2
УДК 327(47+87)
Макашева К.Н., Идрышева Ж.Қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы, Қазақстан
idryshevaz@mail.ru
РЕСЕЙ МЕН ВЕНЕСУЭЛАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Венесуэла Латын Америкасында ғана емес, сонымен бүкіл батыс жарты шарда
ӛзіндік ерекше орны мен беделі бар мемлекет саналады.Екі жақты саяси және
экономикалық ынтымақтастық Венесуэлада билік басына Уго Чавес келгеннен кейін
жандана бастады. Мұнайдың аса бай қорына ие мемлекет ретінде Венесуэла Латын
Америкасы елдері ішінен АҚШ, Канаданы энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуші
бірден-бір мемлекет болып есептеледі. Уго Чавес тұсында Венесуэла үкіметі Ресей
Федерациясының Латын Америкасы бағытындағы саяси, дипломатиялық, экономикалық
және әскери белсенділігінің артуына оң кӛзқарас білдіріп, Мәскеудің батыс жарты
шардағы ықпалының артуын жақтады. Ресей Федерациясын қазіргі және болашақтағы
кӛпполюсті әлемнің ажырамас бӛлігі ретінде қарастырды. Қазіргі кезеңде Ресей негізінен
идеологиялық қағидалар негізінде емес, ең алдымен сауда және экономикалық факторлар
негізінде Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықты арттыруға назар аударуда.
Мақалада екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық, әскери салалардағы қарым-
қатынасы қарастырылған.
Түйін сөздер: Ресей Федерациясы, Латын Америкасы, Венесуэла, Уго Чавес
СОТРУДНИЧЕСТВО МЕЖДУ РОССИЕЙ И ВЕНЕСУЭЛОЙ И ЕГО
ОСОБЕННОСТИ
Венесуэла считается государством, которое занимает особое место и пользуется
влиянием не только в Латинской Америке, но и во всем Западном полушарии.
Двустороннее сотрудничество между Россией и Венесуэлой в политической и
экономической областях возобновилось после прихода к власти в Венесуэле Уго Чавеса.
Обладая значительными нефтяными богатствами Венесуэла среди всех стран Латинской
Америки является ведущим поставщиком энергетических ресурсов в США и Канаду. При
Уго Чавесе руководство Венесуэлы позитивно восприняло повышение активности России
в
политической,
дипломатической,
экономической
и
военных
сферах
на
латиноамериканском направлении и поддержало усиление влияния Москвы в Западном
полушарии. Россия рассматривалась в качестве неотъемлемой части существующего и
грядущего многополюсного мира. В настоящее время Россия прилагает силы для
развития сотрудничества со странами Латинской Америки не на основе идеологических
принципов, а руководствуясь торговыми и экономическими факторами. В статье
рассматриваются политические, экономические и военные аспекты двустороннего
сотрудничества.
Ключевые слова: Российская Федерация, Латинская Америка, Венесуэла, Уго Чавес
RUSSIA-VENEZUELA COOPERATION AND ITS SPECIFICS
Venezuela takes specific place and has great influence not only in Latin America but in
Western hemisphere at whole. Political and economic cooperation between Russia and
3
Venezuela had revived after Hugo Chavez took power in Venezuela. Being a country with vast
oil resources Venezuela among all Latin American countries has become a major energy
resources exporter to U.S. and Canada. During Hugo Chavez's adminstration Venezuela
expressed its positive attitude towards increase of Russian political, diplomatic, economic and
military activity in Latin America and supported growth of Russian influence in Western
hemisphere. Russia was considered as a key element of existing and future multipolar world.
Nowadays Russia has moved away from ideological principles and pays greater attention to trade
and economic factors in development of cooperation with coutries of Latin America. The article
studies political, economic and military aspects of bilateral cooperation.
Key words: Russian Federation, Latin America, Venezuela, Hugo Chavez
Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет.
Жер аумағы – 912,0 мың шаршы шақырым. Халқы – 28,946 миллион адам
(2011 жылғы мәлімет). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69
пайызы метистер, 20 пайызы ақ нәсілділер, 9 пайызы зәңгілер, 2 пайызы
үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым кӛпшілігі –
католиктер. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі
палатадан (сенат және депутаттар жиыналысы) тұратын Ұлттық конгресс.
Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бӛлігінен
Ориноко ӛзені ағады.
Венесуэла Латын Америкасында ғана емес, сонымен бүкіл батыс жарты
шарда ӛзіндік ерекше орны мен беделі бар мемлекет саналады. Мұнайдың аса
бай қорына ие мемлекет ретінде Венесуэла Латын Америкасы елдері ішінен
АҚШ, Канаданы энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуші бірден-бір
мемлекет болып есептеледі. Ол мұнайды экспорттаушы мемлекеттер
ұйымына мүше. Венесуэла Вашингтоннан әлдеқайда тәуелсіз әрі еркін
сыртқы саяси және дипломатиялық курсты жүргізеді. 1998 жылы ел
президенті болып сайланған соң, Каракастың Вашингтонмен арақатынасы
жыл ӛткен сайын қайшылықты сипат ала түсті. АҚШ-пен ашық қайшылыққа
барған Уго Чавес Вашингтонның стратегиялық дұшпандары Куба, Иран
Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Белорусия, Сирия секілді
мемлекеттермен жақындасу курсын бастады.
Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтар
ішінен бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла»
атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді. Америго Веспучи 1499 жылы
осы жерге келгенде, су үстінде орналасқан үйлер кӛрген сәтте, оның есіне
Венеция қаласын түсіреді. Сондықтан ол осы жерге «Кіші Венеция»
(венесуэла) деп ат қояды. Испандықтар алғашқы отарын 1522 жылы осы
жерде ұйымдастырады. XVI ғасырдан бастап, Венесуэла испандықтардың
Жана Гранада атты отарының құрамына кіреді.
XVI ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті
үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратты. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына
Африкадан әкелінген зәңгілердің еңбегі пайдаланылды. XIX ғасырда испан
отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді.
4
1811 жылы Еуропада Наполеон соғыстары жүріп жатқан кезде
Венесуэла ӛзін тәуелсіз деп жариялайды. Тәуелсіздік соғысы басталды, бірақ
испан әскерлері кӛтерісшілерді басып-жаншыды. 1821 жылы Венесуэланың
қолбасшысы Симон Боливар Карабобо шайқасында жеңіске жетеді. Симон
Боливар испандықтармен күресті бастап, бүгінгі Боливия, Колумбия,
Эквадор елдерін азат етті. Осы жерде ол Ұлы Колумбия мемлекетін
жариялайды, бірақ 1831 жылы Ұлы Колумбия бӛлшектеніп, Венесуэла оның
құрамынан шығып тәуелсіз мемлекет болады.
1913 жылы ірі мұнай кӛздері ашылғаннан кейін елдің экономикасына
АҚШ-тың мұнай компаниялары үстемдік жүргізді. 1975 жылы үкімет мұнай
және кен шығару ӛндірістерін мемлекет меншігіне алды. Қазіргі кезде
Венесуэла экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америкасы елдері
арасында тӛртінші орын алады. Ұлттық табыстың орташа мӛлшері жан
басына шаққанда 2,8 мың АҚШ долларын құрайды. Ӛнеркәсіптегі жетекші
салалар: мұнай шығаратын және ӛңдейтін ӛндіріс орындары, кӛлік және
байланыс салаларының басым бӛлігі – мемлекет меншігінде. Елде мұнайдан
басқа табиғи газ, темір, боксит, кӛмір, алтын, алмас, тағыда басқа пайдалы
қазбалар ӛндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы
нашар дамыған. Тамақ ӛнімдерінің 50 пайызы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда
серіктестері: АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Бразилия, Канада және тағы
да басқа елдер [1, 17 б.].
XIX ғасырда Венесуэланы әскери диктаторлар биледі. 1992 жылы
сайлауда Уго Чавес жеңіске жетті. Чавес Венесуэлада социалистік
республика құру курсын бастады. Ол экономикалық реформалар жасап,
«Боливар революциясын» жариялады, революцияның негізі – бүкіл Оңтүстік
Американың мемлекеттерін бір елге одақтастыру. Бүгінгі Венесуэла – Ресей,
Иран, Қытай, Беларусь, Куба және Боливия сияқты елдермен жақын қарым-
қатынас жасайды.
Ресей мен Венесуэла арасындағы алғашқы тікелей саяси байланыс 1857
жылы жасалынған болатын. Осы жылы Ресей империясының үкіметі
Венесуэла Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Ал Ресей (Кеңес
Одағы) мен Венесуэла арасындағы дипломатиялық қатынастар 1945 жылы 14
наурызда орнатылды. Екі жақты саяси және экономикалық ынтымақтастық
Венесуэлада билік басына Уго Чавес келгеннен кейін жандана бастады.
Президент Уго Чавес Ресей Федерациясына 2001 жылдың ӛзінде екі мәрте
сапар жасады. Содан кейін Венесуэла лидері Ресейде 2004, 2006 және 2007
жылдары болып қайтты.
Уго Чавестің жетекшілігіндегі жаңа үкімет билікке келе салысымен,
аймақтық және әлемдік саяси үрдістерге белсенді түрде араласып, кӛппоярлы
әлемнің құрылуын жақтап, халықаралық жанжалдарды реттеуде күш
факторын қолданудан бас тартуға, ұлттық егемендік және территориялық
тұтастық қағидаларын құрметтеуге шақырды. Мұндай белсенді сыртқы
саясат пен дипломатия елдің ұлттық мүдделерінің жүзеге асуына және
қорғалуына, оның халықаралық беделінің артуына және дамушы елдер
ішінен кӛшбасшылар қатарынан кӛрінуге зор мүмкіндік берді.
5
Уго Чавестің ӛз елінде және сыртқы әлемде капитализм, империализм
және американ гегемонизміне қарсы күресуші ретінде беделі қалыптасқан.
Оның пікірінше, Венесуэла ӛзінің ұлттық ядролық бағдарламасын дамытуға
толық құқылы. Уго Чавесті кезекті диктатор ретінде бағалаған Вашингтон
Венесуэлаға қарсы экономикалық санкция енгізді [2, 79 б.].
Осы уақытта Латын Америка бағытындағы саяси, дипломатиялық және
экономикалық белсенділігін арттыруға аса кӛңіл бӛлген Ресей Федерациясы
құрлықтағы Бразилия, Аргентина және Колумбия секілді мемлекеттермен
ынтымақтастықты арттырумен қатар, бір мезетте Венесуэламен де
дипломатиялық және саяси байланыстарды жаңғыртуға айрықша кӛңіл бӛлді.
2001 жылы мамырда Мәскеуге ресми сапармен келген Уго Чавеске арналған
жылы сӛзінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин былай
деді: «Венесуэламен ынтымақтасу Ресейдің Латын Америкасымен ӛзара
ықпалдастығының негізгі ӛзегі болып табылады» [3, 215 б.].
Мәскеу мен Каракас арасындағы қатынастардың алғашқы кезеңінде
қол жеткізілген келісімдер тараптардың әлемдік дамудың іргелі мәселелері
бойынша ұстанымдарының сәйкестігін немесе жақындығын кӛрсетеді. 2001
жылғы мамырдағы Мәскеудегі кездесуде қоса тарапта «бір-бірінің ішкі
істеріне араласпау, мемлекеттердің тең құқылы болуы және егемендік теңдігі,
даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолдармен шешу, күшті қолданбау
немесе оны қолдану туралы қоқаң-лоқы жасамау, территориялық тұтастық
және саяси тәуелсіздік қағидаларына негізделген кӛпполюсті және зорлық-
зомбылықтан азат жаңа әділетті әлемдік тәртіпті орнату жолында бар
жігерлері мен күштерін жұмсауға уағдаласты». Венесуэла басшысы Уго
Чавес ресей-венесуэла қатынастарын «геосаясатқа ықпал етуге жеткілікті
деңгейде қабілетті стратегиялық одақтастық» ретінде бағалады [3, 216 б.].
АҚШ-пен ашық қайшылыққа барғаннан кейін Уго Чавес ең алдымен
Латын Америкасындағы Куба, Боливия секілді мемлекеттермен, содан кейін
Ресей Федерациясымен жақындасу саясатын жүргізді. 2007 жылға дейін Уго
Чавестің бес мәрте Ресейге сапар жасауы осының жарқын кӛрінісі бола алады.
Венесуэла мен Ресей Федерациясының арасындағы қарым-қатынаста ең
алдымен
энергетикалық
және
әскери-техникалық
салалардағы
ынтымақтастықты ерекше атап ӛтуге болады. 2007 жылы маусымдағы
бесінші ресми сапар барысында Уго Чавес Мәскеуде Симон Боливар
атындағы мәдени орталық ашты. Одан кейін Ресей Федерациясы президенті
Владимир Путинмен және Мәскеу мэрі Юрий Лужковпен кездесті. «2001
жылдан бері әлемде біздің идеяларымыздың пайдасына, халықтарымыздың
мүддесіне қарай кӛптеген ӛзгерістердердің орын алғанын» атап ӛткен
Венесуэла басшысы Ресей президентін «ӛзінің бауыры» екенін айтып ӛтті.
Бұған жауап ретінде Владимир Путин аса жылы ниетпен «екі жақты қарым-
қатынастардың қарқынды дамып жатқаны барлығымызды қуантпай
қоймайды» деді [2, 79 б.].
Ресей ғалымы В.Л. Хмылевтің пайымдауынша «Уго Чавес Ресейде
ӛткен дәуірдің адамы ретінде бағаланады. Ал оның аса батыл
антиамериканистік ұстанымы Ресей мен Венесуэла қатынастарын дамытуда
6
белгілі бір деңгейдегі кедергі болып отыр. Осы тұрғыдан келгенде Ресейдің
Венесуэламен
арадағы
проблемалары,
Мәскеудің
кейбір
араб
мемлекеттерімен арадағы байланыстардағы мәселелерге ұқсас. Қару-жарақ,
энергетика нарықтарында күшті бәсекелестерсіз жұмыс істеуге болады, бірақ
мұның батыс елдерімен қарым-қатынастарға қаншалықты залал келтіретінін
де ешқашан ұмытпаған дұрыс. Уго Чавес секілді лидерлер Латын Америкасы
үшін жат құбылыс емес, олар ӛз елдерінің саяси мәдениетіне сай, сонымен
қатар латын американдық халықтардың кең қолдауына ие» [2, 79 б.].
Осы себептен Ресей Венесуэламен ынтымақтастықты дамытуда саяси
немесе қандай да бір идеологиялық факторларды емес, ең алдымен
экономикалық мүдделерді басшылыққа алады. Бүгінгі күні Венесуэланың
энергетикалық нарығында Ресейдің бірқатар мұнай-газ компаниялары
белсенді жұмыс жасайды. Атап айтсақ, «Газпром», «Лукойл», «НК
«Роснефть», «Сургутнефтегаз» «Зарубежнефтегаз». Энергетикалық саладағы
басты проблема ретінде ӛзара инвестициялық саясатты қорғайтын
үкіметаралық келісімнің жоқтығын атап ӛтуге болады. 2005 жылдан бастап
Каракас
пен
Мәскеу
арасында
әскери-техникалық
саладағы
ынтымақтастықтың ауқымы да айтарлықтай артып келеді. Венесуэла жалпы
сомасы 3 млрд. доллардан астам тұратын орыс қару-жарақтарын сатып алды.
Соның ішінде атылатын қарулар, СУ-30МК2 жойғыш ұшақтары, МИ-35
тікұшағын атап ӛтуге болады. 2005 жылы Каракас Ресейден сүңгіру
қайықтарын да сатып алуға ниет білдірді [2, 80 б.].
Ресей мен Венесуэла арасындағы әскери-техникалық саладағы
ынтымақтастығы 2006 жылдан кейін аса қарқынды түрде дамыды. Ӛйткені
2006 жылдың бірінші жартысында Вашингтон Венесуэлаға қару-жарақ
сатуға эмбарго жариялады. Осыдан кейін Уго Чавес АҚШ-та қару-жарақ
сатып алуды толық тотату туралы мәлімдеме жасады. 2005 жылы Ресей мен
Венесуэла 100 мың Калашников автоматын сатып алу туралы келісімге қол
қойған болатын. Оны жеткізу туралы келісім толық орындалды. 2006 жылы 3
шілдеде Венесуэла тағы 100 мың дана автомат және оларға қажетті жалпы
құны 52 миллион долларды құрайтын патрондарды сатып алу туралы
келісімге қол қойды. Ал, 2006 жылы 12 шілдеде Венесуэлада АК-103
маркасындағы автомат шығару және 7,62 калибрлі патрондарды ӛндіруге
байланысты жалпы құны 474,6 миллион долларды құрайтын екі келісім-
шартқа қол қойылды.
Венесуэланың әскери-әуе күштері үшін 2006 жылы 15 шілдеде жалпы
құны 484 миллион долларды құрайтын МИ-35 маркасындағы 38 орыс
тікұшағын сатып алу, ал 17 шілдеде СУ-30МК2 маркасындағы орыстың
жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келісім жасалынды. Осыншама орыс
қару-жарағын сатып алудың негізгі себебін Уго Чавес американ
агрессиясының қауіпінің тӛнуімен байланыстырды. 2006 жылы 26 шілдеде
Ижевскге келген кезде Уго Чавес «Ресей Американың бастамасымен
Венесуэлаға қарсы енгізген блокаданы бұзуға кӛп кӛмегін тигізді. АҚШ
елімізге басып кіру мақсатында Венесуэланы қарусыздандыруға тырысып
жатыр. Осы себептен мен Ресейге шексіз ризамын» деп мәлімдеді.
7
Ал АҚШ ақпарат кӛздерінің мәлімдеуінше Венесуэла осыншама
қыруар қару-жарақты Латын Америкасының ӛзге де аудандарына, соның
ішінде Колумбиядағы үкіметке қарсы кӛтерілісшілерге (ФАРК) жеткізу
мақсатында сатып алып жатыр. 2005 жылы 26 наурызда АҚШ қорғаныс
министрі Дональд Рамсфельд «Мен тіпті 100 мың «калашниковпен» не
істеуге болатынын елестете алмаймын. Мен Венесуэлаға жүз мың
«калашников» неге керек болып қалғанын тіпті түсіне алмаймын» деген
болатын.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Мәскеуге сапары
барысында осы мәселеге байланысты ӛз алаңдаушылығын білдірді. Алайда
Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің
Венесуэламен әскери саладағы ынтымақтастығы халықаралық заңнамаларға
қайшы келмейтінін атап ӛтті. 2006 жылы америкалық тарап Уго Чавестің
мәлімдемелеріне кезекті рет алаңдаушылық білдірді. АҚШ мемлекеттік
департаментінің баспасӛз хатшысының орынбасары Том Кейси «АҚШ
Венесуэланың орыстардан қару-жарақтардың замануи түрлерін алу туралы
жоспарына қатты алаңдайды және Ресейді алда жасалуы ықтимал келісімді
қайта қарауға шақырады. Ӛйткені Венесуэла сатып алайын деп отырған қару-
жарақ оның қорғанысына қажетті мӛлшерден әлдеқайда артық және
аймақтық тұрақтылыққа қатер тӛндіреді» деп мәлімдеді.
Ресей
тарапы мұндай
алаңдаушылықтың
объективті
екенін
мойындаудан бас тартты. Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің
ресми ӛкілі Михаил Камынин осы мәселеге байланысты былай деді:
«Ресейдің Венесуэламен әскери-техникалық ынтымақтастығы толығымен
халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес жүзеге асырылып жатыр». Ал
Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Иванов «Венесуэлаға
қару-жарақ сату туралы келісімді қайта қарау туралы сӛздің ӛзі тым артық.
24 жойғыш ұшақ, 100 мың автомат Венесуэла секілді үлкен территориясы
бар мемлекеттің қорғанысы үшін еш артық емес. Венесуэла ешқандай
халықаралық санкцияда емес және келісімді жүзеге асыруға деген қандай да
бір шектеулер жоқ» деп мәлімдеді.
2007 жылы ақпанда Уго Чавес қорғаныс министрлігінің Ресейден
жалпы құны 290 миллион доллар тұратын «Тор-М1» маркалы орта
қашықтықтағы 12 зенитті зымыран кешенін сатып алу туралы ұсынысын
мақұлдағанын хабарлады. Зенитті-зымыран кешенін Каракс пен елдің мұнай
кен орындарын әуеден жасалынатын шабуылдан қорғау мақсатында
солтүстік аудандарға орналастыру туралы шешім қабылданды. 2006 жылы
Ресей тура осындай қаруды Иран Ислам Республикасына да сатты. Кейбір
мәліметтерге сүйенсек Венесуэла Ресейден патрулді катерлер мен «Амур»
типіндегі су асты қайықтарын сатып алуға ниет білдірген.
2008 жылы қарашада Ресей Федерациясы басшысы Венесуэлаға ресми
сапар жасады. Дмитрий Медведев пен Венесуэла президенті Уго Чавес
бірқатар іргелі мәселелер бойынша келіссӛздер жүргізді, сонымен қатар
біріккен ресей-венесуэла әскери-теңіз жаттығуларына қатысуға келген Ресей
әскери кемелерін кӛрді. 26 қарашада екі мемлекет Венесуэла мен Ресей
8
азаматтарының бір-біріне келуі барысындағы визалық рәсімдерден бас тарту
туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім 2009 жылы наурызда ӛз күшіне енді.
Бұдан бӛлек Ресейдің «Газпром» компаниясы Венесуэла шығанағының
шельфінде газды барлау және ӛндіруге байланысты тендерді ұтып алды. Ал
одан бұрын Каркаста Франсиско де Миранданың атындағы Венесуэла-Ресей
достық институты ашылған болатын.
2008-2009
жылдары
Ресей
мен
Венесуэланың
арасындағы
ынтымақтастық жаңа кезеңге кӛтерілді. 2009 жылы қыркүйекте Мәскеуге
жұмыс сапарымен келген Уго Чавес екі жақты келісімдерге қол қою
барысында Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін мойындау
туралы мәлімдеме жасады. Ресей президенті Д. Медведев Венесуэла
лидерінің жасаған қадамына қатты ризашылығын білдірді. Венесуэла Ресей
мен Никарагуадан кейінгі Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін
таныған үшінші мемлекет
Кавказдағы мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындаған соң Каракас пен
Мәскеу арасындағы ынтымақтастық аса жоғарғы деңгейде дами бастады.
2009 жылы қыркүйекте Мәскеудегі келіссӛздер барысында тараптар әскери
салада келісімге қол жеткізді. Соның ішінде жоғарыда аталған қару-
жарақтардан бӛлек Ресей Венесуэлаға танктерді сатуға келісті. Бірақ әлемдік
қаржы дағдарысы Венесуэланың экономикасына қатты соққы бергендіктен,
тараптар кредит мәселесінде талқылады. Уго Чавес пен Дмитрий Медведев
жалпы активі 2,5 миллиард еуроны құрайтын біріккен ресей-венесуэла банкін
ашуды да қарастырды. Мәскеу бұған қоса Венесуэладағы Ориноко
аңғарындағы аса ауқымды мұнай кендерін бірлесіп игеру құқығына қол
жеткізді. Венесуэла тарапынан Кавказ республикаларын мойындауы, мұнай
және энергетикалық альянстың нығаюы, үлкен кӛлемде қару-жарақ сатуды
және тағы басқаларын Кремль ӛте сәтті жетістік ретінде бағалады [4].
Ресей және Венесуэла екі жақты қарым-қатынастарының ӛзегі жоғарғы
және аса жоғары деңгейдегі кездесулер болып табылады. Венесуэла
президенті Уго Чавес Ресей Федерациясына тоғыз мәрте сапармен келген:
ресми сапармен - 2001 жылы мамырда, 2004 жылы қарашада және 2010
жылы қазанда. Жұмыс сапарымен – 2001 жылы қазанда, 2006 жылы шілдеде,
2007 жылы маусымда, 2008 жылы шілде және қыркүейкте, 2009 жылы
қыркүйекте. 2008 жылы 26-27 қарашада Ресей тарихында алғаш рет Ресей
мемлекеті басшысының Венесуэлаға ресми сапары жасалынды. Бұдан бӛлек
екі мемлекет басшылары бір-біріне жолдаулар, хаттар жіберіп, телефонмен
сұхбаттасып тұрады.
Венесуэла президенті Уго Чавестің 2010 жылы 14-15 қазанда Мәскеуге
жасаған кезекті ресми сапары барысында 2010-2014 жылдарға арналған
ресей-венесуэла әріптестігін дамыту бойынша іс-қимыл жоспарына қол
қойылды. Бұл жоспар екі жақты сыртқы саяси ӛзара әрекеттестікті нығайтуға
және тараптар арасындағы энергетика, қаржы, экономикалық, банк қызметі,
кӛлік, инфрақұрылым, ӛнеркәсіп, табиғи қазба байлықтарды игеру, ғарыш,
ғылым, техника, жоғарғы технологиялар, байланыс, телекоммуникациялар,
ауыл шаруашылық және ынтымақтастықтың ӛзге де маңызды салалары
9
бойынша орта мерзімдегі перспективада практикалық даму үшін мықты негіз
қалауға бағытталды [5].
2009 жылы жүргізілген белсенді әрі ұзақ келіссӛздер нәтижесінде 2010
жылы 1 ақпанда Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путин
мен Венесуэла Республикасының энергетика және мұнай министрі Р.
Рамирестің тікелей қатысуымен мемлекеттік PDVSA «Petróleos de Venezuela,
Sociedad Anonima» мұнай компаниясы мен «Национальный нефтяной
консорциум» ААҚ-ның қосалқы кәсіпорындары арасында біріккен
кәсіпорындарды құру және басқару жӛніндегі келісімге қол қою салтанаты
ӛтті. Біріккен кәсіпорын аясында тараптар ортақ жоба қабылдайды. Осы жоба
негізінде энергетикалық ресурстарды барлау және ӛндіру жұмыстары
жүргізіледі, сонымен қатар шикі ӛңделмеген мұнайды жетілдіру және оны
халықаралық нарыққа шығару шаралары да жүзеге асырылады [6].
2010 жылы сәуірдің басында Ресей Федерациясының премьер-министрі
Владимир Путиннің Каракасқа жасаған сапары барысында Венесуэла
президенті Уго Чавеспен келіссӛздер жүргізді. Келіссӛздердің қорытындысы
бойынша екі мемлекет арасында мынадай келісімдерге қол қойды [7]:
- Lada маркасындағы орыс автокӛлігін сатып алу-сату келісімі және
Венесуэлада Lada автокӛліктерін құрастыру ӛндірісін ашу туралы хаттама;
- «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ пен «PDVSA» компаниялары арасындағы
ынтымақтастық туралы келісім;
- 2010-2012 жылдарға арналған ведомсаралық ынтымақтастық
бағдарламасы мен мәдени алмасулар келісімі;
- Электрэнергетикасы саласындағы Ведомстваралық ынтымақтастық
туралы меморандум;
-
ғылым, технологиялар және инновациялар салаларындағы
Ведомстваралық ынтымақтастық туралы меморандум;
-
Ауылшаруашылық
саласындағы
ынтымақтастық
туралы
үкіметаралық келісім;
- Кӛліктік инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы
үкіметаралық келісім;
- «Ильюшин Финанс Ко» АА қоғамы мен Венесуэла Республикасының
қоғамдық жұмыс пен баспана бойынша халық билігі министрлігі арасындағы
ӛзара түсіністік жӛніндегі Меморандум;
- «Аэрофлот-Российские авиалинии» АА қоғамы мен Венесуэла
авиациялық ӛнеркәсіп пен қызмет кӛрсету консорциумы арасындағы ӛзара
түсіністік жӛніндегі Меморандум;
- «Транснефть» пен «PDVSA» компаниялары арасындағы ақпараттарды
жарияламау туралы келісім;
- Мұнай-газ секторындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру шарттары
туралы ведомстваралық келісім;
- Тӛтенше жағдайлар министрлігі негізінде дағдарысты жағдайларда
басқару орталығын құру туралы ведомсаралық хаттама;
- спорт саласындағы Ведомстваралық ынтымақтастық туралы
меморандум;
10
- Жалпы, бастауыш және орта кәсіби білім беру саласындағы ӛзара
түсіністік туралы Ведомстваралық ынтымақтастық туралы меморандум;
- Ресей-Венесуэла банкін құруға байланысты үкіметаралық келісімге
ӛзгерістер енгізу туралы хаттама;
-
Жоғарғы деңгейдегі Ресей-Венесуэла комиссиясының 7-ші
мәжілісінің қорытынды актісі.
Бұған қоса Владимир Путин мен Уго Чавес екінші дүниежүзілік
соғыстың аяқталғанына 65 жыл толуына орай, сонымен қатар Венесуэла
тәуелсіздігіне 200 жыл толуына байланысты біріккен мәлімдеме жасады.
Осыдан кейін Каракас пен Мәскеу арасындағы екі жақты
ынтымақтастық жоғарғы деңгейде дами бастады. 2012 жылдың кӛктемінде
Санкт-Петербургте Ресей-Венесуэла достастығы қоғамының негізінде Латын
Американдық мәдени орталық ашылды. 2013 жылы 7 наурызда оған
Венесуэланың екі күн бұрын қайтыс болған президенті, команданте Уго
Чавестің есімі берілді. 2013 жылы 5 наурызда Венесуэланың ержүрек әрі
жігерлі президенті, Ресейдің стратегиялық одақтасы Уго Чавес қайтыс болды.
Ол қайтыс болған күні Беларусь Республикасының барлық мекемелерінде
тулар тӛмен түсірілді.
Чавес қайтыс болған соң 30 күннен кейін елде президент сайлауы
болып ӛтті. 2013 жылы 14 сәуірде сайлауда Николас Мадуро жеңіске жетті.
Мадуроның келуімен Венесуэланың Ресеймен ынтымақтастығы бәсеңдеп,
бұрынғы қарқынан айырылды.
Уго Чавес тұсында Венесуэла үкіметі сӛз жоқ Ресей Федерациясының
Латын Америкасы бағытындағы саяси, дипломатиялық, экономикалық және
әскери белсенділігінің артуына оң кӛзқарас білдіріп, Мәскеудің батыс жарты
шардағы ықпалының артуын жақтады. Венесуэла басшыларының пікірінше
бұл Венесуэлаға аймақтық және әлемдік үрдістерге толықтай және дербес
түрде қатысуға мүмкіндік беретін тұрақтандырушы фактор болып табылады.
Уго Чавес Ресей Федерациясын қазіргі және болашақтағы кӛпполюсті
әлемнің ажырамас бӛлігі ретінде қарастырды. Ол ӛз мәлімдемелерінде
бірнеше мәрте Ресейдің әлемдік саяси және экономикалық процесстердегі
рӛлінің артуын әрқашан қолдайтынын атап ӛткен болатын. Уго Чавес
құдіретті Ресейді Батыс жарты шарда және халықаралық сахнада АҚШ-қа
қарама-қарсы, оған тең келетін күш ретінде қарастырды. Оның тұсында
Венесуэла Ресейді АҚШ-ты тежеуші әрі тепе-теңдік орнатушы құдіретті
держава ретінде бағалап, онымен барлық салалар бойынша барынша
ынтымақтасуға және стратегиялық одақ құруға ұмтылды.
Бірақ Ресей Федерациясы Кеңес Одағы дәуіріндегі Мәскеудің ғаламдық
үстемдікке ұмтылу стратегиясынан толық болмаса да, ішінара бас тартқан
мемлекет екені айқын. Ресей үшін сонау шалғайдағы Латын Америкасы
ӛңірінде лидер болу ешқашан жүзеге аспайтын қияли арман. Бұл стратегияны
кезінде әлдеқайда құдіретті Кеңес империясының ӛзі жүзеге асыра алмады.
Ресей үшін қазір ӛз айналасында және Еуразиялық кеңістіктегі ӛз ықпалын
уыстан шығармау әлдеқайда маңызды. Осы тұрғыдан Уго Чавестің ашық
антиамерикандық және Батысқа қарсы бағытталған саясаты, мәлімдемелерін
11
Кремльдегілер әрқашан ұната бермегені де шындық. Қырғи-қабақ соғысы
дәуірінде Куба Латын Америкасы мен Батыс жарты шардағы Мәскеудің ең
сенімді әрі стратегиялық одақтасы болғаны белгілі. Кеңес империясы
ыдырағаннан кейін Гавана мен Мәскеу арасындағы дәстүрлі одақтастық
байланыстардың тамырларына балта шабылды. ХХІ ғасырдың басынан бері
Венесуэла Ресей үшін екінші Куба болуға тырысты. Уго Чавес ӛз елін
Мәскеудің Латын Америкасындағы ең адал серіктесі мен одақтасына
айналдыруға тырысты. Алайда, Кремль Латын Америкасына ӛз ықпалын
орната алмайтынын тамаша түсінеді. Сондықтан, қазіргі кезеңде Ресей
негізінен идеологиялық қағидалар негізінде емес, ең алдымен сауда және
экономикалық
факторлар
негізінде
Латын
Америкасы
елдерімен
ынтымақтастықты арттыруға назар аударуда.
1. Строев E.С., Бляхман Л.С., Кротов М.И. Экономика Содружества Независимых
Государств накануне третьего тысячелетия: Опыт и проблемы реформ. - СПб.: Наука,
1999. – 482 с.
2.Хмылѐв B.Л. Современные международные отношения. Томск: Изд-во Томского
политехнического университета, 2010. 210 с.
3. Шапке Р. Уго Чавес и Боливарианская революция./ nb-info.ru/chaves.htm
4.Российско-венесуэльские
отношения
вышли
на
новый
уровень
//
http://www.epochtimes.ru/content/view/28240/1/
5.О Российско-венесуэльских отношениях // http://www.mid.ru (18.05.12)/
6.Договор о создании и управлении совместным предприятием между дочерним
предприятием государственной нефтяной компании PDVSA «Petróleos de Venezuela,
Sociedad Anonima» и ООО «Национальный нефтяной консорциум» // www.hispanidad.ru
7.По итогам российско-венесуэльских переговоров был подписан ряд двусторонних
документов // http://www.premier.gov.ru/
1. Stroyev E.S., Blyaxman L.S., Krotov M.I. Ekonomika SodruzhestvaNezavisimyh
Gosudarstv nakanune tretego tysyazhyletya: opyt I problem reform. – SPb.: Nauka, 1999. 482 s.
2.Hmylev V.L. Sovremennyie mezhdunarodnyie otnosheniya. Tomsk: Izdatelstvo
Tomskogo politehnisheskogo universiteta, 2010. 210 s.
3.Shapke R. Ugo Thaves i Bоlivarianskaiya revolutziya./ nb-info.ru/chaves.htm
4.Rossisko-venesuelskie
otnosheniya
vyshli
na
novyi
uroven
//
http://www.epochtimes.ru/content/view/28240/1/
5.О Rossisko-venesuelskih otnosheniyah // http://www.mid.ru (18.05.12)/
6.Dogovor o sozdani i upravleni sovmestnym predpriyatiem mezhdu dothernim
predpeiyatiem gosudarstvennoi neftyanoi kompanii PDVSA «Petróleos de Venezuela, Sociedad
Anonima» i ООО «Natzionalnyi neftiyanoi konzorzium» // www.hispanidad.ru
7.Po itogam rossisko-venesuelskih peregovorov byl podpisan ryad dvustoronnih
dokumentov // http://www.premier.gov.ru/
Поделитесь с Вашими друзьями: |