Марал Зейнел-ҒабиқыЗы Қоңыр



жүктеу 2.81 Kb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата14.02.2017
өлшемі2.81 Kb.
  1   2   3   4   5   6

Издательство
«Северный Казахстан»

Петропавл қаласы 
2014 жыл
Марал  
Зейнел-ҒабиқыЗы
Қоңыр  
дәптер

УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Қаз)-5
З 42
Зейнел-Ғабиқызы М.
Қоңыр  дәптер.  /  М.  Зейнел-Ғабиқызы.  -  г.  Петропавловск:  
Издательство «Северный Казахстан», 2014 - 172 б.
isbn 978-601-7247-57-7
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист Марал Зей-
нел-Ғабиқызының  «Қоңыр  дәптер»  атты  кітабіне  қазақ  еліне,  туған 
жеріне деген, Егемен Қазақстан тәуелсіздігіне арналған өлеңдер, ұр-
пақ тәрбиесіне, адамның жан-дүние байлығы, адами асыл қасиеттер 
мен құндылықтар туралы терең ойлы өлеңдер, өмірбаяндық деректер 
және көптеген өмір көріністері енгізілген.
УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Қаз)-5
isbn 978-601-7247-57-7
© Издательство «Северный Казахстан», 2014
З 42

құсын іздеп шабытты самал жырдың. 
Жүрегіңде от болып жанар гүлдің. 
Сезім деген мөлдірдің көгілдірін, 
Көгілдірін сүйіпсің Марал құрбым!
Өнер болса өмірде - өнерлі озған. 
Дәптеріңді оқыдым өлең жазған... 
Жазушы Тоқтар Зикирин. 1974 жыл 

6
Өмірбаяндық деректер
Марал Зейнел-Ғабиқызы 1951 жылы шілде айының 23-жұл-
дызында Преснов ауданы (қазіргі Шал ақын ауданы) Ортақкөл 
ауылында, жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың отбасында дүни-
еге келді. Ауылда төртжылдық бастауыш мектепте оқыды. 
1962-66 жылдары Баян орта мектебінде оқып, сегізінші сы-
ныпты мақтау грамотасымен бітірген соң Қызылжар қаласын-
дағы  №2  мектеп-интернатта  оқуын  жалғастырды.  Ол  жастай-
ынан өлең-жыр, ән мен күйге құмар болып өсті. Мектепте оқып 
жүргенде әдеби кештерге, спектакльдерге, концерттерге белсе-
не араласты. 1967 жылы мектеп-интернат қабырғасында жүріп 
Мұхтар  Әуезовтың  «Абай»  трагедиясында  Ажар  ролін  орын-
дады.  1967  жылы  Қызылжар  қаласындағы  облыстық  №2  мек-
теп-интернатты аяқтап, ауылда клуб меңгерушісі болып еңбек 
етті. Арасында қой фермасында төл алу науқанына да қатысты. 
1970-76 жылдар аралығында Целиноград мемлекеттік медици-
на институтында оқып, дәрігерлік мамандық алып шықты. Ин-
ституттың  қабырға  газетіне  өлең  жазып  тұрды,  студенттердің 
«Қарлығаш» ансамблінің әншісі болды. Қоғамдық жұмыстарға 
ат салысты. 
1976-78  жылдар  аралығында  үшінші  қалалық  ауруханада 
интернатура өтті, сонымен қатар облыстық теледидарда диктор 
болып жұмыс істеді. 
Соколов  аудандық  орталық  ауруханасына  жолдамамен 
келіп, 20 жыл дәрігер бола жүре, 1980-1982 жылдары жолдасы 
Оспанов Абай Бейсембаевич екеуі отбасымен әскери қызметке 
шақырылып, Байкал-Амур магистралін салуға Қиыр Шығысқа 
аттанды. Жолдасы Абай Бейсембаевич - хирург - әскери дәрігер 
болып қызмет істеді. Өзі де 1982 жылдың 1 сәуірінен 10 қазанға 
дейін 38425 әскери бөлімінің №121 бөбекжай-балабақшасында 
фельдшер лауазымында еңбек етті. 
Марал  Зейнел-Ғабиқызы  Еліміз  Егемендік  алғаннан  кейін, 
1994-99 жылдары, Қызылжар аудандық мәслихат депутаты бо-
лып сайланып, түрлі мәселелерге өз пікірін ашық айтып, шешімін 
табуға ат салысты. «Қазақ тілі» қоғамының белді мүшесі болды. 
2000-2002 жылдар аралығында Қызылжар аудандық денсаулық 
бөлімінің  бас  маманы,  ал  2002  жылдан  бері  Қазақстан  Респу-
бликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 
Солтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  департаментінің  меди-
циналық-әлеуметтік  сараптама  бөлімінде  бас  маман  қызметін 
атқарады. Өмір бойы өз білімін толықтырумен болды, еліне қы-
рық  жыл  еңбек  етті,  оның  ішінде  отыз  үш  жыл  дәрігерлікпен 

7
айналысты. Сол жылдарда он рет білім жетілдіру курстарында 
оқыды:  Баку,  Ақтөбе,  Павлодар,  Алматы,  Қарағанды,  Астана 
қалаларында болып білімін көтерді және алған білімін қолдана 
да білді. Жемісті еңбегінің куәсі - алғыс хаттар мен грамоталар. 
Марал Зейнел-Ғабиқызының өмірі мен еңбектері туралы көпте-
ген очерктер мен теле-, радиохабарлар жасалынды. 
Негізгі  мамандығынан  басқа  сүйікті  ісі  -  шығармашылық. 
Жазған  өлеңдері  мен  мақалаларын  «Солтүстік  Қазақстан», 
«Көкшетау»,  «Северный  Казахстан»,  «Егемен  Қазақстан», 
«Маяк», «Қызылжар және қызылжарлықтар», «Ана тілі», «Не-
деля СК» газеттерінен оқуға болады. 2002 жылы Алматы қаласы 
«Ғылым» ғылыми баспа орталығында алғашқы өлеңдер жинағы 
«Қызылжарым»  жарық  көрді,  оқырмандар  жылы  қарсы  алды. 
2003  жылы  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  110  жылдығына  ар-
налған өлеңдер жинағы «Қызылжардан ескен леп» атты кітапқа 
бірнеше  өлеңдері  басылды.  2004  жылы  Петропавл  қаласында 
облыс ақын қыз-келіншектерінің «Бәйшешектер - Подснежни-
ки» атты шығармалар жинағы жарық көрді, оған орысша-қазақ-
ша бірнеше өлеңдері кірді. Одан соң, 2004 жылы, жазушы Зей-
нел-Ғаби Иманбаевтың 80 жылдығына арналған «Қалам қадірін 
ұстаған біледі» атты жинаққа да өлеңдері басылды. 2006 жылы 
Петропавл  қаласы  «Полиграфия»  баспасынан  «Сырлы  сезім» 
өлеңдер жинағы жарық көрді. 2006 жылы бір топ өлеңдері Қа-
зақстан Жазушылар одағының «Қазақ әдебиеті» газетіне басыл-
ды. Марал Зейнел-Ғабиқызы Қазақстан Журналистер одағының 
мүшесі. 2011 жылы әкесі, жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың 90 
жылдығы қарсаңында жазушының өмірі мен шығармашылығы 
туралы кітап «Жақсының аты өшпес» жарық көрді. 2013 жылы 
әкесінің «Балаларға арналған қызықты әңгімелер» атты кітабын 
құрастырып,  Петропавл  қаласында  бастырды.  Кәсіпкер  В.М. 
Семидоцких  «Богатырский  продукт»  кәсіпорнында  «Барон» 
макарон  бұйымдарының  қабына  «Елім  менің»  атты  өлеңінің 
екі шумағын басқан, 2008-2012 жылдарда, 50 жылға авторлық 
келісім берілді. Дүкендерде 600 граммдық макарон қапшықтары 
кездеседі. 
Марал Зейнел-Ғабиқызы 2006 жылы Астанада өткен Бірін-
ші  Халықаралық  әйелдер  конференциясы  -  Евразия  әйелдері 
Саммитіне облыстан барған он бес делегаттың бірі. Дүниежүзі 
әйелдерімен бірге әлемдегі, оның ішінде өз еліміздегі гендерлік 
саясатты талқылауға қатысты. 
Әлібек  Ғалеевтің  2006  жылы  шыққан  «Өмір  арнасы  ұрпақ 
жалғасы» атты кітабына мақаласы енді. Таңат Сүгірбаевтің 2008 
жылы шыққан «Ауылым аты - Баян» атты кітабына өлеңі мен 
мақаласы басылды. Ол туралы 2013 жылы басылған «Краса и 

8
гордость Северного Казахстана» кітабында мақала мен фотосу-
реті шықты. 
Марал Зейнел-Ғабиқызы үнемі қалада өтетін әдеби, мәдени 
шараларға  қатысады:  Қала  күні,  Наурыз  мерекесі,  Республика 
күні, кітап талдау тағы да көптеген қоғамдық жұмыстарға жиі 
ат салысады. 
Отбасында  жұбайы,  екі  ұлы,  төрт  немересі  бар.  Жұбайы  
Оспанов  Абай  Бейсенбайұлы  Туберкулезге  қарсы  күресу  дис-
пансерінде - бірінші санаттағы хирург, хирургия бөлімшесінің 
меңгерушісі болып істейді. Ұлдары - Айбар, Айдын. Немерелері 
- Асылхан, Айдос, Ердар, Асылжан - өсіп келеді. Екі келіні Гүл-
мира мен Көгершін әруақыт енелерін қолдап жүреді. 

Жан  
шуаҒы-Жүрек  
Жылуы

10
қоңыр дәптер
Қоңыр дәптер, қоңыр менің сырласым. 
Сезіміме куә болған мұңдасым. 
Бірде жылап, бірде шексіз қуанам, 
Мен анамнан адам болып туған соң... 
Қоңыр дәптер, қоңыр менің сырласым. 
Жақсылықты жаным менің жырласын. 
Беттеріңде қалып қойсын жыр-ғұмыр. 
Аппақ сезім ақтарылмай қалмасын. 
Өмір жәйлі ой толқытсам несі айып. 
Бір қайғырып, қуанышқа масайып. 
Ақындардың ауызына сөз салған, 
Жаратқан күш ғаламат қой, ғажайып. 
Қоңыр дәптер, қоңыр менің сырласым. 
Келешекте ой-пікірлер тыңдарсың... 
Білемін ғой, талғам-таным өзгеріп, 
Жалған дүние бір қалыпта тұрмасын... 
Қоңыр дәптер, беттеріңе із тастап, 
Өткеніме ой жүгіртіп көз тастап. 
Аманатым замандас пен ұрпаққа, 
Тек өзіңсің қалтыратын мен хаттап. 

11
Тәуелсіздік  
баянды болсын!
Тәуелсіздік жасай берсін, жасасын!
Қуанышым көңіл шалқып тасатын.    
Қазағымның маңдайына бақ қонып, 
Келді кезек жырдан шашу шашатын. 
Орындалды асыл арман, ақ тілек. 
Төбемізде көк байрақ тұр желбіреп. 
Ақ аспаннан нұры жауып Алланың, 
Жарылардай қуаныштан бұл жүрек. 
Аңсап күткен Тәуелсіздік таңы атты, 
Нұр-сәулесі санамызды оятты. 
Болашағы жарқын болып елімнің, 
Жер жүзіне жая берсін қанатты. 
Жетіп жатыр түбегейлі мақсаттар. 
Халқымыздың абыройы асқақтар. 
Туған тілдің мәртебесін көтеріп
Арайланып атар талай ақ таңдар. 
«Қазақ» деген «азат» деген сөз екен, 
Қазақ жері жерұйықтай бір мекен. 
Ата-бабам азаттықтың жолында, 
Намыс туын құлатпаған, бермеген. 
Жорықтарда бес қаруын асынған, 
Қаһарынан жау жасағы шошынған. 
Ақылымен, айласымен ел қорғап, 
Болдырмаған басқаларды басынған. 
Тәуелсіздік болсын мәңгі, баянды. 
Өткердік қой жақсыны да жаманды. 
Ашық аспан, ақ жол тілеп еліме, 
Жыр жазамын тербеп жүйрік қаламды. 
Желтоқсан. 2008 жыл 

12
Тәуелсіздік мейрамы  
құтты болсын!
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!
Желбіресін қазағымның байрағы. 
Қазақ елі күннен-күнге көркейіп, 
Гүлдей берсін ауылы мен аймағы. 
Тәуелсіздік! Егемендік! Азаттық!
Жер жүзіне жедел хабар тараттық. 
Қуанбаған ел қалмады біз үшін. 
Өзгелерді таң қалдырып қараттық. 
Тәуелсіздік - арманы бар халықтың. 
Жеткізбейтін жұлдызындай ғарыштың. 
Мәртебесін ұлтымыздың асырып, 
Қазақ Елін бар әлемге таныттың. 
Сан ғасырлар тілін, дінін жоғалтпай, 
Байтақ жерін басқаларға таптатпай. 
Ата-бабам сақтай білді біз үшін, 
Шекарадан хас жауларын аттатпай. 
Нұрлы далам, сырлы далам жаңарды. 
Бүршік атқан жауқазындай жасарды. 
Бұлбұл құсым жүрегімді тербетіп, 
Көңіл-күйім шат-шадыман тасады. 
Қазақ болып туғаныма қуанып, 
Тағдырыма тәубе айтып жұбанып. 
Шабытымды шақырамын мен бүгін, 
Жаратқан күш бізді қолдап тұр анық. 
Тәуелсіздік болсын бізге баянды!
Қызыр ата араласын даламды. 
Құт-береке орнай берсін Еліме, 
Күн шуағын төге берсін жеріме!

13
Тәуелсіздік күніне
Қазақ Елі - Егемен Ел - зайырлы!
Тәуелсіздік құтты болсын, қайырлы!
Бостандығы мәңгі болсын ылайым
Жоғалмасын салт-дәстүрі байырғы!
Тәуелсіздік - арманымыз арайлы. 
Аппақ нұры жүрегіме тарайды. 
Көкбөрінің көк байрағы желбіреп, 
Барша халық сүйсінумен қарайды. 
Абройы аса берсін Елімнің!
Бақ-дәулеті таса берсін Елімнің!
Гүлге оранып, қаласы мен даласы, 
Көз ұялтсын көркемдігі жерімнің!
Елімізде өнер-білім өрлесін!
Баршаңызға қазақ тілі дем берсін!
Мемлекеттің жаны - қазақ тілінде. 
Қазақстан - Қазақ Елі, біліңіз!
Тәуелсіз Ел - Қазақ Елі, жасасын!
Қуанғаннан тау суындай тасамын. 
Шаттанамын, еркелеймін Еліме, 
Елім үшін жырдан шашу шашамын!

14
Өз елімді қалармын 
Шолғыншыдай шолып шықсам жер бетін, 
Араласам төрткүл дүние төрт шетін, 
Елден ерек мегаполис қалалар, 
Ұмыттырмас ауылымның келбетін. 
Мүмкін айтар, кімге керек ауылың, 
Көзі қысық сенің қара бауырың?
Жан-жүрегім соларға тек езілер, 
Болғаннан соң кіндігім бір, тамырым. 
Елден жырақ ұзап шыққым келмейді, 
Көңіліме кірсін менің «жел» мейлі. 
Таңғажайып бөгде елдің мекені, 
Болмас маған өз даламдай мерейлі. 
Саяхаттап кетсем егер ел кезіп, 
Дәм татармын, отырармын бел шешіп. 
Болмас бірақ дәм-тұзымдай өзімнің
Қонағыммен бірге жеген кештетіп. 
Басқа жұрттың жақсы сөзін естісем, 
Бар жаныммен ән-күйіне елтісем, 
Қазағымды толғандырып, толқытқан, 
«Қарағымға» қалай ғана жеткізем?!. 
Аңсамаймын аралдарын Канардың, 
Дәмі тартса мен де бірде барармын. 
Таңда десе таңғажайып мекен-жай, 
Бақ-тұрағым өз Елімді қалармын. 

15
қызылжар туралы
«Қызылжар» деп атыңды қойған бабам, 
Тарихы бай, сәулетті көркем қалам. 
Төрінде Абылайдың Ақордасы, 
Үш жүздің басын қосып ұрандаған. 
Көшеңнен «Жібек жолы» басып өткен. 
Шаңдатып талай-талай керуен көшкен. 
Қасиетті топырағында Қызылжардың
Дарынды өнерпаздар жайған өркен. 
Қаламыз ерке Есіл жағасында, 
Сылдырап аққан баяу жар астында. 
Айнала майысқан тал қарағаймен, 
Көз тартқан ақ қайыңдар арасында. 
Қызылжар елдігімнің белгісіндей, 
Жоғалмас қазағымның үлгісіндей. 
Тасқа басып жазғандай атауыңды, 
Жүрегіне бар қазақ бір кісідей. 
Қызылжар - аманаты бабалардың. 
Кім білмейді осындай бір қала барын?
Жайнасын, жарқырасын күннен-күнге, 
Шет жүрсе асығады балаларың... 
Арман жоқ өз атыңды иемденсең. 
Елімнің картасынан орын тепсең. 
Әр қазақ шаңырағы шаттанады. 
Көтерілер менің де түскен еңсем. 
Көз тастар әрбір адам өткеніне, 
Болашаққа, асығып күткеніне. 
Сенемін ғасырларға куә болып, 
Қызылжар «Қызылжар» боп өтпегіне. 

16
қызылжарым
«Қызылжар» деп атамады қызылдар да. 
Атамайды мекеме, ұйымдар да. 
Әулиелер қолдамай қоя ма деп, 
Атамайды кішілер, ұлылар да. 
«Қызылжар» деп атаған аталарым. 
Беріп еді ұрпаққа баталарын. 
Аманатқа қиянат болары шын, 
Бақида тынши алмай бабаларым. 
Қызылжардың тарихи тастары бар. 
Тастарында жазылған аттары бар. 
Қаланың жүріп өтсең көшесінен, 
Көрінбес көздеріңе хаттары бар. 
Жүрегім қан жылайды, жаным күйіп. 
Жиырма жыл Егемендік алып тұрып. 
Тәңірдің ісіне мен таң қаламын, 
Осындай кереғарлық көріп тұрып. 
Кеудемде жүрегім бар «елім» деген. 
Елі үшін талай адам жанын берген. 
Мен де сол аталардың ұрпағымын, 
Ел қорғап жау шапқанда көз ілмеген. 
Жау іздеп көзімді мен алартпаймын. 
Жанымды түйткіл сөзге ауыртпаймын. 
Ел аман, жұрт тиыш боп жүре берсе, 
Мадақтап асыл сөзді сабақтаймын. 
Бар халық ел мүддесін ойласа тек, 
Түйнегі шешілмеген шешілер ме ед?
Қызылжар өз атына ие болып, 
Алланың нұры жауып шаттанар ма ек?
О, жұртым, аман болғын әруақытта!
Көңілдің көкжиегін мұнарлатпа. 
Жарқын күн, жарық аспан аясында, 
Жетерміз біз де бір күн сол уақытқа! 

17
Тілегім менің
Баршаңызға тілейтінім жақсылық, 
Жақсылықтар бұл өмірде баршылық.
Ең алдымен аман болып отбасы, 
Алла берсін деніңізге саушылық. 
Үміт-арман жетелесін бізді алға, 
Жетелесін биік-биік шыңдарға. 
Еңбек етіп, талмай, шаршап, қажымай, 
Абыроймен аттаңыздар жылдарға. 
Өмір-өзен аға берсін тоқтамай, 
Жүріңіздер өкпе-назды сақтамай. 
Бір-біріңді құрмет тұтып, шын сыйлап, 
Адалдықтың аппақ жібін аттамай. 
Тілеймін мен ұзақ ғұмыр баршаңа, 
Қиындықтар кездессе де қаншама. 
Бастарыңа қонсын келіп бақ құсы, 
Жақсылықты күтуден еш шаршама. 
Өмір сүру оңай емес, әрине, 
Қиындықтың төзу керек бәріне. 
Күш-қайратты жиып, кысып уысқа, 
Жету парыз жақсылықтың төріне. 
Жер бетінде аз ба, көп пе жүрсек те, 
Разы болып шаттанып шын күлсек те, 
Ізгіліктің қалсын ізі өшпейтін
Одан артық ештеңе жоқ білгенге. 
Жер жаҺанда жалғассын тек тіршілік. 
Аспанымда тұрсын алтын Күн күліп. 
Өсе берсін, өркендесін Еліміз, 
Жүректерде тұрсын әр кез сыр тұнып. 
24.07.2009

18
қазақ тілі - елімнің ертеңі 
Қазақ халқы тілден майын тамызған. 
Баға жетпес шешендігі дамыған. 
Құдіретін көркемсөздің ұғынып, 
Көркемсөзге құдайындай табынған. 
Қазақ тілі түркі елінің мәйегі. 
Сөзімнің бар дерегі мен дәйегі. 
Талай ғасыр тазалығы сақталып, 
Бола білген еліміздің тірегі. 
Ата-бабам тілмен шешкен дауларын. 
Тілмен жеңген кей уақытта жауларын. 
Тас жармаса, бас жаратын сөзімен, 
Жүрген жоқ па аласартпай тауларын. 
Асқақтаған әнімен де сәнімен, 
Болашағын ойлап әркез әріден, 
Намыс туын желбіретіп, құлатпай, 
Қазақ халқы келеді алда бәрінен. 
Көкіректе жүрегіміз лүпілдеп,  
Жанып тұрса «тілім, дінім, халқым» деп, 
Болашағым жарқын болмай қайтеді, 
Елім тыныш, күнім тұрса күлімдеп. 
Әр отауда жарық көрген нәресте, 
«Ана тілім - қазақ тілі» демесе, 
Өзгелермен, өзге елмен, әлбетте, 
Тұра алмаспыз тереземіз теңесе. 
Қазақ тілін ғасырларға жалғасақ, 
Әр сөзінің мағынасын талдасақ, 
Ұрпақтардың санасына сіңіріп, 
Оқытуға, үйретуге талмасақ. 
Қазақ тілі - Қазақстан тірегі. 
Қазақ тілі - қазақтардың жүрегі. 
Қазақтарды Қазақстан халқының, 
Барша халық ұйтқысы деп біледі. 

19
Артық емес басқа тілді білуге
Дүние танып, ел қыдырып жүруге. 
Қанмен сіңіп, сүтпен бойға даритын, 
Ана тілісіз болмайды өмір сүруге!

20
Туған жерге сағыныш
Қандай ыстық жанға жақын туған ел. 
Көк шалғынды жасыл жайлау алтын бел. 
Жұпар жұтып төскейінде аунасам, 
Сергітеді, сейілтеді салқын жел. 
Көз алдымда айдын шалқар көлдерің. 
Аңсап суын бұлақтардың шөлдедім. 
Қиыр Шығыс, Қап тауын да аралап, 
Сенен артық, сенен асыл көрмедім. 
Қайда жүрсем сағынамын өзіңді, 
Аялаймын суытпай сол сезімді. 
Аңсаймын мен артта қалған алаңсыз, 
Келте бұрым, кекілді бір кезімді. 
Іздеймін мен асыл әкем іздерін, 
Ғұмырының жарқын жазын, күздерін. 
Ізгі істері сайрап жатса жолында, 
Қалай маған іздерімен жүрмегін?
Ата-бабам арманына жеткен жер. 
Кірін жуып, кіндік қаны кепкен жер. 
Талай ғашық махаббатқа мас болып, 
Алаулатып бақыт отын өткен жер. 
Туған жерім, мен өзіңнің бір балаң. 
Көз алдымда гүл жазира кең далам. 
Еркімнен тыс көздеріме жас алып, 
Сағынамын, сарғаямын, қиналам. 
Ыстық маған ауылымның баласы, 
Ақсақалды көнекөз қарт данасы. 
Ошағының оты өшпесін ешқашан, 
Гүлдей берсін дархан, дара даласы!

21
ата заңым, ардақтым
Қазақстан - оттан ыстық Отаным!
Бауырыңда ойнақтаған ботаңмын
Елім десем, ет жүрегім елжіреп, 
Өз тілімнің бал-шырынын татамын. 
Ата заңның аясында еркінмін. 
Сәні кірді бөркімнің де, көркімнің. 
Ұлттық сана, өнер, білім өркендеп, 
Қайда барса жолы ашық әркімнің. 
Қуанамын әр бір атқан таңыма, 
Жыр құйылып, ән орнайды жаныма. 
Сүйсінемін жер жәннаты жеріме, 
Қайсар мінез, қажымайтын халқыма. 
Төбесінде кең даламның көлбеген
Желбіресін көк байрағы желменен. 
Алтын заңы - ата заңы әрқашан
Бақ сынасын терезесі теңменен. 
Азат елдің алтын заңын құрметтеп
Өту бізге өмір бойы болсын серт. 
Жаратқанның шапағаты мол болып, 
Жүректерге нұр-сәулесі толсын тек. 
Ата заңым - Елдігімнің белгісі, 
Қазағымның қасиетті болмысы. 
Ата заңым ақыл-ойдың жемісі, 
Таба алмайсың кем-кетігін, олқысын. 
Күн астында, жер бетінде еркінмін, 
Еркін елде арманы жоқ ешкімнің. 
Атқан таңға қуанамын шаттанып, 
Ерке қызы сезінемін халқымның. 
Жан аямай еңбек етіп келемін. 
Туған жерде желдей есіп, желемін. 
Бақыттымын, алаңсызбын сәбидей, 
Ертеңіме күмәнім жоқ сенемін. 

22
Сөз бастаймын, жасқанбаймын, сайраймын, 
Қорқып-үркіп көңіліме алмаймын. 
«Тура биде» туыс жоқ қой қашанда
Сөз келгенде іркіліп мен қалмаймын. 
Соның бәрі - Ата заңның аясы, 
Бар халыққа қамқорлығы саясы. 
Өсе берсін мәртебесі елімнің, 
Өсе берсін қазағымның баласы!
Қызыр келіп, бақыт қонсын басына, 
Ғұмыр берсін кәрісіне, жасына. 
Ата заңның әр бір сөзін ардақтап, 
Сай болайық Қазақ елі атына!

23
наурыз жыры 
Наурыз айы жетті бізге сағынтып, 
Қысқы аязды еш қиынсыз бағынтып. 
Күледі күн сәуле шашып аямай, 
Тіршілікті бір өзіне табынтып. 
Күн шуағы қуат берген әлемге, 
Шабыт шалқып, арқау болған өлеңге. 
Қимасы ғой жарық дүние адамның, 
Бермес ешкім жұмақтағы жүз күнге. 
Наурыз айы - көктемнің ол жаршысы. 
Тойлайды оны жер шарының жартысы. 
Бейбіт өмір орнап бүкіл әлемге, 
Болмасын деп ел мен елдің тартысы. 
Жер бетінде Азаттықты аңсаған, 
Аңсағаннан қан төгіліп, жас тамған. 
Жаңа жылда еркіндікке қол жетіп, 
Талай елге теңдік берсін Жасаған. 
Дүниеде аш-жалаңаш болмасын. 
Барша адамзат бірін-бірі қолдасын. 
Қазағым ба, әлде неміс, орыс па, 
Бір-біріне аппақ тілек жолдасын. 
Көрік берсін көктем біздің көңілге, 
Бәйшешектен шашу шашып өңірге. 
Қараторғай, қарлығашым оралып, 
Аққу-қаздар қонсын келіп көліме. 
Ақ жол болсын, ақ мол болсын ылайым. 
Жақсылыққа бастай берсін құдайым. 
Шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын. 
Өмір қысқа, жоғалтпайық шырайын!

24
Желтоқсан батырларына
(Нәбижан Бәйтековқа)
«Қазағым» деп Алатаудың асқар шыңын жаңғыртқан. 
Жүректері аттай тулап, басқа шапқан қызыл қан... 
Намыс оты лаулап жанып, жанарлары жарқылдап, 
Үстем ұлтты таң қалдырып, есін алып шошытқан. 
Еркіндікті, бостандықты, азаттықты жақтаған. 
Әділеттің ақ жолынан таймай алға аттаған. 
Ата-бабам аңсап күткен жалаулатып арманын, 
Мыңдаған жас қыз-жігіттер ана сүтін ақтаған. 
Желтоқсанның көк аязын жүрегімен жылытып, 
Оттай ыстық ықыласпен көктайғағын ерітіп. 
Жарқын жүзді, ақ көңілді, өрімдей жас өрендер, 
Жол көрсетті болашаққа көрмейтін еш кемістік. 
Желтоқсанның батырлары - Егемен Ел ерлері. 
Ұмытылмайды әрқайсының каһармандық еңбегі. 
Ширек ғасыр өтті, міне, қасыретті күндерге, 
Офат болған қыз-жігіттер Егемендік көрмеді... 
Желтоқсанның батырлары - мақтанышы Елімнің!
Иелері, киелері салтанатты төрімнің! 
Жаны таза, ары таза, рухы биік қазақтар, 
Орын алған шоқжұлдыздай көгінен әр көңілдің!
2011 жыл

25

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 2.81 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет