Материалдары // Материалы Республиканской конференции «Сейфуллинские чтения – 8»



жүктеу 13.01 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.03.2017
өлшемі13.01 Kb.
#5100

Университеттің  55 жылдығына  арналған  «Сәкен  тағылымы -8» атты  Республикалық

ғылыми –  теориялық

конференция

материалдары  //  Материалы Республиканской

конференции  «Сейфуллинские  чтения –  8»,  посвященной  55-летию  университета. –

2012. – Т.1 (преподаватели и магистранты). – Б.31-32

ҰТЫМДЫ САБАҚ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН

АРТТЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ

Ермекбаева Г.О.

Қазіргі қоғамда  болып  жатқан әлеуметтік -  экономикалық  өзгерістер

мағлұматтарды қарапайым  беруге  негізделген,  жеткілікті  дәрежеде  айқын

қалыптасқан  білім  беру  моделінің тоқырауын  айқын  көрсетіп  берді.  Жеке

тұлғаға  деген  талаптың күшейе  түсуі қазіргі  дүние  жүзіндегі  білім  беру

саласында  жобалы өзгерістер  жасау  тенденциясының  үдей  түсуіне  себеп

болып отыр. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім

алуды қажетсіну қазіргі  таңда  шешуін  күткен өзекті  мәселелердің бірі  екені

айқын.  Адам  белсенділігінің табиғатын  тани  білу,  еңбек  және  моральдық

белсенділік 

дәрежесі 

бойынша 


адамның 

қоғам 


мен

ұжым


үшін

жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті.

Оқушылардың оқу  белсенділігін қалыптастырудың бір  көзі -  жаңа

технологияларды қолдану  арқылы  сабақты  түрлендіріп өткізу.  Көптеген

инновациялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса

қолайлы технология - сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау

- ашық қоғам негізі.  Ол өз алдына сұрақтар қойып және оны үнемі іздеу, әр

мәселеге  байланысты өз  пікірін  айтып,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен қатар

басқалардың пікірлерін  дәлірек қарастыруды  және  сол  дәлелдемелердің

қисының зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп

аталады.  Бағдарлама  деңгейі үш  деңгейден  тұрады: қызығуды  ояту,

мағынаны  ажырату,  ой  толғаныс.  Осы  бағдарламаның стратегияларын

меңгеріп,  тәжірибе  жүзінде қолданса,  оқушылардың оқу  белсенділіктері,

сабаққа  деген қызығулары  артып,  олардың бір-бірімен  пікір  таластырып

ашық сөйлеу,  еркін  сөйлеу  дағдылары қалыптасады. Өздеріне  сенімсіздік

білдіріп, бұы-ғып отыратын оқушыларда өз ойларын жүйелеп, еркін айтатын

болады.

Бала  белсенділігінің ең алғашқы  формасының бірі - қарым-қатынас



жасау  белсенділігі.  Бұл -  адамның бүкіл өмірінде  дамитын  белсенділік.

Жасерекшеліктеріне  сәйкес қарым-қатынас  белсенділігінің маңызы өзгеріп

отырады.  Ойын  барысында  балалардың  құрдастары  мен  де өзара қатынасы

өзгереді.  Олар  ойнауға тілек білдіреді, тапсырмаларды бірігіп орындауға, өз

қылықтарын  ережеге  бағындыруға,  керексіз әдеттерді  тежеуге,  кедергіні

ығыстыруға үйренеді. Әртүрлі  ойын  баланың дүние  танымын  кеңейтіп,

қарым-қатынас  жасау  белсенділігін  дамытады.  Белсенділікпен қатар  оқуға

деген қызығуының тағы  да  бір  маңызды қыры  ашылады.  Оқушының таным



белсенділігі  оның

білімге  деген

қабілеті  мен  зияткерлік  болмысын

сипаттайды. Ал басқа қабілеттері іс-әрекет барысында айқындалып дамиды.




жүктеу 13.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет