«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет1/38
Дата11.01.2017
өлшемі3.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Астана 2012

«Мәдени МұрА» 

МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының кітАп сериялАры

ҚАзАҚстАн республикАсының тұңғыш президенті нұрсұлтАн 

нАзАрбАевтың бАстАМАсы бойыншА шығАрылды


Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы 

Асқаров Әлібек, жауапты хатшы 

Абдрахманов Сауытбек

Атабаев Қамбарбек 

Аяған Бүркітбай 

Әбжанов Хангелді

Әбусейітова Меруерт 

Әжіғали Серік 

Әлімбай Нұрсан

Байпақов Карл 

Байтанаев Бауыржан

Балықбаев Тахир 

Дүйсембаев Еркін 

Есім Ғарифолла

Жақып Бауыржан

Жұмағалиев Асқар 

Жұмағұлов Бақытжан

Қасқабасов Сейіт

Қозыбаев Ілияс 

Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай

Мұхамадиұлы Арыстанбек

Мыңбай Дархан 

Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара

Самашев Зейнолла

Сұлтанов Қуаныш

Тұяқбаев Қанат 

Шаймерденов Ербол

Шеңгелбаев Бақытжан

«МӘДЕНи МұрА» ұлТТыҚ СТрАТЕгиялыҚ ЖоБАСыН 

ЖүЗЕгЕ АСыру ЖөНІНДЕгІ ҚоҒАМДыҚ КЕңЕС 



жүз томдық

Күй аңыздар

84 том


уДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

Б 12

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік 

маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары)

Жұмасейітова г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.у., Күзембаева С.А., 

Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Қосан С., Мамыраев Б.Б.



Томды басуға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған

Томның редакция алқасы:

Алпысбаева Қ., Әлбеков Т. (жауапты редактор), Күзембаева С. 

Қасқабасов С.

Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларды дайындағандар:

Әлбеков Т., Қосан С., оралбек А., 

Байғазы А. (жауапты шығарушы)

Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012.

Т. 84: Күй аңыздар.—432 бет. 

ISBN 978-601-292-490-9

«Бабалар сөзі» сериясының 84-томына Қр БҒМ орталық ғылыми кі-

тап ханасы мен М.о. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

сирек қорларында сақтаулы қолжазбалар мен түрлі жинақтардан алын ған 

күй аңыздар енді. 

уДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

ISBN 978-601-292-490-9 (т. 84) 

© Әдебиет және өнер институты, 2012 

ISBN 9965-619-60-3  

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012


ҚұрАСТыруШылАрДАН

М.о. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 

Мем лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық 

кө 


ретін «Бабалар сөзі»  сериясының жүз томдық ғылыми 

ба 


сылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның 

бұған дейін баспаға ұсынылған сексен үш томы ұлттық 

фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып 

саналатын эпостық шығармаларға, қара өлең, ертегілер, 

жұм бақтар мен мақал-мәтелдер т.б. шағын жанрларға арнал-

ды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың» он үш, 

«Діни дастандардың» жеті, «Ғашықтық дастандардың» он 

бір, «Тарихи жырлардың» он бір, «Батырлар жырының» 

жиырма, «Мақал-мәтелдердің» бес, «Қара өлеңнің» екі, 

«Ше жірелік жыр-аңыздардың» бір, «Жұмбақтар» мен «Ба-

лалар фольклорының» бір-бір томы, «Ертегілердің» бес то-

мы, «Қазақ мифтерінің» бір томы, «Моңғолиядағы қазақ 

фольклорының» бір томы, «Топонимдік аңыздардың» бір 

то мы, «Шежірелік аңыздардың» үш томы баспаға дайында-

лып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томына Қы-

тай қазақтарының, бір томына Моңғолия қазақтарының 

фольклорлық мұралары қамтылды. 

Күй аңыздары—қазақ мәдениетінің бастауларымен са-

бақтасып жатқан біртұтас рухани құбылыс. Аңыздар дың 


6

күй аңыздар

түп-тамырына назар аударғанда, олар халықтың руха ни 

әлемінде айырықша орны бар, ғасырлар қойнауынан бас-

тау алатын дәстүрлі мұра екендігін аңғаруға болады. оған 

Қорқыт атадан бастап бүгінгі күнге дейін үзілмей келе 

жатқан күй өнері, олардың шығу тарихына байланысты 

ауыздан ауызға тарап, кейінгі ұрпаққа жеткен аңыздар 

айқын дәлел бола алады. Күй аңыздарда халықтығымен 

қоса, синкретті сипатымен де ерекшеленеді. Бұл арада 

күй мен күйшінің, күй мен аңыздың, күй тарихы мен оны 

айтушылардың және күйді орындаушылардың арасында ғы 

ажырағысыз байланыстың барлығын әрдайым есте ұста ған 

абзал. 


осы жанрды арнайы түрде зерттеген профессор А.Сейдім-

бек күй аңыздарының пайда болу тарихын бес кезеңге бөліп 

қарастырады. Алғашқы кезең—жыл санауымызға дейінгі 

VІІІ-V ғасырлардан біздің заманымыздың VІ ғасырына 

дейін 

гі аралықты қамтиды. Бұлар—ислам дініне дейінгі 



қиял-ғажайып тақырыптарға, атап айтқанда, жаугершілік 

ке зеңдердегі жорық сарындары, атақты қолбасшылар, пара-

сатты арулар, қанатты пырақтар, киелі жануарлар туралы 

күйлердің аңыздары («Қос мүйізді Ескендір», «Көк төбет», 

«Көкбөрі», «Аққу», «Сарын» т.б.).

Екінші—оғыз-қыпшақ кезеңіндегі (VІ-ХІІ ғғ.) Қорқыт ата 

сарындарына қатысты, сондай-ақ «Абыз толғауы», «Саймақ-

тың Сарыөзені», Балжыңгер» сияқты күйлерге байланысты 

аңыздар.

үшінші—Ноғайлы кезеңіндегі (ХІІ-ХVІІ ғғ.) күй аңыздар. 

Бұлардың қатарына «Жошы ханның жортуылы», «Әмір ақ-

сақ», «Қамбар күйі», сонымен бірге Кетбұғаның «Ақсақ құ-

лан», Асанқайғының «Ел айрылған», Қазтуғанның «Сағыныш» 

сынды күйлері туралы ел аңыздары жатады.

Төртінші топта жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі 

(ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) тарихи деректілігі басым «Қаратаудың шерт-

песі», «Абылай ханның Майдақоңыры», «Қалмақ биі», «Қал-

мақтың қара жорғасы» т.б. күйлерге байланысты аңыз 

дар 

қарастырылған.



6

7

құрастырушылардан



Бесінші—ХVІІІ-ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басын да 

дүниеге келген халыққа танымал, авторлары белгілі шы ғар-

малардың шығу тарихына қатысты аңыздар. Бұл туындылар 

көлемі тұрғысында да, көркемдік сипаты жағынан да маңызды 

болып табылады. 

Топтаманың 84-томына М.о.Әуезов атындағы Әде биет 

және өнер институты мен орталық ғылыми кітап хана ның 

қолжазба қорларында жинақталған Б. Жақып 

баев 

тың, 


Қ. Айнабековтің, А. Құдайбердиевтің, А. Бейсенғали қы-

зының


 

қолжазба мұралармен қатар, А.Жұбановтың «Ға-

сырлар пернесі» (1975), А.Сейдімбектің «Күй шежіре» 

(1992), у. Бекеновтің «Күй табиғаты» (1981), Т. Мерғалиев-

тің «Домбыра сазы» (1972), М. Сатыбалдиевтың «Шара-

пат» (1973) Б. Мүптекеев пен С. Медеубекұлының «Жетісу 

күйлері» (1998), Т. Мерғалиев, С. Бүркіт пен о. Дүйсеннің 

«Қазақ күйлерінің тарихы» (2000), К.Сейдехановтың 

«өл ген қазан» (1985), «Қазақ музыкасы. Антология: Бес 

томдық». 1, 3, 4, 5-томдары (2005, 2006), Б. Жүсіповтың 

«Жиделі Байсын күйлері» (2000), А. райымбергенов пен 

С. Аманованың «Күй қайнары. голоса народных муз» 

(1990) еңбектеріндегі, cондай-ақ Қытай қазақтарының 

«Шин жаң халық баспасынан» шығарған «Күй аңыздары» 

жинақтарының 1-2-кітаптарындағы (2009) күй аңыздар 

қамтылды.

Томның алғашқы бөлімі «Халық күйлерінің аңыздары» 

аталып, авторы белгісіз туындылар туралы аңыздар топ-

тастырылған болса, «Күй және күйшілер жайындағы аңыз-

дар» атты екінші бөлімде Қорқыт атадан бергі кезеңдерде 

өмір сүрген күйшілердің шығармаларына қатысты аңыздар 

жинақталды. Томды дайындау барысында жоғарыда атал-

ған профессор А. Сейдімбектің жүйелеу тәсілі басшылық қа 

алынды.


Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә-

тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, рет тік 

санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшалары: том 

-

ға енген мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушы-



8

күй аңыздар

лар және басылымдар туралы мәліметтер, томға енген мә-

тіндерге ғылыми түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары, 

мә  тіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен күйшілер тура-

лы түсініктерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және 

том 

ның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған түйіндерін 



құрайды.

Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.



8

1. «Шақыру»

(І нұсқа)

Есте жоқ ескі заманда ен даланы еркін жайлап, мұңсыз-

қамсыз ғұмыр кешкен ел күтпеген бір нәубетке тап болады. 

Ел шетінен білінген қалың жылан ордасы көзіне көрінген мал-

жанға шабуыл жасап, қырып-жоя бастапты. Небір ақ орда үй-

лерді сақиналап орап алатын жыландар күтірлете сыққанда 

күл-талқан етеді екен. Алып жыландардың қыспағына түс кен 

атан түйелердің өзі танауынан қаны дірдектеп, аяқ серпуге ша-

масы келмепті. 

Мұндай сұмдықтан дүрліккен қалың ел шошынып, бас сау-

ғалай қашады. Тау-тасты, үңгір-оқапты паналайды. Бірақ жы-

лан нөпірінен сонда да құтыла алмайды. Әсіресе осынау орда-

лы жыландардың көсемі—қос мүйізді айдаһар тірі жанға сауға 

таптырмайды. оның қос мүйізі дем тартып, уытын шашқанда 

адамдардың еті ағып түсіп, саудыраған қу сүйектері қалады 

екен. 


Әбден айласы таусылған адамдар құрып бітетін болған 

соң, Тәңіріге жалбарынып көмек сұрайды. Адамдардың зары 

Тәңірінің құлағына жетсе керек, кешікпей көктен белгі білі-

неді. Алдымен, аспаннан жолақ жасап жарық сәуле көрінеді. 

Сон соң, сол жарық сәулені жол етіп, қос өркеш түйеге теріс 

қарап мінген Нұртөлі атты бала түседі. Баланың қолында аққу 

мойын қара қобыз болса керек, небір сиқырлы саз шығарып, 

күй төге келеді. Жер бетінен күйдің сарыны естілуі мұң екен, 

қаптаған ордалы жылан шиыршық атуын қойып, сілтідей ты-

нады. Бұрынғы қан құмар обыр мінезін ұмытып, күйдің дауы-

Халық күйлерінің аңыздары


12

күй аңыздар

сын ұйып тыңдағандай болады. осы кезде көктен түскен Нұр-

төлі қобызын сарнатқан қалпы Қаратеңізді бетке алып жүре 

береді. оның соңынан күйді үздіге тыңдаған жыландар да 

қалмай жылжып, теңіз тұңғиығына бірге кіреді. 

Сөйтіп, ен даланы еркін жайлаған халық иықтарынан ауыр 

жүк түскендей көңілдерін демдеп, қайтадан мұңсыз-қамсыз 

күйлерімен қауышады. 

Адамдарға араша түскен Нұртөлі күні бүгінге дейін Қара-

теңіздің астында тоқтатпастан күй төгіп отырса керек. Ал 

мүйізді аждаһа бастаған жыландар ордасы қобыздың сазды са-

рынын жалықпай тыңдауда көрінеді. 

Нұртөлі қобыз күйін тоқтатпауға тиісті. Егер қобыз кө мейі-

нен күй сарыны үзілсе, жыландар ордасы қайтадан жер бетіне 

шығып, тіршілік атаулыға қырғын таптырмақ. 

Нұртөлінің жыландарды күймен шақырып, соңынан ерт-

кен сиқырлы сазын естіген бір құйма құлақ қобызшы кейін 

«Шақыру» күйі деп жұртқа жайса керек. 

2. «Тауқұдірет» 

Есте жоқ ескі заманда домбырада жалғыз ғана ішек, тау-

құ діретте жалғыз ғана қанат болыпты. Тауқұдіреттің жалғыз 

қанаты еркегінің оң жағына, ұрғашысының сол жағына біте-

ді екен. Домбыра не істерін білмей іштен тынады. Тауқұдірет 

болса күндіз-түні Тәңірге мұңын шағып, қалықтап ұша алатын 

қос қанат сұрап, «құдірет-ау, құдірет» деп жалбарынумен бо-

лыпты. 


Күндердің бір күнінде тауқұдіреттің аталығына бір ой келе-

ді, «бүйтіп зарлап жүре бергенше, талпынып тірлік етіп кө-

рейік» дейді де, аналық тауқұдіретпен қолдасып ұшуды ойлай-

ды. Бірінде—оң қанат, екіншісінде—сол қанат, екі тауқұдірет 

бір-бірімен қолдасып, қанаттарын кере серпеді. Сол кезде 

жерден бауырлары көтеріліп, қалықтай ұшып жөнеледі. Жер 

беті дөңгеленіп төменде қалады. Қос тауқұдіреттің қанатта-

рын жел сүйемелдеп, көк жүзінде рақаттана самғайды. Сонда 

көңілдері шаттанған қос тауқұдірет қуаныштарын жасыра ал-

май «құдірет-ау, құдірет, мұныңа да шүкіршілік!» деп Тәңірге 

ризашылықтарын білдіріпті. Кейін бұл тауқұдіреттерден ту ған 

балапандарға тәңірі қос қанат дарытып еді дейді. 



12

13

халық күйлерінің аңыздары



осы оқиғадан құлағдар домбырашы «Қос қанат бірігіп еді—

ұшты, егер домбырада қос ішек болса ше?» дейді де, екінші ішек 

тағып көреді. Сонсоң қос ішекті домбырасын тартып көрсе

ғажайып үн шығады дейді. Домбырашының қуанышында 

шек болмайды. Тіптен, риза болғандығы сонша—ең алғашқы 

күйін тауқұдіретке арнайды. Тауқұдіреттің алғашқыда қалай 

қиналғанын, «құдірет-ау, құдірет» деп Тәңірге қалай жал ба-

рынғанын, сонсоң қолдаса ұшып көкке самғағанын күй тіліне 

салады. 

Шынында да, бұл күйді тыңдап отырғанда, көсіп шертетін тұс-

тары «Құдірет-ау, құдірет» деп сөйлеп қоя бергендей әсер етеді. 

3. «Шұбар киік» 

(І нұсқа)

Ертеде құралайды көзден ататын бір аңшы болыпты. Тәңі-

рінің бұйыртқан несібесін түзден теріп жеп, аң аулап күн көреді 

екен. 


Күндердің бір күнінде сағым шалған сары далада өзегі та-

лып, өкпесі өшіп аң аулап келе жатса, бетегелі белде жайы лып 

жүрген жалғыз шұбар киікті көреді. иіс шалдырмау үшін ық 

жағын алып, сайды жалдап, беткейді құлдап, садақ тартым 

жерге келеді. Баспалап қараса, желіні жер сызған ешкі екен. 

Аң деген көздің құрты, аңшы сол жерде «сенде жазық жоқ

менде азық жоқ» деп, садағын кезенеді. 

«Түз тағысы табиғатпен тілдес» деген емес пе, бір қатердің 

төнгенін сезген шұбар киік селт етіп басын көтерсе, садағын ке-

зеп тұрған сұр мергенді көреді. оқтан жүйрік емес, енді қашып 

құтылмасын білген шұбар киік көзі мөлдіреп аңшыға қарай ды 

да, жалбарына тіл қатады. 

—Ей, Сұрмерген, жаныма сауға сұраймын. Әлі бауыр көте-

ріп үлгермеген егіз лағым бар еді. Сол панасыз лақтарымды 

аңсап, жүрегім елжіреп, желінім дертіп келемін. Мені атпа. 

Тілімді алсаң, «атқан оғың жерге түспесін» деп батамды бе-

рер едім. Сонда сен ұшқан құс пен жүгірген аңды құтқармас 

несібелі аңшы боласың. өле-өлгенше тарықпай өтесің! Жаныма 

сауға сұраймын, атпа!—дейді. 

Аңшы бұл сөзді тыңдамайды. Күнімен табанынан таусы-

лып, дала кезген аңшы бұл киіктен айырылса, үйіне құр қол ба-


14

күй аңыздар

ратындай болады да, садағын тартып жібереді. Сонда киелі киік 

аңшының көз алдына шұбар тасқа айналыпты дейді. 

осыдан кейін Сұрмергеннің жолы болмайтын болыпты. 

Бұл оқиғаны естіген домбырашы «Шұбар киік» деп күй 

тартқан екен. 

4.«Шұбар киік» 

(ІІ нұсқа) 

Ертеде несібесін түзден терген бір аңшы болыпты. Бір күні аң 

аулап жүріп, шұбар киікке ұшырасады. Жас лақтаған, желі ні 

жер сызған киік екен, бірақ аң деген көзің құрты емес пе, аң шы 

«сен де жазық жоқ, менде азық жоқ» дейді де, садағын кезенеді. 

осы кезде шұбар киікке тіл бітіп: 

—Ей, Сұрмерген, мені атпа. Әлі бауырын көтермеген егіз 

лағым бар еді. Жүрегім елжіреп, желінім дертіп келеді. Сен ма-

ған мұрсат бер, сол лақтарымды тойғыза бір емізіп, соңғы рет 

бауы рыма алып, мауқымды басқан соң өзіңе қайтып келейін,—

дейді. 

Аңшы ойланып қалады. Нанбайын десе адамша сөйлеп тұр, 



нанайын десе басқа кепіл болар ештеңе жоқ. 

—Мен сені атпай жіберер едім, бірақ қайтып келетініңе кім 

кепіл болады?—дейді аңшы. 

осы сөздің айтылуы мұң екен, аспан шарт етіп, найзағай 

жарқ етіп, жерге Мұхаммед пайғамбар түседі де: 

—Мен кепіл боламын!—дейді. 

Мұнан соң аңшы киікті босатады. Кепілдікке келген Мұ-

хаммед пайғамбар жанында, енді аңшы лақтарын емізуге кет-

кен киіктің қайтып оралуын күтеді. 

Арада біраз уақыт өтеді. Күт батуға айналады. Сол кезде 

аңшы таңырқап, Мұхаммед пайғамбарға тіл қатады: 

—Сіз мені бұйырған ризығымнан қақтыңыз-ау, киік опа сыз 

болды!—депті. Сонда Мұхаммед: 

—Сабыр ет, аңшым, он сегіз мың ғаламда мені ешкім алда-

ған емес!—депті. 

осы сөзді Мұхаммедтің айтқаны сол екен, таңы жарқырап 

шұбар киік те жетіпті дейді. 

Бұл оқиғаны естіген күйші домбырасына келтіріп күй тарт-

са керек. 


14

15

халық күйлерінің аңыздары



5. «Жорға аю»

(І нұсқа)

Таудың тарлан тағысы аю бірде баласын ертіп етекке түседі. 

Етекте күркіреп ағып жатқан ақ жал толқынды өзен бар екен. 

Аюдың қонжығы өзен ағысын қызықтап жарқабақтан қарап 

тұрғанда құлап кетіпті. Арыны қатты тау суы қорбаңдаған 

қонжықты жаңқа құрлы көрмей, қақпақылдап ала жөнеледі. 

Көз алдында ақ көбікпен араласып, бір батып, бір шығып 

ағып бара жатқан баласын қимай аю жанталасады. Құтқара тын 

дәрмені жоқ, су ішінде қараңдаған баласынан көз алмай жар 

жағалап жүгіре береді. Бауырын бұтақ жырып, табанын тас 

тіледі. Бірақ баласына деген аналық сезімі сүлдерін сүйре леп, 

қонжығынан қалыспай жүгіре береді. 

осы бір жағдайды көзі көрген күйші домбыра мен сыбыз-

ғыға күй етіп салған екен. 

Мынау сондағы аюдың жорғалай балпаңдап жүгіргендегісі 

екен дейді. 



6. «Қызылқан» 

(І нұсқа)

Көктемде ұшып келіп, күз түсе жылы жаққа қайтатын жыл 

құстарының ылғи алдын бастап, қарқара тарта ұшып отыра-

тын Қызылқан атты бір құс болыпты дейді. Қызылқан өзінің 

соңындағы мың сан құсты небір қанат талар шөлден, топшы 

талар белден өткеріп, оты-суы мол өлкеге бастап келіп жүреді 

екен. 

Бірде моншақтай тізіліп, жылы жақты сағалап келе жат-



қан қалың құс қарлы боранға ұрынып, жойдасыз шығынға 

ұшырапты. Сонда, соңынан ерген ұяластарының ауыр халіне 

күйзелген Қызылқан мұңын шағып Тәңірге барады. Тәңірі 

Қызылқанның шағымын тыңдап болып: «Е-е, түз тағысын та-

би ғатпен тілдес етпей болмайды екен. Жарайды, мен сендер-

ге адаспай ұшу үшін аспаннан жол салып берейін!»—деп, көк 

жүзіне ақ белдеу жол салып береді. Аспандағы ақ белдеу құс 

жолының пайда болу себебі содан болса керек. 

ұрпағының қамын ойлап, Тәңірімен тілдескен Қызылқан 

атты құсқа арнап сыбызғышы күй шығарған. 



16

күй аңыздар



7. «Балжыңгер» 

(І нұсқа)

Ертеректе байлық-берекесі шалқыған, сән-салтанаты ке ліс-

кен Байсары деген бай өтіпті. Мекені өр Алтайдың салқын сабат 

аясына біткен Марқакөлдің шүйгін жағасы болса керек. «Бірі 

кем дүние» деген емес пе, Байсарыда тұяқ жалғар, шаңырағы-

на ие болар ұл болмапты. Бірақ, оның есесіне ақылына көркі 

сай, жұрт аузына ілінген Айымкүл есімді жалғыз қызы бар 

екен. Жоққа жүйрік жеткен бе, Байсары бай барға қанағат 

етіп, жалғыз қызы Айымкүлдің тілеуін тілеп, бетінен қақпай 

өсіріпті. 

Жылжып жылдар, сырғып күндер өтіп жатады. Айымкүл 

айдай толысып бой жетеді. Байсарының ақылына көркі сай 

қызы туралы тамылжыған тәтті сөз аяқ жетер жерге жайы-

лады. Содан өзіне теңдес өмірлік жар іздеген небір нәнталап 

жігіттер қыз көруге Байсарының үйіне күн құрғатпай ағылып 

келіп-кетіп жатады. Батыры бар, байы бар, шешені мен көсем 

бар, бірінен-бірі мойын оздырған қыз көрушілер Айымкүлді 

көріп, көңілдері толып, сөз сала бастайды. 

осы кезде Байсары дал болады. Бірінен-бірі иық асырған 

өңшең мықтыларға не деп уәж айтарын білмей қиналады. 

Жалғызын құтты орнына қондырып, көңіл орнықтыруды ниет 

қылған Байсары енді қартайғанда дұшпанымды көбейтіп, ар-

тыма зиянымды тигізбесем неғылсын деп уайым етеді. Мұның 

бәрін іштей ұғып жүрген Айымкүл әкесіне сөз салады: «ұям үйде 

болғанмен, өрісім түзде болған соң шара бар ма?! Шара бол ма-

ғандықтан да, табиғаттың дегеніне көніп, перзенттік өтіні шім-

ді білдіруге бел будым. Әкем маған күйеу таңдап қиналмай-ақ, 

ерікті өзіме берсе екен. Маған атақ-даңқ та, байлық-береке де, 

сұлулық-салтанат да таңсық емес. оның бәрі бір басыма бұйыр-

ған. Сондықтан әкем аяқ жетер жерге жар салып, хан-қара, би-

төре демей, күйеу таңдар тойын жасап берсе екен»,—дейді. 

Байсары жалғыз қызының бұл тілегіне қарсы болмайды: 

«Тәңірі маған ұл бермеді. Бірақ ұлдан кем емес қыз берді. оған 

да шүкірана! Айымкүлім бой жетіп, перзенттік еншісін сұра-

ған екен, бердім ұлықсатымды! Аяқ жетер жерге жар салың дар! 

Күйеу таңдар тойға қамданыңдар!»—деп ризалығын білді ре ді. 

Содан күйеу таңдар тойдың межелі күні де келіп жетеді. 

Марқакөлдің жағасына жер қайысқандай жұрт жиналады. 



16

17

халық күйлерінің аңыздары



Тойға киіз туырлықты жалпақ қазақты былай қойғанда, ұрым 

мен Қырымнан, Бағдат пен Мысырдан, Шын мен Машыннан, 

үнді мен Хорасаннан үміткерлер келген. Бірінен-бірі асып 

түскен сән-салтанат көз тұндырады. 

Бір мезгілде кернейлер тартылып, дауылпаз қағылып, ор-

таға әлекедей жаланған жаршылар шығады. Жұртшылық қа 

алқа-қотан жасатып, еңселілеу орынға алтын тақта қойды рып, 

Айымкүлге жол ашады. Көрген жанның көңілін үйіріп, көл де 

жүзген аққудай сызып келіп тақтаға отырған Айымкүл баста 

деп белгі береді. Жаршылар саңқылдай жөнеледі. 

—уа, халайық, халайық! Ай мен күндей Айымкүлге қара-

йық. ұрым мен Қырымнан, Бағдат пен Мысырдан, Шын мен 

Машын нан, Хорасан мен үндіден келген қонақ бар. Ен даланың 

еркін өскен жігіттері және бар. Барлығында бір мақсат—айдай 

сұ лу Айымкүлдің сынынан сүрінбей өту. Бір ғана шарт бар, әр кім 

өзін, елі мен жерін таныстырып, ең басты қасиетін айтып өтсін! 

Жаршылардың хабарынан кейін үміткерлер бірінен соң бірі 

ортаға шығып, қойылған шарт бойынша өздерін таныстырып, 

ең басты қасиеттерін айта бастайды. Бірі жеті атасынан бері 

ел билеген әулеттен шыққанын айтады. Екіншісі төрт түлік 

малына жер қайысқан бай екенін тілге тиек етеді. үшіншісі 

алтыны мен күмісін түйеге теңдесе, алды-арты түстік жерге 

созылатын керуен болатынын көлденең тартады. Келесісі бұл 

дүниеде қарсыласы жоқ батырлығын айтып, кеуде қағады. Енді 

бірі жеті қат жер астының, жеті жұрттың тілін білетін ғұлама 

екенін ескертеді. Тіптен, тағы біреуі қара суды теріс ағыза ала-

тын сиқыр өнерін меңгергенін айтып өтеді... 

Айымкүл әрқайсысына ізет көрсетіп қойып, айтылған сөз-

дерді іштей бір сын ғып отырады. 

Бір мезгілде қарапайым киінген, есік пен төрдей кер ат мін-

ген бір жас жігіт ортаға шығады. Күнұзынғы сән-салтанатқа 

көзі үйренген жұрт гу ете қалады. Батырлар менсінбеген, бай-

лар теңсінбеген шырай танытады. 

—Ен даланың төсінде еркін өскен елім бар. Сол елдің 

қатардағы қарапайым бір перзентімін. Есімім—Қастер. Жа у 

алмайтын, жұт шалмайтын дәулетім бар, ол—мен үшін ойлан-

бай жанын қиятын достарым. Қашсам құтылатын, қусам же-

тетін қанатым бар, ол—астыма мінген пырағым—Балжың-

гер!—дейді жас жігіт. 

2-136


18

күй аңыздар

Айымкүл ойланып қалады. ойлана отырып: «рас-ау, мал 

өлер, дүние тозар. Сол өлер мал, тозар дүниені қаперіне ілмей, 

достарын мақтан еткен пейілі қандай кең еді, жүрегі қандай ақ 

еді!»—деп іштей күбірлейді. Жай ғана күбірлеп қоймайды, на-

зары тоқтаған осы бір кер атты жігітті сынамақ болады. Сыны-

на толса, тағдырдың жазуы осы шығар деп тәуекел етпек. 

Сол жерде Айымкүл ақ орамал көтеріп, жұртшылықтан 

сауға сұрап, кер ат мінген Қастерге шарт қояды: «Сөзің ұнады, 

жігітім. Енді ісіңді сынағым келеді. Алайда сынаушы жал-

ғыз мен болсам, әділдікке қиянат келтірер едім. Сондықтан 

істің сыны екеуімізге бірдей ортақ болсын. Мен қазір осынау 

қауымның көз алдында алтын оқалы, жез түймелі күдері тон 

тігуге кірісемін. Күдері тон толық тігіліп біткенше астыңдағы 

кер атпен Марқакөлді айналып шығасың. Егер үлгерсең, мен 

сендікпін!»—дейді. 

«уәде—серт, мақтан—дерт» деген, сол жерде екі жақ та 

сертке тәу етіседі. Қастер кер аттың айыл-тартпасын тартып, 

үзеңгіге аяқ салады, Айымкүл ине-жібін қолына алады... 

Содан Балжыңгерге қамшы басқан Қастер Марқакөлді кө-

белей шауып жөнеледі. Аспантаудың аңғарына сұғына кір-

ген айна көлді айналып шығу оңай болмайды. Із түспеген 

шалғынды кешіп, сыңсыған орманнан өтеді. Көлге төне біткен 

құз-жартастарды басып, қарлы шыңдардан асады. Қара қо-

рыс батпақтарды жалдап, арқырап аққан ақ жал толқынды 

өзендерден өтеді. Шыға шықса, қарлы боранға оранып, ойға 

түссе, қара тұманға тап болады. Мұның бәрі аздай-ақ, орман-

тоғай, тау-тастың арасынан ақырып аю шығады, шабынып 

жолбарыс кезігеді, күркіреген қабыланмен беттеседі... осының 

бәрінде де Қастер мінген Балжыңгер нағыз ерге серік пырақ 

екенін көрсетеді. Көлді көбелеп, қияны жебелеп, қуса жетіп, 

қашса құтылып, шапқан сайын ширыға түседі. Содан, күн мен 

түннен жаңылып, батысы-шығыс, шығысы-батыс болғандай 

бір мезгілде көз ұшынан Байсарының ауылы көрінеді. Шал ғын-

ға шашқан жұмыртқадай ағарып, алқа қотан қонған ауыл дың 

қарасы көрінгенде Балжыңгердің белі көтеріліп, созыла ша-

бады. Сол бетінде жұлдыздай ағып келіп, Қастер тізгін тарт қан-

да, Айымкүлдің қадап үлгермеген соңғы түймесі қалса керек. 

—Сыныма толдың, Қастер. Егер сенің сыныңа мен толсам, 

тойыңды жасай бер!—дейді Айымкүл. 


18

19

халық күйлерінің аңыздары



—Сен де сыныма толдың, Айымкүл! Қадалмай қалған жал-

ғыз түйме—ердің басшы, әйелдің қосшы екенін мегзегенің деп 

білемін!—дейді Қастер.

Сол жерде жиналған жұртқа Айымкүл тіл қатады: 

—Ардақты ағайын! Алыстан келген қадірлі қонақтар! Қыс-

қа жіптей күрмеуге келмейтін қыз дәуренімнің қызығына куә 

болдыңыздар. Ең алдымен кіндік қаным тамған туған жердің 

атынан, сонан соң алтын бесік елімнің атынан алғыс айтамын. 

Жеңдім деп желігудің, жеңілдім деп жасудың қисыны жоқ. 

Мен—жалғыз, сіздер—көпсіздер. Бәріңді бірдей құрметте сем 

де, біріңді ғана таңдағанымды айтқым келеді. Тағдырымды кер 

ат мінген Қастерге тапсырдым... «Тойдан—тобықтай белгі» де-

ген, барлықтарыңызға қалы кілем, нар түйе, тай тұяқ баста ған 

үш тоғыздан сый тартамын. Бәсекелес емес, бауырлас бо лып 

тарасаңыздар екен!—дейді Айымкүл. 

Айымкүл мен Қастердің сынына да, сырына да жұрт көңілі 

толып, риза болады. Екі жастың көңіл қосуы ұлан-асыр тойға 

ұласады... 

осы оқиғаға куә болып, ер жігіттің даңқын шығарған 

Балжыңгердей пырақты көзімен көрген күйші «Балжыңгер» 

атты күй шығарады. 

Ел ішіне «Балжыңгер» күйінің үш нұсқасы кеңінен тара ған. 

Күйді жете меңгерген, аңызын да жақсы білетін домбырашы лар 

бұл үш нұсқаны бір күй етіп тартады. Күйді тарту бары сын да 

мынау «Балжыңгердің аяғы», мынау «Балжыңгердің ша бы-

сы», мынау «Балжыңгердің желісі» деп, күйдің сарынын та-

раулап, жіктеп отырады. 

«Балжыңгер» күйінің аңызы ғана емес, әуен-сазы да драма-

лы тартысты бейнелейді. Бірде мамырлап, бірде ширығып оты-

ратын күй сарыны адам сезімінің күрделі сырына бойлағандай. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет