Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



жүктеу 2.6 Kb.

бет15/21
Дата09.01.2017
өлшемі2.6 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

ТҮРКІ ТЕГІНІҢ БІР СУЫРТПАҒЫ
немесе жатбауыр тартқан етбауыр тек туралы ой
«Түбі бір түркіміз» деген ұғымның мағынасын ашу ба­
рысында, бір ғана тарихи тұжырымдамалық мәселеге назар 
аударғымыз келген еркін пайымдаудың алдында, қасаң ойлау 
жүйесін жалаңаштап, ой қыздыру мақсатында мынадай жал­
пылама риторикалық шалықтауға саналы түрде ерік бергіміз 
келеді. Оған себеп те бар. Себебі қаншалықты қайрат жиып, 
қалайда тәуелсіз жадты жаңғыртып, дербес пайымдауға 
ұмтылсақ та, қазақтың тарихи ойлау жүйесі мен санасын жа­
дылап алған жат тұжырымдарға басыбайлы мойынсалықтан 
арыла алмай­ақ қойдық. Жатырқаған көзқараспен, сыртқа 
ысыра салып, өздерінің мүдделі тақырыптарын зерттеу бары­
сында кезіккен, еріксіз мойынсынуға алып келген ғылыми 
нәтижелерді біз малташа езіп жүрміз. 
Солардың негізгі зерттеулерінен тыс, екінші, үшінші 
қатардағы ғылыми нәтижесі болып табылатын (В. Томсон 
сияқты угрофиннің сына жазуын оқып отырмын деп, ақы­
ры амалсыз әрі ықылассыз мойындаған көне түркі жаз­
ба ескерткіші сияқты) қорытындыларының басын жиып 
тұжырымдама деңгейіне көтере құлшынудан жазған емес­
піз. Бичурин, Томсон, Пеллиот, Фон Габайн (Мариям апай), 
Севортян сияқты іргелі ғалымдардың еңбектерінің әбден 
сықпасын шығардық. Қазан төңкерісіне дейінгі еуропалық 
және орыс ғалымдары ұсынған түркітану саласындағы аса ірі 
жетістіктерді ысырып тастап (Тұран мәдениеті, жазуы, Ал­
тай мәдениеті мен алтайтану ілімі, алтай тіл жүйесі, Тұран 
тілі, Тұран жазуы, скиф тілі, сақ тілі, ғұн (хұн) жазуы, көне 
түркі құдам бітік жазуы, ұлы найман мемлекетінің жа­
зуы, тот моңғол жазулары деген тұрақты ұғымдарды – мен 

217
сол ғасырда қалыптасқан ғылыми терминді тырнақшасыз 
қолданып отырмын) ғылыми айналымнан шығарып тас­
тап, ариилік нәсіл телориясына ықтатып әкелген Миллер 
қа лыптастырған «ирантілдес нәсілдер» деген қисынсыз қи­
сынын теориялық тұғыр етіп қалап қойдық. Бартольд сияқ­
ты түбірлі ғалымдардың тамырын солқылдатқан, өзінің ата­
ғын дүниеге таратқан түркі жұрты туралы зерттеулерінде 
– отырықшы түркістандықтарды өркениет иесі, көшпелі 
түр кілерді – «тарих сақнасынан тыс тағылар» деп екіге бөліп 
қа рауға емеурін білдіріп, тұтас түркіні «нәсілдік жіктеу» 
арқылы мүшелеп тастауға ырық берген еуропалық үстемдік 
бағыттың екпінін күшейту үшін бірінші дүниежүзілік 
соғыстың қарсаңы мен барысында Дрейфустың сотталуы 
мен Палестинаны «қайтарып алу» туралы Теодор Герцльдің 
кітапшасынан кейін қос жарылған капитал иелері нысаналы 
мақсатпен ерекше қарбаласыпты.
«Қасиетті жерге» қайтып оралуға мүмкін беретін плац­
дарм жасау үшін Оңтүстік Африка, Родезия (алпауыт 
Родостың атымен аталған), Грекия, Кипр аралын таңдайды. 
Азия құрлығындағы ең оңтайлы плацдарм Түркістан деп 
шешеді. Аса қысталаң дүниежүзілік және азаматтық соғыс 
жылдарында (1917­1922) ғаламдық алпауыттар дүниежүзілік 
капиталды, яғни, шикізат пен өнеркәсіптік аймақты қайта 
бөлісіп, бүгінгі экономикалық ғаламдастырудың ұлы жоспа­
рын жасау үшін «жеті алпауыт» 1922 жылы аса құпия бас 
қосады (олардың бұл жоспарын білу үшін Гитлер 1922­1924 
жылдары арасында кітапханада шүйіліп тұрып отырған, 
мұны тарихшылар «Гитлердің әйгілі оқымыстылық кезеңі» 
деп атайды. Ал сол алпауыттардың мұрагерлері, ішінде 
сол кездегі АҚШ президенті кіші Буш бар екінші рет 1992 
жылы «әлемнің бүгінгі капитал бөлісу моделін жасаған. 
Араб дүниесіндегі аласапыран сол тұста жобаланған). Соған 
идеологиялық негіз ретінде, яғни, аса мол шикізат қорына ие 
Исі Түркістан кеңістігінен – Шығыс, Орта, Солтүстік және Ба­
тыс Түркістаннан (Англия, Франция, Италия, Геркия, мұқым 
Балқан түбегі елдерін біріктірген құрама армиялардың сол 
жылдардағы Түркия мемлекетіне шабуылы сол жобаның бір 

218
парасы ғана) массондық нәсілдік құрамға жататын тек табу 
мақсатында арнайы қаржы қарастырылды. Әуелі массон­
дық бағыт ұстанған уақытша үкіметтің, содан кейін кеңес 
үкіметінің қолдауымен Дунхуаң өңіріне ғылыми экспедиция 
жасақталады. 
Оның басты мақсаты: сарыұйғыр тілін зерттеген бо­
лып, түбі көшпелі жойыттардан тарайтын, маздақтардың 
көтерілісі тұсында мұсылмандықты қабылдаған, қазақтар, 
жалпы түркі текті қауымдастық сарт деп атайтын тілі – 
түркі, діні – мұсылман, тегі – семит нәсілді көпестер қауы­
мына мұқым түркінің мәдени және тектік мұрасын телу 
(қайдағы бір көшпелілерге скифтің, ғұнның, түркінің 
мұрасын иемдетіп қою – болашақ әлемдік бөлісте үлкен мін 
болмақ, сондықтан ерте бастан оны жалған жолға салып 
жіберіп, оларды өркениеттің ұлы олжасынан ада ету) болды. 
Сөйтіп біз, пиғылы жат, арнайы тапсырмамен көне түркінің 
барлық жазуын ұйғыр жазуы деп қорытынды шығарып, 
оны 1922 жылғы түркітанушылардың бірінші құрылтайын­
да бекіттіріп, түркітану мен түркология ғылымының атау­
ларын, тұжырымдарын, мүлдем өзгерттіріп жіберген С. Ма ­
ловтың «шидем шекпенінінің» қаусырмасында қал 
дық. 
Бұрын айтса сенбейтін, бірақ соңғы жылдары ғана құжат­
тарды оқып жағамызды ұстаған, дүние капиталы мен жа­
ғырапиясын, экономикалық даму бағытын анықтап, бүгінгі 
күндегі «американдық мүдде», «еуропалық мүдде» дегенге 
идеологиялық негіз қалаған сол «жеті алпауыттың» жоспары 
мен жобасына Ленин де қатысыпты. Бұл тектік арандатуды 
Сталин одан әрі өршітті.
Сөйтіп, көшпелілер өркениеті, түркі дүниесі, қазақ та­
рихы тұйықталған иірімнің үйірімін айналсоқтауға мәжбүр 
болды. Салынды сананың сарсаңымен ешқандай нәтиже 
бермейтін салбурын күй кешіп, жанығуды ғылыми зерттеудің 
әдіс­тәсіліне айналдырып, оған сондай бір тақыстанған мо­
жантопай кәнігілікпен бейімделе бауыр басты. Кеңестік 
тұсты былай қойғанда, тәуелсіздік рух басын көтерген ширек 
ғасырдың ішінде көшпелілер өркениеті, түркі дүниесі, қазақ 
тарихы хақында қандай да бір заман мен заман, қағанаттар 

219
мен мемлекеттер, ұлыстар мен бірлестіктер, ұлы қоныс ау­
дарулар мен құрама хандықтар алмасқан, тектік тамырлар 
ажырап, жат тамырлар шорланған тұстар туралы қазақ та­
рихшылары шынмашындық, араби шығыстық, еуропалық, 
славяндық тұжырымдарға қандай тұжырымдық өзгеріс, не 
қандай түбірлі ғылыми жаңалық әкелді? Бар жетістігіміз, 
«Мәдени мұра» бағдарламасы тұсында сол етжемі шығып 
тозған, әр дереккөздерінде шашыранды түрде кездесетін 
жазбалар мен пікірлерді біршама топтастыра жинақтаудың 
орайы түсті. Соның негізінде пайымдалған ең батыл пікірлер 
мен болжамдардың өзі ғұн, скунһа, сақ, (скиф), көк түрк 
қағанаты, қыпшақ бірлестігі, жоңғар шапқыншылығы 
жөнінде қалыптастырған ырықты елдердің ықылымсыз, 
яғни, тарихи уақыт шындығы мен тектік тамырлардың ажы­
ратылып, өгей тамырлардың қабатталып өрілуін ойтөте бол­
жайтын, мысалы керей, қоңырат, алшын, найман, жалайыр, 
уақ (оңғұт) мемлекеттерін моңғол тектілерге жатқызатын 
еуропалық, славяндық, арабтық (бұған парсы жазбалары 
жатпайды) жазбалар мен зерттеулердегі бопса пікірлерге ұя 
басып, ықтасындап пайымдаумен шектелдік. Оның есесіне 
қалай таратсаң да бес жүз жылдан ары бармайтын қазақы 
шежіреден көшпелілер тарихын жасауға, Шыңғысханды 
қалай да қазақ етіп шығаруға шәт­шәлекейіміз шыға, ақылға 
сыймайтын абыройсыздықпен бетімізді сала жанталасып жа­
тырмыз. Анығы – Шыңғыс ешқашанда қазақ болмайды және 
ешкім оны қазақ деп мойындамайды. Бұл – халықаралық 
сайқымазақтың сахнасына айналуға апаратын жол. 
Керісінше, қазақ хандығы, яғни, қазақ мемлекеті – 
Жошы ұлысы, Алтын орда, Ақ орда, Боз орда арқылы бүгінге 
жет кен Шыңғыс империясының алтын үзігі, құрамдас бір 
бөлігі бо лып табылады деп қарастырсақ, сөзсіз түпкілікті 
де, тыңғылық 
ты да ғылыми нәтижеге жетеміз. Өйткені 
қазіргі қазақ ұлтын ұйытып отырған тайпалардың Шыңғыс 
қағанатынан тыс дербес өмір сүрген бір де біреуі жоқ. Мұны 
мойындау – қа зақ мемлекеттігін мойындаудың басты кепі­
лі. Еуропалық, арабтық, славяндық тарихи жазбалар дың 
ырқымен Шыңғыс ханның мемлекетін көшпелі өрке ниет 

220
пен көшпелі ұлыс тар ға ата жау етіп көрсету: Эллада мен 
Римді – еуропалықтар 
ға, халифатты – арабтарға, Орта­
лық мемлеткетті (Жұң гоны) – шынмашындықтарға жау 
етіп көрсетумен бірдей, яғни, өзіңнің мемлекеттік, тектік 
тегіңнен бас тарту. 
Дүние жаратылғаннан бері жер шарының тарихын асты­
үстіне сапырылыстырып, жағырапиялық құрылымын өз­
герт кен үш ұлы қоныстанудың үшеуіне де басты себепкер 
болған көшпелілер өркениеті. Сол аласапыраннан Шыңғыс 
қағанатының екпіні мен араласымы анағұрлым жойқын 
болды. Тынық мұхиты мен Атлант мұхитының арасын жал­
ғастырған сол сойқанды сапырылыс өзінің соңына ұлыс тар 
мен тайпалардың басын біріктірген қуатты дербес құрама 
мемлекеттерді мұрагер етіп қалдырып отырды. Бұлар – біз 
үшін тегі пен ділі (менталитеті), діні мен тілі мүлдем адаланған 
(славяндар қауымына жататын түркі текті болгарлар, хрис­
тиан дініндегі австро­венгриялық мадиярлар, еврей текті 
түркі тілді қарайымдар, тегі құбақыпшақ пен кеңгереске жа­
татын православие дініндегі славяндардың қатарын толық­
тырып, ХХ ғасырда ғана орыс ұлтының құрамына ресми 
енген казактар, ирандағы бұрынғы қызылбастар, қазіргі 
қашқайлар, Ауғанстандағы «өзбекпіз» деп жазылып жүрген 
он жеті мыңға жуық Кетбұғаның тұқымдары, Ирактағы жа­
лайырлар, Мысырдағы мамлүктер, өзін гундардың тұқымы 
ретінде қарастырып автономия сұрап жүрген еурпалық 
мемлекеттердегі провинциялардың тұрғындары, Моңғолия 
мен Ішкі Моңғолиядағы алшын, қоңырат, уақ (оңғыт), керей, 
жалайыр, найман, қыпшақ ұлыстары, бұлардың қатарына 
өзбек, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, алтай қауымының негізін 
құрайтын тегі түркілік тоқсан секі баулы тайпа мен рулар­
ды жатқызбай­ақ қоялық) жатбауыр тартқан етбауырлар. 
Оларды тек ретінде ішбауыр тартқанмен, ұлттық бірлестікке 
зорлап та болса қоса алмайсың (кейбірі қазақ деген ұлтты 
білмейді, казактар сияқты білгісі келмейтіндері де бар). 
Өйткені оларды өзара тұтастырып тұрған тектік, яғни, 
түркілік тұжырым емес, мемлекеттік ұғым. Бүгінгі күні 
негізінде түркілік тек басым парсы жұрты – «Иран ислам 

221
жамиғаты», Ауғанстан – «талиб (мұсылман үмүмі)», түркілік 
тектер аралас орналасқан Ресей – «славяндық православие 
(оның түбірлі идеологиясы еуразиялық идея болып табыла­
ды) үмметі», бұрынғы көшпелілер өркениетінің шығыстық 
шалғайын басып отырған Қытай – «орталық мемлекеттіктер 
(Жұң го)» деген ұғымды мемлекеттік тектік идеологияға ай­
налдырып отыр. Мұндай тектік­идеологиялық қысыммен 
ыдырата шоғырландыруды Түрікменстан мен Өзбекстан 
сияқты бауырлас елдердің биліктегі топтары да ырықсыз 
жүргізіп отырғаны және анық (Өзбекстан өздерінің тарихын 
түркілік тамырдан алыстатып, ирандық тамырға бау есіп 
жабық күйде жанығып жатыр. Әрине, ол жол ислами каримді 
емес, карими исламды тұйыққа тірейтіні анық).
Ұшы түте­түтесі шыққан, қайтар өрсе қамшы шықпайтын 
тарамыс сияқты тектік шашасынан шашылған түркі 
қауымы, соның ішінде қазақ ұлты, сонда қай еуропалық, 
арабтық, шынмашындық тұжырымдар арқылы өзінің та­
рихын тұжырымдамақ, қалай өрмек? Аталған кеңістіктегі 
түркі қауымының құрамында қазақты ұйытып отырған 
рулардың барлығы бар. Дүниенің төрт бұрышындағы «жа­
байы», «көшпелі», «тағылар», «ат үстіндегі маймылдар» ту­
ралы деректерді жинап, мың том етіп бастырып шығардық 
дейік, сонда соның ішіндегі қазақ тарихын белгілі бір 
тәуелсіз тұжырымсыз қалай суыртпақтап аламыз? Текті 
былай қойғанда, көшпелі өркениетке тиесілі заттай қазба 
айғақтарды (мысалы, скифтік зергерлік мәнерді) ирандық, 
сол арқылы таяушығыстық, сол арқылы ариилік, сол арқылы 
бабылдық (мысырлық өркениет Орталық Азиядан тарайды, 
сондықтан да Самарқанд, Бұқара, Арқайымдағы айғақ қазба 
мұралар Таяу шығысқа тиесілі немесе Алтай – славяндар 
іздеген Ақсу (Беловодье, яғни, славяндардың Жиделібайсыны 
мен Жерұйығы) деп Арқайым мен Алтайдағы Ақсөре шыңын 
славяндардың жер кіндігі ретінде ғарышкерлердің белсенді 
түрде қатысуымен ресмилеп алғанын ескерсек, тектік та­
мырды «шолақ байталдың құйрығындай шолтаңдаған» 
(Әуе 
зов) қазақы рулық шежіремен (тіпті Шыңғыс хан 
шыны мен де қазақ болып шыққан күннің өзінде), ол тарих 

222
қаншама құлашымызды керіп, өңешімізді созып қабақат 
қаусырғанымызбен де, қазақтың құшағына сыймайды. 
Сондықтан да тарихи текті тұтастандыратын түйінді, буын­
ды тұстарды тауып, жалпы көшпелілер өркениетінің даму 
сатысын тоғыстыратын, тәуелсіздік, басыбайлылық тұсында 
да біздің ұлттық мүддемізді қозғаған  мүдделі мәселелерді 
қамтитын тұжырым жасалуы тиіс. Онсыз біз жат жағалауда, 
жаттың қайығының ескегін есіп, белгісіз жат бағытқа қарай 
салынды тұжырымдарды шырақ етіп, жеткізбейтін, не мүлде 
ол бағытта жоқ қарауылды іздеп жүзе беруден жазбаймыз. 
Анау – алай ғой, мынау былай ғой дей көрмеңіз, біз де анау – 
анадай, мынау – мынадай деп екі том кітап жазып, жекеден 
жалпыға қарай жаймалап пайымдауға ұмтылғамыз. Өкінішке 
орай, ондағы пікірлер мен деректер етжемі болып мүшеленіп, 
ақыры, өз пікіріміз өзімізді адастырып кетті. 
Ал енді, осындай белгісіздіктен құтқаратын, қазақы рулық 
шежірені тарихи дерекпен ұштастыратын сенімді тектік 
нүктелер бар ма? Аз. Бірақ бар. Ол үшін тектік ұштасулар 
мен ажырасуларды заман заманымен қаттап, қандық (ДНК) 
бояуының қою­сұйықтығына байланысты сұрыптап, түбірін 
сүзіп отыратын жағырапиялық карта жасалса, мүмкін, 
қалыптасқан қасаң пікірлер тың тұжырымын табар ма еді, кім 
білсін. Бұл тектік картаға әсіреәфсанадан бастап топырақтың 
құрамын анықтайтын ілім саласына дейін белсене қатысып, 
күдікке саңылау тастамайтындай тастүйін қорытындыны 
ресми түрде өресі өктем оқымыстылар қауымына мойындату 
қажет. 
Әйтпесе, хұндарды – моңғолдар мен мәнжулер, көне түркі 
қағанатын – ұйғырлар (бейне бір олар түркі қауымына жат­
пайтын сияқты және өткен жылғы Бейжіңдегі халықара­
лық конференцияда: «біздің сарт деген атауымызды қай­
тару қажет, өйткені ұйғыр жазуы десек, ол жазуды түркілер 
шығарған болады, ал олардың жазу­сызуды ойлап табатындай 
сауатты деңгейге көтерілмегені белгілі» деген пікір айтыл­
ды) «ирантілділер» деген тексіз нәсілге жатқызылды, қазір 
скифтерді славяндар ата тегі ретінде қарастыруға көшті. Енді 
олар бізге көшпелілер өркениетінің заттай айғақтарының 

223
жұрнағын да ұстатпайды. Қытай түркологиясының атасы 
Гың Шымин ғұламаның: «Қазақ ғалымдары мүмкіндік туған 
орайды шұғыл пайдаланып, көне түркі мұраларына иелік­
те ріңді зерттеп алмасаңдар, одан айырылып қалу кезеңінде 
тұрсыңдар. Сол пікірімнен ұзақ жылдар бойы таймаған менің 
өзімді саясатпен тұқыртып тастады, тіпті шәкірттерімнің 
өзі сынға ала бастады. Неге сонша марғаусыңдар. Тектеріңді 
батыстан емес, шығыстан іздеңдер. Тектік қағандықта рың­
ды еске алыңдар. Мұсылманды қабылдағаннан кейін түпкі 
тамырларыңнан беттеріңді бұрып әкеттіңдер. Сенім өз алдына, 
ал тектік тарих бір басқа. Менің осы сөзімді жеткізіңдерші», – 
деген сөзіндегі терең астар, ойлантарлық пікір соны аңғартса 
керек. 
Әсіреәфсана (миф) демекші, Түркия сапарында тектік 
танымдық тамырды танытатын оқыс аңыздық желіні есті­
генімізде жағамызды ұстағанымыз бар. Анкарадан шығыс қа 
қарай атақты Қайсары үстіртіне бет алғанымызда Ақсарай­
дан өте бергенде басына бұлттан сәлде ораған мұнарлы қарлы 
шоқыны жүргізуші «Хасан ата» деп таныстырды. Демек: 
Асан ата, Асан қайғы тауы. Сол тауды екі сағат бойы шыр ай­
налдық. Әуелі иықтасты, одан кейін желкемізге шықты да көз 
ұшында ағараңдап отырды. Недияға келген соң білдім, оның 
жөнін сұрағанымда университеттің профессорлары: «Ежелгі 
заманда түркілерге жақсы жер іздеген Асан әулиенің ақ ма­
ясы бұлтпенен араласып келіп осы таудың басына шөгіпті. 
Асан әулие де сол шоқыда дүниеден қайтыпты­мыс. Біздің, 
түріктер сол әулиеге ілесіп ат басын кіші Азияға тіреген екен», 
– деп түсіндірді. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында 
Қалбан Ынтыханұлының аударуымен «Фолиант» баспасы­
нан жарияланған қытай ғалымы Гайшан Лидің «Иньшань 
(Бағылық) оңғыттары» атты зерттеуінде: ХІІ ғасырда Асан 
ата әулие ханға сәлем беру үшін бес жүз ісек айдап Көкотқа 
келді» – деп тасқа ойылып жазылған тарихи дерек бар. Ал 
«Юаньнамада»: «Шамамен ХІV ғасырда Оңғыт жерінен Асан 
деген оңғыт ақ түйеге мініп, бұлғын, сусар терілерін теңденіп, 
мың ісек қой айдап, Сирамөрен өзенін бойлап Қарақорын 
қаласына қарай өтіп кетті. Жол бойы айырбас саудасын 

224
жасаған, теріге мал алмастырған», – деп жазылыпты. Сонда, 
күншығыста Қытай қорғанынан басталған Асан қайғының 
сапары бүкіл Орталық Азияны көктей өтіп, Кіші Азиядағы 
Қайсары жотасындағы Асан ата шоқысында үзілген боп тұр 
ғой. Қандай ұлы желі. 
Міне, тектік тұжырымға жетелейтін мифтік сарын 
деге німіз осы. Мұның өзі кез келген тарихшы үшін үлкен 
жаңалық. Енді соны тереңдей негіздесе, дау тудырмайтын 
тұжырым жасалары анық. Бұл алтын өзек сарынды Адам 
атамыздың зәңгі болғандығын дәлелдеп берген еуропалық 
ғылыми әдістеме мен қандық саралау жүйесі толық дәлелдеп 
береді. Бүкіл адамзаттың шығу тегін қан құрамы (ДНК) 
арқылы анықтап берген ғылыми зерттеудің нәтижесі бойын­
ша түркі тектілердің ең ертедегі ата қорымы қазіргі Бейжің 
(Пекин) шаһарынан оңтүстігіне қарай бес жүз шақырымдай 
жерден табылыпты. Содан бастап түркітектілердің қонысы 
біртіндеп батысқа ойысыпты (Түркілердің қандық құрамның 
негізінде жасалған тектік карта мен кестені Ж.Бейсенбай­
ұлы таяу мерзімде аяқтамақ). Сонда қазақтың әр руының 
тектік қоныстануы кезең кезеңімен белден бел асып, ұлы 
қазақ даласына ат басын қай кезде тұрақты тірегені анық 
көрсетілмек. Әрине, күтпеген нәтижелер де бар. Арии 
текті Тұран тұрғындарының түпкі қазығы Беказы қорғаны 
болып шыққаны, арғын тайпасының шығу тегі Қиыр 
Шығысқа қарай емес, Тұран ойпатына қарай ойысуы тосын 
ғылыми нәтиже. Тарихшылардың жұмысына «қол сұққан» 
Жарылғапты менсінбеуге болар, ал еуорпалықтар анықтап 
отырған мұндай нақты ғылыми дәйекті қалай жоққа 
шығарасыз. Асан қайғы туралы миф пен түркі тектілердің 
кеңістігі бұл арада бірін­бірі толықтырады. Осы бір «алтын 
жылғаны» өзектей бүгінгі күнге дейін қазақы шежіренің 
түйіні де шешілер еді. 
Демек, шағын шалықтаудың бірінші «жылғасы» тектік 
жағырапиялық карта мен кесте жасауға саяды. Табан тірейтін 
нүкте – солтүстік шығыс Қытай болмақ. Ұшығын ұстайтын 
бір суыртпақ осы. Содан қиыр шығыстағы мәнжу­шүршіт 
(бұл атауды олар орта ғасырда қабылдаған) қорымдарына, 

225
Моңғолияның Ханүй жазығындағы ғұндардың обасына
1

Ордос жазығы мен Шиань өлкесіндегі көмбелерге, содан 
кейін Тәңіртауды бойлап Алтай мен Алатау сағасы арқылы 
Хорасанға (бұрынғы қызылбастар мен қазіргі қашқайлар), 
Қайсары жотасына (Медея тұрғындары мен селжүктерге), 
одан Мысырға (мәмлүктерге), Сарыарқа­Ырғыз арқылы 
батысқа қарай Қырым мен Кемер бойына қат­қатымен, қабат­
қабатымен тектік белгіні анықтайтын қан құрамына (ДНК) 
сүзгілер жүргізіліп, салыcтырыла зерттелсе, ұлы және дау­
сыз мойындалатын ғылыми тұжырым жасалатынына сенім 
кәміл. Сол картаны әсіреәфсаналық желімен, тілдік түбірмен 
әдіптесек, кәдімгідей жүйелі тұжырым шығады. Қазірдің 
өзінде жекелеген аймақтар мен өңірлердегі зерттеулердің 
нәтижесі белгілі. Біз сондай тұжырымға жүгінбесек, скиф, 
сақ, ғұн, массагет, түрк арғы атамыз дегеніміз құрғақ 
аңызақты емген құр дәме болып шығады.
Нәсілдік тұрғыдан да, тілдік тұрғыдан да, ататек қонысы 
тұрғысынан да түп­тамырымыз Қиыр шығыста. Мәнжу 
мен моңғол тарихы мен шежіресіне мұрын шүйіре қарау – 
ғылымдағы можантопайлық. Мүмкін артық, мүмкін кем, 
1
 Бұл – ұлы қоныс. Ежелгі грек, қытай, ассирия жазбаларындағы 
Кир мен Дарийге, Ескендір Зұлқарнайынға көшпелілердің: «Сен мық­
ты болсаң біздің ата бабаларымыздың аруағы жатқан қасиетті аруақ­
тар қорымына тиісіп көр. Міне, сонда сазайыңды тартқызамыз», – де­
гендегі «ұлы аруақтар көмбесі» осы­ақ болар. Ені бес жүз, ұзындығы 
бір шақырымдай төрт бұрышты таспен қоршалған майдан. Батысын да 
есігі бар. Оң қанатта 15­20 қорым бір сызықтың бойына тізілген. Содан 
кейін тура сол тәртіппен қатар­қатар қойылған көмбелер солтүстіктегі 
бұрышқа тіреледі. Содан кейінгі аралық ашық. Қақпаның босағасы­
нан басталған тас белдеу қорымның ортасындағы төбеленіп тұрған ұлы 
қорымды жанай өтіп келесі басына барып тіреледі. Қақпаның тура 
қарама­қарсысында ұлы қорым. Кірер босағасы оңтүстік жағында. 
Қорымның солтүстік қанатын белтасты сызық бойлап өтеді де қорым­
ның шығысындағы белдеуге түйіседі. Шығыс бетіндегі қорымдар сол­
түстіктегі қорымдарға ұласады. Шығыс солтүстігі, ұлы қорымның ал­
ды ашық. Ортасындағы ұлы қорымнан дүниенің төрт бұрышы түгел 
көрінеді. Шаршықорымның шығыс солтүстік бұрышына биіктігі үш­
үш жарым метрлік бұғытастар андағайлап тұр. Ханүй жазығындағы 
екі жүз елуден астам «ұлы көмбенің» барлығы да осындай бір мәнерде 
тұрғызылған. Әрине, көлемі үлкенді­кішілі болып келеді.
15­0192

226
бірақ та қалай да назар аударып, ой салу үшін айтылған шағын 
шалықтауға дәйек ретінде түте­түтесі шыға шүйкеленген 
тектік жүйенің ішінен өзімізді де таңдандырған бір тал суырт­
пақ деректі дәйек ретінде ұсынғымыз келеді. Түп­тұқияннан 
қазбай­ақ, жоғарыда айтылған Ханүй жазығындағы ұлы қор­
ғанның теріскейіне қарай 60 шақырымдай жердегі Ханүй мен 
Хұни өзенінің тоқырауындағы Шивэтіұлан (Қызылқорған) 
жотасының үстіне 682 жылы қойылған, ұлы көк түрк қаға­
натының негізін қалаған тайпалардың ойылып жазылған 
56 таңбасының ішіндегі өзіміз таныған қыпшақ, найман, 
ке рей, алшын, жалайырдың кейінгі таралу тегіне ғана қа­
тысты пікір қозғайықшы. Олардың Шыңғыс қағанатына 
де йін жеке мемлекет болғаны анық. Ұлы қаған оларды бір 
ғана «алтын ноқтаға басын сұққан бір ғана алтын тізгінге» 
айналдырды, яғни, бір мемлекеттің құрамына кіргізді. Сол 
«алтын жүгеннің тізгінінің» түйінделген бір бауы қазақ. 
Ең өкініштісі, әлгі түркі хандықтарының бір ханының ор­
дасы не тұқым, әулеті сақталмапты. Иә, сақталмапты. Ел­
ұйдашыны тақтан ауыстырған Күшлік ханның сарайы­
на билік еткен Өкіреш (Бұқа) атаның тұқымын (сүйегі 
Самарқандтың маңындағы «Өкіреш ата» қабірстанында жа­
тыр) наймандардың төресі­міс деп қарастырып, тіпті, Ақсақ 
Темірді содан таратқан шағатайлық деректерді де назарға 
ілмейміз. Тек қиыршығыстық (шүршіттік, мәнжулік) және 
моңғолдық текке көз сұғын қадаумен шектелеміз.
Сонымен, «қарға тамырлы қазақ», «киіз туырлықты үйде 
бір туғанбыз» деген тікелей тектік түйінді білдіретін тұрақты 
тіркес, Бұлақ көлінде (Бұлақхоли) аққу (пері) қыздан туған 
ұлдан таралу (Абайдың қазақты «ақ қаздан» таратуын еске 
алыңыз), өзенге ағып келе жатқан нәресте және оның әуелі – би, 
кейін хан сайлануы, қобыздың әу баста үйеңкеден шабы­
луы, киіз үйдің есігінің шығысқа қарауы, хандықтың «ал­
тын орда», керегенің – керу – керегу деп аталуы, «ақ сарбас!» 
деп ұран шақыру, ақсарбас қойды құрбандыққа атап, ақ боз 
ат сойып баталасу, үй иесінің мүшелерінің кіреберістегі оң 
босағаға қарай жайғасуы, үй иелерінің төсегіне дейін оң 
жаққа салынуы, барлық мүліктің оң босаға жақта (ыдыс­
аяқ, шидем, кебеже, саба т.б.) орналасуы, кенже баланы қара 

227
шаңырақтың иесі деп тануы, қамшыны кие санап, керегенің 
басына іліп қоюы, жең ұшының кең пішілуі («Жең ұшынан 
жалғасу үшін», яғни, құпия белгі арқылы саусақ ұшымен 
сөйлесу) сияқты аталы ұғымдар мен дәстүрлер көшпелі 
қауымның ес жия бастаған сатысында қалыптасқаны анық. 
Сол ұстынды ХХІ ғасырға дейін үш­ақ тек, мәнжу (бұрынғы 
аты – шүршіт, одан кейін жеке орда тіккенде мәнжу аталған, 
ол «мен жұртпын», «мәңгі жұртпын», яғни, «мәңгілік елмін» 
деген көне түркілік емеуірінді білдірсе керек), моңғол, қазақ 
ұлттары ғана ұстанып келді. Тіпті, ағайынды екі адамның 
аңда жүріп бірі екіншісін өлтіріп алып, өзін­өзі жұбататын 
«Бөкенжарғақ» күйі туралы аңыз да (бұл аңыз 905­916 жыл­
дары қидан жазуымен қағазға түсіпті, сөзіміз сенімді болуы 
үшін бір үзік келтірейік: 
«Брат брата убил на охоте, О, брат мой! Из шкуры марала 
твой малахай, не распознал и пустил стрелу. Если батюшка 
спросит, «Ошибся», скажу. Если матушка спросит, Заглядел­
ся, скажу. Если брат меньшой спросит, Обознался, скажу!») – де­
ген аңыз бүгін де мазмұнын жоғалтпай, моңғол, мәнжу, қазақ 
руханиятына айналып отыр. 
Көк түрк қағанатының шығыс қанатын құрайтын, кейін 
қидан, шүршіт, мәнжу, моңғол атанған ұлт пен бертінде қа­
зақ ұлтын құрған қыпшақ, керей, найман, жалайыр, оңғыт 
(уақ), қоңырат, алшын ұлыстары сол заманда да, қазір де ара­
ласып, құраласып, құдаласып отыр. Біз, яғни, түркістандық­
тар (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, орталық Түркіс тан 
кеңістігі), соның ішінде қазақ ғалымдары мәнжу мен моң­
ғолды жау әрі жат тұқым ретінде жатбауыр санап, менмен­
си, тыжырына қабылдаймыз. Бұл – екі көзі тұмшаланған, 
бірақ бір ізінен жазбай диірменнің тасын шыр айналдыра 
беретін жегінді аттың кебін келтіреді. ІХ­Х ғасырдағы Құ­
нан қыпшақ бастаған шығыс көшпелілерінің ұлы қоныс ау­
даруы тұсындағы мемлекеттік түзілімнің құрамында осы 
үш тұқымның үшеуі де бар. «Тоқсан екі баулы» қыпшақ 
(қып шақ – бұл арада Кеңес одағы деген сияқты ұлыстар бір­
лестігінің атауы ретінде қолданылып отыр) деп аталуы да 
сондықтан. Сонау Қиыр Шығыс пен Карпаттың алқымындағы 
гагауздар мекендейтін өлкедегі түркі тектестердің құрамын­

228
да (Венгрлердің құрамындағы қыпшақтар, қоңыраттар, ма­
диярлар, оңғыттар, угрлар сияқты) жоғарыда аталған тектің 
бәрінің үрімі бар, қазір де солай аталады. 
Сол ұлы қоныстанудан кейін ата қоныста қалған ұлыс­
тардың  «алтын тізгінін», «алтын жүгенін» ұстаған «алтын 
ұрықтар» «алтын орданың» уығын көтерді. Қидандардың да, 
шүршіт­мәнжулердің де, наймандардың да, керейлердің де, 
қыпшақтардың да, оңғыттардың да (уақ), жалайырлардың 
да, қоңыраттардың да хандықтары мен мемлекеттері бірінші 
және екінші көк түрк қағанатының орынында және бір 
дәуірде пайда болыпты. «Алтын аймақтағы» атажұртта қал­
ған қидандар меншүршіттер (мәнжулер), моңғолдар «алтын 
орда» құрып, өздерін «алтын патша» деп жариялады. Кең 
кеңістікке қанатын жайды. Тағы да жонданып қидандардың 
(кедендердің) тақ мұрагері Елұй Дашы тақ таласы барысын­
да елу адаммен ордасынан қашып шығып, жолай жоғарыда 
аталған түркі текті рулардан аса жойқын әскер жиып, әуелі 
Шығыс Түркістанда, содан кейін Самарқанда гүрхан атан­
ды. Егер тектік және тақтық мұрагерлік мүдде болмаса, 
өздері дәуірлеп келе жатқан тұста «қашқан жауға» нөкер 
қоса ма? Ол тұста Темужин әлі дүние есігін ашпаған. «Ал­
тын тізгіннің» ұшы, «алтын ұрықтың» тұқымы болмаса, 
кейін өзінің тағын найманның тақ мұрагері Күшлікке бере 
ме? Қидан, шүршіт (мәнжу) хандықтарының тарихы кейінгі 
бошықты – богдыхандардың тапсырысымен хатқа түсті. 
Батысқа, шығысқа, оңтүстік батысқа босқан қағанаттың 
жұрты Шыңғыс ханның тұсында қайта қосылып, аз ру­
лар жүздік пен мыңдықтың, ірі тайпалар түменнің, тектік 
бірлестіктер, мысалы түркі текті рулар армияның құрамына 
кірді. Мемлекет – ұлыс, мемлекет құрушы ұлт – моңғол 
аталды. Қағанат төртке бөлінген соң Жошының қосыны 
Еділдің бойынан» екінші «Алтын орданың» іргесін көтерді. 
Бүгінгі қазақ ұлтының тектік құрамы сол ордада ұйыды. Ал 
Жошының, Шағатайдың, Үгедейдің, кейін солардың тізгінін 
ұстаған Құбылайдың, Құлағудың, Мөңкенің, Өзбектің, Ақсақ 
темірдің, Тоқтамыстың, Мамайдың, арғы Әбілқайырдың 
әскері бір тектен тұрмаған. Сол тұстағы саны алпыс мыңға 
таяп қалатын өзін «моңғолмын» деп есептейтіндер қағанаттың 

229
қабырғасын жаппайтын. «Ясы» заңы бойынша үйленген, 
артында ұлы бар еркек қана әскерге алынады. Сонда бала­
сынан жиырма жыл бұрын әскерге алынған әкесі – Едіге­
нің, інісі – Тоқтамыстың, – баласы – Ақсақ Темірдің, неме­
ресі – Мамайдың, немере аталасы сонау шығыстағы Арғудың 
(Арғын) әскерінің құрамында соғысып, өлгені – өліп, өлмеге­
ні – жаңа жүздік, мыңдық, түмендік шерік құрды. Әр әскер дің 
құрамындағы атасы мен немересі, әкесі мен баласы, ағасы мен 
бауыры «Алтын орданың» ыдырауы тұсында бір­біріне қарама­
қарсы майданда болып, танитындары қылыш қағыстырып 
қана өткені Ілияс Есенберлиннің «Алтын орда» үштағанында 
басты көркем идея ретінде желі тартқан. Демек, «Алтын орда­
да» жүздік тек болған емес, болуы да мүмкін емес. 
Бұл – қазақ хандығы құрылып, сыртқы дұшпанға қарсы 
жер ыңғайына қарай жасақталған тайпалар мен рулардың 
әскери бірлестігі. Еділдегі, Шам мен Бағдаттағы, Қырым мен 
Аградағы, Орал мен Ауғанстандағы алшын мен керейдің, най­
мандар мен жалайырлардың, меркіттер мен қоңыраттардың 
(біз қағазға түскен және мақаланың соңында айтылатын 
тақырыбымызға тікелей қатысты деректегі ру аттарын ғана 
алып отырмыз) әскері – Бағылық пен Шұғай тауындағы, 
Хуанхэнің (Иә, солай) өр ағысы мен Ордос жазығындағы, 
Құрымбел жайлауындағы, Ханғай мен Мәнжу үстіртіндегі 
ағайындарына қайтып қосылуы мүмкін? Бүгінгі қытай мен 
моңғол елінде ХХ ғасырдың ортасына дейін хандық құрып 
келген жоғарыдағы руларды қай жүзге жатқызамыз? Ал 
осының бәрінің басын біріктіретін көне түркінің көк түрк 
қағанатының «Тәңір текті тәңірден туған» тұқымдары қайда 
кетті? Шынымен де олардың үрімі үзіліп тынды ма? Жоқ. 
Олар бірінші «Алтын орда» іргесін көтерген атажұртында әлі 
де «алтын тізгінді» ұстап отыр.
Сенбейсіз. Осыдан алты­жеті жыл бұрынғы Сыртқы және 
Ішкі Моңғолияны оңды­солды шиырлаған іздестіру сапары­
мыздан кейін біз де күдіктен арыла алмағамыз. Сыртқы және 
ішкі Моңғолиядағы ғалымдармен пікір алысып, кейбір тари­
хи жазбалардың мазмұнымен танысып, Хохоттағы (Көкот) 
Моңғолтану ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі, ғылым 
докторы, профессор Жырғалдың (Жырғал, жырық – өжет, ба­

230
тыр деген сөз екен. Демек, «Қабанбай батыр» дастанындағы 
Әтеке жырық – Әтеке батыр): «Түркі сөзін білмей моңғол 
жазбаларын түсіну мүмкін емес екен. Соны аңғарғанда ғана 
барып еңбегіміз алға жылжыды», – деген пікірін естігенде 
бұл саладан біз мүлдем беймақұрым екенімізді мойындауға 
тура келген. Профессор Жырғал «Түрк­моңғол тілінің байла­
нысы», «Түрк­моңғол тіліндегі түбірлес сөздер», «Манжур­
моңғол бұтағындағы моңғол, дағұр, тужут, т.б. тілдердің 
салыстырмалы сөздігі» атты зерттеулердің авторы. Ғұн за­
ма 
нындағы тілдік қолданысты тарихи тұрғыдан зерттеуді 
қолға алыпты. Ішкі Моңғолияның солтүстігінде қоңырат, 
найман, керей, меркіт, уақ тайпалары бар екенін естігеміз. 
Ал Көкот – Шыңғыс ханның күйеу баласы оңғұт, яғни, уақ 
ханы Алақұстың астанасы екен. Ол туралы Гай Шань­Линнің 
«Оңғұттар туралы зерттеуі» Қ. Ынтыханұлының дайында­
уымен «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Домбыра – арху, 
қобыз – қобыз деп аталады. «Ақсақ құлан» күйінің сарыны 
сақталған «Жетім бота» атты күй де бар екен. Көне жазбадағы 
«тағ», «күндік», «түндік», керегу – кереге, көк – Көк, көк 
– от, яғни, жасыл шөпті жер, көк – аспан, Көк – Тәңір де­
ген сөздерді моңғолша аударыпты, ал оны қазақшалаудың 
еш қажеті жоқ. Сол сапардан кейінгі ғылыми салыстыру 
жұмыстарының нәтижесінде – біз өзіміздің тарихымыздың 
тамырын моңғол, мәнжу, шүршіт ұлттарының тарихымен 
салыстыра зерттемесек, батыстық көзқарас пен деректерге 
бойсынған жай ғана түркі деген сөзбен ешқашанда тектік ны­
санымызды таба алмайтынымызға анық көзім жетті.
Ойды ой қуып екшей келгенде, шүршіт, мәнжу, моңғол, 
ең соңында жоңғар шапқыншылығы туралы тарихи дерек­
тер санамызға үйіріле берді. Қалайда бір тектік байланыс­
тың барлығына барған сайын сенім күшейе берді. Сонымен, 
былтырғы­биылғы Шиань мен Гансу өлкесін, Дунхуаң мен 
Шұғай тауын, Ішкі Моңғолияның қиыр шығысын аралағанда 
барып ақыры бір суыртпақтың ұшы қолға тиді. Бұрын ша­
шыранды, кездейсоқ сияқты көрінген деректер нақты зат­
тай айғақ – ханның орда сарайы ретінде және қазақ ұлтының 
бүгінгі мәйегін құрайтын аталған тайпалар «ру­руымен қолға 
түсті». Бір мәселенің ұшығын шығара кетейік, түркілердің 

231
түбірін үзген қауіптің барлығына шығыстағы Қытай импе­
риясы деп қараймыз. Түркілердің демеуімен құрылған Таң 
дәуіріндегі патшалық пен «тоқаш тойынан» кейін таққа 
отырған Мин патшалығынан басқа 1912 жылға дейін Қытай­
ды билеген императорлардың барлығы да көшпелілер әулеті, 
яғни, «алтын ордалықтар». Мәнжу де сол «алтын ұрықтың» 
тұқымы. Құлағудың Бейжіңге шабуыл жасаған әскерін жа­
лайыр Мұқылай (Мұқыли) басқарған. Оның әскерінің құ­
рамындағы негізгі рулар – алшын, жалайыр, найман, меркіт, 
қоңырат, керей, оңғұт (уақ). Шыңғыс ханның қас дұшпаны 
Таян ханның ұлы Күшлік пен меркіт ханы Тоқта бек шайқаса 
жүріп батысқа ауды. Ал оған дейін «Таян (Байбұқа) хан мен 
Бұйрық хан тәж бен таққа таласып, найман мемлекеті екіге 
бөлген» болатын («Жамиғат ат­тауарихтағы»). Әрине, Таян 
ханмен одақтас болудан бас тартқан, сол үшін Шыңғыс қызын 
берген Алақұс пен Бұйрық хан және Шыңғысты мойындаған 
не оған бағынған жалайыр, қоңырат, алшын, меркіт тайпала­
ры Мұқалидің қосынына қосылып, Бейжіңді (Пекинді) алды. 
«Тоқаш тойынан» кейін, яғни, таза қытай әулеттері моңғол 
әскерін кері шегіндіргенде, олар қазіргі Ішкі Моңғолияға 
жаппай қоныстанды. Сонымен, бүгінгі Қытай Халық Респу­
бликасына қарасты Ішкі Моңғолияның бес ауданының негізгі 
тұрғыны ретінде ірге тепті. Көкотта – оңғұттар (уақтар), Алы­
шын ауданында – алшындар, найман ауданында – наймандар, 
атақты Құрымбел жайлауында – жалайыр, қыпшақ, қоңырат, 
меркіт, керей рулары мекендейді және бұлар шашыраңқы 
емес, жұбын жазбай отыр. Міне, Бартольдтан бастап Гумилевке 
дейінгі ғұламалардың осы тайпаларды «тегі моңғол» деп сон­
дай сеніммен айтуының себебі осында. Сырт көзге және ресми 
құжаттарда, әрине, олар моңғол деп есептеледі. Енді олардың 
қайтадан түріктенуі мүмкін емес. Одан дәметудің де ауылы 
аулақ. Бірақ өздерінің шыққан тегін ту етіп ұстайды әрі тамы­
рын тануда бізден гөрі ілкі түсіп жатқан тұстары да бар екен. 
Сәті түскен кездейсоқтық шығар, Пекин ұлттар уни­
вер ситетіндегі моңғол инстутының студенттері жыл сайын 
ұлттық мерекелерін өткізеді. Сонда бара қалғанымызда «най­
ман ауданының халық әншісі», «найман ауданының халық 
жыршысы», «найман ауданының халық би ансамбілі» деген­

232
ге сүлесоқтау құлақ түріп отырғанымызда «найман­моңғол 
жазуының ғылыми зерттеу орталығының директорының 
орынбасары Сайын қыз сөз алып, ол найман­моңғол жазуымен 
басылған кітаптарды сыйға тартқанын көргенде кәдімгідей 
таңданып қалдым. «Сайын! Мен жақынмын. Таян хан, 
Тататұнға. Қанымыз бір» – деп қысқа қайырып үлгергенімше 
Сайын қыз жүгіріп келіп: «Мин джахыны, джахын» деп білеу 
тамырымды ұстай алып, өзінің тамырын көрсетті. Алғашқы 
үш сөздің үшеуін (мен – мин, жақын – джақын, сайын – 
сайын) аудармашысыз түсінгенге қатты қуандым. Қалайда 
Тұңяу өлкесіндегі Найман ауданына баруға бекіндім. Араға 
апта салып аға оқытушы Нұрбақан екеуміз Найманшиге 
жол тарттық. Әңгіме арқауы ұзап кетпеу үшін «Найман эн­
циклопедиясындағы» мағлұматты қысқаша ғана баяндап бе­
румен шектелеміз:
Найман ауданы ҚХР­ның Ішкі Моңғол Автономиялы ау­
данына (республика дәрежелес) қарайды. Орталығы Тұң лияу 
қаласы. Жан саны 400 мыңнан асады. Соның 262 мыңы та­
за наймандар. Бұлардың барлығы да ежелгі наймандар дың 
ұрпағы. Наймандар Хань дәуірінде оғыздардың бір тармағы 
болған. Таң дәуірінде оғыздар мен Шиянбилер дің құрамында 
болған. Лияу, Жин дәуірінде (б.д 907­1234 жж.) наймандар­
дың жан басы қауырт өскен және «Найман хандығы» шаңы­
рақ көтеріп, дербес ел болған. 1204 жылы найман мемле­
ке 
ті Шыңғыс хан тарапынан құлатылды. Көп сандысы 
моң ғол ұлысын құрайтын тайпалардың құрамына енді. Манду­
хай – Таян ханның немересіне тиген Шыңғыс әулетінің қызы. 
Хандықтың сақталып қалуына сол қыз ерекше ықпал етіпті. 
ХV ғасырда Таянханның иелігіндегі жер – «Найман Ытоқ», 
ал 1636 жылы Цин патшалығы орнағаннан кейін «Най­
ман ордасы» болып аталды. Оларға Уаң хан атағы берілген 
(Найманшидің орталығындағы біз түскен ең үлкен мейманха­
нада «Уаң хан» деп аталады). Содан бері 17 хан сайланыпты. 
Хан әулетінің 19 ұрпағы бар, қазір жасы жетпісте екен. Тіпті 
Мұқылайдың да тікелей ұрпағы Байынғолда тұрады екен. Бір 
ғажабы сол «Найман ордасының» хан сарайы сол күйінше 
сақталып қалыпты. Хандық құлағаннан кейін біздегі сияқты 
әр түрлі мекемелер иемденіпті, қазір ол найман­моңғол мұ­

233
ражайы деп аталады. Сол хандардың суреттерінің түгелі өз­
дері ұстаған бұйымдарымен қоса көрсетілімде тұр.
Ұлттық жазуы – найман жазуы. Сол жазумен мынадай 
кітаптар мен зерттеулер жарық көріпті: 1. Найман ауданының 
шежіресі. Энциклопедия. Құлынбер. 2. Найман ауданының 
тарихи материалдары. ІМР Тұңляу, 2009. 3. Найман халық 
әндері. ІМР, Тұңляу, жасөспірімдер баспасы, 2008. 3. Найман 
ауданының жер аттары сөздігі. ІМР, Хохот, халық баспасы, 
2008. 4. Найман аңыз­ертегілері. ІМР, Тұңляу, жасөспірімдер 
баспасы, 2008. 5. Найман ауданының жер аттарының түсін­
дірме сөздігі. ІМР, Хохот, мәдениет баспасы, 2012. 6. Нонжиа. 
Әңгіме мен өлеңдер жинағы. Хуасия. 2009. 7. Найман ауда­
ныннан шыққан әйгілі адамдар (моңғол тілінде). ІМР, Хохот, 
халық баспасы, 2011. 8. Найман ордасы (альманах), 2 кітап. 
ІМР, Тұңляу. 9. Найман көркемөнері (журнал), 2 кітап, ІМР, 
Тұңляу. 10. Бухүшүн (журнал). ІМР, Тұңляу, 2013, №1­2 сан­
дары. 
Бұл кітаптарда найман ордабасының шежіресі және мұ­
рагерлердің кестесі берілген. Сонымен қатар Юань, Миң, Цин 
патшалықтары дәуіріндегі моңғолдың құрамындағы найман­
дар жөнінде тарихи деректер баяндалған. Көптеген деректер 
Цин дәуіріне тән. Мысалы, «Найман ауданының жер аттары 
сөздігінде» «Бұқа (Өкіреш) өзенінің» ежелден наймандардың 
тотемі болып табылатыны және ол тотемдік нысананың бүгін 
де сақталып келе жатқаны дәлелденген (Келбұқа, Кетбұқа, 
Есенбұқаларды анекдотқа айналдырып алдық). 
«Баян төбе», «Қара төбе», «Қарағанды», «Қада сай», «Баян 
дала», «Сары дала», «Сайқан дала», «Аду су» (ат су — көл 
аты), «Сары дала», «Тарған», «Қашаты», «Сары сор» сынды 
жер аттарына тарихи деректермен түсінік берілген. Қазіргі 
Найман ауданындағы наймандардың арғы ата тектері кестемен 
көрсетілген. Мысалы, олардың аттары – татар, найман, баяғұт, 
сартағылы, дал, ордос, жақыр, сақалды, даршын, өжет, ұтыр, 
маңғыт, гүңгір, қалшықұт, жұрқұт. Моңғол тілінің 45% түркі 
түбірінде. Жергілікті Убау (Дүрго, Үзеңгі) ғұлама: «Отызын­
шы жылдарға дейін арбаны «қазақы арба» дейтінбіз. Сонда: 
«Қазақтың арбасына отырып, былғары етік кисек арман не» – 
деуші едік. Асан пай (бай, би, абыз – ?) бізде термин боп кеткен 

234
тарихи атау. Өте ежелгі кезеңдегі ықылым дәуірдің заманалық 
белгісі. Асан пайда әулиелік белгі бар (Біздің Асан қайғымызда 
әулиелік белгі бар ғой)», – деді бізге. Оқымыстының мағлұматы 
бойынша: Шиань өзенінің (Киянь өзені) басында 8 өзен бар. Бұл 
араға наймандар сол Шахар – деген жерден көшіп келген. Оны 
бастап келгендер Ык наймандар, яғни, ақ наймандар. Қазір 
олардың аты қытайша Бәй деп жазылады. Шаһар – Көкоттың 
шығыс солтүстігінде (Түрік қағанаты күйрегенде оңтүстікке 
кеткен 4 топтың бірі болмас па екен?). «Аға жыры» («Аға него», 
«Агаан дуу») деген жыр бар. Сөз арасында мына сөздерді ауда­
машысыз түсіндім: Тарғын – өзен, өзен аты, шаар – шығар, 
шайны шаар – шәйді шығар, иет – сүйек, білік – ақыл, ойын 
– ақыл, ой, сайын – ерекше, батыр, кең, құдық – құтых, арыс­
лан – арыслан, тарғын – тарғын, мәңгі – мыңқ, мәңк, орық – 
құрық (ұстайтын), бригулыкшы – төр, төре, төреші, тірулікші 
– төреші, тленгут – төлеңгіт, хатын – қатын, тау – тау, аң – аң, 
аңхына – аңға шығу, аң қинау, таала ел – дала елі (ауылы), 
кігіт – көгет, Аиік – аяқ (шыны­аяқ), алтын – алтын, жүрық 
– жүрек, шірік – шерік (әскер), буғдат – бидай, Мяң (мыңх) – 
мың, тұң – түмен, он мың, жо – жүз, жетік – жетіген (саз аспа­
бы), шага (шаха) – сақа. 
Бізге бұл деректерді беріп, мән жайды түсіндірген Пұрла 
– Найман ауданы ауыл шаруашылық даму банкісінің ди­
ректорының орынбасары, кеңсе меңгерушісі, Найман­моңғол 
тіл, жазу, зерттеу ұйымының төрағасы; «Өз ағамды таптым. 
Іздеп келеді дегенге тебірендім», – деп қарсы алған Темір­
лі Чиемірлі – Аудандық халық құрылтайының төрағасы ның 
орынбасары, депутат; Сайын хуа – Сайынгүл көркемжазу ұс­
тазы. Міне, түйіншегі табылмас деген тектің бір суыртпағы 
осылай ұшығын ұстатты. Сәтін салса, алдағы уақытта Алшын 
мен Құрынбел аймағына да жол түсер. Ал енді осыдан кейін де 
С. Маловтың сөзіне сеніп, өз жазуымыздан өзіміз бас тартып, 
жатбауыр тартамыз ба. 
Түсіндіре таратуға көлемі көтермеген, бірақ жоғарыдағы 
түркітанудағы түйткілді емеуірінді шалықтаулардың сал қыны 
тиген тұстарды еске сала отырып, зиялы қауымның назарын 
аударғым келген мақсатты түрде жазылған жатбауыр тартқан 
етбауырлар туралы мақалаға әзірше осымен нүкте қоямыз. 

235
Нұрсан ӘЛІМБАЙ
Аманжол ҚАЛЫШ

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал