МұҚАҒали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы


Пай ! Пай ! Пай ! Киелі неткен жер!



жүктеу 399.5 Kb.
бет9/21
Дата13.02.2022
өлшемі399.5 Kb.
#17227
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Мұқағали Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшелігі және балаларға арналған - копия
999999999

Пай ! Пай ! Пай ! Киелі неткен жер!


Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Басиіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарына тұспа-тұс келген ұрпақтың өкілі Мұқағалидың жан-жүрегінде сол бір жаралы жылдардың ізі құс жолындай сайрап жатыр. Жетім жасөспірімнің көзі әркімге жаутаңдап өскені өз-өзінен белгілі. Қаршадайынан белі қайысып, ауыр бейнет тауқыметін тартқан ақынның жүрегі тасқа айналмай сондай сезімтал, жаны жайсаң жігіт болып өсуі қандай керемет. Өз буынының ор рухын өлеңге қосқан ақын жеке адам хақында сыр шерте отырып, бүкіл бір ұрпақтың өмірбаянын өрнектеген.

Есімде жоқ,

Бала болып өсіп пе ем ?!

Болсам неге жылы сөз есітпедім ?!

Есімде тек,

Білемін Жеңіс – құстың

Біздің жаққа бір апта кешіккенін.

Осылай өскенмін.

Мен – солдаттың жандырып

Кеткен жалыны,

Сөнбедім де өшпедім,

Мен отыз бестемін.

Алыс ауылда, алаңсыз ақ көңілді ортада жүрген жасөспірімнің қан майданнан қайтпай қалған әкесін өлді деуге қимайтын сәби көңілі өзі емес, сол сияқты талайлардың тағдырын баяндайтын ғажап шындық емес пе ?!

… Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған,

Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.

Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған…

Ағасы майданда мерт болып, жесір жеңгесі амалсыз басқа біреудің етегінен ұстағанын көрген есті бала қадірлі жеңгесінің сүттей ұйыған шаңырағының шырқын бұзған қандыбалақ соғысқа қарғыс айтуы қандай жарасымды. Жаны нәзік, сезімтал бала жеңгесінің бәрібір бақытсыз екенін біліп, мұңға батады, жаны ауырып, сырын сыртқа шығарады.

Жетімдер мен жесірлер тағдырын жеріне жеткізе, жүрегіңді қан жылата жырлаған ақынға қалай риза болмассың.

Қартайып қалыпсың-ау,

Қайран жеңгем !

Қайғыға мойымаушы ең.

Қайдан келген ?!

Сағынып жүрсің бе әлде,

Қадірлім-ай,

Баяғы жастығыңды майданда өлген ?!

Тұтас бір ұрпақтың өмірбаянын өлеңмен жазып, мың монографияға татитын шаруа тындырған ақын Мақатаев балалық шағы сол соғыс жылдары өткен, қиыншылықты көп көрсе де қайысып-майыспаған буынның ел қатарлы азамат болғанын мақтанышпен жазып, мадақтаған. Қайсар ұрпақтың ағалар өмірін жалғастырып, отын өшірмей келе жатқанын тамаша тәсілмен бейнелейді:

Арманымыз жұлдызға жуық болып,

Апыл-тапыл күн кештік суып, тоңып.

Шаруасы шалқайған шағын үйдің,

Шаңырағына шаншылдық уық болып…

Таусылмайтын тіршіліктің, жалғаса беретін өмірдің мәңгілік екендігін философиялық тұжырыммен сәтті түйіндеген ақын туындылары толып жатыр. Олардың бәрін талдап шықпақ түгіл, тізіп айтудың өзі мүмкін емес. Ақын мұрасының мол, қомақты бір саласы бұл.

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмір жайлы не түсінем мен деген…

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар

Өміріне кегі кеткен, өлмеген.

Жалған айып тағылғанда көлденең,

Ақиқаттың аппақ туын бермеген

Содан сұра, содан сұра өмірді,

Нені көрді, нені сезді, не білді.

Неге ақылды ақымақтан жеңілді,

Біреу жылап, біреу неге көңілді,

Содан сұра, содан сұра өмірді.

Хас ақын өмір философиясын осылайша өрнектеген. Өмір жайлы өзі емес, кешегі сталиндік зұлматты көрген, соғыста жалғыз ұлынан айырылған қарттан жөн сұрауды қалайды. Көпті көрген қарттың көңілі көл-дария, айтары тек ақиқат екеніне ақынмен бірге оқырман да сенімді.

Ақынның Тиын әжесіне деген ықыласы арада қанша жыл өтсе де суыған емес. Әжесіне арнап “Ақ кимешек көрінсе” деген өлең жазды:

Әже, сен бірге жүрсің меніменен.

Өліге мен өзіңді телімегем.

… Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса…

Нені көрем ?

Ақын замандастарына сөз арнап, ішкенге мәз, жегенге тоқ тоғышарлық пиғылдан қашырып, парасатты пайымға шақырады. Дүние қумай артында ізгілікті ізі, имандылық жолы қалуын қалап, жұртқа ой салып, кейін опынып, сан соғып, сансырап кетпеуге, яғни, өмірден өкінбей өтуге әуел бастан қам жасауды есіне түсіреді. Оны құрғақ ақыл ретінде емес, жүрегіңді қозғар сөзбен жүйелей таратып, құлақ асырады.



жүктеу 399.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет