«мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының ерекшелігі



жүктеу 23.63 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.06.2017
өлшемі23.63 Kb.

«МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» 

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 

  

       Білім    беру    бағдарламасының    мақсаттары    мен    міндеттері.  Білім    беру  бағдарла-

масының негізгі мақсаттары:  

        1.  Болашақ    «Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өңдіру  технологиясы»  мамандардың   

негізгі  кəсіптік  құзіреттіліктерін қалыптастыру;  

        2.  Экспериментті,  оның    барлық    кезеңдерінде    өткізу    шеңберінде    оқушылардың   

өзіндік ізденіс-зерттеу қызметі үшін алғышарттар құру;  

        3.  Ғылыми-техникалық  ақпаратпен  жұмыс  істей  білу,  кəсіптік  қызметте  отандық  

жəне шетелдік тəжірибені қолдану, алынған ақпаратты жүйелеу жəне жалпыландыру.  

        Мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу керек:  

        - Инновациялық білім беру ортасын құру;  

        - Білім беру кеңістігін кеңейту;  

        - Ғылыми жұмысқа дарынды жастарды қатыстыру;  

        - Оқытылатын тілдер спектрін кеңейту мақсатында көптілді білім беруді дамыту;  

        - Барлық кадрлық потенциалдың кəсіптілігін дамыту.  

        Білім  беру  бағдарламасының  жалпы  сипаттамасы.  «Мал шаруашылығы өнімдерін 

өндіру  технологиясы»  мамандығы  бойынша  мамандарды  дайындау 3 бағытта  жүзеге 

асырылады: бакалавриат, магистратура жəне докторантура.  

        5В080200-«Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  мамандығы 

бойынша кадрларды дайындау 2008 жылдың «2» шілдесіндегі АБ  №  0062189  (мерзімсіз)  

мемлекеттік    лицензия    негізінде    Қазақстан  Республикасының    Білім    жəне    ғылым  

Министрлігінің    Бақылау    жөніндегі    Комитетінің 2010 ж.  «03»  ақпандағы      №168  

бұйрығына  сəйкес  мемлекеттік  жəне  орыс  тілдерінде жүзеге асырылады.  

        6М090700-«Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  мамандығы  

бойынша    кадрларды    дайындау  2008 жылдың «2» шілдесіндегі  АБ    №  0062189  

(мерзімсіз)  мемлекеттік    лицензия    негізінде    Қазақстан  Республикасының    Білім    жəне  

ғылым  Министрлігінің  Бақылау  жөніндегі  Комитетінің 2010 ж.  «03»  ақпандағы   №168    

Бұйрығына  сəйкес  мемлекеттік  жəне  орыс  тілдерінде жүзеге асырылады.  

         6D080200-«Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  мамандығы  

бойынша    кадрларды    дайындау  2008 жылдың «2» шілдесіндегі  АБ    №  0062189  

(мерзімсіз)  мемлекеттік    лицензия    негізінде    Қазақстан  Республикасының    Білім    жəне  

ғылым  Министрлігінің  Бақылау  жөніндегі  Комитетінің 2009 ж.  «01»  шілдедегі   №881    

бұйрығына  сəйкес  мемлекеттік  жəне  орыс  тілдерінде жүзеге асырылады.  

          6М080200 (6D080200)–«Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  

мамандығының  оқу  жұмыс  жоспары  мамандандырылуға бөлінбейді.  5В080200–«Мал 

шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  мамандығының    оқу    жұмыс    жоспары  

екі  білім  беру бағдарламасынан тұрады:  

         1. Ауыл шаруашылығы малдарын асылдандыру жəне көбейту;  

         2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жəне өңдеу технологиясы.  

         Білім    алу    аяқталғаннан    кейін    бакалавр    түлектеріне    5В080200-«Мал 

шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  мамандығы    бойынша    қызметтер  

саласындағы    бакалавр    –    академиялық    дəрежесі,  магистратура - 6М080200–«Мал 

шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»  мамандығы бойынша ауылшаруашылық 

ғылымының  магистрі  академиялық  дəрежесі  жəне  докторантура  6D080200–«Мал 

шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  мамандығы  бойынша – философия 

докторы (PhD) ғылыми  академиялық дəрежесі беріледі. 

         Біліктілік    сипаттамасы.  «Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы»  

мамандығының    бакалавр    жəне    ауылшаруашылық  ғылым  магистрлері  мен PhD 

докторларының    кəсіптік  қызметінің  салалары  мыналар  болып  табылады:  мал 

шаруашылығында  селекция  жəне  генетика,  асылдандыру  жұмысы  мақсатында  малдарды 



бағалау  əдістері  жəне  іріктеу,  селекциялық  асылдандыру  жұмысын  жүргізу,  малдардың 

жаңа  тұқымдарын  жəне  тұқым  ішілік  тиіптерін  шығару,  мал  шаруашылығы  өнімдерін 

өндіру,  əртүрлі  жеке  шаруашылықтарда  мал  өнімдерін  алғашқы  өңдеу  жəне  өндірілген 

өнімді  өткізу  жұмыстарын,  ауыл  шаруашылығы  малдарын,  құстарды  көрмеге  жəне 

аукциондарға  шығару,  асыл  тұқымды  малдарды  экспорттау  жəне  импорттауды 

ұйымдастыру.  Педагогикалық  жəне  ғылыми  қызмет  (ғылым  магистрлері  мен PhD 

докторларға).  

         Бакалавр,  магистр  жəне PhD доктордың    кəсіптік    қызметінің    нысандары 

Мемлекеттік мекемелер: 

         Ауыл шаруашылығы Министрлігінің əртүрлі өсіретін шаруашылықтар кемелер жəне 

асыл  тұқымды  зауыттар,  зоопарктер,  ғылыми  зертханалар,  қорықтар,  мал  шаруашылығы 

бағытындағы мекемелер жəне кəсіптік-техникалық  орта жəне жоғарғы оқу орындары.   

         -  ауыл  шаруашылық  асыл  тұқымды  жануарлардың  барлық  түрі,  құстар,  балықтар 

жəне аралар. 

         -  білім  беру:  ЖОО  жəне  басқа  да  мемлекеттік  жəне  меншікті  кəсіпорындардың  

бағдары бойынша биология  жəне технологиялық пəндерінен сабақ беру; 

         - əдістемелік: білім беру жүйелерінде маман  ретінде жұмыс атқару;   

        Жұмысқа орналасу келешегі:  



  Аталған  білім  беру  бағдарламасын  игерген  бакалавр-түлектер,  асыл  тұқымды  мал 

шаруашылығы  бойынша  Мемлекеттік  инспекциясы  ұйымы  жəне  асыл  тұқымды  жəне 

тауарлық  шаруашылықтарда  зоотехник-селекционер  ретінде  жұмысқа  орналасуда 

үстемдікке иеленеді.  

  Ауыл  шаруашылығы  бакалавры:  дəрежесін  алған  түлектер  оқуды  магистратура    жəне  

докторантурада  жалғастырып,  кейін    ауылшаруашылығы    магистрі  жəне  философия 

ғылымдарының  докторы  дəрежесін  алу  үшін  диссертациялық  жұмыс  қорғау  мен  қатар 

мемлекеттік  ұйымдарда  жұмыс  атқаруға,  ЖОО  жəне  басқа  да  мемлекеттік  жəне  меншікті 



кəсіпорындарда.    

 

 


жүктеу 23.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет