«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет15/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

173. «Ақсақ құлан—Жошы хан» 

(V нұсқа)

Ертеде Жошы деген ханның үлкен баласы аңға шығып

құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Баласын біраз күн-

дер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін сезсе де, 

жаман хабарды естігісі келмеген хан: 

—Кімде-кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, 

соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын,—деп халыққа жар 

салыпты. Халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін біле ді, 

бірақ әкесіне айтуға батылдары бармайды. 

Күндердің күнінде ел аралап жүрген бір домбырашы бұл 

хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. Бірақ күзетшілері-

нен асып ордаға кіре алмай далада, қақпа алдында отырып, 

домбырасынан бір күйді күңіренте тарта беріпті. Кешқұрым 

саңқылдап шыққан домбыра үні сол маңайды тегіс шарлап, 

орда ішіндегі ханның да құлағына шалынады. Тақта мүлгіп 

отырған хан сәл басын көтеріп: 

—Мынау ненің үні? Барып біліңдерші! Егер менде шаруа-

сы бар адам болса, мында алып келіңдер!—деп уәзірлерінің 

біріне әмір етеді. уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып 

келеді. Хан оған: 

—Қайдан жүрген адамсың, мында келу мақсатыңды айт!—

дегенде домбырашы: 

—Тақсыр! Көптен көңілімде жүрген бір күйім бар еді, соны 

сізге сынатқалы келіп едім,—депті. 

—Е, олай болса домбыраңды тарт!—депті хан. 


164

күй аңыздар

Бұл сөзді естуі-ақ мұң екен, күйші домбырасының бұрауын 

қоңыр дауысқа салып, әрбір қағысын салмақпен қағып, бір 

күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы дыбысынан басталған қа-

тал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естідің бе хан ием, қайғы-

лы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан, 

айтпақ ойынан хабар береді. Домбыраның күңіренген үнінен 

сезіктенген уәзірлерінің бірі: 

—Тақсыр! Мынау не дегелі отыр өзі?—дегенде, хан айнала 

отырғандарға, домбырашыға қарап: 

—Мына бастағаның, сенің тартатын, менің еститін күйім 

емес екен. Бірақ әдейлеп келген екенсің тарт, тарт!—депті. 

Ханнан ұлықсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда, 

домбыраның көмейінен: 

Ақсақ құлан шошыған, 

Қырда еркін жосыған. 

Тынышын бұзып құланның, 

оқ атты сіздің ұлыңыз, 

опат болды осыдан. 

Хабарын соның айтуға

Арып-ашып алыстан

Келіп тұр мынау домбыра. 

Болған істің барлығын

Қалдырмай түгел баяндар. 

үніне оның құлақ сал, 

Қаумалаған, халайық, 

Хан бастаған жарандар!

—деген қайғылы үн күңіреніп естіледі. Әсіресе домбыраның 

әрбір буынында: «опат болды, опат болы»,—деген сөздер адам 

айтқандай ап-анық естіліп, қайталанып тұрады. Мұны естігенде 

төрде отырған хан егіліп жылайды. Ханның шешесі мен әйелі, 

қызы қатты қапаланып зарлайды. Домбыраның «сиқырлы 

сазы» мен қайғылы үнінен есі кетіп әлсіреген хан: 

—ұстаңдар мына күйшіні!—деп, уәзірлеріне әмір етіпті. 

Сонда күйші ханға қарап: 

—уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқаным жоқ 

еді ғой, жазығым мына домбыра емес пе?—депті. Хан осы жерде 

сөзден жығылып, берген жарлығын орындау үшін «кім болса да 

бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын»,—

деп домбыраның көмейіне қорғасын ерітіп құйдырыпты. Содан 

бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі. 



164

165


күй және күйшілер туралы аңыздар

БАЙЖІГІТ /XVI-XVII ғғ./

174. «Қайың сауған» 

ол кезде иісі қазақтың қысқа қарай ірге түйістірер жері 

Сырдария, Шу өзендерінің бойы болса керек. Арналы өзен-

дердің қос қапталы сыңсыған нар қамыс жиде, жыңғыл, 

сексеуілі ұйысқан тоғай, қыс бойы дым тисе болды оты бөртіп 

шыға беретін қалың қыртыс құмдауыт бұйраттар. осынау құ-

нарлы өңір көшпелі елді жаз шыға өргізіп, қысқа қарай кең қа-

натымен қымтайтын киелі мекен болған. Сол киелі мекенді ке-

рейлер де қыстап, жаз жылт етісімен Арқаның апайтөс даласын 

дендей өтіп, шырқай көшіп жайлайды екен. Сонда, көкірегі ше-

жіре құйма құлақ қарттар: «Сырдың суы тәтті, Арқаның шөбі 

шүйгін. Бірақ қалың керейдің кіндік жұрты—Қара Ертістің 

бойы мен Алтай, Тарбағатайдың қолтық-қолаттары. Заман 

дауы лы сол жерден іргемізді көтергенде бір дуалы ауыз батагөй 

да на айтқан екен «жеті ұрпақ алмасқанда ата қоныстарыңа қай-

тып ораласыңдар» деп сол дананың айтқаны келер болса, же тін-

ші ұрпақтың да төбесі көрініп қалды-ау»,—деп отырады екен. 

Дуалы ауыз дана айтса айтқандай, ата қоныстан кіндік үзген 

керейлердің жетінші ұрпағы төбе көрсеткен жылдардың бірі 

өзгеше болып басталады. Табиғат жарықтық ашөзек шақтан 

бастап-ақ апшыны қуырып, қырыс қабақ танытады. Көктем 

шуағы жер құйқасын жібіте алмай, тамыр біткен жер астына 

бұғып қалады. Шөп буыны ерте қатып, төрт түліктің бауы-

ры тартылады. Бастау біткеннің көзі тарылып, суының дәмі 

бұзылады. Селдіреп жеткен жыл құстары балапандарын ерте 

өргізеді... 

осының бәрін қалт жібермей бақылап жүрген есепші Ба-

йымбет іштей бір нәубеттің жақындағанын кезеді. Атар таңды 

үмітпен қарсы алғанымен, айналасынан көңілге жұбаныш бо-

лар нышан таппай дал болады. Жаз бойы көктен нәр тамбай, 

байтақ дала тері сүйреткендей бедеу тақырға айналады. Күні-

мен бүйір соғып шаң жұтқан жылқы шілденің күнінде ықтап 

жусайтын әдет шығарады. Байымбет бұрынғыдан бетер маза-

сызданып, төсегінен безінеді. Күндіз-түні табиғаттың қас-

қабағына қарап, ақсүйек жұттың жақындап қалған демін сез-

гендей мазасызданады. Ел-жұртының ертеңгі қасірет шегер 

ауыр азапты күндерін елестетіп дал болады. 


166

күй аңыздар

Сөйтіп жүргенде күз демі білінеді. Бір күні Байымбет жолға 

қамданады. Жанына ат-көлігі сай алты жігіт ертіп, саркідір 

сіңірлі атанға қос артады да, жолға шығады. Ауыл-ел адамда ры 

бар үмітін Байымбетке артып, оң сапар тілеседі. 

Байымбет ел шетіне ұзап шығып, ауыл-елден қара үзген 

шақта тізгін тартады. Атанды шөгеріп, қосын тіктіреді? Не 

ойлағаны бар? Байымбеттің жанындағы серіктері тықақтап 

жөн сұраса, жаман ырым болар деп бой тартып, мазаламайды. 

Күндер өтіп жатады. Байымбеттің бар бітірері ерте тұрып, 

атына мініп, бел асып кетеді. Содан түс ауа қайтып оралады. 

Бұрынғыдан бетер тұйықталып, бұрынғыдан бетер мазаң күй 

кешкендей. 

Бір күні Байымбет әдеттегідей ерте тұрып, атына мініп, бел 

асып кетеді де, көп кешікпей қайта оралады. Жүрісі суыт, жа-

нарынан үміт сәулесі ұшқындап, өңіне өзгеріс енгендей. Келе 

қосты жықтырып, жолға қамдайды. Жанындағы серіктері аң-

таң. 

Сөйтсе, қос тіккен жердің шығысында көлбеп жатқан қыр 



астында бір қасқа бұлақ болады екен. Бұл өңірдегі аяқты аңның 

таңдай жібітер жалғыз мекені осы қасқа бұлақ болса керек. 

Байымбет сол бұлақтан із кесіп, жұттан ауған аңның бетін 

білгісі келіп жүреді екен ғой. Ал жалғыз аттанатыны—көп бо-

лып жүріп аңға иіс алдырса, түз тағысы шошынып, бағытын 

өзгертер деп сақтанғаны еді дейді. 

Байымбет жанындағы серіктеріне мән-жайды айтып, ке-

шік пей-ақ қасқа бұлақтың басына келеді. Келсе, тұяқты аңның 

шұбырынды ізі жосылып жатыр. Ішінде саздауытқа тереңдеу 

батқан бір із мөрдей болып көзге түседі. Сол жерде Байымбет: 

«Мен іздеген қырдың қоңыр құлжасы осы еді, енді мұнан көз 

жазып қалмайық»,—дейді. 

Содан, Байымбет бастаған жеті атты қоңыр құлжа бастаған 

түз тағысының шұбырынды ізіне түсіп, ілеседі де отырады. 

Аңды қуып жетіп үркітпейді де, қара үзіп кейін де қалмайды. 

осы қалыппен күн жүреді, түн жүреді. Арада апталар өтеді. 

Қоңыр құлжа бастаған аңның ізі шығысты бетке алып, үдере 

тартып барады. «иә, сәт!» деп қойып, Байымбет те қалыспай 

ілеседі. 

Күндердің бір күнінде қиырдан зорая көлбеп жатқан ақ 

бас тау көрінеді. Қоңыр құлжаның ізі осы ақ бастаудың теріс-


166

167


күй және күйшілер туралы аңыздар

кейі не қарай бөктерлей тартады. «Көрінген таудың алыстығы 

жоқ» деген, кешікпей-ақ ақ бас тауды алқымдап, теріскейіне 

қарай Байымбеттер де өтеді. Сонда, қарсы беттен мұнарта 

көрінген көкшіл таудың баурайында керіліп жатқан кең алқап 

жолаушылардың көзін тұсағандай болады. Бір жағында көз 

қарықтыра жарқыраған Мұзтау. Қарсы бетте көгере мұнартқан 

Көксұн. Арасы керіле созылған ирек адырлы апайтөс алап. 

Апайтөс алаптың ащылы-тұщылы оты ұйыса біткен. 

Жерұйыққа тап болғандай сұқтанып келе жатқан жолау-

шылар бір бел асқанда, иек астында қоңыр құлжа бастаған 

тұяқты аңдарды көреді. «Түз тағысы табиғатпен тілдес» де-

ген емес пе, іздеген жерұйығымен сағынысып табысқандай, 

шөбі шүйгін алапқа кенедей қадалған. Неше күн бойы үдере 

тартқанда іздегені осы өңір сияқты. Енді бұл жерден дабыл 

қағып қусаң да кетер емес. 

Сонда есепші Байымбеттің ақ сақалы желбіреп, кәрі жүрегі 

елжіреп тұрып: «Міне, біздің жанымызға араша, малымызға 

пана болар құт мекеніміз осы!»,—деген екен. Содан бері бұл 

өңір Сауыр атанып еді дейді. 

Сөйтіп, түздің қоңыр аңы бастап келген шүйгін өңірді 

көріп, көңілдері толып, Байымбет жанындағы серіктерімен 

елге қайтады. Елге келісімен ағайын-туғанның басын қосып, 

қабағы қату жұттың жақындап келе жатқанын ескеріп, жаңа 

жұртқа қоныс аударудың жайын ортаға салады. Әрине, күл 

төгіп үйренген мекеннен кіндік үзіп, қотарыла көшу қалың 

елге оңай емес. Әрі ойлап, бері ойлап келгенде жаңа жұртқа 

тебін малын ғана қостап қыстатып шығуға пәтуаласады. одан 

әрі тағдырдың бұйырған жазуы ретімен бола жатар дейді. 

Содан, Байымбет ақсақал өзі араласып жүріп, сайдың та-

сындай атпал азаматтарды іріктеп алады да, қарашаның қарлы-

жаңбырына ұрынбай тұрып тебін малын айдап жөнеледі. Төрт 

түлік малды тіршілігіне тірек еткен қалың ел ақсарбасын ша-

лып, ақ тілеуін тілеп қала береді. 

Есепші Байымбеттің айтқаны айдай келіп, сол жылдың 

қысы қылышын сүйрете келеді. Күздің соңын ала көк иық етіп 

жауған жауынның аяғы сақылдаған сары аязға ұласады, Жер 

бетін көк кіреуке тоң буып, қыс басталмай жатып-ақ қыспаққа 

алады. Мұнан әрі қаңтары қырланып, ақпаны ақырып, біресе ат 

құлағы көрінбес ақтүтегімен, біресе қарып түсер қызыл шұнақ 



168

күй аңыздар

аязымен апшыны қуырады. Әйтеуір ел-жұрт қамсыз емес, 

қолдағы малының қоңы қайтпай тұрғанда сойып алып, келер 

күннің бұйыртар сыбағасын күтумен болады. 

Бұл кезде Байымбет есепші бастаған ел азаматтары отар-отар 

қойын, табын-табын жылқысын, келелі түйелерін Сауырдың 

шүйгін қорығына салып, ащылы-тұщылы отын сары май-

дай кертіп жеп жатады. өзі де бір аязы жұмсақ, қары күрпек, 

ықтасыны мол, шөбі жұғымды құт мекен екен. Тебін малы 

қуырған бидайдай бөртіп, табан аудармай құныға жайылып, 

құн дыздай құлпырып алады. Барлық уайымдары артта қалған 

ағайын-туғанның жай-күйі ғана болады. Әсіресе, не боларын 

болжап біліп отырған есепші Байымбет ел-жұрттың жайын 

ойлағанда құмығып, уайымнан шөгіп кетеді. Жылт етіп шығар 

көктемді тықырши күтіп, қыс құрсауында қалған ағайын-

туғанға тезірек қол ұшын бергісі келеді... 

Содан, аңсай күткен көктем де жетеді. Малдың алды төл дей 

бастайды. Қыстан дилы шыққан малдың төл төгіні де жеңіл бо-

лады. Аз күнде бауыр көтеріп, аяқтанып шыға келген төл өріс ті 

толтырады. 

Байымбет есепшінің көңілі сонда да күпті. Енді тезірек елге 

бет бұрып, қыстан тарығып шыққан ағайынның аузын аққа 

тигізуді арман етеді. Кешікпей-ақ, мыңғырған малды жая ай-

дап, елге жетуге асығады. 

...Қарт есепші жаңылмапты. Сол жылдың қысында Сыр 

мен Арқа алабында ақсүйек жұт болады. «Бір үй ашықса, бір 

ауылды жұтатады, бір ауыл ашықса, бүкіл елді жұтады» деген 

емес пе, алты ай қыстың ауыр нәубеті тірі жанды тұралатып-

ақ тастаса керек. Елдің алды ашығып, амалы таусылған соң, 

бүр жарған қайыңның бүйірін тіліп, шырынын іше бастаған 

екен. Бұл жұттың «Қайың сауған» атануының себебі де осы еді 

дейді. 

Ел-жұрт осындай халде жүргенде дала төсін ырысқа тол-



тырып, бір басы екеу болып, жанындағы жігіттерімен есепші 

Байымбет те жетеді. Сөйтіп, үміт жібі енді үзіледі-ау деп 

отырған ағайынның айы оңынан туады. 

осыдан кейін қалың керейдің алды қона жылжып, түп 

атасының кіндік қаны тамған киелі жұртына қоныс аударған 

екен. 


168

169


күй және күйшілер туралы аңыздар

175. «Көкбалақ» 

Кербалақ пен Көкбалақ даңқы қатар шыққан тұлпарлар 

екен. Кербалағы сұлу мүсінді, ойнақтаған қызу қанды, мінезді 

ат болса керек. Ал Көкбалақ ондай емес, селт етпес сабыр-

лы, бірақ, ұлы дүбірде тегеурін танытатын лақпа жүйрік бо-

лыпты. Екеуі де иесіне екі түрлі қызық-қуаныш сыйлап, бірі 

сән-салтанатымен күйшінің көңілін өсірсе, екіншісі сенімін 

орнықтырып, жанын марқайтады екен. Бұл екеуін күйші де 

мәпелеп бағып, «бірінің бағын біріне байлатпайыншы» деп, 

бәйгеге қатар қоспайтын көрінеді. 



176. «Қоңыр қаз» 

Байжігіт күйші ер жетіп, бұғана бекітіп, оң-солын таныған 

кезде Ақсұңқар деген ақылына көркі сай қызға ғашық болады. 

Ақсұңқардың әкесі Ағиық ақсақал көпті көрген, өмірдің 

парқы мен нарқын бажайлаған, төңірегіне сыйлы, өзіндік дәу-

лет иесі болса керек. Ел-жұртқа күйшілігімен даңқы жайы лып 

кеткен Байжігіттің Ақсұңқарда көңілінің барын Ағиық ақса-

қал іштей сезіп, орайлы сәттерде дәмелі жігітті сынап жүреді. 

Ал Ақсұңқар болса, «Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні 

бір» деген емес пе, жұрт мақтаған жігітті қыз жақтайтын 

әдетке бағып, ол да Байжігіт күйшіні ұнатады. Бірақ ол кезде 

қалыңсыз қыз, жабусыз нар болған ба, жеме-жемге келгенде 

жоқшылық Байжігіттің қолын байлап, шарасын тауысады. 

Содан күндердің бір күнінде өнерін тал бойына тірек еткен 

Байжігіт сүйген қызы Ақсұңқарға шарт қояды: «Егер қа лың-

малыңның кесімін әкеңнің өзіне айттырып, кәдеге қа 

нағат 

еткізсем, маған қосылар ма едің?!»—дейді. Ақсұңқар болса: 



«Әрине, әке көңіліне қарап, ата салтын аттай алмай жүр емес-

пін бе, ата-анамның мақұлдауын естісем, мен сендікпін!»—деп 

ағынан жарылады. Екеуі сол жерде қол алысып, төс қағысып, 

уәде байласады. 

Сонымен күндер өтіп жатады. Бірде, Байжігіт жолаушылап 

келе жатқандай болып Ақсұңқардың үйіне түседі. Қыз әкесі 

Ағиық ақсақал: «иә, балам, ерден—ергенек, жерден—ебелек 

деген, сұқбат көңіл ашады, сұқбатсыз көңілді кір басады, атың 

жауыр болса да, атағың тәуір, қарап отырмай көсеуіңді көсеп, 

отыңды маздата отыр»,—дейді. Әке сөзіне іштей мағұрланған 



170

күй аңыздар

Ақсұңқар да Байжігітке сынай қарап, болар-болмас езу тарт-

қандай болады. 

Сонда, Байжігіт аз аяда арқаланып, мұндай орайлы сәттің 

кездесе бермейтінін көңіліне түйіп, томағасын сыпырған 

қырандай шабыт алып шыға келеді. Кешікпей-ақ, іргеге сүйей 

салған домбырасын алып, құлақ күйін баптайды да, бұрын-

соңды шиырламаған тың сарынды сырғыта жөнеледі. Айдын 

көлге ақ төсін басып, сыза қалқыған қоңыр қаздың үніндей бір 

сыршыл әуен біресе сыбырлап, біресе сыңқылдап «әп» дегеннен 

буынға түсе баурайды. Бара-бара әлгі қоңыр қаздың көкірегінен 

мұң төгілгендей, сабыры сырға, сыңқылы мұңға ұласқандай 

болады. Сырын айтып, мұңын шаққан сайын тыңдаушысын 

өз тағдырына ортақтастырып, сол мұң мен сырға ілестіріп жө-

нелгендей. Сол бетінде қоңыр қаз сыбырлап-сыңқылдайды, 

ма 

мырлап-мұңаяды, қамығып-қаңқылдайды, сарғайып-саң-



қыл дайды. Естір құлақтың құрышын қандырғандай, сезер жү-

рек тің шерін тартқандай болады. Сөйтіп, қоңыр қаздың мұңы 

мен сырының төрешісі етіп тыңдаушы жұртты ұйытып тастаған 

күй мамырлап барып тынады. 

Ағиық ақсақал түйіле тұнжырап отыр. Бәйбіше дәрменсіз 

халге түсіп, шөгіп кеткендей. Ақсұңқар болса жанары боталап, 

жасқа толып қалған. Бәрі де күйдің тілін жазбай танып отыр. 

үнсіздікті Ағиық ақсақал бұзып, Байжігітке оң шырай бе-

реді: «Шырағым-ай, мынауың қалыңсыз қыз беруге тұратын 

күй екен. Жұрттың сөзі рас болды, бармағыңа бақ қоныпты. 

Жалғызбын деп қамықпа, сенің өнеріңе көз қиығын салмас, кө-

ңіліне алмас, ниетін бермес қыз болмас!»—деп еңсесін тік те ген-

де, қызына көзі түседі. Сонда Ақсұңқар әкесінің ойын ұштап, 

«Сөзіңізге құлдық әке! Ата сөзі—парыз, ана сөзі—қарыз, байла-

уы шие сертім бар еді, түйінін өзіңіз шештіңіз. Мен бір қоңыр қаз 

едім, қияннан іліп, қияға қонатын қаршығаға олжа еттіңіз. Ме-

нің бағамның парқына бойлап, нарқын айттыңыз. өзіңіз тонын пі-

шіп, қалыңын бердіңіз. Енді тойыңызды қамдаңыз!» деген екен. 

Болар іс болған соң, Ағиық сөзге келмепті, Тәңірдің жазуы 

осы шығар деп, өз қолымен той-томалағын атқарып, жасау-жаб-

дығын қамдап, қызы Ақсұңқарды Байжігіт күйшіге қа лыңсыз 

қосыпты дейді. 

Байжігіттің бұл күйі ел ішіне «Қоңыр қаз» деген атпен жа йыл-

ған. Белгілі күйші Әшімтайдың да «Қоңыр қаз» атты күйі бар. 



170

171


күй және күйшілер туралы аңыздар

177. «Қосбасқан» 

Халқымыздың салты бойынша, ең ауыр қылмыс, кешірімсіз 

күнә—қос басу. Салт бұзу жаман ырымға саналса да, қос ба-

сып, жылқы барымталау кездесіп тұрған. Бірде көршілес ха-

лықтың бір топ суық қол сұғанақтары ел тонап, қос басу емес, 

қыз басу, олжа салуға дейін барып, екі елдің арасын шие ле-

ніс 

тірген қырғын болыпты. Шырық бұзып, ырық кетірген 



тоң мойындардың қылығы екі елдің де шыдамын тоздырып, 

төзімін тауысыпты. Шыдай алмаған екі жақтың көрегендері бас 

біріктіріп, күнәһарларды жазаға тартуға бекінеді. Төреліктің 

бір жақ тізгінін—Тума би, екіншісін Сона би ұстапты. 

Төреліктің төріне, топтың алдына құныкерлер мен күнә-

һарларды шығарады. «Шырақтарым кім еді, көзін тігіп, арыңа 

тиген, намысыңды жер еткен, жүрекке жара салып, ақ жүзіңді 

қорлаған. Тап басып таны да, дәл көздеп көзінен ат кіріптар-

дың. Жебең тиіп көзі шықса, қолы сынып, басы жарылса, жү-

ректен өтіп, демі бітсе—арыңның садағасы. Жаза басып мүлт 

кетсең—жаныңның садағасы. Күрмелген жіп, күйінген жүрек 

жарасының шешімі, төрелігі сол болар, шырақтарым, садағың 

берер жазасын...»—деп, Сона төреліктің төрінде тұрған он екі 

қызға қорамсақты ұсына берген кезде, кек кернеген ызалы қыз 

гүлсана суырылып алға шығады. Болған жағдайды шұбыртып 

айта келіп, ашу қысып булыққан ол садағын шірене тартып, 

ұзын сойыл ұр да жық қара дойырды мұрттай ұшырып түсі ріп-

ті. Күй атасы атанған Бәжең осы оқиғаның желісін, оның күйі-

ніш-сүйінішін, төрелігін «Қосбасқан» деп ат қойып, домбыра-

ның көмейінен осылайша күй сөйлетіпті. 



УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙ ХАН /1711-1780/

178. «Жетім торы» 

«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей, 

рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған. 

Алдағыға еліктеп, арттағыға үлгі-өнеге болатын үрдіс, әсіресе 

жоңғар шапқыншылығы кезінде игі дәстүрге айналған. Сол 

дәстүрдің бір айғағындай болып, Қанжығалыдан қарт Бөгем-

бай шыққанда, оның өкшесін басқан батырлар да аз болма-

са керек. Қанжығалы руының Жантай, үйсінбай, Арқандар 



172

күй аңыздар

атты ағайынды үш батырының жойдасыз ерлігі кезінде иісі 

қазақтың қайратын жаныған. «Жолбарысты ердің ері алады, 

болмаса ағайынды екеу алады» деген рас сөз. Қанжығалының 

үш батыры тізе қосып ұрыс салғанда, қамалдай болып қарсы 

келген жау 

ды қоғадай жапырушы еді дейді. Әсіресе өңінің 

сұстылығына орай «Қарабұжыр» деген қосақ аты бар Жантай 

батырдың ерен ерлігі аңыз болып тараған. Жантайдың жой-

қын батырлығына Абылай хан ерекше сүйсініп: «Елдің шетіне, 

желдің өтіне, жаудың бетіне тұтқан қорғаным, қайраулы қара 

қылышым!»—деп отырады екен. Шынында да, Қанжығалы 

Қарабұжыр Жантай әлекедей жаланған бес жүз қолды бастап, 

үнемі алғы шепте, тоспада жүретін болыпты. Жаугершілік за-

манда жаудың алдын торып жүру оңай емес. Айламен алып, 

қайратпен жеңетін қатал міндет. Бірақ Жантай жаудан жал-

таруды білмесе керек. Қандай қиын-қыстау кезде де қалмақ-

тың қарасынан көз жазбай, қопарыла қозғалар болса, алдымен 

Жантайдың қолы тоспаға шығып отырған. 

Жантай сияқты даңқты ағасын үйсінбай мен Арқандар арқа 

тұтады. Арқа тұтқан соң да қалмақтың қосынын қорықпай то-

руылдап, шеттеп қонған күреңінен олжа түсіріп қайтып жү-

реді екен. Сол әдетпен бір күні үйсінбай батыр үш-төрт түйе ол-

жамен оралыпты. Ауылға жете бергенде қарсы ұшырасқан інісі 

Арқандар еркелеп «Сауға» десе керек. Сонда інісін қайрағы сы 

келген үйсінбай: «Сауғам жоқ, қалмақта не көп—түйе көп, 

денің сау, қол-аяғың бүтін, өзің барып ал!»—деп жүре беріпті. 

Ағасының әзіл сөзін көңіліне алып, намысқа булыққан 

Арқандар жанына серігін ертіп, жауға аттанады. Сол бетінде, 

қалмақ күреңінің қарасы көрінгенде тізгінді бір-ақ тартады 

ғой. Баспалап қараса, желдеп жайылып шыққан бір келе түйені 

көреді. Күреңнен қара үзіп, ұзады-ау деген кезде түйе келе сін 

сырғыта қақпалап айдап жөнеледі. 

Жаугершіл кездің көзі қырағы емес пе, қалмақтар түйесіне 

жаудың тигенін сезіп қалып, қуғыншы шығарады. өкшелеп 

келіп қалған қуғыншыны көрген Арқандар серіктерін озды-

рып жіберіп, өзі тоспада қалады. Алғашқыда, жалғыз-жарым 

қуғыншы болса бетін бір қайырып тастайын деп қарсы алған 

Арқандар жау қарасының көп екенін көреді. Арқандардың 

тәуекелге бел буып, қуғыншыны жалғыз қарсы алудан басқа 

айласы қалмайды. Сарт-сұрт ұрыс басталып кетеді. 



172

173


күй және күйшілер туралы аңыздар

Бұл екі арада, қуғыншының күшінің басымдылығын бай-

қап қалған Арқандардың жеті серігі түйелерді тастай салып, 

көмекке ұмтылады. Бірақ бұлар жеткенше, саны көп қалмақ 

Арқандарды қаумалап қоршап, найзамен шабақтап кетеді... 

Жақсы көретін інісінің ойламаған жерден мерт болуы Жан-

тай мен үйсінбайды қатты күйзелтеді. Морт мінезді Жан-

тай: «Не өлемін, не жаудың қанын ішіп, Арқандардың кегін 

қайтарамын!»—деп бес жүз қолымен атқа қонады. Бұл жо-

рыққа Жантайдың ер жетіп қалған баласы Тоқыш пен інісі 

үйсінбай да қосылады. 

Жантай батырдың інісінің өлімі аяқсыз қалмайтынын біл-

ген қалмақтар да дүрлігіп, оң мың қолмен қарсы алады. осы жо-

лы, ашу үстінде шолғыншы серіктерінің бірі: «Жақа, жау дың 

қарасы көптеу екен, арттан келер күшті күтсек қайтеді»,—десе 

керек. Сонда Жантай түнерген қалпы: «Жаумен санап соғыспас 

болар!»—деп қынаптан қылышын суырған екен. Қалмақтың 

мұздай құрсанған он мың қолына Жантайдың бес жүз сарбазы 

жанынан түңіліп қарсы шабады. 

Бұл соғыс қазақ пен қалмақтың бірдей жанын түршіктір-

ген, қан қақсап қырғын болған. Соғыстың дәмін татып 

жүр ген Жантай батырдың сарбаздары ұрыс басталғаннан-ақ 

бас-ба 

сына жиырма қалмақтан келетінін бірден болжайды. 



Мұн дай да, түйіл ген жұдырықтай болып, араға жауды кіргізбей 

со ғы су қажет. Мұны жақсы білетін сарбаздар қоралана тұрып, 

құ жынаған қалмақтың баса-көктеуіне мүмкіндік бермей, ке-

зекке қойып соғысқандай діңкелетеді. 

Жан алып, жан берген соғыстың қанқызу бір сәтінде үйсін-

байдың қарнын қылыш сойып өтеді. Сонда тілінген қар нын 

шалғайымен басып, бір қолымен ұрыс салып жүрген үйсінбай 

ағасына: «Жантай батыр, қарын жарылса, тірі қалуға бола 

ма?»—деп сұраған екен. 

ұзақты күнге созылған шайқас Жантай батыр сегіз серігі-

мен қалады. оның біреуі Жантайдың баласы Тоқыш болса ке-

рек. Соғыстың аяқталуына көзі жеткен Жантай батыр астын да-

ғы торы тұлпарына баласы Тоқышты мінгізіп: «Тоқыш ба лам, 

мыналар болмады ғой, енді кегімді алар ешкім қалмас, бұзып 

шық та, елге жет!»—депті. Содан, қолынан қылышы түскен-

ше қалың жаумен жалғыз арпалысқан Жантай жойдасыз ерлік 

көрсетсе керек. 


174

күй аңыздар

осы соғыста әбден селдірей сиреген қалмақ жауынгерлері елі-

не жеткенде «Қазақтардан жеңіліп қалдық!» деп келіп еді дейді. 

Қарабұжыр Жантай батырдың қалай мерт болғанын есті-

генде Абылай хан: «Тасқа шапса, кетілмейтін қайраулы қара 

қылышым-ай!» деп күйіне қайғырған екен.

Содан, Абылай ханның өзі бас болып, Жантай батырды ару-

лап қояды. Батырдың әруағы риза болу үшін торы тұлпарын тұл-

дап, жал-құйрығын күзеп, жылында соятын етіп бос қоя береді. 

Қайғыны қайратқа жеңдіретін жаугершілік заман емес пе, 

аласапыран күндер бірінен соң бірі өтіп жатады. Талай рет 

дабыл қағылып, талай рет шаңды жорыққа шығып, талай ер-

лер шәйіт болып, талай рет жеңіс туы желбірейді. Күндердің 

бір күнінде Абылай хан ордасына қосын жиып, шеру тартып, 

кезекті бір жорыққа аттанбақшы болады. Жорық алдында 

әйгілі батырлар хан ордасына жиналып, пәтуаласқан сөздер 

айтылады. Ереуіл аттары кермені сүзе тартып, ерлерді қан 

майданға асықтырғандай тықыршиды. 

осындай шақта орда сыртынан ат дүбірі шығып, іле күмбір-

лей кісінеген дауыс естіледі. Хан ордасына атпен келу рәсімде 

жоқ. Абылай хан бастаған батырлар мен билер елең етісіп, 

сөздерін тыяды. Сол екі арада, әлденеге елегізгендей үнмен 

тағы да кісінеген дауыс естіледі. Төлеңгіттердің бірі ордаға 

кіріп: «Хан ием, Жантай батырдың тұлданған аты ғой, жорық 

дүбірін сезіп, иесін іздеп жүрген сияқты»,—деп тіл қатады. 

осы кезде Жантай батырдың торы тұлпары құйрығы сабаудай 

болып, орданың алдынан ойқастай өтеді де, батырлардың аты 

байланған үйреншікті кермеге барып тоқтайды. Сонсоң ішін 

тартып тағы бір қоңыраудай күмбірлеп кісінейді. 

Күтпеген көрініс ордадағылардың есіне Жантай батырды 

түсіріп, мұңайтып тастайды. Сонда Абылай хан да көзі боталай 

мұңайып: «Қайран Жетім торы, иесін сағынған екен ғой... Бізге 

де керек ер еді-ау!»—деген екен.

Абылай ханның «Жетім торы» атты күйінің дүниеге келуіне 

осы бір оқиға себепші болып еді дейді. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет