Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



жүктеу 2.6 Kb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата09.01.2017
өлшемі2.6 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

МА АЛАЛА
ЖИ А Ы
ХАЛЫ
А ИХ
Л Ы Ы ДА
І

УДК 94 (574)
ББК 63.3(5 Қаз)
Х 17
Жоба жетекшісі – Бас редактор: Ерлан Сыдықов – тарих ғы­
лым дарының докторы, профессор
Шығарушы редактор: Тілеген Садықов – тарих ғылымда ры­
ның докторы, профессор
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақа лалар
жинағы.  Т. 1. Құраст. Т. Шаңбай, А. Ибраева. – Астана: 
Фолиант, 2013. – 320 бет. 
ISBN 978­601­302­004­4
Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгресі кітапхана сы 
ая сында жарық көріп отырған «Халық тарих толқынын да» се ­
рия лық ғылыми жинағының бірінші кітабына хал  қымыз дың 
ұлы мұра сы – тарихымызға арналған ғылыми­та ным  дық зерт­
теу  лер енгізілген. Ғы лыми жинақ идея авторы Елба сы Нұрсұл­
тан Назарбаевтың «Абы  лай аңсаған азаттық» атты мақаласы мен 
ашыл ды. Сериялық ғы лы ми жинақтың бірінші кі табына, сон­
дай­ақ белгілі ғалымдар мен қо ғам және өнер қай раткерлерінің 
мақа лалары, зерттеу­сұхбаттары енген.
Еңбек зерттеуші мамандарға, тарихшыларға, магистранттар 
мен студенттерге, жалпы Отан тарихына қызығушы қауымға 
арналған.
ISBN 978­601­302­004­4 (Т. 1)
ISBN 978­601­302­003­7
© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
    ұлттық университеті, 2013
© «Фолиант» баспасы, 2013
УДК 94 (574)
ББК 63.3(5 Қаз)
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ
Х 17

3
БАС РЕДАКТОРДАН
Елдігіміздің негізі тарихи танымның тереңдігі мен ақи­
қаттылығында екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзін   де 
анық атап көрсетті: «Қазақтың сана­сезімі өткендегі, қа  зір­
гі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлт    тық 
«Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана 
мүмкін дік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шын­
дық қа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандық тар ­
  дың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал 
осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана мүмкіндік тү­
рінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны 
шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәй  кес 
боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қар­
манып жүрмейміз...». Сондай­ақ, ел тарихын маман ға  лым­
дардың жазуы қажет екенін, соның негізінде әртарапқа алып 
қашпайтын нақты, анық канондық оқулықтар жазылып, 
жас  тарға, ел болашағына ұсынылуы қажет екенін де Ел ба сы 
қа дап тұрып айтты. Отандық тарихшылардың алдында үл  кен 
жауапкершілік тұр.
Осы орайда, Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Кон  гре­
сі кітапханасы аясында жарық көріп отырған «Халық та рих 
толқынында» сериялық ғылыми жинағына халқымыздың 
ұлы мұрасы – тарихымызға арналған зерттеулер мен тұжы­
рым 
 
 
дар енгізілген. Сериялық ғылыми жинақтың келесі 
жалға 
сын табар басылымдарына Қазақ елінің тарихына 
қатысты іргелі зерттеулер мен құнды дереккөзі – құжаттарды 
жүйелі түрде беру жоспарланып отыр. Сериялық ғылыми 
жинақ  тың алғашқы кітабы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абы­
лай аңса ған азаттық» атты мақаласымен ашылды. Се рия­
лық ғылыми жинақтың бірінші тарауында мемлекет қай­
рат керлері, бел гілі тарихшы ғалымдар Марат Тәжин, Ерлан 
Сыдықов, Хан 
гелді Әбжанов, Бүркітбай Аяған, Әбсаттар 

4
Дербісәлі, Бауыржан Байтанаев, Мәмбет Қойгелді, Меруерт 
Әбу сейі тованың мақалары берілсе, екінші тарауға әдебиет 
және қо ғам мен өнер қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, 
Ора зақ Смағұлов, Қойшығара Сарғараұлы, Алдан Смайыл, 
Әбді мәлік Нысанбаев, Ғарифолла Есім, Қаржаубай Сартқожа, 
Сейіт Қасқабасов, Смағұл Елубай, Шәкір Ыбыраев, Талас 
Омар беков, Жамбыл Артықбаев, Дихан Қамзабекұлы, Тұр­
сын Жұртбай, Нұрсан Әлімбай, Аманжол Қалыштың ма қа­
лалары енген. Кітаптың үшінші тарауына мерзімді ба сы лым­
дарда жарық көрген тарих тағлымына қатысты жазыл  ған 
Қасымхан Бегманов, Бейбіт Қойшыбаев, Қоғабай Сәрсе ке, 
Оразбек Сәрсенбай, Қуат Бораш, Еділ Ноя нов, Күлпаш Ілия­
сова, Светлана Смағұловалардың тол ғам­ұсыныстар, сұхбат­
пікірлері жинақталып берілген.
Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгресі кітапха­
насы аясында жарық көріп отырған «Халық тарих толқы­
нын да» сериялық ғылыми жинағы Сізді қызықтырған жағ­
дай да немесе ұсынысыңыз болса мына мекенжайға хабарла­
сы  ңыз: 
Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлт тық университеті, Тарих факультеті. Байланыс те-
лефондары: 8 (7172)709537(34301, 34302), 87013405216, 
87013219295, 87075960000.

І І ШІ
а а

7
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
АБЫЛАЙ АҢСАҒАН АЗАТТЫҚ
Абылай Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ ордасын 
еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Қазақ ханды­
ғы деген ұлан­ғайыр жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің 
етек­жеңін бүтіндеді. Оның қазақ халқының тұғыры берік, 
жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа же­
ту жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның кү­
шін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына та­
рих куә.
Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, 
бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл­
парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқа­
сында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осы­
лайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі 
артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік 
парызын атқарып кетті.
Болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы 
үшін біз бабалардан қалған аманатты есімізден шығармай, 
үнемі електен өткізіп отыруға тиіспіз. Өйткені біз Абылай ба­
бамыз армандаған осы күнге оңайлықпен жеткеніміз жоқ.
Ел арасында Абылайдың арманына байланысты айтыла­
тын тәмсіл бар. Ақтық сәтінде: «Хан ием, не арманыңыз 
бар?», – деп сұраған Бұқар жырауға Абылай хан: «Үш арма­
ным бар. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім. 
Қан көп төгілді. Екіншісі, халық жер емшегін еме алмады, 
қала, кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре ал­
мадым», – деген екен.
Әрине, сыртқы жауға қарсы қазақтың басын біріктіріп, 
халқын азат қыламын деп аттан түспеген ардақты ханның ел 
келешегіне қатысты арманы аз емес еді. Бірақ ауызбірліктің 

8
дұрыс болмауынан Абылайдың көп арманы заманында орын­
далмай қалды. Маңдайына бақ пен соры қатар жазылған 
Қа зақ елі Абылай хан өмірден өткеннен кейін де тағдырдың 
талай тауқыметін тартты. Ырысын қашырған алауыздықты, 
«бас басына би болған өңкей қиқым» заманды, ұлттық бол мы­
сымызды жоймақ болған тоталитарлық саясаттың тепкі сін 
көрді. Алайда ертеңгі күнге деген үмітімізді өшірмей, бәрі нен 
өттік. Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұрат қа 
бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман та­
лабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, әлемдік қа­
уымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен 
мәң гілік достыққа, өзара тиімді сауда­экономикалық, мәдени 
байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің Қа­
зақ жеріне қатысты дауы жоқ.
Ең бастысы, біз бабалар аманат еткен киелі жерімізде құр­
ған мемлекетімізде ынтымағымызды сақтай білдік. Соның 
арқасында берекелі бірлігіміз төрткүл дүниеге мәлім болды. 
Есіл дің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. 
Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абы­
ройлы мемлекет ретінде танылдық. Қазіргі жасампаз Қазақ­
стан іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс 
мойындатқан Тәуелсіз мемлекетке айналды. Қандай қиын­
қыстау замандардан өтсе де елдігін жоғалтпаған қазақ халқы 
Абылай армандаған мамыражай бейбіт өмірді көрді. Абылай 
мұратының орындалғаны осы емес пе?!
Олай болса, қазақтың тағдыры қыл үстінде тұрған ке­
зеңде хандық құрып, тұтастай бір мемлекеттер жер бетінен 
жо йылып кетіп жатқанда елге, жерге қорған болған айтулы 
Абылай ханның 300 жылдығы – жалпыұлттық ұлағатты той. 
Ал республикалық деңгейдегі кез келген мерекелік шара ұлт­
ты ұйыстыруға, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет етуі ләзім.
Осы орайда Абылай ханның ұлағатты өмір тарихын ұлт қа, 
ұрпаққа кеңінен өнеге ету керек. Жас ұрпақ Абылай хан ның 
Қазақ елінің тарихындағы алар орнын жақсы білуге тиіс. Бұл 
кейінгі буынның жүрегіне отаншылдық нәрін егіп, бойын­
да мемлекетшіл қасиеттердің өркен жаюына ықпал етпек. 
Мемлекет тарихын, даңқты бабалары жүріп өткен жолдың 
бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен тағдырлы 

9
ше шімдерін, ақтаңдақ беттері мен дара тұлғаларының қай­
раткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі зама на 
жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады. Ол үшін 
біз ұрпақ алдындағы өз міндетімізді толық атқарып, жас тар­
дың ой­санасының дұрыс қалыптасуына барынша жағдай жа­
сауымыз қажет.
Әрине, Абылай хан зерттелмей қалған тұлға емес. Қазір 
ұлттық тарихымыз тәуелсіз жаңа көзқарас тұрғысынан тү­
бегейлі қайта зерделенуде. Ал аумалы­төкпелі аласапыран  ­
ды бастан кешкен Абылай ханның заманы – алыптар дә уірі. 
«Бо лу немесе бордай тозудың» алдында, өмір мен өлім нің 
беттес кен тұсында дұшпанға қарсы тізе қосып, Абы лайдың 
қасы нан табылған үзеңгілес серіктері де ақылы оз  ған абыз­
дар, төре лігі әділ билер, жүрегі түкті батырлар еді. Атаме­
кен жері үшін қасықтай қанын қиған даңқты баба лар дың 
аттары ұрпаққа ұран болып бүгінге жетті. Тарих – та ғылым. 
Сондықтан Абылай хан мен оның дәуірін, сол тұс тағы жы­
раулар мен абыздарды, билер мен батырларды бар бол мы­
сымен жас ұрпақтың санасына сіңіру керек.
Мен халыққа арнаған сөздерімде ел бірлігі, ұлт татулығы 
игіліктің кепілі екендігін айтудан жалыққан емеспін. Осы 
жолда бар қажыр­қайратымды жұмсап келемін. Өйткені 
бір  лігі тайған елге бақ құтаймайтынын осынау азды­көпті 
жиыр ма жылдың ішінде өзгенің тәжірибесінен сан рет көр­
дік. Берекенің бастауы елдің ынтымағы екеніне де Тәуел­
сіздігіміздің ғасырға бергісіз алғашқы белесінде куә болып 
отырмыз.
Өткенінен сабақ алмаған ел табысқа жете алмайды.
Сонау қилы замандарда қазақтың жерін жоңғар басып 
ал  са, ол қазақ сарбаздарының немесе қазақ ұлтының әлсіз­
ді гінен емес, бірлігін құнттай алмағандығынан, ағайынның 
алауыздығынан және заманның көшіне ілесе алмағанынан 
болатын. Ал адуынды жаудан қасиетті жерімізді азат етіп, 
жоң ғар әскерін оңалмастай етіп жеңсек, ол да бар күшімізді 
бір қолға, Абылай хан туының астына жинаған тастүйін бір­
лігіміздің, ынтымағымыздың арқасы еді.
Абылай хан қызғыштай қорып, тұмарындай тәу еткен, 
ар мандап кеткен Қазақ елінің Тәуелсіздігіне біздер, бүгінгі 

10
буын қазақстандықтардың жеткені үшін де шексіз тәубе ай­
тып, бөлінуге бастайтын жершілдік пен рушылдық дертінен 
арыл ған жөн. Себебі бүгінгі заманның жаңаша түрленген қа­
уіп­қатері кешегіден кем соқпайды. Ендеше, Абылайдың ар­
ма нына қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше мақтан тұ­
тып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған татулығымызды 
сақ тауға қызмет ету – баршамыздың парызымыз.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!
 
 

11
Марат ТӘЖИН 
ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАП ҚАЛУ – 
ӨЗ-ӨЗІҢДІ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Біз мемле кет 
құрудың жаңа белесіне шықтық.
Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан – 2050» Стра­
тегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтар ға, 
атап айтқанда, «Біз қайда барамыз?» және «2050 жылы қай­
да болғымыз келеді?» деген cауалдарға жауап береді. Кеңі­
нен қамтып айтсақ, мәселе ел болашағының дүниетаным дық 
жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарлар­
ды айқындау туралы болып отыр. Сөз жоқ, бұл құндылық­
тар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болу ға 
тиіс. Олар мынау жаһанданып, ашығын айтқанда, ұлт тық 
өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі біздің ұлттық 
бірегейлігімізді нығайтуы тиіс. Олар ұлттың мәдени кодын: 
тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамта­
масыз етуі тиіс.
Сондықтан да Мемлекет басшысы: «Бүкілқазақстандық 
бі регейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне 
ай налуы тиіс», – деп баса көрсетіп отыр. Мәселенің бұлайша 
қойылуы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мә­
селелеріне объективті түрде шоғырландырады. Сонымен бір­
ге, біз уақыттың тарих ғылымының алдына мүлдем жаңа та­
лаптар қойып отырғанын айқын көріп, ұғынуға тиістіміз.
Әлемдік тарихнамада орын алған таным тәсілдерді сыни 
тұрғыдан қайта қарау біздің назарымыздан тыс қалып қой­
ды. Әңгіме, кем дегенде, ХХ ғасырдың екі әдіснамалық ре­
во люциясы жайында болып отыр, тарих ғылымындағы қағи­
датты өзгерістер солармен байланысты.

12
Біріншіден, мен ең алдымен ХХ ғасырдың бірінші жар­
тысындағы француз тарихи мектебінің қуатты зияткерлік 
қозғалысын атап айтқым келеді, ол қозғалыс ең алдымен 
Люсьен Февр мен Марк Блоктың есімдерімен байланысты. 
Бүгінгі тарих өзінің тар пәндік шеңберінен шығып, пәнара­
лық ғылымға айналғаны анық. Тарихи зерттеулер өз бойына 
көп теген шектес пәндердің – социология мен әлеуметтік пси­
хо 
логияның, макроэкономикалық теорияның, әлеуметтік 
геог  ра фияның,  этнографияның,  антропологияның,  мәдениет­
та нудың, құқық тарихының және басқаларының әдістерін 
кіріктірді.
Екіншіден, әлемдік тарих ғылымында ауқымы ал ғаш­
қыдан кем түспейтін тағы бір сапалық секіріс ХХ ғасыр­
дың екінші жартысының өзінде орын алды. Ғалымның рөлі 
өзгерді. Тарих ғылымына феноменология мен герменев ти ка 
әдістерінің енуі тарихи зерттеулердің сипатының өзін едә­
уір өзгертіп жіберді.Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбе­
леп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеуші» емес, 
тарихшы «пайымдаушыға» – зерттелетін уақыттың ішкі 
ма ғынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп 
қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн­
жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға 
ай налуы тиіс. Осылай қараған кезде әрбір ұлттық тарих фор­
мациялар мен өркениеттердің абстрактілі хронологиялық 
жылнамасы ретінде емес, халықтың бүкіл күрделілігі мен 
бөлек бітімін бойына сыйғызған жанды тарих ретінде бой 
көрсетеді. Тарихшының міндеті – ұлттық тарихты қайдағы 
бір әмбебап заңдылықтардың қасаң қалыптарына салып жі­
бермей, ұлттық тарихтың жанды, бөлекше ағзасының қалай 
дамитынын түсіну.
Еуропацентризммен әбден уланған шетелдік көпестер дің, 
барлаушылардың, әскери адамдардың немесе географтар­
дың қазақ тарихы туралы куәгерліктерін сыни талдаусыз 
сөзсіз ақиқат деп қарауға бола ма? Біз ол дереккөздердің бә­
рін байыпты түрде қайта пайымдауға, бүгінгі ғылымның 
биігінен қарағанда олардың көбіне­көп қазіргі үлгі­қалыптар 
бойынша ешқандай сын көтермейтінін түсінуге тиіспіз. Сөй­
тіп, ойымызды жинақтайтын болсақ, тарих ғылымында әм­

13
бебап өркениеттік және формациялық теорияларынан, ескі 
тәсілдемелер мен міндеттерден мүлдем жаңа талап қою және 
соған көшу орын алды. Егер біз ұлттық тарихты формация лық 
көзқарас түсініктерімен қарап, түркі қағанаттарының бі регей 
өркениетін, мысалы, ерте феодализм терминдерімен пайым­
дайтын болсақ, онда біз ештеңені де түсіне алмаймыз және 
қарадүрсін сұлбаны қайталаймыз. Егер қазақтар этно генезін 
марксистік структурализм терминдерімен қарас тыр сақ, онда 
біз кезекті бір тығырыққа тірелеміз. Өйткені ес кір ген ғылы­
ми тілдің көмегімен болмысты бүгінгі ғылым биі гінен көруге 
болмайды.
Осы заманғы бір философтың бейнелі түрде айтқанындай, 
«сөздердің әлеуметтік болмысты құрылымдауы олардың сол 
болмысты бейнелеуімен бірдей». Әрине, біз тарихты Люд виг 
Витгенштейннің әуелгі беттегі немесе «тарихи факт линг­
вистикада ғана өмір сүре алады» дейтін Ролан Бардтың ке­
йін 
гі кезеңдегі пікірлерінің рухында ұғындырудан аулақ­
пыз. Мұ ның өзі асыра сілтеу және қазірдің өзінде архаизм, 
рас, архаизмге айналғанына көп бола қойған жоқ. Сондық   тан 
постмодернистік сөз саптау немесе лингвистикалық фило  со­
фияның концептілері қатты кешіксе де, қазақ тіліне енгізі    ліп 
жатқанын тек қолдау керек. Дегенмен бір жайдың басы ашық: 
біздің тарихнамамыз өзінің әдістемелік және тілдік құра   лын 
қатты өзгертуі тиіс. Қазақстанның тарих ғылымының ал­
дында нақты сынақ тұр, ол сынақтың жауабын табуға әб  ден 
болады.
Ұлттық тарих мәселелерімен көптен бері және нақтылы 
айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи 
зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мынау:
– Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы 
әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге 
асы руына жағдай жасау;
– қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, 
ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру;
– Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мә­
нін пайымдау.

14
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасы аяқ асты­
нан шыққан жоқ. Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұл  дыр. 
Планетада мән­мағына мен құндылықтардың мыл 
тықсыз 
майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде та рихи жа­
дыны сақтап қалу – жалпы өзіңді­өзің сақтап қа лудың жал­
ғыз жолы. Тәуелсіздігіміздің бесінші жылында­ақ Нұрсұл­
тан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің тарихына қатысты 
өзінің көзқарасын айтып: «Біздің халқымыз та рихтың қат­
пар­қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да 
қызықты, талайлы тағдыр кешті. Ол, не гізінен, тәуелсіздік 
жолындағы күреспен өтті», – деп атап көрсетті.
Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көз­
қарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих 
тол қынында» кітабында баян етіп берді. 2003 жылы Қа зақ­
стан халқына Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев бұ­
рын­соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын 
бас  тайтынын жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған же­
ті жылда – 2004­2011 жылдар аралығында Қазақстанның та­
рихы, археологиясы мен этнографиясы бойынша 26 ар наулы 
зерттеу жүргізілді. Дегенмен мұның бәрі – тарихи жа ды мен 
тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды 
жұмыстың басы ғана.
Қазір мемлекетіміздің қалыптасқан белесінде біз өз та­
рихымызды осы заманғы ғылымның биігінен пайымдауға 
жә  не  ұлттық  тарихтың  бөлінбейтін  бейнесін  қалыптасты ру  ға 
тиіспіз. Қазақстанның қазіргі аумағы негізінен қазақ эт но­
сын қалыптастырған тайпалардың таралу аумағына сәй кес 
келеді. Ол тайпалардың XV ғасырда аяқ астынан қалып таса 
қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы – та­
лай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке қарай, ол 
жет кілікті деңгейде зерттелмеген.
Өкінішке қарай, ғалымдарымыз әлі күнге дейін көне түр ­
кілік Дешті Қыпшақ даласындағы ертедегі мемлекет тік құ­
рылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі­қыпшақ жұр­
тының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тари хы 
сияқты тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптар ды 
жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастырған жоқ.

15
Біз сақ мәдениетін, әсіресе массагеттерді (Арал бойын 
ме 
кендеген), тиграхауда сақтарын (Жетісу жерінде) және 
арим 
пастарды (Шығыс Қазақстан мен Алтайда) тереңінен 
зерттеуге тиіспіз. Бұл арада классикалық кезеңдегі еуро­
палық авторларды оқып, пайымдап қана қою жеткілік сіз. 
Қаңлы мен Ғұн дәуірінің тарихи фактілері мен мәдени ар­
те 
фактілері (қолмұралары) дербес қарастыруды және па­
йымдауды қажет етеді. Ежелгі Түркі мемлекеті, Түргеш 
жә   не Қарлұқ қағанаттары да бөлекше назарымызда болуы 
тиіс, өйткені біздің арқаулық этномәдени және өркениеттік 
сәй  кестігіміз – түркілігіміздің тамыры дәл соларға барып ті­
ре леді. Еліміздің аумағындағы барлық ежелгі мемлекеттер 
мен қоғамдастықтар егжей­тегжейлі зерттелуі тиіс, себебі 
олар біздің этносымыздың қағазға түскен, дерек қалған та­
ри хының маңызды буыны болып табылады. VI ғасырда тарих 
аренасына жаңа тарихи тұлға – Түркі қағанаты – көптеген 
халықтардың этногенезіне, күрделі де санқилы мәдени ке­
шен дердің орнығуына аса үлкен ықпал жасаған Далалық түр­
кі империясы шықты. Бұл – біздің ұлтымыздың этноге незі 
та рихындағы аса маңызды белес. Біз Шыңғыс хан империя сы 
дәуірінің нақты көрінісін қайта жаңғыртуға, осы тақырып­
ты саудаға салушылықтан да, оған дәстүрлі түрде оңайла тып 
қараудан да бас тарта отырып, сол кезеңнің этностық бол мыс­
бітімін де түсінуге тиістіміз.
«Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының 
жаз 
ғанындай, «Біздің арғы ата­бабаларымыз Қиыр Шы­
ғыс тан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі 
аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың 
жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең­байтақ 
аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның 
этностық және мемлекеттік бет­бейнесін бір емес, бірнеше 
рет өзгертті». Бұл құрылымдардың қазіргі Қазақстан мен 
Орталық Азия аумағында тұрып жатқан жалпы (арғы түр­
кілік) антропологиялық тип пен арғытүркілік тілдік топ ты 
қалыптастырудағы рөлі қандай? Олардың Қытай, Рим, Ку­
шан империяларымен, Парфиямен және басқалармен өз ара 
қатынасының (саяси, экономикалық және мәдени байла­

16
ныс тарының) жүйесі қандай болған? Ұлы Жібек жолының, 
әсіресе оның біздің ел аумағы арқылы өтетін бөлігінің – Дала 
жолының дипломатиялық және сауда­экономикалық рөлі 
қандай еді? Ол жол мәдениеттердің өзара кірігуі мен бірін­
бірі байытуына, Орталық Азия мен Еуразияның басқа да 
мемлекеттерінің, әсіресе Шығыс елдерінің мәдени­өрке ниет­
тік қарым­қатынасына қалайша септескен? Қазақ даласы­
ның Шыңғыс хан мен оның ізбасарлары империясының жү­
йесіндегі XII­XIV ғасырларды қамтитын тарихы барынша 
қа дала назар аударуды талап етеді. 
Алтын Орданың, орда хандарының тарихы – Қазақ дала­
сының қалыптасу сатысында тұрған жаңа орыс мемлекетімен 
белсенді қарым­қатынасы басталған кезең де өте маңызды. 
Өкінішке орай, қазіргі тарихнамада еуропацентризмнің 
ықпалымен бір­бірімен кереғар күштер – көшпелілер («вар­
вар лар») мен отырықшы халықтар («өркениеттілер») күре­
су мен өткен деген түсінік басым. Алайда уақыт өте келе 
зерт  теушілер мұндай түсініктің дұрыстығына барған са йын 
көбі  рек күдік келтіре бастауда. Түркі­славян өзара байла­
ныстары ның тарихы тек қана соғыстардан, әскери жеңістер 
мен жеңілістерден тұрмайды. Бұл ең алдымен сан қырлы сау­
да, саяси, әскери, мәдени өзара байланыстардың тарихы екен­
дігі естен шығарыла береді. Неге екені белгісіз, өкінішке орай, 
біз өздеріміздің мәдениеттеріміз бен өркениеттеріміздің тіл 
табысқан тұстарын аттап өтіп, назардан тыс қалдырамыз. Біз 
тек қақтығыстарды зерттейміз, сөйтеміз де бүгінгі заманның 
сүйініші мен күйінішін өткен күнге көшіре саламыз,бұлай 
ету жөнсіз және бұл кәсібилікке де жатпайды.
Қазақтар Еуразияның ең байырғы автохтонды халық та­
рының бірі екені сөзсіз. Сонымен бірге Қазақстанның та ри­
хы – осы жерді кейінірек мекендеген, бірқатары еркінен тыс 
қоныстанған басқа да этностық топтардың да та рихы. Елі­
міздің полиэтникалығын қалыптастыруда бұл үде рістерді біз 
объективті түрде зерделеуіміз қажет. Қазақ станның тарихы – 
бұл біздің ортақ тарихымыз.
Қазақстанның жиырмасыншы ғасырдағы тарихы – көп 
жағдайларда ұлттық пен тоталитарлық қақтығысының та­
рихы. Бұл – ұлттық сана­сезімді аяусыз саяси машинаның 

17
езіп­жаншу тарихы, ол үшін алдында кім тұрғаны – қазақ 
па, орыс па, украиндық па, өзбек пе – бәрібір. Біз тарихтың 
нақты тетіктерін дәлме­дәл әрі айдан анық түсінуге тиіспіз. 
Сонымен бірге басқа бір қағидатты сұрақ туындайды: тұтас 
ұрпақтардың тарихы, біздің аталарымыз бен бабаларымыздың 
тарихы қандай да бір сындарлы мағынадан жұрдай болғаны 
ма? Әрине, олай емес, өткен ұрпақтардың өмірі мағынадан 
жұрдай емес. Бұл арада мәселенің тарихи және этикалық 
қырлары бар.
Кез келген тарихи дәуірде адамдардың өмірі мен саяси 
жүйенің өмірі үйлесе бермейді. Қазақстандықтардың ХХ ға­
сырдағы ұрпағының өмірі өзінше жоғары дербес мағынаға 
ие. Олардың өздерінің қуанышы, өздерінің жеңістері мен же­
тістіктері болды. Тұтас ұрпақтар өмір сүрген тарихтың осы­
нау үлкен қатпарын сызып тастау, оны бір ғана қара бояумен 
бояй салу таза тарихи тұрғыдан қарағанда да әділетсіздік бо­
лар еді. Түптеп келгенде, бүгінгі күннің биігінен өткен дәуір­
ді дұрыс бағалау – біздің өз ата­бабаларымыздың алдын да ғы 
перзенттік парызымыз. Мұндайда бір қиырдан бір қиыр ға 
шығып кетудің қаупі бірдей.
Біріншіден, өткен дәуренді дәріптеудің қажеті жоқ. Бая ғы 
бір тәртіпті аңсай бермей, жиырмасыншы ғасырдағы қиын­
шылыққа толы тарих туралы ашық айту керек. Сол тәр тіптің 
тұсында миллиондаған ата­бабаларымыздың қалай өмір сүр­
генін біз жақсы білеміз. Сондықтан тоталитарлық мем лекетте 
«ұлт мәселесін шешудің» барша ғажаптарын ашып көрсету – 
біздің тарихшыларымыздың тікелей парызы.
Екіншіден, өткен күнге объективті қарауымыз қажет, аға 
буынның наным­сенімдеріне құрметпен қарап қана қоймай, 
тарихта тек қара мен ақ түстің ғана болмайтынын ұғынуымыз 
керек.
Жиырмасыншы ғасырдың ұлы тарихшыларының бірі 
Бродель «ұзаққа созылған баяулық» деп атаған кезең кел мес­
ке кетті. Тарихтың асықпай­саспай, айдан анық етіп айта тын 
кезеңдері енді оралмайды. Бүгінгі заманның тарихы басқа­
ша болатындығы біздің өткен күн туралы көбірек білетіні­
мізге ғана байланысты емес. Оның басқаша болатындығы 
та рихи уақыттың құрылымының өзі өзгергендігінде. Адам­
2­0192

18
дардың бірде бір буыны ешқашанда адамзаттың соңғы жиыр­
ма жылдың ішіндегі өміріндей соншалықты қарқынды жә не 
соншалықты буырқанған өмір сүріп көрген емес. Бұл айт қа­
нымыз қазақстандықтарға да қатысты. Соңғы ши рек ға сыр­
дың ішінде біздің елімізде болған оқиғалардың ауқым ды лығы 
мен тарихи маңыздылығы оларды тарих ғылымының жүйе 
тұрғысынан ой елегінен өткізуін талап етеді.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы – тарих ғылымында 
салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыт. Осыған байланыс­
ты ол әлі қоғамдық институт ретінде басы ашылған сипатқа ие 
емес, яғни өзінің әдіснамасы және оқу­әдістемелік тұрғыдан 
қамтамасыз етілуі бар толық дербес ғылыми пәнге бөлініп 
шыға қойған жоқ.
Біз үшін бұл олқылықты тез арада жою маңызды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының ерекшелігі неде?
Бір жағынан қарағанда, ол тәуелсіздікке қол жеткізу және 
жаңа мемлекет құру тарихы болып табылады. Сондықтан да 
жаңа тарихтың басталар тұсы – кеңестік жүйенің ыдырауы 
және соған байланысты елеулі геосаяси дағдарыс кезеңі.
Екінші жағынан қарағанда, Қазақстанның қазіргі заман 
тарихы бүкіл адамзаттың дамуындағы жаңа белеспен сәйкес 
келіп отыр. Біздің көз алдымызда қағидатты түрде жаңа әлем­
дік тәртіп қалыптасып жатыр.
Сол кезеңде Қазақстан тарихында орын алған оқиғалар­
дың тарихи мәнділігі мен мәнісі неде? Ол оқиғалардың даму 
сце нарийлері қандай болуы мүмкін еді? Ол оқиғалар қандай 
жағ дайда бүгінгі үдерістердің алдын орап, сипатын айқындап 
кетті?
Таяу болашақтағы біздің жұмысымыздың басымдық  та­
ры қандай?
– Жаңа тарих мәселелері бойынша зерттеулердің тақы­
рыптық аясын кеңейту керек. Олардың арасында біздің мем­
лекетіміз бен қоғамымыздың өтпелі кезеңінің көзге түсер 
ерекшелігі ретіндегі үш еселенген транзит; мемлекеттік ме­
неджмент пен стратегиялық басқару жүйесі; мемлекеттік 
құ 
рылыстың жүріп өткен әр белесіндегі әлеуметтік­саяси 
үде рістер; қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы; жаһан да­

19
нудың ұлттық мәдениетке ықпалы және басқа да көкейкесті 
тақырыптарды бөле айтуға болады. Біз пысықтауға тиісті 
қыруар тақырыптардың арасынан аз ғана бөлігін еске са лып 
тұрғанымды өздеріңіз түсініп отырсыздар.
– Мемлекеттік құрылыстың өзіміздің қазақстандық мо­
делі, Мемлекет басшысы тұлғасының ұлттық тарихтың жаңа 
белесіндегі рөлі ғылыми тұрғыдан байсалды пайымдауды қа­
жет етеді.
– Біз пәнаралық зерттеулерді жүзеге асыруда сілкініс жа ­
сауға тиіспіз. Біз зерттеушілік құралдары мен жұмыс тә сіл­
дерін түбегейлі жаңартуға: болашаққа байланысты үр діс терді 
айқындау үшін тарихи модельдеу мен болжамдау ас   паптарын 
батыл қолдануға тиіспіз. Сонымен, біздің ал ды мызда бұған 
дейін ұлттық тарихта шешілмей келген ау қымы жағынан аса 
үлкен міндет тұр.
Біріншіден, жинақталған тарихи фактілер мен куә гер лік­
тер, материалдық мәдениеттің жәдігерліктері, нышан 
дық 
мәні бар пішіндер мен әдет­ғұрыптарды зерттеу, филоло гия 
мен лингвистиканың мәліметтері, тарихи география мен де­
мография, тарихи зерттеудің жаңа тәсілдері, пәнаралық 
көзқарастар бізге қазақтардың этногенезі бұған дейін тарих 
ғы лымы дәйім пайымдап келген кезден анағұрлым ерте қа­
лып тасқан деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Этнос көк­
жиегін біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығына дейін ке­
ңейту және оны ғылыми тұрғыдан орнықтыру бүкіл ұлттық 
тарихқа жаңаша қарауға, біздің халқымыздың планета ның 
осы алып өңіріндегі алатын нақты орны туралы түсінігі мізді 
өзгертуге мүмкіндік береді. Мұның өзі ұлттық сәйкестік тің 
маңызды факторына айналып, ұлттық сана­сезімімізді қа­
ғидатты түрде өзгертеді.
Екіншіден, біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың басты мән­
мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіс піз. 
Тәуелсіз егемен мемлекеттің өмірінде үшінші он жыл дық бас­
талды. Осы жылдар ішінде расында да ғасыр лар ға тең жолдан 
өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жет ті. 
Қазақстандық мемлекеттік басқару моделінің маңызды 
негіз қалаушысы – Көшбасшының рөлін айрықша атап көр­
сеткім келеді. Бұл жерде Қазақстан басшысы қызметі 
нің 

20
бірқатар қырларына ғылыми тұрғыда талдау жасау қа жет 
етіледі.
Біріншіден, 20 жылдан астам уақытта біз стратегия лық 
пайымымыз туралы ашық айта аламыз. Осы жылдар ішінде 
біз әлемнің түрлі өңірлерінде метеор тәрізді жылт ете қалған 
көптеген жарқын саясаткерлерді көрдік. Алай да елдің даму 
стратегиясын ондаған жылдарға алдын ала айқындап және 
оған болжам жасап қана қоймай, сол жос парды іске асы­
ра білу – бұл стратегиялық пайымдай ала тын саясаткерге 
тән қасиет. Бұған қоса, Көшбасшы өзімен барлық жағдайда 
келісе бермейтінін ұғына отырып, оның табысты болашағына 
деген жауапкершілік жүгін өзіне артып, кей жағдайларда 
қоғамдық пікірге қарсы жүре ала тын күш­жігері жеткілікті 
болуы тиіс.
Екіншіден, айқындылық. Көшбасшылардың барлығы 
дер 
 
 
лік мұндай қасиетке ие емес. Олардың көпшілігі оны 
сай   лауалды науқан кезінде берілетін жалаң уәделермен ша­
тас тырады. Біздің Елбасы ешқашан әлеуметтік қиял­ға жа­
йыптарды уәде еткен емес, ал уәде берген жағдайда дәл есеп­
тей біледі және оны әрдайым іске асырады.
Үшіншіден, басқарудың инновациялық стилі. Көмір­
сутегіне бай көптеген елдер мұнай қайнарының айналасын­
да дағдарып қалды. Қазақстан Президенті күш­жігерді ин­
новациялық дамуға, технологиялық үдеріске бағыттап келеді. 
Елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана жедел техно логиялық 
дамуында.
Төртіншіден, интеллектуалдық ауқым. АӨСШК­тен Әлем­
дік діндер форумына дейінгі, ЕҚЫҰ саммитінен ЭКСПО­
2017­ге дейінгі, елорданы көшіруден «2030» және «2050» 
стратегияларына дейінгі ішкі және сыртқы сипат тағы бар­
лық ірі жобалардың негізінде нақ Елбасының ин теллектуал­
дық күш­қуаты жатыр. Ал осы жобаралардың әрқайсысы 
қазіргі заманғы кез келген ірі саясаткерді құр метке бөлей 
алар еді.Барлық осы деректер, идеялар, оқиғалар жүйелі әрі 
объективті бағаға ие болуы тиіс. Бірақ бұл әдет тегі кезекті ба­
яндауды емес, байыпты ғылыми талдау ды қажет етеді. Менің 
ойымша, бұл біздің тарихшыларымыз дың алдында тұрған 
міндеттің маңызды бөлігі.

21
Бұл міндеттердің бәрін шешу үшін орта мектептер мен 
жоғары оқу орындарындағы тарихты оқытудың осы заманғы 
және шын мәніндегі ғылыми біртұтас мемлекеттік стандар­
тын жасау керек. Ол стандарт осы заманғы зерттеу тәсілдері 
мен оқыту әдістеріне негізделуі тиіс.
Тұтастай алғанда біздің жұмысымызды бірнеше бөлікке 
бөлуге болады.
Бірінші. Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасын  да 
орталық буынға айналуы тиіс.
Екінші. Біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихы ның 
ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжы­
рымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, 
Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың 
өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын 
анық көрсетуге тиіс.
Үшінші. Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі та­
рихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге жә не 
жіктеуге баса көңіл бөлуге тиіспіз. Сондықтан да біз та  рихи 
артефактілердің (бұл қазіргі заман тарихына да қа тысты) 
барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерт теуге, сон­
дай­ақ ол тарихи материалдарды Қазақстанға қай  тару мүм­
кіндігі жөніндегі мәселені қарауға, егер ондай мүм кіндік бол­
маса олардың көшірмесін жасатып, болашақта зерт теу шілер 
мен жалпы жұртшылық үшін қолжетімді етуге тиіспіз.
Төртінші. Сіздердің назарларыңызды орталықазия 
лық 
номадтық өркениетті зерттеудің маңыздылығына ерекше 
ау дарғым келеді, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы 
қазақ этносы болып отыр. Қазақ этносының археологиясын, 
антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті 
мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың 
номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғы­
лыми­қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындау 
ды 
тапсырамын. Бізге Орталық Азия өңірінің тарихы мен тұ­
тастай алғанда жалпы тарих туралы өзіміздің, ұлттық па йым­
түсінігімізді қалыптастыра бастау мәселесін қарастыру ке рек.
Бесінші. Тарих бойынша сапалы оқулықтар даярлау мә­
селесі күн тәртібінен түспей тұр.

22
Ерлан СЫДЫҚОВ


жүктеу 2.6 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет