Мақтан етеміз! Менің атам Әбурәйлә Смағұлов 1905 жылы Ақмола



жүктеу 52.25 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі52.25 Kb.

Мақтан етеміз!

Менің атам Әбурәйлә Смағұлов 1905 жылы Ақмола 

облысы, Ерейментау ауданы, Торғай кеңшарында 

дүниеге  келген.  1929  жылдан  облыстық  «Қызыл 

ту»  газетінде  белсенді  тілші  болды.  Сонымен 

қатар, Лебяжі ауданының «Ленин жолы» газетінің 

жергілікті  тілшісі  қызметін  атқарды.  1932  жылы 

партия мүшелігіне алынды. 1939-1941 жылдарда Май 

аудандық партия комитетінің ұйымдастырушылық- 

нұсқаушылық  бөлімінің  меңгерушісі  болып,  1941 

жылы майданға аттанады. 

Австрия, Венгрия, Белоруссия, Чехословакия, 

Молдавия, II Украина майданында, Забайкалье фрон-

тында, Жапон соғысына қатысқан. 1946 жылы  елге 

оралып, шаруашылықты  көтеруге араласты. 1947  

жылы Лебяжі ауданында партия комитетінің кадр 

жөніндегі  хатшысы  қызметінде  болған.  1950-інші 

жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің беттерінде 

мақалалары жиі жарық көрді. II дәрежелі «Ұлы Отан 

соғысы» орденімен, ҚР Президентінің «Ұлы Жеңістің 

50 жылдығына орай» Құрмет грамотасымен мара-

патталды. 1998 жылы Лебяжі ауданының Құрметті 

азаматы  атағы  беріледі.  94  жыл  ғұмыр  кешкен 

майдангердің соңында 9 перзенті,  27 немересі, 

15 шөбересі қалды. Олар аталарының атқарған игі 

істерімен мақтанып, еске алып отырады.



А.СМАҒҰЛОВА,

№22 жалпы орта білім беру 

мектебінің мұғалімі,

Павлодар қаласы.



Жамағатпен 

жүздесті

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл 

имамы Нариман Исеновтің бастамасымен құрылған 

жергілікті уағыз-насихат тобының мүшелері мен 

«Әбу Ханифа» қоғамдық қорының  өкілдері аудан, 

ауыл мешіттерін аралап, уағыз-насихат жұмыстарын 

жүргізді.

Бас  имам  Нариман  Исенов,  «Әбу  Ханифа» 

ҚҚ-ның директоры Кенже Кеңесбаев, облыстық 

дін  істері  басқармасы  басшысының  міндетін 

атқарушы  Руслан  Мұқанов  бастаған  алғашқы 

жұмыс тобы  Баянауыл ауданының «Мұса мырза» 

және Майқайың кенті мешіттерінде болды. 

Уағыз-насихат  тобының  өкілдері  Екібастұз 

қаласына қарасты Солнечный кентінің мешітінде 

және Ақкөл ауылының «Исабек ишан» мешітінде 

кездесу өткізді.  

Рухани  басқосуға  ауыл  тұрғындары,  мешіт 

жамағаттары және жергілікті билік өкілдері көптеп 

жиналды.  Дін тақырыбында мазалаған сұрақтарын 

қойып, лайықты жауап алды. Мешіт қызметкерлері 

де халықты береке-бірлікке, ынтымақ-татулыққа 

шақырып, дін атын жамылған лаңкестік топтардың 

діни шабуылынан қалай сақтанып, оларға қалай 

тосқауыл қою жөнінде уағыз айтып, ақыл-кеңес 

берді. 


Ал  наурыз  айының  2-сі  күні  аталмыш  топ 

мүшелері Ақсу қаласы мен Ертіс ауданына қарасты 

бірқатар мешіттерді аралап, жамағатпен жүздесті.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

Ардагердің батасы

Ұлы  Отан  соғысында  Кеңес  жауынгерлерінің  жеңіске  

жетуіне  өз  үлесін  қосқан  батырларымыздың  арамыздан 

сиреп бара жатқаны өкінішті. Май ауданында бүгінде бір 

ғана соғыс ардагері бар. Ол – Мағау Сыздықов. Жақында 

аудандағы оқушылар үйінің шәкірттері мен ұстаздары ардагер 

атамызбен кездесу өткізді. 

Мағау  ата  1923  жылы  1-інші  мамырда  Семей  облы-

сында туған. Үш жасында ата-анасынан айрылып, ағасы 

Жексембайдың  қолында  тәрбиеленген.  1942  жылдың 

сәуірінде Тасқайнатқан ауылынан әскерге аттанады. 1942-

1944 жылдар аралығында Мәскеу үшін болған шайқасқа 

қатысады. Сондай-ақ, Украина жерінде соғысып, үш рет  

жараланған. Емделіп шыққаннан кейін елге оралды. Зайыбы 

Зейнеп апамен тұрмыс құрып, 9 бала тәрбиелеп өсірген. 

М.Сыздықовтың  Отан  алдындағы  абыройлы  еңбегі 

бағаланып, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және 

Ұлы Жеңістің 20, 30, 40, 50, 60, 65 жылдығы медальда-

рымен марапатталған. 

Кездесу барысында оқушылар соғыс ардагеріне сұрақтарын 

қойып, емен-жарқын әңгіме өрбітті. Шара соңында ақсақал 

жас жеткіншектерге ақ батасын берді. 



Май аудандық оқушылар үйінің баспасөз қызметі.

Ұрпақ парызы

Ақсу қаласы Ақжол орта мектебінде Ұлы Жеңістің 

70 жылдығына орай соғыс ардагері Рәшит Смағұлұлын 

еске алуға арналған ашық сабақ өтті. Сабақ бары-

сында  Рәшит  атаның  өмірбаяны  туралы  түсірілген 

шағын бейнетаспа көрсетіліп, өнегелі істері айтылды. 

Мектеп оқушылары патриоттық тақырыпта өлең оқып, 

ән  шырқады.  Шара  соңында  ардагердің  балалары 

мен туыстары ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

А.БӘКІРБЕКОВА,

  

Ақжол орта мектебінің мұғалімі,



Ақсу қаласы.

«Хатқоржынды» үйлестірген - 



Тілеуберді САХАБА.

8 (7182) 66-14-65

www.saryarka-samaly.kz

5 наурыз, бейсенбі, 2015 жыл

ӘЛЕУМЕТ


6

2014 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық 

бюджеттен 31,1 млрд. теңге бөлінді. Жәрдемақының мұндай түрін 173,5 мың адам алған. 

«ҚазТранОйл»  акционерлік  қоға

мы  -  еліміздегі  ірі  де  іргелі 

компаниялардың  бірі.  Сондықта

н  болар  мұнай  тасымалдаумен 

айналысатын алпауыт компанияд

а жұмыс істеу абырой ғана емес,

 

үлкен жауапкершілікті де жүктейді

. Осындай ауыр міндетті арқалаған

 

жандардың  бірі  табан  аудармай 

15  жыл  бойы  Шығыс  филиа-

лында  еңбек  етіп  келе  жатқан 

жетекші  салық  маманы  Мағыш 

Нұрахметова. «Бұл жылдар мен

ің өмірімдегі өлшенбес өнегелі 

кезең», - дейді ол. 

Жаңа  ғасырдың  алғашқы  жазында 

компанияның Шығыс филиалына жұмысқа 

келген Мағыш Рахметоллақызы кәсіпорынның 

жыл санап ілгерілеп келе жатқанын айтады. 

Оған филиалдың жүзеге асыратын мұнай 

тасымалы көлемінің артуы, жаңа өндірістік 

нысандардың салынуы, жұмыс жағдайының 

жақсаруы дәлел, және кәсіпорынның дамуына 

өзінің  де  азды-көпті  қосқан  үлесі  барын 

мақтан тұтады.  

-  Компаниямыз отандық мұнай тасы-

малын жүзеге асыратын ұлттық оператор 

болып саналады, және ел экономикасының 

гүлденуіне мұнайдың қосар үлесі зор екені 

белгілі. Сондықтан да тұтынушыларына еш 

тежеусіз, әрі қауіпсіз шикізат жеткізіп берудің 

маңызы зор. Бұл тұрғыда біздің кәсіпорын 

ел дамуында маңызы басым  стратегиялық 

міндетті атқарып отыр деуге толық негіз бар. 

Өндірістік көрсеткіштермен қатар әлеуметтік 

жауапкершілігін де жете сезінген. Қазіргі 

таңда басшылық сапалы әрі тиянақты жұмыс 

істеуіміз  үшін  толыққанды  жағдай  жасап 

отыр. Қызметкерлерге әрдайым әлеуметтік 

қолдау көрсетіледі. Мерекелерде сыйақы 

беріледі. Маған компанияның медициналық 

жүйеге байланысты қолдауы ұнайды. Соның 

арқасында  өзім  де,  отбасым  да  тегін 

медициналық бақылаудан өтуге мүмкіндік 

алдық. Бұл деген керемет қой! Компания 

қызметкерлерінің балалары жазғы уақытта 

демалыс лагерлеріне барады. Осындай игі 

істердің барлығы компания еңбеккерлері 

үшін жасалып отыр. Шығыс филиалының 

ардагерлеріне де айрықша көңіл бөлінеді. 

Олардың зейнетақыларына компания тарапынан  

ай сайын материалдық үстеме қосылады, 

мемлекеттік мерекелерде сыйақы беріледі. Бұл 

біздің кәсіпорынның қарттарды қамқорлығына 

алғандығының дәлелі. Осы орайда компания 

дейді «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының қызметкері Мағыш Рахметоллақызы

Фархат ӘМІРЕ

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

АРДЫҢ ІСІ – АДАЛДЫҚ

басшылығына барша әріптестерімнің 

атынан ризашылығымды білдіремін, 

- дейді «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс 

филиалының салық жөніндегі жетекші 

маманы Мағыш Рахметоллақызы. 

Мағыш Нұрахметова Павлодар 

қаласында дүниеге келген. Кейін әкесі 

Рахметолла қызмет бабымен Кашыр 

ауданына қоныс аударады. Негізінен 

ағайын-туыстары еркелетіп Мағжан 

деп кеткен екен. Кейіпкеріміз осы 

өңірде өсіп-өніп, өмірдегі алғашқы 

қадамдарын жасаған. Ол Целиноград 

қаржы-экономикалық техникумын, 

Қазтұтынудың Қарағанды экономикалық 

университетін тәмамдаған. Облыстың  

салық органдарында жұмыс істеген. 

Елге сіңірген еңбегі елеусіз қалған 

емес. Бұл сөзімізге кейіпкеріміздің 

осы  күнге  дейін  алған  марапат-

тары дәлел. Айтуынша, оның салық 

саласын таңдауына әкесі ықпал еткен 

екен. Себебі, Рахметолла Қанапиянов жұртқа 

танымал банк қызметкері болатын. 

  - «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы 

салық төлемдеріне баса мән береді. Өз 

басым өмірімнің көп бөлігін салық сала-

сына арнаған менің кәсіби маман ретінде 

толысып, жетілген шағым – «ҚазТрансОйл»-дың 

Шығыс  филиалында  қызмет  атқарған 

жылдарым.  Қазіргі  жағдайды  осыдан  он 

бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстыруға 

мүлдем келмейді. Бұрын белгілі бір салық 

құжатын тапсыру үшін қаншама қағаздарды 

парақтап, ұзын-сонар кезекке тұрып, өткізу 

Бұл басшылық тарапынан жұмыскерлер үшін 

жасалған жанашырлық. Мамандардың кәсіби 

тұрғыдан ғана емес, рухани өсуге де ықпал 

етеді, - дейді М.Нұрахметова. 

 Жуырда «Бүгінгі деңгейге қалай жеттім?» 

деп  ұзақ  ойландым  дейді  Мағыш  апай 

әңгімесін жалғастырып. - Ұққаным, кәсіби 

маман деңгейіне көтерілгенім ұстаздарымның 

арқасы екен. Олар  салық жүйесінің қыр-сырына 

қанықтырды. Өз ісіне берілген жандардан көп 

дүниені үйрендім. Алдымен тәртіпті бірінші 

орынға  қоятын.  Соның  әсері  болар,  әлі 

күнге дейін жұмысқа кешігіп көрген емеспін.  

Мамандыққа адалдық та алдыңғы орында 

тұруы шарт. Сонда жұмысың жемісті болады. 

Ұстаздарыма  басымды  иіп,  алғысымды 

білдіремін. Мен салық Кодекстерін роман 

оқығандай  парақтайтын  жанмын.  Бұдан 

ешқашан жалыққан емеспін. «ҚазТрансОйл» 

АҚ Шығыс филиалына адал жұмыс істедім. 

Осы уақытқа дейін қаншама тексерістер 

болды. Филиал бір сүрініп көрген емес. 

қажет болатын. Қазір барлық құжат айна-

лымы электрондық жүйеге көшірілген. Кез 

келген қаржылық шараны жұмыс орнынан 

шықпай жүзеге асыруға жағдай жасалған. 

Өз  басым  Жеңісбек  Лұқпанов  басқарып 

отырған  ұжымның  ұйымшылдығын  атап 

өтер  едім.    Біздің  филиалда  жыл  сайын 

«Мамандығы бойынша таңдаулы» байқауы, 

спартакиада, қазақ тілі конкурсы өтіп тұрады. 

Мағыш Рахметоллақызы туралы 

әріптестері де жылы пікірде. Шығыс 

филиалының бас бухгалтері Рымгүл 

Құланбаеваның айтуынша, ол өз ісінің 

шебері.  Көп  жылдар  бойы  мұнай 

тасымалы жүйесіндегі салық саласын 

дамытуға барын салып келеді. Өзі 

талай білгірлерден білім алып, қазір 

кәсіби маман ретінде қалыптасып, 

іні-сіңілілерімен де кәсіби тұрғыдан 

бөлісіп отырады. Қарапайымдылығымен, 

жұмысқа деген ыждахаттылығы кейінгі 

буынға үлгі-өнеге боларлық. 

Мағыш апай кез келген ана ретінде 

бірінші орынға отбасын қоятын адам. 

«Осы  күнге  жеткенім  отбасымның 

арқасы. Себебі, олар мені түсінеді, үнемі 

қолдау көрсетеді.  Бүгінде ардақты 

әже атандым.   Ендігі өмірім сүйікті 

немерелеріме арналады», - дейді ол. 

Атап өтерлігі, М.Нұрахметованың ұлы 

Еркінжас пен қызы Әлия да қаржы 

саласында еңбек етеді. 

Жуықта  құрметті  еңбек  демалысына 

шығатын Мағыш Рахметолақызының сыртқы 

келбетіне қарап, зейнет жасындағы адам 

деп айтуға ауыз бармайды. Өңі де, көңілі 

де  жап-жас.  Әзіл-қалжыңға  жүйріктігі  де 

қайран қалдырады. Әр нәрсеге талғаммен 

қарап,  пайымды  пікір  білдіретін  Мағыш 

Рахметоллақызы: «8 наурыз – Халықаралық 

әйелдер  күні  қарсаңында  барша  нәзік 

жандыларға әйел бақытын тілеймін», - дейді. 



ХАТҚОРЖЫН




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал