«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет13/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

156. «Қорқыт»

(ІI нұсқа)

Қорқыттың қырық жыл ғана өмір сүретіні аян болады. осы-

дан кейін Желмаясын желдей ұшырып өлімнен қашады ғой. 

Қашқанмен Жаналғыш алдын орап, қайда барса Қорқыттың 

көрін қаздырып жатады. Бірақ көпке дейін Жаналғыш Қорқыт-

тың жанын алуға бата алмай, құр босқа төңіректеумен болады. 

Ақыры, бір күні Жаналғыш алтыннан сандық соқтырып, 

Қорқыттың жанын алуға бел буып, сайланып шығады. Мұны 

күні бұрын болжап білген Қорқыт ажалдың тұзағына түспеудің 

амалын ойлайды. 

Күндердің күнінде Жаналғыш ақыры Қорқытпен бетпе-

бет келіп: «Кір мына сандыққа!» деп бұйырады. Қорқыт болса 

күні бұрын ойластырған амалына салып: «Кіруін кірер едім, 

бірақ мына қалпымда сандыққа қалай сиямын? Алдымен өзің 

кіріп көрсет, сонан соң дегенің болсын!»—дейді. Сол жерде 

Жаналғыш сандыққа кіріп көрсетпекші болғанда Қорқыт оны 



142

күй аңыздар

тарс жауып, аузын ашылмастай бекітеді де, дарияның суына 

ағызып жібереді. 

Жаналғыш сандыққа қамалған қалпы ағып кете барады. 

Сөйтіп, халық көпке дейін өлім дегенді білмей, шат-шадымен 

ғұмыр кешетін болады. 

Сол кезде дарияның аяғында ауы бос шықпайтын керемет 

бір ақжолтай балықшы болады екен. Бірде Жаналғыш қамал-

ған сандық әлгі балықшының ауына түседі ғой. Балықшы «бұл 

не ғылған сандық» деп аузын ашқанда, сандық ішінен долдана 

ақырып Жаналғыш шығады. Ашу үстінде көзіне көрінген ба-

лықшының жанын алады. Сонан соң, Қорқыттың жанын алу 

үшін кектенген қалпы іздеп кетеді. 

Ал Қорқыт болса бұл кезде Жаналғыштың өкшесіне түске-

нін есіне алып, «аңдыған жау—алмай қоймас!» деп мұңайып, 

сол көңіл-күйін қоңырлатып қобызына салған екен. 

157. «Қорқыт»

(ІІІ нұсқа)

Жаналғыш Қорқыттың жанын алмақшы болып, өкшелей 

қуып қоймайды. Сонда Қорқыт тағы да бір амалын келтіріп, 

өзінен аумайтын қырық сурет салады да, қырық бірінші болып 

қатарына өзі отыра қалады. 

Сонан зәрін шашып, қаһарын төгіп, Қорқыттың жанын ал-

маққа Жаналғыш жетіп келеді ғой. Келсе, қаздай тізіліп бір-

бірінен айнымайтын қырық бір Қорқыт отыр дейді. Жаналғыш 

әрі қарап, бері қарап қайсысының Қорқыт екенін айыра алмай 

амалы таусылады. 

Жаналғыш шын түйіліп келген бір жолғы қаһарынан Қор-

қыт осылай құтылып еді дейді. осыдан кейін бұрынғыдан да 

жабырқап, қара қобызынан мұңды қоңыр күйлерді азыната 

төгетін болады. Қорқыттың қоңыр күйлерінің тартылу мәнісі 

осы болса керек. 

158. «Қорқыт»

(ІV нұсқа)

Қазақ халқы Қорқытты саз құдіреті, оның ішінде қобыз дың 

атасы деп атайды. Адам жанының ең асыл сыры қобыз үнін-


142

143


күй және күйшілер туралы аңыздар

де деп біледі. Сондықтан да өз кезінде бойларындағы құпия 

қуаттың сипатын жұртқа жария ету ісінде ел ішіндегі бақсы-

лар қобыз сарынын пайдаланып отырған. Қобызды дәріптеп, 

киелі саз құралы санатында жұрттың санасын ұйытып, жүре-

гін елжіреткен. Қобыздың сиқырлы қасиеті жалынды жырмен 

бейнеленген. 

«Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым.

Ақ қайыңның безінен

Айырып алған, қобызым.

үйеңкінің түбінен

үйіріп алған, қобызым.

өзегінен еменнің

ойып алған, қобызым.

Ақ ырғайын қиянның

Құлақ қылған, қобызым.

Қыл құйрығын құланның

Ішек қылған, қобызым.

Тәутекенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым.

Тобылғының шыбығын

Қияқ қылған, қобызым».

осылайша бұрқырата жыр төгу арқылы қобызбен күңі рен-

те күй шерте отырып, Қорқыт атаның жарық дүниеге құш-

тар лығын, өмірде жақсылықты асыру жолындағы арманын, 

қа жыр-қайратын аңыз қып айтады. Бабаның ұлы мұратының 

желісін қобыз сарынымен ел жүрегіне жеткізіп, ой-сананы 

тербейді, жанын елжіретеді. Сарнаған қобыз үні құдірет болып 

сезіледі. Ал домбырада шертілетін «Қорқыт» күйінің ырғағы 

да, желісі де өзгешелеу. Мұңды күңіреніс сарыннан гөрі толға-

ныс, бұрқаныс бунағы басым. Қасиетті бабамыздың басынан 

кешкен уақиғалар мен көңіл-күйін ашып, адам ойына ұлылық-

тың ұрығын себуге арналған сыңайы бар. осыған орай, аңыздар 

да сол мұраттан тарамдалады. 

Қорқыт ата желдей жүйткіген желмаясымен қалың қат-

парлы таулардың сай-саласын аралап, есілте жортып келе жа-

тады. Жайқалған жасыл нуға бөленген таудың бір жотасына 

шықса, екі жағы жалама жартасты шұңғыл аңғардың ішінде 

қиян-кескі соғыс жүріп жатыр екен. Қирай сұлаған адам 



144

күй аңыздар

өлігінен аяқ алып жүргісіз, әлі тірі қалғандары бірін-бірі най-

залап, қылыштап, таласқан итше шайнасады. Біреуді-біреу 

парықтамайды. Көздерін қан жапқан, әкесі қарсы келіп қалған 

баласын, ағасы інісін соққылайды. 

Ақыл-есінен адасып, құтырғандай арпалысады. Тағы аңша 

жұлқысып, бірін-бірі жүндей түтеді. осы арада Қорқыт ата 

төбенің басына отыра қалып, қобызын күңіренте сарнатады. 

Сиқырлы, зарлы сарын тау-тасты жаңғыртады. Зарлы үнге 

балқығандай тау шайқалып, жер теңселеді. Ес-түссіз алысып 

жатқан адамдар тәлтіректей теңселіп барып, сұлай-сүлай ке-

теді. Қан жоса боп жатқан өліктер қорғасындай балқып ериді 

де, әрқайсысы домалаған қой тастарға айналып кетеді. 

Күйін безілдете сарнатқан Қорқыт атаның жаны күйзеліп, 

ойы шалқиды. Мына тайпалардың адамдарына мына ұлы 

таудың құшағы тарлық етті ме? Туыстығынан бездірген обыр-

лықтың кесірінен бір-бірінің жаулығы соның салдары ма? 

Неге түбін ойламайды бұлар? Мынандай қанды қырғын ха лық-

ты құрдымға құлатпай ма? Жалпақ әлемнің құшағынан құ-

лашты еркін жаятын жер табылар-ай. Ал адам баласын ақыл ға 

келтіретін, өлімді тиятын шара бар ма? тәңір сормаң дай пен-

делеріңе өзің жар бола гөр!.. ендігі өмірімді, ақыл-ойым ды осы 

жолға жұмсайын... 

«Құлпырып тұрған қамқа тон,

Шүперек болар тозған соң.

Бүрлеп тұрған бәйшешек,

Қурай болар солған соң...»

Елінің қамын ойлаған Қорқыт атаның жүрегі қан жылай ды. 

Тайпаның тағдыры жанын күйзелтеді. Жердің желінін ембей, 

желкесінде ойнақтаған асау тайпаның күйреуі—қайғысы бола-

ды. осы қасіретті тебіреніспен Қорқыт ата желмаясына мінеді 

де, тынысы кең, тарпығы жоқ, өлімді білмейтін жер іздеу үшін 

дүниені шарлап кетеді. ұзақ жол тартады. Бір күні қалың 

орманның шетіне шығып, жалпақ жазыққа көз салып тұрады. 

Айналасына қараса, орманның шетінде біреу жер қазып жа-

тады. Бұл күннің батысына барған кезі екен. Әлгі жер қазып 

жатқан адамның қасына келсе, жас жігіт екен. Қорқыт ата жөн 

сұрайды: 

—Бір адамның өмірі өшкен екен-ау, бұл кімнің көрі? Жігіт 

жолаушыға қадала қарайды да:


144

145


күй және күйшілер туралы аңыздар

—Бұл Қорқыттың көрі,—дейді. 

Мұны естіген Қорқыт ата өзінің де қартая бастағанын сезеді. 

Бірақ адам баласын өлімнен құтқарып, бақытқа кенелтемін 

деген ойы жебейді. «Мен әлі мұратыма жеткен жоқпын, арма-

нымды орындамай өлмеймін». осы оймен артына бұрылады. 

Қатпар-қатпар құм кешіп, аңызғақ ескен жол басып, асқар-

асқар таулардан асады. Таудың етегіне түскен кезде жер қазып 

жатқан біреуді көреді. Дене бітімі шомбалдай жігіт ағасы екен, 

жөн сұрайды. ол да сұсты көзбен қарап, Қорқытқа көр қазып 

жатқандығын айтады. Алдынан шырадай жайнап шығып келе 

жатқан күнді көреді де, солға бұрылады. Қалың орман, қатпар 

таулардан, адырлы өлке, батпақты саздардан өтіп, жайқын те-

ңізге жетеді. Теңіз жағасында тасты ойып, жер қазып жатқан 

орта жастағы адамға кезігеді. ол да Қорқытқа көр қазып жат-

қандығын айтады. Қорқыт ата өзінің қуаты қайта бастағанын 

сезеді. Тағы да бөгелместен жылжып оңға бұрылады. Көлдерді 

жағалап, айдынды өзендерден өтеді. Жалпақ даланы шарлай-

ды. Алдынан айнадай жарқырап жатқан жалпақ өзен кезігеді. 

өзеннің жар қабағында бір шал жер қазып жатады. Шаршап-

шалдығып жеткен Қорқыт ата:

—о, қадірлі қария, бұл кімнің көрі?—деп сұрайды. Шал 

қамыға қарайды да:

—«өзекті жанға бір өлім», одан қашып қайда барып құ-

тылмақсың, Қорқыт? Бұл сенің көрің, енді осыған кір де, ты-

ныс ал!—дейді.

Қайда барса да өзіне қазылған көрге тап болған Қорқыт 

атаның көзіне өлім нышаны елестейді. Аппақ қудай сақалы 

желбіреп, сол арада жүгіне отыра қалады. «о, жарық дүние, қа-

діріңді білмеген адам баласына ақыл бер, қамқор бол! Жердің 

көркі елмен, елімді емірентпек едім, ол ойымды асыруға уа-

қы тым жетер емес. Жалғыз өзімнің қолымнан келмейді екен, 

соны білмеппін. Көп біріксе, көл емес пе, соны ойламаппын. 

Сол күйімді қолдай көр...».

Қорқыт ата сол арада жарық дүниеге тілегін айтып, өзінің 

ақырғы қоштасу күйін шерткен екен...

осы арман домбыра үнімен берілетін «Қорқыт» күйі мұң-

ды да, зарлы да емес, теңіздің толқынындай ширатыла бұ-

рал ған дауылды бұрқаныс, домбыраның бунақты үні, күм бір-

леген дүмбірлі сарынмен өне бойды шымырлатады. Жүректі 

10-136


146

күй аңыздар

тебірентіп, ғажайып сырлы ойларға батырады. Адамның са-

насын шайқап, жігерлі сенімге баурайды. Күй ырғағындағы 

тебіреніс ойға бөлеген толғаныспен құшағы кең әлемге жете-

лейді. Бауырмалдықтың, тіршіліктің сырын ұғуға баулиды. 

Жаныңды жайнатып, туыстық сезіміңді жетілдіреді. Қырқыс 

қиянаттан жирендіреді. 



159. «Аққу» 

(III нұсқа)

Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт бұрышын шарла-

ғанда жанынан сауғаны өзінің кіндік жұрты Сырдың суынан 

тапқан ғой. Желмаясының жабуын су үстіне төсеп, оған жай-

ғаса отырып алып, қара қобызын бебеулеткенде аңдыған ажал 

маңайына жолай алмаған. 

Қорқыт қобызды тынымсыз тартқан. ол қобыз тартқанда су 

ағысын тоқтатып, жел тынып, жан-жануар анталап келіп ұйып 

тыңдайды екен. 

Бірде Қорқыт әдеттегідей күй сазын сарнатып отырса, көкте 

ұшып бара жатқан бір топ аққу естіп, айнала ұшып, ақыры 

қанат бүгіпті дейді. Аққулар мұңлы күйдің дауысына елтіп, 

қара қобызға үн қоса бірге сұңқылдасып, Қорқытпен бірге 

мұңайған екен. 

Көңіліндегісін күй етіп шалатын Қорқыт құстың төресі 

аққудың мейірімді қасиетін қобызына салады. 

ұрпақ есінде «Аққу» күйі болып сақталған күй сол еді дейді. 

160. «Желмая»

(І нұсқа)

Қорқыт есейіп, бәсіре байланар жасқа келгенде Қыпшақ 

еліндегі нағашыларына барыпты. Нағашылары Қорқытқа 

«таутайлақтың» тұқымынан өркені түскен бота сыйлайды. Қор-

қыт ботаны нәрестедей мәпелеп, тіл-көзден қорғаштап, сылап-

сипап өсіреді. Тірсегі бекіп, табаны қата келе бота Қор қыттың 

соңынан қалмай ілесіп, бір сәт көз жазса боздап мазасы кетеді 

екен. Тайлақ болып, танауы тесілген соң да не келеге қосылмай, 

не бөтен адамды маңайына жолатпай, тек қана Қорқытқа ба-

уыр басып өседі. Тайлақтан кейін құнанша, одан әрі буыршын 



146

147


күй және күйшілер туралы аңыздар

болған шағында жүрісіне тұяқ біткен шыдамайтын, табаны 

мұздан таймайтын, жеті күн, жеті түн от оттап, су ішпесе, мыңқ 

етпейтін, тықыр бұйра Желмая болып шыға келеді. 

Қорқыттың «Желмая» күйі осынау қанатты көлігіне, сенім-

ді серігіне арналған екен. 



161. «Желмая»

(ІІ нұсқа)

Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойы-

луы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған 

жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қаша-

ды. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабы-

ғын жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі 

қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың атын «Қорқыт» 

қою керек деседі. 

Бір заманда біреулер түсінде Қорқытқа: «Қырық-ақ жыл 

жасайсың!»—деп аян беріп кетіпті, содан кейін Қорқыт желден 

жүйрік Желмаяны жазылап мініп, мәңгілік өмір іздеп шыға ды. 

Әлемнің бүкіл елдерін аралап, бәрінде де өлім бар екенін көр ген 

соң, Сырдарияға қайтады. Желмаясын құрбандыққа шалып, 

өзі судың үстіне кілем төсеп отырып, Қорқыт қобызымен өмір 

әнін шығарыпты. осы ән айтылып тұрған кезде өлім Қорқытқа 

жақындай алмайтын болыпты. Қалжыраған Қорқыт бір ме-

зет қалғып кеткенде, ажал оны жылан болып шағып, өлтірген 

екен. Бірақ Қорқыт күйі ажалмен айқасын тоқтатқан емес. Күй 

тартылған жерге ажал бара алмайды-мыс. Сол заманнан бастап 

Қорқыт бейнесі өмір үшін өлімге қарсы күреспен байланысты. 



162. «Елім-ай, халқым-ай!» 

Қорқыт қолына қобызын алып, Желмаясын желдіртіп, 

дүниенің төрт бұрышын кезіп жүрген шағында елінің тағдырын 

қырық жыл бұрын болжап, неше түрлі сәуегейлік ойлар ай-

тады екен. Халқының бақыты мен тыныштығын аңсап, қара 

қобызын аңырата толғайды дейді. Ел-жұрттың қолынан найза-

сы, иығынан сауыты түспейтін, аттың жалы, атанның қомында 

өмір өткеретін жаугершіл заманын елестетіп мұңға батса ке-

рек. 


148

күй аңыздар

осындайда қасиетті қара қобызын шамырқана толғап: 

Мұнан соң қилы-қилы заман болар, 

Заман азып, заң тозып жаман болар.

Қарағайдың басына шортан шығып, 

Балалардың дәурені қараң болар!—

дейді екен. 

Қорқыт атаның сол сарындары ел ішінде «Елім-ай, халқым-

ай!» деген күй болып тартылады. 



163. «Сарын»

(І нұсқа)

Қорқыт жиырма жасқа толғанда ақ сақалы беліне түскен, ақ 

таяғы көк тіреген әулие келіп, тағы да түсінде аян береді: «уа, 

Қорқыт, бұл жарық дүниеде саған қырық жыл ғұмыр маңдайы-

ңа жазылған, одан артық жүрмейсің!» дейді. ояна келсе түсі екен, 

әулиенің айтқан сөзі өңіндегідей құлағында қалып қояды. 

осыдан кейін-ақ Қорқыт қатты тіксініп, өлмеудің амалын 

іздеп, Желмаясына мініп, дүниені кезіп кетеді.

Күндердің бір күнінде Қорқыт дала кезіп келе жатса үпір-

шүпір болып жер қазып жатқан бір топ адамға ұшырасады. 

«Ау, бұл қазып жатқандарың не?»—деп жөн сұраса, әлгілер: 

«Қорқыт әулиенің көрін қазып жатырмыз!» деп жауап береді. 

Мұны естіген Қорқыт Желмаясын бұрып, келесі бір қиырға бет 

түзейді. Бірақ шаршап-шалдығып, енді бұйда тартып тыны-

ғам дегенде алдынан тағы да көр қазушылар ұшырасады. Жөн 

сұраса келсе, олар да Қорқыттың қабірін қазушылар болып 

шығады. осылайша, Қорқыт өлімнен қашып, дүниенің төрт 

бұрышын шарлағанымен, алдынан өзіне арнап көр қазушылар 

кездесе береді. «Қайда барсаң—Қорқыттың көрі!» деген ескі сөз 

осыдан қалыпты дейді. 

Содан әбден тарығып, титықтаған Қорқыт жер ортасына 

жетсем, жаным қалар деп, өзінің туған жері Сырдың жағасына 

жетеді. Сол жерде Желмаясын сойып, оның терісімен қаңсыған 

қара қобызын қаптайды. Сонан соң судың бетінен көр қазыл-

мас деп, Желмаяның жабуын Сырдың суына жаяды да, соның 

үстіне жайғасады. Сол жерде осындай халіне қамыға отырып, 

қара қобызын мұңды сарынға салған екен. осы сарынның бір 

қайырымы ұрпақтардың есінде сақталған ғой. 



148

149


күй және күйшілер туралы аңыздар

Қорқыт Сыр суының үстінде жүз жыл бойы өмір сүріпті дей-

ді. Бұл уақыт ішінде қобызын тоқтаусыз сарнатып, ажалды ма-

ңайы на жолатпапты дейді. Қорқыт қобыз тартқанда жел тынып, 

су ағы сын тоқтатып, жан-жануар ұйып тыңдайтын болса керек. 

164. «Сарын»

(ІІ нұсқа)

Қорқыт өлімге мойын ұсынбай, Сыр суының үстіне Жел-

маясының жабуын төсеп, қобызын толассыз сарнатып оты ра ды 

екен дейді. Қара қобызын сарнатып отырғанда ажал маңайы-

на жолай алмапты. Қобыз дауысы жеті күндік жерге жетіп, 

дүниенің бәрін сүттей ұйытса керек. 

Күндердің күнінде қиян шалғайда жатқан Арқадағы бір 

ауылдың серуен құрып жүрген қырық қызы Қорқыт қобызы-

ның дауысын естиді. Естулері мұң екен, қырық қыздың тұла 

бойы қорғасындай балқып, қобыздың талып жеткен үніне 

ынтыға құлақ түріп, өзге дүниені ұмыта ынтығады. Сол халде 

жеті күндік жерден талып жеткен қобыз дауысын бетке алып 

жүріп кетеді. Жүрген сайын үні айқындалған қобыз сазы қы-

рық қызды одан сайын баурап, үздіге шақырғандай болады. 

Қобыз дауысын ынтыға ұмтылған қырық қыз күн жүреді, 

түн жүреді. Жүрген сайын күйдің алапаты асқақтап, құдіреті ар-

тып, одан сайын баурай түседі. Қамсыз шыққан қырық қыз сол 

беттерінде Бетбақ деп аталатын елсіз-күнсіз шөлге тап болады. 

Табандары тілініп, еріндері кезеріп, жол азабынан гөрі шөл аза-

бы жандарына батады. Бірақ қыр астынан естілгендей сарнаған 

қобыз үні қыздардың сүлдерін сүйреп, сұңқылдай шақырады. 

Ақырында қырық қыздың отыз тоғызы Бетбақтың шөліне 

шыдамай, әбден титықтап, шөлден өледі. Тек бір қыз ғана таң-

дайы кеуіп, табанының ойылғанына қарамастан, Сырдың жа-

ғасына жетіп, Қорқыттың қарасын көргенде ес-түссіз құлайды. 

Қорқыт ақсақ қыздың аузына су тамызып, басын сүйеп, 

мән-жайды сұрап біледі. Басқа қыздардың шөл азабын тар тып, 

жолда қалғанын естіп пұшайман болады. 

Кейін жаңағы Арқадан арып-ашып жеткен ақсақ қызбен 

Қорқыт көңіл жарастырып, соған үйленген екен. 

Арқадағы қырық қызға талып жеткен Қорқыт қобызының 

сарыны ұрпақтан ұрпаққа «Сарын» деген күй болып жетеді. 



150

күй аңыздар

Күні бүгінге дейін Арқада, ұлытаудың батысында, Дулыға-

лы Жыланшық өзенінің сол жақ жағалауында «Сарын жеткен» 

деген шоқы бар. Жергілікті халық бұл шоқыны «Сарын тауы» 

деп те атайды. 

Ал Қорқыт көңіл қосқан ақсақ қыздың бейіті Қорқыт бейі-

тінің солтүстігінде, Арқа жағында күні бүгінге дейін бар. Жер-

гілікті халық бұл бейітті «Ақсақ қыздың мұнарасы» деп атайды. 

Бұдан да өткен қызығы—Сарын тауынан шығып, Сырдың 

жағасындағы Қорқыт бейітіне тура жүргенде, Арыс құмының 

батыс жақ өкпе тұсынан «Қыз қалған» деген жерді кезіктіруге 

болады. Бұл жер шынында ұшқан құстың қанатын талдыра-

тын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын қу медиен құла дүз.

Міне, туған жердің төсінде ата-бабамыздың шежіре сыры 

осылай сақталып келеді. 



165. «Тарғыл тана» 

Қорқыттың Желмаясы астында, қара қобызы қолында 

үнемі ел аралап, адасқанға жөн сілтеп, аңырғанға ақыл беріп

сәуегейлік құрады екен. Төңірегіндегі көзі көріп, көңілі түскен-

ді қобызына күй етіп қосып, алдағыны қырық жыл бұрын бол-

жайтын болыпты. 

Күндердің бір күнінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк 

тіреген бір әулие Қорқытқа түсінде аян береді: «уа, Қорқыт, сен 

өлімді аузыңа алмасаң, саған еш уақытта өлім жоқ!»—дейді. 

Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянады да, «Тәңірінің 

бұл да бір сыны болар» деп көкейіне түйіп алады. 

Содан жылжып жылдар, сырғып күндер өтеді. Ақ сақалды, 

ақ таяқты әулиенің айтқан өсиетін естен шығармай, өлім туралы 

сөзді аузына алмай, қобызын тартып, ел аралап жүріп жатады. 

Бірде Желмаясының бұйдасын тартып, бел жазып отыр-

са бір ауылдың тайлы-таяғы қалмай жабылып қашаған өгізді 

қайыра алмай жүргенін көреді. Сол жерде Қорқыт Желмаясы-

на міне салып, қашаған өгізді қайырып бермек болады. Бірақ 

өгіз Қорқыттың Желмаясына да бой бермейді. Қуа-қуа әбден 

титықтап шаршайды. Сонда Қорқыт: «Қап, саған өлсем де жет-

пей қоймаспын!»—деп Желмаясын тебіне түседі. осы сөзді ай-

туы мұң екен тарғыл тана тасқа айналып, қатып қалады. Тасқа 

айналар алдында тарғыл танаға тіл бітіп: 


150

151


күй және күйшілер туралы аңыздар

Менің өзім қара едім, 

Қарадан туған ала едім. 

Туған жерім—Қазалым, 

Мына тау болды-ау ажалым!—

деп дөңбекши ыңыранған екен. 

Сол жерде өлім туралы сөздің аузынан шығып кеткеніне Қор-

қыт қатты өкініп, мұңға батады. Бірақ болар іс болды, енді тағ-

дырдың жазуынан қашып құтылудың амалын ойлайды. Сөй  тіп, 

Желмаясын желдіріп, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. 

осы оқиға Қорқыттың қобызына «Тарғыл тана» деген күй 

болып шалынған екен. 



166. «Ұшардың ұлуы» 

Бір жесір кемпірдің жұрт аузына іліккен жалғыз баласы бо-

лыпты. ол кездегі жақсының әдеті—жүйрік мініп, ит жүгіртіп, 

құс салатын. Кемпірдің баласының да бір жүйрік аты, ұшар де-

ген құмай тазысы бар екен. Әсіресе ұшары қара жерден із кесетін 

аңсақ, иесіне адал қағылез, қанжығаның қанын құрғатпайтын 

жолды ит болса керек. Астындағы аты, соңындағы тазысы келіс-

кен соң, жігіт жиі-жиі аңға шығып, саятшылық құрады екен. 

Күндердің бір күнінде жалғыз жігіт тосын дертке шалдығып, 

дүние салады. Ел аза тұтып, арулап қояды. Сонан соң бұрынғы-

соңғының дәстүрі бойынша, өлік шыққан жұртты ауыстырып, 

ауыл қонысын өзгертіп, жаңа жұртқа аунап қонады. 

Жаңа жұртқа келген соң, жесір кемпір «жалғызымның көзі 

ғой» деп, тазыны іздесе жоқ дейді. Содан көңілі алаң болып, 

тынши алмай ескі жұртқа келсе, ұшар жас қабірдің басында 

иесін қимай ұлып отыр дейді. үшкір тұмсығын көкке қаратып 

ұлып, иесін жоқтап сарнаған ұшардың дауысын естігенде жесір 

кемпір: 


Жалғызымнан айырылдым, 

Қанатымнан қайрылдым! 

Ұшар, Ұшар, кә-кә!—

деп дауыс қойып, аңырап қоя береді. Ескі жұртта жалғызынан 

айырылған сорлы ана мен иесінен айрылған жетім тазы қосыла 

күңіренеді. 

осы бір қайғылы халді Қорқыт қобызына күй етіп шалған 

екен. 


152

күй аңыздар



167. «Әуппай»

(І нұсқа)

Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент 

көріпті дейді. Бірақ күндіз-түні ажалды аластап, қобызын 

сарнатқан Қорқыт баласы мен зайыбына көңіл бөле алмайды. 

Ал баласы мен зайыбы Сырдың жағасында өмірлерін өткеріп, 

Қорқыттың тілеуін тілеумен болады. 

Содан бала есейе бастағанда апасының бағып-қағып, ал-

дандырғанын місе тұтпай, қобыз тартып отырған әкесіне тал-

пынуды шығарады. уыздай білегін созып, бұлқына ұмтылып, 

неше түрлі қылық көрсете бастайды. Бұған Қорқыттың да 

жүрегі елжіреп, бауыры аяғының басына түскендей күй кеше-

ді. Бірақ, амал жоқ, қобызын тоқтатып, жағалауға шықса, 

ажал тұзағына ілігетінін біледі. Сонда Қорқыт баласына телміре 

қарап, көзі көріп тұрса да, еміреніп иіскей алмай, бауырына 

қысып, мауқын баса алмай мұңаяды. Мұңая отырып, баласын 

алдандыра жұбататын «Әуппай-әуппай» деген күй тартады. 

осы көріністің куәсіндей болып, ұрпақ есінде «Әуппай» күйі 

сақталған. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет