М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата09.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

  №12 Дəріс 
Тақырып:   Этология мен  социобиология. 
Дəріс мақсаты:   Этология мен  социобиологияға сипаттама беру.        
Дəріс мазмұны. Этология ғылым ретінде. Инстинкт пен зерттеу тəжірибелері. Қауымдастықтар формалары. 
 
12.1 Инстинктер мен мінез-құлық. 
12.2 Қоғамдастықтар формалары. 
 
    
12.1 Инстинктер мен мінез-құлық 
     Этология  (грекше  «этос»-мінез,  мінез-құлық)  -  еркіндік  жағдайдағы  жануарларды 
зерттейтін  ғылым.  Бұл  ғылымның  нəтижесі  жаруарлар  мінез-құлықтарының  ерекшеліктері 
туралы  көзқарасымызды  кеңейтті.  Этология  негізі  ХХ  ғасырдың  30  жылдарының  басында 
австралия зоолог ғалымы Конрад Лоренцтің (1903-1989) көмегімен салынды. 
     Жануарлар  дүниеге  келгенде  бірнеше  бейімделу  формаларына  ие  болады.  Əрбір  түрде 
мінез  өзгеше  болады  жəне  ол  қарапайым  рефлекстерден  қиындық  дəрежесімен 
ерекшеленеді. Рефлекстер жүйке жүйесінің қарапайым əрекеті болып табылады. Ол түйсік 
бақылауында  болмайтын  тітіркендіргішке  тез  стереотипті  автоматты  əрекет.  Инстинктер 
сыртқы  əлемнің  ағзаға  əсер  етуінің  нəтижесі  болғандықтан  ол  түрде  пайда  болып  жəне 
бекитін жаңа морфологиялық белгі сияқты жолмен жетіле алады.  
     Жануарлардың мінез-құлығының келесі ерекшеліктерін атап айтуға болады 
•  Мінез-құлық  механизміндегі  кері  байланыс  артық  іс-əрекетпен  сақтануына  себеп  болады  (егер 
асқазан  толық  болса  жануарлар  қоректенбейді).  Сыртқы  əсерлер  оның  ішкі  күйіне  байланысты 
таңдалады. 
•  Бір  аспектілердің  жақсаруы  басқаларында  зиянды  салдарға  əкеледі,  сондықтан  идеал  қол 
жеткізбейді. Əртүрлі биосфераның тұрақтылығын көбейту үшін осылай болу қажет. 
•  Табиғатта түрдің тіршілік етуіне зиянын келтіретін мақұлықтар бар. 
•  Жануарлар көріпкелдіктің кейбір формаларына ие болады. 
•  Мінез-құлық біртұтас жəне барлық инстинктер белгілі-бір үйлесімдікті орнататын инстинктілер 
парламентіне біріктірілген. 
    Қоректену,  өсу,  көбею  жəне  өзін-өзі  сақтауға  инстинктінің  төрт  түрі  сəйкес  келеді: 
аштық, жыныстық, басқыншылық жəне қорқыныш.  
   К.  Лоренц  пікірі  бойынша  басқыншылықтың  алғашқы  инстинкті  түрді  сақтауға 
бағытталған.  Ол  ең  алдымен  түрішілік  бақталастыққа  көрініс  табады.  Ол  күштірек  жəне 
бейімделген  мақұлық  өзінің  генін  бере  отырып  дүниеге  ұрпақ  əкелуіне  байланысты. 
Сонымен  қатар  түрішілік  басқыншылық  нəтижесінде  түраралық  қақтығыстарға  қабілетті 
мақұлықтардың  таңдалынуы  жүреді.  Бірақ  жаулар  жетіспеген  жағдайда  басқыншылық 
инстинті сəйкес себептерсіз кез-келгендер қатынасында көрініс табуы мүмкін. 
   Н. Тинберген ойынша бірде-бір мінез-құлық əрекетін тек инстинктілі немесе тек уақытша 
деп есептеуге болмайды. Үйрену процесінде туылған қабілеттер ғана жетіледі.  
    Лоренц  бойынша  үйрету  –  бұл  алдыңғы  тəжірибені  меңгеру  нəтижесіндегі  жекеленген 
мінез-құлықтың  бейімделіп  өзгеруі  Қабылданған  мінез-құлық  формасының  тұрақтылығы 

өткенді  сақтау  ақпаратының  жадысына  байланысты.  Қабылданған  мінез  бекітілсе  əдетке 
айналады. 
   Бейімділік  эволюциясының нəтижесінде  омыртқалы  жануарларда психика пайда  болады. 
Ол  əдет  пен  біліктілікті  тез  ауыстыруға  мүмкіндік  береді.  Негізінен  мұндай  қасиетке 
сүтқоректілер ие болады. 
   Эволюция  процесінде  қарт  жануарлардың  тəжірибесінің  жəне  қабылданған  ақпаратты 
беру рольдері өседі. Осыдан келесі түсініктер пайда болады:  
•  ұзақ өмір түрді сақтауда бағаланады; 
•  оқытуға қабілетті дамыту бағытында сұрыптаулы қысым пайда болады, 
•  оқытуға қабілеттілік пен ұрпақ туралы қамқорлықтың ұзақтығы тығыз байланысты; 
•  жануардың жасы қоғамдасындағы иерархиялық дəрежесіне тікелей байланысты.  
     
12.2 Қоғамдастықтар формалары 
    Жануарлардың  қоғамдастықтары  туралы  айтатын  болсақ  бірден  олардың  жалғыз  да, 
бірлесіп  те  тіршілік  ететінін  ескеру  қажет.  Əлеуметтік  топтар  көлемі  бойынша  құстарда  2 
дарадан,  маймылдарда  10-100  дейін,  ал  бунақденелілерде  бірнеше  мыңға  дейін  болады. 
Əлеуметтік мінез-құлық кездейсоқ емес, ол қоғамдық өмір қамтамасыз ететін, пайда болуы 
белгілі-бір  артықшылықтармен  анықталатын  эволюциялық  механизм.  Мысалы,  кейбір 
құстар  ұя  салғанда  жыртқыштардан  сақтану  үшін  тар  колонияда  болады.  Эволюциялық 
жолмен  құрылған  қажеттілік  кейбір  жағдайда  барлық  инстинктерден  күштірек  болып 
келеді. 
    Қоғамдастық  формаларын  анонимді  жақсыз  бен  жекелік  жанұя  жəне  иерархиялық 
топтарға бөледі. 
     Анонимді  қоғамдастық  формасының  ең  қарапайым  түрі.  Онда  барлығы  бір  жағдайда 
болады. Көпшілік даралар кездейсоқ таңдалған көсемінің соңына ереді.  
      Қоғамдастықтың  келесі  формасы  жақсыз  жанұя,  ол  ата-анамен  олардың  ұрпақтары 
бірігіп  тіршілік  етуіне  негізделген  (мысалы,  дегелектерде).  Жақсыз  жанұяда  өкілдерінің 
ауысуы байқалмайды, себебі онда əрқайсысы жеке-жеке танылмайды. 
      Қоғамдастықтың тағы бір формасы жекелік жанұялар. Мұнда жекелік танулар сезімдер 
мен  қайғырулардың  кең диапазонымен сүйемелденеді.  Ол көп  қырлы болғандықтан  келесі 
афоризммен  сипаттауға  болады:  «Жануарлар  -  бұл  өте  əлсіз  интелектілі  эмоционалды 
адамдар».  Жануарлар  əлемінде  адамға  тəн  қатынастар  достық,  махаббат  жəне  т.б.  сияқты 
қоғамдық  өмір  бар  екенін  этология  көрсетеді.  Жоғарғы  жануарлар  қоғамдық  ортада 
тəрбиеленеді. 
      Соңғы  қарастырылған  қоғамдастықтың  формасы  иерархиялық  топтар.  Олар  көптеген 
түрлерде  белгілі,  бар  аралармен  термиттерден  басталып  (кастілік  жүйе  бойынша 
ұйымдастырылған  колонияларда  тіршілік  етеді),  маймылдардан  аяқталады.  Иерархия-
ұйымдасу  принципі.  Иерархиясыз  жоғарғы  жануарлардың  реттелген  үйлесімді  тіршілігі 
дами  алмайды.  Мұнда  топтағылардың  əрқайсысы  кім  күштірек,  кім  одан  əлсіздеу  екенін 
біледі  жəне  «шоқу  тəртібін»  қадағалап,  өздерін  соған  сай  ұстайды.  Иерархиядағы  жағдай 
өлшемге, күшке, шыдамдылыққа жəне агрессияға байланысты. 
    Иерархияны  бір  дара  немесе  «алқа»  басқарады.  Иерархиядағы  жоғарғы  орын  иегерлері 
əлсіздерге үнемі көмектеседі. Агрессия бағыттала алатын топтан тыс жау болған жағдайда 
иерархия  нығая  түседі.  Көбею  уақытында  күштірек  жəне  бейімделген  жануарлар  əсері 

басым  болады,  сондықтан  əлеуметтік  иерархия  қоғамдастықтың  генетикалық  тіршілікке 
бейімділігін арта түсіреді. 
          
 
Əдебиеттер: 
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003,  93-97  бет. 
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 137-146 бет. 
Солопов Е.Ф.  «Қазіргі  заманғы жаратылыстану  концепциясы» - М: Гуманит.   Баспа  ВЛАДОС орталығы, 
1998  
«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» Самыгина С.И.  – Ростов н/Д , 2001.- 359-361 бет. 
 
№13 Дəріс 
Тақырып:   Адам жайындағы жаратылыстану.    
Дəріс мақсаты: Адам жайындағы жаратылыстануды қарастыру.         
Дəріс  мазмұны.      Этология  жəне  адам.  Адамды  тануға    социобиологияның      қосқан  үлесі.  Этнология. 
Этнология  ғылым  ретінде.  Этногенез  теориясы.    „Адам-табиғат”  қатынасы  туралы  экология.    Глобальды 
экология. Адам экологиясы. Əлеуметтік экология. 
 
13.1. Адам зерттеудегі социобиология   
13.2. Этология жəне адам  
13.3. Этнология  
13.4. «Адам- табиғат» қатынасу туралы экология  
 
13.1. Адам зерттеудегі социобиология 
        «Социобиология  адамды  қоса  барлық  қоғамдық  мінез-құлық  формаларының 
биологиялық негізін зерттейді» - деп социобиология ғылымының негізін салушы Э.Уильсон 
жазған.  Социобиология  адам  мен  жануарлардың  мінез-құлығының  айырмашылы  мен 
ұқсастығын генетикалық детерминацияға (латынша анықтау)  сүйеніп зерттейді.   
         Социобиология  адамды  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екі  жақты  қарастырады: 
биологиялық  жəне  əлеуметтік.  Біріншісін  жаратылыстану,  екіншісін  гуманитарлы 
ғылымдар  зерттейді.  Осы  екі  ғылым  тоғысында  социобиология  орын  алады.  Осылай 
адамның негізін тану мəселесі бұл  жануар мен адамның шекаралас мəселесі.  
       Биологиялық  -  адамның  морфофизиологиялық  ерекшеліктерін  түсіндіретін  зат  жəне  энергия  алмасу 
заңдылықтары.  Биологиялық  –  бұл    адамның  қоршаған  ортада  бейімделуін  қамтамасыз  ететін 
морфофункционалды  негізі.  Адамды,  оның  əлеуметтік  қызметін  іске  асыратын  «жұмыс  механизмдері» 
ролін атқарады.   
         Əлеуметтік  деп  (медицинадағы  биологиялық  жəне  əлеуметтік  қатынастар  көрінісінде)  адамның 
өміріне,  денсаулығына  əсері  болатын  материалды  жəне  жандық  факторлар  жүйесінің  қоғамдық  жəне 
адам арасындағы коммунитативтік пен психоэмоциональды қарым-қатынасты түсіндіреді.  
       Адамда басқа түрлер тəрізді өз дамуында өздік мақсаты болады. Əрбір адамның мінез-
құлығы  генетикалық  жағынан əртүрлі. Адам  туғаннан  қарым-қатынас  пен өзара көмектесу 
қабілеті болады.  Бұл  қабілет дəрежесінің  тұқым  қуалауы -  социобиологиялық  тəрбие жəне 
тіршілік процесі нəтижесінде адамда əлеуметтік мəдениет қалыптасады.  
        Социобиология  генетикамен  бірге  мінез-құлық  тұқым  қуалайды  ма,  əлде  тəрбиемен 
байланысты  ма  деген  сұрақтарды  қарастыруда.  Генетикалық  детерминация  түсінігіне  əке 
мен  бала  арасындағы  келіспеушілік,  соғыс,  шекара  мəселесі,  жыныстардың  бағыты, 
балалардың  бөтен  адамдар  алдында  қорқуы  жəне  т.б.  жатқызуға  болады.  Өзінің  ары, 
намысы,  сақтауға  тырысуы  туғаннан  болады.  Социобиология  бойынша  біздің  мінез-

құлығымызды  болашақта  гендер  арқылы  анықтауға  болады.  Социобиология  көзқарасы 
тұрғысынан  ойлау  генетикалық  əсерден  еркін,  бірақ  парасаттылық  адам  генетикалық  тірі 
даму  қабілетін  қамтамасыз  етумен  байланысты.  Бихевиоризм  бойынша  адам  мен 
жануардың мінез-құлығын басқаруға болады, ал ақыл əлемде бағыт көрсетуші құрал болып 
табылады. Бірақ қазіргі ғылым бұл мəселеге толық жауапты тапқан жоқ.   
 
13.2. Этология жəне адам 
      Этология  өз  дамуының  алғашқы  кезінен  бастап,  адам  жануарлардағы  көптеген 
қасиеттерге  ие  екендігін  көрсетті.  Адам  агрессивтілігі  жануарлар  агрессивтілігіне  сəйкес 
келеді, ал отарлауы басқыншының инстинктісінде            жатыр. Жануарлар əлемі тəрізді 
агрессивтілік ер адамдар жынысына тəн. Этологтар айтуынша тек ішкі күрес нəтижесіндегі 
сұрыптау түр үшін жансыз салдарға əкелуі мүмкін. Бұл күрес түрі адам өмірінде соғыс пен 
экологиялық крезиске əкелуде.  
       Конрад  Лоренц  ішкі    агрессия  техникалық  жəне  мəдени-тарихи  даму  жағдайындағы 
адамға төнетін қауіп деп сақтандыруда. Ал жануарлар əлеміне төнетін қауіптің алдын қалай 
алуға  болады?  Лоренц  өзінің  еңбектерінде:  «Қажетті,  пайдалы  инстинкі  өзгермей  қалады, 
бірақ  ерекше  жағдайларда  инстинкт  зиянды  болуы  мүмкін,  осында  арнайы  тежелу 
механизмі  енгізіледі.  Мұнда  тағы  халықтық  мəдени-тарихи  дамуы  аналогиялы  түрде  өтті: 
маңызды талап жазмыш емес, тыйымдар».    
       Сонымен  қатар  адамдарды  тітіргендіргіш  жағдайлардан  арашалап  агрессияны  мүлдем 
жойып  жіберуге  болмайды,  себебі  оның  маңызды  биологиялық  ролі  бар  жəне  барлық 
инстинктілер  бір-бірімен  байланысты  (күлкі  де  агрессиямен  байланысты)  қайта  бағытталу 
қажет, агрессияны таратуға мүмкін физиологиялық зерттеулерді Лоренц «жандандыру» деп 
атады. Ол үшін мысалы, жалпы іс жəне жалпы мəдени білім алуды жақсарту қажет. Спорт, 
ғылым,  күлкі  барлық  адамдарға  жарлық  барлық  табиғатқа  қатысты  қажетті  агрессия 
механизмінің  тежеушісі  болып  табылады.    Күн  жермен  күрес  те  маңызды,  себебі  оған 
энергия кетеді. Осыған байланысты этологиялық тілмен былай айтуға болады: «Жасаған іс-
əрекеттеріңнің барлығы табиғат заңдылықтарына сəйкес келсін».   
        Адам  мен  жануар  мінез-құлықтары  толық  ұқсас  болуы  мүмкін  емес,  себебі  адам 
биологиялық  мақұлық  ғана  емес  екенін  ескеру  қажет.  Табиғи  жағдайда  жабайы 
жануарларда  ішкі  бейімділіктеріне  жəне  не  істеу  керектігіне  жанжал  тумайды.  Адамда 
мұндай  үйлесімдік  жоқ.  Парасаттылық  адамды  мəдени  дамумен  қамтамасыз  етті,  сөйлеуді 
берді,  ойлауға  қабілетті  етті,  білім  қорын  жинақтап  ұрпақтан  ұрпаққа  беріп  отыруды  іске 
асырды.  Нəтижесінде  адамның  тарихи  дамуы  басқа  тірі  ағзалардың  таза  органикалық, 
фитогенетикалық  дамуынан  жүз  есе  жылдам  жүрді.  Бірақ  адамның  инстинктісі,  оның  туа 
біткен  əрекеттері  баяу  органикалық  дамумен  байланысты  жəне  оның  мəдени-тарихи 
дамуынан  қалып  келеді.  Адамның  мəдени  шегіндегі  «жаратылысты  бейімділік» 
парасаттылыққа алмасты. 
      Адамның жануардан тағы бір ерекшелігі – жоғары болжау қабілетінің болуы. Жануарға 
қарағанда адамның ең маңызды қабілеті – оқумен байланысты. Жануарлар адамға қарағанда 
ынтаға қатыгез келеді. 
      Көпшілік 
жоғары 
жануарлардың 
ересек 
дараларының 
мінез-құлқы, 
əсіресе 
маймылдарда,  көбіне  олардың  балалық  шағындағы  шешесімен  қарым-қатынасына 
байланысты.  Бұл  қарым-қатынастар  кейін  айналасындағылармен  қатынасуында  көрініс 

табады. Н. Тинберген            əртүрлі ауруханалардан алынған мəліметтерге сүйеніп, адамдар 
да осылай болатынын айтты. 
       Кез  келген  затты  танып  білу  үшін  оған  қызығушылық  қажет.  Қызығушылықты 
арттыруға  ойын  пайдаланылады.  Ойында  əсіресе  жас  жануарлар  үшін  -  үнемі  ашылу 
элементі болады.  
       Қазіргі психология бойынша жаңа затқа үйренуге ұмтылу ер адамдарда басым, ал əйел 
адамдарда негізгі қызметі ұрпақты дүниеге əкеліп жəне сақтау болады.  
       Оқу  барысында  адам  ақылы  белгілі-бір  дəрежеде  үй  жануарларына  берілетінін  ескеру 
қажет.  Иттер  кейбір  фразаларды  түсінеді  жəне  иесінің  ойларын  оқи  алады.  Үй 
жануарларының  парасаттылығының  өсуі  инстинктінің  өшуіне  əкеледі.  Осыған  сəйкес  тек 
адам  оқи алады. Үй жануарларының парасаттылығының өсуі инстинктінің өшуіне əкеледі. 
Осыған сəйкес тек адам ғана абсолютті бейімделгіш деп есептеуге болмайды. Осы жағдайға 
байланысты адам түрді өшіруге мүмкін деген болжамға келуде. Біздің ата-бабаларымыздың 
эволюциясына көмектескен адам қоғамында жаратылысты сұрыпталу (бейімделмегендерге 
көмек,  аурулардың  тірі  қалуы)  əлсіреген  деген  үрей  туады.  Адамзат  қандай  жетістіктерге 
жетсе де оны пессимистер эволюцияның тұйықтама бұтасы деп атады. 
  
13.3. Этнология 
    Мұндай 
адамдар 
арасындағы 
ұлттық, 
нəсілдік, 
жыныстық 
айырмашылықтар 
жаратылысты  құбылыстарға  жатады.  Сəйкес,  осы  белгілері  бойынша  қоғамдық 
бірлестіктерді жаратылысты ғылыми жағынан қарастыруға болады. Осындай ғылымдардың 
бірі этнология. Этнос - бұл адамдардың ұлттық белгісі бойынша бірігуі, яғни көп дəрежеде 
мəдени емес жаратылысты бағытта жүреді.  
    Қазіргі  кезде  көптеген  ірі  қоғамдық  тарихи  оқиғаларды  зерттеушілер  Л.Н.Гумилев 
дамытқан  этногенез  теориясы  бағытымен  түсіндіреді,  -  бұл  теория  əлеуметтік  дамуды  күн 
энергиясының əсерімен түсіндіреді.  
    Күн  жіберетін  импульстер  пассионарлы  түрткіге  əкеледі.  Пассионарлы  түрткі  бірнеше 
энергиялы  тұлғалардың  -  пассионарилердің  пайда  болуына  əкеледі,  олар  этносты 
қалыптастырып барлығын соңына ерітеді. Осылай пассионарилердің пайда болуы этностың 
дамуы  мен  қалыптасуына  əкеледі.  Судың  мұзға  айналу  мысалын  пайдаланатын  болсақ 
Гумилев бойынша пассионарилер - бұл кристалдану орталықтары.   
      Л.Н.Гумилев  теориясы  бойынша  этнос  (энтогенез)  дамуы  «сəттік  ұрандары»  бар 
бірнеше сатыдан өтеді:  
  Этностың пайда болуы- «Əлемді өзгерту керек себебі ол нашар»  
  Көтерілуі-  «Этнос  қызығушылықтары  бəрінен  де  жоғары».  Бұл  сатыда  табиғаттың 
өзгерісі қарқынды жүреді.    
  Шегі-  «Өзіңмен  өзің  бол».  Бұл  сатыда  этнос  жоғары  даму  нəтижесіне  жетеді,  содан 
соң ол  төмендейді.  
  Үзілуі-«Тек өткендей болмасын» 
  Инерциальды фазаға ауысу – «Өмір сүруге мүмкіншілік беріңдер!» 
  Обструкция – «Бұл қашан аяқталады!!!» 
  Өшу кезеңі – «Барлығымен бірдей бол», «Біздер ұлылардан шаршадық». Бұл уақытта 
жеке  қасиеттер  өше  бастайды.Əркім  өзін  ойлайды.  Мəдениет  пен  материалдың  бағалы 
заттар өсуін жалғастырады. 

    Этнос гомеостазға кетеді. Табиғат не сүрленеді не дағдарысқа ұшырайды. (бұл жағдайда 
этнос өледі).  
   Этнос даму соңында уақытты футуристік қабылдау байқалады. Осыдан кейін мемориалды 
фазаға ауысу жүреді – «Дегенмен бəрі жайылып кеткен жоқ қой». Бірақ құлдырау жалғаса 
береді.  
     Л.Н. Гумилевтың сызбанұсқасы бойынша соңғы сатылардың өшу кезеңдерінің ұрандары 
келесідей-«Тамаша  болғанын  еске  алайық»,  «Ал  бізге  ештеңе  керек  емес?».  Осылай  этнос 
өзінің ыдырауынан немесе басқа жас энергиялы этностың əсерінен өледі. Л.Н.Гумилевтың 
бұл  концепциясы  өзінің  заманындағы  этностың  пайда  болуы  мен  қуаттылығы  туралы 
естелігі  ретінде  барлық  халықтардың  фольклор  кейіпкерлері  туралы  айтқандарды 
түсіндіреді. 
     Өзінің  еңбектерінде  Л.Н.Гумилев  былай  деп  жазады  «Кез  келген  этностың  тарихы  
көрсетілген сызбанұсқаға сай болады (бастамасы-қызуы-құлауы-өшуі), ал оның бұрыштары 
оның  мəніне  пропорционалды  болды  .  Кез  келген  тірі  жүйе,  этнос  немесе  ағза  болса  да 
бірдей дамиды. Кездейсоқ мұнда пассионарилердің пассионарлылығына ие кейбір адамдар 
пайда  болды.  Олар  көбінесе  иллюзия  болатын  мақсаттары  үшін  өзін  де  өзгені  де 
құрытады.Бұл  қасиет  –  антиинстинкт    жəне  керісінше  мутация  барысында  аз  энергияны 
абсорбциялайтын  субпассионари  даралар  пайда  болады.Оларға  бəрі  қиын,  ал  олардың 
қажеттіліктері қарапайым тамақ жеу,ішу,көңіл көтеру». 
        ХХ  ғасыр  ортасында  Арнольд  Тойнби  əртүрлі    цивилизациялардың  тарихи  тағдырын 
талдап, бифукация нүктелеріне көңіл аударды.Соған байланысты ол «альтернативті тарих» 
түсінігін енгізді. 
       Қазіргі  кезде    математикадағы  жаңа  көзқарастар,  қазіргі  заман  компьютерлерінің 
мүмкіндіктерінен жəне гуманитарлық пəндердің тəжірбиесінен тарихи оқиғаларды басқару 
мүмкіншілігі  туады.Осыған  орай  оптимальды  басқару  теориясының  жетістіктерін  жəне 
сəнге енген динамикалық хаосты басқару теориясын есепке алмауға болмайды. 
      Бүгінгі  таңда  математикалық  модельдеу  бойынша  мамандар  кері  дамитын  жүйелерді 
зерттеуді бастады. Бұл жүйелерді талдау өте күрделі, дегенмен алынған білім мүмкіндіктері 
қоғам  дамуының  виртуалды  траекториясы  туралы  түсінік  береді.  Осындай  талдаудың 
жақсы жəне жаман нұсқалар арасында таңдауда үлкен құны бар. 
 
13.4. «Адам- табиғат» қатынасу туралы экология 
    «Адам-табиғат»  қатынасы  туралы  экология.  «Адам-табиғат»  қатынасы  жүйесін 
құрайтындар  экологияға  жатады.  Бұл  ғылым  жаратылыстану,  техникалық,  гуманитарлы 
ғылымдар  тоғысында  орналасқан.  Адам  қоршаған  ортамен  заттың,  энергетикалық, 
ақпараттық əртүрлі байланыста болады. 
     Жануарлар ортаға бейімделсе, адам оны қайтадан жасайды. В.И.Вернадский адамның іс-
əрекеттерінен оның геологиялық ролін бөліп алады.  
    Адам  мен  табиғат  арасындағы  əсерді  зерттейтін  қазіргі  кері  бағыттарының  ішінен 
глобальды экологияны, адам экологиясын жəне əлеуметтік экологияны бөліп алуға болады. 
    М.И  Будыко  бойынша  глобальды  экологияның  негізгі  мақсаты  –  антропогенді  жер 
астындағы тұтас биосфераның мүмкін болжамдарын өңдеу.  
    Адам экологиясы адам ағзасы мен оның мүмкін болатын бейімделгіштігін  қарастырады.  

    Əлеуметтік  экология  «қоғам-табиғат»  жүйесіндегі  адамның  қоршаған  ортаға  əсерін 
қарастырады. Ол қоғамның дамуы не себептен экологиялық кризиске əкелген деген сұраққа 
жауап  беру  керек.  Биологиялық  түрдің  азаюы  экожүйенің  тұрақтылығына  қауіпті,  ал  адам 
өнімді көтеремін деп, экожүйе дамуындағы негізгі заңдылықтарды бұзады. Адам табиғаттан 
гипотеза  түрінде  қалып  отыр.  Ноосфера  түсінігінің  мəні  –  бұл  ғылым  мен  техника 
көмегімен  биосфераны  өзгертуге  болады  деген  адамдардың  нанымы  (Тейяр  де  Шарден). 
Бірақ наным ақылға сыймай отыр. 
         
Əдебиеттер: 
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003,  99-108 бет. 
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 148-155 бет. 
«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» Самыгина С.И.  – Ростов н/Д , 2001.  359-361 бет. 
№14 Дəріс  
Тақырып:   Психика мен  сана туралы қазіргі заманғы ғылым   
Дəріс мақсаты:  Психика мен  сананы қарастыру.      
Дəріс  мазмұны.            Жануарлар  психикасынан  адам  тілі  мен  танымына  дейін.  Адам  миын  оқып  білу.    Ми 
ассиметриясы.      Саналылық  пен  санасыздық.  З.Фрейд,  К.Юнг,  Э.  Фрома  зерттеулері.  Қазіргі  заманғы 
зерттеулер. 
14.1. Психикикадан санаға дейін.   
14.2.  Адам миын оқып білу. 
14.3. Ми ассиметриясы. 
  
 
14.1. Психикикадан санаға дейін 
      Психика  қасиеті  жануарларға  да  адамға  да  тəн.  Сана  тек  адамда  болады  жəне  ол 
бейненің  жоғарғы  формасы.  Оның  негізі  абстрактілі  ойлаудағы  жалпы  жəне 
ортақтандырылған  бейне  шындығы  ретінде  анықтайтын  логикалық  ойлауға  байланысты. 
Адам миы – ойлау мүшесі. Ойлаудың негізі – тіл. Ойлаудың элементарлы бірлігі – түсінік, 
ал тілде мұндай қызметті сөз атқарады.  
     Адам 
санасының 
жануарлар 
психикасымен 
сигналды 
қатынасынан 
сапалық 
айырмашылығы  абстрактілі,  түсінікті  ойлау  жəне  сөздік  тіл  болып  табылады.  Философтар 
көбінесе  жануарлардың  ойлауы  туралы  айтады.  Мұндай  «ойлау»  уақытында  жануарлар 
абстрактілі түсініктер емес жалпы түсінік алу қабілеті айқын байқалады.  
      Жануарларда  сана  мен  тіл  жоқ.  Бірақ  кейбір  жоғарғы  саты  жануарларының  сигнал 
жүйесі  жақсы  дамыған.  Мысалы,  шимпанзе  32  шамасында  əртүрлі  дыбыс  шығара  алады. 
Дельфиндерде  де  күрдері  сигнал  жүйесі  бар.  Бұл  сигнал  жүйесі  адамның  тілінен 
ерекшеленеді.  Жануар  əлемінен  адамдар  əлеміне  ауысу  сигналмен  дыбыстың  түзілуі, 
эмоция кейіннен заттарды белгілеу құрылғыларына олардың қасиеті мен қатынасы алыстан 
шығатын пиғылды мəліметті қызмет атқарумен қоса жүреді.  
       Жануар    іс-əрекеті  қабілетінен  адам  еңбегі  де  ерекшеленеді.  Тіршілік  эволюциясының 
сатылары ұқсастығымен жəне айырмашылығымен сипатталады.Олар бір-бірінсіз болмайды.  
       Суреттер  арқау  болып  тілдің  шығуына  үлкен  үлес  қосты.  Өте  ертедегі  табылған 
суреттер жасы 30 мың жыл.  
        Адам  тек  суретті  жасап  қоймай  оның  бейнесін  көріп  түсіне  алады.  Ғалымдар  күні 
бүгінгедейін адам миының мұндай суреттерді қарау кезінде адамның көруі жүйесі арқылы 
алынған  ақпаратты  толығымен  жүйелеп,  талдап  жəне  бағалай  алатындығын    түсіндіре 

алмайды.  Сонымен  қатар  көру  жəне  есту  символикасының  қайсысы  ерте  дамығанын  айту 
қиын.  Олар  бір  мезгілде  дамуы  да  мүмкін.  Ең  ежелгі  жазулардың  белгілеулері  (шумер 
пиктограммалары, 
египет 
иероглифтері) 
белгілі-бір 
заттардың, 
іс-əрекеттердің, 
жағдайлардың кейде ғана буындардың атауын береді. 
       Адамдардың көпшілігі сөйлеммен ойлайды, бірақ барлығы емес. Психолог Г.Рибо мен 
математик  Ж.Адамар  өткізген  əйгілі  математиктер  сауалдамасы  олар  қозғалыс  емес  көру 
бейнесімен ойлайтындарын  көрсетті. 
Шығармашылық  процесте  пайдаланылатын  көру  бейнелерінде  өңделген  математикалық 
идеялы  бейнеленген  бөлімі  емес,  символдық  бөлімі  бар.  Кейбір  композиторлар  көру 
бейнелерін  пайдаланатыны  белгілі.  Олар  өздерінің  шығармаларын  ең  алдымен  бейне 
формасында көреді. Осыған байланысты көптеген психологтар балалық шақта сөзді əртүрлі 
белгілермен  түсіндіруге  шынықтыру  қажеттілігі  туатынын  болжайды.  Оқу  процесін 
жеңілдету үшін əйгілі адамдар пайдаланған белгілермен оқытуға болады. 
 
14. 2.  Адам миын оқып білу 
       Ғылым  да  табиғат  сияқты  эволюциялық  процеске  ұшырайды,  қазіргі  кезде  оның 
бөлімдері  əртүрлі  деңгейлерде.  Мұндай  жаратылыстану  ғылымдарының  бір  бөлігі 
физиологиялық  процеспен  байланысты  психикалық  процеспен  адам  миын  оқып  болып 
табылады. Адам миын оқудың басты мақсаты - мінез-құлық механизмін түсіндіру мен оны 
басқаруды  үйрену.  Мида  өтіп  жатқан  процестер  туралы  білім  алу  ақыл  қабілетімен 
психологиялық комфортқа жету үшін қолданылуы мүмкін. 
       Жоғарғы ми əрекеті химиялық, физикалық  т.б əдістермен анықталады. Жаратылыстану 
көзқарасымен қызықты зерттеулеркелесі əрекеттерге байланысты: 
•  ми орталығына ғана əсер ету; 
•  ара қашықтықта мінез-құлықты кодирлеу; 
•  есірткі құралдарын пайдаланып тəжірибелер жасау. 
        1863  жылы  орыс  физиологиясының  негізін  салған  И.М  Сеченовтың  «Бас  миының 
рефлексі» атты кітабы шықты. Бұл кітапта өте жақсы ми əрекетінің рефлекторлығы туралы 
теориялық  пікір  айтылған  жəне  психикалық  құбылыспен  денедегі  жүйке  процесінің 
ұқсастығы  туралы  мəліметтерді  физиология  құрастыратыны  көрсетілген.  И.П 
Павловтың зерттеулерінің көмегімен сана мен есті қоса бас ми физиологиясын оқу қолайлы 
болды. И.П Павлов дамытқан жоғарғы жүйке əрекеті туралы ілім психикалық құбылыс пен 
дене  бірлігін  қатеге  шығаруға  болмайтынын  дəлелдейді.  Ол  былай  деп  жазды:  «...Галилей 
заманынан  беріқарай  жаратылыстану  барысы  алғашқы  рет  жоғарғы  ми  бөлімінің  алдында 
немесе, жануарлардың сыртқы ортаға күрделі қарым-қатынасының алдында тежелді. Оның 
мəні  болды,  себебі  ми  –  адам  миы  түрінде  жаратылыстануды  жасады  жəне  жасағанда,  өзі 
осы жаратылыстанудың объектісі болып отырды». 
       Мидың  синапстарды  (байланыс  орындары)  өткізу  жолдарынан,  нейроннан  (жүйке 
жасушалары)  тұратынын  басқару  орталығы  ретінде  қарастырады.  Қазіргі  кезде  мидың 
экспериментті  зерттеуінің  техникалық  мүмкіншіліктері  бар.  Бұған  мидың  əр  бөлігін  еске 
жауапты,  бейнені  тану,  есепті  шешу  т.б  процестерді  оқу  үшін  электрлік  тітіркену  əдісі 
қолданылады.  Осыған  жасанды  түрде  қорқыныш,  үрей,  лəззат,  алауыздық  –  эмоция 
ойларын, идеясын тудырады. Ұқсас əрекеттерді қашықтан жүргізуге болады.  

Тірі ағзалармен сыртқы ортаның арасындағы қашықтық əсерлесуді қабылдау поцестері мен 
сананы  зерттейтін  ғылым  «психотроника»  деп  аталады.  Ол  өткен  ғасырдың  екінші 
жарысында  пайда  болды  жəне  психотропты  генераторлар  жасау  теориясына  негізделеді. 
Бұл  ғылымда  техникалық  жəне  технологиялық  тəсілмен  шешімдерді  пайдалануға  ұмтылу 
айқын көрінеді.  
        Осыған  байланысты  жоғарғы  жүйке  əрекетінің  физиология  аумағындағы  ірі  ғылыми 
маман  академик  П.В  Симоновтың  сақтандыруына  көңіл  бөлу  керек:  «Қазіргі  заманғы 
жаратылыстанудың  жетістік  тері  кең  болғандықтан  көпшілік  ғылымдар  оған  сүйінуге 
қызығушылық танытады. «Буып түйілген ғылым» оның қызмет ету бағасын өсіреді. Осылай 
спинорлы,  лептонды  жəне  торсионды  өтістер,  психотроника,  психоэнергиялық  əсер  жəне 
энергоақпараттық алмасу пайда болады».  
Миды белгілі əдістермен зерттегенде келесі көрсеткіштер алынды: 
• бірде-бір  мінез-құлық  əрекеті  жасушалық  деңгейде  теріс  потенциялдар  пада  болмаса 
мүмкін 
болмайды, 
ол 
электрлік 
жəне 
химиялық 
өрістермен 
жəне 
мембрана 
деполяризациясымен сүйемеленеді; 
• мидағы процестер екі түрлі болуы мүмкін: қозу жəне тежелу; 
• жады  шынжыр  бөлімдері  тəрізді,  бір  шетінен  тартып  көп  шығаруға  болады; 
психикалық  энергия  мидың  физиологиялық  белсенділігімен  сырттан  алынатын  ақпараттан 
тұрады; 
• жігер қызметі қалыптасқан механизмдерді іске асыруға негізделген. 
Əртүрлі  құпиялардың  ашылуына  қарамастан  бас  миының  іс-əрекетінде  анықталмағаны  əлі 
де  көп.  Мысалы,  сананың  сендіретін  физико-химиялық  моделінің  болмауы  сананың  өнімі 
ойға  нақты  сипаттама  беруге  кесел  келтіреді.  Қазіргі  кезде  сананы  ерекше  ұйымдастыру 
нəтижесі  деп  қорытынды  жасауға  болады,  олардың  күрделілігі  басқа  бөлімдерінде  жоқ 
эмерджентті қасиеттерін жасайды.   
 
14.3. Ми ассиметриясы
      Нейрофизиологияның  негізгі  жетістіктерінің  бірі  –  ми  қызметінің  ассиметриясын 
анықтау болып табылады. Калифорния технологиялық институтының поффесоры Р. Сперри 
50-ші  жылдардың  басында  анатомиясы  бірдейге  жақын  мидың  жартышарларының 
қызметінің  айырмашылығы  бар  екенін  дəлелдеді.  Ол  балалық  шақта  көрініс  тауып,  жасы 
ұлғайғанда бірге дамып, қартайған шақта əлсірейді. 
       Тəжірибе  көрсеткендей:  адам  миының  оң  жақ  жартышарлары  синтетикалық  , 
индуктивті,  тұтас;  сөйлеу  арқылы  өзін  айқындай  алмайды,  бірақ  көру  мен  пішінді  тануды 
басқарады.  Сол  жақ  жартышарлар  –  аналитикалық,  рационалды,  жүйелі  əсер  етуші, 
агрессивтілеу,  белсенді,  жетекші,  қозғалыс  жүйесін  басқарушы.  Сонымен  оң  жақ 
жартышарлар  эмоциялық  көріністерге,  ал  сол  жақ  жартышарлар  ақпараттық  процесстерді 
басқарады. 
        Екі құрылыс бір-біріне тығыз байланысты. Барлықадамдарды екі топқа суретші (оң жақ 
жартышарлар  басым)  жəне  ойшылдар  (сол  жақ  жартышарлар  басым)  деп  бөлуге 
болатындығын И.П Павлов айтқан болатын. 
 
Əдебиеттер: 
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003,  109-114 бет. 
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 156-159 бет. 
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет