МұҚАҒали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы


МҰҚАҒАЛИ ПОЭЗИЯСЫ – АЗАМАТТЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІКТІҢ СИМФОНИЯСЫ



жүктеу 399.5 Kb.
бет3/21
Дата13.02.2022
өлшемі399.5 Kb.
#17227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мұқағали Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшелігі және балаларға арналған - копия
999999999
1 МҰҚАҒАЛИ ПОЭЗИЯСЫ – АЗАМАТТЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІКТІҢ СИМФОНИЯСЫ

    1. Мұқағали өлеңдерінің поэтикасы

Сырым да – осы,

Жырым да – осы,

Алдыңда.

Байқаймын бір,

Бықсыдым ба, жандым ба ?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда !

М.Мақатаев


Сөз өнері қашаннан халқымыздың рухани жан серігі болып келді. Онда халқымыздың тарихы, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, қуанышы мен қайғысы айқын бейнеленіп отырады. Кемеңгер Абай айтқандай, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» дегенде сөз сарасын табатын, сөз құдіретін жетік білетін майталман ақындарды айтса керек. Құдайға шүкір, осындай ақындар қазақ топырағында баршылық, солардың бірі ретінде Мұқағалиды атауымызға әбден болады. Оның бүкіл шығармашылығы жырсүйер қалың қауымның әлдеқашан жыр кәусарымен айызын қандырып сусындатты және ол өзінің өткір де жалынды лирикаларымен, терең мағынасымен, шыншылдығымен, ойымен оның идеялары арқылы әділ төреші, халықтың басты жанашыры болған шебер суреткер. «Ұзын сөздің қысқасы» - демекші, Мұқағали өлеңдеріне талдау жасамастан бұрын, ең әуелі «поэтика» деген сөздің басын аршып алсам деймін. Иә, кез келген суреткердің шығармашылығының поэтикасы болады. Сондай-ақ, «Қасым Аманжоловтың поэтикасы» деген еңбекте поэтика сөзіне былайша тұжырым жасаған : «Поэтика - көркем туындының табиғаты көркемдеу құралдарын қолданудың эстетикалық жүйесіндегі заңдылықтар туралы ғылым» және «Поэтика – көркем шығарманың сыры мен сипатындағы үйлесімдер, үндесулер жүйесінің заңдылығы» – десе, ал «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде»: «Поэтика (грекше, poitik fehne - шығармашылық өнер) – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың Аристотельден келе жатқан ең көне ғылым саласы». Сонымен қатар, «Поэтика - әдеби тек пен түрдің, ағымдар мен бағыттардың, стильдер мен әдістердің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ көркемдік тұтастықтың әр түрлі деңгейінің ішкі байланыс заңдылықтарын және олардың арақатынасын зерттейді»- деп ашып көрсетеді. Екі еңбектегі «поэтика» сөзін салыстыра қарағанда, шығатын ортақ тұжырым, яғни ақын өз өлеңдерінде көркемдегіш құралдарды бір-бірімен шебер үйлестіре, бір арнаға тоғыстыра алғандығын, сондай-ақ, ақынның өзіндік стилі мен сөз саптауындағы ерекше заңдылықтарды оның поэтикасынан көре аламыз. М. Мақатаев әсіресе, дәстүрлі қазақ поэзиясының қашанғы қайнар көзі – қара өлеңнен нәр алып, оның құпия сырларын өзінше жетік меңгеріп, түріне жаңа түр, сырына жаңа сыр қойып, мазмұны мен пішінін жетілдіре түсті.

«Қазір біз Абайға сүйенбей сөйлейтін болдық. Енді поэзиядағы бүкіл халық даналығына еркіндік алған барлық ақындарымыздың құдіретті ойлары мен сезімдері тасқын ата құйыла түседі .Сол ғажайып даналықтың бір көзі - Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталды» – деген еді көрнекті ақын Ә.Тәжібаев.

М. Мақатаевтың құдайдан табынып өткен тәңірі - өлең жырлары. Өлең – тынысы, алдамайтын адал досы, жұбаныш-үміті, жанашыры, қуанышы, сырласы, мұңдасы болды.Өлеңдерді жазуға көп қиналмайтын болған.

«Тағдыр қалам ұстауға шаманы келтірсе болды, жырлар өз-өзінен төгіледі» – деп отырған ақынның өзі. Сондай-ақ, ақын Б. Нұржекеевтің: «Біз қайғыны жазсақ, қайғырған адам қайтуі мүмкін деп соны елестете отырып жазамыз, ал М. Мақатаев өйтіп елестетпейді, өзі қайғырып отырып жазады. Сондықтан оның өлеңі өзгеміздікінен табиғи өмірдің туындысы болып шығады, өзі айтқандай, ол жырламайды, сырласады»- деген пікірінен Мұқағалидың ерекше жаратылған дара тұлға екенін тағы да көруге болады. Жалпы Мұқағалидың қай өлеңінен қайсы өлеңі артық екені ажырату қиын. Ойып екі-үшеуін мысалға алайын десең бірінен - бірі артылып, бірімен-бірі тайталасып таңдау бермей діңкелетеді. Сондайда бір сыншы ағамыздың: «Мұқағалидың таңдамалысын шығарамыз дегені – қате, өйткені онда таңдамалыға жатпайтын жай өлең жоқ» - дегені еріксіз еске түседі.

Ақынның қайбір өлеңін алып қарасақ та, олардың әрқайсысында троп атаулының құбылып, құлпырып, олардың жылы лебі мен терең әсері өзара өріліп, өзгеше үйлесім тауып, Абай айтқандай: «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай», айрықша гармонияға көшіп тұрады. Бұдан шығатын тұжырым: Мұқағали тілі бай, ой-қиялы мол, сөзі суретті, өлең өрімі өзгеше айшықты, демек, ол – туа біткен тума, мөлдір талант! Мұқағали туған халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үлгілерінен мол сусындаған, өзгеше өнеге алған, сондықтан да оның өлеңдері халықтық, ұлттық сипаты айқын, дәстүрге өз жаңалығын қосып, сөз өнерін біршама байыта білген. Поэзия құдіреті – адамның рухын биіктетіп, адамның жан-дүниесін күнделікті күйкі тірліктің шаң-тозаңынан аршып алуға көмектеседі десек, бұл тұрғыда Мұқағали ағамыздың әрбір өлеңі әрбір оқырманның жүрегіне жол тауып жатады. Оқырманын ойландырады. Рухани дүниесіне жарық түсіріп, ізгілік себеді, тазартады, тағылым береді. Жалпы, поэзия ақынның өз ішкі сыры, жан-дүниесі дейміз. Мұқағали поэзиясы арқылы Мұқағалидың өз сырына, өз жанына үңіле отырып, оның ішкі жан-дүниесін өз өлеңдері арқылы танисың. Ақынның асып –тасқан шабытты сәтін де, табысты кезін де, адасқан шағын да өлеңдері арқылы сезінесің. Ақын - ой перзенті. Ол адам, қоғам өміріндегі өзін толғантқан нендей жайларды жырласа да, өзінің ішкі жан-дүниесін, көңіл-күйін, сырлы сезім толқынын ақтармай қала алмайды. Сөйтіп, оның қуанышы да, қайсыбір халдегі мұң-шері, жетпеген ой-арманы, өзек тілген өкініші де поэзиясына түсіп отырады.

Өмірге сәби болып келмек бар да, өмірден адам ретінде өлмек бар. Ақынды өмірден көшуі қорқытпаған, керісінше, айтар сөзін, арманын халқыма жеткізсем, келер ұрпаққа мына өмірден түйгенім мен түйсінгенімді, көргенімді жырым арқылы жеткізсем екен деген мақсат-мұратын аңғарамыз. Өзінен кейінгі ұрпақтың өз өлеңдерін жаттап өсетінін, сол өлеңмен өмір көшетінін, өз өлеңдерінің сүйікті әнге айналып қазақ көгінде шарықтайтынын ақындық түйсікпен сезе білгенін байқаймыз. Мұқағали поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адам тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі, тағы басқа тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

М.Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Ұлттық сипат кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген сөзімен анықталмайды. Бұл сырт көрініс, ұлттық мейрам Наурыз мерекесінде қазақы шапан киіп, басқа халық тілдерінде сөйлеген бауыр-туғандарымыздың сұр–сықпыты, міне, осы сияқты. Мәселе ұлттың дамуының әлеуметтік, экономикалық және тарихи ерекшелігіне дүниетанудағы көзқарасына, сезудегі ұлттық психологиясына байланысты. Әрі ұлттық ерекшеліктерді бірыңғай ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден іздеу де оғаштық. Яғни ол жаман қылық пен қасиеттерде де жатуы әбден мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат тарих көшіне ілесіп дамып, жаңа реңге ие болып отыратын құбылыс.

Ұлттық сана – біріншіден өз халқын, ұлтын сыйлайтын ыстық ықылас пен сергек сезімнен туады. Екіншіден, елінің, халқының ұлттың өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп халық тағдырына, ұлт мәселесіне елдік, мемлекеттік тұрғыдан қарайтын саналы, салихалы ойдан туады. Бұл ретте ұлттық сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы әрқашан да ұлттық интеллигенция, зерделі авангард топ зиялы қауым, әсіресе ақын-жазушылар. Абайда: “Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алып, кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғататын” Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Мыржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар сияқты ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, іргетасын қалайды. Бұлар халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне қынжылған, келешегінен үміттенген.

Дәл осындай шығармашылығында ұлттық сипаттар басым қазақ ақынының бірі – Мұқағали Мақатаев. Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен бастайтындығын ескерсек, Мұқағали да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Мұқағали оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Жалпы көркем әдебиет, өнер аса сындарлы тәрбиеші. Ата-анадан да, ұстаздан да өткін ұлы тәрбиеші - әдебиет, оның ішінде - поэзия. Тәрбиелік роль атқармаған өнер тұл.



Поэзиялық шығармадағы ой-пікір ақын көзімен көріп білген, өз көңілімен сезінген өмірдегі нақтылы жағдайлардан алған әсерлер түрінде туған идея болып келеді. Жалпы жағдайға қатысты қорытынды-түйін, ақыл-кеңес, насихат болса да, ақынның көңіл күйіне сабақтастырыла айтылады. Яғни поэзиядағы идея шығарманың көркемдік қасиетімен тығыз байланысты болса, ал көркемдіктің, ақындық шеберліктің өзі озық идеялықпен ұштасып жатады. Көркемдік жүйені форма, стиль, тіл шеберлігі, композиция, характер, образ жасау, тартыс мәселелеріне жан-жақты анализ жүргізу деп білеміз.

Ежелгі грек өнерінің табыстарынан, өзіміздің ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінен осы күнге дейін рахат табамыз, осы күнге дейін оған сүйенеміз. Себебі ол таза адамзаттық өнер. Әр дәуірдің өзі жасаған биік тұғырлары бар. Сондай-ақ поэзиядағы көркемдіктің де биігі бар. Ол қайталанбайды. Және оған кім көрінгеннің қолы жете бермейді. ”Абай-позиядағы қазақ ренессанысының құзар шыңы. Абайдың ренессаныстық өредегі ұлылығы сол, ол өзі ғұмыр кешкен қоғамдағы қабынып тұрған қақтығыс-қайшылықтарды қаны сорғалаған қалпында шегіне жеткен шыншылдықпен көрсетіп берді”. Мәселе түйіні - бабаларымыз жасаған сан ғасырлық көркемөнердің, мәдениеттің жақсы жақтарын пайдалана отырып, жаңа жол табуда. Ол жаңа форма ғана емес, ол көркемдік компененттердің мазмұннан ажырамас тұтастығын жасау. Қысқасы өмірдегі құбылыстарды тани, жіті көре білуден басталады. Бұл өмірдің диалектикалық даму заңдылығын ажырата алу деген сөз. Жаңалық табу - өзіңді-өзің ашу, шығармашылыққа өзіндік қырмен, қолтаңбамен келу.

Кез-келген шығарма халыққа түсінікті болуы керек. Сонда ғана ол жұртқа эстетикалық әсер етіп, жаңа рухани тілегін өтейді. Әрине түсініктілік деген сауатсыз адамға шақталған талап, жадағайлық, жеңіл-желпілік деген сөз емес, терең ойды көркемдік шеберлікпен қарапайым етіп көрсету. Дарынды таланттың, үлкен мәдениеттіліктің, табанды еңбектенудің қажет жері осы. Толстойдың ”Қарапайым жазу оп-оңай емес” деуі де сондықтан. Көркемөнерді зерттеушілер өнер туындыларын түсінетін эстетикалық білім қажет екенін айтқан. Шынында, терең поэзиялық туындыларды, опералық, симфониялық шығармаларды, керемет картиналарды түсіну үшін белгілі дәрежеде эстетикалық мәдениет керек. Бұл шығарманың формасын жорта қиындату емес, оқырман мен көрерменнің эстетикалық өрісін көтеру. Сонымен қарапайымдылық жалаң қарадүрсінділік те емес, дәстүрден қашып шатпаққа ұрынған жасандылық та емес. Дана қарапайымдылық, мөлдір айқындық - міне нағыз өнер.



Ақындардың барлығында қазақтың өлең мүмкіндігін мол пайдалану бар. Ол мүмкіншіліктер қазақтың қалыптасқан өлең құрылыстары мен мөлшерінен тыс тумаған, қайта солардың құбылған, құлпырған түрлері дерлік. Осыған қарағанда да қазақтың он бір буынды өлеңіне “сирағын сындырудың”, мұрын шүйіре қараудың қажеті жоқ. Өлең формаларын молайтуға қазақ поэзиясы толып жатқан мүмкіндік береді. Екі буыннан бастап, он бес буынға дейін пайдаланылатын өлең жолдары баршылық. Мысалы он буынмен келетін өлшемді Қасым Аманжолов заңдандырып кетті. Қасымнан бұрын бұл өлшеммен жазғандар болған, бірақ оны Қасым сияқты ешкім етене ендіре алмаған. ”Дариға” атты тамаша өлеңі он буынды қазақ өлең құрылысының төл түрі етіп бекіткен. Сол сықылды Мұқағали Мақатаев та тоғыз буын өлең құрылысын “Ильич” поэмасы арқылы орнықтырып отыр. Бұл жерде тоғыз буынды өлең құрылысының талантты шығарманың қызметінде жаңалықтың бір ғана көрсеткіші ретінде көрініс бергенін айтуға тиіспіз. Өлең құрылысы тілдің заңынан шығып кете алмайды. Поэзияның жолы кең. Ол стандарт емес, оның толып жатқан түрі, үлгісі, бояуы бар. Сондықтан ол бұрынғы үлгі, үрдіс, дәстүрмен жалғаса, сабақтаса жасалады.

Мұқағали поэзиясы – ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан–жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең – Мұқағали үшін - қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай жарқылдаған жігері, қайрат-күші.

Қалқам!

Мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.


жүктеу 399.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет