Шәйі – ең асыл матадан жасалған орамал;
Дін аман – тіршілік атаулының амандығы;
Перде – терезе жапқышы, бұл жерде түн мағынасында;
Кесел – ауру, дерт, бұл жерде соғысқа, бүліншілікке ұшырамау;
Айқара жап – толық, қымтана жабу.
Өлең шумақтарын әр оқушыға оқыттырып, мазмұнын талдатамын.
1,2 шумақ. Бұл шумақта бір түн бойы Жер – Ана орманын шулатпай, суларын тулатпай, тауларын күңірентпей, ешқандай соғысқа ұшырап, танктердің астында тапталмай, Әйел-Ана өз сәбиінің ұйқысын қалай бұзбай сақтайтын болса, Жер – Ана да дәл солай тәтті ұйқыда таңға дейін дем алуын тілейді.
3,4 шумақ. Алып жерді төсек еткен көк аспанның ешқандай да соғысқа, бүліншілікке ұшырамай, таң атар сәтте де боз көрпесін айқара жауып, тыныштықтың аясында дамылдап, тәтті ұйқыда болуын тілейді.
5,6 шумақ. Осындай тыныштықта дем алып, дамылдаған түн сұлуға жұлдыздар шашу болып шашылып, ару ай ақ мойнына асылып, ақ білегін артып “Тыныштық” атты жас бөбекті шәйіге орап әлдилесін, яғни ел тыныштығын бұзбайық дейді.
ә) Өлеңнен кейіптеу мен эпитетті таптырамын.
Эпитет: көк аспан, тәтті ұйқы, ақ басты ала тау, алып жер, ұлы кеудең, боз көрпе, жас ұл;
Кейіптеу: орманың шуламасын, суларың туламасын, күңіренбесін, жыламасын, шамыңды өшір, айың келіп ақ мойныңа асылды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |