«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет12/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38

139. «Өрелі кер» 

(ІІ нұсқа)

Бір байдың өріс тола жылқысын жау айдап кетеді. Жау-

дың шапқыншылары қалың жылқыны қораға айдап келгенде 

байдың көзі ең алдымен қамыс құлақ кер атқа түседі. Бай жал-

құйрығы сүзілген, басқа жылқылардан зор кер атты ұстатады 

да, шідерлеп бөлек баққызады. Күндердің күнінде кер ат-

тың аяғындағы шідердің бір тиегі ағытылып кетеді де, кер ат 

өресімен қалады. өрелі кер ат қалың жылқы үйіріне келеді де, 

жылқыларды бастап еліне жетеді. Жау қолында кеткен қалың 

жылқысын неше рет шапқыншы жіберіп ала алмаған бай кер 

атқа риза болады да, ел ішіндегі күйшілерді жиып кер ат тура-

лы күй шығаруды тапсырады. Күйшілер күй атын «өрелі кер» 

деп қояды да, жаңа күй шығарады. 

140. «Өрелі кер»

(ІІІ нұсқа)

Байдың жылқысын шауып алған бай кері атты шідерлеп 

бөлек бақтырады. Жылқы соңынан қуа келген жылқышылар 

жылқыны тартып алғаннан кейін кер аттың жоқ екенін біледі. 

Сөйтіп, екі жігітті байдың ауылын торып, кер атты алып ке-

луге жібереді. Екі жігіт ел ішінің адамы боп ел қыдыра жүріп, 

байдың ауылының малын байқастап кері аттың шідерлеулі 

тұрғанын көреді де, ымырт жабыла атқа келеді. Кер атты 

жүгендеп, енді шідерін ағыта бергенде байдың қуғыншылары 

шу көтеріп, бұларға қарай құйғытып келе жатады. Шідерді 

ағытуға шамалары келмей сасқалақтаған екі жігіт шідердің 

бір тиегін ағытады да, өрелі керге мінгесе қашады. өрелі кер 

өресімен шапқанда қуғыншыларға жеткізбейді. «өрелі кер» 

күйі осыған байланысты шығарылыпты деген аңыз бар.



141. «Бейжін сары»

Ертеде малмен ғана күн өткізген қазақ халқы тіршілікке 

қажетті басқадай заттарды алу үшін басқа елдермен сауда-

саттық жасап тұрған. Басқа елдерге малдардың даяр өнімдерін 

бергенде ол елдерден әртүрлі бұл шай, қант сияқты заттар 


130

131


халық күйлерінің аңыздары

алған. Сондай сауда-саттық жүргізген қалаларының бірі 

Бейжін (Пекин) болса керек. Бейжінге дейін түйемен барып 

қайтатын болған. Сауда-саттық жасау ниетімен аттанған бір 

топ керуен талай шөлді, талай белді басып ұзақ жол жүреді. 

Адамдар да қажиды, мал да қажиды, бөтен жерді жерсінбеген 

мал жол-жөнекей бірлеп-екілеп өліп те отырады. Қажыған ке-

руен жол ортасынан астық-ау деген мөлшерде тағы тынығады. 

Керуеншілер түйені матап-байлап, жүктерін жиып тастайды да, 

өздері ұйықтайды. Керуеншілер жол бойында артына жиі-жиі 

қарап, ұзақ жолды боздаумен өткізген сары атанды «осы қа шып 

кетуі мүмкін» деп ойлайды да, жүгімен қойып, мұрынды ғы-

нан қазандай тасқа байлап тастайды. Түн ортасы болған ме зет-

те сары атан байлаған тасты тісімен көтеріп, жүгімен қашады. 

өскен жерін сағынған сары атан осылайша туған жеріне келеді. 

Түйе екеш түйенің туған жерге деген сағынышына таң дан ған 

сыбызғышы осы күйді шығарыпты. 

142. «Ат келді»

Бір тойда тұс-тұстан келген халық атпен бірге бәйгеге 

Көгалай дегеннің көк аты қосылады. Көк ат ұзақтан келген 

екен де, той істеген елдің ешкімі оның сырын білмейді. Сон-

дықтан оған назар да аудармайды. Қазақта тойдың сәні жүй-

рік пен жорға болғаны мәлім. Ат кеткеннен кейін қайтып 

оралғанға дейінгі әңгіме тек ат туралы болады. Біреу ананы, 

біреу мынаны айтып елпілдеген халық еліре сөйлеп алдыңғы 

аттың кімнің аты екенін білмейді, бірақ көк ат екенін толық 

айырып, сыбызғымен «көк ат келеді, көк ат келеді» деп күй 

шертіледі. Көмбеге бірінші боп Көгалайдың көк аты келеді де, 

сыбызғышының күйі «Ат келді» аталады. 



143. «Жеті атым»

өзі кедей, өзі сыбызғышы Делдал деген адам болыпты. 

Делдалдың бірінен-бірі өтетін жүйрік жеті аты болады. Бір 

күні жеті ат ұры қолына түседі де, жеті жүйрікті ұрылар алып 

кетеді. Жеті атын іздеп шыққан Делдал бүкіл елді араласа да, 

жеті атын таба алмайды, қай жақтан келген ұрыларға қолды 

болғанын да білмей тарығады. Жүре-жүре дымы құрыған Дел-


132

күй аңыздар

дал иен далада жалғыз торығып отырады да, беліне қыстырған 

қурай сыбызғысын қолына алып, өзінің осы өкінішті қалін 

сыбызғыға түсіреді. Тағы да ел аралап аттарын іздейді, енді 

сыбызғысын тартып, жаңа күйін көпшілікке естірте жүріп 

іздейді. Ел аралап бейсауат жүрген, сыбызғыдағы зарлы күйін 

тоқтатпай тартып, торығып жүрген Делдалдың әрекетіне 

таң болған төре сырын білу үшін шақыртып алып, жайын 

сұрайды. Делдал барлық жағдайды айтады. Сыбызғышының 

мүсәпір халін көріп жаны ашыған, өнеріне рахмет айтқан төре 

жан-жаққа кісі аттандырып, оның атын ұрлағандарды тауып 

әкелуді бұйырады. Жан-жаққа аттанғандар елді аралап жүріп 

жеті атын ұрлаған ұрыны тауып, атпен қоса алып келеді. Төре 

жеті атты Делдалға қайтарып береді. Сол Делдалдың жеті атын 

іздеп жүргендегі күйі «Жеті атым» деген күй екен. 



144. «Күй сандық»

Жаугершілік заманында бір ақсақал адам торғауыттардың 

қолына түседі. Торғауыттар оны ауылына әкеліп, аяқ-қолына 

кісен салып тастайды. Сол кезде ауылға бір сыбызғышы келеді. 

Ауыл адамдары жиналып, сыбызғы тыңдайды. Сыбызғышы 

«Күй сандық» күйін тартқанда тұтқын шал: «Мен осы күйге 

билейтін едім»,—дейді. Кісенді шешіп, шалды билетеді. Шал 

шебер биші екен. оның өнеріне сүйсінген торғауыттар басы-

на бостандық береді және алтын тон сыйлайды. «Күй сандық» 

торғауыттардың би күйі екен. 



145. «Жаяу дел-дал»

Ертеде бір сыбызғышы бай болыпты. Сыбызғының наз-

ды қоңыр үнін ести-ести жылқылары да сыбызғы даусына 

әбден үйреніп алыпты. Бай сыбызғы тартқанда өрісте жатқан 

жылқылары шұрқырап қораға келеді екен. Күндердің бір кү-

нін де ұрылар тобы келеді де, байдың жылқысын айдап кетеді. 

Бай ұры айдап кеткен жылқыларының ізіне түсіп артынан 

қуады. Бірақ көзіне ештеңе шалына қоймайды. Жылқысының 

қара сын көре алмай торыққан бай бір төбенің басына шығып 

алады да, дағдысына басып, сыбызғысын тартады. ұры 

қолында иірі ліп айдалып бара жатқан жылқы сыбызғы даусын 


132

133


халық күйлерінің аңыздары

естіп ұры лар дың қайыруына бой бермей, қайырыла қашып 

сыбызғы тартып отырған байдың қасына келеді. Таң-тамаша 

болған ұрылар жылқының соңынан қуа келсе, қалың жылқы 

байды қоршап тұрғанын көреді. Ашуланған ұрылар байдың 

қолын байлап тас 

тайды да, сыбызғысын бөліп лақтырып 

жіберіп, жылқыны айдап жүре береді. Қолы байлаулы бай 

жүріп отырып үйіне келіп, дел-дал боп отырып осы күйді 

тартыпты-мыс. 



146. «Ақсақ қаз»

(ІІ нұсқа)

Жазғы жасыл жайлаудың көз құртын тартар сәнінің бірі—

көл жағалай, өзенді бойлай жүретін, жайлау төсін думанға бө-

леген қаз болса керек. Ақ қанат балапандарын артынан ертіп, 

өзіне тән үнімен өмір әнін шырқаған бір топ қазға ат мініп, 

ел қыдырудан басқа шаруасы жоқ мергенсымақ жігіттің көзі 

түседі. ол бейғам жүрген қаздың шырқын бұзып, шырапатын 

шығаруды ермек санайды, ерлік көреді. Қазды атып олжалау-

ды армандаған жігіт, бір күні мылтығын алады да, көл жағалай 

бірі ұшып, бірі қонып өз қызығына масаттанып жүрген қаз дар-

ға бет түзейді. Қамыс жиегін паналай келген мергенсымақ қаз ға 

оғым дариды-ау деген межелі жерге тоқтайды да, бір топ бала-

панын артынан ерткен ене қазды қарауылға алады. Ба ла пан да-

ры ның тәй-тәй жүрісін қызықтап тұрған қаздың тұрысы жігіт 

дегбірін қоздырады. Мылтық даусы тарс ете түседі де, ойында 

қуаныштан басқа ештеме жоқ ене қаз қанатын қағып-қағып 

жіберіп, ұшарға дәрмені жоқ екенін білгеннен кейін көлге түсіп 

жүзе жөнеледі. Жаңа ғана қанатын қомдап жүрген балапан-

дар шулай ұшып аралға өтіп кетеді. Ене қаз да аралға ілінеді. 

Қазды қанжығасына байламаса да, оғы тигеніне масаттанған 

жігіт атына мініп, ауылға тартады. Балапандарын ертіп аралды 

мекендеген, ұшарға дәрмені жоқ ақсақ қаз уайыммен солады. 

Күн артына күн келіп, күз болады. Құс қайтады. Барлық құс 

сәнді сап құрып, ән маржанын төгілтіп, оңтүстікке бет алғанда, 

бейшара болған ақсақ қаз ғана мұң мен зарын төгіп үйірінен 

айырылып аралда қала береді. Күйші ақсақ қаздың осы мұңын 

күйге қосқан екен дейді. 


134

күй аңыздар



147. «Ақсақ қаз»

(ІІІ нұсқа)

Баяғы өткен заманда шал мен кемпір болады. олардың ақ сақ 

қазы бар екен. Мал дегенде жалғыз өгізі болады. Кедей шілік, 

жоқшылықтан әбден жауыр болады. «ұлынабалы-ысына балы» 

деген жер екен, жаугершілік кеп қалып көшіп жатқан ел екен. 

Жау кеп қалып, жалғыз өгізіне қараша үйін, керекті мүлкін ар-

тып, шал кетейін десе, кемпірі мен қызы қалады, кемпірі мен 

қызын алайын десе, баспанасы қалады. Сонымен, жансауғалап, 

өгізге мініп шал кетіп қалады. Жұртта қалған қызы: «Енді 

көрген күніміз не болады, беу-беу, құдай-ай?»—деп жылап 

жатқан кезі...

осы кезде бір тылсым күш көк бұқа ретінде келіп, кемпірдің 

көз алдында тұрады. Кемпір сол зарымен көк бұқаға отырған 

сәтте жау да төніп қалады. Бірақ көк бұқа ешбір жеткізбес тен 

кемпірді аман-есен шал мен қызына қосқан екен. 

148. «Еркеатан күйі»

(І нұсқа)

Баяғыда бір шал мен кемпір болған екен. олардың Ерке-

тай деген жалғыз қызы бар екен. Еркетайдың ботасынан өзі ақ 

ірімшік беріп, еркелетіп, үйретіп асыраған тайлағы бар екен. 

Еркетай оған Еркеатан деп ат қойған екен. Еркетай Еркеатан-

ның шудасына маржан тізіп, айдарына, екі өркешіне үкі тағып, 

басына сылдырмақты ноқта кигізіп, жібектен өріп бұйда тақ-

қан екен. Қыз оны көзінен таса қылмай бағып жүреді екен. Ер-

кетай Еркеатанымен ойнап, ермек етеді екен. Шал мен кемпір 

елсізде отырады екен. Бір күні қыз үйінде кесте тігіп, алданып 

отырып қалыпты. Әлден уақытта Еркетайдың Еркеатаны есіне 

түсіп, далаға шықса, көз көрімде Еркеатан көрінбейді. Қыз 

қарап таба алмай, жез өкшелі кебісін қолына алып, алдындағы 

таудың басына жүгіріп шығады. Сол кезде суға жығылып 

жатқан Еркеатанын көріп қасына келеді. Бірақ батбаққа батып 

қалған Еркеатанды қыз тұрғыза алмайды. Қайта жүгіріп тауға 

шығып, әкесіне: «Еркеатан суға жығылды, арқан әкел, әке-

ке!»—деп, қыз айғайлайды. Алыстағы әкесі ести қоймайды. 

Сөйтіп тұрғанда қыздың көзіне қара атты, торы атты екі жо-

лаушы түседі. Енді қыз соларға: «Қара атты мен торы атты, 



134

135


халық күйлерінің аңыздары

тоқта, тоқта!»—деп айғайлайды. Міне, қыздың осы айғайлап 

айтқанын домбырашылар күй етіп тартады. Мұны «Еркеатан 

күйі» дейді. 



149. «Еркеатан»

(ІІ нұсқа)

Баяғыда шал мен кемпір болады. олардың жалғыз қызы, 

мал дегенде, боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға 

бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді. Күндердің күнінде қыз бой 

жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. ол уақытта 

қызға: «Не қалайсың?»—дейді екен. Сонда қыз: «Кішкен тай-

дан бірге өскен ерке атанды қалаймын»,—дейді. Бірақ, әкесі 

«ма лым ның басы» дей ме, әйтеуір, атанды қимайды. Сонымен, 

қыз әке-шешесін, елін, жұртын тастап сыңсуға салып кете бара-

ды. Қызға әбден үйреніп, бауыр басқан ерке атан қыздың кө ші-

нің артынан жүгіріп бара жатып дарияға түсіп кетеді. Сүйік ті 

жануарына жаны ашыған қыз: «Әке-ке-ау, әке-ке-ау, ерке атан 

кетті, қайтейін»,—деп жылайды. 

150. «Ортеке»

Аңшы Құламерген таутекені көп атқан екен. Құламерген-

нің анасы баласы әрбір саяттан қайтқан сайын бір жапырақ етті 

кесіп қыл арқанға кигізіп қояды екен. Күндердің күнінде ар қан 

етке толады. Сол күні оған түсінде аян болады. Таутекенің киесі 

қыз бейнесінде келіп «о, ана, сенің балаң неге бізді сонша есеп сіз 

қырады? Тәңір оның ісіне ырза емес. Адам өзінің керегінен ар-

тық алуға қақысы жоқ. Құламергенге сәлем айтыңыз, оның ше-

легі толды. Енді бір тамшы қан төксе, қарғысқа ұшырайды»,—

дейді. Шошып оянған анасы баласына: «Қарағым, сен арқан 

үстіне шықтың, ендігі жердегі саят жақсылыққа апармай-

ды. Садағыңның бауын шешіп, аңшылықты тоқтат енді»,—

дейді. Алайда таутекенің терісін саудагерлерге сатып, пайдаға 

құнығып алған Құламерген анасының айтқан сөзіне құлақ 

аспай, тағы да аңшылыққа шығады. Сол күні күн бұлт бола-

ды. Тау ішіне кірген Құламерген бірде-бір текені таба алмайды. 

Әбден шаршап шөлдеген аңшы бір тастың тасасына от жағып, 

шай-су ішпек болады. осы кезде жанынан бұрын көрмеген 



136

күй аңыздар

сүттей аппақ, мүйізі алтын бір теке көлденеңдеп өте береді. Әккі 

Құламерген садағын жұлып алып, қандыауызға жебені салып 

жіберіп, шірей тартып жібереді. Жалп етіп құлаған текені де реу 

бауыздап жіберіп, етін мүшелеп бұзады. Терісін тұздап орап, бір 

асым етті қазанға салып демалуға отырады. Сол отырған бойы 

қалғып ұйықтап кетеді. Бір уақытта дүрс еткен әлдебір дыбы-

стан шошып оянады. Қараса, бағанағы өзі бұтарлап тастаған ақ 

теке түк болмағандай, оққа ұшпағандай, сойылмағандай қар-

сы алдында бүп-бүтін тұр екен. Көзінен от шашқан теке қатты 

қорыққан Құламергенді үш рет айналып басынан бір қарғиды 

да, жайылып кете береді. 

Ертеңіне Құламергеннің аты үйіне бос қайтады. Аңшының 

анасы атты ары-бері айналып қайран қалады. Ертоқым бүтін, 

қару-жарағы аман, тек Құламергеннің өзі жоқ. Білгір әйел атты 

зерлей қарап жүріп оның бауырының күйгендігін байқайды. 

Байқайды да: «Балам арасанға түскен екен» деп жорамалдай-

ды (арасан—қайнап жатқан ыстық бұлақ). Атқа мінген ана өзі 

білетін арасандарды аралап жүріп біреуінің ішінен әбден пісіп, 

сүйегі езіліп кеткен баласының мәйітін табады. осы хикаяны 

естіген бір домбырашы: «Бұдан былай аңшылар жөн-жосық-

ты бұзбасын, керегінен артық алмасын»,—деп осы өнеге күйді 

шығарған екен. 



151. «Кәрібоз»

Бұрын біреудің Кәрібоз деген жүйрігі болыпты. Кәрібоз 

құнанынан бастап қартайғанға дейін рулы елдің ішінде болған 

ірілі-уақты барлық тойда алдына ат салмаған жүйрік атала-

ды. Кәрібозды көріп талай той иесі бәйгесін шаппай беріпті. 

Кәрібоз қартайып, алжыған шағында Салторының атағы 

жайы лады. Салторы көмбеден ат шыққан жерде-ақ, суырылып 

алдына шығып, сол күй шаңын көрсетпестен көш бойы бұрын 

келеді екен. Кәрібоз қырық жасқа келіп, жүрісінен жаңылып, 

қырқылжың тартқанда бір үлкен той болып, бәйгеге Салторы 

қосылады. Сағымдай сылаңдап, шұлғып басып, ауыздықпен 

алысып кетіп бара жатқан бәйге аттарын көрген Кәрібоз өріс-

тену шапқан күйі иесінің үйіне келеді де, жабыққа басын са  лып, 

тықыршып тұрып алады. «Қасиетті жануарым алжыған екен», 

деп ойлаған иесі Кәрібоздың тықыршығына төзе алмай: «Тағы 


136

137


халық күйлерінің аңыздары

бір шауып келгісі келіп тұр ма?» дейді де жүгендеп, бір баласын 

мінгізіп, бәйгеге кеткен қалың аттың соңынан қоя береді. үйден 

шыға құйғыт жөнелген Кәрібоз ілезімде-ақ бәйге аттарды қуып 

жетіп, қатарға қосылады. Аттар межелі жерге барғаннан кейін 

қайтарылады. Салторы дағдылы әдетімен ә дегеннен-ақ оқ бойы 

атылып шығып, көпке дейін алдына ат салмайды. осы сәтте: 

—Мен бекерге жарыспан,

Мен қалғам жоқ жарыстан. 

Алыспан да, салыспан,

Салторыдан қалыспан,—

деп Кәрібоз да топ ортада келе жатыпты. Қыза шыққан 

Кәрібоздың қадамы қарыштай түседі. Сөйтіп, көмбелі жерге 

Кәрібоз Салторыдан бұрын келеді де, келе сап пышаққа ілінеді. 

Тойға жиналғандар «Қасиетті жылқы еді»,—деп Кәрібоздың 

етін бір-бір жапырақтан бөліп алады. 



152. «Майдажал»

Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама 

жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат 

шап пайды, бап шабады. Қаз мойынды жүйрігі, жол жұмсатар 

жорғасы жоқ. Барға бағымы, малға қыры жоқ адам»,—деседі 

екен қариялар Қазанғап туралы. Қариялардың айтқанына іш-

тей күйінген, әрі алдына жан салмас жорға мен жүйрікті арман-

даған Қазанғап уайымдайды да қояды екен. Сөйтіп жүргенде 

бір күні оған «Ел мені мал танымайды деп сөгеді. Мал танитын-

дарды әкеп таңдатайын, қалың жылқының ішінен бірі болма-

са, бірі табылар» деген ой келеді де, ат таниды-ау деген білгіш 

атаулыны ертіп кеп, жылқысын жиып бір-бірден көрсетеді. 

Бірақ қанша адамға көрсетсе де, жорға мен жүйрік шықпайды. 

Қазанғап шынымен-ақ жорға мен жүйрікті маңдайыма жаз-

баған екен деп, торығып отырған бір күні ауылға жалбыр ша-

панды жігіт келе қалады. Бай үйінен орта құрсақ тамақ ішкен 

жігіт бай әдейілеп сұрамаған соң, нендей шаруамен келгенін де, 

қайдан келгенін де айтпайды. Тысқа шыққан баймен ере шығып 

желі басына барады. Мама бие, жалды айғырлар мен желідегі 

құлындарға тесіле қарап тұрған жігіт бір мезетте байдан бөлініп 

шығып, желінің орта шенінде байлаулы тұрған сары құлынның 

қасына барып, ар жақ, бергі жағына шығып, көп қарайды да, 



138

күй аңыздар

байдың қасына келеді. Жалбыр шапанды жігіттің бұл әрекеті-

не таңданған бай одан құлынға неге қарағанын сұрайды. Сон-

да жігіт: «Жорғаның жорғасы болатын жануар екен»,—дейді. 

Бай қуанып кетеді де, жігітті үйіне ертіп келеді, қойын сойып 

құрметті қонағы болдырады, құлынның жорға болатын қандай 

белгілері барын, күту жолдарын сұрайды. Жігіт барлығын да 

асықпай отырып айтып береді. Бай сары құлынды сол күннен 

бастап жігіттің айтуы бойынша баптап бағады. Сары құлын 

тай болғанда майда жалы жер сызады, құнанынан бастап, өле-

өлгеніне дейін алдына шаң түсірмеген жорға болады. Қазанғап 

жорғасын «Майдажал» атайды. Майдажалдың жорғалауына 

таңданған домбырашы оны мақтап осы күйді шығарады. 



153. «Жалқы жігіт»

Қоралы жылқы біткен жалғыз жігіт жылқысын бағып жүр-

генде, тосыннан келген жау жылқысымен қоса өзін де қолға 

түсіреді. Жау қолынан құтылудың амалын таппай, торыққан 

жігіт жаудан жылқысын аралатуды өтінеді. Жаулар жанына 

бірнеше бақылаушы ертіп беріп, жылқысын аралауға ұлықсат 

береді. Қолы байлаулы жаяу жігіт жылқыларын аралап жүріп, 

өткен өмірін ойлап толғанғандағы толғанысы екен дейді. Бұл 

күй жалғыз ұлы жау қолына түскенін естігенде шешесі мен 

келіншегінің зарлауы да бар мұнда. 



154. «Жетігеннің жетеуі» 

Жұрт әртүрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырап отырған 

өткен заманда қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бі-

рінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда 

өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының 

бір шеті қарияның шаңырағына да жетеді. Балалары бірінен соң 

бірі дүние салады, қайғы басқан қария кепкен қу ағашты ойып, 

аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын аспаптың бе-

тіне жылқы қылынан бір ішек тағып, сазды мұңға толы жоқтау 

әнін салады. осы жеті түрлі әуенді шығарып, әр баласының 

мінез-құлқын, жүріс-тұрысын суреттегендей болады. 

үлкен ұлы Қани қайтыс болғанда шал «Қарағым» деген 

күйін шертеді. Екінші баласы Төреалымға—«Қанат сынар», 


138

139


халық күйлерінің аңыздары

үшінші баласы Жайкелдіге—«Құмарым», төртінші Бекенге—

«от сөнер», бесінші Қауасқа—«Бақыт көшті», алтыншы бала-

сы Жұлзарға—«Күн тұтылды» деген күйлерді арнайды. Қарт 

ең кіші баласы Қияс қайтыс болғанда ақырғы, жетінші ішегін 

тағып, ұзақ тартылатын соңғы күйін шертеді. Шалдың балала-

рына арнап шығарған жеті күйі одан әрі дамытылып, ел арасы-

на «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тарап кетеді. 



155. ҚОРҚЫТ /IX ғасыр/

(І нұсқа)

Қорқыттың кіндік қаны тамған ата мекені Қараспан тауы 

еді дейді. ол дүниеге келерде анасы құлан етіне жерік болып, 

құрсақтағы баласын үш жыл тоғыз күн көтерген екен. Сол үш 

жылдың әр жылында толғақ қысып, дүниеге нәресте келетін-

дей қамданып, Қорқыттың анасы бөбеу қаға қиналатын болған. 

Бірақ бірінші жылы да, екінші жылы да бала тумайды. 

Содан үш жыл тоғыз күн дегенде Қорқыттың анасын шын 

толғақ қысады. Бұл жай толғақ болмайды, дәл сол күні Қор-

қыттың анасымен бірге бүкіл дүние қоса толғатып қинал ған-

дай, көк жүзін түнерген қара бұлт торлайды. Күн күркіреп, 

найза ғай ойнап, дауыл соғып, дүниенің астан-кестеңі шығады. 

Мұның бәрін дүниеге келер нәрестенің киесіне жорыған жұрт-

ты үрей билейді. 

Бұл жөнінде ел есінде сақталған мынандай сөз бар: 

Қорқыт туған кезінде

Қара аспанды су алған, 

Қара жерді құм алған.

ол туарда ел қорқып, 

Туғаннан соң қуанған! 

Шынында да, Қорқыт туысымен жел тынып, бұлт ыдырап, 

күн шығып, дүние тіршілік маужыр күйге түседі. Жұртшы лық 

мұны да жақсы ырымға балап: «Бұл бізді қорқытып дүниеге 

келген бала болды, есімі Қорқыт болсын!»—деп, құлағына үш 

рет айқайлап, атын Қорқыт қояды. 

Қорқыттың дүниеге келуі қандай бөлек болса, оның өмірі де 

сондай ерекше болады. Жастайынан ұшқан құс, жүгірген аңға, 

Күй және күйшілер туралы 

аңыздар


141

күй және күйшілер туралы аңыздар

соққан жел, жауған жауынға ден қойып, табиғатпен тілдес бо-

лып өседі. 

Күндердің бір күнінде, бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт 

түс көреді. Түсінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіре-

ген әулие қарт аян береді: «уа, Қорқыт, тұр!—дейді әулие.—Сен 

бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атанның жілігіндей 

болсын, шанағы қара бақырдай болсын, көні аруананың бауыр 

терісінен болсын, тиегі ор текенің мүйізінен болсын, ішегі бесті 

айғырдың құйрығынан болсын. Аспабыңның аты қобыз бол-

сын. Сол қобыз қиялыңа қанат, жолыңа шырақ, жаныңа ара ша 

болар!»

Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянса, көкірегі 



күйге толып, көмейінен сөз саулағандай халде екен дейді. Сол 

бетінде қобыз жасауға кірісіп, әулиенің қойған барлық шарт-

тарын орындайды. Сонан соң қобызды қолына алып, құлағын 

бұрап, қияғын шалып көрсе, сарнап қоя береді. Әлгі көкірегін 

кернеген күй қобызына көшіп, аспан асты сазды сарынға бө-

ленеді. ұшқан құс, жүгірген аң, ескен жел—бәрі сүттей ұйып, 

қобыз күйін тыңдайды. 

Қорқыт тартқан көп күйдің бір қайырымы осы екен. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет