М. С. Б әйт енов; биология ғылымдарының кандидаты, профессор С



Pdf просмотр
бет1/25
Дата17.05.2017
өлшемі96 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
9432

i


M
ü

ОООこ
(j x a i H 3 d a s H H Ä   'я е Е е у “ 
І Ч іВ К І Г у
( І э і т Ш р ө   m r K M H O J Q x d y  

 ива i
ҒІЭҮ^ИХҮІ^ЗХЭИЭ
сШ
 

 ІіИШЭӨ
ічлѵИчхѵэ іягиож
е о і г л ^ ѵ е л ч р \ [   ' ш   u  
я о

ш л г ө   e   е
( / X
1

Э ІР ІО сІ

^ІІЧХХІГА  МІХХН>[ЗК1АІН1ЛІ 
тдвкнічхв  И 9Ѵ < ІѴ ф -ІГ е

Баспаға  әл-Ф араби  атындағы  КдзМ У-дың биология  факультегпінің 
Ғылыми  кеңесі  үсынған
П і к  i р  ж а з ғ а н д а р :
биология ғылымдарының кандидаты,  профессор 
М .  С.  Б әйт енов; 
биология  ғылымдарының кандидаты,  профессор  С . 
К.  И манкүлова; 
ауыл  шаруашылык ғылымдарының  кандидаты,  доцент 
К,  И.  Ш алабаев
Ж а л п ы   р е д а к ц и я с ы н   б а с қ а р ғ а н  
биология  ғылымдарының докторы,  профессор 
Н .  М.  М ухит динов
Әметов Ә.Ә.,  Мырзакулов П.М.
Ж оғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.  Бірінші бөлім. Архегониялы өсімдіктер:  Оку  қүралы. 
- Алматы:  Қ азақ университеті,  2000.  -  260  б.
TSBN  5-7667-6726-9
Бүл кітапгын. біріпш і бөліміне жоғары сатыдағы өсімдіктердің 
гүлді
 
өсімдіктерден басқа бөлімдерінің барлығы 
толығымен  енген.  Кітап соңғы  система бойынша жазылған.  Онда әрбір бөлімнің жекелеген топтарының даму 
циклі  мен  шығу тектері  жэне  биологиялык ерекшеліктері  сипатталып  жазылған.
Кітап  университеттердің  биология  факулътетінің  студенттеріне  арналып  жазылған.  Бұл  кітапты  сонымен 
бірге жоғары ауыл шаруашылық оқу орындарының жэне медицина институттарынын студенттері, аспиранттары, 
мұғалімдері  пайдалана алады.
ИЛ.  129. 
С.  Горййгыру;
pii


:ぬぶミ
І

:

 
J
 
伽鶴 ГО 
унш^р.с,;Т
 
■ 
L
ISBN  5-7667-6726-9 
^

© иҚазакунвдерситетім  баспасы, 2000.

А Л ҒЫ   СӨЗ
Бүл  окулы қ  жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  систематикасынан  қазақ  тілінде 
жарық көрген  алғашқы  кітап  болмақшы.  Окулықта  ғылымның  соңғы жетістіктері 
толығымен  ескерілген.
Мысалы, 
мүк 
тәрізділер 
бөліміндегі 
бауыр 
мүктері 
класынан 
антоцероттықтар дербес  класс ретінде  бөліп  шығарылды.
Папоротник  тәрізділер  бөлімінің  классификациясы  "Жизнь  растений"  атты 
монографиялық  еңбекте  берілген  классификацияға  сәйкестендіріліп  толығымен 
өзгертілді.  Бұрынғы  орыс  тілінде  жарық  көрген  окулықтардың  көпш ілігінде 
папоротник 
тәрізділерге 
риниофиттерді, 
псилоттарды, 
плаундарды 
жоне 
қырықбуындарды  жатқызып  келген.  Бұл  кітапта  өсімдіктердің  осы  аталған 
топтарының 
барлығы 
да 
дербес 
бөлімдер 
ретінде 
қарастырылады. 
Зостерофиллофиттер 
дербес 
бөлім 
ретінде 
риниофиттерден 
бөлек 
қарастырылады.  Бұрын  риниофиттер  бөліміне  жатқызылып  келген  астероксилон 
туысы  бүл  кітапта  плаундар  бөліміне,  спорогонитес  туысы  м үк  тәрізділер,  ал 
псевдоспорохнус  туысы  қарапайым  папоротник  тәрізділерге  жатқызылады. 
Папоротник  тәрізділердің  тікелей  өзіне  келсек,  бұрынғы  оқулықтарда  ол  класс 
ретінде  қарастырьшып  келген  жэне  мынадай  үш  класс  тармағынан  түрған: 
алғашқы  папоротниктер,  эуспорангиатты  папоротниктер,  лептоспорангиатты 
папоротниктер. 
Бұл 
кітапта 
папоротник 
төрізділер 

класқа 
бөлініп 
қарастырылады. 
Олардың 
ішінде 
түрлерінің 
саны 
жағынан 
ең 
үлкені 
полиподиопсидтер  класы,  ол  3  класс  тармағынан,  6  қа та р д а н ,15  тұқымдастан 
түрады.  Олардьщ  басым  кѳпш ілігі  тропикалық  және  субтропикшіық  облыстарда 
ѳседі,  Бірақ  біздер  бұл  кітапта  негізінен  бүрынғы  одақтас  ресгіубликалардың 
территориясында  кездесетін  түрлеріне  көбірек  мән  бердікте,  тропикалық  және 
субтропикалық тұқымдастардың  өкілдеріне  мейлінше  қысқа тоқталдық.  Сонымен 
бірге  түқымды  өсімдіктердің  де  системасы  бірқатар  өзгерістерге  үшырадьт. 
Мысалы 
ашық  түқымдылар 
бөлімі 
бұрынғы 
системаларда 
саговниктер, 
қылқанжапырақтылар  жөне  гиетопсидтер  кластарынан  тұрған  болса,  бүл 
оқулыкга түкдмды  папоротниктер,  беннетгиттер  жэне  гинкголар-  да дербес  класс 
ретінде  қарастырылады.  Сонымен  бүл  бѳлім  6  кластан  тұрады.  Ж абық 
түқымдьтлар  бѳлімінде де  кѳп  ѳзгерістер  бар.
Осы  кѳрсетілген  өзгерістердің  барлыгы  да  кітапқа  п ікір   жазған  республикаға 
танымал  ботаниктерден  қолдау  тагггы.  Сондықтан  да  авторлар  ол  кісілерге  шын 
ясүректен  алғысын  білдіреді.

К ӀР ӀС П Е
Адам  өмірінде  өсімдіктердің  маңьізының  ересен  зор  екендігі  белгілі.  Олар 
адамға  тамақ 
ретінде  қажетті  органикалық  заттардың  негізгі  бөлігін  түзеді. 
Сонымен  бірге  көптеген  күнделікті  тұрмыс  қажеттіктерін 
шешуге  м үм кіндік 
береді.  Бірақта  барлық  өсімдік 
бүл  түрғьщан  қарағанда  бірдей  емес.  Мүндай 
фактілермен  алғашқы  адамдардьщ  есептесуіне  тура  келген,  өйткені  табиғатта 
пайдалы  өсімдіктермен  қатар,  зиянды  өсімдіктерде  аз  болмайды.  Осыган 
байланысты  шамасы  адамға  өсімдіктерді  бір-бірінен  ажырата  білудің және  оларға 
ат  берудің  қажеттілігі  туған.  Қандайда  бір  кджеттілігіне  байланысты  белгілі  бола 
бастаған  өсімдіктер  саныньщ  артуы  олардың  алғашқы  классификациясын 
жасауга  итермелейді.  Алғашқы  классификацияны  жасау  принциптерінің  қандай 
болғандығы  белгісіз.  Шамасы  ол  ерте  кездерден  әр  халықта  бір-біріне  тәуелсіз 
дербес  қалыптасса  керек.
Біздің  уақытымызға  өсімдіктер  классификациясының  біршама  кейіндеу 
ертедегі  грек  мәдениетінің  өркендеп  түрғаы  уақыты  мен  рим  үстемдігі  түсында 
жасалған  үлгілері  келіп жеткен.
Аристотельдің  (біздің  эрамызға  дейінгі  384-322  ж.)  еңбектері  арқылы  көне 
грек  ғылымы  үлкен  биікке  көтеріліп,  тамаша 
жетістіктерге  жеткен.  Ол 
жануарлардың  классификациясын  құрған,  сөйтіп  зоологиялық  систематиканың 
негізін  қалаған.  Ғылымның  бұл  саласында  Аристотельдің  мызғымас  беделі  үзақ 
уақыттар  бойы  сақталған.  Аристотельдің  ботаникалық  еңбектері  өкініш ке  орай 
жоғалып 
кеткен. 
Бірақ 
кейбір 
еңбектерінен 
оның 
ботаникамен 
де 
айналыскдндығын  айқын  аңғаруға болады.
Аристотельдің  жақын  досы,  әрі  ш әкірті  Теофраст  (біздің  эрамызға  дейін  370- 
285  ж.)  болған.  Ол  өзімің  үстазы  секілді  ғыяымның  әртүрлі  саласынан  хабардар 
дарынды  оқымысты  болтан  жэне  ѳсімдіктерді  зерттеумен  де  айналысқан.  Оның 
ботаникалық  еңбектерінің'1  маңызының  зор  болғандығы  сонша,  тіптен  X V II  ғ. 
дейінгі  ботаниктердің  көзқарасына  әсері  үлкен  болған,  сондықтанда  Теофрасты 
біздің 
уақытымызға 
дейін 
"ботаниканың 
атасы" 
деп 
орынды 
айтады. 
Ботаниканың  жалгіы  мәселелері  оның  назарынан  тыс  қалмаған,  ең  алдымен 
ѳсімдіктер 
құрылысының  ѳзіыдік  ерекшеліктері 
мен 
тірш ілік  атқаратын 
жағдайына  жэне  қызыметтеріне  ьшғида 
айрықша  мән  беріп  отырған.  Ол 
өсімдіктердің  классификациясын  қүрудың  қажеттілігін  жақсы  түсінген.  Теофраст 
бойынша  "барлық  ѳсімдіктерді  дерлік  немесе  олардьщ  кѳпш ілігін  қамтитын  ең 
негізгі  түрлерге  ағаштар,  бүталар,  жартылай  бүталар  жэне  шѳптесін  өсімдіктер" 
жатады*.  Аталған  флораның  құрамынан  ол  мәңгі  жасыл және  түспелі жапырақты 
өсімдіктерді,  ал  су  флорасынан  -  түщы  су  және  теңіз  ѳсімдіктерін  бөлген. 
Теофраст  өзінің  зерттеулерін  өсімдіктердің  практикада  қолдануымен  тығыз 
байланыстыра  отырып жүргізген.
Ѳсімдіктерді  зерттеудің  одан  әрі  бағыты,  олардьщ  практикада  қолданылуы 
түрғысынан  өрбіген  және  ол  үзақ  уаідыттар  бойы  бірінш і  орында  түрған.  Бүл 
жѳнінде  Рим  оқымыстысы 
Плиний  Старшийдің  (23-79  кітаптарында**) 
еңбектерінде  толық айтылады.
*  Теофрастың  мынадай  ботаникалық  шығармалары  сақгалған:  6  кітаптан  тұратын  ”Причины  растений"  жэне  9 
кітаптан  түратын  "Исследования  о  растениях".  Қараңыз:  Теофраст.  Исследования  о  растениях.  Ертедегі  грек 
тілінен  орысшаға  аударган жэне ескершелер  жасаған  М.Е.Сергеенко.  Изд-во А Н   СССР,  1951.  Серия  "Классики 
науки".
•  Теофраст,  Исследования  о растениях,  кн.1.  Изд-во А Н   СССР,  1951,  с т р .18.
Плиний  Старший,  Гай  Секунд 

  сол  кездегі жаратылыстанудың энциклопедиясы  болып  табылатын 
"Естественная  история” атты  37-томдық күрделі  еңбектің авторы.  Бұл еңбекті жазу үшін  автор  2000-дай  кітапты 
оқьіп  шыққан,  олардыц кѳпшілігі  сақталмаған.  ПлинияныңиЕстественная  история” деп  аталынатын  еңбегінің 
12-27  кітаптары ботаникага  арналған.

Саяхатта  көп  жүрген  және  өсімдіктерді  тікелей  өзінің  зерттеуі  арқылы 
ажырата  білетін,  арғы  тегі  грек,  Римдегі  танымал  дөрігер-  практик Диоскоридтің 
(біздің  э .д .1  ғасырда  әмір  сүрген)  "емдік  дөрілер"  ("О  лекарственных  средствах") 
атты  еңбегінде  500-ден  астам  ѳсімдік  түрлерінің  сипаттамасы,  ѳсетін  жерлері 
жэне  таралуы жѳніндегі  мәліметтер  берілген.  Диоскорид  өзінің  замандастарының 
арасында  гана  емес,  сонымен  бірге  ол  орта  ғасырдағы  жэне  қайта  ѳркендеу 
дәуіріндегі  ботаниктердің  арасында  да  үлкен  беделге  ие  болған.  Бірақга 
Диоскоридтің  еңбектері  ѳсімдіктер  классификациясының  принциптік  негіздерін 
жасауға  айтарлықтай үлес  қоспаған.
Біздің  эрамыздың  алғашқы  ғасырлары  мен  орта  ғасырдың  бүткіл  кезеңінде 
дерлік,  оның  ішінде  араб  мәдениетінің  шарықгап  өсіп  түрған  уақытында 
ботаника  кѳптеген,  әсіресе  дөрілік  ѳсімдіктер  туралы 
жаңа  мәліметтермен 
толықтырылған. 
Бірақ  ѳсімдіктер  туралы  зерттеулерді  жан-жақгы   талдап 
қорытындылаған  кездердің  ѳзінде  де,  оларды  классификациялау 
мәселесі  еш 
уақытта  сөз  болмаған. 
Бұл  мәселе  жоғарыда  айтылғандай  тек  Теофрастың 
еңбектерінде  ғана  көрініс тапқан.
Ботаниканың  қайта  өркендеу  дәуірі  XV  ғасырдың  аяғында  басталған.  Осы 
кездерде  Италияньщ  гуманистері  ѳздерін  қоршаған  ортадан  ертедегі  ботаниктер 
сипаттап жазған  өсімдіктерді  іздестіре  бастаған.  Бүл  қозғалыс  X V I  ғасырда  Альпа 
тауларының  солтүстік  жағында  өзінің  жалғасын  тапқан.  Европада  кітапты  басып 
шығаруды  ойлап  табу  (ХУғ.)  мен  ағаштан  ойып  түрлі  бүйымдар  жасау  өнерінің 
дамуына  байланысты  (гравюра)  ботаниктердің  арасында  ѳсімдіктер  туралы 
мәліметтермен  алмасудың  м үм кіндігі  туды.  Өсімдіктердің  сыртқы  кескінін 
сипаттаган  "шѳптесін  емдеуіпшер"  деген  атпен  көгггеген  толық  жинақтар 
жазылып  жарық  көре  басташн.  Мүньщ  барлығы  өсімдіктердің  ғылымға  белгші 
формалары  саныньщ  күрт  артѵъша 
әкеліп  соқгырған.  Бүлардан  басқа  XV 
ғасырдың  аяғымен  X V I  ғасырдын 
басында  ұйымдастырылған  үлкен  саяхаттар 
Европада  бұрын  белгісіз,  аса  таң  каларлыктай  мәліметтер  берген.  Баска  жақтын 
ѳсімдіктеріп,  әсіресе  олардың  қандайда  бір  пайдалы  қасиеттері  барларьш  арнайы 
ботаникааық  бақтарда  өсіре  бастаған,  Ең  алғашқы  ботаникалық  бақ  Салериода 
(Италия) 
1309  ж.,  ал  екінш ісі  (салынғаи  уақытына  қарай)  ІЗЗЗж.  Венецияда 
салынган.  Олардьщ  дәрілік  және  қош   иісті  ѳсімдіктер  өсіретін  монастырдың 
айналасына  салынған  бақтардан  кѳп  айырмасы  болмаған.  Кейіндеу  ботаникалық 
бақтардың 
алдында  жергілікті 
жэне  сырттан  әкелінген  өсімдіктерді  мөдени 
жағдайда  ѳсіру,  оларды  сипаттап  жазу  жэне  классификациялау  арқылы  флораны 
зерттеу  мәселесі  түрды.  Ботаникалық  бақгардың  мүндай  типтері  тек  X V I  ғ.  ғана 
пайда  бола  бастаған.  Олардьщ  ішінде  Падуе  мен  (1525)  Пизеде  (1544)  салынған 
Италияньщ  ботаникалық  бақтары  белгілі.  Ресейде  дәрілік  ѳсімдіктерді  өсіруге 
арналган  аптекарлық  бақшалар  X V II  ғ.  бірінш і  жартысында  салына  бастаған. 
X V III  ғасырдың  басында  олардьщ  саны  күрт  ѳскен.  Москвада  1706  ж.  салынган 
аптекарлық  бақша  X IX   ғасырдың  басында  (1805  ж .)  Москва  университетінің 
ботаникалық  бағына  айналдырылған.  Сол  сияқты  Петербургте  салынган  1714  ж. 
Аптекарлық  бақша 
1823  ж.  Ботаникалық  баққа  айналдырылған.  Кдзіргі  кезде 
бұл  Ботаникалық  бақ  дүние  жүзіндегі  ең  ір і  ботаникалық  мекемелердің  біріне 
жататын 
Ресей  үлттық  ғылыми  Академиясыньщ 
В .Л. Комаров  атындағы 
Ботаникалық институтына  қарайды.
XV 
ғасырдың 
ортасында 
өсімдіктердің 
коллекциясын 

гербарийді 
құрастырудың  негізі  қаланды.  Ал,  бүл  өсімдіктер  систематикасының  дамуына 
м үм кіндік  тудырды.  Бүл  бастаманы  кѳтергендер  Пизан  ботаникалық  бағының 
бірінш і  директоры  Луку  Гини  және  оның  окушылары  Альдрованди  мен 
Чезальпино  болған.
Ботаникалық  бақтардың,  гербарийлердің  жэне  шөппен  емдеушілердің, 
өсімдіктердің 
алуан 
түрлілігін 
танып 
білуге 
қосқан 
үлестері 
үлкен-ақ.

Өсімдіктердің 
гербарийлік 
үлгілерінің 
немесе 
олардьщ 
ең 
болмағанда 
суреттерінің  болуы,  салыстыру  арқылы  өсімдіктің  бүрыннан  ғылымға  белгілі 
немесе  оның  ешкім  сипаттап  жазбаған  жаңа  өсімдік  екендігін  анықтауға  көп 
көмегі  болған.  Бірақ жинақталған  материалдарды  пайдалану  үш ін  оларды  жүйеге 
келтіріп  белгілі  бір  реттілікпен  орналастыру  қажет  болған.  Осы  мақсатта 
өсімдіктердің  аттарын  алфавит  бойынша  келтіруге  тырысқан, 
бірақ  ол 
қанағаттандырарлық  нэтиже  бермеген.  Айта  кеткен  жөн  бүл  системаны  шөппен 
емдеушілер  (травниктер)  ж иі  пайдаланған. 
Ертедегі  табиғат  зерггеушілері 
пайдаланған  өсімдіктерді  "практикалық  қолданылуы"  тұрғысынан  жасалған 
система да  ("утилитарные  системы")  оншалықтьі  қолайлы  бола  қоймаған.
Ш ы н  мәнісінде  X V I  гасырдан  бастап  шамамен  X V III  ғасырдың  бірінш і 
жартысына  дейін  көптеген  материалдардың  жинақталып  қалуына  байланысты 
өсімдіктер  жүйесін  құру  ботаниканың  алдындағы  кезек  күттірмейтін,  ең  басты 
міндет  екендігін  көрсетті.  Сол  кездегі  ең  беделді  оқымыстылардың  бірі,  Лейден 
медигі  және  табиғат  зерттеушісі  Боэргав  (1688-1738),  XVTII-  ғасырдың  басында 
ботаниканы  табиғат  тану  ғылымының  бір  саласы  ретінде  қарастырып,  "сол 
арқылы  өсімдіктердің  аттарын  оңай  айыруға  жэне  есте  үстауға  болады"  деп 
жазды.
Өсімдіктер  системасын  жасау  жөніндегі  алғашқы  кездердегі  талгіыныстардың 
ең  көрнектілеріне  Италия  ботанигі  Андреа  Чезальпиноның  системасы  жатады 
(1549-1603).
Чезальпино 
"XVI  ғасырдың  Аристотелі"  деген  ардакты  атаққа  лайық 
деңгейге  көтерілген.  Өйткені Чезальпиноның  көзқарасының кендігі  мен  терендігі 
және  табиғатты  түсініп  үғынудағы  талпынысының  б иіктігі,  оған  Аристотельдің 
деңгейінен  көрінуге  м үм кіндік  берген.  Өсімдіктер  туралы  шығармасында  (1583) 
ол  өсімдіктерге  түтастай  тірі  организм  тұрғысынан  қараған  (1  кітап)  және 
олардьщ  1500-дей  түрін  сипаттап  жазған.  Чезальпино  осы  өсімдіктердің 
жартысына жуығын  өзі  жинап,  көптеген  жаңа  түрлерді  ашқан.
Чезальпино  ѳсімдіктерді  дөстүрлі  сүректенуші  (ағаштар  мен  бұталар)  және 
шѳптесін  өсімдіктерге  (жартылай  бүталар  мен  шөптесін  өсімдіктер)  бөлген.  Ол 
классификациялау  үш ін  бір-біріне  бағынышты  бөлімдер  системасының  қажет 
екендігін  жақсы  түсінген  және  ғылымға  өзі  еңдірген  үқсастық деген  ұғым  туралы 
былай  дейді:  "Табиғаттың  заңы  бойынша  ұқсастан  әрқашанда  сол  турдің  өзіне 
жататын  үқсас  туады".  Түр  туралы  ілім нің  дамуына 
байланысты  бүл  пікірге 
табиғат  зерттеушілері  кейіндеу  сан  рет  оралады.  Ѳсімдіктер  классификациясы 
жѳніндегі  Чезальпино  еңбегінің  негізгі  маңызы  сол,ол  өсімдіктің  өзінің,  яғни 
зерттелетін  объектілердің,  белгілеріне  сүйенудің  кджеттігін  айтқан.  Өйткені 
Чезальпиноның  түсінігінде  ѳсімдік  үш ін  оның  адамга  қандайда  бір  қажеттілігін 
кѳрсететін  белгілерден  гѳрі,  осы  өсімдіктің  тікелей  өзіне  тән  белтілердің  маңызы 
ересен  зор. 
Ѳсімдік  организмдеріне  тән  қасиеттерден 
Чезальпино  ең 
маңыздыларын  бѳліп  көрсетуге  талпынған  және  бұл  мөселеге  ѳсімдіктер  туралы 
өзінің  көзқарасы  түрғысынан  қараған.  Оның  пікірінш е  өсімдік  өзінің  дербес 
дамуын  жэне  туыс  ретінде  ѳмір  сүруін  ѳзі  қамтамасыз  етуге  тиісті.  Оның 
бірінш ісі  негізінен  тамырдан  келетін  қорек  арқылы,  ал  екінш ісі  -  сабақта 
түзілетін  жемістер  мен  түқымдар  арқьшы  жүзеге  асады.  Түқымның  түзілуі  бір 
жагынан  өсімдіктің  дербес  дамуының  соңы,  ал  екінш і  жағынан  жаңа  дамудың 
басы  болып  табылады.  Сондықганда  Чезальпино  классификация  құруда  түқым 
түзілетін  жемістің  қүрылысы  мен  тұқымның  өзін  негіз  етіп  алған.  Ол  жемістің 
қүрылысына,  түкым  ұясының  және  ондағы  түқымның  санына  кдрай  өсімдіктерді 
14  класқа  бөлген;  біршама  үсақ  топтарды  бѳлгенде  олардағы  гүл  құрьшысының 
ерекшеліктерін  ескерген.  Чезальпиноның  системасында  15  класс  ерекше  орын 
алады,  оған  мүктер,  папоротниктер,  қырықбуындар,  балдыряар,  саңыраукұлақтар 
және  кораллдар жаткызылған.  15-ші  класстың  ѳсімдіктерін  Чезальпино  ең  нашар

жетшген,  өсімдіктер  дүниесі  мен  өлі  табиғаттың  арасын  жалғастыратын  авалық 
топ ретінде  кэрастырады.
Чезальпиноның  системасында  кейбір  табиғи  топтардында  бар  екенін  көреміз. 
М ы с а л ы ,11 
класқа  айлаулықгар 
(бурачниковые)  және  тау  қалақайлар 
(яснотковые) 
тұқымдастары 
біріктірілген, 
бұларды 
қазіргі 
кезде 
де 
жакьшдастыратын 
систематиктер 
б а р , 10 
класқа 
астралар 
түқымдасы 
жатқызылған.  Дегенмен  де  белгілердің  өзгергіштігіне 
негізделген  (жемістің, 
кейде  гүлдің)  бүл  система  жалпы  алғавда  жасанды  система  еді.  Сондықтанда 
кластардың 
көпш ілігіне 
бір-бірінен 
айқын 
айырмасы 
бар 
өсімдіктер 
топтастырылған.
Дей  түрғанмен  де  Чезальпиноның  системасы,  қазіргі  кездегі  көзқараспен 
қарағанда ж еткілікті деңгейде  болмағанымен,  систематиканың даму  сатысындағы 
ең  маңызды  кезең  болған.  Ол  Теофрастың  классификациясы  секілді  өсім діктің 
табиғатын  жан-жақты  зерттеудің  негізінде  қүрастырылған  және  өсімдіктер 
системасын  құрудың  тәсілдерін  іздестірудегі  үзақ  кезеңге  жол  ашты.  Онсыз 
жинақталған  материалдардың  аса  көптігіне  байланысты  өсімдіктердің  алуан 
түрлілігіне дұрыс  көз жеткізу мүмкін  емес  еді.
Швед 
ғалымы 
Линнейге 
(1707-1778) 
дейін 
формаларды 
ажырату 
мағынасьтда  өсімдіктер  дүниесінің  ғьшыми,  әрі  қолайлы  системасын  құрудағы 
орекеттердің  барлығы  да  өздерінің  мақсатына  жете  алған  жоқ.  Бұл  мақсатты 
Линней  сол  кездегі  ғылым  деңгейіне  сай  орындап  шыкқандықтан  да  ол 
"систематиканың  атасы"  деген  атаққа лайық деп танылған.
Теофраст,  Турнефор  сияқты  өсімдіктерді  ағаштарға,  бүгаларға жөне  шөптерге 
бѳлуден  бас  тартып  оларды  классификациялауда  Линней  негізгі  систематикалық 
белгі ретінде  көбею  органына  үлкен  мән  берген.
Камерариустың  өсімдіктер  жынысы  туралы  ш ім інің  негізінде  Линней  1735 
жылы  ш ыққан  "Табиғат  системасы"  деген  еңбегінде  өзінің  атақты  "Өсі?4діктердің 
жыныстық  системасын"  жариялайды

 
Системада  гүлдің  аталықтары  мен 
аналықтарының  санына,  мѳлшеріне  жэне  орналасуына  қарай,  сонымен  қатар 
жемістердің  құрылысындағы  ерекшеліктерді  ескере  отырып  ѳсімдіктер дуниесі  24 
класқа  тѳмендегідей  топтастырылған:  І-Х   юіастарға  аталықтарының  саны  1-ден 
10-ға  дейінгі  ѳсімдіктер;  X I  класқа  аталықтарының  саны  12-ден  19-ға  дейінгі 
ѳсімдіктер;  X II  класқа  аталықтары  20  жэне  оданда  көбірек,  тостағаншаға  бекіген 
ѳсімдіктер;  X III  класқа  аталықтары  көп,  гүлтабанына  бекіген  ѳсімдіктер  ХГѴ,  XV 
кяастарға  аталық жіпшелерінің  үзындығы  әртүрлі  ѳсімдіктер;  Х Ѵ І-Х Х   кластарға 
аталықтары  өзара  және  аналықпен  әртүрлі  деңгейде  үласқан  ѳсімдіктер;  X X I- 
X X III  кластарга  бір,  екі  жэне  көп  үйлі  ѳсімдіктер;  X X ÏY   класқа  гүлді  ("айқын 
некелі")  өсімдіктерге  қарама-қарсы  споралы  ("қүпия  некелі")  өсімдіктер.  Соңғы 
класта  балдырлар,  саңырауқүлақтар,  қыналар,  м үк  төрізділер,  папоротник 
тәрізділер  көрсетілген.
Бұл  жерде  Линнейдің 
ХГѴ  кластан  бастап  ѳсімдіктерді  аталықтарының 
санына  капай  топтастыру  принципінен  бас  тартқанын  байқауға  болады. 
Системадағы  кластар  аналықтардың  санына, 
аталықтардың 
орналасуына, 
үласуына  және  жемістердің  құрылысына  қарай  116  қатарларға  бәлінген,  ал 
катарлар  1000-нан  астам  туыстарға,  туыстар  10000-ға  ж уы қ  түрлерге  бөлінген. 
Осы  кезде  қолданыстағы  негізгі  систематикалық  таксондардың  бірі-  тукыіѵідаска 
ѳсімдіктер  әлі де топтастырыла қойған ж о қ еді.
Линнейдің  системасы  қолдануда  аса  ыңғайлы  болып  шықты,  үйткені  әрбір 
өсімдіктің  атын  және  системадағы  орнын  оңай-ақ  табуға  мүмкін  болды. 
Сонымен  ѳсімдіктерді  классификациялау  проблемасы  олардьщ  алуантүрлілігін 
танып  білуді  жеңілдету тұрғысынан  ғана  қанағаттандырарлықтай  шешімін  тапты.
Линней  системасының  табысты  болуына  оның  қарапайымдылығымен  қатар 
автордың  ѳсімдіктерді  сипаттап  жазуда  жэне  оларды  атауда  белгілі  бір  жүйелі

тәсілге  сүйенуі  м үм кіндік  берген.  Линнейден  бүрын  өсімдіктің  сипаттамасы 
көбінесе  осыган  дейін  белгілі  болған  өсімдікпен  салыстырмалы  түрде  берілетін 
еді.  Мысалы,  олеандр  жапырақтары  лаврдың  жапырақтарына  үқсас,гүлдері 
раушанның  гүлдеріне  үқсас  өсімдік  түрінде  сипатталған.  Мүндай  сипаттамалар 
бойынша  көп  жағдайда  өсімдіктің  сырт  кескінін  көзге  елестету  кдынға  соққан. 
Ал  Линней  пайдаланған  сипаттамада  өсімдіктің  әрбір  органы  белгілі  бір  мәні 
бар  накты  терминдермен  берілген.  Мысалы,  "көп  жылдық  өсімдік,  кін д ік 
тамырлы,  т ік   сабақты,  жапырақтары  қондырмалы,  сопақша,  гүлдері  шоқпарбас 
гүлшоғында,  сары  түсті

дүрыс".*  Линней  бұрынғы  ботаниктерге  белгілі  біраз 
терминдерді  пайдалана  отырып  жэне  өзі  ойлап  тауып  ботаникаға  1000-ға  ж уы қ 
терминдер  енгізген.
Линней  ғылымға  -  бинарлық  номенклатура  ендірген,  бүл  сөз  ж о қ аса  қүнды 
жаңалық  болып  табылды  және  күн і  бүгінге  дейін  биологияда  ойдағыдай 
қолданылып  келеді.  Бинарлық  атаудың  мәні  мынада,  әрбір  өсімдікке  латын 
тілінде  екі  сөзден  түратын  ат  беріледі,  оның  бірінш ісі  туыстың  атын,  ал  екінш ісі 
осы  туысқа  жататын  түрдің  атын  көрсетеді,  мысалы  қара  алқа  (Solanum  niger), 
түйнекті 
фломис 
(Phlomis 
tuberosa), 
ірігүлді 
жыланбас 
(Dracocephalum 
grandiflorum),  альпі  астрасы  (Aster alpinus).
Линнейдің  жасанды  системасы  кездейсоқ  алынган  аздаған  белгілерге 
негізделгендіктен  өсімдіктердің  арасындағы  жақыидықты,  туыстықты  айқын 
көрсете  алған  жоқ.  Мысалы,  I I   класқа  осы  кезде  өртүрлі  тұқымдастарға жататын 
тал  (талдар  түқымдасы),  сирень  (зайтундар  түқымдасы),  шалфей  (ерінгүлділер 
түкымдасы),  бѳденешѳп  (сабынкөктер  түқымдасы),  жұпарбас  (қоңырбастар, 
немесе  злактар  түқымдасы)  сияқгы  екі  аталықты  өсімдіктер  топтастырылған.  Ал, 
бұған  керісінше  аталықтарының  саны  өртүрлі  бір  түқымдастың  өкілдері  бірнеше 
кластарга  бөлініп  кеткен.  Мысалы,  злактар  тұқымдасындағы  бір  аталықты  цинна 
I  ю іасқа,екі  аталықты  жұпарбас  П  класқа,  шгты  аталықты  күріш   V I  класқа 
түскен.
Линней  ѳз  системасының  жасандылығын  жөие  бүдан  кәрі  табиғи  тұрғьщағы 
системаның  қажет  екендігін  жақсы  гүсінген.  Бірақ 
кезінде  оның  қолында 
материалдар  ѳте  аз  болғандықтан  табиғи  система  құру  мүмкін  емес  еді.  Бүл 
жасанды  система  сол  кезде  жалпыға  бірдей  қолданыс  тапкан,  ал  Ресейде  оны 
Х ІХ ғ.  30  жылдарына дейін  қолданып  келген.
Линней  ѳсімдіктерді  табиги  топтарға  кездейсоқ  алынган  азғана  белгілерден 
кѳрі  өсімдіктердің жалпы  габитусы  негізіиде  топтастыру дұрыс деп  есептеген.  Ол
X V III  ғ.  білім  деңгейінде  табиғи  система  құрудың  әлі  мүмкін  еместігін  айтқан, 
бірақ  өз  өм ірінің  соңына  дейін  табиғи  система  үш ін  материал  жинастырумен 
өткен.  Сондай-ақ  өзінің  фрагменттерінде  Линнейдің  өсімдіктерді  67  табиғи 
топтарға 
бөлуді 
ойластырып 
кеткені, 
бұл 
топтардыц 
кейін 
өсімдік 
түкьімдастарын  белуге  негіз  болғаны  белгілі.
Линней  ѳзі  ѳмір  сүрген  дәуірдегі  идеяға  сай  құдай  қанша  түр  жаратса, 
табиғатта  сонша  түр  тірш ілік  етеді  деп  есептеген,  яғни  түр  ѳзгермейді  деген 
көзқараста  болған.  Бірақ  өм ірінің  соңына  қарай  ол  сыртқы  ортаның  осерінен 
түрлердің  едәуір  өзгеруі,  будандасу  аркулы  жаңа  түрлердің  ііайда  болуы  мүмкін 
деп  өзінің  бүрынғы түр  ѳзгермейді деген  көзқарасынан  қайтқаны  молім.
Линнейдің 
ботаникадағы  реформаларының  систематиканың 
одан 
әрі 
дамуына  үлкен  әсері  болғанын  атау  керек.  Сонымен  қатар  өсімдіктерді 
келешекте  зерттеуге  баса  назар  аударуға  жоне  ѳсімдіктер  дүниесінің  бүрынғьщан 
кѳрі  жетілдірілген  системаларын  құруға  негіз  болған  мол  материалдың 
жинастырылуына  м үм кіндік туғызды.
*  Е.Г.Бобров.  Линней,  его жизнь и труды.  М ,,  Изд-во АН   СССР,  1957

стр. 157.

X V I 
ғ. 
ортасында 
табиғатты 
зерттеушілер 
түр 
деген 
үғымның 
систематикалЁіқ  категория  екендігін  түсінуге  бірден-бір  жақындаған.  X V II  ғ. 
басында  Швейцария  ботанигі  Каспар  Баутин  (Боэн,  1560-1624)  40  жылғы 
еңбегінің  негізінде  6000-дай  өсімдік  түрлеріне  сын  көзімен  құрастырған 
сипаттама  берген.
Каспар  Баугин  ертедегі  және  қазіргі  кездегі  тілдерді  меңгеруде  ерекше 
таланттылығы  мен  білім ділігінің  арқасында,  мүмкін  болғанынша,  өсімдіктердің 
аттарына  байланысты  ретсіздікті,  соған  байланысты  көп  жағдаңда  туындайтын, 
бір  өсімдікке  бірнеше  ат  беру  секілді  орынсыз  мөселелерді  жоюға  тырыскдн. 
Баугин  еңбегінің  ботаниканың  алдындағы  маңызы  сол,  ол  өсімдіктерді  туыстарға 
бөлген,  ал  біршама  үсақ  систематикалық  бѳліктерді  осы  туыстарға  бағындырған. 
Өсімдік  туысының  атауы  К. Баугин  бойынша  бір  немесе  кѳптеген  сѳздерден,  ал 
туысқа  бағынышты  категориялардың  атаулары  бірнеше  (кейде  20-га  дейін) 
сөздерден  түрады;  бірақ  көп  жағдайда,әсіресе  шағын  туыстарда  түрдің  де 
туыстың  да  аттары  бір  ғана  сөзден,  ал  өсім діктің  толық  аты  екі  сөзден  тұрады 
(биноминальды).  К .  Баугиннің  өзі  де  және  кей інгі  ботаниктерде  өсім діктің 
ерекше  ѳзгешеліктерін  айқын  кѳрсететін  полиноминальды,  кѳп  сөзден  түратын 
атауды  қолданғанды  дұрыс  кѳрген,  өйткені  өсімдіктің 
бүл  ғьыыми  атауы 
сонымен  бірге 
оның  қысқаша  сипаттамасы  есебінде  болған.  Табиғат  туралы 
білімнің  тарихшылары  К.Баугиннің  өсіңдікті  қысқаша  сипаттап  жазуда  үлкен 
шеберлік деңгейіне жеткендігін  атап  көрсетеді.
Бірақта  туыс  және  түр  туралы  үіымдарға  К.Баугин  анықтама  бермеген.  Бұл 
үғымдарга  анықтама  берудің  м үм кіндігі  кейіндеу  туған.  Мысалы,  Джон  Рей 
"Ѳсімдіктер  тарихы"  (1686)  деген  еңбегінде  түр  деген  үғымды,  оған  жататын 
сюобьтардьщ  шығу  тегіне  байланысты  сипаттап  берген.  Д.Рейдің  п ікір і  бойынша 
"Ѳ сімдік  үш іи  түрдің  біркелкі  болатындығын  анықтауға,  тұкымнан  гіайда 
болатын  ерекше  немесе  жеке  қасиеттері  ұқсас  ѳсімдіктерден  басқа,қандайда  бір 


] елдің  қажеттігі  шамалы.  Түрге  қаіъшасы  әртүрлі  болып  келегін  формалар, 
ѳ

] ерінің түрлік табиғатын  сақтап  отырады,  олардың  ешқайсысы  басқа  тұқымнан 
пайла  болмайды  немесе  керісінше  баскд  тұқым  бермейді"*.
К.Линнейдің  п ікір і  бойынша  туыстардың  айырмасын,  олардың  генеративтік 
органдарының  белгілеріне  сүйене  отырып  анықтауға  болады.  Ал  түрге  келгенде 
К Линней  оньщ  кѳлемін  Д.Рейдің  анықтамасына  жақын  деңгейде  түсінген,  бірақ 
сл  түрді  түр  тармағынан  бѳлуді  кджет  деп  табады.  Оны  К.Линнейге  дейінгі 
ботаниктердің  ешқайсысы  сѳз  етпеген.
К.Линне.й 
алғашқы 
кезде 
өсімдіктің 
полиноминальды 
атауларын 
пі^ааланған,  бірақ  оларды  мүмкіндігінш е  қысқартуға  үмтылған.  Ол  үш ін  түрдің 
келтеген  белгілерінен  ең  негізгілерін  теріп  қалдырған.  Бірақ  "Ө сімдік  түрлері" 
^еген,  бірінш і  басылымы  1753  ж.  жарық  кѳрген  шығармасында  Линней  барлық 
түрлерге  бинарлық (екі  сѳзді)  атауды да  қосымша  келтіріп  отырған.  Бүрынғы  көп 
сезлен  тұратын  ѳсімдік  атаулары  бұл  жерде  түрлердің  қысқаша  сипаттамалары 
<хнашоздары)  ретінде  сақталған,  ал  екі  сөзден  тұратын  Линнейдің  "қарапайым 
гг
2
>лары"  түр  аттарының  сипатына  ие  болған.  Өсімдіктердің  номенклатурасына 
Ліш нейдің  жүргізген  реформасы  практикалық тұрғыдан  ыңғайлы  болып  шықты. 
Уакыт  ѳте  келе  екі  сөзден  түратын  өсімдік  аты  жалпыға  бірдей  ішйдаланьиш 
басталы және  ол  қазіргі  кездің өзінде  қолданьшып  келеді.
Барлық 
жетістіктерімен 
қатар 
К.Линнейдің 
системасының 
елеулі 
кгм ш ы іктері  де  болған,  себебі  андроцейдің  құрылысы  жагынан  өзара  ұқсастығы 
жйкын  жекелеген  ѳсімдіктер  өртүрлі  кластарға тап  келген.
Жасанды  система  қүруда  ботаниктер  өсім діктің  бір  ғана  белгісін  немесе  аз 
Г
1
Н
2
  оелгілердің  комплексін  негізге  алып  отырған  (Линнейде  гүл  құрылысының



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет