Мал бордақылау алаңдары сұра ныс тың локомотиві рөлін атқарады, ал



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата11.03.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Биыл Ата Заңның 

15 жылдығы аталып өтіледі

Жеңіс тойы алдындағы 

галстуксіз жиын

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат 

министрі Асқар Жұмағалиев пен Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь 

Роговты қабылдады. 

Өткен аптадағы Жеңіс шеруіне орай Мәскеуде болған Қазақстан 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулерге қатысты. Атап 

айтқанда, мамырдың сегізі күні қос бірдей, ҰҚШҰ және ТМД елдері 

көшбасшыларының бейресми саммиті өткен болатын. 

САПАР


Француз тілінің «ынтымақтас-

тық» деген сөзінен шыққан колла-

бо  ра ционизм  ұғымы  дұшпанның 

мүд десіне сай саналы, ерікті түрде 

жә не әдейі ымыраға барып, өз 

мем лекетіне залал келтіруді айта-

ды. Отанға сатқындық жасау, 

қыл мыс жасау болып саналған 

бұл ұғым алғаш екінші дүние-

жүзілік соғыста Францияның 

Виши маршалы Петеннің неміс-

термен ауыз жаласып кетуіне 

байланысты, немістер жағына 

өтіп кеткен Власов армиясына, 

«Галичин» СС дивизияларына, 

казактарға қатысты қолданылды. 

Коллаборационизм – күрделі 

сая си құбылыс. Кейбір зерттеу-

шілер халқын жаудың қырғыны-

нан алып қалу үшін ымыраға 

барған коллаборационистердің 

амал-әрекеттерін басқа қырынан 

зерделеп, ақтап шығады. Соғыс 

біткен соң Еуропа елдерінде на-

цистік әскерлермен сыбайласқан-

дар дың істері жеке-жеке қаралып, 

тиісінше жазаға тартылды. Со ғыс-

та «Түркістан легионында» болған 

сар баздарды  КСРО-ның  «колла-

борационистер», «сатқындар» 

деп қаралауға моральдық құқы 

жоқ, өйткені Кеңес Одағы тұтқын-

дағы өз азаматтарын қорғаған 

да, өз елінің адамы санаған да 

жоқ еді. 

Оның айтуынша, 2009 жылдың жел-

тоқ  санымен  салыс тырғанда  биылғы  жылы 

сәуірде жеміс пен көкөністің бағасы 16,5 

пайызға, ал қант – 9,3, ет өнімдері – 5,5 

па йыз, сондай-ақ жұмыртқа құны да 5,3 

па йыз ға көтеріліп кеткен. «Осы орайда 

азық-түліктің аталған топтарына баса на-

зар аудару керек және де баға өсімінің әсі-

ре се бірінші жартыжылдықта шегіне же-

тетіндігін ескеру керек», – деді министр.

Сауда және экономикалық даму ми-

нистрі Жанар Айтжанованың ойынша, 

жап пай қымбаттауға баға өсімінің маусым-

дық факторы, өткен жылдың сондай 

мерзімі мен салыстырғанда жеміс-жидек 

өнім  дерінің анағұрлым жоғары бағамен 

импортталуы, сақтау және жеткізу инфра-

құ рылымының жоқтығы ықпал еткен. Сон-

дай-ақ министр ханым қымбатшылықтың 

әр өңірде әркелкі болып отырғанын да ай-

тады. «Әсіресе Қарағанды, Қостанай, Шы-

ғыс Қазақстан облыстары көш бастап келе-

ді», – деп атап өткен Ж.Айтжанова жақын 

ара лықта бұл мәселенің реттелетінін ес-

кертті. 


Бірақ бәрі емес секілді. Мәселен, қант 

бағасы икемге көнетін түрі көрінбейді. 

«Қант бағасын біз тұрақты түрде бақылап 

отырмыз. Қант бағасының артуына бірне-

ше фактор әсер етуде. Ең алдымен, әлемдік 

нарықтағы қант құрағының құнына байла-

нысты. Атап айтқанда, қант құрағын 

өндіретін Мексика, Үндістан елдерінде 

климаттық проблемалар болды. Сондай-

ақ ірі көлемде қант өндіретін Бразилияда 

қант құрағын қант өндіруге емес, керісін-

ше, биоэтанол шығаруға пайдаланылып 

жатыр. Сол себепті қант бағасын толық 

бақы лауға алу мүмкін емес», – деді 

Ж. Айт жанова.

Ал бірінші вице-премьер Өмірзақ Шө-

кеев тің айтуынша, азық-түлік бағасының 

қым баттауы инфляцияға да әсер етуі мүм-

кін. Ол өз сөзінде жылдық инфляцияның 

3,6 пайыз болғанын атап өтті. «Өткен 

жылы инфляция деңгейі 1-тоқсан бойын-

Шекарадан 19 мың еуро 

алып өтуге болады

Басы 1-бетте

ша 2,8 пайызды құраса, қазір - 3,6 па йыз 

болып отыр. Өздеріңізге белгілі елі мізде 

жылдық инфляция деңгейі 6-8 па йыз деп 

белгіленген. Бірақ осылай жалғаса бер се, 

біз бұл дәлізден асып, 9-10 пайызға де йін 

шығып кетуіміз ықтимал, оған жол беру ге 

болмайды», – деді ол.



ӘКІМДЕР ДЕ ШАРАСЫЗ ҚАЛЫП ОТЫР

Әңгіме көкөніс бағасына келгенде, 

әкім дер де байыз тауып отыра алмады. Өз 

кезегінде Жамбыл облысының әкімі Қанат 

Бозымбаев Қырғызстандағы оқиғалардың 

азық-түлік бағасының қымбаттауына әсер 

еткенін айтып, мұң  шақты. «Қырғызстан-

мен сауда айналымы шектелгелі Жамбыл 

облысында алма, картоп, айран-сүт бағасы 

ай тарлықтай өсіп кетті. Бізде картоп, 

өкініш ке қарай, әлі піскен жоқ. Біз оны 

Қыр ғызстаннан импорттайтынбыз. Шека-

ра жабық болуына байланысты картоп 47 

тең геден 69 теңгеге қымбаттады. Қазіргі 

уақытта аталған азық-түлік түрлерін көрші 

басқа мемлекеттерден сатып алып жатыр-

мыз», – дейді әкім. Яғни қымбатшылықтың 

қыспағы қырғыз-қазақ шекарасы ашылған 

жағдайда ғана шешілетін секілді. Бір 

қызығы, Қ.Бозымбаевтың бұл пікірі бірне-

ше министрдің де ойынан шықты. 

Экономикалық даму және сауда министрі 

Жанар Айтжанова да қымбатшылықтың 

кілтін қырғыз-қазақ шекарасынан іздеу 

керектігін айтып жатты.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осы 

орай да, коммуналдық базарлардың 

қыз метін күшейтіп, облыс әкімдеріне ба-

зар бағамын бақылауға алуды тапсыр-

ды. 


КҮРІШБАЕВ НЕ ДЕЙДІ?

Бас диқан да жағымды жаңалық айта 

қоймады: еліміздің кей өңірлеріндегі 

бағаның бетімен кетуіне бақылаудың 

әлсіздігі себеп болып отыр. Оның айтуын-

ша, әсіресе көтерме сауда саласындағы 

баға күйіп тұр. Күрішбаев жеміс-жидек 

пен көкөніс бағаларының өсуіне себеп бо-

лып отырған үш факторды атап шықты. 

Күрішбаев былай дейді: Біріншісі – бұл 

импортшылардың қызметіндегі ашықтық-

тың жоқтығы. Екіншісі – нарықтағы уақыт-

ша тапшылықты дер кезінде ұстай білетін 

алыпсатарлардың әрекеті. Үшінші себеп – 

делдалдардың көптігі. Мәселен, Үрімшіде 

1 келісі 80 теңге тұратын қызанақтың құны 

қолдан-қолға өте келе, Астанада 350 

теңгеден сатылып жатыр. Осы айтылған 

себептердің барлығы да жергілікті жер-

лерде көтерме сауда саласындағы баға түзу 

үдерісін бақылайтын шұғыл шаралар дың 

әлсіздігін көрсетеді», – дейді А. Күріш баев. 



ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ ДЕҢГЕЙІ 

ЖАМАН ЕМЕС 

Ет пісірім уақытқа созылған жиында 

еліміз дегі ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) деңгейі 

де сөз болды. Премьер-министр Кәрім 

Мәсімовтің айтуынша, елімізде осы 

жылдың алғашқы төрт айында ІЖӨ өсімі 

7,6 пайызды құраған. «Біз осыған дейін 

дағ дарыс жағдайында өмір сүрдік. Қазіргі 

таң да жағдай біршама тұрақтанды. Ста-

тисти ка агенттігі келтірген деректерге қара-

ғанда, алғашқы төрт айда ішкі жалпы өнім 

7,6 пайызды құраған», – деді Премьер-

министр. Үкімет басшысының пікірінше, 

бұл да іс жүзінде тәуір нәтиже болып табы-

лады. «Бұл жаман көрсеткіш емес», – деп 

атап өткен Кәрім Қажымқанұлы 2009 

жылдың сәтті болғанын айтты. «Ендігі мін-

дет осы тұрақты өсімді ұстап тұру қажет. Ал 

тұрақты өсім дегеніміз – 7 пайыздық көр-

сеткіш. Бұдан әрі асып, 8-9 пайыз болса 

экономикада «көпіршік» пайда болады», 

– де д і Үкімет басшысы.



Салтан СӘКЕН

Енді Италия үкімет басшысы өзінің ескі жұбайына жыл 

сайын 3,6 миллион еуро тө леп тұруға және өзінің Маке-

рио дағы вил ласын Верониканың өмір-бақи пайдалануы-

на беруге міндеттенеді. Келесі жылы екеуі нің отасқанына 

20 жыл толуы атап өтілу ке рек болатын. Отбасылық 

ғұмыр лары ның осылай орта жолдан үзілуіне саясаткердің 

өзге әйелдермен ойнастығы жөніндегі тым көп айтыла-

тын қауесет әсер етіп отыр. Күйе уі нің жеңіл жүрісін көтере 

алмайтынын бірнеше жылдар бұрын-ақ ескерткен Ве-

роника Берлусконимен ажырасу жөнін дегі шешімін алғаш 

рет өткен жылы хабар лаған болатын. Алайда жұптардың 

ажырасу процесін мүлік бөлісу мәселесі көпке со зып жі-

берді.


Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

Берлускони бойдақ атанды

Әлем халықтары фашизмнің құлауын атап өтіп жатқанда Италия 

премьер-министрі Сильвио Берлускони әйелі Вероника Лариомен 

ажырасып тынды. 

ӘЛЕМ


Мансұр Х

АМИТ (фо


то

)

Мансұр Х



АМИТ (фо

то

)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№75 (301) 12.05.2010 жыл, сәрсенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Боташ КҮЗЕМБАЕВ, Мал өнімдері 

корпорациясының басқарушы 

директоры

Әуесхан ДАРИНОВ, 

Фермерлер одағының 

төрағасы

Мал басы көбеймей тұрып, инфрақұрылымдарды сала бастау дұрыс па?

Сондықтан мұндай мал бордақылау 

алаң дарын, ет комбинаттарын бес-жеті 

жыл дан кейін салу керек. Сонда оның уа-

қыты келеді. 

Қазір ірі қара малдың 82,2 пайызы  

же кеменшіктің қолында. Еліміздің ет өн-

діру көрсеткіші өте төмен. Мал жемдеу ба-

засы нашар, мал шаруашылығының даму 

дең гейімен де мақтана алмаймыз. Ал қол-

да бар сиырлар инвестициялық жобалар 

сұранысын қанағаттандырмайды. Сон-

дық тан бізге дәл қазір мал басын арттыруға 

көп көңіл бөлген жөн. 10 мың басқа арнал-

ған мал бордақылау алаңы салынғаннан 

кейін мемлекет 500, 1000 бас өсіретін 

фермерлерге жеңілдік бере бастайды. Ал 

бізде ондай шаруа қожалығы аз, яғни 

біздің фермерлеріміздің басым бөлігі суб-

сидиядан қағылып қояйын деп тұр. 

Сондықтан оларды бөлуге болмайды, бір-

дей жағдай жасалу керек.

Фермерлер одағы Үкіметтен ауыл шар-

уашылығы саласындағы шағын және орта кә-

сіпкерлік нысандарын қолдау керектігін үне мі 

айтып келеді. Біз 50-100 сиыры бар фер-

мерлерге жағдай жасауымыз қажет. Өз-

өзімізді қамсыздандырып алғаннан кейін, 

басқа біреулермен ортақ жобаны жүзе ге 

асыруға болады. Мәселен, Кеден ода ғы ел-

дерімен дегендей. Ал ішкі нарық ты қамтама-

сыз ете алмай жатып, сыртқы сұраныстар  мен 

жұмыс істейтін болсақ, оның ақыры базар-

дағы еттің қымбаттауына әкеліп соғады. 

Қазақстан қазір жайылым өрісінің саны 

бойынша бірінші орынды, ал жайылым 

кеңістігі бойынша бесінші орынды иемде-

неді. Бірақ бүгіндері жасыл желек 

жайылымдарымыздың 30-40 пайызы 

НАРЫҚ


Мұрат 

ӘБЕНОВ,

Мәжіліс 

депутаты:

Шәміл МЕҢДІҒАЛИЕВ, 

Алматы қалалық пәтер 

иелері кооперативтері 

қауымдастығының 

төрағасы:

Ғұмарбек ДӘУКЕЕВ, 

Алматы энергетика 

және байланыс 

институтының 

ректоры:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

Дайындаған Анар ҚУАНЫШБЕКОВА

– Қазір «Алматыжылукоммунэнерго» компаниясы электр қуатын 

27 пайызға көтеруге Агенттіктен рұқсат сұрап отыр. Біз Табиғи мо-

нополияларды реттеу агенттігі жұмысын бағам көтерілгенде неме-

се бұрынғы бағам қалдырылған кезде ғана көреміз. Әрі агенттік 

«міне, бағаны көтертпей қойдық» деп өзі жақсы атанып, тұрғындар 

мен монополистерді бір-біріне қарсы қоятындай әсер қалдырады. 

Анығында жария ақпарат пен түсіндірме жұмыстары қажет. Елі міз -

дегі жылу орталықтарынан шығатын жылудың 20 пайызы тұты-

нушыға жетпей қолды болады екен. Бұл орасан зор ысырап, Батыс 

ел дерінде бұл көрсеткіш 6-8 пайыздан аспайды. Монополистер 

қар жы жұмсағанда техниканы тым қымбатқа алады, нарықтық 

баға дан жоғары қызмет түрін пайдаланып, ақшаны бөтен біреудің 

қар жысындай оңды-солды жұмсайды. Үнемдеу арқасында тариф 

төмен детілді дегенді естігенім жоқ. Сондықтан мемлекеттік орган 

мо 


нополиялық компаниялардың қаржы айналымын қадағалап, 

олар дың жұмысының экономикалық тиімділігіне қол жеткізуі керек. 

Дәрменсіздік салдарынан табиғи монополияларды реттеу агенттігі тариф бағасының өсуін тіркейтін мекемеге айналып кеткен жоқ па?

– Менің пікірімше, агенттік тарифтің өсуін ғана тіркейтін меке-

меге айналған жоқ. Агенттіктің территориялық комитеттері жұмыс 

істейді, электр энергиясы жылу мен су құнын былай қойғанда, 

мұнай мен газ бағасын есептеу әдістемелері бар. Олар тариф 

саясатын өте нақты реттеп отыр деп ойлаймын. Ал бағалардың 

қымбаттап жатқанына электр қуатын өндіретін кәсіпорындарға 

2015 жылға бағаны көтеруге мүмкіндік беретін Үкімет қаулысының 

шыққаны түрткі болды. Өйткені қазір құрал-жабдықтардың 80 

пайызы әбден тозған. Оны жаңарту үшін қаржы керек. Алай-

да тарифті көтеру үшін электр жарығын өндіруші компаниялар 

мойнына алған инвестициялық жоба бойынша міндеттемелерін 

орындап жатқандарын дәлелдеулері тиіс. Жақында табиғи мо-

нополияларды реттеу агенттігі монополистердің 1,5 миллиард 

теңгеге жуық қаржыны инфрақұрылымға жұмсамағанын жария 

етті. Олардың арасында Шүлбі, Өскемен су электр стансылары 

кіретін америкалық AES компаниясы да бар. Тіпті кейбір активтер-

ді мемлекет қарамағына қайтару үшін Лондондағы арбитраждық 

сотқа жүгіну туралы да әңгіме айтылып қалды. 

– Агенттік өкілдері тарифтерді реттеп жатқандай сыңай та-

нытып, бізді алдарқатып отыр. Заң бойынша қарастырсақ

олар қоғамдық тыңдалым өткізіп, пәтер иелері кооперативтері 

өкілдерін жинап, сарапшылардың тұжырымын тал қыға са лу -

лары керек. Іс жүзінде мұны істеп отырған жоқ. Мы салы, электр 

қуатына дифференциалдық тариф енгізген де кіммен ақыл-

дасыпты? Ешкіммен де ақылдасқан жоқ. Бұрындары тариф үш 

жылға, одан кейін бір жылға бір жола белгіленетін. Қазір тоқсан 

са йын құбылтуға болады. Жұрттың бәрі айтып жүргенді айта-

йын, монополиялық ком паниялар акционерлік қоғам түрінде 

құ рылған. Оның акция лары әкімшілікке, жеке тұлғаларға, соның 

ішін де әкім шілікте жұмыс істейтін шенеуніктерге тиесілі. Тариф 

қым  баттап, компанияға қомақты табыс түссе, акционерлер қал-

та сына да жақсы дивиденд түсетіні белгілі. Тарифтердің қым бат-

тылығы соншалықты, 21 мың теңге зейнетақының 10 мың тең-

гесі коммуналдық қызмет ақысын төлеуге кетеді. Әр бір екінші 

зей неткер осындай жағдайда. Қанша құжат жи нап, қол жеткізе-

тін тұрғын үй көмегі әрі кетсе 1500-2000 тең геден аспайды. 

ЕГІС


ТІК

Шәміл ДАУРАНОВ, 

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық сараптамалық орталық басқармасы төрағасының кеңесшісі:

– 1999-2000 жылдары мал шаруашылығы саласы бойынша инфра құ рылымдар салу бойынша ұқсас жобалар 

жүзеге асырылған болатын. Ол кез де де бюджеттен көп ақша бөлінді. Бірақ одан нәтиже шыққан жоқ. Оның себебі 

неде, неге нақты нәтижеге қол жеткізе алмадық? Осы сауал дар ға жауап тауып, оны осы жолғы жобаларда есепке 

алса, онда Үкімет аталған сала бойынша діттеген мақсатына жете алады деп білемін. Сондықтан бұл арада бағалау 

индикаторларын анықтап, сала басшылығы мен Үкімет соған сай қадамдар жасауы керек.

Дайындаған Кәмшат САТИЕВА

БЕЙТАРАП  ПІКІР

Әлемдік нарықтағы өтімді ет – ангус пен 

герефордтар. Сондықтан оларды сатып алып, 

өсіру керек. Ары бармай, мына көр ші Ресейді 

алалық. Оларда бізде жоқ қа зақтың ақ бас 

сиырлар қауымдастығы бар. Ангус пен гере-

фордты өсіріп жатқан ар найы «Спутник» 

фермасы бар. Бір сөз бен айтқанда, Ресей мал 

өнімдері экспортын арттыруды мықтап қолға 

алуда. Иә, біз де мал шаруашылығы қажетті 

деңгейде да мымаған. Өйткені 10-15 жыл 

бойы бюд жеттен бөлінген ақша, негізінен, 

құнарсыз, пайдалануға жарамсыз, ал мал 

суаратын пункттердің 70 пайызы істен 

шығып қалған. Қалай дегенмен де, 

көшпелі мал шаруашылығын жандандыру 

– ауылдың әлеуметтік мәселесінің шешімі. 

Олай дейтін себебім, кеше тарап кеткен 

колхоз, совхоздың адамдары бүгіндері 

жұ  мыссыз. Ол жердегі халықтың көбісі тә-

жі рибесі мен білігі құнды, кезіндегі мықты 

қой шылар мен малшылардың ұрпағы бо-

лып табылады. Әрі ол адамдар жергілікті 

өңір дің табиғатына бейімделген, көшіп-

қо нып жүруге икемді. Міне, сол адамдар-

дың алдына отар-отар малды сеніп тап-

сыруға болады. 

Шаруа қожалықтарындағы малдардың 

көбісінің өнімі құнарсыз, оны мойындай-

мын. Бірақ ангустар мен герефордтарды 

жаппай сатып алуға қарсымын. Ең алды-

мен, тәжірибе жүзінде оларды сынап көру 

керек. Біздің жерге олар жерсіне ме, әлде 

жерсінбей ме – бұл да үлкен мәселе. 

астық шар уашылығын дамытуға бағытталды. 

Қа зір соның нәтижесінде Қазақстан астықты 

экспорттаушы елдер қатарына қо сылды. Енді 

мал шаруашылығын қолға алуы мыз керек. 

Қазақстан әрқашан мал шаруашылығы дер-

жавасы болып келген. Сондықтан малды 

өсіруді қазақтарға үйретудің қажеті жоқ, тек 

оны дамытудың бірыңғай жүйелі саясатын 

түзіп алуымыз қажет. Бұл ретте Канаданың 

тәжірибесіне жүгінген дұрыс деп білемін. 

Мәселен, олар 40 жыл бұрын астық 

шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын 

дамытуды да қолға алды. Бүгінгі күндері олар 

астықпен қа  тар, мал өнімдерін экспорттауда 

әлем де гі алдыңғы қатарлы елдердің қатарына 

жа тады. Әрине, ол үшін сұранысты қа-

лыптастырып алу керек. Мысалы, 10 мың 

бас қа арналған мал бордақылау алаңдары 

сұранысты қамтамасыз ете алады. Яғни мал 

бордақылау алаңдарын салған екенбіз, енді 

соған сай жоспарда мал басын кө бейтуді, 

аналық ұрғашы малдарды арттыру ды жүзеге 

асыру керек. Әрине, бұл ара да ең алдымен 

фермерлердің, жеке шар уа қожалықтарының 

жағдайын жақ сартуға атсалысуымыз керек. 

Ол үшін ба с тап қы кезде мемлекет қолдау 

көрсетуі тиіс.

Бастапқы бес жылда бірнеше мал өсі ретін 

шаруа қожалықтары және ет өңдеуші кәсіп-

орындар салу жоспарда бар, ал 2020 жылға 

дейін мемлекет ауыл шаруашылығы кешенін 

төрт аяғынан тік тұрғызуды көздеп отыр. Биыл 

5 мың тонна ет экспорттасақ, оның көлемін 

2015 жылы 60 мың тоннаға жеткізу жоспар-

да бар. Оған әлемдік тәжі ри бе мен инно-

вациялық технологияларды ен гізе отырып, 

асыл тұқымды малдардың са нын арттыру 

арқылы қол жеткіземіз.

Биылғы бітіруші түлектердің қолынан 

шыққан техника шетелдік шедеврлеріңізді 

жолда қалдырғандай. Жанармайды да аз 

жұмсайды екен. Кәсіптік-лицей оқыту-

шыларының жөн сілтеуімен оқушылар 

өз 


дері құрастырған көлікті «Т-14» деп 

атағанды жөн көріпті. Аты айтып тұрған-

дай, кішкене көліктің күші 14 аттың күші не 

пара-пар. Қажетті керек-жарақтың бар-

лығы да оқу орнының шеберханасынан 

алын ған. Негізінен, көбісі – қолданыстан 

шық қан ескі көліктердің бөлшектері. Тек 

дөң гелек пен аз-маз қосалқы бөлшектерге 

ғана ақша жұмсалыпты. Кәсіптік-лицейде 

техникалық үйірмелер жетерлік. Әр ше-

бер өз идеясымен оқушыларымен бірігіп 

шығармашылық дүние жасап шығаруы 

 

керек екен. Осындай талаптың нәтижесінде 



таңғажайып трактор дүниеге келді. Ұстаз-

дар қауымы «бұл оқушылардың өз кәсібіне 

деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін 

арттырады» дейді. 



Ахметжан ХАНЖАНОВ, өндірістік оқыту 

шебері, құрастыру тобының жетекшісі:

– Мұның бәрі – оқушыларымыздың 

алғырлықтарының арқасы. Керек 

ті 

бөлшектерді өз орнына салып, қию-

ластыру оңай емес, әрине. Артқы 

беріліс қорабы – комбайндікі. Электр 

жабдықтарын автокөліктерден алдық. 

Жанармай багы – трактордікі. Артқы 

доңғалағы «Газ-53» жүк көлігінікі бол-

са, алдыңғы дөңгелектері шөп шабатын 

құрылғыныкі. Жылдамдығы сағатына 

30 шақырымды құрайды. 

Шағын трактор жыртылған жер 

ді 

қоп  сыту,  тырмалау  сияқты  жұмыс тар ды 



атқарады. Шөп шабу сияқты артық шы-

лықтары тағы бар. Мәселен, үй іргелік 

жер лерге үлкен тракторлар кіре алмайты-

ны белгілі. Тар жерде тамаша қылып, бас-

қа жемістеріңізді жайпап кетуі мүмкін. Ал 

шағын ғана трактор еш кедергісін келтір-

мей, жұмысыңызды тап-тұйнақтай етеді. 

Бір корпустық соқа тіркеуге де болады. Өз 

еңбектеріне зор қызығушылық тудырған 

оқушылар енді осындай шағын жүк көлігін 

құрастыруды да қолға алуда. Идеяның ма-

кеті сызылып, жобасы дайын тұр. 



Қожахмет ЕСПЕМБЕТОВ, 

аға шебер: 

– Бұл жүк көлігін құрастыруға көп 

уақыт жұмсала қоймас. Бау-бақшаға 

көң тасуға, шағын жұмыстарға пай-

даланылатын болады. Әрі шағын, әрі 

жанармайды да аз жұмсайтын мұндай 

көліктерге сұраныс артары сөзсіз. 

Кәсіптік-лицейдің шағын шеберхана-

сынан осындай тосын техникалар дүниеге 

келіп жатыр. Әзірге лицей мамандары 

жаңа техниканы құжаттандыру ісін қолға 

ал мапты. «Болашақта ойланармыз» дей-

ді. Ал таптырмас техникаға деген сұра-

ныс артары сөзсіз. Мүмкін, сол кезде 

ал тын қолды  өнертапқыштар  сұранысты 

қа нағаттандыруы әбден мүмкін. Өйткені 

қазір дің өзінде тракторды сатып алуға ниет 

еткендер көп. Шағын жүк көлігін құрас-

ты рып шығарған соң, лицей түлектерін 

ке лешекте еліміздегі машина құрастыру 

за уыттары аяғын жерге тигізбей жұмысқа 

алуы да ғажап емес. Өйткені талабы зор 

мамандық иелері әрдайым жоғары сұ-

ранысқа ие екені айтпаса да түсінікті емес 

пе? 

 

 Гүлжан КӨШЕРОВА,



 Шымкент 

ТАЛПЫНЫС


Талапты 

бала трактор 

жасайды

Төлеби ауданына қарасты 

Көксәйектегі №9 кәсіптік-

лицейдің оқушылары трактор 

құрастырып шығарып, талайлар-

ды таңғалдырды. Шағын ғана 

трактордың көптеген ерекшелік-

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет