Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

касы. «Ба-
ға беру»
(Сен қалай 
ойлайсың? 
Не істер 
едің?).
8. Сен қалай ойлайсың? Көнерген сөздердің жаңарып 
қолданылатын кездері бола ма?
(Кейбір көне атаулар тілімізге қайтадан енді. 
Мысалы: қаңтар,ақпан, наурыз, т.б. ай атаулары).
ІІІ. Бағалау кезеңі (жеке жұмыс)
Деңгейлік тапсырмалар 
Теориясы.
«Білу»
(Кім? Не? 
Қашан?
Қайда?
Не істеді?)
І деңгей (5 ұпай) Тест:
1. Тілімізге қайтадан қолданысқа енген көнерген 
сөзді тап. а) молда;   ә) қылыш;  б) жамағат.
2. Көнерген сөзді көрсет.
а) итқұс;   ә) қаған;  б) байрақ.
3.Тарихи сөзді ажырат.
а) мешіт;   ә) имам;  б) садақ.
4. Архаизмге жататын сөзді анықта.
а) дүрия;  ә) старшын;  б) қылыш.
5. Көнерген  сөздің қатарын тап.
а) хан, бизнес, кеден; ә) акция, би, егемен; 
б) дуанбасы, патша, қаһан.
практи-
касы.
«Қолдану».
6. 152-жаттығу. Мәтіннен көнерген сөздерді тап.
ІІ деңгей
(5 ұпай+4 ұпай=9 ұпай)
Теориясы.
«Түсіну»
(Неге? Не-
ліктен?
Не үшін?).
1. Не үшін діни сөздерді қайтадан қолданып 
жатырмыз? (Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 
тіліміз, салт-дәстүрімізбен бірге дініміз де қайта 
оралды).

43
Теориясы. 
«Талдау»
(Салыстыр, 
айырмашы-
лығы неде?).
2. Венн диаграммасын толтыр.
  Тарихи сөздер    Ортақ қасиеті       Архаизмдер
практи-
касы.
«Қолдану».
3. Оқулықпен жұмыс. 155-жаттығу.
Мәтіннен ұлттық киім атауларын теріп жазып, 
көнерген атаулардың астын сыз. (Ақ шәйі көйлек, 
қызыл масаты, бешпет, әмірхан мәсі, құндыз бөрік). 
4. Ұлттық әшекей бұйымдардың атауларын көрсет.
(Күміс шашбау, тана-түймелері, алқа, сақина, 
білезік).
ІІІ деңгей (9 ұпай + 3 ұпай = 12 ұпай)
Теориясы.
«Жинақ-
тау».
1. «Ойлы болсаң, озып көр»
а) Киім
    Тағам                шидем
    Ыдыс 
    Жасау
Шидем – қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы 
киім.
ә) Салт
    Өнер              тоқымқағар
    Ырым
    Кәсіп
Тоқымқағар – жас жігітті ұзақ сапарға шығарып 
саларда ауыл елінің арнайы ас беруі.
б) Билік
    Дәстүр            нияз
    Өнер 
    Дін
Нияз – пітір, садақа.
2. «Бес қаруға» қандай атаулар жатады?
практи-
касы. «Ба-
ғалау» (Сен 
қалай ойлай-
сың? Не істер 
едің?).
3. Көнерген сөздерді қайтадан қолданысқа енгізсе, 
тілімізге қандай әсері бар? Сен қалай ойлайсың?
 
 
Көнерген 
сөздер. 
Халықтың тұрмыс-
тіршілігіне, салт-
дәстүр, әдет-
ғұрпына қарай 
ескіріп немесе әр 
дәуірде атауы 
өзгеріп отыратын 
сөздер. 
Қолданыл-             
ған дәуірі өтіп, 
ескі заманмен  
бірге көнерген, 
көбінесе, ел 
билеу жүйесіне 
қатысты сөздер. 

44
Дариха ХАЛБАЕВА,
№33 Кенесары Қасымұлы атындағы
жалпы орта мектептің
мұғалімі.
Шымкент қаласы.
СЫН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – сын есімнің түрлерін, 
ерекшеліктерін  және  емлесін    меңгерту;  тәрбиелік  – 
оқушыларды  үлкенді  сыйлауға,  кішіні  құрметтеу,  елін, 
жерін  сүюге  тәрбиелеу;  дамытушылық  –  жаттығу 
жұмысын орындап, талдау жасату, сын есімнің емлесін және 
ережелерін қайталау арқылы оқушының ой-қиялын, сөйлеу, 
жазу қабілеттерін дамыту.
Түрі:  ашық  сабақ.  Әдісі:  “Оқытудың  интербелсенді 
әдістемесі”. Тәсілі: мұғалім рөліне ену, сұрақ-жауап, ойын 
түрлері.  Көрнекілігі:  слайдтар,  кеспе  қағаздар,  тірек-
сызбалар.
Сабақтың барысы.
І.  Ұйымдастыру.  Сынып  оқушыларымен  сәлемдесу, 
оқушыларды түгелдеу. Әнұран  орындалады.
ІІ. үй тапсырмасын сұрау. 73-жаттығу. 
“Өте зейінді оқушы” тақырыбында шағын шығарма. 
- Ал, балалар, өткен сабақтарды қайталау үшін бірнеше  
ойын  ойнайық.
«Зымыран сұрақ» ойыны.
1. Сын есім дегеніміз не? 2. Сын есім қандай жалғауларды 
қабылдамайды?  3.Тұлғасына  қарай  сын  есімдер  қаншаға 
бөлінеді? 4. Құрамына қарай сын есімдер қаншаға бөлінеді? 
5. Мағынасына қарай сын есімдер қаншаға бөлінеді? 6. Сын 

45
есімнің  түрленуі  дегеніміз  не?  7.  Салыстырмалы  шырай 
дегеніміз не? 8. Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
«Сөз»  ойыны.  1-оқушы  жай  шырайға  мысал  айтса, 
2-оқушы  салыстырмалы  шырай,  3-оқушы  күшейтпелі  шы-
рай жасап тез айтулары керек. 
Жаңа сабақ. Сын есімнің емлесі.
“Мұғалім рөліне ену”, оқушылар жұптық жұмыс атқарады 
және  мұғалім  сайлап  алады.  Мұғалім  оқушыларға  ережені 
түсіндіріп, сұрақтарына жауап береді.  
 
Оқулықпен жұмыс. 74-жаттығу.
75-жаттығу.
Сергіту сәті. “Ойнайық та ойлайық” 
(ой дамыту тапсырмалары).
1-тапсырма.  Араласқан  есім  сөздерден  сын  есім  және 
етістіктен  сын  есім  жасайтын  жұрнақтарды  бөлек-бөлек 
бағанға орналастырыңдар.
Етістіктен_сын_есім_жасайтын_жұрнақтар'>Аралас 
жұрнақтар:
Есім сөздерден сын 
есім жасайтын 
жұрнақтар
Етістіктен сын 
есім жасайтын 
жұрнақтар
-қы,-кі,-ғы, -гі;
-ық, -ік, -к, -қ, 
-ақ, -ек;
-лы, -лі, -ды, -ді;
 
 
-қыш, -кіш, -ғыш;
 
-сыз, -сыз;
-шақ, -шек;
-шыл, -шіл;
 

46
-аған, -еген;
 
-дай, -дей, -тай.
 
2-тапсырама.  Кестеде  берілген  мысалдарға  есімдерден 
сын  есім  жасайтын  жұрнақтарды  жалғап  сын  есім 
жасаңыздар.
Есімдерден 
сын есім 
тудыратын 
жұрнақтар:
Білдіретін
 ұғымы
Мысалдар
-қы, -кі, -ғы, -гі; Мекендік, 
мезгілдік.
Ауыз..., төр..., 
цехта..., көктем....
-лы, -лі, -ды, -ді, 
-ты, -ті;
Болымдылық.
Бала..., ар..., ұғым..., 
гүл..., атақ..., сәулет....
-сыз, -сіз;
Болымсыздық.
Ақыл..., сөз... .
-шыл, -шіл;
Кішірейту,
салыстыру.
Ұйқы..., күлкі...,
-шаң, -шең;
Киім-кешек атауы, 
адам қасиеті.
Көйлек..., сөз..., 
ашу..., бой....
-лық, -лік, -дық, 
-дік, -тық, -тік;
Қала..., аудан..., 
көлем..., көйлек....
-дай, -дей, 
-тай, -тей.
Тау..., көл..., ат....
3-тапсырама. Кестеде берілген мысалдарға етістіктен сын 
есім жасайтын жұрнақтарды жалғап сын есім жасаңыздар.

47
Етістіктен
сын есім 
тудыратын 
жұрнақтар:
Мысалдар:
-ық, -ік, -қ, 
-к, -ақ,-ек;
Аш ..., сын ..., шира ..., дөңгеле ... .
-малы, -мелі, 
-палы, -пелі;
Жина ..., төгіл ..., 
ауыс ..., көш ... .
-аған, -еген;
Қаш ..., сүз ... .
-қыш, -кіш, 
-ғыш, -гіш; 
Байқа ..., біл ..., айт ..., көр ... .
-улы, -улі;
Жаб..., бүрке ..., ертте ..., жина... .
-шақ, -шек;
Аян ..., мақтан ..., ұрын ..., ерін ... .
-ыңқы, -іңкі;
Жат ..., көт ...,
-ңқы, -ңкі.
Желбіре ..., салбыра ... .
Тест
1. Күшейткіш буындардың алғашқы буыны  қандай 
дыбысқа бітеді?
А) ы дыбысына;  
Ә) н дыбысына;   
Б) п дыбысына.
2.  Күшейткіш  буын  арқылы  жасалған  күрделі  сын 
есімдер қалай жазылады?
А) дефис арқылы;            
Ә) қос нүкте арқылы; 
      
Б) леп белгісі арқылы.
3. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі 
сын есімдер қалай жазылады?
А) дефис арқылы;           
Ә) бірге жазу арқылы;
Б) бөлек жазу арқылы.

48
4.  Күшейткіш  үстеу  арқылы  жасалған  күшейтпелі 
шырай тұлғалы сын есімдер қалай жазылады?
А) бөлек-бөлек жазылады;     
Ә) бірге жазылады; 
Б) дефис арқылы жазылады.
5. Көне түркі ескерткіштеріндегі сапалық сын есімдер 
қайсысы?
А) таулы, үйсіз, көшпелі; 
Ә) көк, қызыл, арық, атлығ, тонсыз, біліксіз;
Б) сарырақ, сарылау, сарғыш, сары.
6.  Көне  түркі  ескерткіштерінде  сын  есім  жасаған 
жұрнақтар қайсысы?
А) -рақ, -рек, -тег;             
Ә) -лау, -леу, -дау, -деу; 
Б) -мақ, -мек, -пақ, -пек.
7. Жазба ескерткіштерінде күшейтпелі шырай қандай 
үстеу арқылы жасалған?
А) тым;          Ә) ең;             Б) өте.
8.  Қосарлану,  қайталану  арқылы  жасалған  күрделі 
сын есімдер қалай жазылады?
А) дефис арқылы;              
Ә) қос нүкте арқылы;
Б) леп белгісі арқылы.
Жауабы: 1 Б;  2 А;  3 Б;  4 А;  5 Ә;  6 А;  7 Ә;  8 Ә.
Үйге тапсырма беру.
76-жаттығу. Сын есімнің емлесі (ереже жаттау).
Сабақты бекіту.
Дала қандай тамаша! 
(Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау)
Оқушылардың білімін бағалау.

49
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Алмагүл ТАКИШЕВА,
Алматы қаласындағы
№81 мектеп-гимназияның
мұғалімі,
Абай атындағы 
ҚазҰпУ-дың ізденушісі.
«ОяН, ҚАЗАҚ!» ЖИНАҒЫН 
ОҚЫТУДЫҢ СҰРАУ-
ТАпСЫРМАЛАРЫ
Сұрау-тапсырмалар  –  оқулықта  әдеби  мәтінді  талдату 
үшін  берілетін  сұрақ  түріндегі  тапсырмалар  жиынтығы. 
Әдеби тапсырмалардың қай-қайсысы болмасын оқушылар-
ды өздігінен ізденіске жетелейді. Оқушылар тапсырмаларды 
орындау барысында өзіндік  ой түйеді, қорытынды жасайды. 
Ең бастысы – шығарма әлеміне еніп, мәтінді түсінуге алғы 
шарт жасалады. 
«Сұрау-тапсырмаларға  мәтінді  шығармашылықпен 
оқып шыққан шәкірт қана жауап бере алады» дейді ғалым 
Т.Ақшолақов.  (Әдебиет  оқулығына  әдістемелік  нұсқау.  А., 
«Рауан», 1996, 92-б.].
«Сұрау-тапсырмаларды көркем шығарманың табиғатына, 
талдау  жұмыстарының  түрлері  мен  мақсат-міндеттеріне, 
оқушылардың игеруге тиіс басты білім-білік, дағдыларына 
қарай  түрлендіріп  беру  керектігін»  айтады  ғалым   
Ә.Дайырова    [Қазақ  әдебиетінен  білім  мазмұны  мен  әдіс-
терін жетілдіру мәселелері. А., «Кітап», 1990, 18-б.].
 Міржақып Дулатовтың шығармаларын жоғарғы сынып-
та  өту  барысында  оқушы  назарын  қандай  мәселеге  аудару 
керек? 

50
«Оян,  қазақ!»  мазмұнына  келгенде,  бұл  –  қазақ 
ұлтшылдарының  сол  кездегі  бағдарламасы  деуге  болады... 
«Маса»  ызыңдап  оятса,  «Оян,  қазақ!»  айғайға  басқан  ащы 
ұран болды»  деп жазды Сәбит Мұқанов 1932 жылы жарық 
көрген «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І бөлім: ұлтшылдық, 
байшылдық    дәуірі»  кітабында  [Қызылорда.  «Қазақстан», 
25-б.]
Ал  ғалым  Серік  Қирабаев  «Оян  қазақ!»  –  XX  ғасыр 
басында қазақ арасына ең көп тараған және Міржақыптың 
ақындық даңқын көтерген кітап...  Жинаққа кірген әрбір өлең 
жолының  ар  жағында  ел  тағдыры  үшін  жанын  шүберекке 
түйіп  шырылдап,  бебеу  қаққан  патриот,  ұлтжанды, 
еркін  ойлы  азаматтың  тұлғасы  елестейді...»  деп  жазады. 
[Әдебиетіміздегі ақтаңдақ беттер. А.,1995, 56-б.]
«Оян, қазақ!» халықты оята алды ма?
Бұл жинаққа қандай өлеңдер енді?
Өлеңдерінің мазмұны, идеясы  не туралы болды?
Ақынның өзін тыңдайық.
Бұл сөзді жазғаным жоқ ақын болып,
Халық тентек, жалғыз өзім мақұл болып.
Қайғы мен хал мүшкілін білдіргенім –
Ұйқыда жұрт жатқан соң ғафыл болып.
[Келтірілген өлеңдер мына кітаптан алынды: Міржақып 
Дулатов. Шығармалары. А., «Жазушы», 1991]
Оқушылармен  бірлесе  отырып  қазақтың  көзі  ашық, 
ұлтжанды  азаматының  қолына  қалам  алу  себебін  ашуға 
тырысамыз. 
–    XXI  ғасыр  басындағы  ең  өзекті  мәселелер  қандай 
мәселелер еді? 
Оқушы жауабы: Жер мәселесі, дін мәселесі, жесір дауы, 
оқу-білім,  саяси  мәселелер:  сайлау,  ел  басқару.  Ақын  осы 
өзекті мәселелер төңірегінде толғанды. 
1-тапсырма.  Ақын  өлеңдерінің  тақырыптарына  көңіл 

51
аударыңыздар.
«Сайлаулар хақында», «Қазақ жерлері», «Мешіт-медресе 
хақында», «Қазақ халқына діни бір уағыз»,  «Өнерін халық 
пайдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға», «Жастарға», 
«Қазақтың ру басшыларына», «Пасық байларға», «Атқамінер 
сұмдарға»,  «Терме»,  «Таршылық  халіміз  хақында  аз 
мінәжат», «Жесір даулары хақында», «Жігіттер», «Насихат 
ғумумия», т.б. 
2-тапсырма.  Ақын  өлеңдеріне  талдау  жасаңыздар. 
Оқушыларға ақын өлеңдерін таратып беріп талдау жасату.
Кесте. Міржақып өлеңдеріне талдау жасату тапсырмасы.
Өлеңдері
«Қазақ халқының 
бұрынғы һәм бүгінгі 
халі»
«Таршылық халіміз хақында 
аз мінәжат»
Мазмұны ...Күштісі нашарларын 
шауып алып,
Бұрынғыдай болмаған, 
бәле болған.
...Екі сұңқар таласса, 
құзғынға жем,
Берекесін бұл қазақ 
сүйтіп құртқан.
...Өзді-өзі тату болып 
тұрған күнде,
Қалар ма еді һәр 
нәрседен мұндай босқа?
(Идеясы: бірлік)
Дұшпанға таба болып, 
күлкі – досқа.
ІІ
...Қазағымыз қырық ауызды 
бола қалар,
Шықса егер пайдалы іске 
біреу бастай.
V
Молда болсаң, өсек көп ерген 
артқа,
Хакім болсаң, күңкіл көп 
және халықта.
Өнерлінің дұшпаны көп 
болады,
Сол  себепті  шықпайды  ісі 
жарыққа.

Шортандай шабақ жұтқан 
жалмауыздар,
Тексеріп өз ғайыбын 
сынамаған.
VІІ
Малға кедей болғаның 
жетілерсің,
Идеясы
Бас қосып киргизский 
интеллигент,
Біздерге қазақ қамын 
ойлау керек.
Ғылымға кедей болғаның 
өкінерсің.

52
Әдісі  
Әңгімені әріден 
қозғап шолу жасау, 
сыншылдық.
Тілі
Өсиет, насихат, өнеге 
сөздер көп кездеседі. 
Кірме сөздерді көп 
қолданады. 
3-тапсырма.  Ақын  өлеңдерінен  нақыл  сөздерді 
жинаңыздар.
1. Жатқанға жан жоламас. 2. «Аяғы қылдан таю» қандай 
мағына  береді?  3.  «Тамшыдан  тама  берсе  дария  болар»  – 
білім алуға талпыну. 4. «Ағайын бар болсаң көре алмайды, 
Жоқ болсаң бере алмайды». 5. Екі көзің – бір-біріне жау. 6. 
Итжығыспен  өткен  өмір.  7.  Ықылассыз  егінін  тасқа  егер. 
8. Көңіл – батыр, көз – қорқақ. 9. Қыздырмалық қызыл тіл 
Түбіңе жетер, соны біл.
4-тапсырма. Үзінділерді жаттап алыңдар.
Жабыдан туған болса мәстек болып,
Жерінде бас көтермей қалар оттап.
... Жатқанға жан жоламас дегендейін,
Көрдің ғой замананың, міне, түрін.
Насихат ғумумия
                            ІІІ
Тұрғанда бойда қуат жүрген жақсы,
Аяғың бір күн қылдан кетер тайып.
Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ,
Отырма бір орныңда құр мұңайып.
Жүргеннен тіпті қарап пайдалырақ
Күніне үйренсең де жалғыз қаріп.
Тамшыдан тама берсе болар дария...
                           V
Шәкірттерді өтейінші бір жанап,
Шетке ұстамай, сіздерді де бір санап.

53
Неше түрлі бұл заманда ғылым бар,
Үйренуге пайдалысын қыл талап.
                          VІІ
Мәз болмай мыңдап жиған малыңызға,
Ұмтылып ғылымға да көзіңді ашшы.
Көре алмай біреуіңнен бірің ассаң,
Өз-өзің күншілдікпен болма ащы.
Бірінен бірі тағылым алмақ үшін
Бұл күнде жердің жүзі араласты.
Білуге білмегенін құмар болып,
Әрқайсы өрге ұмтылып жағаласты.
                             ІC
Ағайын барды күндеп көре алмайды,
Жоқ болса, жомарттық қып бере алмайды.
Кеткені берекенің сол болмаса,
Білмеген білген тілін неге алмайды?
          Екі көз бір-біріне дұшпан болып,
          Болса да қандай жақын сене алмайды.
Ғұмыры итжығыспен бара жатыр,
Белгілеп бірін-бірі жеңе алмайды.
           Бастаса пайдалы іске біреу шығып,
           Соңынан көмек беріп ере алмайды.
Ықылассыз кейбір надандар
Тасқа егін себеді.
Ақымаққа айтқан насихат
Дәл осымен тең еді.
           Жүгенсіз кеткен бас асау
           Айтқанға қайтіп көнеді?
           Көңіл – батыр, көз – қорқақ,
           Айтатын сөзім көп еді.

54
C
І
Қыздырмалық қызыл тіл
Түбіңе жетер, соны біл.
Пайдасы жоқ тигендей
Сөз байлығы – дария Ніл.
          Күле кіріп күңірене
          Үйіңнен шығар ол құрғыр.
          Көз алдыңда бір түрлі,
          Шыға бере шашар сыр.
Жақсымен өткен мәжіліс
Бір сағаты – бейне жыл.
Жаманның сенбе сөзіне,
Тайдырып кетер жіңішке қыл
4-тапсырма.  CC  ғасырдың  басы.  Қазақ  елі  тығырықта. 
Ақын тығырықтан шығу үшін қандай жол ұсынады? 
5.  Ақынның  ағартушы-демократтар  пікірімен  үндестігі 
және айырмасы. Ақын өзіне нені мақсат тұтады?
6. Қазақтың бұрынғы өмірін қалай суреттейді? Қазақтың 
ел болуына нелер кедергі болды деп есептейді?
Оқушының өз пікірі тыңдалады.
- Ал енді Міржақып Дулатов пікірін тыңдайық. Өлеңде-
рін СД дискіден тыңдату.
Оқушы  жауабы:  Ақын  өлеңдеріне  сүйенсек,  ел  болуға 
негізгі  кедергілер  алауыздық,  халық  пайдасын  ойламау, 
ақылмен  шешпеу,  жауға  қарсы  қорған  құрмау,  ғылымға 
ұмтылмау,  жол  көрсетер  адамның    аздығы.  Ақын  шешімі: 
халықты ояту керек.
5-тапсырма.  Интерактивті  тақта  арқылы  Міржақып 
Дулатовтың  «Өнермен  асыл  болған  нәрселер»  өлеңін 
Ыбырай Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңімен 
салыстыру. 
Руссияның заводы мен көп фабрикасы,
Табылған соныменен халық пайдасы.

55
Қымбатты арзан қылған сол екеуі, 
Нашарға жеңіл келіп пұл бағасы, –
деген  түйінімен  келісесіздер  ме?  «Байлықтың  бәрі  тек 
ғылыммен  келеді»  деген  тұжырымының  өзектілігін 
дәлелдеңдер. 
6-тапсырма.  «Сайлаулар  хақында»  өлеңіндегі  айтыла- 
тын сынның бүгінгі өмірмен байланысы бар ма?
Болыс болар мал шашып шығынданып,
Сайлау өтер осылай тынымданып.
Әбден болып алған соң расходын
Бітіреді халықтан жылында алып.
Өзіне-өзі, халыққа жаны ашымай,
Мал шашар боламын деп волостной.
Жұмсаса қандай жақсы болар еді,
На пользу образования народной,– 
деген  өлең  жолдарынан  қай  ақынмен  үндестікті  байқауға 
болады? Қазіргі заманмен үндестік бар ма?
7-тапсырма.  «Қазақ  жерлері»  өлеңінде  Ресейдің 
отарлаушы саясатын қалай әшкерелейді? 
«Келді де егін салып байып кетті,
Жалқау ма бұлар, тәңірі-ай, біздің жұрттай»
деген  өлең  жолдарын  оқи  отырып  заман  аңғарын  түсінген 
саясаткер ақынның келбетін танимыз.
8-тапсырма.  Сол  кездегі  білім  беру  жүйесін,  мешіт-
медреселерді қалай сынайды?
9-тапсырма.  «Қазақ  халқына  діни  бір  уағыз»  өлеңінің 
қазақ  зиялыларының  үкіметке  жолдаған  арызындағы 
(петиция)  дінге  қатысты  сұрақпен  үндестігі  туралы»  не 
айтар едіңдер?
10-тапсырма. «Өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген 
оқығандарымызға...» өлеңіндегі оқыған азаматтарға сүйсіну, 
мақтаныш сезімі.

56
11-тапсырма. 
Өлеңдерін талдап, өзіндік пікір жазу.
«Жастарға» Бүгін: қалың ұйқы, көз іскенше ұйқы.
Ертең: Жастар – жаңа гүл ашқан бақша, жар салып жұртқа 
қақсамай іс бітпес.
Халыққа, жастар, басшы бол,
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме
Мың қойды серке бастамай?
«Қазақтың ру басшыларына» қандай мінездеме береді?
«Надан, шабан, есекше қарның тоқ, ел кезіп ет аңдыған, 
өнермен жұмысы жоқ, саспайсың, арамнан қашпайсың».
«Пасық байларға» қандай мінездеме береді?
«Басқаны  жау  көру,  арамнан  мал  жию,  қайыр,  зекет 
бермеу, ғарып, міскіндерді көрмеу, рақымсыз, жетім-жесірді 
кеудеден  қағу,  пақырларды  құдайдың  сүймес  құлы  деп 
есептеу, ұрлық, қулық, барымта, момынды сору, бір сөзінде 
түйін жоқ, қара қарға секілді қолы бостық». 
«Атқамінер сұмдарға» берген мінездемесі:
Сұмдығын  сатқан  атқамінер,  сырын  жасырған,  берген 
пара есебін елден жиып алады.
Болыс болып алған соң 
Берген пара есебін
Елден жиып алады.
Бай патшаға тақалмай,
Момындарды сорады,
Кедейге салық салады.
Идеясы: (жемқорлық)
Терме
Қиянаттан бой тартып,
Шық әділет жолына.
Мұны істесең шығарсың
Абыройдың тағына.

57
«Таршылық халіміз хақында аз мінажат»
Өз-өзіміз дұшпан болып жүргенде,
Жарар еді басқаға жем болмасақ.
Идеясы: Алауыздық, надандықты сынау.
Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар,
Тәрбиеле өзіңді өзің, жастар.
Көп қуып, қорқақ едік, батыр қылды,
Біздерге енді не бар аянатын?! 
Идеясы: күреске шақыру.
Ғалым-зерттеушілердің  пікірлері  мен  өз  пікіріңді 
салыстыр.
Өз  пікірлеріңді  ақын  өлеңдерінен  үзінділер  келтіру 
арқылы дәлелдеңдер.
Сұрау-тапсырмаларды  әзірлеумен  қатар  оқушыларға 
оларды 
орындатудың 
педагогикалық-психологиялық 
негіздерін білу де  маңызды. 
Жоғары  сынып  оқушылары  орта  буын  оқушыларына 
қарағанда тапсырма орындауға құлықсыз келеді, сондықтан 
оларды  сұрау-тапсырмалармен  жұмыс  істеуге  жұмылдыру, 
ынталандыру  керек.  Ал  оларды  жұмылдыру  үшін  оқыту 
үдерісін ұйымдастырудың психологиясын білу керек, яғни, 
оқушылар  жауапкершілікті  өз  қолына  алып,  тапсырманы 
орындауға бар ынтасымен кірісуі керек.  Ол үшін олар «Бұл 
тапсырманы орындай алмаймын» деген қорқынышты жеңуі 
және  «Бұл  тапсырманы  орындау  маған  не  үшін  қажет?» 
деген  жалқаулықты,  ішкі  қарсылықтарды  жеңуі  қажет.  Ал 
тапсырманы  орындау  арқылы  оқушы  жаңа  дағдылар,  тіл 
байлығын, көпшілік алдында сөйлей білу іскерлігін игеріп, 
осы сияқты көптеген қабілеттерге ие болады. Осыны оларға 
үнемі ескертіп, есіне салып отыру керек. Егер немқұрайлық 
танытсақ, нәтижеге жете алмаймыз.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет