«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет14/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

168. «Әуппай»

(ІІ нұсқа)

Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін 

төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала 

көтерген бір әйел келеді. өзі арып-ашқан әйелдің емшегінен сүт 

шықпай, аш бала уанбай жылай береді. ол дарияның ортасын-

да ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қа-

рап, баласын: «Әуппай, әуппай»,—деп жұбатып тұрады. Сонда 

қолынан келер қауқары, жәрдем берер халі жоқ күйші: 

Айналайын балам-ай, 

Жас балаңа алаңдай, 

Аш болсаң да, ойыңда

Аман сақтау балаңды-ай,—

деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй 

тілімен сөйлеткен екен. 



169. «Башпай» 

Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуында «Башпай» 

Қорқыттың ең соңғы тартқан күйі еді дейді. Қырық жыл 


152

153


күй және күйшілер туралы аңыздар

өлімнен қашқан Қорқыт ақырында Сырдың суынан сауға тау-

ып, дарияның бетіне Желмаясының жабуын төсеп, соның 

үстінде күндіз-түні қобызын сарнатып, ажалды аластап отыра-

ды ғой. Сол күндерде Қорқыттың Ақтамақ атты қарындасы да-

рияны кешіп, тамақ алып келіп тұрады екен. 

Бірде Қорқыт қарындасының алып келген дәмін татып 

отырғанда алай-дүлей дауыл соғып, толқын тұрып, бұлардың 

берекесін алады. Сол бір аласапыран шақта Қорқыттың баш-

пайы қарындасына тиіп кетеді. Байқаусызда болған осы жағ-

дай өле-өлгенше Қорқыттың есінен кетпей, өзін күнәлі сезініп, 

пұшайман болады екен. 

Күндердің күнінде, дарияның бетінде жүз жыл бойы ажалды 

жолатпай өмір сүрген Қорқытқа қапысын тауып ажал шіркін 

жетіпті дейді. Сол күні әдеттегідей Ақтамақ ағасына дарияны 

кешіп тамақ алып келеді. Тамақтан соң Қорқыт маужырап, 

қалғып кетеді. Дамылсыз сарнаған қобыз үні бір сәт толас 

тауып, қарындасы ағасының оянуын күтіп отырады. 

осы кезде қобыз үнінің тынған сәтін пайдаланып, дәм сал-

ған қоржынмен бірге ілесіп келген сақиналы зәрлі жылан өр-

ме леп келіп Қорқытты шағып алады. Қорқытты жүз жыл бойы 

аңдыған ажал осылайша жылан болып келіп, қапысын тауып 

еді дейді. 

Айтқанша болмайды, Қорқыттың бойына ажал уы жайы-

лып, өлімге бой ұсына бастайды Сонда, көз алдында дәрменсіз 

шырылдаған қарындасымен арыздасып, қоштасып, көптен 

көкейінде жүрген соңғы тілегін айтады. «Ажал шіркін қапыда 

тұзаққа түсірді. Бір өкінішім—осы. Екінші өкінішім—баяғыда 

Сырдың бетін дауыл шалғанда өзіңе башпайым тиіп кетіп еді. 

Кешілмейтін күнәм сол. Қасиетті Сыр-ананың жағасында ма-

ған арналған мола қазулы тұрған болар. Мені жерлегенде екі 

башпайымды ашық қалдырыңдар. өміріме серік болған қасиет-

ті қара қобызымды өзіммен бірге көміңдер. Мен өлсем де, менің 

атымды атап, ұрпағымның есіне салып жатар. Хош жарығым! 

Жылама, жылама, жылағанмен бола ма?!»—дейді Қорқыт. 

Қарындасы: «Аға, ағатай, асқар тауым, алтыным!»—деп еңіреп 

қоя береді. 

Сол жерде Қорқыт соңғы күшін жиып, қобызын қолына 

алып, қарындасын жұбатқандай болып, бірер қайырым күй 

шалған екен. 

Қорқыттың осынау соңғы күйі «Башпай» деген атпен ұр-

пақтарының есінде қалыпты. Ал қара қобызы болса Қорқыт 



154

күй аңыздар

өлгеннен кейін моласының ішінен «Қорқыт, Қорқыт!» деп 

күңіренген дыбыс шығарып жататын болыпты. 



170. «Байлаулы киіктің зары»

Қорқыт жер бетіндегі жан-жануарлардың барлығының ті-

лін біледі екен. Бір күні Желмаясымен келе жатса, бір киіктің 

маңыраған даусы құлағына шалынады. ол: «Қос лағым жетім 

қалады-ау, шөпке ауызданбаған сорлылардың күні не болмақ? 

Тым болмаса, соңғы рет емізіп, иіскеп, мауқымды басып та қа-

ла алмадым»,—деп зарлайды. Қорқыт жан-жағына бағдар лап 

қараса, бел астында тігулі тұрған қараша үйді көреді. Киік 

сол үйдің алдында көгендеулі тұр екен. Киікке жаны ашыған 

Қорқыт үй иесіне: «Мына жазықсыз жануарды жібер, өз беті-

мен тамақ тауып жеуге ауызданбаған егіз лағы бар екен, обалы-

на қалма»,—дейді. Қорқыттың бұл сөзіне құлақ аспайды. 

—онда мен киікті босатқаның үшін ақысын төлейін,—десе, 

үй иесі: 

—Жоқ, мен мұның сүтін сауып ішіп отырмын, кешке сойып 

жеймін,—деп оған да көнбейді. Басқа амалы қалмаған Қор-

қыт: 

—Болмаса киіктің орнына мені кепілдікке ал, оны босат. 



лақтарын тауып алып, емізгеннен кейін қайтып келеді. Егер 

сол кеткеннен оралмаса, менің Желмаямды сойып же,—дейді. 

үй иесі киікті босатып жібереді. Киік байлаудан босана са-

лысымен, тау-тасты кезіп жүріп лақтарын тауып алады. олар-

ды емізгеннен кейін, қас қарая қайтып келеді. осы оқиғадан 

кейін Қорқыттың «Байлаулы киіктің зары» күйі дүниеге кел-

ген екен. Бұл шығармасында күйші қаталдық пен мейірімді лік, 

жауыздық пен қайырымдылық жайында толғанады. 



КЕТБҰҒА /XIII ғасыр/

171. «Ақсақ құлан»

(ІII нұсқа)

Атының тұяғы жеткен жерге әмірін жүргізген әйгілі Шың-

ғыс ханның Жошы деген ұлы болған. Жошы да хан боп өткен. 

Даңқты әкесінен тиген еншісі—ұлытау мен Азау теңі 

зі 

нің 


154

155


күй және күйшілер туралы аңыздар

арасында керіліп жатқан байтақ далада алғаш Алтын орда 

мемлекетінің шаңырағын көтерген. Құландай жөңкілген көш-

пелі елдің басын қосып, әмірін жүргізген. 

Шыңғыс ханның Қоңырат руының қызы Бөртеден көрген 

алғашқы перзенті осы Жошы хан екен. Бөртеден мұнан басқа 

Шағатай, үгедей, Төле деген ұлдар көріп, оларға да өз алды-

на енші бөліп беріп, бөлек-бөлек ел еткісі келгені шежіреден 

белгілі. Бірақ тақтың буы туғанына қарата ма, Шыңғыстың 

көзі жұмылысымен-ақ балаларының арасындағы иеліктері ара-

дара болып, шілдің қиындай ыдырап кеткен ғой. 

өз кіндігінен тараған балаларының ішінде Шыңғыс ханға 

ертерек серік болып, талай-талай қанқасап соғыстарда жеңіс 

туын желбіреткен сүйеніші Жошы хан болса керек. Бірақ 

Шыңғыс ханның жанын жегідей жеген бір түйткіл мәңгілік 

жүрек түкпірінде шемен болып жататын еді дейді. онысы—

ертеректегі бір соғыста келіншегі Бөрте меркіттердің қолына 

тұтқынға түсіп, кейін Шыңғыс хан құтқарып алғанда осы 

Жошы хан іште келіп еді деген әңгіме. «Шешенікі—хақ, 

әкенікі—нәркүмән» деген емес пе, осы жағдай Шыңғыс ханды 

мәңгілік күмән құрсауында өткізген ғой. Алайда Жошының 

қалтқысыз перзенттік көңілі мен жойқын ерлігі, әскери ша-

лымды өнері мен адалдығы әкесінің әлгіндей күмәнді ойларын 

ұдайы сейілтіп отырады екен.

Содан, әкелі-балалы Шыңғыс хан мен Жошы ханның ара-

сына сызаттың түсетін кезі—Сыр мен Әму бойына шабуыл жа-

сайтын тұс еді дейді. оның себебі—Қызылқұм мен Қарақұмды 

қыстап, жазға қарай шашырай көшіп-қонып жүрген көшпелі 

елдің ішінде қоңырат тайпасы да болған ғой. Ал қоңыраттардың 

Жошыға нағашы жұрт екені белгілі. Сонсоң да, Жошы наға-

шы жұртына іш тартып, аяусыз қан төгуден тартынады екен. 

Тіптен, қанша күші жетіп, құдіреті асып тұрса да, Жошының 

үргеніш қаласын алты ай қоршап, мәмілеге шақырып жатып 

алуының бір сыры осы екен. Әрине, мұндай нәуетек, жал пақ-

шешейлік Шыңғыс ханның табиғатына жат, әрі бетіне шіркеу. 

Міне, әке мен баланың арасындағы қырбайлық осылай баста-

лады. Тіптен, бара-бара Жошы хан әкесінің қанқұмар жоры-

ғы нан жалыққандай шырай танытып, батыс пен оңтүстік ел-

де рі не жасауға тиісті шабуылдан тартыншақтай береді. оның 

орнына сахараның көк шалғынды самалды белдеріне ордасын 



156

күй аңыздар

қондырып, төңірегіне әнші, күйші, саятшы, батыр, балуан 

жігіттерді жинап, серілік құрып, сайран салуды әдетіне ай-

налдырады. Сары қымызды сапырып, бір мезгіл жез таңдай 

әнші, айыр көмей ақындар мен дәулескер күйшілердің өнерін 

тамашаласа, енді бірде Сарыарқа мен Сырдың арасындағы 

сайын далада құлан аулап, оның айнадай жалтыраған өзен-

көлдеріне қыран құстарын жабады екен. Жошы ханның тек 

қана томағалы бүркітінің, қоңыраулы қаршығасының, сақи-

налы сұңқарының өзі сегіз жүзден асушы еді дейді. Сонда, 

күз айларында Құланөтпес, Сарысу, Атасу өзендерінің бойын-

да қыранның қияғы мен сұңқардың тұяғы жебедей суылдап, 

қылыштай жарқылдап, аспан астында қанды шайқас болып 

жатқандай әсер береді екен. Мұндайда Жошы хан ерекше ма-

ғұрланып: «Әкемнің жеңілуді білмейтін әскерінен гөрі, менің 

қырандарымның соғысы қызық!» дейді екен.

Әрине, арқасүйер ұлының бұл қылығы Шыңғыс ханға жет-

пей жата ма? онда да, жай жетпейді, қырық құбылып, сан саққа 

жүгірген өсек сөз шындыққа бергісіз болып жетеді. өзін аспан 

астының әміршісі санайтын Шыңғыс ханға мұндай қауесет 

ұнамайды. Жай ғана ұнатпау емес, баяғы іште шемен болып 

қатып жатқан күдік-күмәні қозып, алқымына запыран ашу бо-

лып кептеліп, аласұртады ғой. оның үстіне Шыңғыс хан мән-

жайды әбден білгісі келіп, Жошыны бір-екі рет шақыртқанда, 

қызық-думанмен жүріп құлақ аса қоймайды. Жошының бұл 

мінезі Шыңғыс ханды біржолата ширықтырып, ашу үстінде 

аяусыз жазаға әмір береді ғой. 

Шыңғыс әулетінің жазасы белгілі. Айыптының белін қайы-

рып, омыртқасын үзіп өлтіру керек. осы ниетпен Шыңғыс 

ханның жасырын жасағы Жошының аң аулап жүріп, оңаша-

ланатын сәтін бағады. 

«Аңдыған жау алмай қоймас» деген, күндердің бір күнінде 

аз ғана серігімен құлан аулап, шығандап жүрген Жошы хан 

аңдушылардың құрсауына тап болады. Талай қан майданда 

туы қисаймай шыққан Жошы хан оңайлықпен берілмейді. 

Бүкіл серіктері қырылған соң да жалғыз өзі жойқын ұрыс са-

лады. Бірақ сайланып шыққан күші басым қарсыласы шыдат-

пайды. Алдымен бір қолын қылышпен шауып түсіреді. осыдан 

кейін қансырап, ат жалын құшқан Жошының омыртқасын 

қайырады. 


156

157


күй және күйшілер туралы аңыздар

Сағымды далада Жошы ханның жаны кеудесінен шығар-

шықпаста көкжиекті шаңдата жосылтқан хабаршы көрінеді. 

Бұл Шыңғыс ханның сауғасын, кешірімін жеткізуге асыққан 

хабаршы еді дейді. Жай ғана сауға емес, «Жошының өлімін 

ескерткеннің көмейіне балқыған қорғасын құйылсын!» деген 

қарғыстай жарлығы қоса жетеді. 

Енді қайтпек керек? Болар іс болып қойды. Қандай құдірет 

болса да қайтып Жошыны тірілте алар ма?! Сол жерде қанды 

қол тобыр «ханның ұлы құлан аулап жүріп мерт болды!» деген 

сылтауды желеу етіп, Жошы ханның жансыз денесін ордасына 

алып қайтады. 

Енді Шыңғыс ханға қалай естірту керек?! Жұрт қиналып, 

сеңдей соғылысады. Жанын қиып, суырылып шығар ешкім 

болмайды. Ал жаман хабарды жасырып қоя ала ма?! онда да, 

Шыңғыс ханнан мүмкін емес. осылайша, ел есеңгіреп, дал бо-

лады. 

Сол кезде Шыңғыс ханның оң тізесін баса отыратын, Най-



маннан шыққан Кетбұға деген жырау бар екен. Жұрт амал тап-

пай қамалып тұрғанда, Кетбұға суырылып шығып хан ордасы-

на беттейді ғой. Табалдырықтан аттай бере Кетбұға: 

—уа, хан ием, саған Тәңірінің рахметі жаусын һәм сенің 

қол астындағы барлық жанға тыныштық болсын!—дейді. 

өз жарлығы өзіне шаншудай қадалып отырған Шыңғыс 

хан түнерген қалпы: 

—Саған не керек!—десе керек. 

Сонда Кетбұға жырау: 

—Хан ием, мен бүгін бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен 

көкірегіме қайғы-шер толып, өзіңе ғана мұңымды шаққалы 

келдім!—дейді де, қолындағы домбырасын бебеулете жөнеледі. 

Алғашқыда мың сан тұяқ дала төсін дүбірлетіп, делебені 

қоздыра еліктіргендей болады. Бұған бір сәт селт етіп, көңіл 

бөліп үлгермейді, домбыра шанағынан азынап өрген азалы үн 

Шыңғыс ханның еңсесін қайта басады. Сол азалы үн үдей өк сіп, 

орны толмас өкініштің лебіндей шегін тарта сарнайды. Әл гін-

де ғана желдей жүйткіген мың сан тұяқтың дүбірі енді қара лы 

хабар жеткізген бейбақтың ширыққан зарындай жонын шы-

мырлатады. 

—япыр-ай!—дейді Шыңғыс хан.—Бұл не ғажап! Тап Жошы 

өлгендей жүрегімнің егіліп қоя бергені қалай! 



158

күй аңыздар

Шыңғыс ханның аузынан осы сөздің шығуы мұң екен, 

сыртта қамалып, дағдарып тұрған халық «Хан иемнің өзі айт-

ты, Жошыдан айырылдық!»—деп ұлардай шулап, еңіреп қоя 

береді. Болған істің шындығына енді көзі жеткен Шыңғыс хан 

сол жерде бармағын шайнап, екі иіні селкілдей еңірейді. 

осы кезде Кетбұға жырауға да тіл бітіп, домбырасын бебеу-

лете қағып, былай дейді: 

«уа, иеміз, Шыңғыс хан!

Домбыра не деп жырлайды, 

Сарнап бір дауысын қырнайды, 

Құлағың сал осыған...

Ақсақ құлан, қу құлан, 

Қияннан қашқан ту құлан, 

Қиырсыз құба далада, 

Аңда жүрген балаңа 

Кез болып бір қашыпты, 

Белден белге асыпты. 

Ақсақ құлан, Жошы хан, 

Елсіз құба далада, 

Қат-қат бұдыр салада, 

Мекендеп өрген өрбісіп, 

ордалы құлан жосыған. 

Қуып ақсақ құланды, 

Мінгені тұлпар құнанды, 

ордалы үріккен құланға 

Құйғытып ойнап қосылған, 

өлім деген Тәңір ісі, 

Желіккен құлан әңгісі, 

Құлан мен тұлпар еліккен, 

Жосыған құлан желіккен, 

Балаңды шайнап өлтіріп, 

Жұлмалап, жалмап кетіпті 

ордалы құлан шошыған. 

Жұрттың аузы бармаған, 

Сөзді айтып жырлап зарлаған

Домбыраның балаңды 

Естірткені осы, хан! 

өзгеге артпа жалаңды, 



158

159


күй және күйшілер туралы аңыздар

Еліктірген балаңды 

Сол қу құлан, ту құлан, 

Балаң өлді—Жошы хан! 

Нансайшы, ханым, осыған!»

Хан жарлығы екі болмайды, сол жерде Кетбұға қолындағы 

домбыраның қалақ бетін ойып, жаман хабарды естіртуші ретін-

де шанағына балқыған қорғасын құйылады. Домбыра беті нің 

ойық болуы содан қалып еді дейді. 

Қаралы хабар жеткен соң, Шыңғыс хан өзін-өзі іштей қажап, 

өкініштің уына белшесінен батып, үш күн, үш түн дөңбекшиді. 

Ешбір басу сөзге жұбанбай, қайғы өзегін өртеп, құмыға береді. 

Сонда Шыңғыс ханның бәйбішесі, ақылы кемел Бөрте ал-

дымен ес жиып, болған іске беріктік танытып, күйеуіне былай 

деген екен: 

—Хан ием, сен қайғырып жатқанда халқың ғау-ғау көте ріп, 

бүлік шығарғалы жатыр! 

—Е, менің халқым бүлік шығаратындай не болыпты?!—

дейді Шыңғысхан. 

—Сенің халқыңды екі дай етіп, егеске түсірген дау бар 

көрінеді,—депті Бөрте,—оның себебі, бір бай өзінің ықыласы 

ауып, көңілі жарасқан тамырына ат басындай алтын сыйлаған 

екен. Сәті түсіп, орайы келгенде қарымтасын қайтарар деп ой-

лайды бай. Бірақ арада біраз уақыт өтсе де, тамыры қарымта 

қайтаратын шырай танытпайды. Сонда бай ренжіп, өз алты-

нын қайта сұрайды. Тамыры бермей, дау болып, төрелету үшін 

биге жүгінсе, билер де әділдік қылмай, жартысы «бергенін 

қайтарсын» дейді, жартысы «қайтармауға тиісті» дейді. осы-

мен елдің арасы екі дай болып тұр. 

Мұны естігенде Шыңғыс хан ренжіп: 

—Ах, бұлары қалай! Билік әділ болмаған екен. Сыйды ала 

білген кісі, бере де білсе керек емес пе!—депті. 

Бөртенің де күткені осы болса керек: 

—Хан ием, сабыр қыл! Тәңірім саған бала беріп еді, оны 

уақыты жеткенде өзі алды. Құдіреттің ісіне көну керек. Тәңірі 

саған Жошыны сыйлап еді, енді сол сыйын мерзімі келгенде сен 

де қиналмай қайтара біл!—деген екен. 

Шыңғыс хан Бөрте бәйбішенің осы бір басу сөзінен кейін 

есін жиып, еңсесін көтереді. 


160

күй аңыздар

Сол кезде Шыңғыс ханның Домбауыл деген адал берілген 

құлы бар екен. Бала кезінен көз алдында өскен Жошыға де-

ген Домбауылдың көңілі алабөтен болса керек. Жошының 

өлімінен кейін Домбауыл ант суын ішіп, жер бетінен құлан 

тұқымын құртпақ болады. Сөйтіп, байтақ даланың шығысын 

орап Тарбағатай тауынан Іле өзеніне дейін құлан өте алмайтын 

ор қазады. Батысында Құланөтпес, Терісаққан өзендерінің ар-

насын тереңдетеді. Сонан соң Қабанқұла, Әңкей, Бөкен деген 

үш тұлпарды баптап, құлан аулауға шығады ғой. Батысы мен 

шығысы орланған құландар үйір-үйірімен Бетпақтың шөліне 

жөңкіледі. Домбауылдың күткені де осы. Шөлге шығандатып, 

шалдыққан құландарды Домбауыл аяусыз қырады. Бетпақтың 

байтақ даласы қан сасиды. 

Содан, күндердің бір күнінде Домбауылдың салған сүргіні-

нен бес құлан сытылып шығып, Шу өзенінен әрі өтіп кетеді. 

Шудың табанына жете бере Қабанқұла шөлден ұшып өледі. 

Әбден титығына жетсе керек, кешікпей-ақ Әңкей де зорығып 

өледі. Кейін, жаңағы аман қалған бес құланнан тұқым тарап, 

кең дала қайтадан құланға толған екен дейді. 

172. «Ақсақ құлан»

(ІV нұсқа)

Қылышынан қан тамған Шыңғыс хан шолғыншы ұстай-

ды екен дейді. Дүниенің төрт тарабындағы жаңалықты сол 

шолғыншылар хан ордасына жеткізіп тұрады екен. Күндердің 

күнінде шолғыншылардың бірі әдеттегідей көргенін айтып 

келеді. «осындай, «Саруалының арығы» деген жерде болдым. 

ордалы құланның мекені екен. Маңайына ешкімді жолатпай-

ды. Маңына келгенді теуіп, таптап, шайнап өлтірердей. Әйте-

уір, атымның жүйріктігінен әзер қашып құтылдым»,—дейді. 

Сонда Шыңғыс ханның қасында отырған Жошы деген ба-

ласы: «ой, ақсақал, адамды құлан теуіп өлтіреді дегенге сен-

бей мін»,—депті де, өзінің сенімді деген қырық жігітін қамдап, 

құлан ордасына бармақшы болыпты. Қырық жігіт: «Бармай-ақ 

қойсаң қайтеді» деген екен, оған хан баласы көнбейді. 

Содан, Жошы қостанып қырық жігітін ертіп аттанып кете-

ді. Шолғыншының айтқанындай, Саруалының арығы құлан 

ойнағына айналған екен. Аң деген көздің құрты ғой, сол жерде 


160

161


күй және күйшілер туралы аңыздар

Жошы жеңілдік үшін қызыл шекпенін киіп, қобылы садағын 

алып, құлан ордасына қарай қасқайып тура жүреді. Ал, қырық 

серігі болса жүрексініп, жабынды тасаны баспалай ілесіп оты-

рады. 

Жошының қарасын көрген құлан ордасы шоқтай болып 



иіріледі де, ішінен бір ақсақ құлан бөлініп шығып қарсы жүре ді. 

Сол бетінде осқырына одағайлап келіп, жерді тарпып жібер ген-

де жер бетін сасық қара тұман басып кетеді. осы кезде Жошы-

ның қырық серігі енді қайттік деп аңырып тұрғанда: «Қырық 

жігіттен қаша жүріңдер, қызыл шекпенді баса жүріңдер!» деген 

дауыс естіледі. Сөйткенше болмайды, аспан астын дүсірлеген 

көп тұяқ кернеп, алағай да бұлағай болып кетеді. 

Бір мезгілде тұман ашылады. Қырық жігіт андағайлап 

қараса, құлан да жоқ, хан баласы да жоқ. Тек қана, жердің ас-

тын үстіне шығарғандай болып, қалың құланның шұбырынды 

ізі жатыр. Қырық жігіт үш күн бойы сол шұбырынды ізді тінте 

қарап жүріп хан баласының шынашағын ғана тауып алады. 

Шынашақты жерлеп, хан баласына лайық күмбез тұрғызады. 

Содан, қырық жігіт қайғырып елге оралады. Болған істі 

айтуға ешқайсысының жүрегі дауалмайды. Шыңғыс хан болса 

жігіттердің келгенін естіп: «Менің балам аңнан оралғанда ма-

ған соғып өтуші еді ғой. япыр-ай, балам жазым болған-ау!»—

деп уайым шегеді. Жазғырар ешкімді білмей аласұрып: «Кімде-

кім баламның жаман хабарын жеткезсе, көмейіне балқыған 

қорғасын құйылады!»—деп жар шашады. Бірақ жарлық ханға 

бала бола ма, сол қалпы жүрегі жамандықты сезіп, қайғырып 

жатып алады. 

ол кездің дәстүрінде қандай қаза болса да, жетісіне дейін 

естірту қажет екен. Жошының жетісі тақалған сайын халық 

не істерін білмей ұйлығады. Сол кезде Найманнан шыққан 

ұлы жыршы Кетбұға деген домбырашы: «Қой, хан баласының 

өлімін естіртпей болмас, домбыраға тіл бітіргенім рас болса, мен 

барайын!»—деп, Шыңғыс ханның ордасына келеді. Келсе, хан 

қайғыға қамалып, теріс қарап жатыр. Кетбұға орданың орта-

сына тізе бүгіп, домбырасын тарта бастайды. Бұл күй «Құлан 

ойнақ» деп аталады. Ел ішінде «Құланның жүрісі» деп тартатын 

домбырашылар да бар. Әп дегенде лепілдеп, екпіндеп естілген 

тың сарынға Шыңғыс хан елең етіп құлақ түреді. Домбыра одан 

сайын лепіріп, ұлы дүбірге ұласқан сәтте Шыңғыс ханның көзі 

11-136


162

күй аңыздар

жайнап, әлдебір үміт күші сілкіп тұрғызғандай басын көтеріп 

отырады. Домбыра үні оның көз алдына баласы Жошының 

арындап, құланды қойдай қайырып жүргенін елестетеді. /осы 

кезде домбыра құлан үйірінің құйындай ұйтқып жөңкілгенін, 

мың сан тұяқтың дүбірін білдіргендей серпи қағылады/. 

Шыңғыс ханның басын көтеріп алған Кетбұға енді домбы-

расына шымшымдап бөлек сарын, бөтен дыбыс қосып екінші 

күйін бастайды. Бұл күйі «Естірту» деп аталады. Әлгінде 

ғана аңның апшысын қуырған елес әп-сәтте сейіліп, ханның 

құлағына бір хабар еміс-еміс жеткендей болады. Бір уақытта 

домбыраға тіл біткендей: «уа, иеміз Шыңғыс хан, балаң өлді—

Жошы хан!»—деп сұңқылдай сарнап қоя береді. 

Сол кезде Шыңғыс ханның дауысы саңқ етіп: «Тоқтат, сенің 

тартар, менің естір күйім емес екен. «Балаң өлді—Жошы хан» 

деп тұр ғой!»—дейді. 

Кетбұға болса сабырмен: «Ай, тақсыр, балаңыздың өлімін 

өзіңіз естірткеніңіз не болғаны»—деп уәж айтады. Сонда 

Шыңғыс ханның мысы құрып: «Қап, мынау ауырлықты өзіме 

аударып кетті-ау!.. Жарайды өз жарлығымды өзім аттамай-ақ 

қояйын. Бірақ жаман хабардың аузымнан шығуына себепші 

болғаның үшін жазаланасың! Сені Айдаһарлы тауы ның ал қы-

мын дағы айдаһар үңгірінің аузына алып барып тас тай ды!» — 

деп, нөкерлеріне әмір береді. 

Сол жерде хан бұйрығын қаза қылмайтын нөкерлер Кет-

бұғаны дедектетіп алып жүріп, айдаһар үңгірінің аузына топ 

еткізіп тастап кетеді. 

Айтқанша болмай, адам иісін сезген айдаһар ширатыла 

серпіліп үңгірден шығады да, лебімен тартып Кетбұғаны жұ туға 

оңтайланады. Сонда, басқа шарасы қалмаған Кетбұға жүре леп 

отыра қалып, домбырасын көкелете сұңқылдатып, бір күйді 

тарта жөнеліпті дейді. Бұл күй «Айдаһарды арбау» деп ата ла-

ды. Кейбір күйшілер домбыраға «көке-көке» деген сөздің ыр ға-

ғын келтіре тартатын болғандықтан, бұл күйді «Көке-көке» деп 

те атайды. 

Күй сарыны естілуі мұң екен, айдаһар сұлық түсіп, иегін 

жартасқа сүйеп, қимылсыз қалады. Бір мезгілде күй бітеді. Сон-

да айдаһар манаурай қимылдап, ініне қайта кіреді де, кешік пей 

ат басындай алтын алып шығады. Алып шыққан алтынын «уф» 

деп үріп, Кетбұғаның алдына түсіреді. 


162

163


күй және күйшілер туралы аңыздар

осылайша, ханның қаһарынан, айдаһардың айбарынан аман 

қалған Кетбұға домбырашы мұратына жеткен екен. 

«Ақсақ құлан» күйіне қатысты үшінші аңыз Қазақстан ның 

шығыс өңірінде айтылады. Күйдің сарын-сазы да бөлек. 

Бұл аңызда да баласы Жошының өлімін естіп Шыңғыс хан-

ның ширығуы баяндалады. Ашу үстінде «қайтсеңдер де, балам-

ды өлтірген ақсақ құланды қолға түсіріңдер!» деп әмір етеді. 

Содан құланды қамалап ұстау үшін Тарбағатай тауынан ба-

стап, Іле өзеніне дейін ор қазылады. Қалың әскер ақсақ құланды 

қаумалап, орға тықсырып келгенде, қазулы ордан қарғып өтіп, 

Бетпақтың даласына шығандай шығып кеткен екен дейді. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет