Марат Әбсеметов 1960 жылы туған, Қазму-дің журналистика



жүктеу 139.66 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.01.2017
өлшемі139.66 Kb.

Т а р и х  б е т т е р і н е н 

Марат ӘБСЕМЕТОВ 1960 жылы туған,  ҚазМУ-дің журналистика 

факультетін бітірген. 1987 жылы Мәскеуде өткен КСРО Журналис-

тер одағы VII съезінің делегаты, кеңестік мәдениет  қорының стипен-

дианты,  Қазақстан  Ұлттық Ғылым Академиясының Мұтар Әуезов 

атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты, «XX ғасырдың басындағы 

тарихи-әдеби процестегі Міржақын Дулатовтың шығармашылығы» 

тақырыбында диссертация  қорғады. 

Марат Оралбайұлы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер 

институтының ғылыми  қызметкері, Шығыстану институтының 

бөлім меңгеруіиісі, «Реформа» Халықаралық  қоры  қазақ бөлімінің ди-

ректоры, «Кеден хабаршысы» журналының бас редакторы болды. 

«Шұбыртпалы Ағыбай батыр», «Міржақып Дулатовтың өмірі мен 

шығармашылығы», «Міржақыптың оралуы», «Қазақстанның кеден 

ісі», «Қазақ-орыс кеден сөздігі», «Сәкен Сейфуллин  Қазақстан Халық 

Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы» кітаптарының, сондай-ақ  қазақ халқының тарихы мен 

мәдениеті туралы көптеген мақалалардың авторы. 

Қазір «Қазақстан Президентінің Телерадиокешені» акционерлік  қоғамы директорлар кеңесінің 

тәуелсіз директоры болып  қызмет етеді. 

және оның батыр бауырлары 

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық 

көтерілістің бел ортасында талай жайсаң 

қазақ батырлары болғаны аян. Осы көтеріліске 

қатысқан батырлардың өмірі мен тарихы әлі де 

дұрыстап зерттелген жоқ, елге кеңінен танылған 

жоқ. Бала кезімізден данагөй ақсақалдардың 

әңгімесін мұқият тыңдап өстік. Сол себеп-

тен бізде  қолда бар мәліметтерден түсінік бе-

руді жөн көрдік. Шығарманы жазу кезі үстінде 

арқау болған мұрағат  қорларындағы деректі 

көздермен бірге көнекөз  қариялардың естелік-

тері мен әңгімелерін де пайдаландык. Сол 

ақсақалдардың  қатарында Тарғын Өскенбекұлы, 

Рақыш  Қайыпышұлы, Рыспек Бәйімбетұлы, 

Қопбосын Білібайұлы, Зекен Бижамбекұлы, 

Даһар Ахметұлы, Зет Адамияұлы, Хамит 

Мәуленұлы бар. 

1992 жылы Ағыбай батырдың 190 жылдығына 

«Ақжолтай Ағыбай батыр» деген кітап шығарған 

едік.  Қолжазбаны Алматыдан өз үйімізден алып 

кеткен жерлес азаматтар Жезқазған  қаласының 

баспасынан кітап  қылып бастырып шығарған 

еді. Жергілікті басылымдарға да материал тарап 

кетті. Сол шығару барысында көп  қателік кетті. 

Біраз әңгімелер қате басылып шықты. Кейбір та-

рихи деректер қысқартылып шықпай қалды. Оған 

қарамастан бұл кітап республика жұртшылығына 

тың деректерімен  қатты әсер етіп, Ақжолтай 

батыр туралы мақала жазушыларға, жинақ 

шығарушыларға жол ашты. Көрнекті тарихшы 

Жанұзақ  Қасымбаев бұл кітапқа тиісті бағасын 

беріп, өз еңбектерінде сілтеме жасаса да кейбіре-

улері осы еңбек негізінде диссертация  қорғап, 

авторын атамай, өздері үлкен бір жаңалық 

тапқандай боп көрінді. Ал өмірінде бір мақала 

жазбаған біреулер, біз зерттеп дайындаған кі-

тапты өз атынан шығарып та үлгерді. Біз мұны 

кешірдік, аруақтың аты шығып жатса бұған да 

бір тәуба. Бірақ өкініштісі, бұл кітапқа енген 

қателер ұрланған кітаптарға да көшкен еді. 

Ағыбай бабамыздың аты аталса шұбыр-

тпалының екінің бірі «батырдың  ұрпағымын»,-

деп шығатыны рас. Сол баспа жағынан 

қысқартылған кітапта бұрмаланып көрсетілген 

бір дерек - мен Ағыбай бабамыздың мәртебесін 

көтеріп, батырлық жолын жаза отырып өзімнің 

Ағыбайдың емес, оның туысы Шұбыртпалының 

сары атасынан тарайтың  Қошқарбай батырдың 


ұрпағы екенімді айтып, көптеген аруақты ба-

балар жөнінде  қалам тербеген едім. Мұрағат 

қорлардан да табылған көп  құжаттар шықпай 

калды. Сондықтан Кенесары көтерілісіне 

қатысқан батырларды зерттеп жүрген, өткен 

қаһарлы заманның анық-қанығына жетем де-

гендерге түсінік беруді жөн көріп осыған орай 

жазған болатынбыз». 

Архив  құжаттары бойынша Арғыннан та-

райтын шұбыртпалы руы XIX ғасырдың басын-

да Ақмола жерін, яғни Есіл мен Нұра бойын-

да мекендеген, орыс подполковнигі Шубин 

Ақмола қазақтарын Ресей қарамағына қосу үшін 

шұбыртпалы рубасшысы Сарымырза биге және 

басқа ел ақсақалдарына елші жіберген. Бұл жайт 

1830 жылы 29 шілде айында Шубиннің Омбы 

бастығына жолдаған рапортынан көрінеді:«Ком 

андированные с пригласительными письмами к 

присоединению под новое управление России к 

биям волостей Чубуртбалинской, Токтагульской, 

Алчинской, Таминской, Коксальской урядники 

Чириков и Сорокин при вожаках от султанов 

Конуркулджи Худаймендина и Губайдуллы Ва-

лиева обратясь донесли мне:..Чубуртбалинской 

волости бий Сарымурза, Токтагульской Чузбай, 

Коджак и Кунанбай и Алтаевской волости...обе-

щались быть к отряду, но в прочем по сие вре-

мя никто еще не явился» (ЦГА РК, ф.338, оп.1, 

д.693, л.46- 47). 

Шубиннің жүргізген әрекеттері сол кездегі 

қазақ жерін отарлау саясатының нақты бір бел-

гісі. Мәселен, орыс үкіметі Ырғыз және Торғай 

бекіністерін салуға айналып,  қырық түрлі сы-

лтаумен топограф-геодезистерді шығарып 

жүрген  қарсаңда Ахмет Жантөрин правитель 

отарлаушылардың сөзің сөйлеп -  қырдан  қала 

салудың пайдасын айтқан болып, жәрдемін 

сұрап, Шегенге хат жазып, бидің көңілін ауда-

ру үшін ақша, шекпен, медаль сәлемдемелер 

жібереді. Сонда арғын Шеген бидің  қайтарған 

жауабы: «Ардақты Ахмет сұлтан! Хатынды һэм 

сәлемдемелеріңді түгел алдым. Мұныңа алла 

разы болсын. Жіберген шекпеніңді киіп келін-

шек-қатын болдым. Сырғаңды, жылтырағыңды 

тағып кыз болдым. Сұлтан!  Құс  қанатымен 

ұшып,  құйрығымен  қонады деген.  Ұшып-

қонатын құйрығың, көшіңмен  қазақ едім. Маған 

ақылдаспай іс  қылатын жөнің жоқ. Мұныңды 

қоймасаң, жер мен суға, бостандыққа сен де, 

мен де көп кешікпей  қош айтысамыз»,- деген 

(Шонанұлы Т. Жер тағдыры- ел тағдыры. Алма-

ты, 1995, «Санат», ЗЗ-б. 

Сарымырза би де Шеген сынды патша 

сөзіне сенген де жоқ, шұбыртпалы руын Ресей 

бодандығына кіргізген де жоқ,  қайта Саржан 

мен Кенесары бастаған  ұлт-азаттық көтеріліске 

қосылды. Оған себеп болған 1827-1830 жылда-

ры орын алған қанды оқиғалар. 1827 жылы Көк-

шетау бекінісінен шыққан майор Мингриев 200 

орыс әскерімен келіп шұбыртпалы ауылының 

58 адамын өлтіріп бүкіл малын айдап кеткен 

еді. 1830 жылы Ақмола бекінісінен шыққан 

жеті жүз орыс әскері алдаумен әңгіме-келісім-

ге шақырған боп шұбыртпалының 120 адамын 

өлтірді, қалғандары қашып  құтылды. Сол себеп-

тен туған бауырларынан, малынан айырылған 

шұбыртпалылықтар колонизаторлармен ашық 

соғыс майданына шыққан еді (ЦГА РК, ф.4, оп. 1, 

д.1996, л.3-6 об). 

1830 жылдан бастап 1855 жылға дейін, жал-

пы 25 жыл шұбыртпалы руы патша тізімінде 

болмаған. Осы аралықта жыл сайын патша ше-

неуніктері Арқа жеріндегі орналасқан Ақмола 

мен Семей облыстарының бүкіл  қазақтарының 

тізімін жасап салық алып отырған. 1822 жылғы 

орыс әкімшілігінің Ережесі бойынша - өз жері-

нен көшіп кеткен, салық төлемеген адамдарды 

жауға санаған. Сондықтан шұбыртпалылықтар 

25 жыл орыс патшасына жау боп есептеліп кел-

ген. 17 жыл шұбыртпалылықтар Саржан мен 

Кенесары  қосында Ресей патшалығына  қарсы 

әрекет жасады. Осы жылдары шұбыртпалы ор-

тасынан талай батыр шықты. Бұл батырлардың 

ерліктерін халық жырға  қосты, іздері архивтер-

де сақталып  қалды. 

Кенесары-Ағыбайлармен талай соғыс-

шайқастарға  қатысқан, көтерілістің куәгері 

болған Бектемір молда мен Шынбай батыр өз та-

рихи естеліктерінде:«Кенесарының қолдарының 

ішінде Шұбыртпалы - 62 үй... Шұбыртпалы 

әскердің ішінде рулы ел, ешкім батпайды»... 

(ҚГА ОГК, 1337). Бір деректе: «Род Чубуртпа-

линцев сильный и влиятельный»,- десе, басқа 

деректе: «киргизы эти не привыкли еще к по-

виновению и воинственнее всех прочих, почти 

всякий имеет пику и у многих есть огнестрель-

ное оружие» (ЦГА РК, ф.345, оп.1, д.540, св.62). 

Сол Кенесары көтерілісіне басынан аяғына 

дейін  қатысқан «62 үй шұбыртпалы» кім? Бұл 

ортадан  қандай ер-азаматтар  қазақ халқының 



бостандығы үшін күресті? - деген сұрақтар 

туындайды. 

Осыған орай мұрағат  қойнауында сақталып 

келген Ағыбай батыр ауылының 1855 жылғы 27 

маусымда тіркелген адамдардың екі жүзге тар-

та аты-жөндері беріліп отыр. Бұл тізімде Кене-

сары көтерілісіне  қатысқан, ортақ жауға, ойран 

тірлікке бірігіп аттанған атақты батырлар мен 

билердің есімдері де бар. Бұлар шұбыртпалы: 

Ағыбай  Қонырбайұлы, Еже Мәнжіұлы, Бек-

темір Тоқпанұлы,  Қошқарбай Сарымырзаұлы, 

Таңабай Олжабайұлы, Меңдібай 

Малқарұлы, Дулат Марқабайұлы, 

Шынбай Арқабайұлы, Шодыр 

Теңізбайұлы. Осы асыл ерлер 

жөнінде мәлімет берелік. 



Ағыбай  Қонырбайұлы 

«Ханның бәрі Абылай емес, 

батырдың бәрі Ағыбай емес», 

- дейді  қазақтың мақалы. Осы, 

бір мақалдан Ақжолтай атанған 

Ағыбай батыр бабамыздың биік 

мәртебесін тануға болады. Талай-

талай шайқастарда  қасарысқан  қас 

дұшпанды  қаусата жеңген Ағыбай 

батырдың ісі аңызға, аты  ұранға 

айналған еді. Елдің еркіндігі үшін 

«ереуіл атқа ер салып, егеулі най-

за  қолға алып»  қаймана  қазақты 

ұрыс даласына бастаған Ағыбай 

Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында 

өмір сүрген. Ержүректігі мен баһадүрлігі аңызға 

айналған Ағыбай батыр туралы халық арасында 

небір  қызық хикаяттар, өлең-жырлар,  қисса-дас-

тандар туған. 

Ағыбай бастаған қол жауды алмай қоймайтын 

болған. Ерлігіне ақылы сай батыр бастаған іс 

қашан да халық тілегінен шығып, жақсылықпен 

бітіп отырған. Сондықтан да ел оны «Ақжолтай ба-

тыр» атап кеткен. Ал, жауға шапқан сабаздар Абы-

лаймен  қатар Ағыбай атын  ұранға айналдырған. 

Қазақтың атақты импровизатор-ақыны Иса 

Байзақұлы тарихи жырында Ағыбайдың  қайсар 

тұлғасын былайша суреттейді: 



Ертеде болған екен ер Ағыбай, 

Ол кезде ер болмапты Ағыбайдай. 

Баяғы Кенесары заманында, 

Ерлігін көрсетіпті елге талай. 

Білмеген Ағыбайды ел болмаған, 

Тең келіп  қарсыласар ер болмаған. 

Үш жүзге даңқы кетіп Ағыбайдың 

Ол кезіп, ол бармаған жер болмаған... 

Кенесары бастаған  ұлт-азаттық көтеріліс 

өріс алған он жыл ауқымындағы патша 

әскеріне  қарсы ірі шайқастардың барлығына да 

Ағыбай  қазақ әскерінің дарынды да  қабілетті 

қолбасшысы бола білді. Көтеріліс аяқталғаннан 

кейін де Ағыбай Кенесарыға деген адалдығынан 

айныған емес. Кенесары мен Наурызбайдың 

құны деп Кәрібоздың басын 

алуы, Сыздық төремен бірге 

Түркістан соғысына  қатысуы 

соның дәлелі болмақ. 

Ағыбайдың кіндігінен 

Аманжол, Аманбай, Сопы, 

Дуана сынды 

ұрпақтары 

тараған. Батырдың шөбересі 

Тарғын ақсақалдың айтуынша 

Ақжолтай Ағыбай батырдың 

шешесі  Қойсана - тарақты 

Байғозы батырдың 

қызы. 


Қойсана бәйбіше Ағыбайға 

екіқабат күнінде көшіп келе 

жатқанда алты  қарақшы ізіне 

түседі.  Қолында бақаны бар 

Қойсана алтауын  ұрып түсіре 

береді. Жау бірін бірі сүйеп, 

жалғыз әйелден жеңілген 

соң біреуі тұрып: «Қайтайық 

бұл әйелдің күші емес, ішіндегі арыстанның 

күші ғой»,- деп жүріп кеткен. Ағыбай 1885 

жылы 83 жасында дүние салады. Батырдың 

күмбезі Сары-Арқаның Бетпақдаламен шек-

тескен жері Тайатқан-Шұнақ тауының жайла-

уында. Ағыбайдың атақты  ұрпақтары - Ыбыш, 

Ахмет, Абдрахман деген немерелері біраз жыл 

Сарыбұлақ болысын басқарған. 1913 жылы 

салық төлемеу үшін Ыбыш Аманбайұлы 

Қарқаралы уезінің бастығына Балқаш көлінен 

тірідей жолбарыс әкеліп берген. Аң-таң  қалған 

патша шенеуніктері мерт болған жолбарысты 

ортаға алып суретке де түскен. 

Батырдың 

ұрпақтары тәркілеу кезінде 

өктемдікке қарсы тұрып, Голощекин саясаты-

на көнбеген. Бетпақдала көтерілісіне  қатысқан 

Ағыбайдың немересі Жұмажан Сопыұлы НКВД 

өкілдерінің  қолынан  қаза тапты. Аманбайдан 

тараған Ағыбайдың немерелері - Ыбыш, Ахмет, 



Түсіпбек, Әбдірахман туралы «совершенно сек-

ретно» деген айдарымен НКВД мәліметтерінде: 

«...являются потомками известного в Казахской 

истории батыра Агыбая (сподвижник Кенеса-

ры), вследствие чего пользуются громаднейшим 

влиянием во всем Прибалхашье. Аул Аманба-

евых в период первой гражданской войны все 

время кочевал в степи и в нем находили приют 

все скрываюшиеся главари Алаш-Орды, как на-

пример: Дулатов, вплоть до издания декрета об 

амнистии алашинцев. В 1922 году у Аманбае-

вых скрывался известный деятель Алаш-Орды 

белый эмигрант Марсеков Раимжан. И в этом 

ауле пытался скрыться и бежать потом в Туркес-

тан Акпаев Жакип. Акмолинским отрядом ЧОН 

в том же году в ауле Аманбаевых был обнаружен 

склад оружия и боеприпасов» (Дело №154 «О 

конфискации хозяйства и выселении бая Аман-

баева Ахмета из пределов Четского района Кар-

каралинского округа»). 

Ағыбай бабамызга шежіре бойынша етене 

жақын туыстары: 30-ші жылдары әділет халық 

комиссары болған Сәдуақас Мәмбеев, көрнекті 

қазақ ақыны Нартай Бекежанов, халық суретшісі 

Сабыр Мәмбеев пен «Тұран» университетінің 

ректоры, экономика гылымдарының докторы 

Рахман Алшанов. 

Батырдың Аманжол  ұлынан тараған бел-

гілі  ұрпақтарының бірі шөбересі Бидаулет 

Өскенбекұлы.  Қазақстанның еңбек сіңірген 

мұғалімі Бидаулет Өскенбекұлынан дәріс алған 

шәкірттерден академиктер Серік  Қирабаев пен 

Әлия Бейсенова, ғылым докторлары Ғабдолла 

Құлқыбаев, Ақселеу Сейдімбеков, жазушы 

Софы Сматаев, халық әртісі  Қайрат Байбосы-

нов,  қоғам  қайраткері Жаманқұл Шайдаровты 

атауға болады. 

Еже Мәнжіұлы 

Ел ауызында: «Ағыбай батырдың ақылдысы 

Еже еді,  қисық ағаш жатпайтын  құрулы тұрған 

тезі еді» деп шұбыртпалының атақты биі, Ағыбай 

батырдың ақылгөйі Еже биге берілген бағасы. 

Ағыбай: «Шұбыртпалыны ел  қылуға Еженің 

әділдігі, Мамыттың байлығы себеп болды», - деп 

отырады екен. Сол заманның көп  құжаттарында 

жер мәселесі болсын, соғыс мәселесі болсын 

Еже бидің және Ағыбай батырдың  қолдарын 

көреміз. 

Кенесары көтерілісінде Еже би эрі елші, әрі 

би, әрі жауынгер міндетін атқарды. Ханның 

жарлығымен орыс жағымен де, өзбек жағымен 

де келіссөз жүргізді. Соғыс бітсе де 1855 жылы 

қазан айында Ағыбайдың тапсырмасымен Еже 

би  Қаратау жеріне Кенесарының балаларымен 

кездесуге барады. Заседатель Трусовтың Омбы 

губернаторына Фон Фридрихқа жолдаған ра-

портында: «...Чубуртпалинского рода бий Еже в 

числе 19-ти человек был Агыбаем послан в Ка-

ратав для осведомления о выгодах и состоянии 

тамошних волостей, кочующих с детьми Кене-

сары...», - деген екен. Бұл сапарға себеп болған 

қазан айының бас кезінде Кенесарының баласы 

Ағыбай батырға Жанқожа деген елшісін жі-

берген еді. Осы мәселе Трусовтың рапортының 

арқауы: «Приехал из Каратава от сына Кенесары 

ходжа по имени Джанходжа, с давних лет слу-

живший Кенесары, а потом семейству его. При-

вез к Агыбаю в подарок пистолет с серебрянной 

насечкой, собственно принадлежавший Касымо-

ву, в знак того, что сын Кенесары желает жить с 

ним так, как жил отец и просит со всем Чубурт-

палинским родом присоединиться к нему» (ЦГА 

РК, ф.345, оп.1, д.540, св.62). 

Ол кезде аты шығып жүрген әйгілі 

Кенесарының кенжесі Сыздық. Әкесінің жаугер-

шілік заманында  қорған болған шұбыртпалылар 

тағы да  қажет болғанға  ұқсайды. Сондықтан, 

Еже бидің  Қаратау сапарындағы басты мәселе 

- ел мен жердің жағдайын білу, Сыздық төренің 

орыс отаршылармен екінші соғыстың мән-жайы. 

Еже би басқарып барған 19 адамның ішінде талай 

қиын шайқастарда ерлік көрсеткен Кенесарының 

қанды көйлек жолдастары  Қошқарбай, Таңабай, 

Меңдыбай, Дулат, Шынбай батырлар болды. 

Еже бидің атақты інісі Төлебай батыр 1847 

жылы  Қырғыз Алатауында аса ерлік көрсетіп, 

Кенесарымен бірге  қырғыз манаптарының 

қолынан азаппен өлген. Нысанбайдың жырында 

Наурызбай: 



Дабылың асқан үш жігіт 

Шәкір, Жәуке, Төлебай! 

Ұмтылыңдар ерлерім, 

Жан-жағына  қарамай, - деп ұран салған еді. 

Төлебаймен  қатар ерлік көрсеткен  қыпшақ 

Шәкір батыр, төлек руынан шыққан Жәуке 

батыр. Еже  қырғыздың биі Телекмат арқылы 

бауырының сүйегін алған еді.  Қорланған 

мүрдесіне  қарап отырып жоқтау шығарған. 



Бетпақдаланың Тайатқан-Шунақ тауының 

етегінде «Еженің еспесі» деген жер бар. Бұл жер-

де өткен заманда Еже бидің басқаруымен осы 

аймақты мекендейтін арғын,  қыпшақ, жалайыр, 

алшын, тама, шеркеш, жағалбайлы руларының 

дау-дамайлары бітімге келіп, шешімін табады 

екен. Еже бидің  қазіргі уақытта аты аталмай 

қалса да, бірақ Арқаның, Шудың білетін аза-

маттары Еженің еспесі бойымен келе жатып 

аруақты бабамен амандасып  қол жаяды екен. 

«Еже би  қайтыс болғанда, жаназасын Шор-

танбай  қожа шығарған», - дейді халық. Еже 

бидің күмбезін Ағыбай батыр Бұқар жақтан 

адам алдырып, екі  қабат  қылып ішкі жағына 

құран аяттарын жазғызып, шығыс дәстүрімен 

салғызған. Арқада ең әдемі, шаңырағы кең Еже 

бидің күмбезі болып саналады. 

Еже бидін атақты  ұрпақтарының бірі, 

шөбересі Нағашыбай  Қожанов  Ұлы Отан 

соғысы кезінде  қырғыз мемлекетінде жауапты 

қызметте болған. Аштық жылдары қырғыз жері-

не келіп  қиындықтың дәмін татқан Нағашыбай 

үйсіз, күйсіз жүрген  қазақ туғандарын орна-

ластырып, жұмыс беріп, көмек көрсеткен еді. 

Бұл кісінің  ұлы Мәжит  қырғыз футболының 

мақтанышы, «Алға» командасының ең үздік 

қақпа  қорғаушысы, СССР - Бразилия футбол 

сайысында Лев Яшинге дублер болған. 



Бектемір Тоқпанұлы 

Бектемір Тоқпанұлы молда болған кісі. Жа-

угершілік заманда батыр атанған. Ағыбаймен 

сырлас, мұңдас болған адам. Ол 1810 - 1905 

жылдары өмір сүрген. Ағыбай батыр жөнінде 

көп деректерді Бектемір молда мен Шыңбай 

батыр 1900 жылы семейлік жазушы Түллік 

Титақұлына айтып берген еді. Халық: «Ағыбай 

батырдың Еже деген биі, Бектемір деген мол-

дасы, Айжігіт кәлпе деген көрегені, Дүйсембай 

деген палуаны, Сәтқозы деген серісі», - болған 

дейді екен. 

Бектемір молда ханнан да, батырдан да 

корықпайтын адам.  Қойыншытағай Еспай -

Бөденің Серігі болыс бір кезде абақтыға түскен 

адамды дүреге жығып, жерін, жесірін тартып 

алатын жуандардың бірі. Серікті Бектемір, Бек-

темірді Серік көрмеген, бірақ сырттан бірін-бірі 

біледі екен. Сарым Жанқұтты бидің үйіне кез 

болып жөн сұрасқанда, Серік кекетіп: «Әлгі 

Қаратаудан жаужұмыр артып келген Бектемір 

осы ма, оныңыздан бізге бар ма?» - дейді. Бек-

темір: «Иә, бар, екі  қоржын, бір  қап әкеп едім, 

Серікжан. Абақтыдан шықты деген соң шашуға 

екі  қоржынды шаштым,  қалған  қаптағысы 

бар, ауыз тиерсің» десе, Серік шамданып, ашу 

шақырады. Жанқұтты би араға түсіп: «Бұ кісі 

сіз ойнайтын кісі емес,  қоя  қойыңыз»,- деп 

тоқтатады. 

Қазы боп тұрған кәрсөн Көпбайдың үйіне 

Бектемір келіп  қонса иесі: «Молда біз  ұрлық 

істемейміз, бірақ, біреулер мал әкеп тастап ке-

теді, осы адал ма, арам ба?» - дейді. Сонда Бек-

темір: «Байдың дәу қаратөбеті бір бұралқы иттің 

аузында келе жатқан адамның  қиын көріп, гүр 

етіп  ұмтылса, бұралқы аузындағысын тастап, 

құйрығын бұтына  қысып кете береді. Олжаны 

қара төбет жейді. Сонда осы адал ма, арам ба?» 

- деп өзіне сұрақ қояды. Көбекең сонда: «Сізден 

енді шариғат сұрамаспын!» - деген екен. 

Бектемір өзі дәу мықты адам болған, Ағыбай 

батырға көнбейді екен. Батырдың өзі де: «Осы 

Бектемірден жай жүрейікші», - дейді екен. Бек-

темір молда соңғы ақтық сапарға Ағыбайды 

жөнелткен еді. Ағыбай ауырып, «Шұнақ» де-

ген жерде кіші бәйбішесі Шөкіжанның  қолында 

болады. Баласы Сопы жан-жаққа «Батыр ауру, 

ағайынмен  қоштасамын»,- дейді деп, елге ха-

бар жіберіп, жинайды. Ел жиналып отырғанда, 

Кенесарының не түрлі  қиын соғысында найза-

қаруларымен болған Бектемір молда батырдан 

сұрап: 


- Иә, батыр Ағеке, Сіз бізге кейін сөйлеп 

жүрерлік сөз  қалдырыңыз...  Қандай арманмен 

кетіп барасыз? - дегенде: 

- Иә, Бектемір, менде үш арман бар: біре-

уі - бұл сексен үшке келерімді білсем, баса 

қимылдар едім.  Қырғыз Алатауындағы шайқаста 

Наурызбайдың: «Ағке, Ағке!»,- деген жан дауы-

сы әлі  құлағымнан кеткен жоқ. Енді екіншісі -

тіршілігімде Көкбестінің еркімен басын жіберіп 

бір шаппадым...,- деген екен. 

Бектемірдің баласы Дүйсен Арқада ірі 

бай болған адам, Мақтабек пен  Қасенбек де-

ген  ұлдары болыс боп сайланған. Бектемірдің 

ержүрек немересі Еркебек Дүйсенұлы XX-

ші ғасырдың 30-ші жылдары  қазақтың әйгілі 

заңгері Жақып Ақбайұлымен кәмпескелеуге 

қарсы Бетпақдала көтерілісін басқарған. Ер-

кебек Дүйсенұлы НКВД әскерімен беттескен-

де Ақжолтай Ағыбай батырдың туын көтеріп 


соғысады екен. ОГПУ-дың мәліметтерінде: «Не-

давно я приехал из своей бывшей Беркаринской 

волости,- заявил Жакып Акпаев собравшимся, 

- искал среди населения единомышленников, 

которые сумели бы соорганизовать казахов на 

откочевку, но таких я на своей родине не нашел. 

Приехал вновь сюда подготовить почву. Эта поч-

ва подготовляется. Человек, который сумеет под-

нять казахов на выступление и повести за собой 

в Китай здесь нашелся - это Еркебек Дюсенов, 

он решительный и смелый. Я ему дал уже ука-

зание сорганизовать казахов Четского района, 

а также установить связь с другими районами» 

(Архив КНБ РК, д.06610, т.З, с.З). 

Бектемір молданың бейіті Тайатқан-

Шұнақта, жақсы сақталған. Бектемірдің бел-

гілі  ұрпақтарының бірі Дүйсенов Мәнтай 30-ші 

жылдары тәркілеуге  ұшырап,  қырғыз жеріне 

аударылған еді. Мәнтай ағамыз соғыс жылда-

ры  Қырғызстанның оқу министрлігінде жауап-

ты кызметтер атқарған, жоғарғы және орта оқу 

мекемелерің басқарған,  Қырғызстанның еңбек 

сіңірген мұғалімі. 

Қошқарбай Сарымырзаұлы 

(1805-1875) 

Қошқарбай батыр шұбыртпалының атақты Са-

рымырза бидің тұңғышы, Түркістан  қаласының 

датқасы болған Ханнаби Серкеұлының немере-

сі.  Қошқарбай Сарымырзаұлы туысы Ақжолтай 

Ағыбай батыр сынды бас батыр болмаса да, 

бірақ жаужүрек және аруақты батыр болған, ел 

аузындағы батырлық жырларда каһарман ретінде 

танылған. Кенесары хан  Қошқарбай батырды ер-

келетіп үкілі дулығасына  қарап «Үкілі батырым» 

деп атаған екен. Әйгілі «Ақжолтай Ағыбай батыр» 

атты тарихи жыр мына сөздерімен басталады: 

Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы, 

Белгілі сарбаздарын шұбыртқаны. 

Ағыбай,  Қошқарбай мен ер Бұхарбай, 

Бұларды соңына ерткен Кене ханы. 

Мал үшін бұлар ерлік  құрған емес, 

Салғаны жанды ортаға елдің  қамы. 

Бұл жырда  Қошқарбай ағасы Ағыбаймен 

және табыннан шыққан Бұхарбаймен - бас ба-

тырлар  қатарында тұруы тегін емес. Архив 

кұжаттарында  Қошқарбай батырдың Сейілхан 

сұлтанмен жүріп, орыс әскерімен соғысқаны 

жөнінде, Кенесары жарлығымен салық 

жинағандығы туралы деректер бар. 

Қошқарбай батыр 1875 жылы жетпіс жасында 

қайтыс болды. Бір жылдан соң,  Қошқарбайдың 

асына Ағыбай батыр келгенде ат шаптырыла-

ды. Бәйгенің алдындағы жігіттер «Ағыбайлап» 

ұрандап келе жатқанда төрде отырған Ағыбай 

«А,  құдайлап» ілгері жылжи берген екен, - дейді 

халық.  Қошқарбай батырдың бейіті Тайатқан-

Шұнақта, Күңгейғараның етегінде, Еженің еспе-

сінде тұр. Батырдың күмбезі жақсы сақталған. 

Қошқарбай батырдың атақты  ұрпақтарының 

бірі Бижамбек Турабайұлы. Бижамбекті халық 

Би-аға деп атаған. Ол біраз жыл шұбыртпалыда 

болыс управителі болған. 20-ші жылдары Би-

жамбек немере інісі Әбсеметпен өз  қонысында 

- Сарыбұлақта, Алаш  қайраткерлері Міржақып 

Дулатұлы, Райымжан Марсекұлы, Жақып 

Ақпайұлы серіктерімен келгенде,  қошаметпен 

қарсы алып, аса  құрметті  қонақ ретінде бірнеше 

ай күткен. Кетерде алаш азаматтарына бір-бір 

жүйрік ат мінгізген. 1922 жылы Ақмола ЧОН 

бастығы Дорошенко Бижамбек ауылын «совет 

үкіметіне  қарсы», - деп шапқан еді. Мұны есті-

ген Семейдің сот  қызметінде жүрген Міржақып 

Дулатұлы үкімет басшыларына шағымданған 

(ЦГА РК, ф.66, оп.1, д.41, с.87). 

Бижамбектің ерлік көрсеткен  ұлы Зекен 

ағамыз Рақымжан  Қошқарбаевтың полкын-

да жүріп, Рейхстагқа аттанған шабуыл топтың 

алғашқы  қатарында болған жауынгер. Соғыстан 

кейін Рахымжан ағамыз шұбыртпалының 

қызына үйленіп, біраз жыл Сары-Шағанда 

теміржол бойында істеген. Батырдың кіндігі-

нен тараған Киік ауылынан шыққан Ахметов 

Мұхтар. Ол 80-ші жылдары Жаңаарқа ауданын-

да спорт мектебінде бокстың жаттықтырушысы 

болған, СССР  қарулы күштерінің чемпионы. 

Әлем чемпионы Серік Нұрқазовпен бірге талай 

халықаралық жарыстарда  Қазақстанның намы-

сын абыроймен  қорғаған жігіт. 

Қошқарбай батырға немере туыс боп ке-

летін, аталас Нүркенов Асанды атауға болады. 

Нүркенов Асан Балтабекұлы 1969-1975 жыл-

дары Жамбыл облысының Мойынқұм ауда-

нында партия комитетінің екінші хатшысы, 

1975-1987 жылдары Сарысу ауданының пар-

тия комитетінің бірінші хатшысы болған еді. 

Жазылбек  Қуанышбаевты Социалистік Еңбек 

Ері атағына екі рет  ұсынып марапаттаған 

осы азамат.  Қазіргі уақытта жақсы істерімен 

көрініп жүрген Жамбыл облысындағы Луговой 



ауданының әкімі Нүркенов Бақытжан, сахна-

да халық әндерін айтып жүрген танымал  қазақ 

әншісі Майра Нүркенова батырдың  ұрпақтары. 

Таңабай Олжабайұлы 

Таңабай Ағыбайдың батыр інілерінің ішін-

де ен сенімді, жанашыр бауыры. Жорықтарға 

бірге аттанады екен. Бұған себеп бала кезі-

нен Ағыбай мен Таңабай бір шаңырақтан 

өсіп өнгендігі. Бектемір молданың естелігін-

де - Ағыбайға «...бірге туысқандар: Маңабай, 

Таңабай, Мыңбай... Таңабай әскердің ішінде-

гі үлкені,  қадірлі. Өзіне бөліп берген әскерге 

қолбасшы» - деп, зор  құрметпен атап өтеді. 

Таңабай батыр Кенесары әскерінде талай соғыс-

шайқастарда, жорықтарда Абылайдың туын 

құлатпай биік  ұстаған жүректі батыр. Тарихи 

жырда: 


Көтерді ала туын Абылайдың 

Биікте  қолында еді ер Таңабайдың, - деп ай-

тылады. 


1840 жылы 14 желтоқсанда қамаудан  қашқан 

Гаврила Першиннің хабарында Кенесары ор-

дасы жөнінде жан-жақты мәлімет беріледі. 

Першиннің айтуынша орыс әскерімен  қатты 

соғысқандардың ішінде: «...были важнейшими 

действующими лицами киргизы Чубуртпалин-

ской волости Магыбай (Ағыбай) и Танлыбай 

(Танабай), которые ныне находятся в Ташки-

нии» (ЦГА РК, ф.374, оп.1, д.162, с.595-599 об). 

Таңабай батыр  қалмақ  Қараберкенің  қызы 

Ақбөбекке үйленген. Зираты Шуда, Керегетас 

деген жерде. 



Меңдібай Малқарұлы 

Меңдібай батыр Ағыбайдың немере інісі, көп 

қанды шайқастарда ағасына «оқ тимесін, най-

за-қылыш тимесін»,- деп өзі бірінші боп жауға 

ұмтылады екен. Нысанбайдың жырында Нау-

рызбай  қазақ батырларына арнау етіп : 



Осындай  қиын жерлерде 

Тілеуді бергей бір  құдай! 

Сендер едің  қанатым -

Меңдібай, Дулат, Ағыбай, - дейді. 

Мендібай батыр жол білгіш, жол тапқыш 

адам болған. 

Қырғыз Алатауында 

қазақ 

әскерін  қоршаудан шығатын жолды тапқан осы 



Меңдібай. Бұл  қасиетін естіген ғалым Шоқан 

Уәлиханов Меңдібай батырды  Қытай сапары-

на шақырған еді. Меңдібай батыр немере ағасы 

Таңабаймен  қазақ керуенін  Қашғарға дейін 

жол көрсетіп, аман-есен елге оралды. Мұрағат 

қорында Меңдібай мен Таңабайдың сол сапар-

дан салынған суреттері бар. 

Меңдібай батырдың зираты Балқаш көлінін 

жағасындағы Мөйке деген жерде, Гүлшат 

қонысынан алты шақырым. Күмбездің орны 

ғана  қалды. 

Дулат Марқабайұлы 

(1810-1857) 

Ағыбай батыр соңына ерген батыр інілерінің 

ішінде асқан ерлігі, тапқырлығы үшін Дулат ба-

тырды ерекше бағалап жақсы көрген, ерке ғып 

ұстаған, - дейді шөбересі Серік Ісмақұлы. Ду-

лат батыр өте шапшаң, асқан найзагер, мерген 

болған. Соғыста астына мінген атына бірнеше 

жерден садақ оғы не найза тигенде найзасын 

жерге тірей  қарғып,  қатарындағы жаудың аты-

на мінгесіп, жауын аттан түсіріп, жау көлігімен 

ұрысқаны ел аузында көп айтылады. 

Бұл кісі екі әйелмен некелі болған - бәйбішесі 

қырғыз, бұғы руынаң, аты  Қалы, Олжабай 

мергеннің інісінің  қызы. Батыр 1857 жылы 

47 жасында жайлауда ауырып өлген. Зираты 

Ағадырдан елу бес шақырым Жоғарғы Қайрақты 

ауылына баратын күре жолдың жиегіндегі үлкен 

күмбез, жақсы сақталған. Бұл зират 1858 жылы 

Ағыбайдың басқаруыменен салынған. 

Дулат батырдың тұңғышы Нұршым халыққа 

танымал, сыйлы болған кісі. 1915 жылы Ақшатау 

мен Сарыбұлақ болыстарының жерлерін меже-

леуге қатысып әділдігімен танылған адам. Дулат 

батырдың белгілі  ұрпақтарының бірі Ісмақов 

Серікті атауға болады. Ол Жаңарқа ауданында 

Сәкен Сейфуллин атындағы совхозын ашуға 

қатысып, соны басқарған. 



Шынбай Арқабайұлы 

(1814-1910) 

Шынбай батыр талай шайқастарда зор ер-

лік  қөрсеткен адам. Ағыбай батырдың немере 

інісі. Жаугершілік жорықтары туралы естелік 

қалдырған. Деректі әңгімеге жол берелік. 

Кенесары  қолға «Сартқа шабыншылыққа 

жүреміз  қам  қылсын», - деп хабар  қылды.  Қол 

шеру тартып жол жүрді. Сарттар Кенесары  қол 

тартып келе жатқанын естіп, майдан шебіне 

жиналып тұрды. Бұл жағынан Кенесары кел-

ді. Екі  қол бірін-бірі аңдып тұрғанда, бір күрең 



арғымаққка мінген  қызыл жабуы бар, оң қолында 

найзасы, жанында 

қылыш-қанжары, сол 

қолында  қалқаны бар бір сарт: «Жекпе-жек», -

деп, айғай салып: «Өлтірсем -  қазымын, мен 

өлсем - шәйітпін», - деп тұрды. Күрең арғымақ 

секіріп астында тұрмайды. 

«Бұған  қарсы кім шығады? - деп тұрғанда 

Шынбай - мінгені Ағыбайдың Күзеулікері 

жайдақ, ер-тоқымы жоқ, астына салғаны  қостың 

түндігі,  қолында тоқал найзасы, жетіп келіп: 

- Ағеке, найзаңды бер. Мен шығамын, - деді. 

Сонда Ағыбай айтты: 

- Ей, Аусар, жаугершілік уақытта кісіге аспап 

бере ме екен? - дегенде, басына темірі жоқ тоқал 

найзамен сартқа  қарсы шауып бара жатқанда, 

Ағыбай шақырып алып, найзасын берді. Шын-

бай да, сарт та  қарсы шабысып, бір-біріне найза 

салысады. Сарттың найзасын  қағып жібергенде, 

найзасы жерге сынып түсті. Сартқа қылыш, най-

засын алғызбай, найзалап есін шығарғанда, сарт 

сырт айналып  қаша бастады. Өкпеден де, сырт-

тан да найзасын салғанда, тайып шыға берді. «Ау, 

мұның шарайнасы бар екен», - деп, сарттың көк 

желкесінен найза салып, сартты жерге  құлатып, 

астындағы күрен арғымақты іліп алып,  қайта өз 

қолына  қарай шапты. Сарт  құлаған соң, сүйекке 

таласа сарттар да, Кенесары  қолдары да шапты. 

Сарт өз сарттарына таяу жығылып  қалған екен, 

бұлар бұрын келіп сүйекті алып кетті. Шынбай 

өлген сарттың сүйегінде жұмысы жоқ, күрең 

арғымақпен әуре болып жүр. 

Кенесары, Наурызбай, Ағыбай сартты 

қашырып, бас  қосып тұрғанда, Шынбай күрең 

арғымақты Ағыбайға жетектеп келіп: 

- Мынаған мініңіз, - деп  ұсынды. Сонда 

Ағыбай айтты: 

- Ханға апарып тарт, - деп. Шынбай: 

- Ханы не? Мен өліп  қалсам, Кенесарының 

несі кетеді? - дегенде, Кенесары естіп, 

Ағыбайдан сұрады: 

- Бұл кім? - деді. Ағыбай: 

- Бұл менің аусар Шынбай деген інім, - деді. 

Кенесары: 

- Жарайды, балам, ешкімге берме. Мұндай 

ердің алғашқы олжасын өзіне берсең, екінші рет 

бата  қимылдайды - деп өзіне берді (ҚҒА ОҒК, 

1337). 


Шодыр Теңізбайұлы 

Кенесары-Ағыбай заманында Шодыр 

Теңізбайұлы әрі батыр, әрі би болған адам. Ке-

несары көтерілісінен кейін Шодыр шұбыртпалы 

атынан жер мәселесімен Ақмола басшылығына 

барған. «Преступник», «хищник» - деген 

сөздерге ашуланып, алып уезд бастығын бір 

жаққа,  қарсы келген губернатор өкілі Шоңды 

екінші жаққа лақтырып енді  қылышына  қолы 

тигенде жиналған халық әрен тоқтатқан. Ел 

оны «Шоңды жыққан Шодыр»- деп атап өткен. 

Тарихи өлеңде Шодыр былай суреттеледі: 



Шығыпты ертеде Шодыр батыр, 

Қол бастап жауға  қарсы тіккен шатыр. 

Омбыға Ағыбаймен барып, 

Жер үшін Ағекеңе берген ақыл. 

Шодыр батырдың бейіті Тайатқан-Шұнақта. 

Шұбыртпалының  құдайқұл-жантуғаннан тара-

ған Шодыр батырға аталас белгілі  ұрпақтары 

қатарында 

қазақ поэзиясының классигі 

Мұхтар Шахановтың әжесі - Дәмелі шешей-

ді, бұрын  Қазақ мемлекеттік политехникалық 

институтының ректоры, ВАК-тың басшы-

сы болған Әбдіғаппар Әшімовты, мемлекет 

қызметінде жүрген Махмұт 

Қасымбековты 

атауға болады. 

Хан Кененің ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, 

егеулі найзасын  қолға алып, шыбын жанын 

шүберекке түйіп,  қазақтың азаттығы үшін асқан 

ерлікпен ереуіл күн кешкен асыл бабаларымыздың 

батырлық жолын білу, оларға ілтипат білдіру, 

аруағына тағзым ету - ұрпақ парызы. 

Марат ӘБСЕМЕТОВ 

Жаңа Сарыарқа. - 2007. - №5. - 58-65 б. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Batyrlar -> Agybay batyr
Agybay batyr -> Орталық Қазақстан. 2001. 23 маусым. 14 б. Ақжолтай Ағыбай батыр
Kraeved -> Саттар туралы сыр
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Kraeved -> Аласұрған ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қан-сел болып
Agybay batyr -> Батыр баба □ тарихтан тағылым. БатырғА 200 жыл
Batyrlar -> Жидебай батыр Қожаназарұлының туғанына 300 жыл толу қарсанында жидебай батыр хақында

жүктеу 139.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет