Магистратура Кафедра Химия және биология



жүктеу 477.21 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі477.21 Kb.
  1   2   3   4

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

«Мирас» университеті 

 

 

 

 

Магистратура 

 

 

Кафедра 

 

Химия және биология 

 

 



 

 

БЕКІТЕМІН 

 

 

М.О. 



«Мирас» университетінің 

ректоры  



 

 

 

Б.А.Мырзалиев  



 

 

(

қолы) 



 

(

Т.А.Ә.) 



 

« 

 



» 

 

2017 



г. 

 

 

 

Магистратураға қабылдау емтиханының 

 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

  



 

 

 



 

 

 



 

6М060700 

« 

Биология                 мамандығы бойынша 



» 

(шифры) 


 

        


(атауы) 

 

 

Ғылыми және педагогикалық 



 

 

(



даярлық бағыты) 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

Шымкент,  2017 ж. 

 

 



 

 

 

Магистратураға  қабылдау  емтиханының  бағдарламасы  ҚР  Үкіметінің 

2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен (2016 жылғы 13 мамырдағы 

өзгерістермен  және  толықтырулармен)  бекітілген  Жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес 

6

М060700 – Биология мамандығы бойынша жасалған. 



 

Бағдарламаны  дайындағандар:  б.ғ.к.,  М.Т.Сүлейменова,  б.ғ.д., 

профессор    А.Н.  Халила,  б.ғ.к.  А.С.Сапарбеков,  аға  оқытушы  Г.А. 

Полатбекова, оқытушы магистр А.Ш.Есенбекова 

 

Қабылдау  емтиханының  бағдарламасы  Химия  және  биология 



кафедрасының отырысында талқыланды. 

 

   



201

7ж. «    »   _____ №       хаттама   

Кафедра меңгерушісі ______________ М.Т. Сүлейменова 

 

Қабылдау  емтиханының  бағдарламасы  университеттің  Оқу-



Әдістемелік Кеңесінің отырысында қаралды  

201


7ж. «    »   _____ №       хаттама   

ОӘК хатшысы ______________ Г.В. Гак 

 

Қабылдау  емтиханының  бағдарламасы  «Мирас»  университетінің 



Ғылыми Кеңесінде қаралды және мақұлданды. 

 201


7ж. «    »   _____ №       хаттама   

ҒК хатшысы __________________ К.Б.Тілегенова  

 

 

 



 

 

 



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

МАЗМҰНЫ 


 

Кіріспе ........................................................................................................................................4 

1. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ (ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ).......................................................5 



1.1 

БОТАНИКА.............................................................................................................................5 

1.2 

Төменгі сатыдағы өсімдіктер.................................................................................................5 



1.3 Альгология...............................................................................................................................6 

1.4 


Микология................................................................................................................................6 

1.5 


Жоғары сатыдағы өсімдіктер...............................................................................................7 

1.6 


Жоғары сатыдағы өсімдіктердің морфологиясы және анатомиясы..................................7 

1.7 


Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жүйелік шолу..................................................................10 

1.8 


Жабық тұқымдас немесе гүлді өсімдіктер..........................................................................12 

1.9 


Геоботаника негіздері (фитоценологиялар).......................................................................16 

Қабылдау емтиханы сұрақтарының үлгі тізбесі .....................................................18 

Ұсынылған әдебиеттер тізбесі..........................................................................................18 

2. 


ЗООЛОГИЯ..............................................................................................................................19 

2.1 


Омыртқасыздар зоологиясы................................................................................................19 

2.2 


Төменгі сатыдағы көпжасушалылар....................................................................................20 

2.3 


Радиалды-симметриялық көпжасушалылар........................................................................21 

2.4 


Билатералды-симметриялық  көпжасушалылар.  Тығыз  және  бастапқы  қуысты 

көпжасушалылар.....................................................................................................................21 

2.5 

Целомиялық көпжасушалылар...........................................................................................22 



2.6 

Омыртқалылар зоологиясы .................................................................................................23 

Қабылдау емтиханы сұрақтарының үлгі тізбесі .....................................................24 

Ұсынылған әдебиеттер тізбесі..........................................................................................25 

3. 

МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ.............................................26 



Қабылдау емтиханы сұрақтарының үлгі тізбесі .....................................................27 

Ұсынылған әдебиеттер тізбесі..........................................................................................28 

4. 

ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ..................................................................................28 



Қабылдау емтиханы сұрақтарының үлгі тізбесі .....................................................28 

Ұсынылған әдебиеттер тізбесі..........................................................................................29 

5. 

ГЕНЕТИКА..............................................................................................................................29 



Қабылдау емтиханы сұрақтарының үлгі тізбесі .....................................................30 

Ұсынылған әдебиеттер тізбесі..........................................................................................30 

6. 

ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМ................................................................................................31 



Қабылдау емтиханы сұрақтарының үлгі тізбесі .....................................................31 

Ұсынылған әдебиеттер тізбесі..........................................................................................31 

7. 

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ...............................................................................32 



Қабылдау емтиханы сұрақтарының үлгі тізбесі .....................................................32 

Ұсынылған әдебиеттер тізбесі..........................................................................................33 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



КІРІСПЕ 

 

Биология  –  тірі  табиғат  туралы  ғылым.  Тірі  табиғаттың  көп  түрлілігі  соншалық, 

заманауи  биологияның  өзі  бірінен  бірі  айрықша  ерекшеленетін  биологиялық  ғылымдар 

кешенін  елестетеді.  Бұл  ретте  олардың  әрқайсысының  жеке-жеке  зерттеу  пәні,  әдісі, 

мақсаттары мен міндеттері бар. 

Биологиялық ғылымдарды зерттеу бағыттарына қарай мынадай ғылымдарға бөлуге 

болады:  

тірі  организмдердің  жүйелік  топтарын  зерттейтін  ғылымдар:  вирусология, 



микробиология, микология, ботаника, зоология, антропология; 

барлық  тірі  денелерді  ұйымдастырудың  әр  түрлі  деңгейін  зерттейтін  ғылымдар: 



молекулярлық биология, цитология, гистология; 

жеке  организмдердің  құрылымын,  қасиеттерін  және  өмір  сүру  көріністерін 



зерттейтін ғылымдар: анатомия, морфология, физиология, генетика. 

тірі  организмдердің  құрылымын,  қасиеттерін  және  өмір  сүру  көріністері  мен 



қоғамдастықтарын зерттейтін ғылымдар: экология, биогеография; 

тірі материяның дамуы туралы ғылымдар: жеке даму биологиясы, эволюциялық 



ілім, палеонтология

зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын ғылымдар: биохимия, биофизика. 



қолданбалы  ғылымдар:  биотехнология,  бионика,  өсімдік  шаруашылығы,  мал 

шаруашылығы, ветеринария және басқалар; 

биологияны  оқыту  әдістемесіндегі  ғылыми-теориялық  және  практикалық 



жетістіктерді зерттейтін ғылымдар (биологияны оқыту әдістемесі). 

Оқыту  білім  берудің  қағидалық  тұрғыда  жаңа,  тұлғалық-бағдарлау  моделіне 

негізделеді.  Болашақ  биолог  биологияны  оқытудың  кәсіби  қасиеттерді  дамытуға 

мүмкіндік  беретін    ғылыми-теориялық  және  практикалық  жетістіктерімен  таныс  болуы 

тиіс. 

6М060700 - Биология мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратурада 



магистрлерді  дайындауға  білім  беру  бағдарламасының  негізгі  міндеттері    мемлекет  пен 

нарықтың,  магистрлерді  дайындауды  жүзеге  асыратын  кафедралардың  ғылыми  және 

практикалық жеке қызметінің  қажеттіліктерімен шарттастырылған биологияның әр түрлі 

бағыттарындағы  және  педагогикалық  қызметтегі  теориялық  және  практикалық  жеке 

дайындығын тереңдетумен; 

әлемнің  ғылыми  картинасы  мен  биосфера  туралы  біртұтас  ұғымын  қамтамасыз 



ететін неғұрлым маңызды және іргетасы мықты білімнің игерілуімен; 

-  


үнемі  өзін  өзі  жетілдіруге  және  өзін  дамытуға  талпынудың,  өзінің  барлық 

белсенді  өмір  сүру  қызметінде  жаңа  білімдерді  дербес  шығармашылық  игерудің  

қажеттіліктері мен біліктерін дағдыландырумен; 

-   


жалпы  кәсіби  деңгейі,  соның  ішінде  азаматтық  позициясы  бар  тіл  табысу 

мәдениеті  жоғары,  заманауи  ғылыми  және  практикалық  мәселелерді  шешуге  қабілетті, 

жоғары  оқу  орындарында  сабақ  бере  алатын,  зерттеу,  өндірістік,  ұйымдастырушылық 

және басқару қызметін сәтті жүзеге асыра алатын мамандарды дайындаумен;  

құбылмалы  әлемде  кәсіби  жұмылдырушылықты  қамтамасыз  ете  алатын  ғылым 



жігінің іргелі білімдерін игерумен; 

далалық  және  зертханалық  ғылыми  зерттеулерді  ұйымдастыру  және  жүргізу 



дағдыларының  қалыптастырылуымен,  докторантурада  ғылыми  жұмысты  жалғастыру 

үшін қажетті дайындамаларды жүзеге асырылуымен; 

ұйымдастыру  жұмыстары  мен  менеджмент  ұстанымдарын  меңгерген, 



практикалық мәселлерді шешуге қабілетті мамандардың дайындалуымен; 

 

 



жоғары  оқу  орнындағы  педагогика  және  психология  саласындағы  білімнің   

қажетті  минимумының  алынуымен,  жоғары  оқу  орнында  сабақ  беру  тәжірибесінің 

қалыптасуымен қорытындыланады. 

 

1. 



НЕГІЗГІ БӨЛІМ (ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ) 

 

1.1 

БОТАНИКА 

 

Ботаника  –  биосфераның  құрамдас  бөлігі  ретінде  өсімдіктер  мен  олардың 

қоғамдастықтарының  (фитоценоздарының)  құрылымы  мен  тіршілігі  туралы  ғылым. 

Өсімдік  жабынының  экологиялық  рөлі,  өсімдіктердің  табиғаттағы  заттар  айналымы  мен 

энергия  тасымалдауды  жүзеге  асыру  кезіндегі  маңызы.  Өсімдіктердің  шаруашылық 

маңызы. 


Ботаниканы  дамытудың  қысқаша  очеркі.  Ботаниканың  негізгі  бөлімдері  және 

олардың  мазмұны:  морфология,  физиология,  биохимия,  топтастыру,  экология, 

фитоценология және басқалар. 

Өсімдік  құрылымы  туралы  жалпы  түсініктер.  Прокариоттар  және  эукариоттар, 

автотрофты және гетеротрофты өсімдіктер. Бір жасушалы, шоғырлық және көп жасушалы 

өсімдіктер.  Өсімдіктер  эволюциясында  көпжасушалылардың  пайда  болуының  мүмкін 

жолдары. 

СӨсімдіктер 

жасушасының 

құрылымына, 

жануарлар 

жасушасының 

айырмашылығына заманауи көзқарастар. 

Көбею  тірі  организмнің  қасиеттерінің  бірі  ретінде.  Вегетативтік,  генеративтік 

тұқымдық көбею туралы түсінік. Өсімдіктердің тіршілік ету циклындағы мейоздың орны. 

Жыныстық  процестердің  (изогамия,  гетерогамия,  оогамия)  тіршілік  ету  циклдарының 

(гагатонттық, диплонттық, гетероморфтық, изоморфтық, дикариоттық) түрлері. Спорофит 

және гаметофит туралы түсінік. 

Өсімдіктердің  құрылымы  мен  дамуының  жалпы  заңдылықтары.  Симметрия, 

полярлылық. Конвергенция, корреляция, редукция, атавизм, түсік жасау. Аналогия және 

гомология. 

Өсімдіктерді  топтастыру,  оның  биологиялық  ғылымдар  жүйесіндегі  және  адами 

қоғам  қызметіндегі  маңызы  және  орны.  Өсімдіктерді  топтастыру  міндеттері.  Тірі 

организмдерді  зерттеу  және  көптүрлілігін  жіктеу  жөніндегі  жұмыстар  масштабы. 

Топтастырудың теориялық және қолданбалы маңызы. Басқа да биологиялық пәндер мен 

басқа  ғылымдармен  топтастырудың  өзара  қарым-қатынастары.  Синтетикалық  биология 

ғылымы ретіндегі топтастырудың ерекше рөлі. 

Топтастыру  бөлімшелері.  Диагностика  және  таксономия.  Микро-  және  макро-

(мега-) топтастыру. 

"Биотоптастыру".  Түсініктердің  ара  қатынасы:  топтастыру,  эволюция,  филогенез, 

филогенетика, топтастыру және флористика. 

Таксономиялық санаттар және таксономиялық бірліктер (таксондар). Ботаникалық 

номенклатураның негізгі ұстанымдары мен қағидалары. 

Заманауи  топтастыру  әдіснамасы.  Филогнетикалық  жүйенің  жалпы  биологиялық 

және философиялық маңызы, оны құру мүмкіндіктері. 

Эволюциялық-топтастыру ақпаратының көздері. 

Монофилия  және  полифилия.  Морфологиялық  ұйымдастырудың  филдері  мен 

деңгейлері;.  Эволюциялық  процестің  кідірістілігі;  Арогенез  және  аллогенез  туралы 

түсінік.  Алшақтық,  парафилия.  Гетеробатмия  ұстанымы.  Белгілер  эволюциясы  мен 

таксондар эволюциясының қатынасы. 

Төменгі  сатыдағы  және  жоғарғы  сатыдағы  өсімдіктер  туралы  түсінік,  олардың 

мүмкін  филогенетикалық  байланыстары.  Саңырауқұлақтардың  органикалық  әлем 

жүйесіндегі орны. 


 

 

 



1.2 

Төменгі сатыдағы өсімдіктер 

 

«Төменгі  сатыдағы  өсімдіктер»  (балдырлар,  саңырауқұлақтар,  қыналар)  тобына 

кіретін,  ағзалардың  алуантүрлілігі,  олардың  бір  бірімен  және  басқа  топтармен  (жоғары 

сатыдағы  өсімдіктермен,  омыртқасыз  жануарлармен)  байланысы.  Саңырауқұлақтар  мен 

балдырлардың  шығу  тегі;  олардың  экожүйедегі  және  адам  өміріндегі  рөлі. 

Саңырауқұлақтар  мен  балдырлар  –  экологиялық  зерттеулер  мен  экспериментті 

биологиядағы модельді объектілер. 

 

1.3 

Альгология 

 

Балдырлардың  жалпы  сипаттамасы  Балдырлардың  негізгі  бөлімдері  (Cyanophyta, 

Phodophyta, Cryptophyta, Chlorophyta, Euglenophyta, Dynophyta, Chrysophyta, 

Bacillariophyta, Xantophyta, Phaeophyta).  

Химиялық құрамы: пигменттер, қор заттары; олардың әртүрлі балдырлар тобында 

таралуы және филогенетикалық байланыс құрудағы маңызы.  

Жасуша құрылысы: жасушалық жабындар, ядро және митоз түрлері, хлоропласттар 

мен балдырлардың әр түрлі бөлімдеріндегі талшықтардың құрылысы.  

Балдырлар  морфологиясы.  Талломдардың  ұйымдастырылуы;  морфологиялық 

эволюция. Әртүрлі балдырлар бөлімдеріндегі морфологиялық параллелизмдер.  

Көбеюі. Балдырлар бөлімдеріндегі вегетативті, жыныссыз және жынысты көбеюдің 

ерекшеліктері. Көбею тәсілдерінің эволюциясы 

Тіршілік циклдары және олардың әртүрлі бөлімдеріндегі вариациялары.  

Балдырлар  экологиясы.  Су  және  құрлық  нысандарының,  планктонды  және 

бентосты  балдырлардың  морфологиялық  және  химиялық  бейімделулері.  Балдырлардың 

сан  мөлшеріне  және  көптүрлілігіне  судың  химиялық  құрамы  мен  жарықтың  әсері. 

Балдырлардың практикалық маңызы.  

Балдырларға систематикалық шолу. Цианофиттер – родофиттер. Cyanophyta бөлімі, 

класстарға бөлінуі, гормогониялы балдырлардың эволюциялық тенденциялары.  

Phynophyta  бөлімі.  Bangiophyceae  және  Florideophyceae  ұқсастықтары  мен 

айырмашылықтары.  Флоридеялардың  негізгі  белгілері  және  олардың  эволюциясы. 

Прохлорофиттер  -  хлорофиттер  -  метафиттер  Chlorophyta  бөлімі:  жасыл  балдырлардың 

морфологиялық  және  филогенетикалық  жүйелері.  Chlorophyceae,  Ulvophyceae  және 

Charophyceae,  Prasinophyceae  класстары,  жасыл  балдырлардан  шыққан  топ  ретінде. 

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің шығу тегінің гипотезалары.  

Хромофиттер.  Сарғылт-жасыл,  диатомды  және  қоңыр  балдырлардың  жүйелік 

құрлымының  принциптері.  Олардың  биологиялық  алуантүрлілігі  және  эволюциялық 

байланыстары.  

Euglenophyta,  Cryptophyta,  Dynophyta  аралас  белгілері  бар  балдырлар. 

Морфологиялық  примитивизмдер  мен  эндосимбиотикалық  шығу  тегінің  белгілері. 

Топтың биологиялық алуантүрлілігі. Балдырлардың жалпы сипаттамасы.  

 

1.4 

Микология 

 

Саңырауқұлақтардың  жалпы  сипаттамасы  Осмотрофты  қоректену  және  оның 

саңырауқұлақтың 

морфологиясына, 

физиологиясына, 

тіршілігіне 

әсері. 

Саңырауқұлақтардың өсімдіктер мен жануарлардан ажырататын химиялық, цитологиялық 



және физиологиялық ерекшеліктері. Бөлімдерге бөлінуі.  

Саңырауқұлақтарға  систематикалық  шолу.  Миксомицеттер  Плазмодиалды, 

псевдоплазмодиалды,  торлы  және  фитопаразиттті  миксомицеттер  талломдарының 

ұйымдастырылу ерекшеліктері мен тіршілік етуі. Маңызды өкілдері. Оомицеттер. 



 

 

Әртүрлі талшықты балдырлардың ұқсастықтары. Су және құрлық оомицеттерінің 



көбею жолдары мен талломдарының құрылысы. Қатарларға бөлінуі. Хитридиомицеттер. 

Талломдардың  нысандары  және  олардың  дамуы.  Су  және  құрлық 

хитридиомицеттердің маңызды өкілдері. Зигомицеттер. 

Mucorales  қатары:  талломдарының  құрылысы,  тіршілік  етуі,  жынысты  және 

жыныссыз  көбею  эволюциясы.  Гетероталлизм.  Энтомопатогенді  және  эндомикоризді 

зигомицеттер. Аскомицеттер.  

Жынысты  процесс  және  қалталардың  түзілуі.  Топ    тармағына  бөлінуі.  Ашытқы 

және  тафринді  саңырауқұлақтар,  жалаңашқалталылар  өкілі  ретінде.  Құрылысы,  тіршілік 

етуі, тіршілік циклдары.  

Жемісқалталы 

саңырауқұлақтар: 

клейстомицеттер, 

пиреномицеттер, 

дискомицеттер.  Жемісті  денелердің  эволюциясы  және  спораларды  шашу  тәсілдері. 

Маңызды  қатарлар.  Қуысқалталы  саңырауқұлақтар,  қалталар  мен  аскостромалардың 

құрылысы, маңызды өкілдері. Базидиомицеттер.  

Тіршілік  ету  ерекшеліктері,  базидий  құрылысы,  класс  тармағына  бөлінуі. 

Холобазидиомицеттер: гимена- және гастеромицеттердің жемісті денесінің құрылысы мен 

олардың эволюциясы. Маңызды қатарлар.  

Телиобазидиомицеттер: 

паразиттікке 

бейімделуі. 

Қаракүйе 

және 


тат 

саңырауқұлақтарының  маңызды  өкілдері  мен  тіршілік  ету  циклдері.  Жетілмеген 

саңырауқұлақтар (Дейтеромицеттер)  

Жіктелуі.  Кондиогенез  түрлері.  Гифомицеттер  мен  целомицеттер.  Маңызды 

өкілдері  Саңырауқұлақтардың  экологиялық  топтары.  Топырақты  сапротрофтар, 

микоризатүзушілер  және  паразиттер;  филлоплан  саңырауқұлақтары;  олардың  паразиттік 

ерекшеліктері; сулы, ксилотрофты және копротрофты саңырауқұлақтар.  

Тіршілік етуге бейімделуі. Лихенизирленген саңырауқұлақтар.  

Қыналардың  құрамдас  бөліктері,  қыналардың  морфологиясы,  анатомиясы, 

экологиясы  және  физиологиясы.  Қыналардың  морфологиялық  топтарының  маңызды 

өкілдері. Лихеноиндикация ұстанымдары. Саңырауқұлақтардың практикалық маңызы 

 

 



1.5. 

Жоғары сатыдағы өсімдіктер 

 

Жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  жалпы  сипаттамасы,  олардың  балдылар  мен 

саңырауқұлақтардан  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары.  Жер  тарихындағы  жоғары 

сатыдағы  өсімдіктердің  пайда  болу  уақыты,  олардың  шығу  тегі  гипотезалары.  Споралы 

және тұқымды, архегониялы және гүлді өсімдіктер туралы түсінік. 

 

1.6 



Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің морфологиясы және анатомиясы 

 

Жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  жалпы  морфоого-анатомиялық  ерекшеліктері. 

Жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  ежелгі  өкілдері  (риния,  хорнеофитон,  псилофитон  және 

т.б.),  олардың  құрылымындағы  ерекшеліктер.  Таллом  және  телом  туралы  түсінік. 

Құрылықта  тіршілік  етуіне  байланысты  дененің  морфологиялық  дифференциалануы. 

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциясындағы жапырақтың пайда болуы: энационды 

және  кладодийлі  жапырақтар.  Бұтақтану,  оның  түрлері  мен  биологиялық  маңызы. 

Өсімдіктер  эволюциясындағы  тамырдың  пайда  болуы.  Құрлық  өсімдіктерінің  ішкі 

құрылымының күрделенуі 

Ұлпалар  және  олардың  жіктеу  қағидаттары.  Түзуші  ұлпалар  (меристемалар), 

олардың  өсімдіктер  тіршілігіндегі  маңызы.  Жасушалардың  цитологиялық  ерекшеліктері. 

Меристеманы  жіктеу  қағидаттары.  Меристема  түзетін  клеткалардың  өсуі  мен 

мамандануы. Атқаратын қызметіне байланысты жасушалардың мамандануы.  


 

 

Тұрақты  ұлпалар,  олардың  жіктелуі.  Бастапқы  және  қайталама,  күрделі  және 



қарапайым ұлпалар 

Идиобластар туралы түсінік. Өсімдіктердің функционалды жүйелері және оларды 

құрайтын  ұлпалар.  Жабын  ұлпалар  жүйесі.  Эпидерма,  оның  қызметі,  құрайтын 

жасушалардың  түрлері.  Сірқабық,  оның  өсімдік  тіршілігіндегі  рөлі.  Қылтандар 

(трихомдар) және эмергенцтер. Тамыр экзодермасы, оның құрылысы мен шығу тегі.  

Соңғы жабын ұлпа ретіндегі тығын, тығынның түзілуі оның қасиеттері. Перидерма.  

Заттарды  сору  жүйесі.  Ризоидтар.  Олардың  құрылысы  мен  орналасуы.  Ризодерма 

(эпиблема), тамыр шашақтарының дамуы 

Заттарды өткізу жүйесі. Заттардың жоғарыға және төменге бағытталған ағыстары, 

өткізуші  ұлпалар:  ксилема  (сүрек)  және  флоэма  (қабық).  Мүктердің  гидроидтары. 

Бастапқы  және  қайталама  өткізуші  ұлпалар,  оларды  түзетін  меристемалар.  Алғашқы 

өткізгіш  ұлпалардың  саралануы:  прото-  және  метаксилема,  прото-  және  метафлоэма; 

олардың құрылымындағы ерекшеліктер. Ксилеманың трахеидтері және трахеясы, олардың 

дамуы мен құрылысы. Жиектелген ұсақ тесіктер және перфорациялар. Перфорациялардың 

түрлері.  Сүзгілі  жасушалар  мен  флоэманың  сүзгілі  түтіктері,  олардың  дамуы  және 

құрылыс  ерекшеліктері.  Сүзгілі  өріс  және  сүзгілі  пластинкалар  туралы  ұғым.  Сүзгілі 

элементтердің 

паренхималық 

жасушалармен 

қауымдасуы, 

оның 

маңызы. 


Жабықтұқымдылар флоэмасының сүйемелдеу жасушалары. 

Механикалық  жүйе.  Колленхима,  Склеренхима.  Талшықтар  мен  склереидтердің 

морфологиялық  ерекшеліктері.  Өсімдіктердің  әртүрлі  мүшелерінде  механикалық 

ұлпалардың орналасу ерекшеліктері. Тереом туралы түсінік.  

Фотосинтездеуші  және  қор  жинаушы  ұлпалар  жүйесі,  олардың  өсімдіктерде 

орналасуы, жасуша құрылымындағы ерекшеліктер 

Заттарды  шығару  жүйесі.  Сыртқы  (экзогенді)  және  ішкі  (эндогенді)  шығару 

орындары,  олардың  түзілу  және  құрылыс  ерекшеліктері.  Безді  қылтандар,  шірнеуліктер, 

шайыр  және  шырын  жолдары.  Сүтті  шырынның  (латекстің),  құрамы,  маңызы  және 

тәжірибеде қолданылуы. Гидатодтар.  

Желдету жүйесі. Клеткааралықтар, ауа жүргізетін қуыстар, олардың түзілу тәсілі.  

Аэренхима.  Лептесік, оның  құрылысы  мен қызметі.  Чечевички,  жоғары  сатыдағы 

өсімдіктердің вегетативті мүшелері мен споралы және тұқымды өсімдіктердің ұрықтары, 

олардың  дамуы  мен  құрылысы.  Тұқымның  өсуі,  дамуы,  өскіннің  құрылысы.  Өсімдіктер 

онтогенезінде тамыр жүйесі мен өркеннің қалыптасуы. 

Өркен.  Өркеннің  морфологиялық  мүшеленуі.  Қысқарған  және  ұзарған  өркендер. 

Бүршік,  олардың  құрылысы,  орналасуы,  және  өсімдіктер  тіршілігіндегі  рөлі.  Бүршіктің 

жаңаруы, өркеннің дамуы. Споралы және тұқымды өсімдіктердегі өсу конусының қызметі 

мен құрылысы.  

Өркеннің төбелік және интеркалярлық өсуі.  

Сабақ.  Қызметі,  морфологиясы  мен  анатомиясындағы  ерекшеліктер.  Сабақтың 

топографиялық аймақтары: алғашқы қабық, орталық цилиндр (стела), олардың құрылысы. 

Стелярлық теория. Стелаларды жіктеу принциптері және олардың эволюциясының 

негізгі  факторлары.  Әртүрлі  стела  түрлерінің  дамуындағы  протоксилеманың 

дифференциалануы және прокамбийдің қалану ерекшеліктері.  

Өткізгіш ұлпалардың орналасуы. Өсімдікте ерекше құрылымдық өткізгіш жүйесін 

қалыптастыру  кезіндегі  жапырақтардың,  қолтық  бүршіктердің  рөлі.  Жапырақты  және 

бұтақты іздер, жапырақты жарылулар және бұтақтану жарылыстары 

Сүректі  өсімдіктердің  көпжылдық  бұтақтарының  құрылысы.  Перидерманың 

қалыптасуы.  Камбий  қызметінің  салдары  ретіндегі  сүрек  пен  қабықтың  өскіндері. 

Жапырақты  және  қылқанды  өсімдіктердің  сүрегі  мен  қабығының  құрылысындағы 

айырмашылықтар.  Қайталама  өткізуші  ұлпалардың  жастық  өзгерістері.  Өзекті,  піскен 

және шелқабықты сүрек. 


 

 

Салындылардың  жасалуы.  Дилатация,  оның  маңызы.  Қабықтың  жасалуы,  оның 



типтері және ағаш өміріндегі рөлі. 

Сабақтардың  жуандауының  мөлшерден  ауытқу  тәсілдері.  Жапырақ,  оның 

қызметтері.  Жапырақ  ұрықтарының  салынуы  және  дамуы,  олардың  ұшынан  және 

интеркалярлық өсуі. Жапырақтардың морфологиясы. Жапырақтардың сатылы санаттары.  

Гетерофиллия. Жапырақтың орналасуы (филлотаксис). Жапырақ мозаикасы. 

Жапырақ пластинкасының анатомиясы. Эпидерма, мезофилл, оның құрылысы мен 

әртүрлі өсімдіктер жапырақтарында орналасуы. Механикалық ұлпалар. Жүйкелену, оның 

түрлері,  өткізгіш  шоқтардың  құрылысы.  Жапырақ  құрылысына  сыртқы  ортаның  әсері. 

Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы. Жапырақ түсуі, оның өсімдік тіршілігіндегі маңызы. 

Тамыр,  оның  қызметі.  Негізгі,  қосалқы  және  жанама  тамыр,  олардың  шығу  тегі.  Тамыр 

жүйесінің түрлері. Жас тамырдың функционалды аймақтары. Тамыр меристемасы, әртүрлі 

өсімдіктегі  құрылыс  ерекшеліктері.  Тамыр  оймақшасының  қызметтері.  Тұрақты 

ұлпалардың  өсу  аймағы,  заттарды  сіңіру  және  саралау  аймағы.  Ризодерма,  тамыр 

талшықтарының қалыптастырылуы. 

Тамырдың  алғашқы  құрылысы  заттарды  сору  мүшесі  ретінде.  Алғашқы  қабық, 

эндодерманың  құрылысы.  Тамырдың  орталық  цилиндрі.  Өткізгіш  ұлпалардың 

орналасуының, дамуының және топографиясының ерекшеліктері. Камбийдің түзілуі және 

тамырдың екінші рет жуандауы. Бұл процестегі перициклдің рөлі. 

Вегетативтік  органдардың  метаморфоздары,  олардың  құрылысы  мен  өсімдіктер 

тіршілігіндегі  ролі.  Өсімдіктердің  көбеюі.  Диаспоралар  туралы  түсінік.  Көбею  түрлері. 

Регенерацияға  қабілеттілік  вегетативті  көбеюдің  негізі  ретінде,  вегетативті  көбеюдің 

тәсілдері.  Жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  даму  цикліндегі  гаплоидты  және  диплоидты 

генерацияның  (гаметофит  пен  спорофит)  кезектесуі.  Жыныссыз  спора  арқылы  көбею. 

Спорангийлер,  олардың  құрылысы  мен  жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  өкілдерінде 

орналасуы.  Спорофиллдер,  стробилдер,  сорустар,  синангийлер.  Гаметофиттердің 

(өскіндердің) дамуы мен құрылысы 

Жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  жынысты  көбеюі.  Гаметангий,  олардың 

құрылымындағы ерекшеліктер мен орналасуы. Аналық және аталық гаметалар. Жынысты 

процесс және оны жүзеге асыру жағдайлар. Ұрықтың дамуы.  

Жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  эволюциясындағы  споралардың  дифференциациясы. 

Изо  және  гетероспория.  Микроспоралар  мен  мегаспоралар  (макроспоралар). 

Гетероспорияға байланысты гаметофиттер мен гаметангияның редукциялануы 

Жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  тұқымды  көбею.  Тұқымбүршік  туралы  түсінік. 

Тұқымбүршіктің  табиғаты,  құрылысы  мен  орналасуы.  Жалаңаштұқымдылардың  мега- 

және  микроспорофиллдері.  Мегаспорогенез  және  микроспорогенез,  аналық  және  аталық 

гаметофиттердің дамуы. 

Гүл жабықтұқымды өркеннің өнімі ретінде. Өсімдіктерде гүлдердің орналасуы.  

Гүлшоғырдың  құрылысы.  Цимозды  және  рацемозды,  жай  және  қүрделі 

гүлшоғырлар. Антодий.  

Гүлшоғырдың биологиялық маңызы.  

Гүлдің  құрылысы.  Гүлсерік,  андроцей,  гинецей,  олардың  элементтерінің 

гүлтабанында орналасуы 

Шиыршықты,  шеңберлі,  жартылай  шеңберлі  гүлдер.  Симметриясы.  Гүлдердің 

диаграммалары мен формулалары.  

Гүлсерік, оның құрылысы, шығу тегі мен қызметі. Жай және қосарлы гүлсерік.  

Күлте  және  тостағанша.  Қосарлы  гүлсеріктің  шығуы.  Гүлсерік  элементтерінің 

тұтасып өсуі. 

Андроцей.  Тозаң  микроспорофиллдің  гомологы  ретінде,  оның  құрылысы. 

Микроспорогенез. Тозаң дәнектері жоғары сатыдағы өсімдіктердің аталық гаметофитінің 

шеткі  дәрежелі  редукциясы  ретінде.  Тозаң  дәндерінің  құрылыс  ерекшеліктері. 

Тозаңқаптың құрылысының алуантүрлілігі. Стаминодийлер. 


 

 

Гинецей.  Жеміс  жапырақшасының  морфологиялық  табиғаты.  Аналықтың 



құрылысы. Гүл түйіннің биологиялық маңызы, оның гүлде орналасуы. Стилодиялар және 

бағандар.  Гинецей  типтері:  апокарпты,  синкарпты,  паракарпты,  лизикарпты.  Тұқым 

бүршігінің құрылысы, плацентация түрлері. Мегаспорогенез 

Ұрық  қапшығы  жабықтұқымдылардың  аналық  гаметофиті  ретінде.  Гүлдеу  және 

тозаңдану.  Клейстогамия  және  хазмогамия.  Тозаңдану  агенттері.  Гүлдердің  әртүрлі 

тозаңдану  тәсілдеріне  бейімделуі.  Айқастозаңдану  мен  өздік  тозаңдану.  Дихогамия  мен 

гетеростилия, олардың биологиялық маңызы. 

Қосарлы  ұрықтану,  ұрық  пен  эндоспермнің  дамуы,  жеміс  пен  тұқымның  түзілуі, 

олардың  биологиялық  маңызы.  Қор  заттардың  жиналуына  байланысты  тұқымдардың 

құрылысы.  Перисперм,  оның  шығу  тегі.  Тұқым  қабығының  қызметі.  Гетероспермия. 

Ариллустар, олардың шығу тегі және бейімделушілік маңызы.  

Жеміс,  оның  дамуы.  Жемістердің  морфологиялық  алуантүрлілігі  мен  оларды 

жіктеу принциптері.  

Перикардий,  оның  құрылысы  мен  биологиялық  маңызы.  Жемістер  мен 

тұқымдардың таралуға бейімделуі. 


Каталог: university -> library
library -> Жасаған: -ан. Е. Ю., Тіркеуші Офисі директоры
library -> Магистратура бөлімінің меңгерушісі м а. А. Б-п. Данияровамен жасалған және енгізілген
library -> Мақсатын дүниетанымдық әлеуетке, креативті ойлау қабілеттеріне ие, мамандығы
library -> ЖӘне енгізілген
university -> АЭжбу-дың 2014ж. қазан айындағы іс-шаралар жоспары № р/с Іс-шаралардың атауы
university -> Iii халықаралық ғылыми-практикалық конференция 10 желтоқсан 2015 ж
library -> Программа педагогикалық мамандықтарға түсуші талаптанушыларға арналған арнайы емтихан бағдарламасы
library -> Педагогика, өнер және тілдер факультеті

жүктеу 477.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет