«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет11/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

122. «Кербез қыз»

(ІV нұсқа)

Бір байдың жалғыз өскен ерке тотай қызы болыпты. өмір 

тақыршылдығын көрмеген. Мол дүниенің кең ортасында шал-

қып өскен қыздың сұлулығына кербездігі сай келіпті-мыс. Сұлу 

қызға дүйім елдің талай байының кербезсіген ұлдары, ел іші нің 

сұлуы атанған жігіттері сөз айтқанымен қыз оның бірде-бі ріне 

ықтиярлық бермейді. Теңім емес деген жауап қайырады. Сөй-

тіп жүріп қыздың жасы бірталайға келеді. ол сонда да ешкімді 

ұнатпайды. Қыздың бұл қылығына «қызым отырып қала ма» 

деп шешесі қауіптенеді де, қыздың жеңгелерін жұмсап сырын 

сұрайды. Сонда қыз: «Мен бір үйдің жалғыз қызымын, әке-

шешем барын менің алдыма тосты, тотыдай тарап өсірді. Со ның 

арқасында кербез қыз атандым. Менің осы кербездігімді кім 

сыбызғыда тартады, теңім сол, соған барамын»,—дейді. 



118

119


халық күйлерінің аңыздары

Қыздың сөзі ауыздан-ауызға тарап елге жайылады. Енді 

қызға жорға мінген үкілі жігіттер емес, сыбызғышы жігіттер 

келе бастайды. Қыз олардың да ешбірінің күйін жақтырмайды. 

Сөйтіп жүргенде, бір күні жалбыр шапанды сыбызғышы жігіт 

келіп: «Сенің кербездігің менің мына күйімнен артық қандай 

еді?!»—деп күйін тартады. Кедей жігіттің күйіне риза болған 

қыз соған қосылатынын білдіреді. Әке-шешесі отыз күн ойын, 

қырық күн тойын жасап, қызын сүйген жігітіне қосып аттан-

дырады. Сондағы жігіттің тартқан күйі осы «Кербез қыз» күйі 

екен дейді. 

123. «Кербез қыз» 

(V нұсқа)

Құба жонда жылқы бағып жүрген жылқышы жігіт жақын 

маңдағы ауылдардың біріне қыдырып барса, үйде тұлғасы көз 

тартып, көңілді баурарлықтай, ақ тістері тізілген, алма мойны 

үзілген, қос бұрымы өкшесін соққан бір қыз отырады. Қыздың 

көркіне мінезі сай. Жылқышы жігіттің аман-сәлеміне ашық-

жарқын үнмен жауап қайтарады да, орнынан тұрып, от жаға 

бастайды. Жігіт төр алдына жайғасып, отырады да, жүкке 

сүйеулі тұрған домбыраны алып, ақырын ғана шерте отырып, 

екі көзін қыздан аудармайды. Қыздың мүсіні қандай сұлу 

болса, қимылы да сондай сұлу. Кербез қимылдап от тамызып, 

шәйнек асады, қолына түйір кіршік жуытпайды, ыдыс-аяғы 

да мұнтаздай. Дастархан дайындап тұрған қыз жігіттің шертіп 

отырған бірдің басы, бірдің аяғы араласқан берекесіз күйін естіп 

мырс етіп күліп жібереді. Мұны көзі шалған жігіт талғамсыз 

шертіп отырған домбырасын қоя салып қыздан: 

—Неге күлдің, құрбым? Мазағың болдым-ау,—деп өкінеді. 

—Қыран ғана мекендеген асқар тауда жүрген жігіт талғам-

паз болмас па еді. Қайран домбыраның қор болып, сөйлей ал-

май, не айтарын біле алмай тілі күрмеліп отырғанына жаным 

ашығаны да. Сіздей жігітті неге қорлайын?—дейді әзілдеп. 

Қыз сөзінен ұтылған жігіт білегін түріп, домбырасын көк-

тейді де, жаңа бір күйді шертіп ала жөнеледі. Жігіттің тарт қан 

күйін қыз ұйып тыңдап, күй аяқталғанша қозғалмастан мел-

шиіп тұрып қалады. Күйді бітіп қыздың шын беріле тыңдаған 

мына тұрысына разы болған жігіт: «Күй сырын ұққан адам 



120

күй аңыздар

сендей-ақ болар! Сыртың сұлу, қимылың кербез бе десем, нағыз 

сұлулық пен кербездік ішіңде екен. Сол кербездігіңе тартқан 

сыйым осы күй «Кербез қыз» күйі болсын»,—депті. 

124. «Бұланжігіт»

Бұланжігіт басында күйші емес екен. ол талапты, батыр бола-

мын, елді жаудан қорғаймын деген ойы бар жігерлі жас жігіт екен. 

Бір кезде Абылай хан қалмақтан барымта алдыруға батыр-

ларды жинап, екі жүздей кісіні іріктеп, ауылдың сыртындағы 

дөңде кеңес құрып отырады. Сол кезде, жиырма жас шамасын-

да Бұланжігіт Абылайға келіп, осы жорыққа баруына рұқсат 

сұрайды. Абылай рұқсат етеді.

Аздан соң, ауылдан желек бүркенген бір жас келіншек шы-

ғып, отырған топтың шетіне таяп келеді. оны көрген Абылай 

келіншектің айтатын арызы бар шығар деп біреуді жібереді. 

Келіншек жіберген кісісі арқылы Абылайға арызын айтады: 

—Ханға айтыңыз: осы жолға Бұланжігітті жібермесін, егер 

жіберсе, ол аман қайтпайды, мерт болады. Мен ол туралы жа-

ман түс көрдім, менің тілімді алмай кетті,—деп келіншек қай-

тып кетеді. 

ол Бұланжігіттің сол жылы түскен келіншегі екен. Хабаршы 

келіншектің арызын айтып келген соң, Абылай Бұланжігітке: 

—осы жолға сен бармай-ақ қой, кейінгі жорықта барарсың,- 

—дейді. 


Бұланжігіт әйелдің тілін алып, «желкілдеген тудан, жер 

қайысқан қолдан, кезенген жолдан» қалғанымнан өлгенім ар-

тық деп, көнбей, сол қолмен бірге аттанып кетеді. 

Батырлар Алатаудың асып, қолмақтың жылқысына қас 

қарая тиіп, айдап шығады. Алдарына салып алған жылқыны 

айдаушыларға қудырып жіберіп, іріктеліп бірнеше батырлар 

арттарынан келе жатқан қуғыншыларды бөгеуге қалады. Сол 

тосқауылшылардың ішінде Бұланжігіт те болады. Бұлар қу-

ғын шылардың беттерін басқа жаққа бұрмақ болып, бытырай әр 

жаққа бет алып, қаша соғысып жүргенде, асу аузындағы қа зыл-

ған орға кез келіп, Бұланжігіт орға түсіп қалады. Басқалары 

жылқыны алып, құтылып кетеді. 

Бұланжігітті қалмақтар байлап алып, ханға әкеп тапсыра-

ды. Бұланжігітті аяғына кісен салып, түнде керегеге керіп бай-



120

121


халық күйлерінің аңыздары

лап, күндіз кісенімен бие сауғыздырып, құдық аршыттырып, 

су тасыттырып қояды. Абылай артынан іздетпей, Бұланжігіт 

бір жыл қалмақ қолында азапта болады. 

Қалмақтың ханының Қаракөзайым деген бір сұлу, есті қызы 

бар екен. Бір күні Қаракөзайым қолға түскен қазақтың баты-

рын көрейін деп келсе, ыстықта Бұланжігіт кісенімен жү ріп, 

бие сауғызып, асау құлындармен алысып жүр екен. Бір жыл 

бейнет көргеніне қажып, жасымай жүргеніне таңырқап, әрі 

жастыға жаны ашып, әрі сүйіп аяйды. 

Түн болғанда керегеге таңулы тұрған Бұланжігітке қыз 

келіп: «Сені босатсам қайтер едің?»—дейді. Бұланжігіт: «Бос 

кетпей, еліңнен жылқы алып кетер едім»,—дейді. Қыз: «Жыл-

қы алсаң және қолға түсесің, өйткені екі ел әлі барымта қай-

тарысқан жоқ. Сондықтан ел арасында қарауыл бар. Мен сені 

босатайын, астыңа ат берейін, жылқы алмай, жамбызбалап 

еліңе қайт. Жігіт болсаң, бір іздеп табарсың»,—дейді. 

Сөйтіп, қыз Бұланжігітті босатып, белдеудегі суытып қой-

ған бір бәйге атты әкеп беріп, амандасып қала береді. Содан 

Бұланжігіт қыздың айтқанын істеп, көзге түспей, шекарадан 

өтеді. Бұл ел жайлаудан жаңа қайтқан кез болады. Бұланжі-

гіт ессіз жайлаудағы ата-бабаларының молаларына келіп дұға 

етіп отырғанда, бір жас қабырға, ол қабырдың басына шаншыл-

ған қарқараға көзі түседі. ол өзінің келіншегінің қарқарасы 

екенін таниды. Сол жерде оның көңлі босайды. Келіншегі нің 

жорыққа барма дегені, келіншегін жақсы көретіні, қолға тү-

сіп азап шеккені, артынан Абылайдың іздетпеуі ұласып келіп, 

одан бір зар шығарады. Моланың басында зарлай отырады. 

Сол зарын мұңлы үнмен сарын етіп шығарады. Сөйтіп, Бұлан-

жігіт батырлықты тастап, сыбызғышы-күйші болған екен. 

«Бұланжігіт күйі» деген сондағы әйелі қойылған қабырдың ба-

сында айтқан зары екен деп, домбырашылар тартатын еді. 



125. «Ақсақ Темір мен домбырашы»

Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келгенде, сол жердегі дом-

бырашылар түгел жиналыпты. Домбырашылар түрлі күйді 

шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартса керек. Солардың бәрін 

таратып жіберіп, тартқан күйлеріне өте риза болып, Ақсақ 

Темір бір күйшіні алып қалыпты. Ақсақ Темір күйшіден: 



122

күй аңыздар

—Сенің атың кім?—деп сұрапты. 

—Менің атым Дәулет!—депті күйші. Ақсақ Темір: 

—Шіркін-ай, Дәулет те соқыр бола ма екен?—десе керек. 

Сонда Дәулет жұлып алғандай: 

—Тақсыр-ау, Дәулет соқыр болмаса, Ақсақтың үйіне барар 

ма еді!—депті. 



126. «Жалғыз жігіт» 

(ІІІ нұсқа)

Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт 

әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Бай дың 

да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан ғана ұлдары болса керек. Ақ 

патшаның әскеріне қызмет ету үшін, бай өз баласының орны на 

кедейдің баласын әскерге жіберетін болып кедейге айтқаны: 

—Сенің балаң менің баламның орнына барып келсін. 

Балаң келгенше менің қорамның шетінде отырып малымды 

бағып, отынымды жарып, бірді-жарым сауынды сиырым 

ды 


сауып, ескі-құсқымды киіп жаныңды бағып отыра бер. Ба-

лам аман-есен оралып келіп жатса, мен саған берген дүние-

лерімді сұрамаймын,—депті. Амалсыз кедейдің баласы бай дың 

баласының орнына кете барады. Сондағы жігіттің әке-шеше-

сімен, қарындасымен қоштасқан күйі. 

127. «Майдажал»

Ертеде бір бай болыпты, байдың мыңғырған көп жылқысы-

ның ішінен не жорға, не жүйрік шықпапты. Содан ақ ордасын 

жайлауға тігіп қойып, қалың құлынды үйге келер жолды ай-

налдыра желі тартып бие байлапты. оның ойы: «Келе жатқан 

сыншылар, құлындарды сынап өтіп үйге келгенде, өз сынын ай-

тады» деген үміт. Сөйтіп жүргенде бір сыншы бала құлындарды 

жағалап келе жатып, бір құлынды екі-үш айналып шығып әрі 

қарап, бері қарап, сәлем беріп үйге кіреді. Сонда бай: «Сен бір 

құлынға ұзақ қарадың ғой, жүйрік пе, әлде жорға ма?»—деп 

сұрапты. Сонда бала: «Жүйрік шығады» деген екен. «олай бол-

са, сол құлынды сен өзің бағып-бапта» депті бай балаға. 

Бала өзі баптап өсірген құлынын, ат болғанда үлкен бір 

тойдағы ат жарысқа қосыпты, аты сол бәйгеден жеке-дара озып 



122

123


халық күйлерінің аңыздары

келген екен. Шапқанда аттың сұйық жалы желге желкілдеп 

келе жатса керек, сол атқа арнап сыбызғышылар күй шыға рып, 

атын «Майдажал» қойған деседі. 



128. «Қыз алып қашқан»

Жалғыз қызы бар бір бай мен жалғыз ұлы бар бай екеуі 

құда болады. «Екі жарты бір бүтін болсын, сән-салтанаты 

келіскен түтін болсын! Біреуіміз келінім демейік, біреуіміз 

күйеуім демейік. Екеуміздің ортамыздағы, екеумізге ортақ 

отау болсын»,—деп келіседі. Берік сөз байласқан екі байдың 

бесікте құдалық сөйлескеннен кейінгі қарым-қатынасы күн 

өткен сайын нығая береді. Екі бай іргелес жайлап, іргелес 

қонып, екі ауылдың ортасына дәнекер боп тігілетін сәнді 

отау ды асыға күтеді. Қыз бен бала бірге ойнап, біте қайнасып 

өседі. Сәби жүрек бірінің-біріне құдалық жолымен таңылға-

нын да сезбейді. олар күні ертеңгі бір-бірінен бөлінбес бір бүтін 

болғандықтан емес, балалық жетелеуімен ойын қызығына еру-

мен де тату өседі. ұл ер жетіп, қыз бой жеткеннен кейін арала-

ры алыстай бастайды. Қолаң шашты салиқалы қыз жігіт жүре-

гін баурап, жүрегіне от тастағанымен, қыз жігітті сүймейді. 

Жігіттің ештемеге икемі жоқ дөрекі қимылы, шөп басып сын-

дырмайтын еріншектігі, дүңк мінезі қыз сезімін аулақтата 

береді. Бірақ бесіктен құда боп, қысқа арқан, тар тұсау сап қой-

ғанын естіген жігітті қыздың жақтыртпағанымен шаруасы да 

болмайды. «отау қамытшылығы бітіп, той дайындығы әзір бол-

са, ақ төсіңді аймалармын» дейді де, жүре береді. Бай да қыз 

жайын естігенде, «балалықтың әсері де» деп етегін жимайды. 

«Аруақ жолын сыйламай, ата жолын бұзып, ақ басты ана мен 

ақ сақалды әкенің қолынан шығып, қайда барады дейсің» де-

ген тұжырымға келеді. өстіп құда да тыныш, құдағи да ты-

ныш жатқан бір күні той істеу қамытшылығы бітіп, ақ отау 

әзір болған күні «қыз қашып кетіпті» деген суық хабар дүңк 

ете түседі. Байдың тоғышар ұлын ұнатпаған қыз жылқышы 

жігітке ереді де, тайып тұрады. 

Қашып келе жатқан қыз бен жігіт ауылдан алыстаған нан 

кейін бұтаның арасын паналайды. осы кезде қыз жігітке өзі нің 

сырын айтады: «Дәулеті мен әулеті сай, салулы төсек, тігулі 

үй дайын бай баласынан неге қаштым? оның себебі, ол—тоғы-



124

күй аңыздар

шар. Бір күн мал шетіне шығып көрген жоқ, оның қолынан ке-

лер де жоқ. Шоқпардай үкі тағып, күмістеген белбеу буынып, 

жорға мініп жортқанды ғана біледі. Сен еңбекке құштар сың

еңбектің балын жеген өмір—нағыз өмір. Екіншіден, сен—

сыбызғышысың. өнер өлмейді. Сондықтан сені сүйдім. осы 

жүрісімізді сыбызғыға қосшы, асықпай тыңдайын»,—дейді. 

Жі гіт сыбызғысын тарта жөнеледі, қыз бойы балқып тыңдай-

ды. «Қыз қашып кетті» деген хабарды естігеннен кейін екі жақ 

бірігіп тұс-тұсқа қуғыншы аттандырады. Ат сабылтып, үзеңгі 

қағыстырып келе жатқан бір топ қуғыншы сыбызғы даусын 

естиді де, шілік ішінде сайрандап отырған қыз бен жігітті қолға 

түсіреді. Ашу кернеген топ жігітті өлмеші қып сабап, сол жерге 

тастайды да, қызды өңгеріп ауылға алып келеді. Жігіттің қыз 

тілегі бойынша тартқан күйі «Қыз алып қашқан» атанады. 



129. «Қалажан қашқан»

Ертеде біреудің Қалажан деген келіншегі болады. Қалажан 

көрікті, сымбатты болса керек. ол тұрмысқа шыққаннан кейін 

қосағына көңілі толмай, ауыл арасының Кит деген жігітімен 

күйеуінен жасырын көңілдес болады. Қалажанның күйеуі 

үйде жоқта Кит келіп-кетіп жүріп, екеуінің көңілі одан әрмен 

жақындаса береді. Ақыры екеуі қашуға келісіп, келісімді күні 

Кит келсе, Қалажанның күйеуі тағы да жоқ екен дейді. Киттің 

жетектей келген атына Қалажан мініп, Кит өз атына мініп 

қашады. Екеуі ауылдан шыға бере үйге жеткен күйеуі қашып 

бара жатқан екеуін көреді де, есік алдындағы бақанды ала сап 

арттарынан қуады. Қашып бара жатқан жолдарында әжеп тәуір 

терең өзен бар екен. Егер өзеннен аман-есен өтіп кетсе, онда 

бұларды ұстай алмайды. Екеуі өзенге келеді де, тіреліп қалады. 

Не де болса өту керек болады. Қалажан атына қамшы басады 

да, өзенге түсіп кетеді. Аты малтып отырып аман-есен ар жаққа 

өтіп, артына қараса, Кит әлі тұр екен. «Қуғыншы кеп қалды, 

тез өт»,—деп дауыстайды. Бірақ Кит өтуге батпайды. өстіп 

тұрғанда қуғыншы келіп Китті ұстап алады. Жүрексіз Кит 

Қалажанның күйеуіне де күш көрсетіп, қарсыласа алмайды. 

Күйеуінен безіп, қолынан ұстап ере қашқаны Киттің әлсіздігін 

көрген Қалажан іштей күйіп, қайта өтіп келеді де, қолы бай-

лаулы жатқан Китке қарап: «Абыройымды айрандай төгіп, 


124

125


халық күйлерінің аңыздары

жылы орнымды суытып ере қашқаным Кит пе десем, ит екен 

ғой»,—деп бетіне түкіріпті. Қалажанның күйеуі сыбызғышы 

екен, менсінбей қашқан әйеліне арнап осы күйді тартып, 

«Қалажан қашқан» атапты да: «Аңсағаның Кит болса, арам 

өлерсің, осыңмен-ақ кете бар»,—ауылына қайтқан дейді. 



130. «Арбиян-қоңыр»

Арбиян қазақ қызына үйленгеннен кейін, бір балалы бо ла-

ды. Баласы көз тартарлықтай көріктеніп өсіп келе жатқан ке-

зінде, бір күні Арбиян аң аулауға кетеді. осы кезде суға міне 

құ лап жатқан қарағайдың үстінде жүгіріп ойнап жүрген бала-

сы ның аяғы тайып кетіп, суға кетіп өледі. Арбиян аңнан кел-

геннен кейін баласының қайтыс болғанын естіп, бүк түсіп отыра 

қалады да, сыбызғысын алдырып, қоңырлата тарта жөнеледі. 

Бұл күй әйеліне жұбатуы және ұлының өліміне деген еңіре ген 

зарын білдіргені екен дейді. 



131. «Ойбай, бегім бер!» 

Бай баласы мен кедей баласы серіктесіп бек теруге шығады. 

Ішер ас пен мінер көлікке қысылып көрмеген бай баласы ер-

тұрманы келіскен атқа мініп шығады да, аяқ артары жоқ кедей 

баласы жаяу шығады. 

Бірақ бай баласы артынан еріп жаяу салпақтап, болды-

рып келе жатқан кедей баласына байлығы мен салтанатын 

көрсеткендей ат үстінде шалқалай отырып, оны мінгестіріп те 

алмайды. Туғаннан тақыршылық азабын көріп өскен кедей ба-

ласы аттылы бай баласынан қалыспай жүріп отырып бек теретін 

жерге де жетеді. 

Туғаннан шөп басын сындырып көрмеген бай баласы маң-

дытып бек тере алмайды, кедей баласы одан әлдеқайда артық 

бек теріп алады. Даяр тұрған бекті теріп алудан ерінген бай 

баласы кедей баласының дорбасындағы бекке көзін сүзіп қа-

рай ды, соны олжалаудың амалын қарастырады. Бек теріп бол-

ғаннан кейін екі бала келген ізімен қайтады. Залым бай баласы 

кедей баласының бегін алудың жолын ойлап, дорбадағы бегін 

көтеріп жаяу келе жатқан кедей баласының бірде соңынан еріп, 

бірде қатарласып аяңдайды да отырады. Жол ортасынан асқан 



126

күй аңыздар

кезде жаяу баламен қатарласып келе жатқан бай баласының 

бегін іліп алады да, атын тебініп қап, шаба жөнеледі. Бір ша ма 

жер жүріп шаршаған кедей баласы оның артынан «ойбай, бегім 

бер»,—деп айқайлай қуады. Аттылы жаяуға қайдан жет кіз сін. 

Бай баласы бекті сол күйі алып қашып кетеді. Кедей баласы-

ның: «ойбай, бегім бер»,—деп айғайлағанын естіген күйші 

бала зарын бейнелеп, осы күйді шерткен екен дейді. 

132. «Тоқта баяу»

Әке мен шешеден жастай айрылған екі бала байдың қозы-

сын жайып, тезегін теріп, қалған-құтқанын жеп, ескісін 

киіп күн көреді. Халық аузындағы қай дастан, қай әңгіме-

аңызда болсын байлар қатыгез болады. олар үшін бір баланың 

қарны ашып, киімі жыртылып, көз жасының сел боп ағуы бір 

тоқтының маңырағанындай әсер етпеген. Керісінше, тоқты-

серкеш маңыраса, жүрегіне шаншу боп қадалып, қолына қам-

шы ұстатқан. Екі жетім де байдың осы қатыгездігін көріп, 

жігері құм боп өседі. өлі таяқ өршіл жүректі өкпедей езіп, жас 

өмірді жасық өмірге айналдырады. 

Шілденің аптап ыстығында байдың ауылы көшеді. Баяғы 

әдетімен бай екі жетімге қозыны тағы да жаяу айдатады. Көш 

жеткен күндік жолда қозы айдаған екі бала әбден шаршайды. 

Ересегі буыны құрып, табаны таусылғанын інісіне білдірмесе 

де, інісі шаршағанын жасыра алмайды. Шөлден діңкесі құрыған 

кішісі қозы айдаған ағасына ілесе алмай жылайды, жылап келе 

жатып «тоқта баяу», «тоқта баяу»,—деп жалынады. Баланың 

сол жалынышын сыбызғышы сыбызғыда осылай тартқан екен. 

133. «Қос келіншек» 

(ІІ нұсқа)

Бір бай өзінің екі ұлына елдегі қыздарды түгелдей таңдап 

жүріп, баламның теңі осы болар-ау деген екі қызды келін ғып 

түсіреді. Байдың қос келіні де байдың өзі дәрежелес дәулетті 

адамдардың қызы болады. Жасынан өмір тауқыметін көрме-

ген қос келіннің дене бітімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы да 

бір-бірінен аумайды, бір қалыпқа соққандай, бір анадан туып, 

бірдей тәрбие алған адамның баласындай болып сәйкеседі. 



126

127


халық күйлерінің аңыздары

Қос келін қимыл-әрекеттерімен, ашық-жарқындығымен бай-

дың салтанатын толықтырып, сәніне-сән, абыройына атақ 

қосады. Қос келінді көрген әркім-ақ таңдай қағып тамсанады, 

аузының суы құрып мақтап қызығады, сүйсіне қарайды. Бір-

бірінен бөлінбестей ұқсас қос келінді таңдап тапқан байдың 

тап қыштығына дән риза болады. Дүйім елдің назарын аудар-

ған қос келін боз балалардың да жүрегіне шоқ тастап, сезімін 

қытықтайды. Қос келінге деген ынтызары ауған бозбалалар дың 

сонда да жолы болмайды. Күндіз жолығып, тіл қатудың орайы 

келгенмен, түн жастап жолығудың сәті түспейді. Сезім нің ыс-

тық лебімен жүрегін жалын шарпып келіндеріне деген бө тен 

қолдың созылып, жат құшақтың ашылуынан күдіктенген бай, 

қабаған ит ұстайды. Қабаған ит есіктердің құлыбы, келін дердің 

күзетшісі іспетті болады. Күндіз атты кісіні аттатпайтын иттер 

түнде ауыл маңына ешкімді де жолатпайды. Қос келіншекке 

созған қолы жетпеген жігіттер олардың сұлулығын мақтап 

және оларға деген арман-сағынышын білдіріп, «Қос келіншек» 

күйін шығарыпты. 

134. «Жорға аю» 

(ІІ нұсқа)

Бір аю аралға апан салған екен. Бірде ол қонжықтарына 

жем іздеп тауға шығып кетіпті. Сол уақытта нөсер жаңбыр 

жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың апанын құлатып, кү шік-

терін шайып әкетеді. Судың бетінде қалқып кетіп бара жат қан 

қонжықтарын көрген аю таудан жорғалап түсіп, оларды құт-

қарып алып қалады. Содан аю жорға боп шыққан екен дейді. 

Бұл күй сондағы аюдың жүрісін бейнелейді. 



135. «Қызылқан» 

(II нұсқа)

Жылда көктемде, солтүстікке құс келетін уақытта, көп 

құс шөлден жол таба алмай, қырылып қалады екен. Содан 

құс әміршісі—Қызылқан деген қаз жаратушы тәңірге барып, 

аспаннан жол салып беруін өтінеді. Тәңірі құстарға аспаннан 

жол салып береді. осы күнгі аспандағы құс жолы содан қал ған 

екен деседі. 


128

күй аңыздар



136. «Жаралы ақ бөкен»

Құралайды көзінен атқан мерген жігіт аң аулауға шығады. 

Не кезіксе құтқармайтын, нені атып алам деп аттанса, соны 

қанжығалап келетін мерген бұл жолы ақ бөкен атып әкелу 

ниетімен шығады екен. ол жол-жөнекей кезіккен басқа аң-

дардың ешбіріне оқ шығармай неше күн сарылып тек ақ бөкен 

іздейді. Ақ бөкеннің терісі саудагерлер үшін табылмайтын 

қазына, қалта толтырар байлық болса керек-ті. Жігіт неше 

күн сарылып іздеп жүріп жонда жайылып жүрген бір топ ақ 

бөкенге тап болады. Қанжығам майланды, табан терім ақталды 

деп ойлаған мерген баспалап келіп ақ бөкеннің біреуін ныса на ға 

алып, өлер жерің осы деп басып қалады. Бөкендер үрке жөнеліп 

қыратты асып кетеді. Мергеннің жықтым-ау деп атқан ақ бөкен 

де ақсаңдай басып топ бөкеннің артынан еріп, қашып қыр қаны 

асып кетеді. Жігіт артынан қуса да, бөкенге жете алмайды, жа-

ралы ақ бөкен өлімнен құтылып кетеді. Мергеннің оғы қалт 

тиюін бөкеннің киесінен деп ойлаған күйші, ақсақ бөкеннің 

жүрісін қосып осы күйді тартыпты-мыс. 



137. «Өрелі көк»

Ертеде бір кедей бай аулында болатын бәйгеге жүйрік көк 

атын қосуға келеді. Түнде өрелеп қоя берген атын әлдекімдер 

ұрлап кетіпті. Таңертең кедей байғұс ауыл адамдарынан 

«өрелі көк көрдіңдер ме?» деп сұрастырса, ешкім көрдік деп 

айтпапты. Сонда маңдайға басқан жалғыз атынан айырылған 

әлгі байғұс қолына сыбызғысын алып зарлапты. Сол бір ке-

дей зарын халық «өрелі көк» күйі деп атап кетіпті. 



138. «Өрелі кер» 

(І нұсқа)

Бай есігінде күн көрген бір кедей жігіттің шапса да, 

жорғаласа да алдына ат салмаған кері аты болады. Мал мен 

дәулет бермесе де, елге атағын жайған әрі жүйрік, әрі жорға 

ат берген тәңірге жігіт іштей риза. Қайда думан, қайда той 

болады, қайда бәйге мен жорға жарысы болады, сол топ ал-

дымен кері атқа көз сүзе қарап, сәйгүлік деп осыны айт 

десіп таңданады. «Ер қанаты ат» дегендей, кедей жігіттің 



128

129


халық күйлерінің аңыздары

маңдайына біткен жалғыз атқа көзінің құрты түскен та-

лай бай мен әкім қолқа салады. Жігіт оның ешқайсысына 

көнбейді. Жігіттің бұл «сараңдығына» ішқұса болған әкімнің 

бірі тартып алуға бел буады да: «Шаңырағын шағып, өзін 

шабыңдар да, кері атты тартып әкеліңдер»,—деп үкім береді 

де, бір топ сойылсоғарларын аттандырады. Шаш ал десе, 

бас алған сойылсоғарлар іргелі жаумен шайқасып, ел кегін 

қайырардай-ақ қаһарланып, атқа қонады. 

Келе жатқан сойылсоғарлардың хабарын естіген біреу 

қалыңдығына ұрын келіп жатқан кер аттың иесіне суық хабар-

ды жеткізеді. Әкімнің сойылсоғар ұрдажықтарына қарсы тұ-

рар дәрмені жоқ жалғыз жігіт, тек қашып құтылуды ойлайды. 

Әділеттігі жоқ қараң заманның надан биінен құтылудың басқа 

жолын таба алмай дал болады. 

Тарыққан жігіт атын іздеп шықса, бекітіп қойған аты жоқ. 

Ауыл маңындағы сай-саланы тінтіп, өрелі керін іздеп діңкесі 

құрыған жігіт қойшыға кезігіп: 

—ой, қойшы-ау?! өрелі кер көрдің бе, өрелі кер көрдің бе?—

дейді жалынышты үнмен. Қой соңына түсіп ұзақты күн дала да 

жүрсе де, қойдан басқаға назарын салмаған қойшы: 

—ой, жезде-еке-ау! өрелі кер көргем жоқ, өрелі кер көр-

гем жоқ,—дейді ағынан жарылып. өрелі керін таба алмай 

дал боп жүрген жігіттің алып ұшқан көңіліне: «үй деймін! 

өрелі кер мұнда тұр, өрелі кер мұнда тұр»,—деп дауыстаған 

қалыңдығының үні сабыр береді. Сөйтіп, жаяу жүгіре-жүгіре 

тұралап шаршап, алқына ентіккен жігіт екі етегін қайырған 

күйі атына келсе, үркіп аты ұстатпайды. Сонда «так-так жа-

ным, так-так» деп атын шыр айнала жүгірген екен. 

Жігіт атын ұстап алады. Қуғыншылардың будақ-бу-

дақ шаңы көрініп, таяп қалғандықтан, жігіт атының өресін 

алуға да сабыр қылмай қалыңдығын мінгестіріп, өрелі кер-

мен қашады. Шапса алдына ұшқан құс түсірмейтін кер ат 

қуғыншыларға жеткізбей, аман құтылады. Жау қарасы 

алыстаған соң жігіт пен қалыңдық аттан түсіп дем алып, 

аттың өресін босатып, қайтадан ілгері құйғытып, еліне келеді. 

өрелі кердің осы жүрісіне риза болған күйші «өрелі кер» күйін 

шығарады. 

9-136

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет