Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



жүктеу 2.6 Kb.

бет11/21
Дата09.01.2017
өлшемі2.6 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

ҚҰЛДЫҚ САНАДАН ҰЛТТЫ ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРАМЫЗ?
– Қазір біз ата тарихты қайта зерделеу кезеңінде тұр­
мыз. Бұл жөнінде жазушы ретінде сіздің де көзқарасыңыз бо­
луы тиіс. Тарихқа «ревизия» жасалар тұста, не айтарыңыз, 
не алып­қосарыңыз бар?
– Жаз басында мемлекеттік хатшы Марат Тәжин өткіз  ген 
Қазақстан тарихы жөніндегі айтулы конференция және содан 
кейін туындаған ойлар тек қана тарихшылар арасында ғана 
емес, қаламгерлер арасында да кәдімгідей қозғау салды. Та­
рихи ойға жаңа серпін берді. Жалпы, Ұлы Даланың ежелгі 
дүниеден бастап бүгінге дейінгі тарихының негізі қаланды 
ғой. Бұл салада арғы­бергі тарихшыларымыз қыруар еңбек 
атқарды. Оған дау жоқ. Ол тарихты ешкім аттап өте алмайды. 
Алайда Ұлы Дала тарихы өкінішке орай, жүз пайыз толық 
қамтылды деу қиын. Әсіресе, мынау соңғы екі жүз елу жылға 
созылған бодандық тұсында, қазақ өз тарихын өзі жаза алма­
ды. Сондықтан да халықтың тарихи санасын қалыптастыру 
жолында алда атқарылар жұмыстар легі аз емес. Тарихтың 
даулы тұсы да жетерлік. Бір ғана мысал. Еуропалық тарих­
шылар осетиндерге балайтын, ирандықтар өз ата­бабалары са­
найтын, түркілер өз тегі деп білетін ежелгі Еуразияны мекен­
деген көшпелі скиф, сақтар туралы да ақиқат айтылып болды 
деу қиын. Соның бір мысалы – скиф, сақтар туралы ең ежелгі 
деректерді игеру мәселесі. 
Ұлы Дала тарихы дегенде біз көбіне грек, парсы, араб және 
қытай жазбаларына сүйенеміз. Бұл саладағы ақтаңдақ тар­
ды толтыруда Елбасы қолдауымен қолға алынған «Мәдени 
мұра» бағдарламасының мәні ерекше болды. Жан­жақ­
тан тарихымызға байланысты мол мұралар, тың деректер 
қосылды. Сол жобаның бір жүзеге асқан тұсы – «Великая 

157
степь» атты тарихи хрестоматияның дүниеге келуі. Құн­
ды деректерді бүкіл Еуропа мұрағаттарын ақтарып жинап, 
шығарған тегі украин қазақстандық ғалым – Александр Гар­
кавец. Кітап шалқар теңіз деректерге толы. Онда Ұлы Дала 
жайлы сонау біздің дәуірімізге дейінгі VII­VIII ғасырлардан 
басталатын еуропалық деректер шоғырланған. Осы кітапты 
парақтай отырып мынандай фактілерге назарымыз ауды. Мы­
салы, жаңа заманнан бері еуроцентризмге бой алдырған Батыс 
тарихшылары Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Маке­
донский) тарихын айтқан кезде немесе ол жайлы кітаптар жа­
зып, кинолар түсірген кезде Ұлы Дала тарихына байланысты 
бір керемет деректі тастап кетіп отырады. Ескендірдің ерлі­
гіне сақтар қосқан үлесті «ұмытып» кетіп отырады. Бәлкім 
әдейі Александр Македонскийдің қолбасшылық мәртебесін 
түсіргісі келмегендік болар. Еуроцентризм деген осы.
Батыс тарихшылары айналып өткен деректі Маке­
донскийдің жорықтарында үнемі жанында болған немере 
ағайыны тарихшы Каллисфен бәрібір жазып қалдырыпты. 
Көргенін жазған. Ақиқатты аттамаған. Ескендір әскерінің 
алғы шебі көшпенді скиф садақшыларынан құралғанын 
тәп тіштеп тарих бетіне түсіре білген. Оның жазуынша Ес­
кендірдің ең бірінші ерлігі Македонияға жорық жасаған 
скифтерді айламен алдап қолға түсіруден басталыпты. Ал­
ғашқы соғысында­ақ Ескендір ұлы қолбасшыға тән үлкен 
айлакерлік жасаған. Былайша айтқанда, Македонияға жа­
са нып келген жауды – скифтерді таудың бір ұрымтал қол­
тығында күтіп алып ойсырата жеңген. Тау арасымен өтетін 
тар жолдың алдын бөгеп, екі шетіндегі жартастарға әскер 
қойған. Сөйтіп, скифтердің әскері түнде тар қолтыққа кірген 
кезде Александр негізгі қолмен қиқулап жаудың желкесінен 
тиген. Екі бүйірден жаяу әскер жартастан тас домалатқан. 
Осылайша тар қылтада қысылып қалған скифтер ашық да­
лада көрсететін керемет жауынгерлік ұрысын көрсете алмай, 
бір­бірін басқылап қырғынға ұшырайды. Осы тұста Алек­
сандр тағы бір тәсілге көшеді. Ол: «Егер менің бодандығыма 
өтетін болсаңдар, мен сендерді қырмаймын!» – дейді. Әрине, 
тар қылтада қалып, қырыла бастаған скифтер Александр 
шартына көнеді. Оның қоластында оған әскери көмек беріп 

158
тұруға ант ішеді. Келер жылы Александр солтүстік скифтер­
ге қарсы жорыққа аттанады. Оның 75 мың әскеріне 70 мың 
скиф садақшылары келіп қосылады. Македонияға ең қатерлі 
жау болып келген солтүстік скифтер тізе бүгеді. Оларды тізе 
бүктірген өз қандастары грек әскерінің алғы шебін құраған 
скифтер еді. Тарихшылардың жазуынша ол заманда шайқас 
тағдырын сайыпқыран садақшылар шешетін болған. Ал ол за­
манда әлемдегі ең алыстан ұратын атқыш садақшылар скиф­
тер болған. 
Скиф садағы мен садақшыларын Гомерден бастап грек 
жыраулары жаппай жырлаған. 75 мың грек әскерінің 
алғы шебіне 70 мың скиф садақшыларын қойғаннан кейін 
«жеңілісті білмейтін» Ескендір әскерінің әлемді жаулап алу 
тарихы басталады. Азия жорығында Александр әскерінің 
скиф садақшылары қазіргі заман тілімен айтқанда ауыр ар­
тиллерия рөлін атқарған. Солтүстік жорығында Александрге 
қарсы тұрған тағы бір күш – скиф қыздарынан құралған ама­
зонкалар болыпты. 
Тарихта амазонкалар деп садақ тарту үшін, бір омырауын 
туа сала күйдіріп тастаған қыздарды айтады. Осы тайпаның 
шекарасына келіп тоқтаған, Ұлы қолбасшы, амазонкалармен 
келіссөз жүргізген. «Бізге беріліңдер, одақтас болыңдар!» де­
ген. Амазонкалар патшайымы: «Бізбен соғысып әуре болма, 
жеңсең тарихта әйелдерді жеңген деген атқа қаласың, ол саған 
абырой емес, жеңілсең тіпті масқара боласың!» депті. Ескендір 
келісімге келіп, амазонкалармен де одақтасады. Осы жер­
де ел шетіне жау тигенде әйел­қыздардың қолға найза алып 
атойлап атқа қону дәстүрі Ұлы Далада қазақтар арасында 
кешегі күнге дейін сақталғаны еске түседі. Сөйтіп, амазонка­
лар да Александрдың өзге елдерге жасаған шақыншылығына 
көмек береді. Аса қаһарлы күшке ие болған Македонский 
осыдан кейін өзінің ата жауы Дарий басқарған әлемдегі ең 
қуатты империя – Парсы империясына қарсы аттанып оны 
талқандайды. Алайда ол соғыстың алғы шебінде 70 мың скиф 
садақшысы болғанын, Македонский әскері қатысқан тари­
хи шайқастардың тағдырын шешуде сол садақшылардың 
шешуші рөл атқарғанын, әрине, еуропалық тарихшылар да­

159
быралап жазбады. Айтпады. Жасырды. Бүкіл жеңісті, даңқ­
дабыраны түгел Ескендірге және оның грек әскеріне теліді. 
150 мың Ескендір әскерінің тең жартысы, яғни 70 мыңын 
құраған далалық скиф сарбаздарының сөйтіп, «еңбегі – еш, 
тұзы – сор» болды. Персияны бағындырса да Ескендір Ұлы 
Даланы бағындыра алмай Сырдан өтпей кері шегінгені аян. 
Бұдан шығатын қорытынды – біздің заманымызға дейінгі 
мыңжылдықта екі ұлы империя парсы және грек империясы­
на тізе бүкпеген тек Ұлы Дала болғаны. Өз жерін жауға берме­
ген көшпелі сақтар өз заманының ең қуатты әскері болғаны. 
Бұл даңқты жауынгерлік дәстүр сақтар ұрпағы ғұндарға, 
ғұндар ұрпағы түріктерге ұласқаны белгілі. Түріктер ұрпағы 
Дала қазақтарына ұласқаны белгілі. Өкінішке қарай скифтер 
тілінде жазылған жазба дерек сақталмаған. Сондықтан Батыс 
тарихшылары біресе скиф, біресе сақ, біресе массагет атаған 
Ұлы Дала тайпаларын түріктердің арғы тегі деуге ауыздары 
бармайды. Осы жайт бізге түркілер тарихына түп­тұқияннан 
бері жасалған және жасалып келе жатқан қиянаттың бір 
түріндей көрінеді де тұрады. Неге? Себебі арада ондаған 
ғасыр өтсе де Ұлы Даланы жайлаған баяғы көшпелі скиф­
сақтар және сол даланың ежелгі ұрпағы қазақтар арасындағы 
ұқсастықтар тайға таңба басқандай менмұндалап тұрған жоқ 
па? Скиф­сақтар да киіз үйлі көшіп­қонған, жылқы етін 
жеп, қымыз ішкен ел болған. Оны Геродоттан бастап грек 
тарихшыларының бәрі жазды. Егер сақтар, скифтер пар­
сылармен діні, тілі бір туыс халық болса, онда парсы импе­
риясымен Ұлы Дала ғасырлар бойы неге текетіресте болды?! 
Сол жаулық одан кейінгі ғасырларда Фердауси жырлаған 
Иран­Тұран арасындағы жүзжылдық соғысқа ұласқан жоқ 
па?! Содан кейін Геродаттан басқа да эллин тарихшылары 
«Скифтердің сөзге тұратын, әділетті халық екенін, өте жа­
уынгер халық екенін» бір ауыздан мойындайды. Біздің зама­
нымызда Үндінің тұңғыш президенті Жавахарлал Неру: «Еу­
разия даласында жауынгерлігімен мақтана алатын жалғыз 
халық бар, олар – түріктер», – деп жазған. 
Көшпелі түріктердің ерлері ғана емес әйелдеріне де тән 
жауынгерлік қасиет бастауы сол тарих тереңіндегі амазон­

160
калардан келе жатқан дәстүр дедік. Ұлы Даланы парсыларға 
бермеген Томирис, Зарина ханшайым ерліктеріне Геродот  тың 
жазуымен күллі адамзат тәнті болды емес пе?! Кешегі Әлия 
мен Мәншүк ежелгі Томирис пен Заринадан бері үзілмей келе 
жатқан тек көшпелі Ұлы Дала қыздарына ғана тән батырлық 
дәстүр сабақтастығын әйгілеп тұр емес пе?! Тегінде болма­
са кешегі Желтоқсанда қазақ қыздары қызыл жендеттерге 
қарсы тұрып қанды шайқас салар ма еді?! Тағы бір мысал, 
парсы патшасы Дарий Ұлы Далаға біздің заманымызға дейінгі 
VІ ғасыр аяғында басып кіргенде сақ әскері соғыспай шегіне 
береді. Дарий сақ қолбасшысына: « Ей, ер болсаң қарсы тұрып 
соғыспайсың ба, неге қашасың?» деп жаушы жібереді. Сонда 
сақ қолбасшысы: «Бізде сен қирататын кент жоқ. Сондықтан 
шегініп барамыз. Ол қорыққандық емес, сақтардың қалай 
соғысатынын көргің келсе, олардың ата­бабасының моласы­
на тиісіп көрші!» деп жауап қатады. Біздің осыдан 25 ғасыр 
бұрын өмір сүрген сақ бабамыз әлі күнге түк өзгермеген ата­
баба моласын құрметтеп, аруақ сыйлайтын Ұлы Дала заңын 
айтып тұр емес пе?! Әлі күнге шейін қазақ ата­баба моласына 
біреу тиіскенді аямайды емес пе?! 
– Дегенмен қасаң тілмен жазылған тарихты жас ұрпақ 
оқып, көңіліне тоқи қояр деп айту қиын. Сондықтан жас 
өркеннің есінде қалатындай басқа жолдар қарастырған жөн 
болар?
– Оның рас. Ұлы Даланың осындай тамаша дәстүрін 
дәріптеу не үшін керек? Құлдық санадан құтылу үшін керек, 
кешегі қызыл империядан қалған. Өкінішке қарай тарих 
оқулығы қанша тамаша жазылса да қарақұрым оқырманға 
жетпейді. Оның үстіне кітап оқымайтын заманға тап келдік. 
Не істеу керек? Қарақұрым оқырман бүгінде экран алдын­
да отыр. Дені жастар. Ендеше, тарих сол экран арқылы 
қарақұрым көрерменнің тура алдынан шығуы шарт емес пе?! 
Өзге жол жоқ. Бұл бүгінгі дамыған елдер қолға алған тәсіл. 
Идеологиялық тәсіл. Олар тарихты қағаз бетінен алып экранға 
көшіріп жатыр. Әсіресе, телеэкранға. Телесериалдарға айнал­
дырып жатыр. Яғни виртуалды тарихты қолдан жасап жа­
тыр. Сол арқылы адамзаттың тарих санасын қалыптастырып 
жатыр. Әркім өз тарихын көтеріп жатыр. Әркім экранда өз 

161
тарихын әспеттеп жатыр. Мұндай жағдайда оқулыққа сеніп 
бейғам отырғандар былай қалары анық.
Оқулық құрғақ деректерді ғана үйіп­төгіп беруі мүмкін. 
Бірақ кино өнеріндей тарихи оқиғаны бүкіл болмысы­
мен көрерменнің көз алдында тірілте алмайды ғой!! Кино 
өнеріндей сезімді қозғап біресе күлдіріп, біресе жылатып бей­
не бір сол бір дүрбелең оқиғаның ішіне кіріп кеткендей, та рихи 
тұлғалардың жанында жүргендей жан дүниеңді астан­кес­
тен етпейді ғой. Сондықтан да бүгінде экранды қай ел жау­
лап алса, әлем алдында сол елдің тарихы бар да, қалғанынікі 
жоқ болып көрінеді қалың көпшілік санасында. Бұдан былай 
экран алдында отырған әлем үшін сериалдарда көрінген та­
рих қана тарих болып, экранда көрінбеген тарих тарих бол­
май қала беретін түрі бар. Бұл мезгіл тудырған феномен. Бұ 
нені көрсетеді? Миллиондаған, миллиардтаған көрермен са­
насы үшін әлемде алапат күрес жүріп жатқанын көрсетеді. 
Сол мәдени­идеологиялық күреске төтеп бере алмаған Кеңес 
Одағы атты алпауыт көз алдымызда күйреп түсті емес пе? 
Сондықтан да бүгінгі ұран – ел боламын десең, экраныңды 
түзе! Сондықтан да тарихымыз телесериалдарға көшіп, 
бүгінде балмұздақ жеп экран алдында отырған ұрпақтың 
алдынан шығуы керек. Тамаша түсірілген тарихи телесери­
ал – әрі мәдениет, әрі тарих, әрі тіл, әрі тәрбие. Патриоттық 
тамаша мектеп. Аудиториясы ең ауқымды мектеп. Ал бізде 
оқиғалы көркем сериалдарға сұранып тұрған тақырыптар 
аз ба? Жетіп артылады. Тіптен тарихи тақырыптың мұрты 
бұзылмай жатыр деуге болады. Ақиқатын айтсақ, алтын 
көмбенің үстінде отырмыз. Оны игере алмай жатсақ кінә 
өзімізден. Әйтпесе әлемді тітіреткен Алтын орда тарихы 
кімнен кем?! 3 ғасыр ұдайы Ұлы Дала әлем ортасы болды 
емес пе?! Төрткүл дүниенің кіндігі болды емес пе?! Еуропа, 
Ресей, Араб, Парсы, Үнді, Қытай яғни күллі әлем құбыласы 
3 ғасыр ұдай Ұлы Дала болды емес пе?! Мұндай тарих Амери­
када болса Голливуд бүгінде оның неше бір нұсқасын жасап, 
жарқыратып, жалаулатып, жалпақ дүниені шарлап, жырғап 
жүрер еді! Көшпелілер тарихын көкке көтерер еді! Өйткені 
тарихымыз соған лайық. 
11­0192

162
Рухани ахуал
– Қоғамды дұрыс жолға жетелейтін тек қана дін дегенді 
талай жерде айтып жүрсіз. Енді осы жағын тілге тиек ете 
отырсақ...
– Советтік идеология тарихымызды бағалауға тосқа­
уыл қойды. Содан кейін біздің діни болмысымызды бұзды. 
Мәңгүрттеді. Ұлы Дала рухын сындыру үшін оның тари хын 
тартып алды. Дінін тартып алды. Қасқыр күшігінің тірсе­
гін кессе, қасқыр болмай қалады. Тарихсыз, тілсіз, дінсіз 
халық та сол. Ұлт болып ұйыспайды. Қызыл империя сөйтті, 
тірсектен кесті. Белгілі бір дәрежеде ол мақсатына жетті де. 
Тіл мен дін, төл тарихтан айырылуға аз қалдық. Тарих, тіл 
мен дін! Осы үш тұғыр ұлттың рухани қазанын тіреп тұрған 
ошақтың үш бұты. Онсыз ұлттың рухани қазаны бұрқ­сарқ 
қайнамақ емес. Ендеше, ел боламыз десек, ұлттық рухтың 
осынау үш тірегін қалпына келтіруіміз керек. Құлдық сана­
дан сонда құтыламыз. 
Ұлт өз­өзін сонда құрметтейді. Дінді неге айтып отырмыз? 
Оның себебі бар. Кезінде бүкіл әлем ерлігіне, әділеттігіне 
таңғалған осы Ұлы Дала перзенттері соңғы ғасырда әсіресе, 
советтік кезеңде өзінің дінінен айырылып деградацияға 
ұшырай бастады емес пе?! Империяға да керегі сол еді. Қызыл 
империяға қазақтың мықты ұлт емес, тобыр болғаны керек 
еді. Бүгінде біз нені көріп отырмыз? Алласынан айырылған 
Ұлы Даланың кейбір ұл­қыздары жайлы, олар жасаған 
ұждансыздық жайлы хабар­ошарларды естіп­біліп отырмыз. 
Естіген сайын төбе шашымыз тік тұрады. Бір жағынан қарасақ 
кеңестік құдайсыз қоғамның салдары осылай болары заңды да 
еді. Басқаша болуы мүмкін емес. «Құдайдан қорықпағаннан 
қорық». Қылмыстың құлақ естіп, көз көрмеген түрлері 
шықты. Құдайсыз кеңестік қоғамға дейінгі Ұлы Далада 
мұндай сұмдықтар болып па еді?! Суицид, өз қызына өзі шабу, 
өз баласын өзі сату, маскүнемдік, жезөкшелік, нашақорлық 
дегендер болып па еді? Ақша үшін арын сату, бауырды бауыр 
өлтіру дегендер болып еді? 
Ұлттық індетке айналған ұрлық­қарлық тұрмақ, қазақ 
ескі ауылда есігін де құлыптамайтын еді ғой! Сонда ой келеді: 
қаптаған полициясы жоқ, тоғыта салатын түрмесі жоқ дала­

163
да қазақ қалай күн көрді деген?! Күн көрді. Бүгінде естігенде 
төбе шашымыз тік тұратын қылмыс дегендерден дін аман күн 
көрді. Сонда алашты азғындаудан аман сақтаған ұлы күш 
не? Әрине, дін. Діннен келіп шығатын – иман. Иман ұстап 
тұр ды бәрін. Күніне бес рет намазын үзбеген даланың ұл, 
қыз дары полициядан емес, түрмеден емес, қылмыс жасауға, 
ұрлық жасауға Құдайдан қорықты. Олар үлкенге – құрмет, 
кішіге – ізет, жетімді – жебеу, ала жіпті аттамау, қара қылды 
қақ жару тәрізді иманға негізделген дәстүрлі дала кодексімен 
тірлік кешті. Дәстүрлі тәрбие қалыптасты. Оны қалыпқа 
келтірмей, қазақты қалыпқа келтіру мүмкін бе?! Ендеше, 
дәстүрлі дінге негізделген ұлттық тәрбиені жолға қоймай 
имансыз, ұждансыз қылмыстар легі өрби беруі, өрши беруі 
мүмкін. Демек, халықты қалыпқа келтіргің келсе, дәстүрлі 
дала кодексін қалыпқа келтір. Оған алып барар жол жалғыз, 
ол – Алланың ақ жолы. Басқа жолды көріп тұрғанымыз 
жоқ. «Қазақстан болашағы – иманды қоғам» деген ұран со­
дан туған. Кейде «сонау социализм кезінде негізі қаланған 
дінсіздік, имансыздық мынау тәуелсіздік тұсында неге 
асқынып кетті?» деушілер табылар. Ондай сауалға жауап бы­
лай; социализмнен кейін де біз Құдайға емес, капиталға табы­
натын қоғам құшағына күмп бердік емес пе дер едік. Ол тұста 
ойлануға мұрша болмады. Құбыламыз – сырты жылтыраған 
капитал қоғамы болды. Оның іші іріп жатқанын көрмедік. 
Өйткені Батыс Құдай тағына қонжитып баяғыда­ақ каптитал­
ды отырғызған болатын. Құдайсыз капиталға табынған Ба­
тыс, сөйтіп, сырттай байығанмен, іштей іріп, рухани жұтауда 
еді. Оған көзіміз соң жетті. Демек, көз жұмып Батыс жолы­
на түсу деген сөз – дәстүрлі моральсыз, дәстүрлі отбасысыз, 
дәстүрлі тәрбиесіз қатерлі жолға түсу деген сөз. Ол деген сөз – 
маскүнемдік, нашақорлық, суицидке тура бастар жол. Ол де­
ген сөз – жезөкшелік, бір жынысты отбасы, демографиялық 
құлдырау деген сөз. Батыс эксперттері мұны «Батыс ажалы» 
деп жүр. Ендеше, ол жол бізге неге үлгі болуға тиіс?! Дамуы 
үлгі болса да, ұждансыздығы үлгі болмауы тиіс. Батыс бара 
жатқан құдайсыз жол бізге үлгі болмауы тиіс. Қазақстанның 
өз жолы, өз даму жолы болуы тиіс. 

164
Қазақстан халқының 80 пайызы мұсылман. Бұл – иман­
ды қоғам құруға жақсы негіз, тамаша мүмкіндік. Батыстың 
озық технологиялық жетістіктерін пайдалана отырып, кен­
желеп қалған кейбір ислам елдеріндегі діни фанатизмнен 
бойды аулақ сала отырып, ата­бабаларымыз ұстанған Хана­
фи мазһабын қалпына келтіре отырып, бізде иманды қоғам 
құруға деген толық мүмкіндік бар. Кенжелеп қалған ислам 
елдеріне еліктеп киім өзгерту неткен келеңсіздік. Оның ор­
нына иман шарттарына сай аталарымыз, аналарымыз киген 
ұлттық киімдерді неге жаңғыртпасқа?! Қазақы қалпымызды 
сақтай отырып, өркендейік, өсейік. Ала жіпті аттамайық. 
Төңірегімізге иман нұрын шашайық! Иманды қоғамға осы 
жол апарады. 
Тіл – ұлттың рухани рәмізі
– Қазақтың көп мұңының бірі ол – тілі. Өткен ғасырдың 
басында алаш арыстары да осы тіл мәселесін қозғады. Әлі 
қозғаудамыз. Бірақ «баяғы жартас – бір жартас» күйінде 
қалуда. Қазақ тілі тәуелсіздік тұсында да тұғырына қона 
алмай, қанаты кесілген құстың күйін кешуде. Тіл жанашыр­
сыз. Қайтпек керек?
Кешегі өткен кеңестік кезең, біздің ұлттығымыздың 
басты паспорты тілімізден айыруға тырысты. Сол жолда 
үлкен нәтижеге де жетті. Қазақты шала тілді етіп, қазақтілді 
етіп екіге бөлді. Сол бөлшектеудің тақсіретін шегудей­ақ 
шегіп келеміз және шеге беретін тәріздіміз. Тәуелсіздіктің 
22 жылы өтті. Алматыда аулаға шығыңыз. Немересімен 
орысша сөйлесетін ата сақалы ауызына түскен қазақтарды 
кездестіресіз. Олар Тәуелсіздіктің 22 жылында ең болмаса 
немересіне қазақша 22 ауыз сөз үйретпеген қазақтар. Соған 
қарағанда ұрпағына ұлт тілін үйретуге қарсы қазақтар. Әлі 
де немерелерін орыс мектептеріне сүйреп жүргендер. Ондай­
ларды «қазақ» деуге аузың әрең барады. «Қазақ» дегеннен 
гөрі «қазақтың қасіреті» деген дұрыс болар. Сол ұрпағын 
орыс етуге ұмтылған кешегі коммунист қазақтардың бүгінгі 
бизнесмен ұрпақтары емес пе «Битлзге» Көктөбеде ескерткіш 
қойған?! Көрдіңіздер ме табынған «құдайларының» түрін!!! 
Бұл нені көрсетті? Бұл, тіл кеткеннен кейін ұрпақ санасы­
нан ұлттық сезім де кететінін көрсетті. Ол бизнесмендерде 

165
«Битлзден» басқа ұлттық құндылықтың жоқ екенін көрсетті. 
Олар үшін қазақ батырлары, хандары, арғы­бергі әдебиет, 
өнер абыздары құндылық емес екенін көрсетті. Өткен апта­
да Ыстықкөл жағалауында болдық. Жағалауда бір қырғыз 
кәсіпкері орнатқан Айтматов атындағы «Рух­Орда» кешенін 
көрдік. Ұлттық мәдениетін асқақтатқан қырғыз кәсіпкерінің 
азаматтағына таңғалдық. Ұлы манасшы Қаралаевын, ұлы жа­
зушы Айтматовын қалай әспеттеген!!! Қырғыздың дүниеден 
өткен өнер жұлдыздары да маржандай тізіліп көз алдыңызда 
тұр. Бейне бір бес гектар жерге сыйып кеткен жаннат бағына 
кіргендей әсерде боласыз. «Рух­Ордада» қырғыздар өз пре­
зиденттеріне де ескерткіш қоюды қажет деп санамаған. 
Бірақ Қазақстанның тұңғыш Президентіне ерекше құрмет 
көрсеткен, Н. Назарбаевқа ең биік еңселі монумент арнаған. 
Тағы да алаштың Асанқайғысын әспеттеп ескерткіш қойған. 
Осынау аса қымбат жоба авторы – Ташқұл Керексізов деген 
жалғыз кәсіпкер екен. Көл жағалауына орнатылған бұл жұмақ 
бағына адам кірсе шыққысыз. Бұл бақтан қалта толы пайда 
түспесе де, көрген адамның көкірегі тола әсер алады. Жоба ав­
торына алғысын арнайды. Қырғыздарға құрметің арта түседі. 
Сөйтіп, біз ұлттық рухтың «Рух­Ордаға» айналғанын көрдік. 
Тіліне, дініне адал азаматтың еліне де адал еңбек еткенін 
көрдік. Егер біз миллионға жуық орыстанған қазағымызды 
тілге оралтып көкірегіне ұлттық рух ұялата алмасақ, бұл ұлт 
үшін ХХІ ғасырдағы ең үлкен рухани шығын болмақ. Тілі 
орыс қазақ қашанда сол өзі сөйлейтін тілдің мұңын­мұңдап, 
жоғын жоқтамақ. 
Қазақ тіліне қарсы көңіл күйдің катализаторы болмақ. 
Бүгін болмаса да бұл күш түптің­түбінде саяси күшке айна­
луы ықтимал. Әзірше бұл «күрес» мәдени майданда өтіп жа­
тыр. Ол неден байқалады? Ол – өзгеге бас ұрып, өзін жоққа 
шығарудан, өз тарихын елемеуден, өзге тілге табынып, өз 
тілін менсінбеуден байқалады. Егер де біз тілдік мәселені 
жөндей алмайтын болсақ, бұл үрдіс асқына бермек. Тіл деп 
шырылдау себебіміз осыдан. Құр жұрт көзінше ұпай жинау 
емес. Не болмаса халық алдында жақсы көрініп қалу емес. 
Жанымыздың жай таппауынан. Тілдік бірлік болмай елдік 
бірлік болмайтынына көз жеткендіктен. Тарих, дін, тіл – 

166
ұлттық тұтастықтың ұш бұты. Яғни, қазақтың рухани қара 
қазанын тіреп тұрған тетіктер. Бұл тетік – Тәуелсіздік кепілі. 
Ендеше, бұл таза мемлекеттік мәселе. Тәуелсіздіктің жиырма 
екінші жылында да тілді жырлап отырумыз тіл мәселесіндегі 
мемлекеттік талаптың болбырлығынан. Қаржылар бөлініп, 
мектептер көбейіп, істелген және істеліп жатқан шаралар да 
аз емес. Алайда тіл мәселесін шешудің басты тетігін, негізгі 
тетігін іске қоспадық. Ол қандай тетік? Негізгі мемлекеттік 
лауазым: премьер­министр, министрлер, облыс әкімдері, яғни 
республика тізгінін ұстап отырған бірінші басшылар міндетті 
түрде мемлекеттік тілді білуі керек деген заң қабылдамадық. 
Сондықтан да әлі күнге дейін немересін орыс мектебіне сүйреп 
жүр. Ол ата­аналар Қазақстандағы қазақ тілінің болашағына 
сенбегендер. Мемлекеттік тіл мемлекеттік деңгейде талап 
етілмегендіктен ол ата­аналар «Қазақстан болашағы – қазақ 
тілі» деген Президент үндеуіне де сене қоймағандар. Егер біз 
мемлекеттік тілді өз тұғырына қойғымыз келсе тек заңдық 
негізде қоюымыз керек. Неге біз жалғыз Президентке ғана 
қазақ тілін білуді міндеттейміз?! Бұл талап билік тұтқасын 
ұстағандардың бәріне де бірдей болуы керек. Басшы біткеннің 
бәріне де мемлекеттік тіл білуді міндеттеу болмаса, онда қазақ 
тілі Қазақстанның өзінде қажетсіз тілге айналары хақ. Бұл 
ащы да болса ауыр шындық. Сіз кез келген Еуропа еліне ба­
рып «аула сыпырамын» десеңіз сізден мемлекеттік тілді та­
лап етеді. Сондықтан Еуропа елдерінің қай­қайсысында да 
мемлекеттік тілдің айдарынан жел есіп тұр. Сол мемлекеттің 
туындай қастерленіп рухани төрде желбіреп тұр. Онсыз тіл 
еңсесін көтеруі мүмкін емес. Ал бізде аула сыпырушы ғана 
емес, тілді білмесең министр де бола бересің. Бұл әлемнің 
ешбір елінде жоқ практика. Ендеше, бұл басты әлемдік 
тәжірибемен санаспаудың салдары не болары бір Құдайға 
аян. Бұл келеңсіздікті қалыпқа келтірер мезгіл жетті. 
Әйтпесе кеше біз орыс болуға өңмеңдеп ұмтылсақ, бүгінде 
ағылшын болу үшін арпалысып жатырмыз. Сонда ана тіліміз 
қайда қалмақ?! Өзін сыйламаудан алдыға жан салмаған 
халықпыз. Кеше орысша сайрап орысты жаңылдырып едік, 
енді ағылшыншаны ауыздықтап ағылшыннан озғалы жүрміз. 
Өзге тіл дегенде желдей жүйрік қазақ, өз тілі дегенде неге өгіз 

167
аяңнан арылмай қойды?! Бұл ойды айттырып отырған ана 
тіліміздің бүгінгі халі. Байқаған жанға қазіргі қазақтардың 
қазақша сөйлеу деңгейі қарын аштырады. Жыл өткен сай­
ын сөйлеу тіліміз сұйылып барады. Жұмыста да, үйде де, 
түзде де тұрақты түрде қолданыста болмаған жағдайда 
тілдің көрер күні осы. Жүдеу тартып өз табиғи байлығынан, 
құдірет­күшінен айырыла бастайды. Өзге тілмен қатар пай­
даланса (дұрысы; пайдаланбаса) өз тілің өгейдің күнін кеш­
пек. Бүгінде қала қазақтары арасында өзара орысша сөйлесу 
дағдыға айналды. Қазақты Жириновский айдай әлем ал­
дында «өз тілі жоқ халық» деп сөккенде намыстанып едік. 
Енді сол сайқымазақтың айтқаны келгендей. Нанбасаңыз 
Алматы, Астана мекемелеріне, кафе, мейрамханаларына 
бас сұғыңыз! Шынында да «өз тілі жоқ халықты» көресіз. 
Масқара ма, масқара. Қазақстанның кез келген азаматы ал­
дымен қазақ тілін, сосын өзге тілді меңгеріп жатуы керек емес 
пе?! Бірақ бізде бәрі керісінше. Бұл құбылыс түбінде қазақ 
қасіретіне айналмаса неғылсын!!! Тәуелсіздік идеясына кері 
әсер етіп жүрмесе неғылсын! Өз үйінде бүгін өз тілін қорғай 
алмаған қазақ, ертең Тәуелсіз Отанын қалай қорғамақ?! 
Қазақстан байлығын кім көрінген пайдалануы мүмкін, бірақ 
Қазақстанды қорғауға келгенде кім көрінген өз басын бәйгеге 
тікпесі хақ. Отан деп өз басын бәйгеге тігер баяғы байғұс па­
триоттар болмақ. Бұл ақиқатты бізге бір минутта ұмытуға 
болмайды. Қазақстан болашағы – Қазақстан патриоттығында. 
Отан қорғау, Отан үшін отқа түсу – әр азамат борышы. Киелі 
борыш! Өйткені бұл – ұлттық қауіпсіздік. Қауіпсіздік – басты 
мемлекеттік міндет. Мемлекет ол мақсатқа тек бірлікпен ғана 
жете алады. Ал бірлік кепілі – бір тарих, бір тіл, бір дін, бір 
басшы емес пе?! Яғни біртұтас ұлттық рух емес пе?! 
– Әңгімеңізге рақмет!

168
Шәкір ЫБЫРАЕВ

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал