Мал бордақылау алаңдары сұра ныс тың локомотиві рөлін атқарады, ал



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата11.03.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

оралды. Бұл  білім сайысына 

әлемнің 20-дан астам елдерінің 

үздік оқушылары қатысты. 

«Дарын» республикалық 

ғылыми-тәжірибелік 

орталығының мәліметінше, 

есепке жүйрік білімді балалар 

қатысқан арнайы сынақ 

барысында Талдықорған  

қаласындағы № 20 лицейдің 

оқушысы Нұрсұлтан 

Қажымұқанов үздік нәтиже 

көрсетіп, олимпиаданың алтын 

медаліне қол жеткізген.

Елордадағы Өнер 

университетінің ұжымы Ұлы 

Жеңістің 65 жылдық мерейтойы 

аясында өңірлерге жасаған 

арнайы гастрольдік сапарын 

аяқтады.

Жеңіс мерекесі күні  

Қазақстанның Венадағы  

елшілігінің ұйытқы болуымен,  

Австрияда Ұлы Отан  соғысы  

жылдары ел аумағында    

шайқасқан және қаза  тапқан 

қазақстандық жауынгерлердің 

рухына  арналған  Батыс 

Еуропадағы алғашқы  

мемориалдың ашылу салтанаты 

ұйымдастырылды.

СЫНАҚ


ШАР

А

ТАҒЗЫМ



«Көктемгі Алматы» деп аталатын халықаралық орган 

музыкасы фестивалі араға бес жыл салып жалғасын тапты. 

Кәсіби музыка мерекесі соңғы рет 2005 жылы Жамбыл 

атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимараты 

жөндеу жұмыстарына жабылардың алдында өткен болатын. 

Мамырдың бесінде басталып, 25-іне дейін созылатын биылғы 

төртінші фестивальге еліміздің органшыларымен бірге Грекия, 

Германия, Польша және Ресейдің өнерпаздары да қатысып 

жатыр.

КӘСІБИ МУ

ЗЫК

А

Мемлекеттік филармония ғимаратына 



былтыр соңғы ширек ғасырда тұңғыш рет 

күрделі жөндеу жүргізілген болатын. 120 

орындық камералық зал, репетициялық, 

VIP және әкімшілік залдар, холл мен ин-

же нерлік жүйелер жаңартылған еді. Ең 

бас тысы, филармонияның жүрегі са на ла-

тын орган залы қазіргі заманға сай өзгеріп 

шы ға келді. Сахна төріндегі негізгі му зы-

ка лық аспап ауыстырылып, залдың акус-

ти касы жақсарды. Мұны орган музы ка сы-

ның ат төбеліндей табынушылары жоғары 

ба ғалап үлгерді. Осындай жетістіктің нә-

ти 

жесінде «Көктемгі Алматы» дәстүрлі 



орган фестивалін қайта жалғастыруға 

мүм кіндік туды. Биылғы музыкалық кеш-

тер бағдарламасына Қазақстаннан халық-

ара лық байқаулардың дипломанты Ве не-

ра Сейтбатталова, Грекиядан Алматыда 

туып-өскен жас талант Иоанна Со ло мо ни-

ду, Польшадан ғалым-музыкант Йозеф 

Се рафин, Германиядан халықаралық бай-

қау лардың жүлдегері Маркус Айхенлауб 

жә не Ресейден танымал педагог-музыкант, 

РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері 

На талья Малина қатысады. Фестивальдің 

ашы луында Құрманғазы атындағы Қазақ 

ұлт тық консерваториясының оқытушысы 

Ве нера Сейтбатталова өнер көрсетті. «Төр-

Классиканың оралуы

тін ші фестивальді ашу – мен үшін үлкен 

құр мет. Бұл фестивальге ең алғаш студент 

ке зімде қатысқанмын. Енді міне, шәкірт 

тәр 

биелейтін оқытушы ретінде концерт 



бе ріп жатырмын. Келешектегі жоспарым 

– алыс-жақын шетелдерде өнер көрсету», 

– дейді Венера. Орган фестивалінің әр 

кон цертінің арасында бес күн үзіліс бар. 

Ве 

нерадан кейін органда ойнау кезегі 



Иоан на Соломонидуға бұйырды. Ал ма-

тыда туып-өсіп, кейін Грекияның Салоники 

қа ласына фортепиано бойынша білім ал-

ған 23 жастағы Иоанна биыл Құрманғазы 

атын дағы  Қазақ  ұлттық  консер ва то рия сы-

ның магистратурасын тамамдайды. Авс-

трия мен Италияда халықаралық бай қау-

лар да көзге түскен жас пианист биыл тұң-

ғыш рет органды бағындырды. Қа зақ стан-

ның еңбек сіңірген әртісі, қазақтан шыққан 

тұң ғыш органшы Ғабит Несіпбаевтың шә-

кір ті өзінің 1,5 сағаттық концертінің ал-

ғаш қы бөлімінде Ф.Тундер мен В.Любектің 

хо ралды фантазияларын, Д.Букстехуденің 

фа-диез минор және Н.Брунстің соль-ма-

жор прелюдияларын орындады. 

Қа ра па йым  оқырмандар  үшін  айта 

кетейік, ор ган – біздің дәуірімізге дейін пай-

да болған өте ежелгі пернелі-үрмелі күр делі 

музыкалық ас пап. Алып күйсан ды қ тан әдемі 

әуеннің құй қылжуы саусақ пен аяқ қи мыл-

да рының  ше берлігіне  тә уел ді.  Орган  ба рок-

ко  мә де ние тінің  негізгі  ай шық тарының  бірі 

бол ды.  Иоан на  орын да ған  еркін  формалы 

ша ғын шы ғармалар мен көпдауысты му зы-

ка лық пье салар сол ежелгі Батыс өркениетін 

көз ал дыңа әке леді. Көне классикалық шы-

ғар  малар легі концерттің екінші бөлімінде 

де жалғасты, мұнда әйгілі И.С.Бахтың ор-

ган  ға арналып жазылған туындылары ой-

нал  ды. Кешке жиналған өнерсүйерлер жас 

ор ганшыға қошеметпен қол соқты. «Ор ган 

за лында жалғыз өзім ойнағаныма ри замын. 

Зал  дың ықыласы ерекше болды. Бү кіл ғұ-

мы  рыма  жетерлік  әсер  ал ған даймын.  Мұ-

ның ал дында фортепианода ой найтынмын, 

ор  ган мүлдем басқа аспап. Сон дықтан жү-

рек  сінгенім рас», – деді сах на сыртына құ-

шақ-құшақ гүл арқалап шық қан Иоанна Со-

ло мониду. 



Ғабит НЕСІПБАЕВ, 

ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Иоанна өте дарынды жас, бірақ 

тәжірибесі аз, алар шыңы әлі алда бо-

ла тын. Сол себепті органдағы алғашқы 

кон церті үшін біраз сескендік. Дегенмен 

се німімізді ақтады. Мен ізімді басып 

ке ле жатқан органшылар тобының кә-

сі би деңгейлерін шыңдауы үшін осын-

дай фестивальдердің маңызын ерекше 

атап өтер едім. Венера мен Иоанна 

сияқ ты таланттар қазақ орган мек те бі-

нің даңқын әлемге танытатынына се-

нім дімін. Бұл екі шәкіртіміздің шеберлігі 

әлем 

дік деңгейдегі органшылардан 

кем емес.

Аян СҰЛТАНҒАЛИЕВ, 

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік 

филармониясының бас директоры:

– Филармония ғимараты жөндеу 

жұ мыстарына жабылған кезде фес ти-

валь біршама уақыт өтпей қалды. Бірақ 

бұл кезде біз дайындықты күшейттік. 

Ен ді ол әр жыл сайын тоқтаусыз өтіп 

тұр мақ. Фестивальдің қатысушылары 

кө бейіп, бағдарламасы кеңеймек, кон-

церт терінің мазмұны алуандана түсетін 

бо лады.   

«Көктемгі Алматы» халықаралық орган 

фес тивалі ресейлік музыкант Наталья Ма-

ли 


наның концерттік бағдарламасымен 

жа  былады.  Фестиваль  бағдарлама ла ры-

ның кестесін www.philharmonic.kz сай-

ты  нан  көруге  болады.

ӨРКЕНИЕТ

Түбі тесік шелекке жидек терген қандай болады? «Тек ақымақ 

қана солай етпесе...» деп күліп отырған шығарсыздар? Бірақ егер 

қолыңыздағы шелектің түбі тесік екенін білмесеңіз ше?.. Еңбектің – 

еш, тұздың сор болғанын сонда көрер едіңіз. Дәл осындай жағдайды 

бүгінде біздің елімізде орындаушылар бастан кешіп отыр. Бойындағы 

бар өнері мен қалтасындағы бар қаражатын салып ән жаздырып, клип 

түсіреді, ал оның ақысы өтеле ме? Өтелер еді-ау, егер «қарақшылар» 

болмаса... Егер құқығын қорғап, ақысын айырып беретін құзырлы орын 

болса. Ендеше, сүйінші! Ендігі жерде орындаушылардың «оққағары» 

бар, яғни әнші-продюсер Қыдырәлі Болманов осы мәселенің 

соңына шырақ алып түсіп, ақыры «Демеу» атты продюсерлер мен 

орындаушылар одағының құрылғанын ресми түрде мәлім етті.

Мәриям ӘБСАТТАР

Болатбек МҰХТАРОВ

Жыл құстарына арналған арнайы күн бар деп естіп 

едім. Нақтылап бере аласыздар ма?

Толқын РАБАТҚЫЗЫ, Қызылорда

Жыл құстарының бүкіл-

әлем 

 

дік күндері жыл сайын 



9-10 мамыр күндері ара лы-

ғын  да атап өтіледі. Алайда бұл 

атау   лы  күн  көп теген  мем ле кет-

тер 


де елеу 

сіз болып ке 

леді. 

Жал  пы,  құстар  тір ші лігі  –  бүкіл 



өсім   діктер  мен  жануарлардың 

био   ло гия лық  әралуан  са ла-

сын  дағы жағдайлар мен үр-

діс  тер  ту ралы  пікір  түюге 

мүмкіндік  бе   ретін  үлгілі  көр-

сет кіш.  Қор ша  ған  ортаның  өз-

ге рістерін са ра  лау жұмыстарын 

жүр  гіз ген де  құс  тарды  бақылау 

ерек ше 

ма ңыз ды, 

өйт кені 

олар ды  пла не та мыздың  бар-

лық  эко  логиялық  жүйесінен 

кез дестіре  ала мыз.

Бүкіләлемдік жыл құстары 

кү ні алғашқы рет осыдан төрт 

жыл бұрын Аф рика-еуразия-

лық жыл құстары келісімі 

(САЕВП) жә не Көші-қон жан-

уар лары конвенциясы (КМЖ) 

хат  шы ларының  бастамасымен 

атап өт кізілген. Бұл атаулы күн 

– бү гін гі уақытта құстарға деген 

қам  қорлықты  арттыру  және 

олар  ды  қорғау  мақсатында 

бел  гіленген.  Орнитолог  ма-

ман   дар дың  пікірінше,  құстар 

про  бле масын  әлем  халықтары 

бір лесіп шешуі тиіс. Әсіресе, 

жыл  құс тары – белгілі бір мем-

ле кет тің  мен шігі  ретінде  та ныл-

май тын, баршаға ортақ жа ра-

ты лыс иесі. Өйт кені олар үшін 

еш  қан дай  да  ше кара  жоқ.  Осы 

орай да  ма  ман дар  «жыл  құс та-

рын  қор ғай  тын  міндетті  адам-

дар дың  іс-қи мы лын  ар на йы 

жос парлау  қа  жет»  дейді.



бо 

 

 

латын. 2005 жылы біз көптеген 

орын   даушылардың  құқығын  қорғау 

үшін ұжым құруға бел байлап, ҚР Әді-

лет министрлігіне тіркелуге арыз тас та-

ған едік. Араға бес жыл салып, міне, 

со ған қол жеткізіп отырмыз. Сәуірдің 

16-сы күні «Демеу» орталығының тір-

кел 

гендігі туралы куәлік қолға тиді. 

Ұзақ күттік, бірақ үмітіміз ақталды. 

Одақтың ендігі жердегі жұмысы – осы 

қа ғаздың мәнін түсіндіріп, еліміздің бүкіл 

ай мақтарынан филиалдар ашу. Еліміздегі 

ра дио, телеарналар, қонақүй, ресторан, 

қо  ғамдық көлік, бір сөзбен айтқанда, қай 

жер де музыка қойылады, соның бәрімен 

агент тік жұмыс істей отырып, қаражат өн-

ді ріп, тиісті жеріне жұмсамақ. Яғни орын-

дау шыларға бөліп береді. Ес кер те кететін 

бір жайт – бұл ұжым орын дау  шылардың 

құқығын қорғайды, ал ав тор  лардың құқы-

ғын  қорғаумен  ай на лы са тын  жазушы  Ма-

рал Ысқақбай бас қа ратын ҚР Авторлар 

қауымдастығы елі міз де бірнеше жылдан 

бері жұмыс істеп ке ле ді. Баспасөз мәсли-

ха тына  келген  жур на лис тердің  көбінің 

қой ған сұрағы осы төңіректе, яғни «әнші, 

саз герлер  құқын  қор ғау мен  айналысатын 

ұйым дар көбейіп кет кен жоқ па?» дегенге 

ке ліп тірелді. Оған Қы дырәлі Болманов 

жиынға келген Ес кен дір Хасанғалиев, Тоқ-

тар Серіков сынды әрі орындаушы, әрі ав-

тор ларды мысалға кел тіріп, олардың ав-

тор ретінде Авторлар қа уымдастығына, ал 

орын даушы ретінде осы агенттікке тіркеле 

ала тынын айтты. Сон дықтан олар бірінің 

жұ мысына бірі қай шы келмейді.  



Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ, 

Қазақстанның Халық әртісі:

– Шынында да, бұл қоғам біздерге 

ауа дай қажет. Мен бірнеше жылдан бе рі 

сазгер ретінде Авторлар қа уым дас ты-

ғын да  көркемдік  кеңестің  мү ше сі мін.  Ол 

жер де жақсы жұмыс жасалып жа тыр, 

ком позиторлардың шығармасы қай да 

орын далса да, соның барлығын қа да ға-

лап, біздердің ақымызды айы рып бе ріп 

отыр. Ал енді орындаушылар құ қығы 

осы күнге дейін аяқасты болып кел гені 

ақи қат. Орындалған әндер еш жерде 

тір келіп,  еш кім нің  тарапынан  қа да ға ла-

нып, егесіне бір тиын табыс әке ліп жатқан 

жоқ.  Орын  даушылар  ең бе гі  желге  ұшып 

жа  тыр деген сөз. Соған нүк те қоятын 

ұйым, міне, бүгін құрылды деп үміт те-

нем, сол үшін қуанып отыр мын. 

Тоқтар СЕРІКОВ, әнші, сазгер: 

– Сенсеңіздер, мен осы күнге де-

йін ән ші ретінде жеке аудиокас се там-

ның не дискімнің жемісін жеп көр ген 

жоқ  пын. Қарап тұрсаңыздар, қан ша 

тас  пам, қанша әндерім жарық кө ріп, 

са ты лып, тіпті шекара сыртына де йін 

әй гілі боп жатыр, бірақ бәрінің қы зы-

ғын «қа рақшы» көріп отыр. Ең алғаш 

2000 жы лы Шәмші ағамыздың «Сыған 

се  ре надасын»  орындап  шығып,  бағым 

жа нып, қазақ эстрадасына Тоқтар Серік 

деген әнші ретінде енгелі күні бүгінге 

дейін көрінгеннің қолына түсіп, жем 

болумен келемін. Өзім танымайтын бі-

реу лер менің осы бір әнімді ау дио кас-

се таларға шығарады да, «Тоқтар Се рі-

ков тің жинағы» деп сатып, сыртымнан 

пай да тауып жүрді. Сонда «осыған тос-

қа уыл қойып, әділеттігін ажыратып бе-

рер бір арашашы табылар күн туар ма 

екен?» деп армандаушы ем. Бүгінгі Қы-

ды 

рәлі ағамыздың тіркетіп отырған 

«Де меуі» біздерге үлкен демеу болға-

лы тұр. 

Күні бүгін біздің елімізде орын дау шы-

лар өз өнімін радиолар мен телеарналардан 

та рату үшін оларға ақша төлейтінін білеміз. 

Ен дігі жерде, керісінше, арналар олардың 

өні мін эфирден бергені үшін ақы төлей 

ме? Олай болса, қанша төлеуі керек? Бұл 

са уалды «Хит тв» арнасының музыкалық 

ре дак торы қойды. Оған Қыдырәлі Бол ма-

нов былай жауап берді: 



«Жекеменшік арналардың бұрынғы 

қыз метін ешкім де өзгерткелі отырған 

жоқ, олардың коммерциялық қыз ме-

тіне қол сұққалы отырғанымыз жоқ. Біз 

тек онсыз да қалтасынан қаншама қа -

ражат шығарып ән жаздырып, клип тү-

сіріп жатқан орындаушылардың құ қы-

ғын қорғап, олардың қазіргі халін дұ  -

рыс тауға күш салмақпыз. Бұл – бір, 

екін 

шіден, өз әншілерімізден аямай 

ақ 

 

ша алып отырған арналар шетел 

өнім  дерін тәуліктің кез келген кезінде 

тегін жарнамалап отырған жоқ па? Бұл 

не деген әділетсіздік?!. Аккредитация 

алуы мыз ол біздің арналар мен орын-

дау шылар  арасына  жік  сал ған ды ғы-

мыз дың белгісі емес, бірақ егер жақ-

сылап ойланар болсақ, орын дау шы сыз 

қан дай да арна арна бола алмас еді.  

Сол секілді радио, телеарнасыз орын-

дау шы да өмір сүре алмайды. Өзара 

ты ғыз байланысты осы екеуінің мә се-

лесін біз қалайда дұрыс жағына қарай 

ше шуіміз керек. Шешілмейтін нәрсе 

жо қ, тек телеарналар басшыларымен 

бір үстел басына отырып, заңды бірге 

қа рап, келісімге келуіміз керек. Керек 

ке  зінде біз оларға кейбір музыкалық 

жобаларымыз бен клиптерімізді тегін 

ұсынып, олар тегін таратуымыз керек. 

Қал ғаны келісімге байланысты ше ші-

леді. Нақты тариф белгіленген жоқ, бі-

рақ біз Әділет министрлігімен бірлесіп 

өт кізген  кездесулерде,  қате лес песем, 

0,9 пайызға келістік қой дей мін, ал 

кабельді арналар 1,5 пайыз ұсын ды. 

Ал мейрамханалармен бас қаша ке лі-

се міз, олардың үстел санына қа рай де-

ген дей. Бастысы, біз еліміздегі  ав тор-

лық және аралас құқықтарға ар қа сү-

йей міз, сондықтан не істесек те бәрін 

заң ды түрде атқарамыз. 

Заң жүрген жерде жазаның қоса жү ре-

тіні белгілі. Сол бойынша егер қандай да бір 

мейрамхана не арна, тіпті қоғамдық кө лік 

болсын, орындаушымен келісім жа са май, 

оның өнімін пайдаланатын болса, ол заңды 

бұзған болып табылады да, сот қа тартылып, 

250 мың теңгеден бастап, 50 миллионға 

дейін айыппұл төлейтін бо ла ды.

Қазақстан Республикасының Кі тап -

ха  налар  қауымдастығы  –  еліміз де гі  кі-

тап  хана ісімен кәсіби тұрғыдан бай ла-

нысты және жалпы кітапхана жұ мысын 

да  мы ту ға  мүдделі  меке ме лер  мен  адам-

дар дың ерік ті негізде бас тарын біріктіріп 

отыр  ған  ұйым.  Бұл  Қа уым дас тық  елі міз-

де 1997 жы  лы ресми тіркеуден өт кен. 

Оның өз Жар  ғысы, арнайы мөрі, ло го-

тип ті блан кі, есептік шоты бар. Ұйым-

ның  түр лі  сек ция лары  Жарғыда  бе кі тіл-

ген ере жеге сәй кес жұмыс істейді.

Оның мүшелері ұйым ның атынан кі-

тапхана ісінің өзек ті проб ле малары бо-

йынша  Пре зи дентке,  Үкі мет ке,  Пар ла-

ментке Үн деу лер мен Ашық хат тар жол-

дай алады. 



Ұйымның басты мақсаттары:

жаңа ақпараттық технологиялар ен-

гі зу арқылы Қазақстан кітапханала ры-

ның инновациялық дамуын қам та масыз 

ету;

республика азаматтарына көр 



се 

ті-


летін ақпараттық қызметтерді же тілдіру 

Елімізде Кітапханалар қауымдастығы бар екен. Ол қашан құрылған 

және оның мақсат-міндеттері қандай?

Нұрбике КЕНЖЕҒҰЛОВА, Орал қаласы

жә не барша азаматтар үшін кі тапхана 

қыз   меттері  мен  ақ па раттарына  теңдей 

қол жетімділікке  ке піл  беру;

барлық деңгейде кітапханалық заң-

намаларды  ілгерілетуге  кө мек те су;

қоғамдағы  кітапханашы  ма ман ды -

ғының беделін көтеру; 

кітапханашыларды тұрақты кәсіби 

да   мыту  бағдарламаларымен  жұмыс  іс-

теу. 

Қазақстан Республикасының кі 



тап-

ханалар қауымдастығы – Кітапхана қа-

уымдастықтары мен мекемелерінің ха-

лықаралық федерациясына (IFLA) жә не 

Еуразия  кітапханалар  қа уым дас тығына 

(БАЕ) мүше.

Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК



ОВ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№75 (301) 12.05.2010 жыл, сәрсенбі                 



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ДАТ!


Гүлжауһар КӨКЕБАЕВА, тарих ғылымының докторы, профессор:

Алматыда өткен жылы мектеп оқулық-

тарын алуға жергілікті бюджеттен 627 

миллион 330 мың теңге бөлінсе, биыл бұл 

қаржы 769 миллион 886 мың теңгені 

құрайды. 

Егер 2005 жылы қалада жетіс пейтін 

оқушы орындарының саны 26 578 болса, 

бүгінгі күні бұл 14 176 орындыққа дейін 

қыс 


қарды. Алматы қаласында 2009 

жылдың 5 қыркүйегіндегі есеп бойынша 

жалпы саны 160 035 оқушы, 181 мем-

лекеттік жалпы білім беретін мекеме 

тіркелген, оның сана тында: 

– 176 жалпы білім беру мекемесі; 

– 4 жалпы білім беру мектеп-

интернаты; 

– 1 санаторий типтес мектеп-интер нат 

бар. 


Еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отырғаны белгілі. Осы орайда 

сұрайын дегенім – Алматыда ағымдағы жылы оқу құралдары тапшылығы шешіле 

ме?

Серік АЯЗБАЕВ, Алматы қаласы 

Оқушы көп пе, оқулық тапшы ма?



– Гүлжауһар ханым, биыл Екінші  

дүние жүзілік соғыста жалпы адамзат-

тың қас жауы болған гитлершіл фашис-

тік Гер манияны тізе бүктірген Ұлы 

Жеңістің 65 жылдығы бәрімізге ортақ 

мереке, ортақ тарих тағылымы болып 

отыр. Бірақ, менің айтпағым, бұрмалан-

ған тарих пердесі түрілген шақта саяси 

мәнде талқыланып жатқан Екінші 

дүниежүзілік соғыстың шын 

дығы 

хақында еді. Зерттеуші маман ретінде 

Екінші дүниежүзілік соғысқа деген 

қазіргі әрқилы көзқарастарды екшеп 

берсеңіз. Кімдікі жалған, кімдікі 

қисынды?

– Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына 

қатысты Ресей тарихшыларының арасында 

пікірталас тудырып жүрген мәселелер 

баршылық. Ал Қазақстанда Екінші дүние-

жүзілік соғыс тарихының бір ғана қыры – 

республиканың Жеңіске қосқан үлесі туралы 

мәселе ғана зерттеледі. Сондықтан Ресейде 

және батыстағы посткеңестік мемлекеттерде 

болып жатқан пікірталастар 

ға біздің 

тарихшылар мүлде қатыспайды. Кейде бір 

конференциялардың материал дар жина-

ғынан облыстық жоғары оқу орын дарында 

сабақ беретін жас тарихшы лардың мақала-

ларын кездестіріп қалып, қатты назаланатын 

кездерім болады, өйткені кеңестік кезеңде 

тым көп айтылып, таптаурын болған пікір-

лерді сол қалпында және тым қарабайыр 

түрде қайталап жазады. Ресей ғалымда ры-

ның өзара пікір таластары және олардың 

Балтық мемлекет терінің, Польшаның ға-

лым дары мен дау-айтыстары екі жақтан да 

жаңа деректер, жаңа дәлелдер табу негізінде 

жүріп жатыр. Әрине, бұл айтыста әрбір 

тарихшы өз елінің позициясын қорғайды. 

Біз бұл мәселеге әділетті түрде қарап, ай ты-

сушы жақтардың бірде-біреуін ақтамай-

жақтамай немесе қараламай, нағыз шын-

дық тың бетін аша алар едік. 

Тағы бір айта кететін жағдай – кейбір 

жас зерттеушілердің «соғысты Ресей жүр-

гізді, сондықтан ол соғыстың біздің тарихқа 

қатысы жоқ» деген пікірлерін де естіп 

қаламыз. Адамшылық тұрғысынан алсақ, 

Екінші дүниежүзілік соғысты мойындамау 

соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың 

рухын, бүгінде ортамызда жүрген соғыс 

ардагерлерінің намысын қорлау болады.

Тоқ етерін айтқанда, қазір жаңа деректер 

негізінде қайта қарауды қажет ететін 

мәселелер қатарына соғыс қар саңындағы 

Кеңес Одағының сыртқы сая саты, кеңес-

герман қатынастары, кеңес-поляк қаты-

настары,  кеңес-финн  қа   ты    нас    тары,  1941 

жылдың жазындағы кеңес әскерлерінің 

ауыр жеңілістерінің себептері, соғыс 

кезіндегі одақтастар арасындағы қатынастар, 

соғыс тұтқын дарының жағдайы, тағы басқа 

ірілі-уақты көп мәселелерін жатқызуға 

болады. Бұл мәселелер туралы менің өз 

көзқарасым бар, ол Еуропа елдерінің 

мұрағаттары мен кітапханалары қорын 

қарап, өзім жинақ 

таған құжаттарды 

талдауға негізделген. Осы мәселе бойынша 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің тарих факультетінде «Екінші 

дүниежүзілік соғыс тарихына жаңаша 

көзқарас» тақырыбында арнаулы дәрістер 

курсын оқып жүрмін. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет