Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Б) «Қызғыш    құс»;            В) «Мұнар   күн».
24.  Ыбырай  Алтынсариннің      табиғат    лирикасын  
қамтыған   өлеңі:
А) «Өзен»;      Ә) «Жел»;     Б) «Күн»;     В) «Жұлдыз».
25. «Ісіме    нық,  малыма  күтімді   болдым».  Кімнің   
сөзі?
А) Антошканың;           Ә) саудагердің;    
Б)  Антонның;             В) Олегтің.
                                                                
                                                           (Жалғасы бар).

71
Айнагүл ШАТАЕВА,
Батыс Қазақстан облысының 
Жаңақала ауданындағы
№3 жалпы орта білім беретін
қазақ мектебінің мұғалімі.
ҚҰДЫҚ ҚАЗУ – ЕҢСЕпТІҢ АТА 
КӘСІБІ
(6-сынып, «Шыңырау» повесінің  3-сағаты)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Әбіш  Кекілбаевтың 
«Шыңырау» 
повесін 
оқушылар 
қорытындылайды, 
оқушылар  құдық  қазу  кәсібі  туралы  тың  мағлұматтар 
алады,  «Шыңырау»  хикаятынан  берілген  үзіндінің  идеясы 
мен  мазмұнын  ашады;  дамытушылық  –  оқушылардың 
қызығушылығы оянады, танымдық белсенділіктері артады, 
мәтін бөліктерінің негізгісін таба білуді үйренеді; тәрбиелік 
– ұжымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылар өз 
салт-дәстүрлерін құрметтей білуге дағдыланады.
Түрі: қорытынды сабақ. Әдістері: семантикалық карта, 
әңгіме  кестесі,  ойтолғау,  т.б.  Көрнекілігі:  интерактивті 
тақта, кестелер. пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Күтілетін  нәтиже:  оқушылар  повесть  мазмұнын, 
жазушының айтар ойын түйін сұрақтарға жауап беру арқылы 
анықтай алады, құдық қазу кәсібіне қатысты салт-дәстүрлер 
мен кәсіби сөздер туралы мағлұмат ала отырып, құдық қазу 
ата-бабамыздан келе жатқан кәсіп екеніне көздерін жеткізе 
алады.
Сабақтың барысы.
І.  Ұйымдастыру.  Оқушылардың  сабаққа  дайындығын 
тексеру, көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ. үй тапсырмасы.
Повесть дегеніміз не? 

72
(Балалар пікірі тыңдалады. Мұғалім толықтырады).
Баяндау  түрінде  қара  сөзбен  жазылған  оқиғалы  көркем 
шығарманың түрін повесть не хикаят деп атайды. Повестегі 
оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрбиді. 
Кейіпкерлер саны әңгімеден көбірек. Мұнда бірнеше оқиға, 
адам өмірінің кезеңдері кеңірек дамытыла суреттеледі.
Өлең деген не? (Өлең – буын өлшемі бар, ырғаққа, ұйқасқа 
құрылған көркем сөз, поэзия).
Баллада деген не? (Баллада – лириканың ерекше бір түрі. 
Әдеби жанр ретінде баллада орта ғасырда роман елдерінің 
(француз,  испан,  т.б.)  поэзиясында  туып  қалыптасқан. 
Баллада  –  лиро-эпостық  сипаттағы  шағын  сюжетті  өлең. 
Мұнда  ақын  өзінің  көңіл  күйін,  толғанысын  жырлап  қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  сондай  сезімді,  көңіл  күйін 
туғызған себептерді оқиғаға айналдырып суреттейді).
Әңгіме деген не? (Әңгіме – қара сөзбен жазылған шағын 
көркем шығарма).
1. Семантикалық картамен жұмыс. Оқушылар берілген 
әдеби шығармаларды түрлеріне қарай бөліп көрсетуі керек 
(интерактивті тақтадан)
Әдеби шығармалар
Өлең Әңгіме
по-
весть 
Баллада
Қылау;
Менің атым – Қожа;
Туған жер;
Шыңырау;
Арқаның әңгімесі;
Даудың басы –
Дайрабайдың көк сиыры.
2. Әңгіме кестесін толтыру.
Әңгіме-
нің 
авторы
Әңгіме-
нің атауы
Кейіпкер-
лері
Қандай оқиғалар баяндалады?

73
Әбіш 
Кекілбаев
«Шыңы-
рау»
Құдық-
шы 
Еңсеп,
Байсал
бай.
Ауыл 
ақсақал-
дары.
1. Байсал байдың өтініші.
2. Ақсақалдардың тастақ 
жыраның құбыла бет 
құйрығын қолайлы көруі.
3. Еңсептің құдық қазуға 
кірісуі.
4. «Қараш әулетінің» баянда-
луы.
5. Еңсептің еңбекке жарамды 
нарларды таңдап алуы.
6. Шыңырау түбіндегі аяныш-
ты өлім.
1. Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуды өтінді?
2. Ақсақалдар құдық қазуға қай жерді жөн көрді?
3. “Қараш әулеті” қалай баяндалады?
4. Еңсептің еңбегі елге қандай жақсылық әкелді?
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Қызығушылықты ояту.
-  Оқушылар,  біздің  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы: 
«Құдық қазу – Еңсептің ата кәсібі».
Ал осы құдық қазу кәсібі туралы не білесіңдер?
Құдық қазу кәсібі қазір әлі де бар ма?
Оқушылардан өз ойлары ауызша сұралады.
1. Құдық қазу кәсібі туралы түсінік беру.
Су – тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. «Шыңырау» хикаяты 
– Маңғыстау даласындағы құдықшылық кәсіптің қыр-сырын 
сипаттаған шығарма.
Жазушы  құдықшылық  кәсіп  өнер  екенін  айтады.  Сол 
өлкеде өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырған әйгілі құдықшы 
Қараш Бейнеубай Құлшарыұлы деген кісі болыпты.
ІІ. Мағынаны тану.
1.  Енді  хикаятқа  негіз  болған  «Ақ  отты  нар»  аңызына 
тоқталу.
«Ойлы болсаң, ойлап көр».
-  Оқушылар  бүгінгі  сабағымызда  құдық  қазу  ата-
бабаларымыздан келе жатқан кәсіп екенін айтып өттік. Ал 

74
енді осы құдық қазу кәсібіне қатысты қандай салт-дәстүрлер, 
кәсіби сөздерді білесіңдер?
(Оқушылар пікірі сұралады).
Құдық қазу кәсібіне қатысты салт-дәстүрлер мен кәсіби 
сөздерге тоқталу.
2.  Сөздікпен  жұмыс.  Ернек  –  бір  заттың  ернеуі,  жиегі  
өзен-көлдің жағасы, жағалауы. Құлама – таудың, жардың тік 
беті, судың құлап аққан тұсы. Шығыр – құдықтан су тартып 
шығару үшін жасалған қолмен бұралатын қарапайым құрал. 
Сүймен – қатқан жерде мұзды оятын үшкір сом темір.
Құдық қазу кәсібінде кездесетін салт-дәстүрлер:
•  Құдық  ақы  –  құдықшыға  құдық  қазған  еңбегі  үшін 
төленетін ақы.
•  Құдық  байғазы  –  құдық  қазылып  біткен  соң  ағайын, 
ауыл-аймақтың  малдай  беретін  көрімдігі.  Құдыққа 
байғазы ретінде астау, арқан, шығыр да әкелетін болған.
ІІІ. Ойтолғаныс. “Құдық қазу – ежелден келе жатқан ата 
кәсібіміз” тақырыбында ойтолғау жазу.
Білім бекіту тесті:
1. “Шыңырау” хикаятының авторы кім?
 а) Талап Сұлтанбеков;            б) Дулат Исабеков;
 ә) Сайын Мұратбеков;            в) Әбіш Кекілбаев.
2. “Шыңырау” хикаятындағы басты кейіпкер кім?
а) Еламан;  ә) Еңсеп;   б) Байсал бай;    в) Тұрар.
3.  «Шыңырау»  хикаятында  қандай  кәсіп  туралы 
айтылады?
А) Аңшылық; Б) Ұсталық;  Ә) Егіншілік; В) Құдық қазу.
4. Шығыр деген не?
А) Құдық қазатын құрал;    Б) Теңізден су   тартатын құрал;
Ә) Су тартатын құрал;       В) Су қондырғысы.
5. Хикаяттағы құдықты халық қалай атайды?
А) Еңсеп қазған;                Б) Әулие құдық;
Ә) Еңсеп өлген;                  В) Киелі құдық.

75
үйге  тапсырма:  тақырыпқа  байланысты  сұрақтар 
дайындап,  осы  кәсіпке  байланысты  мақал-мәтелдер  тауып 
келу.
Бағалау.
                                                                        
Назым МАҚСАТҚЫЗЫ,
Семей қаласындағы 
№ 42 жалпы орта білім 
беретін мектептің мұғалімі.
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ 
«ЕСпЕМБЕТ» пОэМАСЫ
(10-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  а)  «Еспембет»  поэмасының 
мазмұнын,  тақырыбын,  идеясын  ұғындыру,  батырлар  
жырымен  үндестігін  таныту,  әдеби-теориялық  талдау; 
ә)  шығарманы  талдай  отырып  өз  ойларын  еркін  айтуға 
жағдай  жасау,  шығармашылыққа,  ізденімпаздыққа  баулу; 
б)  еліне,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін  ояту,  ұлттық 
құндылықтарымызды бағалай білуге тәрбиелеу. 
Түрі:  дамыта  оқыту.  Әдісі:  баяндау,  түсіндіру,  сұрақ-
жауап,  т.б.  пәнаралық  байланыс:  тарих.  Көрнекілігі: 
интерактивті  тақта  жұмыс,  оқулық,  Дулат  Бабатайұлы 
шығармалары.
Сабақтың барысы.
психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.
үй тапсырмасын пысықтау:
1.  Дулат  Бабатайұлының  өміржолына  қысқаша  шолу.  2. 
Мұхтар  Әуезовтің    Дулат,  Шортанбай  сынды  ақындарды 
«Зар заман ақындары» деп бағалағаны белгілі. Неге? 3. Дулат 

76
өлеңдерін  қандай  тақырыптарға  топтастыруға  болады?  4. 
Дулат ақынның «Кеудеме қайғы толған соң Тұнық жырмен 
жуынам» деп жырлау себебі неде?
Жаңа сабақ.
1.  Поэманың  басталуы  қандай  оқиғаға  құрылған?  2. 
Еспембеттің «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне» деген 
қағиданы  ұстану  себебі  неде?  3.  Нағашы  атасы  жиенінің 
тілегіне  қалай  қарады?  4.  Ел-жұрты  қалай  қарсы  алды? 
Себебі  неде  деп  ойлайсыңдар?  5.  Еспембет  кімнің  асына 
барды?  6.  Қазақ  батырлары  қайда  не  үшін  аттанды?  7. 
Ұрыста Еспембет қалай танылды?
                          Бөлімдік жоспар
І бөлім «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан ...»
ІІ бөлім «Ер туған жеріне...»
ІІІ  бөлім «Елге қорған ер туса...» немесе  «Ер ел үшін 
туады».
                         Композициялық жоспар
Композициялық
жоспар
Суреттеу 
тәсілдері
поэманың 
тілі
поэмадағы 
салт-
дәстүрлер
1. Пролог.
2. Еспембеттің 
нағашы жұртында 
тәрбиеленуі.
3. Туған елге 
оралсам деген 
арманы.
4. Атасынан бата 
алып, Ақбөртемен 
еліне оралуы.
5. Қалмаққа қарсы 
соғысқа аттануы.
6. Қалмақ 
батырымен жекпе-
жекке шығуы.
7. Елінің 
олжаға кенеліп, 
Еспембеттің елге 
танылуы.
Деталь
Баяндау
Монолог
Диалог
Баяндау
Баяндау
Суреттеу
Суреттеу
Баяндау
Баяндау
Жетімдіктің 
арқаны 
(метафора)
Өрттен 
шыққан 
ұшқындай 
(теңеу)
Толқынды топ 
(метафора)
Қанқұмар 
қылыш (эпитет)
Бұйдалы тайлақ 
секілді 
(күрделі теңеу)
(Қаны толды 
ұртына)
әсірелеу
Қанға сусап 
(әсірелеу)
Нағашы мен 
жиен
(туыстық 
ұғым жайлы)
Ас беру 
Сауын айту
Енші  бөліп 
беру
Үйлендіру, 
қалыңдық 
әперу
Бата беру

77
Кейіпкер бейнесін ашу
Парасатты,    алдына  мақсат  қоя  білушілік,  тектілік, 
ақылды, алып күш иесі, ержүрек, басқаларға үлгі, ұлтының 
патриоты, адал, ел қамқоры, ақжүрек, дүниеге қызықпайды, 
жомарт, кең пейіл, адал, сезімтал, т.б.
Сабақты қорыту.
    
«Еспембет» поэмасы        Өзара үндестік           Батырлар жыры
1. Жазба әдебиет. 
2. Әке-шешесіз 
жетім өсуі.
3. Сүйген жары 
айтылмайды.
4. Туған елінен, 
жерінен жырақта 
өсіп  ер жеткен.
5. Жыраулар 
поэзиясы.
Ұлттық 
психология.
Батырлықты 
дәріптеу.
Қазақ-қалмақ 
соғысы.
Ат – ер қанаты.
Елін, жерін 
жаудан қорғауды 
мақсат ету, т.б.
1. Ауыз әдебиеті 
үлгісі.
2. Әке-шешесінің ерке 
балалары.
3. Батырдың қасынан 
табылатын сүйген 
жарының болуы.
4. Туған елінің 
топырағында аунап-
қунап өскен.
5. Түркі тектес 
халықтарға ортақ 
туынды.
поэманың идеясын таныту
Ақын  Дулат  Бабатайұлы  Еспембеттей  ер  қайда? 
Еспембеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда? дей отырып, 
елін, жерін қорғайтын Еспембеттей ер туса деген өз идеясын 
жұртқа жеткізуді мақсат тұтқан.
үйге  тапсырма:  І.  Ойтолғау  жазу  (1-қатар:  «Жігіттің 
жақсы болмағы нағашыдан...» 2-қатар:  «Ер туған жеріне...» 
3-қатар: «Елге қорған ер туса...» немесе «Ер ел үшін туады»). 
ІІ. Поэмадағы тұрақты сөз тіркестеріне  – картотека.
Оқушы білімін бағалау.

78
Қарлығаш НҰРИАХМЕТОВА,
Алматы облысы
Алакөл ауданындағы
Қайнар орта мектебінің 
мұғалімі.
МҰҚАҒАЛИ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА 
АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
(8-сынып)
Модуль №10
Модуль 
бөліктері
Сабақтың тақырыбы
Уақыты 
Кіріспе.
1. Модульге кіру.
2. Тірек-сызба,таблица.
3. Лекция.
4. Дәптермен жұмыс.
5. Үйге тапсырма.
12 минут
10 минут
10 минут
10 минут
3 минут
Сөйлесу 
бөлімі.
1. “Қарлы кесек”ойыны.
2. “Бейнелі жады”ойыны.
3. “Киностудия ”ойыны.
45 минут
45 минут
45 минут
Қоры-
тынды.
1. Ұйымдастыру.
2. Ойтолғау.
3. Мәтінді есте сақтау.
4. Драмалық көрініс.
5. Композициялық талдау.
6. Тест (деңгейлік).
7. Блиц-турнир.
8. Мұқағали өлеңдерінен сынақ.
9. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
10. Қорытынды, үйге тапсырма беру.
2 минут
5 минут
5 минут
10 минут
4 минут
3 минут
2 минут
10 минут
2 минут
2 минут
Сабақтың мақсаты: 1) сезіммен өлең өрген жыр пырағы 
Мұқағали туралы дерек, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының 
тақырыбы  мен  идеясы,  композициясы,  көркем  бейне, 
поэтикалық тіл туралы білім беру; 2) ақын тілімен салынған 
табиғат суреті арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын 
шыңдау,  жасөспірімдердің  табиғатқа  деген  адамгершілік 
қарым-қатынасын  қалыптастыру;  3)  эстетикалық  бағалау 

79
қабілетін дамыту. Түрі:  пәнаралық байланыс деңгейіндегі 
интеграцияланған  сабақ  (әдебиет  сабағы,  музыка,  театр, 
көркем сурет түрлерімен интеграциялау).
Нені біліп шығу керек?
“Ғасыр  ақыны”  атанған  Мұқағали  шығармашылығы 
туралы біліп шығуы керек.
Мұқағалидың  шығармалар  жинақтары,  істеген  елеулі 
істері  мен  еңбектері  туралы  толық  мағлұмат  алулары  тиіс. 
Ақын  еңбектерімен  таныса  отырып,  шығармаларының 
идеясын,  мазмұнын,  тәрбиелік  мақсатын  айыра  білулері 
керек.
“Аққулар  ұйықтағанда”  поэмасын  толықтай  жатқа 
мәнерлеп айтуға, рөлдік кейіпке ену.
I. Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Жыр дүлдүлі, ақиық ақын 
Мұқағали  Мақатаев  тірі  болса  82  жасқа  толар  еді.  “Қазақ 
поэзиясының  Хантәңірі”  атанған  Мұқағали  қазақтың 
қарапайым қара өлеңінің құпиясын өзінің табиғи талантының 
құдіретінен ашса керек.
Батар күн, келер түн,
Атар таң, шығар күн,
Бәріңе , бәріңе, бәріңе құмармын,
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен сірә да өлмейтін шығармын.
Өмірім сірә да әріден басталған,
Әріден басталып мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін, өшпейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.
Ақын қалай дәл болжап кеткен десеңізші!  1976 жылы  27 
наурызда “қалғып кеткен” сәтінен бастап сәл мызғыды да, 
поэзия әлеміндегі мәңгілік жаңа өмірі басталды. Ол мәңгілік 
өмір Мұқағали шығармаларынан көрінеді.
II.  үй  тапсырмасы  бойынша  оқушылардың  үйден 
дайындап келген ойтолғауы.

80
Менің Мұқағалиым
Менің  Мұқағалиым  –  жаны  таза,  ақ  көңіл,  сезімі  терең 
ақын.  Ең кереметі – жасандылығы жоқ, табиғаттың өзіндей 
табиғи қалпын сақтаған.
Мұңайған кезде, ойланған кезде Мұқағалидың кітабы мені 
өзіне шақырып тұрады. Сондықтан ол – менің Мұқағалиым.
Алакөлдің аққулары
Менің  туған  ауылым  Алакөлдің  жағасында.  Алакөлді 
өзінің құс базарынсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес.  Ақ 
айдын.  Сол айдында жүзген ерке аққулар.  Сендердің осы 
алаңсыз  өмірлеріңді  кімге  аманат  етерін  біле  алмай  ақын 
жаны шарқ ұрған болар. 
Сұлулыққа, пәктікке қарсы қол көтеру мүмкін бе?.. Қандай 
адам  баласы  осындай  қиянатқа  барады  екен?  Аққулар, 
сендер жаны нәзік, талай ақындардың жырына алтын қазық 
болғандарыңды өздерің білесіңдер ме?!
Аққулар, ерке аққулар
Аққулар дегенде көз алдыма аппақ, ұзын мойынын иіп, 
қауырсынын тараған, жан-жағына мойынын созып қараған 
ақ  мүсін  елестейді.  Аққу  –  сұлулықтың  рәмізі.    Аққулар 
жайлы  аңыздар  өте  көп  дейді.    Мәңгілікке  жұптасқан 
аққулар өз сыңарын жоғалтпауға тырысады екен.  Ал егер 
алда-жалда  ондай  оқиға  бола  қалса,  сыңарының  қазасын 
көтере алмайды деседі.
III.  Мәтінді  есте  жаңғырту.  “Аққулар  ұйықтағанда” 
поэмасын  жатқа  оқу  (“Орамал  тастамақ”  ойыны  арқылы 
есте жаңғырту).
IV. поэма бойынша сахналандырылған көрініс.
V. Викториналық сұрақтарға жауап беру:
1) Мұқағали Мақатаев “Тұлпар” сыйлығының лауреаты 
атағын  қандай  шығармасы  үшін  алды?  (1989  жылы 
“Жырлайды  жүрек”  жинағы).  2)  Ақынның  туған  жері 
–  Қарасазда  ашылған  мұражайдың  архитекторы  кім? 

81
(С.Фазылов).  3)  Ақын  өлеңіне  жазылған  қандай  әндерді 
білесіңдер?  (“Сарыжайлау”,  “Есіңе  мені  алғайсың”,  “Сәби 
болғым  келеді”,  т.б.).  4)  Алматы  қаласындағы  қай  көше 
ақын  есімімен  аталады?  (Бұрынғы  Пастер  көшесі).  5) 
Мұқағалидың өмірге келген уақыты (1931 жыл, 9 ақпан) 6) 
Мұқағали өлең жазуды қай жасында бастаған? (11 жасында) 
7)  Мұқағали  қай  жылы,  қай  айда  қайтыс  болды?  (1976 
жыл, 27 наурызда) 8) “Жырлайды жүрек” кітабы қай жылы 
шыққан?  (1989  жылы)  9)  Мұқағалидың  композитор  досы 
кім? (Нұрғиса Тілендиев) 10) Мұқағалидың ақын досы кім? 
(Шәміл)                                             
VI. Тест (жоғары деңгей)
1. Мұқағалидың шыққан тегі:
а) Интеллигент;            ә) Жұмысшы; 
б) Үстем тап өкілі;       в) Әскери.
2. Мұқағалидың білімі:
а) Жоғары;  ә) Орта арнаулы;   б) Орта;  в) Бастауыш.
3. Мұқағалидың ақын құрдасы:
а) Шәміл;   ә) Фариза;     б) Еркін;    в) Мұхтар.
4.  «Мұқағали  мөлдірліктен,  тазалықтан,  биік 
адамгершіліктен тұратын еді» деген кім еді?
5.  Мұқағали өлең жазуды неше жасында бастаған?
а) 10;    ә) 11;       б) 12;       в) 13.
6. Мұқағалидың шын есімі кім?
а) Мұқаметқали;   ә) Мұқағали;   б) Мұқан;  в) Мұқаш.
7. Мұқағалидың қай әлеңіне ән жазылған?
а)  “Бақыт деген...”, “Отыздан асып барамын”;
ә)  “Көшеде”, “Үш бақытым”;
б)  “Нұр жауып тұрған көктемде”,“Әже”;
в)  “Сарыжайлау”, “Сәби болғым келеді”.
8.    “Дариға  домбырамды  берші  маған”  әні  кімдерге 
арналып жазылған?
а) Фаризаға;           ә) Мұхтар мен жұбайына;

82
б) Шәміл мен жұбайына;     в) Нұрғиса мен жұбайына.
9. –  Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған!? – деген өлең 
жолдары кімнің сөзі?
а) Ананың;    ә) Әкенің;   б) Тәуіп шалдың;  в) Ақынның.
10.  Мұқағали  “Тұлпар”  сыйлығының  лауреаты 
атағын қай жылы алды?
а) 1989 ж.;   ә) 1982 ж.;     б) 1983 ж.;    в) 1985 ж.
Тест (орта деңгей)
1. поэмада қай таудың аты айтылған?
а) Алатау;    ә) Қаратау;    б) Тянь-Шань;   в) Ұлытау.
2. Тәуіп шалдың (балаға) емі:
а) Көлдің суымен емдеу;     ә) Аққудың қанатымен емдеу;
б)  Ішірткі беру;                   в) Аққумен аластау.
3. Аққуды атуға кім барады?
а) Анасы;    ә) Әкесі;     б) Тәуіп шал;    в) Көршісі.
4. поэмада жырланған көлдің аты:
а) Жетімкөл;   ә) Марқакөл;   б) Алакөл;   в) Балқаш.
5. Халқымыз қандай аң-құстарды киелі деп есептеген?
а) Сұңқар;   ә) Бүркіт;  б) Аққу;    в) Шағала.
6. Анасын оқ атуға итермелеген қандай күш?
а) Балаға деген сүйіспеншілік;
ә) Аққуды атып пайда көру;
б) Аққумен баланы аластау үшін;
в) Аққу құсты жеккөрушіліктен.
7.    Аққудың  өз  мекеніне  оралмау  себебі  неден  деп 
ойлайсың?
а) Жетімкөлдің суының ащы болуынан;
ә) Басқа құстардың мекен етуінен;
б) Мылтық тарсылынан шошығаннан;
в) Аққудың сыңарынан айырылуынан.
8. – Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?
       Аққуға кезенерде ырым жасап,

83
Тым  құрыса  саусағыңды  қанаттың  ба?-  деген  өлең 
жолы кімнің сөзі.
а) Көршінің сөзі;         ә) Тәуіп шалдікі;
б) Жылықышынікі;     в) Ананың сөзі.
9.  поэмада кездесетін құстардың аты:
а) Көкқұтан, шүрегей;    ә) Бозторғай, қараторғай;
б) Аққу, шағала;              в) Сұңқар, бүркіт.
10.  -   Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған!? – деген өлең 
жолдары кімнің сөзі?
а) Ананың сөзі;           ә) Әкенің; 
б) Тәуіп шалдікі;         в) Ақынның.
VII. Блиц-турнир
Кім айтқан?
1) “Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы, 
бізде  енді  поэзия  дәуірі  басталды”  (Әбділда  Тәжібаев).  2) 
“Жұмыр жердің қай жеріне барсақ та Мұқағали алдымыздан 
шығады”  (Оразақын  Асқар).  3)  “Мұқағали  мөлдірліктен, 
тазалықтан,  биік  адамгершіліктен  тұратын  еді”  (Лашын 
Әзімжанова).  4)  Өлсе  өлер  Мұқағали  Мақатаев,  Өлтіре 
алмас,  алайда  өлеңді  ешкім  (Мұқағали).  5)  Сенің  жырың 
жаралған  Гималайдың,  Төбесінде  ойнаған  найзағайдан 
(Тұманбай  Молдағалиев).  6)    “Қазақтың  тілін  білген 
Мұқағали поэзиясын сүйген адам халқына адал, жеріне ие, 
табиғатқа жанашыр бола алады” (Күләш Ахметова).
VIII. Мұқағали өлеңдерін жатқа оқу.
IX.  Оқушылардың  білімдерін  бағалау  (өзін-өзі 
бағалау).
X. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Балалар, біз “Ғасыр ақыны” атанған Мұқағали Мақатаев 
туралы,  оның  шығармашылығы  туралы  мағлұмат  алдық. 
Мұқағали шығармалары мәңгілік жасай береді.

84
Оқулыққа қосымша
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
 профессор, Қазақстан 
Журналистер одағының мүшесі.
ЕЖЕЛГІ ҒҰН ДӘУІРІНДЕГІ АЛЫп 
БАМСЫ (АЛпАМЫС)
Профессор Немат Келімбетов «Қорқыт Ата» кітабындағы 
«Қам-Бураұлы  Бамсы-Бейрек  туралы  жыр»  деп  аталатын 
жырдың қадым замандарда айтылғанын атап көрсетеді. Жыр 
Ислам дәуірінде емес, исламға дейінгі дәуірде жырланғанын 
жеткізеді: «Бұл жырдың өте қадым замандарда, Ислам діні 
қыпшақ даласына  келгенге дейінгі дәуірлерде, яғни, ежелгі 
түркілердің  Көк  Тәңірісіне  табынатын  кезінде  айтыла 
бастағанын аңғару қиын емес...» (Қазақ әдебиеті бастаулары. 
А., «Ана тілі», 1998, 102-б.).
Профессор  Немат  Келімбетовтің  осы  пікіріне  сүйене 
отырып  «Қам-Бураұлы  Бамсы-Бейрек  туралы  жырдың» 
(«Алпамыс батыр туралы жыр») көне түркілердің бұрынғы 
дәуірінде  жырланғанын  сезуге  болады.  Олай  дейтініміз 
–  ғұн  дәуірінде  ғұндар  Көк  Тәңіріге  сыйынған.  Ал 
Қ.Әбдезұлы,  Г.Рыскелдиева,  С.Тұрсынғалиевалар  жалпы 
білім  беретін  мектептің  6-сыныбына  арналған  «Қазақ 
әдебиеті»  оқулығында  Алпамыс  батырдың  ғұн  дәуірінде 
өмір  сүргенін  атап  көрсетеді:  «...Тарих  беттеріне  үңілетін 
болсақ Алпамыс деген батыр тарихта болған адам екендігін 
байқаймыз. Ол шамамен б.з.б. 110 -50 жылдары өмір сүрген 
қолбасшы,  батыр  болған.  Алпамыс  батыр  –  шүршіттермен 
соғыста  ерекше  ерлік  көрсеткен  қолбасы.  Тайчу  (Тайшық 
хан) Ғұн мемлекетін біржола жою мақсатында көшпелілер 
еліне бірнеше дүркін әскер аттандырады. Осы әскерге қарсы 
бағытталып,  бірнеше  аптаға  созылған  жойқын  шайқаста 
Алпамыс  шүршіт  әскерлерін  ойсырата  жеңеді.  Кейіннен 

85
тағы  бір  жойқын  соғыстардың  бірінде  Алпамыс  батырдың 
жау қолына түсуі жыр-дастанға айналып біздің дәуірімізге 
жеткен.» (Астана, «Арман-ПВ», 2010, 26-б.).
Бұл  тұжырымға  сүйенсек  Алпамыс  шүршіттердің 
(қытайлардың) ханы Тай-чумен соғысады. Тай-чу да, Алып 
Бамсы  да  (Алпамыс)  –  тарихи  тұлғалар.    Алып  Бамсы, 
жоғарыда  ғалымдардың  жазуынша,  б.з.б.  110-50  жылдары 
өмір сүрген.
Ал «Көк түркінің көк семсері» атанған Күлтегін (684 – 
731)  Алып  Бамсыдан  кейін  өмір  сүрген.  Осы  дәлелдерге 
табан тірер болсақ, Алып Бамсы  ежелгі ғұн дәуірінің батыры 
болып шығады.
1939  жылы  академик-жазушы  Сәбит  Мұқанов 
құрастырған  «Батырлар  жыры»  кітабында  жарияланған 
нұсқада:
                      «Бұрынғы өткен заманда,
                      Дін – мұсылман аманда...»
Немесе:
 
 
«Байбөрі хаққа налыды...
 
 
Алмадың Алла жанымды...
 
 
...Қадыр Алла жаратқан...» деп жырланады 
(Батырлар жыры. А., «Жазушы», 1986, 7-б.).
«Алпамыс жырында»
 
 
«Жаратқан Алла, Құдайым...
 
 
Бір Аллаға ашық боп...
 
 
Құдайдан  күндіз-түні  бала  сұрап...»  деп 
жырланады (Сонда, 8-бет).
Жырда Алпамыс Шекті деген елде (рудың) Байсары деген 
байдың  жалғыз  қызы  –  Гүлбаршынға  үйленбекші  болады. 
Алпамыс  он  жасында    Қоңырат  деген  елге  әкім  болады 
(Қоңырат – ру аты). Алпамыстың әкесі Байбөрі мен Байсары 
көкпар  тартысып  жүріп  жанжалдасып  қалады  да,  Байсары 
Қытайға  көшіп  кетеді.  Жырдағы  Тайша  (Тайшық)  ханның  

86
қытайлардың  Тай-чу  деген  ханы  екені  тарихтан  белгілі 
екенін жоғарыда айттық.
Жырда Тайша  (Тай-чу хан, «Алпамыс батыр» жырының 
кей нұсқасында Тайшық хан) қалмақтың немесе жоңғардың 
ханы деп сипатталады.
Алып Бамсының аты жыраулар мен ақындар поэзиясында 
Қобыланды  сияқты  көп  кездесе  бермейді.  Қобыландының 
ноғайлы дәуірінде өмір сүргені белгілі. Оның қалмақтармен 
соғысқаны  жырда  баяндалған.  ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген 
Мұрат  Мөңкеұлы  (1843-1906)  «Үш  қиян»  деп  аталатын 
толғауында:
 
 
«...Қарақыпшақ Қобыланды,
 
 
Тұлпар мініп желген жер.
 
 
Ауызы түкті кәуірді,
 
 
Басы шоқты қалмақты
 
 
Ерлерім айдап келген жер,
 
 
Қысырақтай  бөлген  жер...»  деп  жырлайды 
(Жеті ғасыр жырлайды. А., «Жазушы», 2008, 359-б.). 
Ежелгі ғұндар қалмақтармен емес, қытайлармен соғысып 
келген. Ғұн батыры Мөде туралы «Қазақстан тарихы» деп 
аталатын  кітапта:  «Мөде  билік  еткен  алғашқы  жылдардың 
өзінде-ақ  Қытайдың  шекаралық  аудандарына  жорықтар 
жасап, оған күйрете соққы берді...» деп жазды (А., «Атамұра», 
2010, 245-бет).
Қытайлар  бейбіт  өмір  сүріп  жатқан  көшпелі  ғұндарға 
басқыншылық соғыстар жасап тұрғаны тарихтан белгілі.
«Алпамыс  батырдың  қиссасы»  деп  аталатын    Майкөт 
Сұлтанқұл  нұсқасында  Сәбит  Мұқанов  жариялаған 
нұсқасында жырланған «Дін мұсылман аманда...» деген жол 
кездеспейді.
 
 
«...Жиделі Байсын жерінде,
 
 
Қоңырат деген елінде
 
 
Байбөрі деген бай шықты.

87
 
 
Тоқсан мың екен қарасы,
 
 
Мұрындық, ноқта тимеген,
 
 
Түйешілер мінбеген
 
 
Сексен мың екен маясы.
 
 
Шұрқырап жатқан бір жылқы,
 
 
Тоғай сайын мың жылқы,
 
 
Есебі жоқ көп жылқы
 
 
Жиделі Байсын даласы...» (Батырлар жыры. 
А., «Жазушы», 1986, 88-б.).
Әбдірайым  Байтұрсыновтың  «Қисса  Алпамыс»  деп 
аталатын  жырында  да  Алпамыс  Тайшық  ханға  (қалмаққа) 
аттанады: 
 
 
«...Ардақты туған Алпамыс,
 
 
Бұл сөзге құлақ салыңыз.
 
 
Аттануға қалмаққа
 
 
Есіттік бар деп қамыңыз...» (205-бет).
Немесе:
 
 
«...Қауіп қыларлық қалмақтың
 
 
Қырды тегіс сарасын....» (243-бет).
«Қам-Бураұлы 
Бамсы-Бейрек 
туралы 
жырдағы» 
Байбөрінің  Тәңіріге  жалбарынып  ұл  сұрайтыны  жөнінде 
профессор  Немат  Келімбетов  былай  деп  пікір  өрбітеді: 
«Мәселен,  жырда  Байбөрі  перзентсіз  екенін  айтып  зар 
жылаған  сәтте  көпшілік  қолдарын  көкке  жайып:  «Тәңірі 
саған ұл берсін! –деп бата жасады». Сол жиында Байбіжан 
деген  бек:  «О,  бектер,  егер  Көк  Тәңірі  маған  қыз  беретін 
болса,  оны  мен  Байбөрінің    баласына  бесікте  жатқанда  
қоссам  деймін,  осыған  сіздер  куәлік  етіңіздер,-  деді»  (Бұл 
сілтемені Н.Келімбетов Алматыда 1986 жылы жарық көрген 
«Қорқыт Ата кітабының» 34-бетінен алған).
Сондай-ақ жырда Қорқыт Ата айтқанына көнбеген тентек 
Қаршардың қолын сиқырмен қарыстырып қояды. Сол сәтте  
Қаршар  жалбарынып:  «О,  Қорқыт  Ата!  Тәңірге  сенемін. 

88
Қолымды орнына келтір, Көктің бұйрығы, Тәңірінің жолы 
болса,  қарындасымды  Бамсы-Бейрекке  берейін,-  дейді» 
(Бұл сілтемені Немат Келімбетов «Қорқыт Ата кітабының» 
40-бетінен енгізген).
Міне, жыраулар мен жыршылар, айтушылар, қиссашылар 
Бамсы-Бейректі  немесе  Алып  Бамсыны  Алпамысқа,  Бану-
Шешекті Гүлбаршынға осылай айналдырған. Ғұн дәуірінің 
атақты батыры Алып Бамсы туралы ел аузындағы батырлық 
жырлар «Алпамыс батыр» қиссасына осылай айналған.
Профессор Немат Келімбетов «Алып» деген сөздің әскери 
титул екенін дәлелдейді. «Алып» деген сөз – қазақтың сөзі, 
«Алып» – үлкен, тау тұлғалы батыр, дәу (үлкен), ержүрек, 
жүрекжұтқан,  балуан  деген  мағынаны  беретінін  ескерсек, 
Қамбар  батырды  «Алып  Қамбар»,  Ер  Тарғынды  «Алып 
Ер  Тарғын»  (Алып  Ер  Тұңғаны  еске  түсіріңіз),  Бауыржан 
Момышұлын «Алып Бауыржан», Қабанбай батырды «Алып 
Қабанбай», Наурызбай батырды «Алып Наурызбай», т.б. деп 
атауға болады.
Немат  Келімбетов  «Қорқыт  Ата  кітабындағы»  «Қам-
Бураұлы  Бамсы-Бейрек  туралы  жыр»  туралы  былай  деп 
жазады:  «Көк  түріктер  заманынан  көрініс  беретін  мұндай 
эпизодтарды  «Қорқыт  Ата  кітабынан»  жиі  ұшыратуға 
болады.
«Қам-Бураұлы  Бамсы-Бейрек  туралы  жыр»  бертін  келе 
түркі халықтарының қоғамдық өміріндегі сан қилы тарихи 
құбылыстарға  сәйкес  бірқатар  өзгерістерге  ұшыраған 
сияқты.  Соның  нәтижесінде  Бамсы-Бейрек  туралы  жыр 
«Алпамыс»  жырына  айналған  секілді.  Бірқатар  ғалымдар 
Бамсы-Бейректің ғұндар дәуіріндегі толық аты Алып Бамсы 
деп санайды. Ғұндар «Алып» деген әскери титулды шайқаста 
ерлік көрсеткен батырлардың атына қосып айтатын болған. 
«Алып  Бамсы»  сөзі  бірте-бірте  «Алпамса»,  «Алпамша», 
«Алпамыс» атанып кеткен.

89
«Бамсы-Бейрек» жыры өзінің композициялық құрылысы 
жағынан  «Алпамыс  батыр»  жырына  өте  жақын.  Ал 
сюжеттік  тұрғыдан  бұл  екі  жырдың  бірінші  және  екінші 
бөлімдері  бірін-бірі  қайталайды.  Басқаша  айтсақ,  Бамсы-
Бейрек  пен  Алпамыстың  дүниеге  келуі,  сүйген  қызына 
үйленуі,  батырлардың  жау  қолына  қапылыста  тұтқынға 
түсіп ұзақ жылдар бойы зынданда жатуы, сүйген жарының 
басқа  біреумен  үйлену  тойының  үстінен  шығуы,  жыр 
қаһармандарының мұрат-мақсатына жетуі, т.б. екі жырда да 
бір-біріне ұқсас болып келеді.
«Қорқыт Ата кітабындағы» Бамсы- Бейректің әкесі Қам-
Бура мен «Алпамыс» жырындағы Алпамыстың әкесі Байбөрі 
бейнелері  арасында  айтарлықтай  айырмашылық  жоқ  деуге 
болады.  Екеуінің  де  іс-әрекеті,  ой-пікірі,  тіпті,  сөйлейтін 
сөздері де мазмұны жағынан бір-біріне өте жақын келеді.
Ал  бұл  жырдағы  оғыз  тайпасының  батыры  Бамсы-
Бейректің әйелі Бану-Шешек пен қазақ жырындағы Алпамыс 
батырдың  сүйген  жары  Гүлбаршын  сұлуды  бір-бірінен 
айыру  қиын.  Бұлардың  бір-бірінен  айырмашылықтары  екі 
жыр  сюжетінің  кейбір  ерекшеліктеріне  ғана  байланысты 
болып келеді.
«Алпамыс»  жырындағы  сақау  әйел  Бадамшаның  мінез-
құлқы,  жүріс-тұрысы  «Қам-Бураұлы  Бамсы-Бейрек  туралы 
жырдағы» кекеш қатын Қысыршаның қайта жасалған бейнесі 
сияқты...»  (Н.Келімбетов.  Қазақ  әдебиеті  бастаулары.  А., 
«Ана тілі», 1998, 103, 104-б.).  
Тарих қатпарларына үңіле қарайтын болсақ, ежелгі сақ, 
ғұн  дәуіріндегі  домбырашы-жыршылардың,  жыраулардың, 
биші  қыздардың  болғанына  көзіміз  жетеді.  Олай  болатын 
болса  түркі  дәуіріне  дейін,  яғни,  ғұн-түркі  дәуіріндегі 
оқиғалар сипатталатын «Қам-Бураұлы Бамсы Бейрек туралы 
жырдағы» жоқтау қазақ халқының ежелгі дәстүрі екенінен 
дерек беретініне назар аударуға тиіспіз.  

90
Немат  Келімбетов  қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  жоқтау 
жырларының бастау көзін осы ғұн-түркі дәуірлерінен тамыр 
тартатынын дәлелдейді: «...Бамсы-Бейрек жайындағы жырды 
оқи отырып, қазақ ауыз әдебиетіндегі жоқтау жырларының 
қайнар-бастауларын  Көк  түріктер  дәуірінен  көргендей 
боламыз. Мәселен, бұл жырда ағасы Бамсы-Бейректі соғыста 
өлді  деп  ойлап  отырған  батырдың  қарындасы  мынадай 
монолог айтады. «Қыз алдында тұрған бақсыға қарап, оның 
сауалдарына  төмендегідей  жауап  береді:  «Қобызыңды 
сарнатпа, бақсым. Құлағым бұл кезде қобыз үнін естіп, жыр 
тыңдаудан қалған. Мен бір бақытсыз өткен қызбын, бақсым. 
Қарсы алдыңда тұрған таудың жайлауы кімдікі деп сұрадың 
сен,  ол  бір  кезде  менің  ағам  Бейректің  жайлауы  еді.Ағам 
кеткелі мен ол жайлауға шыққан емеспін. Таудың салқын суы 
кімдікі дейсің, о да бір кезде менің ағам – Бейректің ішкен 
суы  еді.  Ағам  кеткелі  ол  судан  біз  татып  көрген  емеспіз.
Үйір-үйір жүйрік жылқылар кімдікі деп сұрадың, о да ағам 
Бейректің жылқысы еді. Ағам кеткелі біз ол жылқыға мініп-
түскен  емеспіз...  Менің  көз  алдымда  тұрған  Қаратауым 
құлағалы  қашан,  бақсым?!  Ол  сенің  құлағыңа  қалай 
жетпеген? Есік алдындағы бәйтерегім кесілгелі не заман? Ол 
сенің  құлағыңа  қалай  тимеген?  Дүниедегі  тірегім,  жалғыз 
ағамнан  айрылдым.  Ол  сенің  құлағыңа  қалай  жетпеген, 
бақсым?  Мендей  бақытсыз  қызға  дүние  деген  әлдеқашан 
адыра  қалды  емес  пе,  бақсым?..»  (Немат  Келімбетов  бұл 
сілтемені  Алматыдан  1986  жылы  жарық  көрген  «Қорқыт 
Ата» кітабынан алған, 47-бет). «Түпнұсқада поэзия түрінде 
берілген  бұл  ұзақ  монолог  қазақтың  жоқтау  жырларын 
еріксіз еске салады...» деп қазақтың жоқтау жырларынының 
арғы тегі осы көне ғұн-түркі дәуірінен келе жатқанын атап 
көрсетеді  (Қазақ әдебиеті бастаулары. А., «Ана тілі», 1998, 
104-б.).
Түрік  (түркі)  мемлекетінің  негізін  салған  батыр  һәм 

91
көсем  Алып  Ер  Тұңға  қайтыс  болғанда  айтылатын  жоқтау 
жыр жоғарыда айтқан пікірімізді дәлелдейді.
Профессор  Алма  Қыраубайқызы  «Алып  Ер  Тұңғаға 
арналған  жоқтау  ежелгі  түрік  (түркі)  әдебиетінің  алғашқы 
нұсқаларының бірі болып есептелген...» деп жазды (Ежелгі 
әдебиет.  5  томдық  шығ.жинағы,  2-том,  А.,  «Өнер»,  2008, 
9-б.).
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет