Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



жүктеу 2.6 Kb.

бет13/21
Дата09.01.2017
өлшемі2.6 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

АБЫЛАЙ ХАН: АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
Абылайдың атасы «Қанішер Абылай» 
туралы әңгіме
Абылайдың атасы әуел баста «Абылай­Жолбарыс» атан­
ған, оның «қанішер» атануына, шежіре деректеріне қа­
рағанда, Қайып ханды өлтіруі себеп болған. Қайып та Есім 
ханның тұқымы. Насабы: Есім хан, одан Сырдақ сұлтан, одан 
Қысырау­Датқы, одан Қайып хан. Қайып хан Әз Тәукенің 
жанында жүріп көтерілген сұлтандардың бірі. 1715 жылдың 
жазында Әз Тәуке хан қайтыс болғаны деректерден белгілі. 
Осыдан кейін ұлы ханға ас беріліп, ел ағалары енді үлкен 
хандыққа Қайыпты дұрыс көреді. 1715 жылы Ресейге, Түр­
кияға, Бұхарға аттанған қазақ елшілері Қазақ ордасында хан 
тағына Қайыптың отырғанын растайды. Қазақ мұрагер  лік 
тәртібі бойынша билік ағадан ініге өтеді. Бірақ Қайып өзі не 
жүктелген міндетті орындай алмады, билік жүйесі әлсіреді. 
1717 жылы Аягөз өзені бойында Қайып хан мен Әбілқайыр 
сұлтан отыз мың қолды бастап барып қалмақтан оңбай 
жеңілді. Қайып Түркістанға екі нөкерімен қашып келді, одан 
кейін қалмақтар дәндеп Арыс, Бөген, Шаян өзендеріне дейін 
келіп қазақты тағы да жаулады. 
Кейбір деректерге қарағанда хан билігін босатып алған 
Қайып Ресей көмегіне арқа сүйенбекші болады. 1716 жылы 
Тобыл қаласына келген Қайып ханның елшілері Байдәулет 
пен Бекболат егер орыс әскерлері қолдаса 30 мың әскермен 
қалмақты шабуға дайын екенін жеткізеді. Менің ойым­
ша, осы кездесуден кейін Түркістанға келген Никита Бе­
лоусов елшілігі Қайыпты көмектің болатынына үміттен­
дір ген сияқты. Басқаша, Қайыптың 1717 жылы қалмақты 

188
Жетісудан бастап шаппай, Балқашты айналып барып Аягөз 
түбінен іздеуі түсініксіз болып қала бермек.
Екіншіден, қалмақпен соғыстағы жеңілістерден кейін 
елдің біразы Қайыпты тастап Түркістаннан Арқаға қарай 
көшеді. Бұл да қазақ дәстүрінде бар. Елмен санаспаған хан­
дарды тастап көшіп кету бұрын да болған, бірақ бұл жолы 
Қайып Қазан губернаторы Петр Салтыковқа: «от такого 
калмыцкого разорения остальные уходцы прижались к Ва­
шему владению, и они бедные и убогие люди…попадутся к вам 
в руки, и их прикажите казнить смертию без остатку…» – 
деп жазады. Әрине, бұл хаттардың мазмұны хан сарайындағы 
адамдар арқылы Қайыпқа наразы топқа бірден жеткені анық. 
Осылайша 1718 жылы Абылай­Жолбарыс Орта жүз ба­
тырларының қолдауымен Қайыпты Түркістанда өлтіреді де 
«Қанішер Абылай» атанады. Екеуінің арасында бас араздық 
бұрын болмаған. 1717 жылы Түркістанға Қазаннан келген 
Ф. Жилин бастаған елшілік Абылай сұлтанның үстінен арыз 
айтады. Елші арыз жазғанда: «Қарнақ қаласында Қайып 
ханның інісі Абылай сұлтан үш мылтықты оқ дәрісімен алып 
қойды», – дейді. Қарнақ қалашығында Түркістанға келген 
елшіліктердің адамдары орналасады. Түркістан мен Қарнақ 
арасы 25 шақырымдай. Қазақ саяси өмірінде өз ханын өлтіру 
өте сирек болатын оқиға, көшіп кету, т.б. болған. Сол себепті 
Қанішер Абылайға Сырдақ сұлтаннан тарайтын төрелер де, 
Салқам Жәңгірдің өзге тұқымы да, т.б. наразы болады. Қазақ 
ортасында бұдан әрі қалу қауіпті болғандықтан Қанішер 
Абылай өзінің жанындағы төлеңгіттерімен отбасын алып 
Үргенішке Хиуа хандығына қарай кетеді.
Жолбарыс Абылай – ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ ғ. басында 
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси өмірінде әжеп­
те уір орын алатын сұлтандардың бірі. Оның насабы Жошы 
тұқымы 
нан, яғни қазақ хандары шыққан алтын өзекпен 
жал ғасады. Қазақ хандығын құрушылардың бірі Орыс хан 
шөбересі Кіші Жәнібектің тоғыз ұлы болған, соның бірі Жә­
дік. Жәдіктің ұлы Шығайдан бастап Қазақ хандығының үл­
кен хандары осы Жәдік тұқымынан сайланып отырды.
Шығайдан Есім, одан Салқам Жәңгір, одан Әз Тәуке мен 
Уәли­Бақы. Осы Уәли­Бақы деректерде «Абақ», «Аула» ата­

189
уларымен кездеседі де біздің тарихшыларды шатасты рады. 
Уәли­Бақы Әз Тәуке ханмен ағалы­інілі туыс, әкелері бір
ана лары бөлек. Мәшһүр: «Салқам Жәңгірдің екінші қаты­
ны Ғайша ханым – Қатағанның ханы Тұрсынның қызы. Мұ­
нан туған – Уәлибақы», – дейді. Уәли­Бақыдан «Қанішер» 
атанған Абылай сұлтан, одан Көркем Уәли, одан Әбілман сұр, 
яғни өзіміздің Абылай туады.
Ораз аталық – Абылайдың тәрбиешісі
Ораз аталық – Қанішер Абылай тұсынан бастап осы әу­
летке қызмет жасаған тұлғалардың бірі. Кейін Көркем 
Уәлиге қамқор болып, ол Үргеніште өлгенде оның баласы, 
өзі нің тәрбиесіндегі Әбілмансұрды алып қашып Қазақ Ор­
дасына келеді. Мен Көкшетау маңында ескі сөзден хабары 
бар қариялармен осы тақырыпта әңгімелестім, бәрі де Ораз 
аталықты «жаугершілікте Абылайды жерошаққа тығып аман 
алып қалған» дейді. Қазақтың тарихи романдарында Ораз 
ата лықты Абылай өлтірген­мыс деген әңгіме бар, бұл еш қан­
дай шындыққа сай келмейді. «Аталық» деген сөз – сол заман­
да биік лауазым, мемлекеттік қызметкер.
Шешіп айтсақ, аталық – хандардың ақылшысы, елшілік 
қызмет атқарушы, ханзадалардың тәрбиешісі. Өзі үшін жа­
нын қиып, етектен қан кешіп Үргеніштегі қырғыннан алып 
қашып келген қамқорын, ақылшысын Әбілмансұр қалай 
өлтіреді? Бұл – жазушылардың кейде бір қиялға беріліп, 
күшті образ жасау мақсатынан шыққан жорамал. Ораз ата­
лық жасы жетіп Көкшетауда, хан ордасы атанған Қызылағаш­
тан 15 шақырым жерде өз ауылында, бала­шағасының алдын­
да қайтыс болады. Ертеде ол жер «Оразбұлақ», «Аталықтың 
ауылы» аталған екен, қазіргі уақытта «Қарабауыр» атана­
ды. Іздеген адам болса Бурабайдан тым алыс емес, таудың 
теріскей жағына ассаңыз 20­25 шақырым. Абылайдың тұ­
қымы «Бабамның ауылы», «Бабамның жұрағаты» деп аса 
қас терлесе керек. Бұл сый Абылай тұсынан басталып Кеңес 
үкіметі орнағанға дейін жалғасқан.
Осыған байланысты бір мәселені ашып айтпасақ болмай­
ды. Қазақ мемлекеттік­саяси құрылымында айрықша оры­
ны бар «аталық» институты  хандық билікпен бірге ел жа­
дынан ерте өшті. ХІХ ғасырдың басында­ақ «аталық» деген 

190
сөздің мән­мағынасы қазақ үшін түсініксіз дүниеге айнал­
ды, сол себепті ауызша шығармаларда да, жазба шежіреде 
де түсінбеушілік кездесе бастайды. Егер біз ХVІІ­ХVІІІ ға­
сырлардың деректерін қолға алсақ сол дәуірдің тарихын 
тіпті басқаша елестеткен болар едік. Салқам Жәңгір тұсында 
хан сарайында қызмет атқарған Арыстан аталық Әз Тәукені 
тәрбиеледі, Арыстан аталықтың ұлы Барқы аталық Әз Тәу­
кеден туған Болат, Сәмеке сияқты хандардың тәрбиешісі бол­
ды, Барқының ұлы Нияз аталық Әбілмәмбеттің тұсында бүкіл 
Сыр өңіріне билігі жүріп тұрды. Нияз аталықтың 1740 жы ­
лы Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтанмен бірге Орынборда гене­
рал­лейтенант В. Урусовпен кездескені белгілі. Деректерде 
«Потом пошли в кибитку и идучи вступил с генерал­лейте­
нантом в речь киргиз­кайсацкой Средней Орды знатнейший 
старшина Ниаз­батыр, о котором известно, что он во время 
Шемяки­хана в Туркестане великую силу имел, а по смерти 
его Туркестаном управлял и Абулмамет­хана на ханстве ут­
вердил. Оной Ниаз­батыр присмотрен по азиатскому обык­
новению весьма неглупым человеком и примечено, что он 
пред всеми старшинами большого преимущества требовал» 
делінеді. ХVІІ ғасырда елшілік қызметтерге Арыстан аталық 
ұлы Тантай батыр жүрді. Аталықтардың тағы бір әулетінен 
Құлтабай аталық, оның ұлы, атақты елші Тайқоңыр шықты. 
Санай берсек толып жатқан тарихи тұлғалар осы аталық 
әулеттерімен байланысты. Ораз аталықтың қызметін бағалау 
әлі алда болмақ.
Абылайдың «Сабалақ» атануы туралы
Қазақтың ауызша дәстүрі жас сұлтанды киімінің жалба­
жұлба, шашы өскен, ұсқыны нашарлығына қарап Төле би 
«Сабалақ» атаған деген жорамалды ғана біледі. Мәшһүр: 
«Абылай он екі жасар бала күнінде Оразаулық (аталық) де­
ген сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп, Әбілмәмбет 
патшаға қызметкершілік қылады. Ол жерде орнығып тұра 
алмай, Ұлы жүз Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүреді. Он­
да да байырқаланып тұра алмай Сарыарқаға шығып, Аты­
ғай­Қарауыл деген елдің ішіне келіп, Дәулеткелді бай дың 
жылқысын бақты. «Атың кім?» деп сұрағанға: «Атым Са­

191
балақ» депті», – дейді. Бұл тым әсіреленген, қара халықтың 
өзінің түсінігіне ыңғайлаған жорамалы ғана.
Абылайдың туғанда азан шақырып қойған аты Әбілман­
сұр. Ресей мұрағаттарында «мусульманское имя Абиль­Ман­
сур» деп жазылғаны сол себепті. Ораз аталық Үргеніштегі 
қырғыннан кейін Әбілмансұрды Түркістанға алып келгенін 
жоғарыда айттық. Әрине, аталық ханзаданың қауіпсіздігін 
ойлайды, сол себепті оны төрелердің қолына емес, қара 
қазақтың басшы азаматтарының бірі Төле биге апарып тап­
сырады. Қазақта ертеде кек қайтару деген жазылмаған ереже 
болған, төре тұқымдары арасында ол ереже тіпті қатал екені 
анық. 1748 жылы Әбілқайырды өлтіргеннен кейін Қырық 
сан Барақ сұлтанның жанын қоярға жер таппай қалмаққа 
қашпақ болған әрекеті, ақыры Қарнақта екі ұлымен бірге у бе­
ріп өлтірілгені бәрімізге белгілі емес пе?
Төле би ханзаданы жауларынан жасырып елден алысқа – 
түйешілері мен жылқышыларына қосып жібереді. Ол кезең­
де жылқышылық қазақтың жауынгерлік мектебі есебінде. 
Бәз біреулер  жазып жүргендей қазақта арнайы әскери мек­
теп болған жоқ. «Сабалақ» Әбілмансұрдың осы кезеңде ал­
ған жасырын лақаб (инкогнито) аты. Қанішер Абылайдан 
қалған жалғыз тұяқты сақтаудың басқа амалы болмаған 
сияқты. М.Ж. Көпейұлы шежіресіне қарағанда Әбілмансұр 
туралы Бөгенбай батыр мен Бұқар жырау да білген. «Абы­
лай хан» дастанында: «Бір күні жылқы ішінде отыр еді, Екі 
баран, бір қызыл атты келді, Сөйтсе олар – Қанжығалы 
қарт Бөгенбай, Келіпті Төле бидің ауылын сұрай» делінеді. 
Төле би Әбілмансұрды мақтап «қас төренің қалыбы екен, 
патша ізетті екен» деп қазақтың үш кемеңгері жас ханзада­
ның одан әрі тәрбиесімен айналысады. Ол кезең қазақтың 
бір лігі бұзылып, жан­жақтан анталаған жау қасқырдай тар­
тып жатқан «Ақтабан шұбырынды­Алқакөл сұлама» зама­
ны. Қазақ мемлекетінің болашағын ойлаған азаматтар төре 
тұқымынан елдің басын құрап, үш жүздің атының басын бір 
кезеңге жеткізетін тұлға іздейді. Әбілмансұр ел алдындағы 
жауаптылықты он екі жасынан бастап арқалап өсті деуге бо­
лады.

192
Дәулеткелді ме, әлде Дәулетбай ма?
Төле бидің қолында бірталай жыл қызмет жасаған Абы­
лай кейін Сарыарқаға келгені белгілі. Ауызша әңгімелер 
жас төре паналаған байдың атын бірде «Дәулеткелді», бірде 
«Дәулетбай» дейді. Мен өткен жылы осы мәселені анықта йын 
деп Көкшетау маңын араладым.
Абылайдың қамқорының аты Дәулеткелді емес, Дәулет­
бай, ұрпағы Жаман Жаңғызтаудың баурайында Өскен деген 
ауылда тұрады. Дәулетбай ішінде аталарынан аз­маз сөз ұстап 
қалған Қалитай деген ақсақалдың әңгімесіне қарағанда «Абы­
лай хан Төле бидің қолында жеті жыл мекен еткен, содан 
бір нәрседен сезіктеніп осы жаққа қашады. Арқаға келгенде 
Дәулетбайдың бас жылқышысына кездесіп, сендерге жұмыс 
істейік деп келіскен екен».
Дәулетбайдың ауылына Абылайды кім бағыттағаны ақ­
сақалдарға белгісіз. Ал енді Дәулетбайдың өзіне келсек, ол 
Қарауыл ішінде Жақсылық деген атадан, бір құлақ Қалдаман 
деген батырдың баласы. Қалдаманның «бір құлақ» аталатын 
себебі, ол заманда қазақ жылқыны Омбы жақта Үлкен Қарой, 
Кіші Қарой деген жерлерге қыстатады екен дейді ақсақалдар. 
Сол жақта жылқы қыстатып жүргенде үлкен бір төбелес 
үстінде Қалдаманның малақайы ұшып кетіп, содан бір құла­
ғы үсіп кеткен, «бір құлақ» атанатыны сол себептен­мыс. Бол­
са болар дедік, қазақтың ол заманда Ібір­Сібірдің ішіне ендей 
кіріп, Құлындыда жылқысын емін­еркін жайлататыны – та­
рихи шындық. Ол заманда қазақтың төбелессіз жүрмейтіні де 
жасырын емес.
Жаңғызтаудың тағы бір тумасы Қойшыбай ақсақалдың 
айтуынша, Бір құлақ Қалдаман Қаройда бір бай жесір әйелге 
аяқ салып, одан бір ұл туып, сол бала кейін әкесін іздеп келеді. 
Бәйбіше жатсынбай, «дәулетім келді» деп қарсы алып, содан 
Дәулетбай атанып кеткен­мыс.
«Осы Дәулетбайға заманында жеті мың жылқы біткен 
екен. Жаман Жаңғызтау маңында Сасықкөл деген көл бар, 
сол көлге Қамсақтыдан шыққан Қарасай құяды. Жылқы­
ны суаруға алып келіп, Сасықкөлге жапқанда бір тесік 
қалса бай: «Әй, балалар, бір үйір жылқы жоқ», – дейді екен. 
Жылқыны осылай түгендейді.

193
Абылай келген соң байдың ауылына ұры да тимеді, 
малға мал, жанға жан қосылды, ырыс болып келді. Бір күні 
Дәулетбай таңертең ауылынан аттанып шығып, жылқының 
қосына келсе, Абылай ұйықтап жатыр екен, екі қолы екі 
жақта, екі аяқ екі жақта, дүниенің төрт бұрышын тірегендей 
жатыр. Дәулетбай оятпайды, бірақ ішінен «мынау дүниенің 
төрт бұрышын аламын деп жатыр екен» деп ырым қылады.
Содан Дәулетбай Абылайды үйіне шақырады, үстінде түйе 
жүн шекпені бар Абылай келеді. «Отыр» дегенде, байдың 
жанына барып отырады. Екі көзі жанып, жанындағылардан 
аруағы артып, мысы басып кетеді.
Содан Дәулетбай сезіп, той жасап, қатын алып беріп, отау 
қылып шығарады, бас жылқышы болады.
Абылай Дәулетбайдың жылқысынан таңдап боз шұбар 
айғырды мінеді. Бұл айғырдың қасиеті жекпе­жекте иесіне 
көмектесіп, қарсыласын омырауымен періп құлатады екен. 
Бұл шамасы Шоқан Абылайдың алғашқы жауынгер аты деп 
сипаттайтын атақты «Жалын құйрық» болса керек.
Осы екі ортада қазақ пен қалмақ жанжалдасып, үш жүзден 
қол жиналып, Абылай да сойылын сүйретіп барады. Майдан 
даласында қалмақтың Шарыш деген батыры қазақтың екі 
батырын бірінен соң бірін өлтіріп, қазақ дағдарып тұр екен. 
Абылай астында айғыры, қолында сойылы бар, келе қалмаққа 
қарсы шауып, Шарышты аттан түсіреді. Сол жерде Атығай 
Жәпек батыр бар екен, Абылайдың астына ақ кигіз төсеп 
қарсы алады». Міне, бұрынғыдан қалған кәрі құлақтардың 
сөзі осы.
Әбілмансұр «Абылай» атын қашан алды?
Тарихшылар мен әдебиетшілердің көпшілігі Әбіл 
ман­
сұрдың «Абылай» атын алуы Аңырақай шайқасынан кейін 
болды деген пікірді ұстанады. Бұл жерде бір гәп бар. Бүгін­
гі күнге дейін Аңырақай шайқасының қай жылы болға ны 
анықталған жоқ. Кезінде М. Қозыбаев пен Ж. Қасымбаев 
сияқты марқұм ағаларымыз екі ұдай болып айтысты, бірі 
1729, екіншісі 1730 жылдар деп қаншама дереккөздері сол 
кезеңде ақтарылды, сонда да соғыстың болған жылы нақты 
шықпады. Мен «Қанжығалы қарт Бөгенбай» атты кітапты 
13­0192

194
жазудың барысында есептеп көріп едім 1729 жылы болғанға 
ұқсайды. Шынын айтқанда, анығын бір Алла біледі.
«Аңырақай» сөзі топоним есебінде ертеден белгілі, жел 
аңырап соғып тұратын жер. Мен Аңырақай шайқасын жоққа 
шығарайын деп отырған жоқпын, бұл жерде талай соғыстың, 
жаугершіліктің болғаны күмәнсіз, мәселе қалмақпен болған 
шешуші соғыс және Әбілмансұрдың «Абылай» атануы тура­
лы. Жалпы Аңырақайға қатысты М. Тынышбаев жариялаған 
деректерді барынша қолдана беру керек. Оның аңыздарға, 
жер­су атауларына негізделген деректерінің құнына баға 
жетпейді және қазіргі кезде ондай дерек беретін орта да 
қалған жоқ.
Әбілмансұрдың қашан Абылай атанғанын анықтау үшін 
алдымен Абылайдың қай жылы туғанын анықтап алмақ 
керек. Егер біз Абылай 1711 жылы туды деген әдебиетте 
қалыптасқан жорамалды қолдасақ, онда Аңырақай соғысында 
жас төре 18 жаста болмақ, ал Абылай 1713 жылы туды деген 
пікірді қолдасақ, онда 16 жаста болмақ.
Қазақ деректері Әбілмансұрдың «Абылай» атануын қал­
мақтың атақты қонтәжісі Қалдан Сереннің туысы Шарыш 
батырмен жекпе­жекпен байланыстырады: «Жиырмаға жа­
сың толғанда, Қалмақпен соғыс болғанда, Алғашқы бақты 
тапқанда, Шарыштың басын қаққанда…». Үмбетей жырау 
бұл жерде «жиырмаға жасың толғанда» деп нақты уақыт 
межесін нұсқап тұр. Бұқар жырау бір толғауында: «Сен 
жиыр ма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде ақ сұңқар 
құстай түледің», – дейді (Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 
7 т. – Павлодар, 2006. – 6­б.). Біз Абылай 1713 жылы туды 
деген пікірді қолдаймыз, сонда оның Шарыш батырмен жек­
пе­жекке шыққан уақыты 1733 жыл болмақ, яғни тура 20­ға 
келген шағы.
Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда 1733 жылы 
қазақ жасақтары Жоңғария шекарасына еніп қонтәжінің 
өзінің ұлысына тиіседі. Сібір шекара командирі И.Бухгольц 
1734 жылы жоғарыға тапсырған баяндамаларында: «…Каза­
чья орда прошлого году нападением своим на контайшины улу­
сы учинили немалую обиду», – деп жазады (Международные 
отношения в Центральной Азии. ХVІІ­ХVІІІ вв. Кн.1. – М., 

195
1989. – с. 292). Егер тарихтан хабары бар адам болса, ол 1730­
1740 жылдар қалмақ­қытай арасындағы ХVІІІ ғасырдағы 
үшінші соғыстың болғанын біледі. Бұл бірде басылып, бірде 
ушығып кететін шайқастардың кезінде қазақтар да батыс­
тан қалмақтарды тықсыра бастаған. 1731 жылы Шақшақ 
Жәнібек бастаған 6 мыңдық қазақ әскері дербеттерді шауып, 
қалмақтың қарауыл әскері Қамар Дабан (қазіргі уақытта Ха­
бар­Асу аталады), Қалмақ Толағай тауларына дейін шегінді, 
1732 жылы орыс елшісі П. Угримов қазақ жеріне аттан ған 
«қалмақ жасағының түгел сонда қалғанын» баяндайды. Осы­
дан қорытынды жасасақ, Бөгенбай жасақтарының 1733 жы­
лы ойрат жеріне ішкерілей енуі және Қалдан Сереннің өз 
ұлыстарына батыл тиісуі заңды. Қалмақ құжаттарында Абы­
лаймен жекпе­жекке шығатын Шарыш батыр қонтәжінің 
жақын туысы делінеді.
Осы сияқты толып жатқан қисындар бізді Әбілмансұр­
Сабалақтың Абылай атанатын шайқас 1733 жылы болды де­
ген тұжырымға итермелейді.
Енді Абылай қашаннан бері хан атанды деген мәселеге 
келейік. Қазақ саяси­билік жүйесінде қалыптасқан тәртіп 
бойынша, Шыңғыс тұқымының бәрі хан атана бермейді. Ол 
атақ ағадан ініге беріледі және мұрагерлік ережелері бойын­
ша реттеледі. Қазақта әлі күнге дейін әр түрлі жиындарда 
«менің жолым еді» деген сөзді естіп қаласыз. Жол адамның 
жасына бағынышты емес, генеалогиялық сатыдағы орнына 
байланысты. Мысалы, менің немере ағайындарымнан жасым 
кіші, бірақ жолым үлкен, себебі генеалогиялық сатыда мен 
олардың әкелерінің қатарында тұрмын. Шыңғыс тұқымын 
қазақ «төре» деп атайды. Бір ескеретін мәселе бұл сөз өте көне 
ұғымдардың бірі, төре – билік иесі, мемлекет қызметкері де­
ген мағынадағы сөз. Бірақ қарапайым төренің бәріне қазақ 
бас имейді, көшпелі қоғамда әр қауым (ру, тайпа) ата тәртібі 
бойынша өзінің би­батырларының соңына еріп өмір сүре 
береді. Жаугершілік заманда бірнеше ру­тайпа қосылып ұлыс 
құрайды, яғни мемлекеттің нақты әскери­әкімшілік бөлі­
гі не айналады. Осы ұлыстарды төрелерден шыққан сұлтан­
дар басқарады. Әбілмансұр 1733 жылғы жекпе­жектен Абы­
лай атымен бірге өз бетіне жеке ұлыс және сұлтан атағын 

196
алып шықты. Қазақтың «жігіттікте жаннан без де іс қыл, 
өлсең өлерсің, өлмесең кісі боларсың» деген сөзінің дәлелі 
осы. Абылайға ұлыс есебінде берілген Көкшетау маңын­
дағы атығай­қарауыл, керей­уақ, қанжығалы рулары. Қазақ 
ауыз ша дәстүрінде «Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін, Хан 
болды 48 жыл Көкшетауда» делінетіні осыдан. 1740 жылы 
В. Урусовтың сұрағына Абылай осы үш елді атаса керек: «сал­
тан обьявил, назвав три имеющиеся у него рода, ис которых­
де в первом семей с шесть тысяч, во втором­з десять тысяч, а 
третьем­с четыре тысячи».
Сонымен қазақтың«Хан болды 48 жыл Көкшетауда» де­
ген сөзінің шешімі осы. Егер 1733 жылдан бастап санасаңыз, 
1781 жылға дейінгі кезең. Бұл біздің жоғарыда айтылған 
Абылай 1713 жылы туды деген жорамалды бекіте түседі.
Сұлтандық атақтың «боз биенің сүтіне шомылдырып, 
ақ кигізге отырғызып» ресми бекітілуі ауыз екі деректер­
ге қарағанда, 1734 жылы Баянаула жерінде Сабындыкөлдің 
жа ғасында болды. Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжабай 
Нұралыұлы «Сабалақ» атты ұзақ өлеңінде:
Баянауылда Сабынды көл басында,
Үш жүзге шықты Абылай хан сайланып.
Мың жеті жүз отыз төртінші жылында еді,
Үш жүздің басын қосқан жиын еді, – 
дейді.
Қазақ қоғамында кез келген қоғамдық мәселені рес­
милендіру елдің азаматтарының басы қосылған жиындарда 
іске асады. Көбінесе мемлекет мәселесіне, оның ішінде хан 
сайлауға қатысты мәселелер үш жүздің басы қосылған «қаз» 
жиындарында талқыға түседі («Ашуланба Абылай, ашу лан­
саң көрермін, көтеріп қазға салармын». Бұқар жырау). Үш 
жүздің басы қашан қосылады – ұлы астарда қосылады, не 
ел дің арасынан осы жиынның шығынын, сойыс малын көте­
ремін деп шүлен байлар шығады. Жоғарыда айтылған Са­
бындыкөл жағасындағы бас қосуды қанжығалы руының 
Абыз, Шомақ аталатын ағайынды азаматтары ұйымдастырған 
екен. Осы жиында ел болып келісілген шешім заң болып 

197
есептеледі. Бұл жиындарға үлкен дін иелері шақырылады, 
басқа да сауатты адамдар болады, бірақ шешім арнайы хатқа 
түсті деген деректер жоқ. Менің ойымша, Абылайдың сұлтан 
сайлануы жауынгер азаматтардың «қаз» сияқты бас қосуында 
көтеріліп, үш жүздің көсемдері жиналған жиында 1734 жылы 
бекі тіл ген. Абылайды Орта жүзге сұлтан сайлады. Қазақ жеке 
ұлы сы бар сұлтандарды «хан»деп дәріптей береді, кейде «кіші 
хан» немесе «келте хан» деп те атайды. Абылайдың  «кіші 
хан» деңгейінен өтіп «үлкен хан» тағына отырған уақыты 
1771 жыл. Осы жылы Әзіреті Сұлтанда қазақтың үш жүзінің 
ең таңдаулы азаматтары, Түркістан­Тәшкент өңірінің оты­
рықшы сарт­құрама қауымдарының өкілдері Абылайды ақ 
киізге салып көтеріп, қазақтың үлкен хандары отыратын ал­
тын таққа отырғызды.
Осы 1734 жыл дегенде тағы бір мәселе еске түседі. 1733 жы  ­
лы қазақтың үлкен ханы Сәмеке (Шахмұхамбет) Тәукеұлы 
Орал башқұрттарына (естек) жорық жасап, бірақ жорық ту­
ралы Әбілқайыр алдын ала ресейліктерді хабарланды рып, 
олар естектерді дайындап қойғандықтан, тас­талқан болып 
жеңіліп, туын тастап, қашып келеді. Сәмеке мен Әбілқа­
йыр арасындағы бақталастық жоғарыда айтылған Аңыра­
қай шайқасынан басталады («Үлкен Орда қонған, Кіші Орда 
қон ған». М. Тынышпаев). Сәмеке мен Әбілқайыр арасындағы 
бақталастықтың себебі «Ақтабан шұбырындыда» Болат хан 
өлгеннен кейін босаған үлкен ханның тағы екені сөзсіз.
1734 жылы Орынборды салушы бригадир И. Кириллов пат­
шадан Сәмекеге деп алып келген хатты ханға тапсырмаған. 
Осылайша Сәмеке 1733 жылдың соңында не ауыр жарадан, 
не Ресеймен енді көрмейтіндей реніштен саяси мәселелерге 
араласуын тоқтатты. 1734 жылы Сабындыкөлде үлкен тақ 
туралы әңгіме болды ма, ол жағы бізге белгісіз, бірақ таққа 
Болат хан ұлы Әбілмәмбеттің Әз Тәукенің мұрагері ретінде 
ұсынылуы заңды деп есептейміз. Кейбір деректерге қарағанда 
1736 жылы Сәмеке әлі тірі. К. Миллердің «Күнделігінде» 
1738 жылы Түркістанға үлкен таққа ие болу үшін келген 
Әбілмәмбетпен кездескені айтылады. Ресей деректерінде 
Әбілмәмбет 1739 жылы Түркістанда үлкен хан болып сайлан­
ды дейді. Ендеше біз Сәмеке хан 1737 жылы қайтыс болды 

198
деп есептейміз. 1737 жылы Ордың Қарағашында Орта жүздің 
Қаз дауысты Қазыбек биі бастаған көсемдерінің Әбілқайыр 
ханмен бірнеше бас қосулары, Ресеймен белсенді түрде ара­
ласу, Орынборды хан ордасы ретінде қазаққа беруді талап 
ету, т.б. іс­шаралардан Сәмеке өлімінен соң үлкен хан тағына 
Әбілқайырдың да басты үміткер болғанын аңғартады.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал