Маусым жұма 2017 жыл



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата12.09.2017
өлшемі2.17 Mb.
#14673
  1   2   3   4   5

а

йнасы


9

маусым

жұма

2017 жыл

№23 (8376)

Басылым 1930 

жылдан

 бастап шығады



aulainasi@mail.ru

уыл


Қазталов аудандық қоғамдық-саяси газет

Біз тәуелсіз елімізді “Мәңгілік 

ел”  етуді  мұрат  қылдық!          

                             

                          Н.Назарбаев

2  маусым  күні  Қазталов 

ауданы  әкімдігінің  отырысы 

өтті.  Әкімдік  отырысына 

аудан  әкімі  орынбасарлары, 

мекеме,  ұйым  басшылары 

қатысты.

Әкімдікте  «2017  жылдың  на-

урыз-маусым  және  қыркүйек-

желтоқсан  айларында  азамат-

тарды мерзімді әскери қызметке 

шақыруды 

ұйымдастыру 

және  қамтамасыз  ету  тура-

лы»  аудандық  қорғаныс  істері 

жөніндегі  бөлімінің  бастығы 

Ө.Өтебасов хабарлама жасады.

-Биыл  аудандық  қорғаныс 

бөлімі  тарапынан  51  азамат-

ты  әскер  қатарына  шақыру 

жоспарланған.  Ал  медициналық 

комиссиядан өтуге 310 адам жос-

парланды.  Қазіргі  таңда  соның 

191-і  тексеруден  өтті.  Олардың 



Аудан әкімдігінде

101  жарамды,  14  уақытша  жа-

рамыз, 11 жарамсыз болып та-

былды.


Бүгінгі  күні  ауданымыздан  35 

адам әскер қатарына жіберілді.

Биыл көктемгі әскер қатарына 

шақыру  кезінде  азаматтардың 

комиссияға 

толық 


келуін 

қамтамасыз  еткен  Қайыңды, 

Қараөзен, Бостандық, Тереңкөл, 

Ақпәтер    ауылдық      округтерін 

атап  өту  қажет.  Бұл  жұмыс 

жыл  бойы  жалғасатын  бола-

ды.  Сондықтан  ауылдық  ок-

руг  әкімдіктері  мен  қорғаныс 

бөлімі  үнемі  тығыз  байланыста 

жұмыс  жасауымыз  керек,  -деді 

аудандық  қорғаныс  бөлімінің 

бастығы.


Отырыста сондай-ақ аудандық 

ауыл    шаруашылығы  бөлімінің 

басшысы  Сергей  Тоқпанов 

«Ауданда 

өрт 

қауіпсіздігінің 



алдын  алу  мақсатында  ауыл 

шаруашылық 

техникаларын 

байқаудан   өткізуді ұйымдастыру» 

туралы хабарлама жасады.

-Қазіргі 

таңда 

ауыл 


шаруашылығы 

техникала-

рын  техникалық  байқаудан  өту 

деңгейі өте төмен.  Аудан бойын-

ша 258  трактордың тек  33 пайы-

зы  ғана  техникалық  байқаудан 

өтті. Көп жағдайда тракторлардың 

салықтары  соңғы  3  жылда 

төленбеген  не  иелерінің  сенім-

хаттары  жоқ  болып  келеді.  Алда 

үлкен науқан келеді. Сол себептен 

техникалардың  байқаудан  өтуіне 

үлкен  жауапкершілікпен  қарайық, 

-деді  Сергей  Ғарифоллаұлы. 

Осы мәселеге қатысты аудандық 

төтенше  жағдайлар  бөлімінің 

бастығының 

м.а 


А.Сағитов 

жарыссөзге  қатысып,  жаз  мез-

гілдеріне  өрт  қауіпсіздігін  сақтау 

мәселесіне тоқталды.

Әкімдікте  аудандық  жұмыспен 

қамту 


және 

әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшы-

сы Қадер Нұрғалиев «Әлеуметтік 

және 

көлік 


инфрақұрылымы 

нысандарының паспортталуы мен 

бейімделу  объектілері  туралы» 

айтып өтті.

Әкімдікте  басқа  да  қаралған 

мәселелер  бойынша  қаулылар 

қабылданды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Елбасымыздың 

“Рухани 

жаңғыру”  мақаласы  бәрімізге 

үлкен  ой  салды.  Әсіресе,  “Туған 

ел”    бағдарламасы  бойынша 

әркім  өзінің  кіндік  қаны  тамған 

жерге  қызмет  ету  керек  дегені 

– еліңе қызмет ету болып табы-

лады деп түсінеміз. Осы орайда 

өздерінің  перзенттік  борышта-

рын өтеп жүрген асыл азаматтар 

арамызда жүр. 

Солардың  қатарында  Абзал 

Сралиевті  атар  едім.  Күні  кеше 

ғана Әжібайдағы соңғы қоңырау 

мерекесінде  өзі оқыған мектебін 

бітіргеніне 20 жыл толуына орай 

балалар үшін ойын алаңын сал-

танатты  түрде  тапсырып  кет-

ті.  Кішкентай  бүлдіршіндердің 

қуанышында шек жоқ. Сәбилерді 

қуантқаннан  артық  қуаныш  бар 

Рухани жаңғыру

Абзалдай азаматтар 

көп болса...

ма?!  Абзал  тек  бұнымен  ғана 

шектеліп  қалып  жүрген  жоқ. 

Бұдан  бұрын  “Мереке-Сазанды” 

зиратына қоршау орнатса, олим-

пиада  чемпионы  Данияр  бала-

мыз елге келгендегі  салтанаты-

на  да демеушілік жасады. Менің 

өзім    Абзалдың    ата-анасымен 

көрші  болып  тұрдық.  Бұлардың 

балалары  жастайынан  адамгер-

шіліктері  мол,  қайырымды  бо-

лып өсті. Міне, сондай тәрбиенің 

жемісі деп түсінемін. 

Сондықтан алдағы уақытта да 

ауылымызда  Абзалдай  абзал 

азаматтар  көбейе  берсін,  елге 

қызмет  ете  берсін!    -деген  тіле-

гімді білдіремін. 

Хадиша ИСҚАҚОВА, 

ардагер-ұстаз

7  маусым  күні  Бірік  ауылдық 

округінде  “Нұр  Отан”  партиясы 

аудандық филиалы төрағасының 

бірінші 

орынбасары 

Марат 

Тоясовтың  төрағалық  етуімен 



“Ауыл  тұрғындарын  жұмыспен 

қамту”      партиялық    жобасы 

аясында  ауыл    тұрғындарына 

шағын  несие    берудің    тетік-

тері  мен  шарттары    туралы 

“Нұр  Отан”  партиясы    аудандық  

филиалының көшпелі қабылдауы 

өтті.


Көшпелі          қабылдауда    

аудандық  халықты  жұмыспен 

қамту  орталығының  директо-

ры  Жүсіп  Шакуов,  кәсіпкерлік 

палатасының 

аудандық 

филиалының  директоры  Аман-

жол 


Нығметов, 

аудандық 

кәсіпкерлік 

және 


ауыл 

Тұрғындарды 

қабылдады

шаруашылығы 

бөлімдерінің 

басшылары  Айбек  Әкімәлиев, 

Сергей  Тоқпанов,  аудандық 

тұтынушылар  құқығын  қорғау 

басқармасының  бастығы  Талғат 

Хайдаров,  аудандық      халықты    

жұмыспен    қамту    орталығының   

және  әлеуметтік  бағдарламалар  

бөлімінің 

маманы 


Әділ 

Мырзағалиев  партиялық  жоба 

аясында  ауыл  тұрғындарына 

отбасылық  бизнесті  дамыту, 

соның  ішінде  мал  өсіру,  ауыл 

шаруашылық  кооперативтерін  

құру  және  шағын  несиелер  алу 

жөнінде түсініктер берді.

Осы  айтылған  мәселелер 

бойынша ауыл тұрғындары түрлі 

сауалдар  қойып,  оған  жауаптар 

берілді.


Жұлдыз АСҚАР

8  маусым  күні  аудандық 

мәдениет  үйінде    ҚР  Халық 

әртісі, 

мемлекеттік 

сыйлықтың иегері, әнші-компо-

зитор Ескендір Хасанғалиевтің 

әндерін 

орындаушылардың 

аудандық 

“Атамекен” 

ән 

байқауы өтті.

Қазақ      елін      дүниежүзінің   

көптеген  елдеріне  танытқан  әнші, 

композитор  өзінің  қоңыр  сазды 

үнімен,  жүрек  тебірентер  әсем 

әндерімен  өнер  сүйер  қауымның 

жүрегіне  жол  тапқан  Ескендір 

Хасанғалиевтің  өнердегі  жолы 

өзгелерге 

үлгі 


боларлықтай. 

Әсіресе,  әншінің  “Атамекен”  әні 

туған  жерге  деген  патриоттық 

сезімді оятатындай.

Иә, бүгінгі     кеште де     әрбір  

сайысқа 


қатысушылардың 

орындаған            Ескен-

дір    Хасанғалиевтің  әндері   

көрерменнің жүрегінен орын алып, 

құдіретті де киелі  өнерді серік ет-

кен  үміткерлердің  өнеріне  тәнті 

болды.

 “Атамекен” байқауы өтті 

Ауданда  өткен  байқаудың 

нәтижесінде  3  орынды  Жәдігер 

Мұқашев  (Қараоба),  Мейрам 

Шайхымалиев  (Қараөзен),  Артур 

Қойшыбаев (Тереңкөл), 2 орынды 

Еділ Мақсотов (Бостандық), Мар-

лен  Сағатбаев  (Болашақ),  Жеңіс 

Ақаев  (Әжібай),  1  орынды  Ерсін 

Сапарғалиев (Қошанкөл) иеленсе, 

“Асыл арман” әнімен көрерменнің зор 

ықыласына  бөленген  қазталовтық 

Мұрат  Ахметов  бас  жүлдені      ие-

леніп,  облыстық  байқауға  жолдама 

алды.  Жеңімпаздар  алғыс  хаттар-

мен,  бағалы  сыйлықтармен  мара-

патталды.

Жұлдыз ТАЛАПОВА


2

9 маусым


2017 жыл

АУДАН ТЫНЫСЫ

3  маусым  күні  ауданымыздың 

“Құрметті 

азаматы”, 

құқық 


саласының  ардагері  Мұлхайдар 

Әміреев  алда  келе  жатқан  23 

маусым  –  Қазақстан  полициясы 

күні  мерекесіне  орай  ішкі  істер 

бөлімінің  қызметкерлерімен  кез-

десті.


Кездесуде  сөз  алған  ардагер 

Мұлхайдар Әміреев: -Бүгінгі күні 

полиция  қызметкерлеріне  үлкен 

міндеттер  жүктелуде.  Полиция 

қызметкері  елдің  тыныштығын 

қорғаумен  қатар,  қарапайым 

халыққа 

рухани-моральдық 

тұрғыдан  да  қолдау  көрсетулері 

керек.  Қай  кезде  де  адамдар 

сіздерден  көмек  күтеді.  Мен 

ұзақ  жылғы  еңбегімде  осылар-

ды  байқадым.  Сондықтан  сіз-

дер  әркезде  де  халықпен  тығыз 

байланыста 

болсаңыздар, 

еңбектеріңіз еленеді, -деді.

Сондай-ақ 

Бірік 

ауылдық 


округінің 

әкімі 


Батырхан 

Ардагер тәртіп сақшылармен

 кездесті 

Байғонақов  пен  аудандық  ішкі 

саясат  бөлімінің  басшысы  Са-

мал  Жангереева  да  тәртіп 

сақшыларын  келе  жатырған  төл 

мерекелерімен  құттықтай  келе, 

қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті 

сақтауға  атсалысып  жүрген 

сақшыларға  алдағы  уақытта  да 

ел тыныштығын қорғау жолында 

қажырлы еңбек етіп, ел қорғаны 

деген атаққа қызмет етіңіздер, -

деген тілектерін жеткізді.

Кездесуде  Мұлхайдар  ата-

мызбен  қызметтес  болған  зей-

неткер  Қадыртай  Балғынов  пен 

Талапқали Қожанов өткен күннің 

қызықты  оқиғаларға  тоқталып, 

естеліктерімен бөлісті.

Әсем БОЛАТ

Мүмкіндігі шектеулі 

азаматтарға көбірек 

көңіл бөлініп, қамқорлық 

көрсетілуге тиіс. Бұл 

– бәріміздің қоғам 

алдындағы парызымыз. 

Ұлы бабамыз әл-Фараби-

ден «Қай елді бақытты 

деп айтамыз?» деп 

сұрағанда «Қайыршысы 

жоқ, кемтар жандарға 

қолұшын беретін ел 

бақытты» деген екен.

Осыған  орай  «Қазталов  арна-

улы  әлеуметтік  қызмет  көрсету 

орталығы»  коммуналдық  мем-

лекеттік  мекемесінде  әлеуметтік 

қызмет  алушыларға  арналған 

«Алтын  күн  астында»  атты 

шара  өтті.  Шарада  әлеуметтік 

қызмет  алушылар  тақпақтар 

Қайырымдылық – басты парыз

оқып,  өлеңдер  айтып,  би  би-

леді.  Асфальтқа  сурет  салып, 

ұзындыққа  секіру,  асық  ату 

сынды  спорттық  сайыстарға  да 

қатысты. 

Сондай-ақ  әлеуметтік  қызмет 

алушыларға 

демеушілер 

«Әулет»,  «Думан»,  «Бибөк», 

«Бәйтерек»  жеке  кәсіпкерліктері 

шағын сыйлықтарын табыстады.

Шара соңында орталық дирек-

торы А.Талпахов сөз алып, ұжым 

мүшелерін  және  қызмет  алушы-

ларды  мерекемен  құттықтап, 

қамқор қолын созған азаматтарға 

алғысын білдірді.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан 

облысы  жұмыспен  қамтуды 

үйлестіру 

және 


әлеуметтік 

бағарламалар  басқармасының 

«Қазталов  арнаулы  әлеуметтік 

қызмет 


көрсету 

орталығы» 

коммуналдық 

мемлекеттік 

мекемесі  Батыс    Қазақстан 

облысының  2016  жылғы  13 

қазанындағы №310 қаулысымен 

құрылған болатын.

Мекемеде 

штаттық 


кес-

те  бойынша  53  адам  қызмет 

етеді.  Қызмет  алушылардың 

саны  7  адамды  құрайды.  Олар 

Қазталов,  Жәнібек  аудандары-

нан  және  «Круглоозерный  арна-

улы  әлеуметтік  қызмет  көрсету 

орталығынан» келген.

Орталықта      стандарттық 

8    бағыт  бойынша  қызмет 

көрсетіледі.    Олардың    ішін-

де  бірінші  бағыт  –  әлеуметтік-

тұрмыстық, 

екінші 


бағыт 

– 

әлеуметтік-медициналық, 



үшінші  бағыт  –  әлеуметтік-

психологиялық,  төртінші  бағыт 

– 

әлеуметтік-педагогикалық, 



бесінші бағыт – әлеуметтік-еңбек, 

алтыншы  бағыт  –  әлеуметтік-

мәдени, 

жетінші 


бағыт 

– 

әлеуметтік-экономикалық, сегізін-



ші бағыт – әлеуметтік-құқықтық.

Бүгінде 


мұнда 

тұратын 


азаматтарға  әлеуметтік  қызмет 

көрсету 


саласы 

бойынша 


барлық  жағдайлар  жасалған. 

Қызмет алушылардың жағдайын 

жақсартуға,  оларды  қоғамға 

тартуға  әлеуметтік  салада  пси-

холог, әлеуметтік қызмет көрсету 

мамандары,  дене  шынықтыру 

және музыка мұғалімдері, мәдени 

ұйымдастырушы  мамандар  аян-

бай еңбек етуде. 

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданының ішкі істер 

бөлімі  қызметкерлерінің  жедел 

іс-әрекеттері  мен  қырағылығы 

арқасында  2  маусым  күні  сағат 

күндізгі 11-12 шамасында Әжібай 

ауылына 

қарасты 


“Мерәлі” 

қыстағының жанында заңсыз киік 

ұстаған Әжібай ауылының Ж. де-

ген тұрғыны ұсталды.

Тексеру  кезінде  Volkswagen 

Passat 


автокөлігінің 

ішінен 


аңшылық  қару,  мүйізі  кесілген  1 

бас киіктің төшкесі және мүйіз та-

былып, тәркіленді.

Заңсыз киік аулаған тұрғын ұсталды

Қазір 


бұл 

а з а м а т қ а 

қатысты 

ҚР 


Қ ы л м ы с т ы қ 

К о д е к с і н і ң 

337 

бап 


бөлімі  (Заңсыз 

а ң ш ы л ы қ ) 

н е г і з і н д е 

қылмыстық  іс 

қозғалып,  тер-

геу амалдары жүргізілуде.

(сурет ғаламтордан алынды)



Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА

Талдықұдық  ауылдық  кіта-

пханасында мектептің жоғары               

сынып  оқушыларымен,  меке-

ме  қызметкерлері,  кітапхана      

оқырмандарымен    Алашор-

да  үкіметінің  құрылғанына 

100  жыл  толуына  және  31 

мамыр  –  саяси  қуғын-сүргін 

құрбандарын  еске  алу  күніне 

орай 

«Азаттықтың 

ақ 

таңын аңсаған Алаш  арыста-

ры»    атты  дөңгелек  үстел 

өткізілді.

Іс-шараның  мақсаты  –  жалпы 

құндылықтарды  қалыптастыруға 

ықпал ету, келешек ұрпаққа осы 

қанқұйлы    жылдардың  оқиғасы, 

оның  жазықсыз  құрбаны  болған 

азаматтардың есімдерін ұмытпау, 

оларды  мәңгі  есте  сақтау  бо-

латын.  Кеш  барысында  мектеп 

ұстаздары,  мектеп  кітапхана-

Қараоба    ауылдық  округ  кі-

тапханашылары  мен  Ғ.Қараш 

мектеп-гимназиясының 

та-


рих 

пәні 


мұғалімдерінің 

ұйымдастыруымен  31  мамыр 

–  қуғын-сүргін  құрбандарын 

еске  алу  күніне  орай  «Алаш 

құрбандары» 

атты 


тарихи-

танымдық  кеш  өткізілді.  Кештің 

кіріспе бөлімін кітапханашы Лау-

ра Әдиетқызы ашып, қуғын-сүргін 

құрбандарына 

бағышталып 

құран оқытылып, еске алынды.

Тарихшылар 

Н.Сапарова 

мен 


Ә.Сұлтан 

дайындаған  

ашаршылық    жылдары  туралы 

«Зобалаң  жылдар  жаңғырығы» 

және  «Алаштың  соңғы  арыста-

ры»  тақырыптарында  бейне 

көрініс көрсетілді. 

«Ұраны – Алаш болған ерлер» 

атты кітап көрмесімен кітапхана-

шы  Сания  Насиболлақызы  та-

ныстырып өтті.

Ауыл кітапханасында 

өткен танымдық кеш

шысы  Б.Ихласова,    ауылдық 

әкімшілігінің 

бас 


маманы 

Г.Санкубаевалар   Алаш үкіметінің 

және  оның  қайраткерлерінің 

еңбектері 

туралы, 

зобалаң 


жылдардағы 

қанқұйлы  

жылдардың    құрбандары  ту-

ралы  тереңірек  мағұлматтар  

беріп,  өз  ой-пікірлерін  толық 

айтып  жеткізді.Осыған  орай  

«Азаттықтың  ақ  таңын  аңсаған 

Алаш 


арыстары», 

«Саяси 


зобалаң  толқындары»    атты  кі-

тап көрмелері ұйымдастырылды. 

Бұл  көрмемен  кешке  қатысқан 

оқырмандар  Алаш  үкіметінің 

және  оның  қайраткерлерінің 

еңбектерімен тереңінен танысты.



  Бақыт ЕСІМОВА,

Талдықұдық ауылдық 

округі

«АЛЖИР»  лагеріндегі  әйел 

аналардың қиын тағдыры туралы 

бейнеролик көрсетіліп, «АЛЖИР» 

саяси қуғын-сүргін және  тотали-

таризм  құрбандарының мемори-

алды  мұражай кешенінде болып, 

танысқан Қуаныш Мерекеұлы өз 

әсерін айтып жеткізді.

Кештен  алған  әсерін  және 

өзін  толғандырған  сұрақтар 

жайында  Мереке  Ермекұлы 

тарихшылардың  тұшымды жау-

аптарын алды.

Кешті  ауыл  әкімі  Нұрлығали 

Сағынғалиұлы  қорытындылады. 

Оқырмандар  кітап  көрмесіндегі  

әдебиеттермен 

танысып, 

өздеріне керекті мағлұмат алды. 

Кеш оқырмандарға бүгінгі қуғын-

сүргін  құрбандарын  еске  алу 

күнінің ерекшелігін танытты.

Сәния НАСИБОЛЛАҚЫЗЫ

Қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алды

Қазталов аудандық мәслихаты сессиясы төрағасының 

ШЕШІМІ 

Қазталов ауылы                      №11                      6 маусым 2017 жыл 

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

11 сессиясын шақыру туралы 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жер-

гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 

18 баптарына сәйкес 



ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Аудандық  мәслихаттың  кезектен  тыс  11  cессиясы  2017  жылдың 

8  маусым  күні  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  сағат  10-00-ге 

шақырылсын. 

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе ұсынылсын: 

1. Қазталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы 

№8-1  «2017-2019  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  туралы» 

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Басқа да мәселелер.

Сессия төрағасы                         Қ.Алтаев 


3

9 маусым 

2017 жыл

ҰЛАҒАТ


Алғашқы 

білім 


беру 

қ а р л ы ғ а ш т а р ы н ы ң 

қатарындағы    ұлағатты 

ұстаз, «Қазақ ССР-ның еңбек 

сіңірген  мектеп  мұғалімі» 

Сақып  Дәулетұлы  Ақбаев 

XIX 

ғасырдың 



аяғында 

Жәңгір  хан  негізін  салған 

Орда  мектебінде  дәріс 

алған.  Кейіннен  Жаңақала 

мен  Жалпақтал  өңіріндегі 

ұзақ  та  ізгі  еңбегімен 

саусақпен 

санарлық 

ағарту  ісі  алыптарының 

қатарынан 

орын 

алған 


адам.  Сақып  Дәулетұлы 

1880 жылы шілденің  бірінші  

жұлдызында  Бөкей  ордасы 

Қамыс-Самар  қисымының 

Төртпішен 

ауылында 

дүниеге келген. Әкесі Дәулет 

орысша    сауатты    болған. 

Ұлы  Сақыпты  10  жасқа 

толғанда  Ордадағы  Жәңгір 

хан    негізін  салған  мектеп-

училищесіне  оқуға  береді. 

Сақып  оны  1896  жылы 

бітіріп,  елдегі  старшындық 

мектептерде 

ұстаздығын 

бастайды.

1896-1897 

жылдары 

Жаңақала  жеріндегі  Аяп 

қопа  мектебі,  1897-1898 

жылдары  Жорта  мектебі 

(№23  болыстық),  1898-1904 

жылдары  Қашқар  меткебін-

де  (№2  болыстық),  1904-

1920  жылдары  Жалпақтал 



1  маусым  Жалпақтал 

ауылдық  округі  әкімінің 

орынбасары  Мұрат  Рах-

метуллин ардагер-ұстаз, 

«Білім  беру  саласының 

үздігі», 

жоғары 

дәрежелі  ұстаз  Макка 

Мырзағұлқызын  мерейлі 

70 жасымен құттықьады.

-Сіз  білім  беру  сала-

сына 

өзіңіздің 



сүбелі 

үлесіңізді  қостыңыз.  Елеулі 

еңбегіңіз  арқылы  жарқын  із 

қалдырдыңыз,  -деген  округ 

әкімінің  орынбасары  Мұрат 

Есетұлы  алғыс  хат  пен  ес-

Тал    бесіктегі    тәрбиенің  

көзі  ата  мен  анада  болса, 

терең  білім  мен  темірдей 

тәртіптің  бастау  бұлағы 

–  ұлағатты    ұстаз.  Сол    се-

бептен  де    Ы.Алтынсарин:  

«Маған 

жақсы 


мұғалім 

бәрінен  де  қымбат,  өйткені 

мұғалім – мектептің жүрегі», 

-деп  бекер  айтпаса  ке-

рек.  Еңкейген  қариядан 

еңбектеген  балаға  дейін 

ұстаз 

десе 


еңкіштеніп, 

құрмет  көрсетіп  тұратыны 

да сол емес пе?! Ол туралы 

С.Қожамқұлов та былай деп 

ақтарылған:  «Ұстаз  деген 

ұлағатты  атауды  естіген-

де,  күні  бүгінге  дейін  өзімді 

шәкірттей сезінемін». 

Осындай 

ұстаздардың 

бірі – Нәсіпқали Ғазезов аға 

болған  еді.  Ол    1947  жылы 

10  сыныпты  бітіріп,  Алма-

ты  қаласындағы  С.М.Киров 

атындағы 

мемлекеттік 

университетінің 

физика-


математика 

факультеті-

не  оқуға  түсіп,  1952  жылы 

“Бақыттың да, байлықтың 

да  бастауы  –  еңбек”  деген 

қағиданы санамызға сіңдіріп, 

бар 

саналы 


ғұмырын 

ұрпақ  тәрбиелеуге  арнаған 

ұлағатты  ұстаз,  менің  атам 

– 

Қабош  Темесов.  Атамның 



ерекше  қасиеттері  көп  еді. 

Ол  кісі  сабырлы,  ұстамды 

нағыз ұстаз болған.  Иә, бүкіл 

саналы  ғұмырын  болашақ 

ұрпаққа  тәрбие  беру  жо-

лына  сарп  еткен    ардақты 

әкені,  қамқор  атаны    еске 

алсақ,    көз  алдымызға  тек 

оның  жақсылықты    жар  са-

лып  жүретін  ақпейіл  мінезі 

мен  аталық      қамқорлығы 

келеді.  Аяулы  атамыз    тірі 

болса  қазір  тоқсан  жасқа  

келер 


еді… 

Еңбегімен 

елінің  есінде  қалған  ұстаз 

атамыз    қаншама  шәкіртті 

қанаттандырып, үлкен өмірге 

жолдама берді десеңші!

Еңбек 

 

жолымның  



алғашқы    күнінде    жүрегіме  

нық    орнаған    ұстаздық  

ұстанымым,    мамандығыма   

деген    сүйіспеншілік    сезімі  

менің   марқұм ардагер-ұстаз  

атама  деген  құрмет  еді. Ол  

кісі    әркез    ұл-қыздарының   

ұстаздық    болмыстарының  

қалыптасуына 

 

дем  



беріп,    отбасылық    өмірін  

педагогикалық    өмірмен   

ұштастырған    жан  болатын.  

Мектепке Сақып Ақбаевтың 

есімі берілсе

өңіріндегі  Көктерек  мектебі 

(№1  болыстық),  1920-1929 

жылдары  Төртпішен  мек-

тебінде,  1929-1930  жылда-

ры Қарасу мектебінде, 1930-

1956  жылдары  Көктерек 

мектебінде ұстаздық еткен. 

Ұстаз  1904  жылы  Қазан 

қаласындағы  оқытушылар 

семинарына  сынақ  тапсы-

рып,  орыс  тіліндегі  сабақ 

беретін  «Бастауыш  мек-

теп  оқытушысы»  құжатын 

алып, 

бала 


оқытумен 

шұғылданады. 

Ел  басындағы  жақсылық 

та,  жамандақ  та  орысшаға 

жетік ауыл мұғаліміне соқпай 

кетпеді.  Байларды тәркілеуде 

комиссия  хатшысы,  кол-

хоздастыру  ниеттесі,  «отыз 

жетінің»  аман  қалған  «сая-

си  сенімсізі»,  соғыс  жылда-

рында  оқушылар  еңбегінің 

ұ й ы м д а с т ы р у ш ы с ы , 

сайлаушылардың  белсенді 

үгітшісі болды. Сол жылдар-

да  ол  ұлы  ұстаз  бола  білді. 

Ол өздігінен көп ізденуіменен, 

өз тәжірибесінен қорытынды 

шығаруыменен  балаларға 

білім    беру  жолында  «Ұлы 

ұстаз» деген құрметті атаққа 

ие  бола  білді.  Ұлы  тұлға 

ретінде  мәңгілік  есімізде 

қалды.  Өмірінің  58  жыл  7 

айын  ұстаздыққа  арнады. 

Соншама  жылғы  қажырлы 

еңбегін ескеріп 1949 жылдың 

1  сәуірінде  КСРО  Жоғары 

Кеңесі  «Ленин»  орденімен 

марапаттады. 1955 жылдың 

30  қыркүйегінде  Қазақстан 

өкіметі  «Қазақ  ССР-ның 

Еңбек  сіңірген  мұғалімі» 

атағын  берді  (куәлік  №984). 

Бірнеше  медальдар  мен 

мақтау 

грамоталарымен 



марапатталды.  Ұстаз  үшін 

ең  бастысы  –  халықтың 

сый-құрметі  мен  ел  ілти-

паты.  Өмірінде  тағдыры 

Сақып мұғалімге Көктерекке 

екі  рет  келіп-кетуге  жазған 

екен.  Ұғымы  ұшар  биікпен 

пара-пар  ұстаздан  тәлім 

алған  оқушылар  Көктерек 

ауылында  тұрады,  жаста-

ры  жетпістен  асқан  зей-

неткерлер.  Уақыт  зырлап, 

XXI  ғасырға  аяқ  басса 

да  ұстаз  атамыздың  аты 

үлкен  құрметпен  ұрпақтан 

ұрпаққа  жеткізілуде.  Сақып 

атамыз  1956  жылы  зей-

неткерлікке  шығып,  мек-

теппен    қоштасып,  47  жыл 

өмірін  өткізген  Көктерек 

ауылынан  1961  жылы  Ал-

маты  қаласына  көшті.  1962 

жылы  Алматы  қаласында 

дүниеден  озды.  Ұлы  Хами-

долла  жоғары  білімді  ин-

женер,  келіні  Бәди  мұғалім 

мамандығын 

меңгерген 

еді.  Олар  да  2013  жылы 

дүниеден өтті. 

Елбасы 

Нұрсұлтан 



Назарбаевтың  «Болашаққа 

бағдар:  Рухани  жаңғыру» 

мақаласына   сай  жас   ұрпақты 

тәрбиелеу  үшін  өлгенімізді 

тірілтіп,  ұмытылғанымызды 

еске  түсіру  бағытында  ен-

дігі  ойымыз  ұлы  ұстаздың 

аруағына  тағзым  етіп,  көзі 

көріп  толғанған  үлкендерден 

өркендеп  өсіп  келе  жатқан 

жас  жеткіншектер  тағылым 

алса  деген  ниеттеміз.  Сол 

негізде  Көктерек  орта  жапы 

білім  беретін  мектебіне 

«Қазақ 

ССР-ның 


еңбек 

сіңірген  мектеп  мұғалімі», 

«Ленин»  орденінің  иегері 

Сақып  Дәулетұлы  Ақбаев 

атамыздың аты сұранып тұр. 

Теміржан 

ҚАЖЫҒАЛИЕВ,

зейнеткер ұстаз

Мерейлі жасымен құттықтады

керткіш сыйлық тарту етті.

Макка 


Мырзағұлқызы 

1947  жылы  Ресейдің  Орын-

бор  облысында  шаруа  от-

басында  дүниеге  келген. 

Кейін 1965 жылы  Қаратөбе 

ауданының 

Қалдығайты 

орта  мектебін  үздік  аяқтап, 

А.С.Пушкин  атындағы  Орал 

педагогикалық  институты-

на  оқуға  түседі.  1969  жылы 

филология 

факультетінің 

«Орыс  тілі  және  орыс 

әдебиеті  пәнің  мұғалімі» 

мамандығын  алып  шығады. 

Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, 

білім  беру  саласына  өзіндік 

үлес 

қосты. 


Бақтығали 

ағамызға  тұрмысқа  шығып, 

екі  ұл  тәрбиелеп,  бүгінде 

ата-әже атанып отыр. 

Кездесуде 

аудандық 

ішкі  саясат  бөлімінің  бас 

маманы  Ғалия  Ахметова, 

Макка 

Мырзағұлқызының 



шәкірттері 

Айбар 


Мұрадымұлы, 

Мұрат 


Есетұлы  өздерінің  сый-си-

япаттарын  ұсынды.  Со-

нымен  қатар  Ғ.Молдашев 

атындағы  орта  мектептің 

басшылығы,  еңбек  арда-

герлері, өзімен бірге қызмет 

еткен  әріптестері  ақжарма 

тілектерін айтты.

Ардагер-ұстаз 

ұмыт 


қалдырмай,  елеп-ескерген 

Жалпақтал 

әкімшілігіне, 

қызметтес 

болған 

әріптестеріне,  шәкірттеріне 



өзінің  ризашылығын  білдір-

ді.


Тұрарбек 

ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Ұстазым болып еді

бітірген. 1952-1956 жылдары 

Фурманов  орта  мектебінде, 

1956-1963  жылдары  Бога-

тырев  орта  мектебінде  ди-

ректор, 1963-1969 жылдары 

Қазталов  аудандық  халық 

оқу  бөлімінің  меңгеруші, 

1969-1978 

жылдары 

А.Оразбаева мектебінде ди-

ректор  және    1979  жылдан 

1985  жылға  дейін  Қазталов 

ауылдық кеңесінің төрағасы 

болып қызмет атқарады. 

Орал 

облыстық 



№1 

мұғалімдер 

съезі, 

Республикалық      халық 



білім 

ағарту 


кеңесіне, 

ғылыми-техникалық 

кон-

ференциясына,  аудандық 



халыққа білім беру бөлімінің 

меңгерушілері 

жоғары 

квалификациялық  орталық 



курсына, 

мұғалімдердің 

республикалық 

кеңесіне 

қатысып, 

 

 



ардақты   

ұстазымыз 

абырой-

лы 


атқарған 

еңбегінің 

арқасында 

1970 


жылы 

халық  ағарту  саласында 

еңбегі  еленіп,  КСРО  оқу 

министрінің  құрмет  грамо-

тасымен,  1963  жылы  Қазақ 

КСР оқу министрлігін “Қазақ 

КСР халық ағарту ісінің озық 

қызметкері” белгісімен   ма-

рапатталады. 

Міне,  ағайдың  ел  үшін 

атқарған  еңбегі  ұшан-теңіз. 

Білім  саласында  нәтижелі 

еңбек  етіп,  ел  алғысына 

бөленген  жан.  Қазіргі  күнде 

зейнеткерлік  жаста  болса 

да,  ұрпақ  тәрбиесіне  зор 

үлес  қосып  келеді.  Аяулы 

жары  Бақыт  екеуі  5  ұл  мен 

қыз тәрбиелеп өсірді.

Жақында 


Нәсіпқали 

ағамызға 

Қазталов 

ауданының “Құрметті азама-

ты” атағы берілді. Бұның өзі 

алдыңғы  толқын    ағаларға 

деген құрмет деп санаймын. 

Звайда ӘКІМӘЛИЕВА,

ұзақ жылдар партия, 

басқару органдарында 

қызмет жасаған еңбек 

ардагері

Атамның есімі мәңгілік 

жүрегімде

Қабош  атаның  ұстаздық 

жолы  Орал  қаласындағы 

педагогикалық  оқу  орында-

рынан,  ауыл  мектептерінде 

ауыл  балаларын  мектеп-

ке  тарту,  сауат  ашу,  оқыту 

жұмыстарымен  басталған. 

Өзінің  сүйікті  ісін  үлкен 

жауапкершілікпен 

атқара 

жүріп, Жұлдыз сегіз жылдық 



мектебінде  қазақ  тілі  мен 

қазақ  әдебиеті  пәндерінің 

оқытушысы 

қызметін 

жалғастырып, 

ауылдың 


қоғамдық саяси өміріне бел-

сене араласып отырған. 

“Қазақ  КСР  халық  ағарту 

ісінің 


озық 

қызметкері” 

белгісімен 

марапатталған 

ұлағатты  ұстаз  алдына 

келген  шәкірттерін  білім 

нәрімен  сусындатып,  “Ана 

тілінің”  құпия  сырларын 

зерделеріне  тоқыта  білген 

жан.  Атам  туралы  көптеген 

естеліктерді 

еститінмін. 

Солардың ішінде  “Ұстазым 

менің,  ұстазым”    кітабын 

ақтарып отырып, сол кісі ту-

ралы  біршама  мағұлматтар 

тауып  алдым.  1975  жылы 

Жас  ауылына  мектеп  салы-

нып,  1981-1982  жылдары 

сол  мектептің  директоры 

қызметіне  тағайындалған. 

-Бәрің  де  Жас  мектебінің 

жас  ұстаздарысыңдар  деп 

қоғамдық 

жұмыстарды 

бәрімізге  үйіп-төгіп  беретін, 

-деп  еске  алған  Меңзипа 

Қаматаева  өзінің  естелік 

сөзінде. 

Марқұм    Қабош  ата  мен 

Қапия әжем  үлкен жанұяның 

ұйытқысы бола білді.  Қазіргі 

күнде 

өздерінің 



өсіріп 

тәрбиелеген  ұрпағы  осын-

дай  жандардың    атына  кір 

келтірмей,  әке  жолын  қуып,   

білім  саласында  қызмет 

жасап,    еліміздің  ертеңгі 

болашақтарын  дайындау-

да  өз  үлестерін  қосып  ке-

леді.    Ата,  әке  жолын  қуған 

ұл-қыздары  мен  немере-

жиендері бар  да  ол кісінің 

игілікті  ісі  мен  өнегелі  жолы 

ешқашан тоқтамайды. 

Міне,  “Ұстаз  әулеті”  деген 

осы емес пе?

Аман ҚАБОШЕВ,

немересі

Жалпақтал  ауылындағы  

Қараөзен  бойында  ұзақ 

жылдар    бойы  трактор  ай-

дап, ауыл шаруашылығында  

мал  баққан  он  баланың 

әкесі, 

ағам 


Қалиолла 

Әбілхайырұлына 

және  

ағаммен  50  жыл  отасқан 



жеңгем 

 

Орынғаным 



Қойбағарқызының  80  жа-

сына  арнап  қолыма  қалам 

алдым.

Атадан  туған  бес  ұлдың 



қыраны  едің,  нар  едің,  сен 

нар едің. Әттең-ай, әттең...

Жылдар  өтті,  әке-ана  ке-

руені  тоқталғалы,  қайта  ай-

налып отбасына соқпағалы. 

Ниеті  түзу,  жүрегі  таза, 

иманды, қамқоршы ағам мен 

жеңгем  жандары  жайсаң 

жан еді. 

Өмір  –  өзен  ағады  өтер-

кетер,  тек  жақсының  игі 

істерін 


ұрпақтары 

ел-


жұртымен  мақтан  етер.  Бұл 

бес  күндік  өмірде  адамдар 

бір-біріне  қонақ  екен.  Біз  

үшін  сенің  жоқтығын  қатты 

ауыр  тиді.  Атақоныс  ме-

кенім – Қоныстау, Жаңажол, 

Таңат,  Шахат,  Талдықұдық, 

Қараөзен,  Тасоба,  Ақкөбік, 

Серік,  Отыз  кебен,  Ақпәтер, 

Ащықұдық, 

Жалпақтал, 

Егінсай,  Қазталовым...  Жан 

ағам,  сені  аңсап    кең  дала 

да  өксиді...    Сағындық  сіз-

ді,  жан  аға,  сағыныштың 

орны  сірә,  толар  ма  екен? 

Ағалардың ішіндегі бауырға 

да,  отбасыңа  да  үлгі  бо-

лар  орның бөлек жан едің. 

Өзің  салған  сол  жолмен  

ұрпақтарың  Абылайхан, Ар-

тур, Азамат, Абай, Ерсұлтан, 

Дәурен,  Данияр,  Ислам, 

Мұхаммед,  Әзиз,  Нұргүл, 

Инабат,  Гүлназ,  Ділназ, 

Аружан,  Райхан,  Раушан, 

Қымбат,  Балым,  Гүлдана, 

Айдана,  Сымбат,  Ирина 

сынды немере-жиендер өсіп 

келеді. 


Жан 

ағаға 


деген 

сағынышты сезіммен  құран 

оқып, дұға тілеп, тума-туыс, 

бауырлары үнемі еске алып 

отырамыз.

Сұңғатов Есқайыр 

әулетінен қарындасы 

Гүлниса ӘБІЛХАЙЫР

Жүректегі көңіл толқыны



4

9 маусым


2017 жыл

КӘСІП.НӘСІП



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 2.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет