«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.

бет10/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

115. «Қос ішек»

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, деп айтылады «Қос ішек» 

күйінің аңызы. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың 

қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе 

керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл 

марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарнын 

ақтармалап алып тастайды. 

Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал 

жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құла-

ғы на бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткен-

де атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, 

қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. 

ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғара-

ды. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана 

жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. оның өзі 

бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай бо-

лып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. 

Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп 

тұр екен, бір амал жасайын»—деп, ішекті үйге алып келеді де, 

бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, 

шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. 

Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, 

тыңдаған жанның бәрін ұйытады. осылайша, домбыра көптің 

сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. 



108

109


халық күйлерінің аңыздары

116. «Ақсақ құла» 

(І нұсқа)

Ертеде біреудің құла тұлпары болыпты. Сол тұлпардың 

тұқымын көбейтемін деп, тұлпардың қасына бие қосып, екеуін 

теңіздің ортасындағы адам жүрмейтін аралға апарып тастап ты. 

Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайды екен. 

Арада біраз жылдар өтіп, тұлпардың тұяғы көбейіп, бір үйір 

жылқыға жетеді. осы тұлпардың аралда деген хабарын естіген 

ұрылар Құланы үйірімен алып кетпекші болып аралға барады. 

Әуелден мінезі тентек, оның үстіне көп жылдан бері адам көр-

мей жатырқап қалған тұлпар ұрыларды көре сала шабуылға шы-

ғады. Алдына келгенін тістеп, артына келгенін теуіп, ұрыларды 

жолатпайды. Айғырмен арпалысып, әбден шаршаған ұры лар 

алдырмайтынына көздері жетіп, тұлпарды амалсыздан садақ-

пен атады. оқ құланың аяғынан тиіп, ақсатады. Жаралан-

ған Ақсақ құла бұрынғыдан да қатуланып, ұрыларды тапауға 

шығады. Әлсіреген қарақшылар бір шұңқырға түсіп жан сақта-

мақ 

шы болады. Мұны көріп ашуланған Ақсақ құла айғыр 



өзінен өр бі ген бір үйір тұқымын бастап ұрылардың үстінен 

тапап өтіп, олар ды жаншып кетеді. Сөйтіп, тұлпар үйірімен 

жауын талқандап, тыныш өмір сүріпті,—деседі. 

117. «Шұбар ат» 

Ертеде Мәмбетәлі деген жігіт бір күні нағашысының ауылы-

на қыдырып бара жатып, жолшыбай шұбаған көшке кездеседі. 

Мәмбетәлі көш бастаушы қарттан амандық сұрасып, өзінің 

беталыс жолын айтады. Бұлар да сол бағытқа қоныс аударып 

келеді екен. Біраз жүрген соң, көштің жетегінде келе жатқан 

ала бие құлындайды. Сонда қарт: 

—Шырағым! Жолдан қосылған қонақ едің, мына бие де да-

лада құлындады, жолымыз болар, саған берген сыйым бол сын,- 

—деп, шұбар құлынды Мәмбетәліге беріпті. Мәмбетәлі жас 

құлынды шапанына орап, нағашысының үйіне алып келеді де, 

аз ғана уақыт бағып, үйірге қосып жібереді. 

Арада біраз жылдар өткенде Мәмбетәлінің мініп жүрген 

аты орға құлап мертігіпті. Енді жаяу қалған Мәмбетәлі наға-

шысының жылқысына келіп, таңдаған жылқысына құрық са-

лады. Бірақ құрық бұрыннан өзіне белгілі кербез торыға дары-



110

күй аңыздар

май, шұбардың мойнына түсе береді. Ақыры Мәмбетәлі Шұбар 

атты үйіне әкеліп үйретеді. Шұбармен аңға шығып, талай рет 

қасқыр, түлкілерді соғып алады. Баяғы жолда туған құлын бұл 

күндегі Шұбар ат, оны, әрине, Мәмбетәлі бәйгеге шабады деп 

ойламайды, жарыстарға да қоспайды. 

Бір күні көрші ауылда той болып, оған Мәмбетәлі де бара ды. 

Тойға шабатын аттарды көріп, «Шұбарды да сынайыншы» де-

ген оймен Мәмбетәлі жүйріктердің қатарына Шұбарды бай лап, 

өзі шеткері тұрады. Бәйгіге қатысатын сәйгүліктерді көруге 

келге сыншы: 

—осы жарыстың жүлдесін анау тұрған шұбар алады. өзі 

кәрі ат екен. Ең болмаса, өлерімнің шағында бір рет топқа түс-

пе дім-ау, деп тұрған сияқты. Сол жануардың жанын қинамай-

ақ, байрағын беріңдер,—дейді. 

Бұрын бірінші орын алып дәніккен, осы жолғыдан да үміт-

кер билер сыншының бұл айтқанын жақтырмайды. Ат айдау-

шы бәйгіге шабатын сәйгүліктерді бөлек шығарып, ертең таң-

да көмбеден жіберілетінін хабарлайды. Мәмбетәлі сол жерден 

Есен деген баланы Шұбарға мінгізіп, топқа қосып жібереді. 

Таңғы салқынмен қаз-қатар жіберілген аттар ілгері қарай 

лап қойғанда, шұбар ең соңында қалады. Жол ұзаған сайын 

жүйріктердің аралары ұзап, бір-бірінен алшақтай түседі. Арт-

тағы Шұбар біраз шапқан соң денесі қызып, бауырын жаза 

бастайды. Алдындағыларды біртіндеп қуып жетіп, ілгері аса 

береді. осылайша, Есен соңғы қарақшыға келіп: «Алда кім 

бар?» деп сұрайды. 

—Бірінші болып бара жатқан Ақбақай мен Қаракер жаңа 

ғана өтті,—дейді қарақшы. 

Мұны естіген Есен Шұбармен ілгері ұмтылады. Қызып алған 

Шұбар жер танабын қуырып, Ақбақай мен Қаракерді ілезде 

қуып жетеді. Біраз тізгінін тежеп, қатарласа шауып, ел қарасы 

көрінген шамада Шұбар жеке алға шығып, құлдырай жөнеле-

ді. Сөйтіп, Ақбақай мен Қаракерден бір төбе ұзап алға кетеді. 

Аттардың келуін асыға күткен халық көз ұшынан көрінген 

жалғыз қараны: «мынау келе жатқан, бұрын жарыстың ал-

дын бермейтін Ақбақай ғой» деп тұрғанда, шұбар ат болып 

шығады. 

Шұбардың бірінші келгеніне сыншыдан басқа адам сенбей-

ді. Әсіресе, Ақбақайдың иесі, би: 


110

111


халық күйлерінің аңыздары

—Шұбар көмбеге бармай, жолдан қосылған, сондықтан бәй-

гі менікі,—деп жеңістік бермей тұрғанда ат айдаушы келеді. 

Халық оны ортаға алып: «Шұбар атты көмбеден көрдің бе?»—

деп сұрайды. Сонда ат айдаушы: 

—Барлық ат бірге кеткенде шұбар ең соңында қалып қойған 

еді,—дейді. Мұнан соң ылажы қалмаған билер шұбар аттың 

бәйгісіне қарсылық ете алмайды. Мәмбетәлі бәйгіні алып Есен-

ге береді де, өзі үйіне қайтады. Сол шұбар аттың шабысына 

жиналған ел разы болады. Әсіресе осы жиынның ішінде болған 

бір домбырашы шұбарға көңілі толып: «Қараның бір аты, бидің 

мың атына тұрады»,—деп, «Шұбар ат» күйін шығарыпты. 



118. «Сары өзен»

(І нұсқа)

Бір байдың қызын ұзатқанда қыздың мал-мүлік жасауы-

на қосып бір кедейдің домбырашы жалғыз қызын күң ретінде 

шаңыраққа мінгізіп береді. Бай билігіне қарсы тұрар дәрмен 

жоқ, ата салтын бұзарға қақысы жоқ, сорлы қыз жылай-жы-

лай күңдікке кетеді. Қыздың «қамқорым, сүйенішім» дей ті-

ні—жалғыз ағасы екен. Күңдікке аттанып бара жатқан қарын-

дасымен жылап қоштасып тұрып: 

—Тәңір салған тауқыметті көрмеске лажымыз жоқ. Екеуі-

міздің бір жүргенімізді де көп көрген екен. Бірақ «кебенек 

киген келеді» дегендей әлде де үмітім бар. Барған еліңнің игі 

жақ сылары бас қосып отырған бір сәтті пайдаланып ұялмай, 

именбей рұқсат сұра да, «Сары өзен» деген күй шертіп бер. Сәті 

болса осыдан ыңғай білінер. Күйді туған жерің «Сары өзенге» 

арна, зарыңды қос. Жан тебірентер күй шығару қолыңнан ке-

леді,—дейді ағасы. Қыз күң атанады да жат ел, жат жерге ба-

рады. Көргені мехнат болады. Байдың отымен кіріп, күлімен 

шы ғады. Сары уайым, бітімі жоқ көп күйбең, жігерін жегідей 

жеп, жүрегін мұңға толтырады. өстіп жүрген қапастағы күн-

дер дің бірінде, ол елдің игі жақсыларының басы қосылып, бай 

үйі не жиылады. өзінің мұң-зарын, туған жерге деген сағы ны-

шын екі ішекті домбырада сөйлетіп қойған қыз, рұқсат сұрап 

игі жақсылар отырған үйге кіреді. Сары қымызды суша сапы-

рып күні бойы ішсе де, тойымдық таппай бөртіп отырған игі 

жақ сылар қыздың жаңа күйімді шертіп берейін дегенін естіп 

елең етіседі. 



112

күй аңыздар

Қыз күйін шерте жөнелгенде күңнің өнеріне таңданған игі 

жақсылар бас шұлғысып, тұс-тұстан қолпаштап даурығысып 

қалады. Күйді тыңдап болғаннан кейін қыздан кімнің күйі 

екендігін сұрайды. Сонда қыз: «Тағдыр маған тумай жатып мех-

нат сыйлады. Етегіне жармасып әке артына ергем жоқ, ана сүтін 

тоя емгем жоқ, қос бәйтерегімнен жастай айырылып, жетім 

қалдым. Бай есігінде күн кештім. Енді көзімді ашып, жан-

жағыма қарап отырғанда көріп отырғаным мынау. Шаңыраққа 

мініп кеп күң атандым. Артымда көз жасымен өңірін жуып 

жалғыз ағам қалды, бірге өскен мұңдас құрбыларым қалды, 

мөлдір суын сіміре ішіп, кірімді жуған «Сары өзен» қалды. 

осыларды ойласам, өзегім өртеніп қайғы басады. өзегімді сары 

уайым жайлады, соларға деген сағынышым еді. Күй атын «Сары 

өзен» атадым»,—дейді. 

игі жақсылар қыздың өнеріне разы болып күңдіктен боса-

тып еліне қайтарды. 



119. «Ертіс толқыны» 

Мал шаруашылығымен күн өткізген қазақ халқының Ертіс 

бойын мекендейтін бір тобы құнарлы өлкені құтты қонысқа 

балап, ұзақ жылдарын сол арада өткізеді. Ертіс бойының шөбі 

құнарлы, суаты мол болғандықтан одан алыстап кете алмай

күнгейін қыстап, теріскейін күзеп-жайлап дегендей күндерді 

өткізе береді. Күзеу мен жайлау өзеннің бір жақ аңғарында, 

қыстау бір жақ аңғарында болады да екеуін бөле ағып Ертіс 

жатады. Ертіс—енді, суы ауқымды өзен. Қыстаудан жайлауға 

бару үшін өзен суы тасымай тұрғанда өтіп алмаса, ұсақ мал 

түгіл, атты кісіге жол бермейді. Жыл сайын бір мезгілде 

көшіп дағдыланып алған ауылдар бір жылы күтпеген жер-

ден қиыншылыққа тап болады. Ел бейқам отырғанда жаз ерте 

шығып, сай-саланың қары еріп, өзен арнасынан асып-тасып 

кетеді де, дүйім ел өткел таба алмай қамалып қыстау жақ ар-

наны жайлап қалады. Қыстаулық өріс қанша дегенімен тарлық 

істейді де жер көңілдегідей көктемейді, тебіндеген көкті мал 

жеп тауысады. 

Мал жаздан да жарасымдық семіздік ала алмайды. Бұл аздай-

ақ, сол жылы қыс қатты болып, қар қалың түседі. осылайша 

ию-қиюы сәйкеседі де, ел-жұрт көптеген малын жұтатып алады. 


112

113


халық күйлерінің аңыздары

Малдың жұтауын, жайлауға өте алмай қалғанын ел өзіміздің 

бейғамдығымыздан болды демейді. Ертістің толқынынан бол-

ды,—дейді. Қыруар шығынға ұшыратқан Ертістің ақ өркеш 

толқындарын күйге қосады. 

120. «Телқоңыр»

(І нұсқа)

Қазақпен моңғол жауласып тұрған ерте кезде екі жетім бала 

болыпты. Екі жетімнің үлкені ештемемен шатағы жоқ жуас 

екен де, кішісі пысық, ән құмар, әрнеге әуес, домбырашы екен. 

Талапты жастың той-томалаққа барып өз өнерін көрсетуіне 

қолы қысқалық ете беріпті. Ауылдас бардам адамдардан бірер 

тайдың терін сұраса да, алмайды екен. Бір күні ол ағасына:

—Біз бүйтіп жүре бермейік, үйде көміліп отырғанша, 

Алтайдың арғы бетіне барып, бұтартар тауып келейік! депті. 

Ағасы да бұған мақұл болып, екеуі Алтайдың арғы бетіне жол 

алыпты. Екі жаяу жол бойы ел қыдыра ұзақ жүріп он бес күн 

дегенде, Саржайлауда жатқан қалқа еліне барыпты. олар бір 

төбенің басына шыға келсе, құнан шаптырым жерде жазыққа 

қатар тігулі екі үй тұрады. үйдің бірі алты қанат ақ боз үй де, 

енді бірі отау үй екен. Екі үйдің ортасына тартылған кермеде екі 

жылқы байлаулы тұрады. Екеуі әлгі жылқыны алуға торуыл-

дап, көз байланар шақта ағасын әлгі төбеде қалдырып, інісі үй 

маңына барса, кермеде басына шылдырмақты ноқта салынған, 

аяғы ақ кісенмен кісенделген бір-бірінен айыра танығысыз, 

қамыс құлақ, алма мойын екі қоңыр ат байлаулы тұрады. 

Кісендеулі атты алып кету мүмкін болмағандықтан, інісі ақыры 

ағасын ертіп отау үйге жайын ел аралап жүрген адам бейнесінде 

баруға жақындайды. олар үй сыртына келіп жабықтан баспалап 

қараса, үй ішінде екі бойжеткен қыз «Телқоңырдың жүрісі олай 

емес» деп, таласып отырғанын көреді. үйде бас көтерер үлкен 

адамның жоқ екенін білген екеуі, не болса да осы қыздармен 

тілдесейік, тел қоңырды қолға түсірудің орайы туылар ма екен 

деген үмітпен: «Ассалаумағалайкум!» деп үйге кіріп келеді. 

Сонда от басында отырған қыз аңырып отырып қалады да, біреуі 

қолындағы домбырасын жүкке сүйей салып, қазан жақтағы 

сырлы сүйек төсекке шығып отырады. Екеуі ибадатпен төрден 

орын алады, үсті-басы жұтаң, жүздері жүдеу екі бозбалаға сәнді 

8-136


114

күй аңыздар

киінген кербез қыздар көз қырын сала қоймайды. Сөз тартып 

жауап ала алмаған екі бозбаланың бірі жүкте сүйеулі тұрған 

үкілі домбыраны қолына алып құйқылжыта жөнеледі. Қыз 

күй сарынына іштей қатты ынтығып, ұйып тыңдап қалады. 

Әсем күй көңіл көбелегін қалықтатқан қос бойжеткен, ақыры 

қос бозбаланы іштей ұнатып қонақ етеді. олардан: «Ертесі ат-

тануды, осы түнді күймен аттыруды» өтінеді. Бұған жігіттер 

мақұлдық береді, таң шеті сөгіле бастағанда екі қыздың көзі 

ұйқыға кетеді. осы сәтті тосқан екі бала кереге басында ілулі 

тұрған кісеннің кілтін алады да, кермедегі Телқоңырды боса-

тып алып, ноқтасымен жайдақ мініп Алтайдың бергі бетіне бір-

ақ тартады. Қыздар тәтті ұйқы құшағында қала береді.

отау үйдің қасындағы үлкен үйде ат иесі ақ сақалды шал бар 

еді. Байлығы мен салтанаты асып тұрса да, ұл баласы болмаған 

шалдың бар бақыты екі қызы мен тайынан баптап өсірген тел 

қоңыр аты екен. Шалдың ендігі арманы осы тете өскен қызын 

тел қоңырға мінгізіп, тете өскен екі жігітке қосу болатын. 

Сондықтан шал қыздарына құда түсе келгендерге: «осы шартым 

орындалса, қыздарымды қалыңсыз беремін»,—деп сөз береді. 

Бірақ мұндай жер шыға қоймайды. Ағайынды жігіттер кел-

ген кезде шал қыздарына бөлек үй тіктіріп, өз алдарына сауық 

құрдырып қойған екен. Қыздар кейде тел қоңырмен саятқа 

шығып тұрса керек. осы күні шал ерте намазға шыққанда, кер-

меде жаратулы тұратын тел қоңырды көре алмайды, үйге бей-

сауыт екі баланың келгенінен хабар тапқан шал:

—Е, Телқоңыр барар жеріне барып болған екен, бұйрығы 

болса кетпес, бұйырмаса келмес, алдырар күні жаздырар де-

ген осы, енді Телқоңырды ұры әкеткенін елге дабыра етпей

хабарын үйден тосыңдар. «Сабыр түбі сары алтын», екі қызым 

қолымда тұрса, Телқоңыр қайта айналып қазығын табар,—деп 

бойын кеңге салып жата береді.

Жел тақым балалар желдей ескен жүйріктерімен ара қонып 

ауылына келіп те үлгеріпті. Сол кезде атақты бір байдың асы 

берілетін болып, төңіректің төрт бұрышына сауын айттырып 

«он атқа бәйге беремін, бас бәйгенің ауыздығына ат байлап, ша-

бандозына асылдан шапан жабамын» деп хабар таратады. Екі 

жігіт тел қоңырларын осы бәйгеге қосуға баптайды. 

Күншілік жерге айдалған бәйгенің келетін уағы болып, ел 

тө 

беге топталып жолға телмірумен болады. Бір кезде қатар 



114

115


халық күйлерінің аңыздары

шыққан екі қара көрінеді. Әркім әртүрлі жорып, ел іші гулесіп 

жа тады. осыдан кейін байлар мен билер тел қоңырға ер-азамат-

тың құнын беріп сатып алмақ болады. Бірақ екі жетім тел қоңыр:

—Телқоңыр басымызға келген қонақ, нағашымыздың бә-

сіресі, сата алмаймыз,—дейді. Сөйтіп, қоңырдың бәйгесімен 

қорасына қой, өрісіне жылқы сала бастайды. өстіп жүргенде 

ұлы той болып айтулы ат бәйгесі болады екен, бас бәйгесіне бес 

жүз қой атапты деген хабар таралады. Даяшы жігіттер оларды 

алдарынан шығып шеткері бір үйге түсіреді. олар бәйгенің ер-

тең айдалатынын айтады. Бірақ тел қоңыр мама ағашқа да ты-

ныш тұрмайды. Екі жігіт аттарының бұл қылығына қайран қа-

лады, ауаша байламақ болып шешіп алғанда, Телқоңыр оларды 

сүзе сүйреп, ауыл ортасындағы үлкен ақ боз үйдің белдеуіне бір-

ақ барып тоқтайды. Төр алдын құралай отырғандарға құйма лы 

сырлы тегенедегі сары қымызды шыбар қайыңнан жасал ған 

қос басты ағаш шығырықты ожаумен көтере-көтере сапырып 

құйып отырған қара торы жігіт қана бір-бір шыныдан қымыз 

ұсынады. отырғандардың ішінен аласа бойлы біреу жантай-

ған қалпы басын көтерместен, есіктен кіріп-шығып жүрген той 

басқарушыға:

—Мына екеуі қай атаның билері екен менімен дастарқандас 

болатын, білгім келіп отыр?—дейді кекесінді пішінмен мыс-

қылай сөйлеп. Сонда үйдің қақ төрінде отырған орта бойлы би 

басын көтеріп: 

—Киімі жаман болғанымен кеспірі түзу жігіттер екен, қай-

дан білесің, өнері ішіндегі біреу ме? Дәм айдап дастарханы-

мызға келген шығар, оларға да кезек беріңдер! Көрсетсін өнері 

болса,—дейді кезекпен ән шырқап, домбыра шертіп сыбызғы 

тартып отырған өнерпаздарға қарап. Қолдан-қолға өтіп отыр-

ған домбыра ең соңында екі жігітке де тиіпті. «Қолыма домбыра 

бір тисе» деп бағанадан шыдамы таусылып отырған жігіт дом-

быраны құлақ күйіне келтіріп алып, бірде құйғытып, бірде шы-

мырлата баяулатып, бірде шалқыта әуелетіп күйге басқанда, 

отырғандар дән риза болып, оларға қымыз ұсынып «бәрекелді» 

айтыпты. Күмбірлете әуелеткенде бағанадан ел аңысын аңдап 

төсекте жатқан ақ мақтадай кәрия: 

—ой, қайран тел қоңырым-ай, қайта айналып қазығыңды 

тапқан екенсің ғой, Құдай айдап белдеуіме қайта байланған екен 

ғой!—деп басын жастықтан жұлып алыпты. Сонда отырған дар:



116

күй аңыздар

Тегінде, Телқоңырды екі бала алып кетіпті деген сөз бар еді 

ғой, мына екеуі солар болар болып жүрмесін. Айтың дар шы 

растарыңды, өздерің қай ауылдан не ғып жүрген аза мат сың-

дар?—деп енді екеуінің жөнін сұрауға көшіпті. өздерінің Тел-

қоңырды қалай алып кеткені жайындағы бар болмысты баян-

дап, кәриядан кешірім сұрайды. Сонда кәрия:

—«Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген екен атаң 

қазақ, кештім күнәларыңды. осы ауылға неге келгендеріңді 

де біліп отырмын, тілеген тілеуім орындалды. үлкен қызымды 

үлкеніңе, кішіңе кіші қызымды атастырып, ақ батамды бердім 

сендерге, той үстіне той болсын!—деп, алақанын жайып бата-

сын берген екен. Міне, осы күй қазірге дейін осылай «Телқоңыр» 

атанып келеді.

121. «Телқоңыр»

(ІІ нұсқа)

Дәулеті шалқыған, елге беделі артқан бір ұлықтың төскей-

ді жайлаған қаптаған қалың жылқысының ішінде мәпелеген 

қоңыр тұлпары болыпты. Қоңыр ат қамыс құлақ, тік бақай, 

бөкен қабақ, сіңірлі, алыс адымды зор денелі аттың сұлуы 

атанады. ұлық қоңыр жүйрікті кермеге байлап сылап-сипап, 

мәпелеп күтуші қойып, түнде күзеттіріп бақтырады. Тұлпар ды 

ауыл арасында емес, ел ішінде бас қосатын ұлы дүрмекке ғана 

мініп, ру-руды қамтыған үлкен тойларда бәйгеге қосады. 

Ел ішінде жылқыға арнап тартылып жүрген күйлердің 

бір де-бірін қоңырдың жүйріктігіне тең көрмеген ұлық: «Қо-

ңыр ат тың жүрісін күйге түсірген домбырашы болса атан түйе 

жетек тетіп, ат мінгізіп, киіт кигіземін»,—деп бүкіл елге жа-

рия ша 


шады. Талай күйді тамылжыта шерткен күйшілер 

хал-қадарінше күй шығарады. Бірақ күйшілердің ойланып-

тол ғанып шығарған күйлері ұлық көңілінен шықпайды. Ел 

ішіне аңызға айналған бұл оқиғаға құлақ құрышы қанған көр-

шілес рудың ұлығы қоңыр жүйрікті ұрлап алмақ болады. Бір 

қу жігіттің қасына асқан шебер домбырашы қосып, қоңыр 

жүйрікті ұрлап әкелуге аттандырады. ұзақ жол жүріп шарша-

ған екеуі ел шетіне келгенмен мақсаттарына жете алмай дал бо-

лады. «онда не бар дейсің тәйірі! Аламыз да қайтамыз»,—деген 

ойлар құр үміттің бұлаңы болады да шығады. ұлық ордасының 



116

117


халық күйлерінің аңыздары

қасындағы кермеге байлаған қоңыр жүйрік күндіз-түні кү-

зетулі. Күндіз күтуші басы-қасынан ұзамайды. Түнде қой кү-

зеткен қыз-келіншектер айнала қоршап алақанда ұстайды. Қу 

жігіт пен домбырашы әлденеше күн торып ала алмайтында-

рына көзі жетеді. Қасындағы төмен қарап мұңайып отырған 

домбырашыға қу жігіт өзінің ойлап тапқан әдісін айтады. 

—Бөтен ел бөтен жерде бүйтіп не марқаба табамыз. Ел жа-

тып, қыз-келіншектер қой күзетіп шыққан кезде сен ауылдың 

ар жағында дөңге шығып домбыраңды шерте бер. Ет-жүректі 

елжіретіп сезімді баурап алатын тәтті күйге құмартқан қыз-

келіншектер сенің қасыңа баруы мүмкін. Жолымыз болып, 

олар сені қоршаса, әдемі күйлермен айналдыр. осы кезде мен 

күзетсіз қалған қоңырды жетектеп алып шығайын. Екеуі осы-

ған келіседі де, ел ұйқыға кеткенде бөлінеді. Қой күзетіп қы сыр 

әңгімемен таңның атуын күткен қыз-келіншектер күтпе 

ген 

жерден төгіле шығып бойды тербеп алған домбыра үніне құлақ 



түреді. Бірінен соң бірі үзіліс таппай шертілген күй даусына 

елегізген қыз-келіншектер жарыса тұрып, домбырашының 

қасына барады. Домбырашы: «Көршілес ауылдың жігітімін

жол қарап шығып ем, жолым болмай торыққан соң домбыра-

мен сырласып отырмын»,—дейді де, күйді шерте береді. Қо-

лайлы сәтті пайдаланған қу жігіт еппен келіп кермеде бай-

лаулы тұрған қоңыр жүйрікті жетекке алып межелі жерге 

тартады. «Енді алып үлгерген шығарсың»,—деп топшылаған 

күйші домбырасын қолына ап, қыздармен қош айтысып жолға 

түседі. Манадан тәтті күйден нәр алған қыз-келіншектер орал-

са, кермедегі қоңыр жүйрік жоқ. Маужыраған тыныш түнде 

ұзақ ұйқыда жатқан ұлық та, ауыл адамдары да «қоңыр жүйрік 

жоқ»,—деп айнала жүгіріп шулаған қыздардың дауысы мен 

оянады. «Қайтып айырылдыңдар?»—деген сұрауына қыздар 

болған оқиғаны айтып береді. 

—Домбырашы қандай күй шертті?—дейді ұлық. 

—Домбырашы мынадай күй шертті,—деп күйді ұғып алған 

бір қыз шерте жөнеледі. 

Алып қашқан ат жүрісін, сұлу шабысын суреттеген күй 

тыңдаушыларды баурап алады. Беріле тыңдап егіліп тұрған 

ұлық күй біте бергенде басын көтереді де, зор үнмен: «Қоңыр 

аттың шабысы мен сұлулығын аумаған қалпында қос шекте 

ойнатқан домбырашы бар ма еді бұл елде?! Бар болса баяғыдан 


118

күй аңыздар

қайда жүрген ол. Бұл елдің күйшісі емес. Көршілес руда бәлен 

деген төренің асқан шебер домбырашысы бар деуші еді. Мынау 

соның күйі. Атты ұрлатқан сол төре. Талай рет сұратқанда бер-

меп едім, егескен екен»,—депті де отыра кетіпті. ұлық күйініп 

аз отырады да, сенімді екі жігітін шақырып алып: 

—Атқа қоныңдар да, сол төреге барыңдар. Ат басындай жам-

бы төреге сәлемдемем. Қолекі тапсырып сәлем беріңдер. Қо ңыр 

жүйрікті сұрамаңдар, берсе, алмаңдар,—дейді. 

Төре екі жігітті құрметті қонақ етіп, ұлықтың сәлемдеме-

сін қуана алады. Екі жігіт жүрерде төре бұйымтайларын сұраса 

олар: «ұлығымыз сәлем деді», дегеннен басқа ештеңе айтпады. 

өш-араздығы, алым-берімі жоқ, бірақ қоңыр жүйріктің 

қол ды болғанына қынжылмай сәлем жолдаған ұлыққа риза 

бол ған төре, қоңыр жүйріктің қасына одан аумайтын тағы бір 

қо ңырды қосып береді де: «ұлықтарыңа сәлем де! Айыбымды 

кешкен екен, мен де аяғына жығылдым. Егіздей көрінетін екі 

қоңыр екеуімізде тұрмай, біріне-бірі сән беріп сонда тұрсын!»—

деп қос қоңырды жетектетеді.

Сөйтіп, бір қоңыр ат екеу болып оралады да, ұлықтың ор да-

сының қасындағы кермеге байланады. 

Бір-бірінен аумайтын қос қоңырдың пішініне, сымбатына, 

жүйріктігіне құмартқан күйшілер «Телқоңыр» күйін шығарады. 




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал