Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ


Түрі: дәстүрлі емес (ойын сабағы). Типі



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Түрі: дәстүрлі емес (ойын сабағы). Типі: білімді, іскерлік 
дағдыны қалыптастыру. Әдіс-тәсіл: кешенді талдау, сұрақ-
жауап.  пайдаланылатын  педагогикалық  технология: 
компьютерлік  оқыту  технологиясы,  топтық  жұмыс,  тест 
әдісі, жеке оқушымен жұмыс. Құрал-жабдық, көрнекілік: 
компьютер, интерактивті тақта, сызба-қағаздар. пәнаралық 
байланыс:  математика.  пайдаланылған  әдебиет:  1) 
оқулық;  2)  М.Маденова.  «Модульдік  оқыту  технологиясы 
оқушыны  дамыту  құралы  ретінде»;  3)  «Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті» жұрналдары.
Сабақ  барысы.
Ұйымдастыру.  Сынып  оқушылары  2  топқа  бөлініп 
отырады.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әр баланың білім, білік 
дағдыларын тануға тырысамыз. Сендердің әрқайсың өмірге 
келгендерің үшін бақыттысыңдар! Ал сол өмірде әр баланың 
жұлдызы  жарқырап,  бақытты  сәттерінің  көп  болуына 
ұстаздарың тілектес екенін естен шығармаңдар.

137
Сабақ  әрі  қарай  «Бақытты  сәт»  ойынының  ережесі 
бойынша жүреді.
І гейм
«Бой сергіту». Топтарға 10 сұрақтан беріледі. Топтың бір 
өкілі жауап береді, ал бәсекелес топ жауаптың дұрыстығын 
қадағалап  отырады.  Сұрақтарға  ең  көп  жауап  берген  топ 
ұтады. 
«А» тобына сұрақтар:
1. Фонетика дегеніміз не? 2. Дауысты дыбыстар туралы 
не білесің? 3. Тіл дыбыстарын жасайтын сөйлеу мүшелерін 
ата. 4. Орфография дегеніміз не? 5. Үндестік заңы нешеге 
бөлінеді?  6.  Сөз  құрамында  дыбыс  көп  бола  ма,  буын  көп 
бола ма? 7. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? 8. Әріп 
деген не? 9. Екпін дегеніміз не? Оның түрлерін ата. 10.  Үш 
әріппен  жазылып,  төрт  дыбыспен  айтылатын  «мүсіркеу» 
сөзінің синонимі.
«Ә» тобына сұрақтар:
1.  Дауыссыз  дыбыстар  туралы  не  білесің?  2.  Тіл 
дыбыстары не үшін керек? 3. Үндестік заңы дегеніміз не? 
4.  Әліпби  сөзі  қай  тілден  алынған?  5.  Орфоэпия  дегеніміз 
не?  6.  Буын  жасайтын  қандай  дыбыс?  7.  Қазақ  халқы  қай 
жылы орыс әліпбиіне көшті? 8. Тасымал дегеніміз не? 9. Екі 
әріппен жазылып, үш дыбыспен айтылатын аңның аты. 10. 
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
ІІ гейм
1.  «Қапшықтан  шыққан  басқатырғылар».  Топ 
мүшелері қапшықтан шыққан сұрақтарға жауап береді.
«Мен қандай буынмын?»
Бірінші сөзге соңы, екінші сөзге бастапқы буынды тауып 
жаз.
м
а
ж
ы
ң
қ
а
л

138
ж
ы
л
л
ы
ш
қ
ы
х
а
н
н
а
ш
а
қ
а
с
м
а
н
қ
ы
р
к
ө
л
і
м
ж
е
м
а
з
а
м
ы
р
2. Ребус шешу.
Суреттер интерактивті тақтадан көрінеді. «фонетика».
«Бақытты сәт» шарын алған оқушыға сыйлық беріледі.
ІІІ гейм
«Жұмбақтас» . Тақтамен және дәптермен жұмыс.
«Алғырлар» тобына тапсырма:
1) «Жеңісті» сөзіне фонетикалық сатылай кешенді талдау.
2)  «Күндер»  сөзіне  математикалық  тәсілмен  сипаттама 
беру.
«Зеректер» тобына тапсырма:
1) «Бақытты» сөзіне фонеткалық сатылай кешенді талдау.
2)  «Сәттер»  сөзіне  математикалық  тәсілмен  сипаттама 
беру.
«Сандар сыры». Оқушылар берілген сандардың сырын 
фонетикаға қатысты етіп шешеді.

139
IV гейм. «Сен – маған, мен – саған». Топтар бір-біріне екі-екі 
сұрақтан қояды (үй тапсырмасы).
V  гейм.  «Көсемдікке  ұмтылу».  Оқушыларға  тақырып 
таңдау  ұсынылады.  Олар  таңдаған  тақырыптары  бойынша  топ 
мүшелерімен кеңесе отырып, шешендікпен жауап береді.
1-тақырып: «Бақытты балалық шақ».
2-тақырып: «Біз – бейбіт елдің ұланымыз».
Қорытынды.  Топ  басшылары  бағалау  парағы  бойынша  өз 
тобындағы оқушыларды бағалайды. Жеңімпаз топ анықталады. Ең 
көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
 

25 
12 

1940 
37 

42 

Райхан ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ,
Өскемен қаласындағы
«Дарынды балаларға арналған 
облыстық мамандандырылған 
мектеп-лицей-интернатының» 
мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы.
ЕСІМДІКТЕН ӨТКЕНДІ 
ҚАЙТАЛАУ
(6-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  -  оқушылардың  есімдік 
бойынша  алған  білім  дағдыларын  деңгейлік  тапсырмалар 
арқылы    тексеру;  дамытушылық  -  ауызша,  жазбаша  сөйлеу 

140
дағдыларын, ойлау, өздігінен жұмыс әрекеттерін, шығармашылық 
белсенділіктерін дамыту арқылы жан-жақты тұлға қалыптастыру; 
тәрбиелік  -  басқаның  жауабын  тыңдай  білуге,  бірін-бірі 
бағалауға,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білуге  ықпал  жасай  отырып, 
талдауға  арналған  мысалдар  арқылы  тіл  мен  әдебиетке  деген 
қызығушылығын  тудыру,  адамгершілік,  елжандылық,  ойлылық 
қасиеттерін үлгі ету. 
Өту  түрі:  «Брейн-ринг»  топтық  ойыны  /І  нұсқа/.  Өту  әдісі: 
сұрақ-жауап,  түсіндіру,  модульдік  оқыту,  шығармашылық  іздену, 
топтастыру, талдау, ойтолғау. Сабақтың жабдығы: интерактивті 
тақта,  жаймалар,  жетондар,  фишкалар,  түрлі  түсті  кәртішкелер, 
нөмірлер,  бағалау  парақтары.  пәнаралық  байланыс:  Әдебиет, 
тарих, ағылшын және орыс тілдері.
Сабақтың 
кезеңдері
Сабақтың өту барысы
Әдіс-тә-
сілдер
Ұйымдас-
тыру
кезеңі. 
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа 
дайындықтарын тексеріп, сабақтың тақырыбымен, 
мақсатымен таныстыру (1-слайд). Сынып 
оқушыларын 3 топқа бөлу, топ жүргізушісін 
тағайындау.
Үй 
тапсыр-
масын 
тексеру.
А) Ой қозғау. /2-слайд/
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Сұрақтар:
1. Бұл кімнің өлеңі?  2. Осы өлең жолдарында 
есімдік бар ма? 3. Есімдік дегеніміз не? 4. Не 
себепті есімдікті орынбасар сөз табы деп атауға 
болады? 5. Есімдіктің қандай мағыналық түрлері 
бар? 6. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? 7. Сілтеу 
есімдіктеріне қандай сөздер жатады? 8. Өздік 
есімдігі қалай тәуелденеді? 9. Жалпылау  есімдігі 
қандай мағынаны білдіреді? 10. Болымсыздық 
есімдіктерін атаңыз. 11. Белгісіздік есімдігі 
дегеніміз не? 
Ә) «Есімдік және әдебиет» тақырыбы бойынша 
ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер 
келтіріп кітапша жасау, есімдіктерді белгілеу. 
/М/ы: «Есімдік және Мағжан», «Есімдік Мұқағали 
өлеңдерінде, т.б.»/ 
Сұрақ-
жауап.
Іздену 
жұмы-
сы.

141
«Брейн-
ринг» 
ойыны-
ның 
шартын 
түсіндіру. 
(Оқушыларға 3-слайд  арқылы ойынның өту 
ережесі түсіндіріледі).
 Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топта бір жүргізуші 
тағайындалады. Ойынға қатысушыларға нөмір 
жазылған жетондар таңдау бойынша үлестіріледі. 
Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің 
үстінде 4 бөлікке бөлінген жаймалар, оның үстіне 
тапсырма жазылған кәртішкелер келесі ретпен 
қойылады: астында бірінші деңгей сұрақтары /
қызыл/, оның үстінде екінші деңгей сұрақтары 
(көк/, ең үстінде үшінші деңгей сұрақтары (сары/. 
Сары кәртішкенің сұрағына дайындықсыз жауап 
беріледі («блиц-турнир» деп аталады). «Блиц-
турнир» «шапшаң жарыс» дегенді білдіреді. Көк 
кәртішкенің сұрағына 3-5 минут уақыт беріледі. 
Астыңғы қызыл кәртішкенің сұрағының жауабы 
ең күрделі, оларға 7-10 минутқа дейін уақыт 
беріледі. Жүргізуші топ мүшелерінің жауабы 
толық болса, ойыншыға фишкалар беріп отырады. 
«5» деген баға – қызыл түсті фишка, «4» деген 
баға – көк түсті фишка, «3» деген баға – жасыл 
түсті фишка. Егер жауап толық болмаса, онда 
кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты 
фишка ала алады. Әр топқа тапсырмалар бірдей 
дайындалады. Ойын соңында әрбір ойыншы 
фишкалардың санына және 
түсіне қарай бағаланады және ортақ бағасы 
шығарылады.
Түсін-
діру.
Ойынды 
жүргізу.
Әр топ мүшелері ортаға қойылған нөмірлерді 
таңдап алады.  Сары кәртішке сұрақтары:
 «ЖҮЙРІК БОЛСАҢ, ШАУЫП КӨР»
 / «БЛИЦ-турнир», бірден жауап береді/ 
№1. Қай сөйлемде өздік есімдігі бар?
А/ Адам сөйлей-сөйлей шешен болады.
Ә/ Туған үйдің түтіні жылы.
Б/ Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.
№2. Болымсыздық есімдігін атаңыз.
А/ бірнеше;  Ә/ сізге;   Б/  ешкім.
№3. Көп нүктенің орнына есімдік қойыңыз.
Әсемпаз болма әрнеге,  Өнерпаз болсаң, арқалан.
... де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!
№4. Есімдіктерді мағынасына қарай 
сәйкестендіріңіз:
Ештеңе                       сұрау
Мен                             болымсыздық
Анау                           жіктеу
Қашан?                       Сілтеу
№1. Сөйлемде есімдіктің қай түрі бар?
Өзіңді зор тұтпа, Өзгені қор тұтпа.
№2. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді 
табыңыз.
А/ Ешкімге тіл тигізуші болма.
Мо-
дульдік 
оқыта-
үйрету 
ойыны.

142
Ә/ Мен Отанымды қастерлеймін.
Б/  Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
№3. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А/ менге;  Ә/ сеннің;  Б/  маған.
№4. Қай сөйлемде жіктеу есімдігі бар?
А/ Біз, жастар, тағдырымыздың сенімен байланыс-
ты екенін білеміз, туған жер!
Ә/ Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Б/ Ынтымақты ел – сарқылмас көл.
№1. Есімдіктерді мағынасына қарай 
сәйкестендіріңіз:
Ештеңе                       сұрау
Мен                             болымсыздық
Анау                           жіктеу
Қашан?                       Сілтеу
№2. Өлең жолдарындағы есімдіктерді табыңыз. 
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, Ойында 
оты барлар асылық демес. Тебем деп тірі болсам 
надандықты Серт етіп өз-өзіме еткем егес.
№3. а/ Есімдік зат есім, сан есім, сын есімнің 
орнына жұмсала ма? /жоқ немесе иә деп жауап 
береді/.  б/ Есімдіктер мағынасына қарай 5-ке 
бөліне ме?
№4. Есімдіктерге сөйлемдегі мағынасына 
қарай жалғау жалғаңыз. Біз... лицейдің балалары 
шетінен өнерлі. Олар... барлығы беске оқуға 
тырысады.
Көк кәртішке сұрақтары /3-5 минут уақыт 
беріледі/ 
«МЫҚТЫ БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР»
№1. Жұмбақты шеш, есімдікті табыңыз:
Ана ауылдың бурасы, Мына ауылдың бурасы,
Желкілдейді шудасы. /Түтін, сілтеу есімдігі/
№2. Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем 
құраңыз. Мен, менің, маған, мені.
№3. Мендегі және сендегі н-ды ң-ға, олдағы л-ды 
н-ға ауыстырса, мен қалай боламын, сен қалай 
боласың, ол қалай болады? Олар қай сөз табына 
ауысады?  /Меңдегі, сеңдегі,  ондағы/
№4. Еш, әр, кей сөздері қай кезде бірге, ал қай 
кезде бөлек жазылатынын мысал келтіре отырып 
дәлелдеңіз.
Іздену
№1. үзінді кімнің шығармасынан? Есімдікті 
мағынасына, құрамына қарай талдаңыз.
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.
/Сырбай Мәуленов, «Менің Республикам»/
№2. Берілген жаңылтпаштағы есімдіктерді 
тауып, қай сөз табының орнына жұмсалып 
Талдау

143
тұрғанын анықтаңызЖаңылмай жылдам 
айтып көріңіз. Ол алқапты олар орар, Бұл 
алқапты бұлар орар. Олар ормаса, Омар орар.
№3. Есімдіктерді мағыналарына қарай топ-
топқа ажыратып бөліп жазыңыз. Ешкім, бәрі, 
қайда, барша, қашан, біздер, ешбір, неше, ештеңе, 
бүкіл, өздері, сол, олар.
№4. Есімдік сөзден басталатын қандай 
өлеңдерді білесіз? Олар есімдіктің қай түрі?
№1. Өздік және белгісіздік есімдігін пайдалана 
отырып, екі сөйлем құрап жазыңыз.
№2. Тұлғалық жағынан біріккен сөздер болып 
келетін есімдіктер қайсы? 
№3. Көп нүктенің орнына қай есімдік 
лайықты? 1) ... елің – алтын бесік. 2) ... өлсең де, 
жолдастарыңды жауға берме. 3) ... айлакер,  ... қу, 
Жүрген жері айқай да шу.
№4. Мен, менің, маған, мені деген сөздерді 
қатыстырып сөйлем құраңыз.
Тіл 
дамыту.
Қызыл кәртішке сұрақтары 
/7-10 минут уақыт беріледі/
«ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР»
№1. Есімдіктерді қатыстырып «Білім» немесе 
«Лицей» туралы мәтін құраңыз. №2. Есімдіктерді 
қатыстыра отырып «Ана тілі» туралы ой толғаңыз. 
№3. Есімдікке модель-сызба құрастырыңыз. 
№4. Есімдіктерді қатыстырып «Менің анам» 
тақырыбына мәтін құраңыз.
Шы-
ғар-
ма-
шы-
лық.
№1. Есімдіктерді қатыстырып «Тәуелсіздікке - 20 
жыл» тақырыбына шағын ойтолғау жазыңыз. 
№2. Есімдіктер орыс, ағылшын тілдерінде. №3. 
«Менің  сүйікті ұстазым» тақырыбында ойтолғау. 
№4. «Менің сүйікті ақыным» деген тақырыпта ой 
толғаңыз.
Ой- 
толғау.
№1. «Менің Қазақстаным» деген тақырыпта ой 
толғаңыз. №2. «Мен достықты қалай түсінемін?» 
деген тақырыпта ой толғаңыз. №3. «Туған жер» 
тақырыбына ойтолғау. №4. «Менің отбасым» 
тақырыбында шағын мәтін құраңыз.
Мо-
дель-
сызба,
іздену.
Қорытын-
дылау.
«Мен қазақпын» дейтін патриот оқушы қандай 
болуы керек? /Есімдіктерді пайдалана отырып, 
жауап беріп көрелік.../
Мысалы: Өз ұлтын сүйетін азамат болу керек. 
Егеменді елдің ертеңі – біздер. Қайда жүрсек те 
туған тілді ұмытпау. Осы сабақта белсенділік 
көрсету.
Үйге 
тапсырма.
«Есімдіктер патшалығы» тақырыбына ертегі 
құрастыру.
Шығар-
машы-
лық 
деңгей.
Бағалау.
1. Жүргізушілер бағалайды.
2. Мұғалім бағалайды.

144
Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
Қазақ тілі мен әдебиеті» – 
ай сайын шығатын республикалық ғылыми-
педагогикалық және әдістемелік жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы – Рыскелді САБЫРБАЙ.
Корректоры – Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы 
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.
Басуға 16.10.2012 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0.
Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 4150.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Бас редактордың қабылдау 
бөлмесі және бөлімдер...............268-32-48.
Факс..............................................243-15-53.   
электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru.
Басылатын жері – «Хай Текнолоджи» полиграфиялық
кешені. Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 43.      
ЕЖЕМЕСяЧНЫЙ РЕСпУБЛИКАНСКИЙ 
НАУЧНО-пЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ 
ОТВЕТСТВЕННОСТьЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»
 © «Қазақ тілі мен әдебиеті», №10, 2012 ж., 144 бет, Алматы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет