МЕҢДАЯҚОВА Қуанышкҥл (15.05.1942) - педагогика
ғылымдарының докторы, профессор. 1957 жылы М.Маметова
атындағы педагогикалық училищеге түсіп, 1961 жылы
«Бастауыш мектеп оқытушы» мамандығы бойынша бітіріп
шыққан. Сол жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика
институтының «қазақ тілі мен әдебиеті және ән» мамандығы
бойынша филология факультетіне оқуға түсіп, 1963 жылы
музыка-педагогика факультетіне ауысып, 1966 жылы осы
факультетті «ән-күй» мамандығы бойынша үздік бітіріп, хорды
дирижерлау кафедрасында 1973 жылға дейін оқытушы, аға оқытушы болып қызмет
атқарған.
1973-1989 жж. аралығында мектепке дейінгі тәрбие кафедрасында мектепке
дейінгі педагогикадан дәріс беріп, 1988 жылы «Развитие дошкольного воспитания в
сельской местности Казахстана» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап,
1991 жылы доценттік ғылыми атағын алды.
1989-2000 жж. аралығында музыкалық педагогика факультетінің деканы болып,
2000-2008 жж. аралығында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және кӛп балалы
отбасынан шыққан қыздарға арналған дайындық бӛлімінің деканы қызметін атқарды.
2008 жылдан кәсіби бағдар беру, пед. практика және бітірушілерді жұмыспен
қамтамасыз ету бӛлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Жалпы еңбек ӛтілім үздіксіз
42 жыл.
Ғылыми ізденістің негізгі бағыттары бойынша 2 монографияның, 2 оқу
құралының, 2 оқу әдістемелік құралдардың, 2 типтік бағдарламалардың және 50-ден
астам ғылыми мақалалардың авторы.
Қазақстан
Республикасының
мынандай
мемлекеттік
сыйлықтарымен
марапатталған: 1992 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 1994
жылы «Ы.Алтынсарин медалінің иегері», 2004 жылы «Қазақстан Республикасының
білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен және бірнеше мақтау қағаздарымен
марапатталды.
МОМБЕК
Әлия
Әнуарбекқызы
(1954)
-
педагогика
ғылымдарының
кандидаты, доцент. 1975 жылы Қазақ
мемлекеттік
қыздар
педагогикалық
институтын тәмамдап, Қаратал ауданының,
Үштӛбе қаласындағы балаларға арналған
музыка
мектебіне
жіберілді.
Қазақ
мемлекеттік
қыздар
педагогикалық
институты, Музыканы оқытудың теориясы
мен әдістемесі кафедрасына 1998 жылы
стажер-ізденуші болып бекітілгенге дейін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік
университетіне шақыртуымен 1978-1998 жж. аралығында қызмет атқарды (ассистент,
оқытушы, аға оқытушы, музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі).
1999 жылы аспирантураға қабылданып, «Профессионально-педагогическая
направленность инструментальной подготовку будущего учителя музыки»
тақырыбында
Қазақ
мемлекеттік
қыздар
педагогикалық
институтының
диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғады. 2003 ж. – аға
оқытушы, 2004 ж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, музыканы
оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, 2004 ж, тамызынан – Оқу-
әдістемелік бірлестіктің бас маманы (ғалым хатшы), 2004-2007 жж. – Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика кафедрасының докторанты.
Халықаралық ғылыми педагогикалық білім академиясының корреспондент-
мүшесі (ХҒПБА, 2007). 2008 ж., сәуір – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті, Музыкалық білім және мәдениет факультетінің деканы, 2009 жылдың 1
қыркүйегінен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми ісі
жӛніндегі проректоры. 2012 ж., тамыз айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің ғылым басқарма бастығының орынбасары міндетін
атқарып жүр.
100-ден астам ғылыми басылымдары жарық кӛрді, олардың ішінде: «Музыка
мұғалімінің аспапта дайындығы: әдістеме, теория және тәжірибе» монографиясы;
«Қазақстандағы музыкалық білім» атты авторлар құрамындағы хрестоматиясы,
«Работа над учебным материалом по слушанию музыки» атты әдістемелік нұсқаулары
ерекше орын алады. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясының «Музыка, балет,
эстрада» бӛлімінің ғылыми кеңесшісі және авторларының бірі, «Қазіргі заман:
пікірлер әлемі» атты ғылыми альманахының (философиялық сериясы) бас
редактордың орынбасары.
«Ӛнер» бағыты бойынша Мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандартының
(докторантура, магистратура) үйлестірушісі, «Музыкалық білім» (бакалавриат,
магистратура) және «Дирижирлеу» (магистратура, докторантура) бағыты бойынша
авторлардың бірі. Республикалық музыкалық білім бойынша оқу-әдістемелік кеңестің,
Музыкалық білім мәселелері бойынша Халықаралық ғылыми кеңестің, Құрманғазы
атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Кеңестік-үйлестірушілік кеңесінің мүшесі.
ӚМІРБАЕВА Гҥлнҧр Шәкенқызы (17.01.1975) - Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогика университеті ӛнер және мәдениет
факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент м.а. Орта мектепті аяқтаған соң Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық институтының музыка-педагогика факультетіне
оқуға түсіп, оны 1997 жылы аяқтаған. 1998 жылы музыканы
оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасында стажер-
ізденуші болып, аспирантураның күндізгі бӛліміне түскен. Осы
кезеңде хорды дирижерлау және ән салу кафедрасында оқытушы
болып қызмет істеген. 2008 жылдан мәдени-тынығу жұмысының теориясы мен
әдістемесі кафедрасының доценті және кафедра меңгерушісінің м.а. Ал 2009 жылдан
музыка-педагогика факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.
Г.Ш.Ӛмірбаева – белгілі әнші-сазгер. Ақын С.Тойлыбаевтың сӛзіне
жазылған «Қыздар, қыздар», Иран Ғайыптың сӛзіне жазылған «Бекзат», т.б. әндері
кӛпшілік қауымға жақсы танымал. Әнші ретінде 2004 жылы Шанхай қаласында
Алматы қаласы мәдени күндерінің мерекелік-концерттік бағдарламасына, 2005 жылы
Австрия мемлекетінің астанасы Вена қаласында қазақ елшілігі ұйымдастырған
Қазақстан Республикасы Конституция күніне арнап ӛткізілген концерттік
бағдарламаға, 2007 жылы Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында қазақ елшілігі
ұйымдастырған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс-
шараға қатысып, ӛнер кӛрсетті.
Ұстаздық, әншілік, сазгерлік ӛнерді қатар алып жүрген ол ғылыми жұмыстармен
де айналысуда. Қазіргі кезде «Халық әндері арқылы сыныптан тыс жұмыс барысында
мектеп оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми
педагогикалық негіздері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
«Эстрадалық ән салу», «Ән салу ӛнері», «Оқу ӛндірістік практика», «Ӛндірістік
практика» деп аталатын типтік оқу бағдарламаларын, силлабустар мен оқу-
әдістемелік кешендер, ғылыми-әдістемелік мақалалар, студенттер мен оқытушыларға
арналған
«Ән
салу
ӛнері»
(Г.Ж.Қарамолдаева,
Д.О.Қарамолдаева,
Х.Б.Әбілжановтармен бірлестікте) деп аталатын оқу құралдарының авторы.
Г.Ш.Ӛмірбаева «Жаңа ғасырға – жаңа ән» (2000), «Азия дауысы»
фестивалінің аясында ӛткен «Алтын домбыра» (2002), «Елім менің!» атты түрлі
республикалық әндер (2010) конкурстарының бірнеше дүркін лауреаты. Оның
жетекшілігімен бірнеше жас мамандар халықаралық және республикалық байқауларға
қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Айгерім Битанова 2006 жылы Тараз
қаласында ӛткен «Бақыт құшағында» атты жоғары оқу орындары студенттері
арасындағы әндер байқауында бас жүлдесіне ие болса, Құдайбергенова Әсем 2007
жылы Қаратау қаласында ӛткен Нұрғиса Тілендиев атындағы халықаралық «Кел,
еркем, Алатауыңа» атты әншілер мен күйшілер байқауында ІІ орынға; Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтының 40 жылдығына арналған Қазақстан жоғары
оқу орындарының студент жастар арасындағы 70-80 жылдардың ретро-әндерін
орындаушылардың «Келсеңші маған ән болып» атты ІІ республикалық фестивалінде І
орынға; Павлодар облысы ішкі саясат департаментінің ұйымдастыруымен
«Эстрадалық ән» номинациясы бойынша «Ертіс жұлдыздары» атты студенттер мен
орта және кәсіби оқу орындары тәлімгерлерінің VI халықаралық фестивалінің Гран-
при атағының ие болды.
Ӛзінің педагогикалық жұмысын концерттік-шығармашылық қызметпен
ұштастырып, ұзақ жылдар бойы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық
ансамблінің солисі болып келеді. Осы ансамбльдің құрамында Қытай, Австрия,
Түркия, Корей елдерінде, республикамыздың барлық аймақтарында болып,
халқымыздың дәстүрлі әндерін насихаттап жүр.
ДӘРКЕМБАЕВА Әсия Бектҧрқызы (06.03.1981) – ӛнер
және мәдениет факультеті деканының орынбасары, аға оқытушысы
(магистр). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының
музыкалық білім және мәдениет факультетінде білім алып,
«музыка және ән» мамандығы бойынша 2003 жылы ӛте жақсы
бітіріп, музыкалық аспаптар кафедрасына жұмысқа қалдырылды.
2005
жылы
Қазақ
мемлекеттік
қыздар
педагогикалық
институтының магистратурасын аяқтап, педагогика магистрі
академиялық дәрежесін алған. Бірнеше ғылыми мақалалары жарық кӛрген. Сонымен
қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да жетекшілік жасайды.
Жыл сайын біліктілік кӛтеру орталықтарында ӛткізілетін курстарға қатысып,
кәсіби біліктілігін кӛтеріп отырады. Білім беру және ақпараттық жаңашыл
технологиялардың ғылыми-зертеу орталығы ұйымдастырған «ЖОО-да оқытудың
интербелсенді әдістерімен қолдану»; МПМУ профессоры, п.ғ.д.,Э.Б.Абдуллинмен
(Ресей. Мәскеу қаласы) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық ӛнер академиясында
жүргізген семинар; «Электронное обучение–E-Learning, его роль и место в свете
Государственной программы развития образования в РК на 2011-2020г.г.»;
«Электронное правительство и электронные услуги»; «Теоретический и практический
курс тренинг по платформе Web of knowledge» және т.б.
Факультет, университет кӛлемінде ӛткізілетін қоғамдық жұмыстарға да белсене
атсалысады. «Үздік жас ұстаз» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен (2011)
марапатталған.
ТЕКЕТБАЕВА Айжан Сержанқызы (06.11.1990) – 2008-
2012 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің жаратылыстану факультетінде «5В011600 –
География» мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылдың
қыркүйегінен бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің ӛнер және мәдениет факультеті деканының
хатшысы қызметін атқарып келеді.
КАБЫЛКАНОВА Гульдана Кайроллаевна (23.02.1979) -
1996-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
институтының тарих және библиография факультетінде «құқық
және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2000 жылы Алматы каласының №128 жалпы білім
беретін мектептебінен бастап, 2012 жылдың қазан айынан Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ӛнер және
мәдениет факультетінің әдіскері қызметін атқарып келеді.
БЕГАЛИЕВА Гҥльнар Кҥнтубайқызы (15.04.1945 ) -
педагогика ғылымдарының кандитаты, доцент. 1965 жылы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының
музыка-педагогика факультетін бітіріп, 1969 жылдан бастап
осы институтта ұстаздық қызмет атқарады.
Г.К.Бегалиева «Ӛнер тарихы», «Музыка тәрбиесінің
этнопедагогикалық
негіздері»
(магистратура),
«Музыка
мұғалімінің музыкатану дайындығы», «Музыка ӛнері: теориясы
мен әдістемесі», «Музыкалық психология», «Мектептегі
музыкалық лекторий», «Музыкалық психология және музыкалық білім беру
психологиясы»
сияқты пәндерден дәріс беріп, пәннің оқу-әдістемелік кешенін, оқу
бағдарламаларын жаңадан ӛңдеп, ӛзі дәріс беретін пәндер бойынша білімін үнемі
жетілдіріп отыратын ұстаз.
Г.К.Бегалиеваның 35-ке жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері, сонымен қатар
музыка мұғалімдеріне арналған оқу құралдары «Концертмейстерлік класс»
№1.(2005ж.), №2 (2007ж.), №3 (2009ж.). Баян аспабына арнайы ӛңделген «Халық және
халық компазиторлары әндерінің жинақтары» (2010ж.). «Монография» (2005ж.) және
т.б жарық кӛрген.
Г.К.Бегалиева магистранттардың, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының
жетекшісі, ӛзінің шәкірттерінің білімін жетілдіру бағытында, үнемі ғылыми
жетекшілік міндетін атқарып отырады.
2008 жылы 3 курс студенті Г.Кӛмештің баяндамасы студенттердің ең үздік
ғылыми жұмысына арналған Республикалық байқауда 1-ші орын алғаны үшін ҚР
Білім және ғылым министрлігінің 1-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жанар Абенова (2010ж), Республикалық конкурстың лауреаты-Павлодар, (2004ж).
Қанағат Жалғасбаева №133 мектептің музыка пәнінің мұғалімі – «Жыл мұғалімі -
2010» конкурсының 1-орын иегері. – Алматы, 2010ж. «ХХІ ғасырдың музыка
мұғалімі» атты Халықаралық байқаудың конкурсанты. – Ленинград 23-қараша, 2010ж.
және т.б.
Г.К.Бегалиева кӛп жылдан бері факультет және университеттің қоғамдық
жұмыстарына атсалысып келеді.
«Айгүл»
вокалдық
квартетінің
негізін
құрушылардың бірі. Мысалы: 1969-1989ж. тәлімгерлік-кураторлық міндетін
атқарды;1990-1995ж.ж. Факультет және институттың кураторлар кеңесінің
тӛрайымы; факультет, институт деңгейінде педагогтар құрамынан лекция-
концерттерді ұйымдастырды;1996-1998ж. аудандық және қалалық сайлау участігінің
тӛрайымы; 2001-2003ж. институттың тәрбие ісі-жӛніндегі проректоры қызметін
атқарды; 2007-2010ж.
факультетте оқу-әдістемелік кеңестің және кафедрада оқу-
әдістемелік бюроның тӛрайымы; 2012-2013ж. кафедрада ғылыми зерттеу жұмысының
және студенттердің ғылыми жұмысының жетекшілік жасады.
Г.К.Бегалиева біліктілігін әрдайым кӛтеріп отырады. 40 жылдан аса еңбек
мерзімінде ӛзінің білімділігімен, еңбексүйгіштігімен, әділдігімен студенттер және
оқытушылардың құрметіне бӛленген педагог және ӛзі дәріс беретін пәндерді жаңа
технология бойынша ӛңдеп, білімін үнемі жетілдіріп отыратын ұстаз.
Г.К.Бегалиева бүгінгі күннің талабына сай жастардың кәсіби ұстаздық
біліктілігінің шыңдалуына талмай, белсенді еңбек етуде.
СҦЛТАНОВА
Майра
Сақтағанқызы
–
(30.01.1967) – педагогика ғылымдарының кандидаты,
проф.
м.а.
Н.В.Гоголь
атындағы
Қызылорда
педагогикалық
институтының
музыкалық-
педагогикалық факультетін 1989 ж. үздік бітіріп, білімді
жас маман ретінде музыкалық білім және дирижерлау
кафедрасына жұмысқа қалдырылған. Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық институтының аспирантурасын
1998 ж. бітірген. 2007 жылы 13.00.02 – Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен
әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі музыка мамандығы
бойынша ҚазМемҚызПИ мамандандырылған кеңесінде кандидаттық диссертациясын
қорғады. 2010 жылы педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.
2013 ж. ҚазМемҚызПУ-дың профессор міндетін атқарушы атағы берілді.
40-тан астам ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік еңбектері, мақалалары
жарияланған. Соның ішінде «Основы исполнительско-речевой деятельности педагога-
музыканта» (монография), «Джаз, рок музыкасының тарихы» (оқу құралы), және т.б.
М.С.Сұлтанова магистранттардың диссертациялық жұмыстарына, студенттердің
дипломдық жұмыстары мен ғылыми-практикалық конференцияларында ғылыми
жұмыстарға жетекшілік жасайды (М.Рысмедетова, 2009 ж. - 3 жүлделі орын;
А.Ізтілеуова, 2012ж. – дипломмен марапатталды).
Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республика жоғары оқу
орындарының
аттестациялық
тексеру
комиссиясының
құрамымен
жұмыс
жасаған.М.С.Сұлтанова кәсіби біліктілігін кӛтеріп отырады:
«Музыкалық-
педагогикалық білім берудің ӛзекті мәселелері» (Ресей, 2011ж.), «Тренинг по
платформе web of knowledge Томсон Ройдерс. Семинар» (2012 ж.), International Center
for Education & Technology, USA (2013, Seattle). Оқытушы студенттер мен әріптестер
арасында беделге ие.
М.С.Сұлтанова білікті маман ретінде құрмет грамоталарымен марапатталған:
Университеттің «Мемлекеттік білім беру саласындағы жемісті еңбегі және елімізге
қажетті білікті педагог мамандарды даярлаудағы үлесі үшін». (2010ж.), ҚР Білім және
ғылым министрілігінің «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы
жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін»
(2011ж.), ҚазМемҚызПУ Құрмет грамотасы (2013 ж.). Кафедра, факультет кӛлемінде
жүргізілетін қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысады.
БУРАМБАЕВА Марьям Нҧрғалиқызы (08.07.1958) -
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, ӛнер
және мәдениет факультетінің музыкалық білім берудің
теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.
1984ж. Қаз.Мем.Қыз.ПИ музыкалық факультетін үздік
дипломымен бітірген жылы музыкалық тәрбие кафедрасында
қалдырылды. 1985-1987 жж. аралығында Мәскеу В.И.Ленин
атындағы Мемлекеттік педагогика институтының хор-
дирижеры және музыкалық тәрбие әдістемесі кафедрасында
сынақ мерзімін ӛтті.1987ж. бастап музыкалық білім берудің
теориясы мен әдістемесі кафедрасында оқытушылық кызметімен бірге аға оқытушы
міндетін атқарып келеді.
Педагог-әдіскер
ретінде
дайындаған
студенттері
республикалық
және
халықаралық жүлдегер атағымен бірге студенттер арасында пәндік олимпиада
жүлдегерлері атанды: Қызыл-Орда қаласында Аюпова Зульмират- лауреат «Үздік
музыка мұғалімі»(1996), Алматы қаласында Әбенова Жанар(2003)- дипломант,
Павлодар қаласында (2004) - лауреат, халық аралық концертмейстер класында
Әбенова Жанар Екатеринбург қаласында (2005) дипломант атағын жеңіп алды.
Расулова Айнұр (Павлодар-2008)- лауреат, Широбокова Светлана (Алматы-2011)-
лауреат.
Бурамбаева М.Н. «Білім беру саласындағы елеулі еңбегі үшін» (2003г.), 2011
жылы білім беру саласындағы жемісті еңбегі мен білікті мамандар даярлаудағы үлесі
үшін
университет
ректорының
«Құрмет
грамотасымен»
марапатталған.
М.Н.Бурамбаева 5В010600-«Музыкалық білім» мамандығы бойынша бакалавриат
дайындауда концертмейстерлік-орындаушылық, музыкалық білімнің теориясы мен
әдістемесі мәселелері бойынша мақалалар мен типтік бағдарламалар авторы. «Мектеп
әндері репертуары бойынша практикум», «Концертмейстерлік класс» пәндерінен
«Методика формирования концертмейстерских навыков» (2007), Г.К. Бегалиевамен
авторлық бірлестікте «Концертмейстерлік дағдыларды қалыптастыру әдістемесі»
(2010) атты әдістемелік құралдар жазған.
АЙБОЛАТОВА
Толқынай
Қуандыққызы
(19.08.1970) – аға лаборант. 1987 жылы Алматы облысы,
Жамбыл ауданы, Сергееевка ауылының орта мектебін
тәмамдап, 1987-1988 жылдары №3 Тігін училищесінде
оқыған. Еңбек жолын Ю. Гагарин атындағы тігін
фабрикасында тігінші болып бастаған.
1994 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институтының «Қазақ музыкасы» кафедрасында лаборант, 2003 жылдан
«Музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға лаборанты,
факультеттің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
1998-2003 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Қазақ тілі
мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Бірнеше мақалалардың авторы. 2010
жылы сараптау комиссиясының шешімімен Т.Қ.Айболатоваға 2-ші санатты категория
берілді.
Марапаттары: 1998 ж. «Айгүл» вокалдық-аспаптық ансамблінің 30 жылдық
тойына байланысты институт тарапынан алғыс хат;
2002 ж. 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты алғыс хат;
2004 жылы институттың 60 жылдық мерейтойына байланысты институт
әкімшілігі тарапынан «Құрмет грамотасы»;
2011 ж. «Үздік лаборант» номинациясы бойынша алғыс хат.
ЕСІМЖАНОВА Амантай Есімжановна (25.05.1943) -
1966
жылы
Қазақ
мемлекеттік
қыздар
педагогика
институтының музыка факультетін бітірген соң 1968 ж.
музыкалық аспаптар кафедрасы, 1983 жылдан бастап
музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасында
аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. 1989-2000 жж.
аралығында музыкалық педагогика факультет деканының оқу
ісі жӛіндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ғылыми-әдістемелік еңбектерім жоғары оқу орындары,
жалпыға бірдей білім беретін мектептердің оқу-тәрбие
жұмыстарында қолданыста. Жарыққа шыққан кӛптеген ғылыми, әдістемелік
мақалалар, педагогикалық практиканыжүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар,
концертмейстерлік шеберлікті дамытып жетілдіруге, мектеп әндерін игеруге арналған
әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдар т.б. Ғылыми әдістемелік еңбектер
тізімі тіркеледі Республикалық ―Үздік музыка мұғалімі‖ атты конкурс-
фестивальдеріне дайындаған студенттері I-II дәрежелі дипломдары мен марапатталып
жүлделі орындарға ие болды.
Марапаттары:
1. Халыққа білім беру саласындағы 8.06.1992. ерекше еңбегі үшін ―Қазақ ССР
Халық ағарту ісінің озық қызметкері‖.
2. ―ҚР Білім, Мәдениет және Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет
грамотасы‖. 25.11.1998.
3. Үздік ғылыми жұмыс республикалық конкурсына белсенді қатысқаны үшін
―Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі грамотасы‖.
4. ―Үздік оқытушы атағы мақтау қағазы‖. 2001.
5. Институттың әкімшілігі тарапынан ―Құрмет грамотасы‖. 2003.
6. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына университеттің
әкімшілігі тарапынан ―Құрмет грамотасы‖ 2011.
Поделитесь с Вашими друзьями: |