Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы



жүктеу 2.37 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата15.02.2017
өлшемі2.37 Mb.
#2882
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Астана 2012

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы 

Асқаров Әлібек, жауапты хатшы 

Абдрахманов Сауытбек

Атабаев Қамбарбек 

Аяған Бүркітбай 

Әбжанов Хангелді

Әбусейітова Меруерт 

Әжіғали Серік 

Әлімбай Нұрсан

Байпақов Карл 

Байтанаев Бауыржан

Балықбаев Тахир 

Дүйсембаев Еркін 

Есім Ғарифолла

Жақып Бауыржан

Жұмағалиев Асқар 

Жұмағұлов Бақытжан

Қасқабасов Сейіт

Қозыбаев Ілияс 

Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай

Мұхамадиұлы Арыстанбек

Мыңбай Дархан 

Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара

Самашев Зейнолла

Сұлтанов Қуаныш

Тұяқбаев Қанат 

Шаймерденов Ербол

Шеңгелбаев Бақытжан

«МӘДЕНи МұрА» ұлТТыҚ СТрАТЕгиялыҚ ЖоБАСыН 

ЖүЗЕгЕ АСыру ЖөНІНДЕгІ ҚоҒАМДыҚ КЕңЕС 



4

уДК 821.512.122



ББК 84 Қаз-7

Б 12

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік 

маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары)

Жұмасейітова г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.у., Әлбеков Т., 

Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов у., Қосан С., Мамыраев Б.Б.



Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған

Томның редакция алқасы:

Әлбеков Т. (жауапты редактор),  Қалижанов у., Қасқабасов С.А., 

Қирабаев С.С., Қорабай С., Қосан С.

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:

Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Әлбеков Т., Елесбай Н.



Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012.

Т. 89: Аңыздық жырлар.—2012.—432 бет. 

ISBN 978-601-292-640-8

«Бабалар сөзі» сериясының 89-томына «Алдар көсе», «Алаша хан», 

«Қорқыт», «Асанқайғы», «Қызқұлаған», «Сайрам аңызы», «Еділ мен 

Жайық батыр» т.б. аңыздық жырлар енді. 

уДК 821,512,122

ББК 84 Қаз-7

ISBN 978-601-292-640-8 (т. 89) 

© Әдебиет және өнер институты, 2012 

ISBN 9965-619-60-3  

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012



4

ҚұрАСТыруШылАрДАН

М.о. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде-

ни мұра» ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық 

көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми 

басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның 

бұған дейін баспаға ұсынылған сексен сегіз  томы ұлттық 

фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып 

саналатын эпостық шығармаларға, қара өлең, ертегілер, жұм-

бақтар мен мақал-мәтелдер т.б. шағын жанрларға арналды. 

Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни 

дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір, 

«Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—

жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі, 

«Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес то-

мы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, «Жұмбақтардың», 

«Ба лалар фольклорының», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолия-

дағы қазақ фольклорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй 

аңыздың», «ру аңыздарының», «Аңыздық жырлардың»—бір-

бір томы  баспаға  дайындалып, басылым көрді. Бұл жи нақ-

тардың он екі томында Қытайдағы  қазақтардың, бір томында 

Моңғолия қазақтарының фольклорлық мұралары қамтылды. 

оқырман назарына ұсынылып отырған 89-том жыр үлгісін-

дегі аңыздарға, яғни «Аңыздық жырларға» арналады. Себебі 

жүзтомдық топтаманы баспаға дайындау барысында орталық 

ғылыми кітапхана мен институттың қолжазбалар қорында 

сюжеттік желілері мифологиялық, ертегілік, көбіне аңыз дық 


6

аңыздық жырлар

оқиғаларды қамтыған жырлар көптеп сақталғаны, бірақ олар-

дың дені ілгергі-бергі кезеңдерде басылым көрмегендік 

тен, 

жеке жанр ретінде ғылыми айналымға енбегені мәлім болды. 



«Аңыздық жырлардың» негізгі тақырыптары әр дәуірдегі та-

рихи тұлғаларға, қоғам қайраткерлеріне (Алдаркөсе, Алаша 

хан, Қорқыт, Асанқайғы т.б.) және аспан денелері мен жер-

су атауларына (Шолпан, Есекқырған, Сайрам, Қызқұлаған 

т.с.с.) байланысты болып келетіні байқалды. Бұл реттегі аспан 

денелеріне қатысты әңгімелер халықтың мифтік санасымен 

бірге туындап, жад арқылы ұрпақтан-ұрпаққа таралып, 

кейін жырға айналғаны айқын көрінеді. Тіпті, кейбір тарихи, 

мекендік аңыздардың ХХ ғасырдың бірінші жартысында 

жырланып, жыршылардың шығармашылығына енгендігіне 

көз жеткізуге болады.  Мысалы, «Шаябай» жырындағы мына 

өлең жолдары бұл пікірді толық айғақтайды:

Екі егіз, сом біреуі дара біткен,

Терең сай бөлініп тұр аражікпен.

Қос шоқы сыңарының басындағы

Тас зират ескі, көне мұра тіптен. 

Мұндағы ескі тас зират жатқан Екі егіз—қазаққа жанашыр 

болған Шаябай атты қалмақ батырының есіміне байланысты 

қойылған қос төбе. Зираттың әбден мүжіліп, көнеруі де, 

жырдың құрылымы да оның кейінгі кезеңдерде туындағанын 

аңғартады. Құрастырушылар бүгінгі күнге дейін қалың 

оқырманға, ғылыми ортаға белгісіз болып келген бұл жырлар 

жарияланғаннан кейін арнайы зерттеу нысанасына айналуға 

тиісті деп есептейді. 

Топтаманың алдыңғы төрт томы «Тарихи аңыздарға» ар-

нал ғандықтан, құрастырушылар оқырмандарды сол басы лым-

дардың қысқаша құрылымымен таныстыра кетуді жөн са-

найды.  


Алғашқы томға (85-томға) VІ-ХVІІ ғасырлар аралығында 

өмір сүрген  Бәйдібек би, Қорқыт, Алаша хан, Майқы би, Аяз би, 

Қожа Ахмет ясауи, Хакім ата, өзбек хан, Шыңғыс хан, Жошы 

хан, Ақсақ Темір, Әз-Жәнібек, Асанқайғы, Жиренше, Есім хан, 

Тоқтамыс хан, Ер Едіге, Ер Тарғын, Абат, Шора батырлар т.б. 


6

7

құрастырушылардан



тарихи тұлғаларға қатысты аңыздар; екінші томға (86-томға) 

Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Қазақ ордасының мемле-

кеттілігін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда ерек 

ше 


рөл атқарған Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты кемеңгер билер 

мен Қабанбай, Бөгенбай, өтеген, Шақшақ Жәнібек, олжабай 

секілді даңқты батыр-қолбасшылардың жорық жолдарын 

баяндайтын туындылар; үшінші томға (87-томға) Керей Жә-

нібек, райымбек, Бердіқожа, Жанайдар, Жидебай, Байқозы 

секілді батырлар мен Бекболат, Тіленші, Досбол билер  т.б. та-

рихи тұлғаларға байланысты халық шығармалары; төртінші 

томға (88-томға) ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдағы қазақ 

қоғамын, тарихи оқиғаларды, әлі де болса ел тәуелсіздігін 

сақтап қалғысы келген хан-сұлтандардың, елбасыларының, 

батырлардың сыртқы жаулармен өткізген күрестерін, олар-

дың ұлт-азаттық сипаттағы көтерілістері мен қозғалыстарын 

суреттейтін аңыздар топтастырылды.

оқырмандарға жол тартып отырған 89-томның құрылымы 

«Тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы аңыздық 

жырлар», «Топонимдік аңыздық жырлар» атты бөлімдер 

аясында жүйеленіп, алдыңғы бөлімде «Алдаркөсе, «Алаша 

хан», «Қорқыт», «Асанқайғы» (2 нұсқасы) сияқты жырлар, 

кейінгі бөлімде «Есекқырған», «Қызқұлаған», «Еділ мен 

Жайық батыр», «Сайрам аңызы», «Шаябай» сынды туындылар 

қамтылды.

Томда қамтылған мәтіндердің негізгі бөлігі М.о.Әуезов 

атын дағы Әдебиет және өнер институты мен орталық ғылы-

ми кітапхананың сирек қорларында сақталған М.Бөжеев, 

Б.Адамбаев т.б. ғалымдардың әр жылдары ел арасынан жи нап, 

хатқа түсірген материалдарынан, сондай-ақ Бөжей Мыңғат-

ұлының, Әбдіман имандосовтың, Нұрқасым Нұрғалиевтың, 

Жүсіпхан Жұртбаевтың, Ілияс ысқақовтың, Бәдел Тұрсын-

баевтың, Солтан Мәжитұлының, Көшен Елеуовтың, Сайлаубек 

Жақыповтың, Еркін Құлпейісовтың қолжазба мұраларынан 

алынды. 

Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә-

тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, реттік 

санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға 

енген мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар 

 


8

аңыздық жырлар

және басылымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге 

ғылыми түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде 

кездесетін тарихи тұлғалар мен күйшілер туралы деректер, 

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен томның орыс, ағылшын 



тілдерінде жазылған түйіндері құрайды.

Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.



8

10

10

АлдАрКөсе 

Бүгіні жоқ ертеңі,

үш бу жаздым ертегі.

Ескі сарын ертеде

Ертерек өткен ер көбі.

Қиыстырар ақындық,

Айта білсе қызыл тіл.

Қазаққа бір жақындық

Алдардың бар, мұны біл.

Ескіден қазақ ұнатқан

Мақтау сүйген әңгіме.

Бөтен тілді жолатпан,

Кірсе кірер, қаңғыма.

Шын аты ұмтылған,

Алдаркөсе—елде аты.

Момын емес құр тұрған

Алдамшының санаты.

Алдар десе айтпайды,

Біздің қазақ алдамас.

Не болса да қайтпайды,

Алдарын да аңдамас.

Тарихи тұлғалар мен 

қайраткерлер туралы аңыздық 

жырлар


10

20


12

аңыздық жырлар



Бірінші тарау

Пәлен дерлік жылы жоқ,

Тұсы Жәнібек тұсында

Бір момын шал болыпты,

Тым-ақ кедей құрбысында. 

Ханы екен әз Жәнібек,

Бұл шал емес тіпті тек.

Сол бір өткен заманнан

Мен айтайын біраз кеп. 

Әмірші боп халқына

Жәнібек дәурен сүріпті. 

Біз сықылды артына

Ісімен үлкен білікті...

Аты—Құжыр бұл шалдың,

Мекені шаһар сыртында.

Қарасы жоқ һеш малдың,

Жүріпті жаяу жұртында.

Шалдың халін сұрасаң,

Зор бай емес орасан.

Адам көркі—шүберек,

Ағаш көркі—жапырақ, 

Бар киімді қақырап,

Кедейліктен тақыр-ақ.

Төсенгені топырақ,

Жамылғаны жапырақ.

Білсе дағы білмейді,

Көрсе дағы көрмейді,

Кедейліктен соқыр-ақ.

үш ұлы бар, кемпірі жоқ,

Малда саулық ешкісі.

Кедейліктен кемтігі жоқ,

Кигені әркім ескісі.

Соқталдай боп сорайып,

үш баласы ержетті.

30

40

50



12

13

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



Шалмен қатар зорайып,

Шал наразы еңірепті.

Тамақтары үлкейді,

Шал мен ешкі кәртейді.

Шал ой түсіп көркейді,

отырып, тұрып, жантайды.

Балаларын шақырып,

Жөтеліп, азырақ қақырып.

Ақылын жиып ойланып,

Сөйлер кісі бойланып.

осылайша сөйлейді,

Тамағын кенеп күйлейді.

—үстімде жоқ үй,—дейді,—

Менен кетті күй,—дейді.

Қартайды ешкі әкеңмен,

Ержеттіңдер мамырлап.

Құлағың бұр шекеңмен,

Сөйлемеңдер даңғырлап!

Атаңнан қал-жай кетті,

Ақыл айтуға ой кетті.

Қызыл кетті, май кетті,

үш баласы ержетті.

Мені жөндеп асыраңдар!

үйретпедім өнерді,

Бір ауыз айтам насихат.

үлгі қылам қай ерді,

Ата сөзі жазған хат.

үшеуің ойла ішіңнен,

Көңілдерің не сүйер?

өнер шығар осыңнан,

өсіп-өніп дүрдиер.

Қарекет ет сонымен,

Сүйгенінен жалықпас.

Айланбаңдар өңгемен,

Болмасаңдар балқыбас.

60

70



80

14

аңыздық жырлар

Айт әуелі үлкенің,

ортаншың айт онан соң.

Қызығы көп дүниенің,

Кенже соң айт болған соң.

үлкені айтты:—Әй, ата!

Егінді сүйер көңілім,

ойымда жоқ іс қата, 

Егінмен өтсін өмірім.

ортаншы айтты тағы да:

—Көңілімде қой бақсам,

Маған деген бағы да,

Мал дегенде зар қақсам.

Кенжесі айтты:—Алдайын,

Болса да жын арбайын.

Дәп осылай мән-жайым,

Көңілімде дап-дайын.

Шал:

Батасын беріп, қол жайды,



—Болыңдар,—деп,—осымен,

Алла,—дейді,—қолдайды,

Әркім болсын досымен.

үлкені алды соқаны,

ортаншы алды таяғын.

Кәдір тұтып батаны,

Кенже қылды аярлығын.

Екеуі шалды асырады,

Асырады жақыннан.

Кенже қулық асырады,

Шын жүйрік шыққан тақымнан.

Екінші тарау

Темір таяқ қолында,

Азығы бар жанында.

90

100



110

14

15

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



Жөнеледі жолына,

Жайқайды оңды-солына...

Жүре-жүре талай күн,

Түніменен өтіпті.

Жүріс-тұрысы бейне жын,

Заңғар тауға жетіпті.

Қараса, бір жан аспас

Жалама тас жап-жалтыр.

Аспақ түгіл жанға қас,

Бұлттан асып құлағалы тұр.

«Қиыннан бетім бұрмайын,

Не қылсам,—дейді,—асайын.

Таяғым асыл дап-дайын,

Мұнымен басқыш жасайын».

Дамыл алмай күндіз-түн,

Бедерлейді жартасты.

үсті-басы болды жүн,

Басына таман жармасты.

Әбден қатып сілесі,

Басына шықты бір күнде. 

Кіресілі есі шығасы,

Әлсірепті бұл мүлде.

ұйықтап қапты болжырап,

Болжалы жоқ неше күн.

Халі кетіп қалжырап,

Жартас қашап күндіз-түн.

оянса Алдар ес жиып,

Қабын тесіп, етін жеп,

Шоқып жатыр селтиіп,

ұшайын деп қыбылжып.

Бір-ақ қақты тап беріп,

Тұзақ тастап ыңғайлап.

ұстай алып шап беріп,

Беткітіп алды жіп байлап.

120

130


140

150


16

аңыздық жырлар

Қолға түскен оқшауда

Байғыз екен осы құс,

Мекендеген сол тауда,

Тышқан жейді, жүрмес бос.

Бір жем үшін ұшты ғой,

Кейде қызыл болмас дос.

Михнатқа түсті ғой,

Табылар кімге тамақ бос.

Жарар дейді керекке,

Байғыз да болса олжа ғой.

Жарамаса керекке,

Жоя берсем қолда ғой. 

Көзін салса жан-жаққа,

Бауырында отыр бір ақ үй.

Қазақ па осы, қалмақ па?

Жұмыртқадай үй бірдей.

Таң-тамаша жайлары,

үй отырған һәм сайы.

Тас бастаулы маңайы,

Түрлі-түрлі баурайы.

Төрт түлікке толыпты,

Мыңрады мың-мыңнан.

Жарқырайды көлдері,

Шағылысады көздерің.

Қараса көзін айырмай,

Балықтары жайындай.

Түрлі-түрлі құстары

Қонып ұшар тобымен.

Толып жатыр аңдары,

Жайылады шоғымен.

Бұрынғы шығып есінен,

Таудан түсті басқыштап.

Қуанады ішінен,

Байғызын Алдар қолға алып.

160

170


180

16

17

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



Жетіп келді кешікпей,

үкідей ұшып ақ үйге.

Ақырын басып естіртпей,

Түсемін деп не күйге.

Сығалады жабықтан,

Байқайын деп үй ішін.

Ақырын басып алыстан,

Көрді анық өңі-түсін.

Бір жігіт пен бір әйел

Сүйіседі жақындап,

Күліседі сақылдап,

Текешіктей бақылдап.

ұрғашысын еркегі 

Айналдырған тақымдап.

Қарамайды жан-жаққа,

Естері шығып мас болған.

Көңілдері ауып бір жаққа,

Көсені көрмес бас баққан.

Жылқыға кеткен бағана

үйден шығып жалғыз бай.

Қызыққа батып жатыр әне,

Көңілдері болып жай.

Шың ішінде мекені,

Бөтен жақпен ісі жоқ.

Қазы-қарта жегені,

Әйеліне көңлі тоқ.

Белін бүгіп іргеден,

Тамағын Алдар кенеді.

Мұндайды бұрын көрмеген,

«Тамаша екен һәм» деді.

Жігіт серкедей секірді

Ши ішінде сандыққа.

Сандық тісі тырс етті,

Мышығы кірді бір қарғып.

Көлбеп жатып күрс етті,

Көрді Алдар бір ырғып.

2-162

190


200

210


220

18

аңыздық жырлар

Кіріп келсе ақ үйге,

Сылдыраған келіншек.

Қызара бөртіп күйінде,

Маң-маң басқан еріншек.

Қырынып-тұжырынып сөйлейді,

Шығар-шықпас дыбысы.

өзін-өзі күйлейді,

Ішінде бар қырысы.

Кербездікпен күлтілдеп,

Ішті-тысты киінген. 

Шолпылары шолпылдап,

Шын бұраң бел иілген.

Сыны менен сыры бар,

Салмай қоймас ойға шоқ.

Ер қызығар нұры бар,

Болмаса бір жаны жоқ.

үйдің іші тамаша,

Жаннан асқан жабдығы.

Бұл келіншек өзгеше,

Адамда жоқ паңдығы.

Салтанаты жан асқан,

Жалт-жұлт етер кәуһәр тас.

Кигені жібек асылдан,

Сәніне ешкім таласпас.

Қайсыбірін қарасын,

Алдар желдеп барады.

Сабаның көріп қарасын,

Алдардың көңлі шарада,

Шыдай алмай сұрады.

Келіншек:—лұқсат, іш,—деді,

Қымыз ішіп төңкерді

Тәуір көрген шараны.

Тойып алды ыңқылдап,

Екі бүйірі бір шығып.

Түрленеді қутаңдап,

Күлмес қағып шиырығып. 

230

240


250

18

19

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



ой ойлады ішінен,

Келтірмекші керегін.

Бойындағы амалмен

Таппақшы өз қорегін.

үш-төрт сағат болған соң,

Жылқыдан келді бай байғұс.

Шаршады бай өбектеп,

Әрбір малын бір айдап.

Сиырларын «өк-өк» деп,

Жылқыларын «құрулап»,

Ешкі-қойын «құрғайлап».

Егде тартқан жасы бар,

Әуре болған басы бар.

Сағалы болған көк бурыл,

Ішінде бар жарасы,

Шал байдың жоқ баласы.

Алдарға қарап шамданып:

—Келдің,—дейді,—сен қайдан?

«Неткен жан» деп таңданып.

—Жөніңді айт,—дейді,—оңдайлан!—

Мінезің жұмсақ байғұссың,

Жан қинаған қай жансың?

Жалынбысың, данышпан,

Екі бүйірің қабысқан?

Жас балаға таяусың,

Адастың ба шабыстан?

Шын қумысың жабысқан,

Батырмысың алысқан?

Аурумысың қан құсқан,

Ашулымысың аңдысқан?

Жердің жүзін тауысқан

Көпеспісің ауысқан?

Не білесің алыстан,

ұзынқұлақ дабыстан?

Алдар сонда сөйлейді,

Тамағы кенеп күйлейді:

260

270


280

290


20

аңыздық жырлар

—үстіңдегі ақ орда—

Жаннан асқан үй,—дейді.

—Болмасаңыз мал қорда,

үлкен байсың сен қорда,

Мал біте ме бір қорға!

Менің жайым сұрасаң,

Таң қалғандай орасан.

Атым шыққан балшымын,

Қан алғызсаң, қаншымын.

Қайғылы мен дерттіге

Жан беретін тамшымын.

Баласы жоққа ұл болам,

Құлы жоққа құл болам.

Сатуыңа бұл болам,

Һәрбір түрлі қыр болам,

Ішіңдегі сыр болам.

Жолымда бар бір құсым,

ойымда сөз ісім.

Батыл біліп тұрады,

Білгіштігі ересен.

осы ғана байғызым,

Бек пайдалы өзіме.

Көтерілді жұлдызым,

Құлақ салар сөзіме.

осы құс қолға түскелі

Мал көрінбес көзіме.

Бұл дүниеде армансыз

осы құсты ұстаса,

ие болмайды дәрменсіз,

Шыны бір көп қысылса.

Құстың жайы айтылды,

Байым, енді білдің бе?

Бұл бір білгіш айтулы,

Әлде маған күлдің бе?

300

310


320

20

21

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



осы байғыз бақ-дәулет,

Мал менен бас орнайды.

Бәлекеттер, әрекет

осы байғыз қозғайды.

Байғыз, міне, мен, міне,

Бал аштырсаң, даярмын.

Қаңғып мені жүр деме,

Даңқыңды жұртқа жаярмын.

«Не айтсам да өз еркім»—деп,

Көмекейі бүлкілдеп,

Бай сөйлейді балпылдап,

Көз айырмай жалпылдап.

«Сөзді тыңда жайқын» деп,

Сақал-мұрты желкілдеп. 

—үстімде орда үй,—дейді,—

Салтанатым жан асқан.

осымды, жігіт, түй,—дейді.—

Кім пар келер таласқан?

Мен айтайын бір бастан.

Менен бала тумады,

Бала түгіл, әуелі,

Әйелдерім тұрмады.

Алты қатын алып ем,

Алтауы да өлген дүр,

Малды маған берген дүр.

Қанша жасау малменен

Мына қатын келген дүр.

Мені жақсы көрген дүр,

Жұртын қиып тұрған дүр.

Жас қызығын мен көрдім,

Бас қызығын көрмедім.

Байғызыңнан не білдің?

Мен баласыз сенделдім.

Берер ме екен баланы,

Бал аша көр, жігітім.

Құдайдан бар үмітім,

330

340


350

360


22

аңыздық жырлар

Қырықтың бірі қыдыр-ды,

Ем-дом болса айта көр,

Сұрқия шайтан құрғырды! 

Байлап алып кете көр,

Шын көзің көре гөр.

Ақыны, жарқын, аяман,

Қабыл етсін еміңді. 

Алдар сонда сөйлейді

Һәр формаға бір түсіп.

Көсе айтқан сөздерді

отыр бай тыңдап құртысып.

Байғызын Көсе қолға алды,

Алдап соқпақ бай шалды.

Алақ-бұлақ көз ашты,

Байғызына жанасты. 

Келіншек шал бақласты,

Көзі болды шапраштай.

Алласына сиынды,

Әнбиеге сиынды,

Әулиеге сиынды. 

өзі білген аруақтан

Сиынбаған қалмаған.

Тамсандырды бай шалды,

Алдардың тілі сарнаған,

Ес шығарып арбаған.

Сөзінің бәрі сиымды,

Бай сөзіне ұйыды.

Керек етпей бұл отыр,

Азын-аулақ тиынды. 

Байғызына «сөйле» деп,

Екі-үш рет иілді.

Байғызы сонда далпылдап,

Қанат қағып жалпылдап,

Амалын тапқан Алдар ғой,

Қара сандыққа қарады.

370


380

390


22

23

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



Шұқып еді шиінен,

Шиі шыға жаздады.

Шарылдады байғызы,

Шырылдады байғызы. 

Алдар басын шайқайды,

—япырм-ай, балам, қалай-ды?

Көріп едім талайды,—

Деп сөйлейді күбірлеп.

Аузы-басы жыбырлап,

Жігіт жақтан сандыққа

Ала көзбен қарайды.

Һәрбір жерге бөгеліп,

Бір томсарып, бір күліп,

Айбат шегіп тұрады.

Қара сандықты түрткілеп,

Құлағын тыңдап тұрады.

Сұқ қолымен шерткілеп,

Жұдырықпен ұрады. 

Алдар берді жауабын

Байға ашқан балынан.

—Бері тыңда, әй, байым!

үйіңде бір кесел бар,

Түсіндірем мән-жайын,

Бұғып жатқан мешел бар.

Аңдып жатқан бұл дажал,

ол өзіңе ең ажал.

ойламаңыз бұл ойым,

Түрлі-түрлі менің ойын.

Тағы-тағы барлайын,

Дәу-періме нақ өзі,

Антұрғанның тап өзі,

Мен білемін жын жайын. 

Қара сандық ішінде

Қара бала жатыпты.

Жібек көрпе үстінде

Қызық қызметке батыпты.

Бала жейді сол пәле,

Бітірмейді қатынға.

400

410


420

430


24

аңыздық жырлар

Жорғалайды сол пәле,

Келмейді екен атуға. 

Құс төсектің үстінде,

Кебежейін үстінде,

Қара саба қасында,

Балаға қас бәлекет

Жатыр екен осында. 

Қылмайды екен қарекет,

Ішеді екен, жейді екен.

Арғы затын сұрасаң,

Дию-пері дейді екен.

өзің барып қарасаң,

өзің талып қаласың.

Қатындардың ішінде 

Жейді екен ғой баласын.

Шиі ішінде асыңнан,

Қолы жетіп қасынан,

Ішеді екен, жейді екен,

Жатқаны осы бір мекен.

Бересім жоқ аласы,

Көзімнің жоқ аласы.

Көкірегің жоқ қарасы,

Сөзімнің дәл расы.

Айдауға бұл диюды

Балгердің келер шамасы.

Басын кесіп аламын,

Маған болса таласы!

Бай ойлайды ішінен:

«Бала ғой» деп балгерін.

Нашарсынып пішінін:

«Маған,—дейді,—бұл көрім, 

Ақы-мақы беремін,

Көп сұраса көрермін»,—

Деп ойлайды осы бай,

—Ақы,—дейді,—насыбай.

ырза болсын қатыным,

Арапшы кетсін бойынан, 

Емдетпесем сырқатын,

Кетпес қатын ойынан. 

440


450

460


470

24

25

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



Бала бітер қатынға,

осы дерттен жазылса.

Қалсын бала артымда, 

Жас қалды жасарар аз жылша.

Бай айтады:—Әй, жігіт!

Болар мекен бір үміт,

Кетер мекен әрекет?

Дертті жазсаң, жігітім,

Малымнан мал берейін.

Баладан бар үмітім,

Алтын-күміс берейін.

Қуып жібер бәлені,

Көзімменен көрейін.

Көрсетпесең бәлені, 

Сөзіңе несін ерейін! 

—олай болса,—дейді Алдар,—

ойлаймысың мені алдар?

Қуалауға мен даяр,

Қандай пәле болса да,

Пәле шіркін кімді аяр?

Құр шыбыны қалса да, 

Сұрасаңыз қалайша,

Менің ойым былайша:

Керек екен ыстық су,

оңай емес бұл бір қу. 

Тоқта, сабыр, асықпа,

Мен қылайын үлкен ду. 

Кілтпен ашып сандықты,

от басына әкеліп,

өзіңе әбден аңдытып,

Жақынырақ тақалып,

Мен құямын ыстық су,

Сүйтіп берем сазайын.

Келген екен бұл өзі

Қатыныңмен жабысып.

Қатын білмес диюды,

Күнде жүрер табысып.

480


490

500


510

26

аңыздық жырлар

Бай береді рұқсат,

Емдетпекке қатынын.

Алдар айтты:—Бүгін сәт! 

отқа салып отынын,

Қайнатады қазанды. 

—Сандыққа су құям,—деп,—

Тарттырам,—деп,—жазасын,

Екі көзін ойам деп.

Диюдың бұл төресі,

Болар дейді төбелесі.

Егер болса сәулесі,

Болмас деймін дәмесі. 

Қашпай жатса, байлаймын,

Тас төбесін шайнаймын.

Аяқ-қолын кісендеп,

Домалатып айдаймын,—

Дейді осылай сарындап.

—Жөнелмесең, диюым,

Тыңдамаймын зарыңды.

Алдардың сөзін есіткен

Жігіт әбден сасады.

Сандықтың аузы жабылған,

Енді қайда қашады?

Сандық болды қасірет,

Алдар және бәлекет,

Жігіт болды арам ет.

Келіншек тұр қуанып

«Дию» деген жөнінен.

Жігіт жатыр қуанып

«Құю» деген жөнінен.

Әзер-мәзер көтеріп,

Бай мен Алдар екеулеп,

Сандықты отқа әкеліп,

отты қойды көсеулеп.

Сандықты ашты бір бұрап,

«Кет, кет,—дейді,—сандықтан!» 

Атып кетті бір адам,

Асқан сұлу сияқты.

520

530


540

550


26

27

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



Бір қадамы—он қадам,

Қара мұрты қияқтай.

«Немене?» деп көздерін

Алақандай ашады.

Сөйлей алмай сөздерін,

Бай төріне қашады. 

Жатқан жігіт тың-тыңдап,

Жөнеледі жігіт жөніне.

лажы бар ма, не шара?

ұяттың жетіп шегіне.

Толып жатқан мәмлесі,

Жыршы қайтіп жырласын,

Һәркім өзі аңдасын.

Шошыды бай сескеніп,

Есі кетіп жығылды. 

Күл сипаған беттеніп,

Түсі байдың құбылды.

Алдар да тұр қуанып,

Келіншек тұр қуанып.

Талып есі кірген соң,

Бай да орнынан тұрады.

Бәлекетін қуған соң,

Айтқан малын сояды.

Айтқанындай болған соң,

Бай таласты қояды. 

Диюды қуып жіберді,

Енді несін аясын?!

Бәле кетті, көзі көрді. 

Пайданы қумай осы бай,

Сөз сөйлейді осылай. 

—Саудасы бар ма құсыңның,

Жөні бар ма осымның?

Сатылар айт дәл басын,

Қасиетті құс екен.

осы құспен біраз күн

Бай да көңлін ауласын.

560

570


580

28

аңыздық жырлар

—Құс бағасын сұрасаң,

Мен айтайын бағасын.

Маған сатқан иесі

Кейін болды арманда. 

Құсыма бердім қырық жылқы,

Құсымды сатып жіберіп,

Болармын әлде мен күлкі.

Елу жылқы берсеңіз,

Қуантайын досымды.

он-ақ жылқы қосылды,

осыдан біл босымды.

Алар, сірә, болсаңыз,

Арзан, білші осымды.

Несіне босқа мақтайын,

Құс өнерін көрдіңіз.

Мұндай құсты балгерлер—

Ғаламда жоқ дәргерлер.

Алам десең, алыңыз,

Құба құсым болсын құт.

Құсты бай сатып алады,

Қызығып тіпті барады.

Алмай қайтып қалады,

Көңілі құсты қалады.

—Елу аттан артық жоқ,—

Дейді бай сонда:—Елуді ал.

Бір айтқан соң қайту жоқ,

Біреуін таңдап мініп ал.

Баймен болдың сауда дос,

Асыл бұйым берем бос.

Байдың болсын көңлі қос,

Құс тілін айтып беріңіз,

Төленеді теріңіз.

Сатып әдей алған соң,

Тілін үйреніп көремін.

Егер тілін білмесем,

Керегі жоқ бұл құстың.

Біліп тіліне ермесем,

Түкке тұрмас білгішің.

Тілін анық білмесем,

590


600

610


620

28

29

тарихи тұлғалар мен қайраткерлер туралы...



Алмаймын деп бұл құсты,

Тілін анық үйрет,—деп,

Бай Алдарды бір қысты. 

Айтпаққа Алдар міндетті,

Құсының тілін анықтап. 

Айтады қайда қиыр шетті,

Тіл бара ма анықтап.

—Құсым жайын айтайын,

Жарықтығым, білгішім!

Сатылды арзан бұл құсым,

Шырылдайды бұл құсым. 

Қалады-ау сізді білгішім,

Күйеді ғой енді ішім.

Екі жұма құсымның

Азасы бар білсеңіз.

Дәл он төрт күн болғанда,

Тілін сонда білесің.

Құлағың үйір болғанда,

Көзіңменен көресің,

осымды ұқ, әй, байым!

Маған болды уайым,

үйде, түзде болушем,

Һәрбір жерде жүрушем,

Қиыншылық көрушем.

Қандай қиын болса да,

осы құстан білушем.

Маған енді қиын дүр,

Маған берген елу ат

Елу шақты тиын дүр.

осындай құс болмайды,

Сатқан кісі өзі де,

Жуық арада оңбайды.

Ақылым менің көзімде,

Сор бар екен өзімде!

осы байғыз сияқты,

Тұмсығы мынау сияқты,

Байғызда да болмайды,

Бірге жүрген сырласым,

Қиыншылық іс көрсем,

630


640

650


660

30

аңыздық жырлар

Мұңымды айтар мұңдасым!

Бар ақылым осы еді,

Қаңғып қалды-ау бұл басым.

Ішім ашып барады,

Һеш болмаса құсыма

Қош айтысып қалайын,—

Дегенде Алдар, бай айтты:

—Жөнін білдім, жігітім,

Керегі жоқ үгіттің.

расына көз жетті,

Бәлені көрдім шын кетті,

Бірі рас болса, бәрі рас.

Жылап-жылап бұл Алдар,

Әзер алды елу ат.

Тез жөнелді, көңлі шат,

Көп тұрарға уақыты тар.

Қыла алмайды біраз дәт,

«Аман-есен, қош!» десіп,

Байдан киім киініп,

Қол ұстасып қиылып,

«Қош-қош!» десіп айрылды.

Қуанышты бай қалды,

Байғызға көңлі жайқалды.

өзін-өзі қайрайды,

Көңлінде һәр сыры

Сыр ішінде бір сыры,

Жас болуды ойлайды.

Шыдай алмай іште сыр,

Жас болуға лепіп тұр.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 2.37 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет