МұҚАҒали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы


М.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ



жүктеу 399.5 Kb.
бет11/21
Дата13.02.2022
өлшемі399.5 Kb.
#17227
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Мұқағали Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшелігі және балаларға арналған - копия
999999999

2 М.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білім ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, оның мәдениетіне, әдебиетіне байланысты.

Әдебиет – жасөспірім ұрпақтарға әсер етуші құдіретті құрал. Әр жазушының, әр ақынның шығармаларын оқыта отырып, оқушыны эстетикалық сұлулыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке, туған елін, жерін қастерлеуге тәрбиелеудің маңызы зор. Әрине, қазақ әдебиеті осындай ұрпақ тәрбиелейтін кестелі сөз өнерінен кенде емес. Халық ауыз әдебиетінен бастау алып, Махамбеттің мақалымен, Жамбылдың жырларымен сусындап келе жатқан қазақ әдебиетінің көрнекі өкілдері оқушы қауымға үлгі әрі тәрбие бола біледі. Осындай ақындарымыздың қатарында біздің зор мақтанышымыз, сұңқар ақын М.Мақатаевтың есімі құрметпен аталады.

М.Мақатаев – қазақ әдебиетінде өзінің бет-бағытын анықтаған, өзіндік үні бар, тіл қолданысы ерекше ақын. Ақын жырларын қарастырып, оқушыларға оқыту барысында ауыз әдебиетіне тән өрнектер мен дәстүр жалғастығы ғана емес, өлеңдеріне өзек болған, ішкі мағынасын байытқан жаңашылдық пен шеберлік қырларын да танимыз. Ақынның тіл кестесінде ұлттық сипат ерекшеліктері айқын көрінеді. Ал поэзиясының тіл кестесі қарапайымдылығымен құнды. Мұқағали Мақатаев өзінің ақындық, азаматтық ойын дәл жеткізу үшін халқымыздың бай тілін таңдап, талғап барып пайдаланды.

Ақын поэзиясының лексикалық байлығын танытатын сөздер көп. Халқымыздың көркемдік қазынасын жетік меңгерген Мұқағали ақынның сөздік қоры терең, сұлу сипаттарға жетік. Ақынның “Фантазия”, “Барлығы да сендердікі”, “Мен таулықпен” өлеңдері Ү сыныпта, ал “Қайырлы түн”, “Қара өлең”, “Елім барда”, “Анау аспан, мынау бақ” өлеңдері ҮІ сыныпта берілген.

Ақиық ақынның еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке толы жасындай жарқын шумақтарын, өрілген жырларын жас ұрпаққа оқытудың маңызы зор. Әр шығарманың тақырыбын меңгерту барысында ұстаз алдына мақсаты мен шеберлігін ұштастыра отырып, түрлендіріп отыруға тиіс. Шәкірттерді жақсылыққа, ізгілікке, туған елін, туып өскен жерін сүйе білуге баулуда ақын М.Мақатаевтың шағырмаларының маңызы ерекше.

Сабақта кейде ғылыми тұжырым мен нақты қорытындының тоғысар бекеті десек, кейде ішкі сезімдердің өзара байланысқа түсіп, қызу таласқа ұласар мекені деп те бағалауға болады. Сондықтан да жеке тұлғаның өзін байқатар қасиеті мен даралық пікірлері де әдебиет сабағында айқын аңғарылуы шарт. Мектепте Мұқағали өлеңдерінің тақырыбы мен идеялық мазмұнын таныстар отырып, әрмен қарай оқушыларда өлең туралы өзіндік ой-пікір болғанын қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі шарт. Мұғалім сыныпта өлеңге талдау, талқылау өткізіп, пікір таластырып, қорытынды шығартқызып, енді сол мәселені үй жұмысы ретінде шығарма, ой-толғау жазуға ұсынса, оқушылар Мұқағали жырларын іздеп жүріп оқитындай биікке жетер еді.

Шәкірттер өлеңді оқи отырып, өзіндік топшылау, ой қорытындысын шығарады. Кейде қарама-қарсы пікірлер де тууы мүмкін. Осы жерде мұғалімнің көмегі қажет.

М.Мақатаев шығармаларын мектепте оқытудың тиімді жолдары:

Ақынның сыныпта өтілген өлеңдерімен қатар, оның әдебиет әлеміне сіңірген қомақты қадау-қадау еңбектеріне назар аударту;

- Ақын шығармашылығының оқушыларға өнегелік тағылымын сезінту, суреткер әлеміне ұрпақтарын тәнті ету;

- Мұқағали жырларын әдебиеттану ғылыми тұрғысынан тереңдей талдау;

А) Мұқағали жырлары негізінде жатқан идеялық проблеманы түсіну;

Ә) Сөз айшықтарын тани білу;

Б) Поэзия иесінің стилін тани білу;

- Тақырып бойынша материалдармен, ғылыми еңбектермен байыту;



- Пәнаралық байланыс, интегративті басшылыққа алу.

Мектепте Мұқағали өлеңдерін өткенде білімді тереңдете берудің күрделі, қиын әдістемелерін емес, жеңіл жолын іздеу керек. Бұл орайда мұғалім көмек нұсқаулар, үлестірме тапсырмалар, кестелер, сызбалар пайдаланғаны тиімді. Мысалы, 5 – класта Мұқағалидың “Барлығы да сендердікі” өлеңін өткенде мұғалім мына көмек нұсқауларды беру керек:

  1. Өлең негізінде жатқан идея, автордың ойы.

  2. Өлеңдегі негізгі ойды ашатын шумақтар, жолдар.

  3. Айшықты, әдемі образды көркем сөздер.

  4. Өзіне ұнаған жолдар мен шумақтар.

  5. Ақын стилі, әдісі.

Өз пікірі, оқулық білімі, мұғалімнің түсінігі, ғалымдар еңбегі – осы төртеу қабаттасып келгенде ғана оқушыларға Мұқағали шығармашылығы жөнінде терең білім беріледі.

Поэзиядағы көркемдік жүйенің жасалу және қалыптасу сипаты бүгінгі таңдағы ерекше назар аударуға тиіс мәселенің бірі. Қашанда өмір шындығын көркем түйіндеп суреттеу, яғни тарихи-қоғамдық болмысты сол болған қалпында жалаң баяндап қана қоймай, көркемдік үлгіде ләззат аларлық дәрежеде жеткізе көрсету аса мәнді де маңызды. Осы ретте ауыз әдебиеті үлгілерінде, жеке ақындар шығармашылығында көркемдік жүйе қандайлық дәрежеде. Олар өмір шындығын көркемдік шынайылық биігіне көтере алған ба деген мәселелер төңірегінде ойлансақ, мыналарға көзіміз жетеді. Бұған кейде онша мән берілмейді. Анығында бұрынғы және бүгінгі жеке ақындардың поэзиясына қарағанда, ауыз әдебиетінің туындылары деп саналатын “Қыз Жібек”, ”Айман – Шолпан”, сондай-ақ сол халықтық дәстүрден сусындай отырып, өз шығармашылықтарында оны жетілдіре, дамыта түскен ”Біржан-Сара”, ”Әсет пен Рысжан”, т.б. сияқты идеялық көркемдік мәні жоғары шығармаларда өмір шындығы анағұрлым кең, анағұрлым терең көрсетіледі. Мәселе сол өмір шындығы көркем өнердің биік талаптарына сай суреттеледі, эстетикалық ләззат береді. Адамгершілікке, бостандық пен теңдікке, ар-намысқа талпынған ақылды, тапқыр қазақ жастарының көркем образдарын, кесек мінезін жасаған. Олармен салыстырғанда ауыз әдебиетінің тұнығын ішкен жыраулар поэзиясының өкілдері, айтыс ақындары өмір деректерін әр көлемде қамтыса да шыншылдық, көркемдік сипаты жағынан төмен жататындығы жасырын емес. Алайда поэзияның осы шыншылдығы жетімсіз, көркемдік мотивтері кемшін тұсын Махамбет, Абай, Ыбырай, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдері төрт құбыласын түгендеді. Осының нәтижесінде поэзия өзінің өмірлік, сұлулық сипаты жағынан халықтың рухани дүниесін молықтыруға үлес қосты. Көркемдік биік сапаланумен, шыңғыртып айтқан шындықпен жазылған шығармалар әрқашанда халықтың, белгілі бір заманның кең тынысты рухани өмірінің айқын айнасы болумен бірге әдебиеттің даму тарихында жаңа дәуір жасалды. Бізде бұл поэзияда Абайдан, прозада М. Әуезовтың “Абай жолынан” басталғаны мәлім. Абай поэзияны идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, немесе шығармашылықты “өмір оқулығы” ретінде қызмет атқаруға жеткізді. Әрі ол өлеңдеріне мүлде жаңа міндет жүктеді. ”Түзетпек едім заманды” деп, көркемөнердің өмірді дамытуға, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді әрекет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы есебінде ұсынды.

Осы тұжырымдарды шығармашылығына мықтап өзек еткен Мұқағали – Абай мектебінің түлегі. Әсіресе шығармаларының көркемдік қуаты, тақырып ауқымының кеңдігі, идеялық мақсатының тереңдігі, философиялық түйіні тұрғысынан мәнділігі, ұлттық болмысты, ұлттық психологияны, ұлттық көзқарасты бейнелеудегі шеберлігі жағынан өзіндік ерекшелігі бар. Ақын поэзиясы тақырыбының молдығы, көркемдік қуатының өзгешелігі, философиялық түйіндеулері, образ жасау шеберлігі жайында бүгінгі таңда аз айтылып жатқан жоқ. Алайда өзі өлсе де өшпес мұраға айналған, оқырман көңіліне берік ұялап, әр ұрпақпен үн қатысып, жаңа буын өкілдерімен сыр шертісе бастаған Мұқағали поэзиясына терең бойлай түсу, әр қырынан ғылыми саралап зерттеу бүгінгі таңдағы маңызды мәселенің бірі деп білеміз.

Мұқағали қазақтың бай ауыз әдебиетін, одан кейінгі жазба әдебетінің озық үлгілерін, әлемдік әдебиет жетістіктерін бойына толық сіңіріп қабылдай отырып, поэзияда қалыптасып орныққан өлшем-өрнекті керек жерінде қырнап-өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан шеберлік танытты. Осы негізде жаңа өлшем, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, әуезділік байлығын да молықтыра түсті. Мұқағали поэзиясының көркемдік түрін құрайтын бөлшектерге, яғни композиция, сюжеттік құрылыс, жанрлық өзгешелік пен бейнелеу тәсілдері, тіл кестесі, өлең өрнегі, өлеңге тән ырғақ пен интонация жүйесі, шумақ, ұйқас түрлерін қарастыру, олардың тұтастығын көркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасуын және сол шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас бірлестік табуын анықтау, дәлелдеу, ақындық құпияларына үңілу жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді. Енді ақын өлеңдерінің сабақта оқытылуына тоқталайық.


жүктеу 399.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет