзінде 

болса, осы топтағы билер қауымына құлдық ұрайын, керей 

жесірі екенім рас, керей биі Бейсенбіні таңдадым»,—деп қол 

қусырып, басын иеді. Мына қойылған орынсыз талап Бежеңе 

оңай болған жоқ. Абақтың бір жесірін дауға түсіп, ақырында 

өзі алса, қандай әділет болмақ. Бұл іс билер кеңесінің сара-

бына салынып, «тұл әйелдің ер таңдау құқық заңы бойынша, 

әйелдің талап-пікірі орындалуы тиісті»,—деп шешім жасалды. 

Әймидің талабы орындалмаса, «билер заң бұзды» деген халық 

наразылығына қалар еді. осыдан соң билердің кесім жасауы-

мен, жесір иелерімен ақылға келіп, тиісті қалыңмал бодауын 

төлеп, Бежең Әймиді әйел үстіне алып, жар етті.

Әйми ақыл-парасатты, ел-жұртқа жағымды, берекенің ада-

мы болды. Әйми өзінің зерделі, ұнамды іс-әрекеті, ақжарқын, 

меймандос, сауықшыл өнерімен жұртқа да, Бежеңе де ерекше 

ұнады. ол ұстаған үй түгел түсетін, белдеуінен ат кетпейтін, 

Бейсенбі бидің ардақты шаңырағына айналды. осыны көре 

алмаған күндесі қызғаныш тудырды. өзінің жақындарын, ыр-

қына көнетін адамдарын Әймиге қастандық жасауға айдап 

сал ды. осы қатігез, қараниет қайшылық жағдайында Әйми со-

лардың қолынан қаза тапты. Бұл кезде Бейсенбі тағы бір съез-

ге кеткен еді. ұзақ жолдан ат соғып, суыт келген Бежең жар 

өліміне қатты күйзелді. Жүрегі тілініп, қабырғасы сөгілді. 

Ел-жұрт, ақсақалдар ақыл-кеңес бермесе, Бежең де құсаға бу-

лығып, тіршіліктен уаз кеше жаздады. осы күйікті шер «Ар-

ман» атты күй болып бізге жетті. 

189. «Қара құлақ ат» 

Бейсенбінің ұлы оспан (Алтайда Қара оспан аталады) атас-

тырған қалыңдығы рәбиғаны алар жолында өзінің тума аты қа-


182

183


күй және күйшілер туралы аңыздар

ра құлақ атты мініп, күйеу жолдастыққа Байтарақ, Жақсыбай 

деген адамдарды ерте барған. осы тойда ат бәйгесі болып, құ-

далардың арнаулы баптап әкелген жүйрігі болмағандықтан, 

күйеу жігіт оспан қара құлақ атты баптамай бәйгеге қосқан. 

Бапсыз сәйгүлік қара құлақ ат бәйгеден келіп, Байтарақ ба-

луандықта жығып, Жақсыбай Айжан деген қызбен айтысып 

жеңіп, құдалар жақ өнердің әр түрінен жеңістік алған. Сол 

замандағы Жақсыбай мен Айжанның айтысы, өзіндік айтыс 

салтын сақтаған қалпымен ауыздан-ауызға тарап, ел арасында 

қазірге дейін сақталуда. осы келін түсіру барысындағы қуаныш 

Бежеңе шабыт қозғап, «Қара құлақ ат» күйін туғызған.



190. «Көк шыбар ат» 

Бейсенбі билік басында болған жылдардың бірінде қазақ 

ортасында болған съезге өзінің тума жылқысы ішінен шық-

қан таңдаулы көк шыбар атын мініп барады. Бежеңе есесі кет-

кен бір адамдардың айдап салуында, аттың сыртқы тұлғасына 

қызыққан екі жортуылшы ұры, көк шыбар атты оңашада 

бөгенайлап көреді. Сонда көк шыбар аттың тілінің астында 

дөңгелек қара қалы, ауыздығының тыртығы барын байқайды. 

Дәл осы белгілерді куә етіп, атқа таласу ойына келген жала-

қор шідерде тұрған аттың мойнына асылып жылайды: «Қайран 

жануарым-ай, дөненінде асаудан үйреткен едім, сонда езуін 

ауыздық қиған еді. Алты жасында жоғалған еді»,—деп зар-

лайды. Съездегілер: «Бұл Бейсенбінің аты еді, мұнысы қалай 

болды?»—деп тамсанады. Бежең өзінің тума малы екендігі 

шындық деп айтса да, ана екі ұры белгіміз бар дейді. Екі жақтан 

сұралып аттың ерекше белгісі сарапқа салынады. Бежең сырт-

қы тұлғасын, жасын айтқанымен нәзік белгілерін нақты айта 

алмай қалады. Ал екі жалақор көріп алған белгісін айтып, нақ 

шындықтай етіп сөйлеп, құстай қондырып, оқтай төндіреді. 

Ат тілінің астындағы қара қалы, езуінің жыртылуы сияқты 

белгілер бойынша ат жалақорларға тәуелді болады. өз басы ның 

жалаға ұшырап, әділетті істің әділетсіз істің алдында жеңі-

ліс тапқанын әрі аттың нәзік белгілерін біле алмағандығына 

Бежең қатты ызаланады. Атты ұрыларға жетектетіп жатып: 

«Жанаттың шыбарын жегеннің жаны желінеді» деген ел ара-

сында тараған тәмсіл бар еді. Менің шыбар атым емес, елім 



184

күй аңыздар

жанаттың шыбар аты еді, жаның желінбесе болды, мен бір тай-

дан кедей болмаспын, сендерге бақ па, сор ма? оны болашақ 

бел гілесін»,—деп қалады. Айтушылар аңызына қарағанда осы 

съез ақырласпай-ақ, әлгі екі ұрының бірі ауырып, өлім халіне 

келеді. Жан үзер алдында: «Керейдің киелі биінің атын жала-

мен алған едім, жанаттың шыбарын жеймін деп жаным желін-

ді, ол дүниеге алып кетпейін, атты иесіне тапсырыңдар»,—деп 

өсиет айтыпты. Атты қолына алған соң, Бежең осы оқиғаға бай-

ланысты «Көк шыбар ат» деген күй жаратқан екен.

191. «Майдақоңыр» 

Бейсенбінің әлеуметтік істерге араласып, өсіп-жетілуіне 

Маман би үлкен жебеуші болды. Сол дәуірде Маман би әділ, 

турашылығымен ел көзіне түскен. Айтса сөзі, қолқаласа бет-

беделі өтетін үлкен билердің бірі еді. Жас болғанымен Бей-

сенбінің әділқазылығы мен ақылдылығына қызыққан көзі 

қарақты қарт би Бейсенбіні өз жанына ертіп жүріп баулиды. 

Жас Бейсенбі Маманға еріп талай топты жиынға, думанды 

ас-тойға, қазақ ортасындағы толып жатқан келелі кеңестер 

мен дау-шарларға қатысады. Бұл сапарлар Бейсенбіні өмір 

тануға, қалың халықтың күйін байқап, әділет жолын қууға 

ұмтылдырады. Бейсенбі билік басына байлығымен не ру шон-

жар лығымен емес, қайта әділдігімен, сөзіне жұрт ұйыған ше-

шен дігімен халыққа іс көрсетуімен танылып шыққан адам. 

оның әділділігі мен шешендігі, алымдылығы жөнінде ел аузын-

да мадақталып келе жатқан талай аңыз-әңгімелер бар. Со ның 

бірі «Көк бесті дауын» шешкен әділ билігі болып табылады. 

Бейсенбінің жастау кезіндегі бір аста өткізілген ошақ 

бәйгеде алдымен келіп, жүлделі болған көк бестісі үлкен бәйгеде 

қастандыққа ұшырап мерт болады. Көк бесті абақ керейдікі, 

уақ—жауапты жақ екен. Екі тайпа елдің арасында осыған бола 

үлкен дау туылып, ұзаққа дейін шешілмейді. уақтың Еркөкше 

биі: «Ел арасын берекелестірсем, өлгенде артыма дау қалдыр-

май бітіріп кетсем»,—деп ойлап, абақ керей мен уақтың сөз 

ұстар билерін кеңеске шақырса керек. Кеңеске абақтың жанат 

руы жағынан Маман би қатысады. 

Қасына жас Бейсенбіні ертіп барады. ол Еркөкше биге аман-

даса барғанда, Еркөкше би:



184

185


күй және күйшілер туралы аңыздар

—Мына балаң кім?—деп сұрайды. Санда Маман би:

—Інім, Дөненбай батырдың баласы, тізгін ұстатарым,—деп 

таныстырды. 

Кеңес басталып, екі жақтың даугерлері дауын айтып, та-

лабын білдіргеннен кейін, қарт Еркөкше би даудың төрелігін 

айтуға Бейсенбіні көрсетіп:

—«Кәрінің сөзі тәтті, ісі сәтті, жастың жалыны қатты» де-

ген сөз бар. Жас биім, осы даудың билігін сен айтшы,—дейді. 

Екі арыс елдің арасындағы ескі дауға тұңғыш рет кезіккен 

Бейсенбі: 

—Бестінің құны—бес кесік, біткен жөн екі жақ елдесіп, 

жүрмелік қан кешіп, құн кесіп, бұл жолы бас бәйге—500 қой 

көк бестінің сыбағасы еді. Бір кесік соған, бір кесік абақ елінің 

ұранына, ал қалған үш кесік ел ара берекелік ісің ғой,—деп 

тақпақтай жөнеледі.

ұзаққа созылып білтеленген ескі даудың шиесі шешілгендей 

болады. Екі жақ Бейсенбінің билігіне айрандай ұйыйды. Абақ 

керей жағы 200 қой алып, 300 қойды кешірім етеді. Бұған дән 

разы болған Еркөкше би Бейсенбіге өзі мініп жүрген қоңыр 

жорға атын тарту етеді. Аттың түр-тұлғасы мен жүрісіне көңілі 

толған Бейсенбі домбыра шанағына «Майда қоңыр» атты әсерлі 

күй туындатады.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет