МұҚАҒали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы


Мұқағали шығармаларын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану



жүктеу 399.5 Kb.
бет16/21
Дата13.02.2022
өлшемі399.5 Kb.
#17227
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Мұқағали Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшелігі және балаларға арналған - копия
999999999
2.2 Мұқағали шығармаларын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану

«Жырлайды жүрек»

атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың

туған күніне арналған кеш

Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.
Кіріспе сөз: Сынып жетекші Оразбаева Б.Қ.
1-жүргізуші: Сабитова Айым

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –

деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.
1-жүргізуші: Сабитова Айым

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліп жатады)
2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

Ендеше әнге кезек берейік.
Исакаков Даниярдың орындауында «Сенің көзің» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Сабитова Айым

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-

деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)
2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен,

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...

деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп, бояумен өрнектеген ана тілі пәнінің мұғалімі Ықыласова Майса Қамысбайқызына сөз берсек..
1-жүргізуші: Сабитова Айым

Бар байлық, бар білім кітапта. Осындай байлықтың жинақтап оқырманға ұсынып отырған иесі – кітапханашы. Кезекті сөз мектебіміздің бас кітапханашысы ______________________ - ға беріледі.

2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің!?

Көзімнен ғайып болған күнім едің,

Гүл едің

Елтіген түнім едің.

О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?

Ақынның махаббат сезіміне жазылған әнін тамашалап көрейік.

(Ән орындалады)

1-жүргізуші: Сабитова Айым

Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығарман,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-

деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.
2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

Осымен ақын рухына арналған шығармашылық кешіміз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жанадарыңызды жыр тербесін, оқушылар!


жүктеу 399.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет