М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата09.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 №9 Дəріс    
Тақырып: Материя қозғалысының биологиялық формасы.   
Дəріс мақсаты: Материя қозғалысының биологиялық формасына сипаттама беру.        
Дəріс  мазмұны.    Тіршілік  ерекше  материя  жүйесі  ретінде.  Жасуша  тіршіліктің  құрылымдық  жəне 
функционалдық бірлігі.   
   
 
9.1.   Тіршілік ерекше материялы жүйе ретінде. 
9.2.   Жасуша – тірінің құрылымдық жəне функционалдық бірлігі. 
      
9.1.   Тіршілік ерекше материялы жүйе ретінде 
       Тіршілік тірі жəне өлі ағзалардың қоршаған ортамен байланысы арқылы жүзеге асады. 
Тіршіліктің  мəні  өсу,  тұқым  қуалау,  өзгергіштік,  тіршілік  үшін  күрес,  табиғи  өңдеу, 
ұйымдастырушылық,  ақпарттықта.  Тіршілік  сферасы  молекулярлы  –  генетикалық  пен 
биосфераға дейінгі деңгейлерді қамтиды. Тірі материя құрылысының əр деңгейін зерттеудің 
биологиялық  мəні  болу  керек.  Сонда  ғана  тіршілікті  зерттеуге  бағыт  алуға  болады. 
Тіршіліктің  дамуы  жоғары  молекулалы  ақуыз  бен  нуклейн  қышқылдарынан  тұратын 
физикалық, 
химиялық 
жүйелермен 
бірге 
жүреді. 
Бұл 
жүйелер 
өзгергіштікпен 
тұрақтылықтың үздіксіз біртұтастығымен сипатталады.  
         Биолог,  химик,  физиктер  материалдық  жүйе  құрайтын  мүше,  ұлпа,  жасушаның 
құрамын биологиялық процестер заңдылықтарымен байланыстырады.  

        Академик  В.А  Энгельгард  «Тіршілік  құбылысын  тану»  кітабында  «биологиялық 
процестерде зат алмасу құбылысының өзін реттеуі жеке қайтымды химиялық реакцияларда 
жай  тепе-теңдік  ығысу  емес,  кері  байланыс  механикалық  қасиетін  айқандайтын  химиялық 
реакция  жиынтығы  нəтижесінде  пайда  болатын  жеке    емес  өздік  қасиетке  ие  емес,  бірақ 
бірге жүйе түзуі арқылы жүзеге асады» делінген.  
            Тірі жүйенің іргелі қасиеті болып, ДНҚ мен РНҚ молекулаларын қамтамасыз етумен 
редуплкация  өзін-өзін  пайда  ету  қабілеті  болып  табылады.  Ғалымдар  РНҚ–ны  алғаш 
эволюцияда генетикалық код өкілі ретінде бірінші өзін-өзі репликациялайтын молекула деп 
санайды. Генетикалық аппарат тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтап жəне тасымалдайтын  
тұрақты болуға тиіс. Сондай-ақ ол эволюциялық процестерде жаңа тіршілік түрлерін пайда 
етуде  жағдай  жасау  үшін  жеткілікті  майысқақ  болуға  тиіс.  Өзін  -  өзі  пайда  ету  мен  зат 
алмасумен  қатар  күрделі  жүйелердің  талғампаздық  белгісіне  соңғы  кезде  хиральды 
тазалықты  жатқызуда.  Хиральды  тазалық  деп,  молекулалық  екі  қарама-қарсы  формадағы 
оптикалық  стереоизомерия  түзу  қабілетін  айтады.  ХІХ  Луй  Пастердің  ашқан  химиялық 
қосылыстардың  оптикалық  изомері  қарама-қарсы  жақтағы  жарық  поляризациясы 
жазықтығын  айналатын  оптикалық  белсенді  заттармен  түсіндіріледі.  Мұндай  оптикалық 
антиподтар бірдей құрамды, бірақ функционалдық топтардағы орналасуы əртүрлі. 
          Қазіргі  заманғы  жаратылыстану  ғылымдар  жиынтығы  білімін  біріктіре  отырып, 
тіршіліктің күрделі химиялық, физикалық механизмдерін ашуда. 
 
9.2.  Жасуша – тірінің құрылымдық жəне функционалдық бірлігі. 
  Жасуша  –  элементарлы  тірі  ашық  жүйе  болып  келеді.  Ол  қоршаған  ортадан    жасуша 
мембранасы арқылы бөлінген. Ішіндегі цитоплазмасында ядро кездеседі. Жасуша тірі ағзаға 
тəн  барлық  қасиеттерге  ие.  Жасушаны  цитология  ғылымы  қарастырады.  Цитология 
ғылымының  жетістіктері  мен  табыстары  физикалық  жəне  химиялық  əдістер:  электрондық 
микроскоп,  рентгенді  анализ  т.б.  қолданумен  байланысты.  Микроскоп  арқылы  өте  ұсақ 
бөлшектерді зерттейді. Жасуша салмағының 98%-ін оттегі, көміртегі, сутегі, азот алады. Ал 
қалған  2%-ін  калий,  күкірт,  фосфор  жəне  басқа  елу  шақты  химиялық  элементтер  алып 
жатыр.  Заттық  құрамы  жағынан  80%  су  алып  жатыр,  басқа  бөлігін  минералды  тұздар  мен 
органикалық  қосылыстар  (май,  ақуыз,  көмірсу)  алып  жатыр.  Ақуыз  жасушаның  зат 
алмасуын реттесе, нуклейн қышқылдары тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтаушы.  
         Майлар  –  энергетикалық  қызмет  атқарып,  жасуша  көбеюі  мен  метаболизм  процесіне 
қатысады.  Көмірсулар  –  энергия  көзі,  құрылыс  материалы    ретінде  пайдаланылып, 
қорғаныштық  қызмет  атқарады.  Ақуыз  аминқышқылдар  қалдығынан  тұрады.  Ақуыз 
құрамына 20 негізгі аминқышқылы кіреді. Нуклейн қышқылдары бірнеше нуклеотидтерден 
тұрады. Нуклеотид құрамына азотты негіз, көмірсу, фосфор қышқыл қалдығы кіреді.  
          ДНҚ  мен  РНҚ  жасушада  кездесетін  негізгі  нуклейн  қышқылдары  болып  табылады. 
ДНҚ ядрода, РНҚ рибосомада кездеседі.   
 
Əдебиеттер: 
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003,  70-72  бет. 
Солопов Е.Ф.  «Қазіргі  заманғы жаратылыстану  концепциясы»  - М: Гуманит.   Баспа  ВЛАДОС орталығы, 
1998  
   
 №10 Дəріс 

Тақырып:  Органикалық  əлем  генетикасы мен эволюциясы.    
Дəріс мақсаты: Органикалық  əлем  генетикасы мен эволюциясына сипаттама беру.         
Дəріс мазмұны.   Генетика жəне он негізгі түсініктері. Генетика жəне дарвинизм. Гендік жəне жасушалық 
инженерия мен əлеуметтік – этикалық мəселелер. 
10.1. Генетика   жəне оның түсінігі. 
10.2. Генетика жəне дарвинизм. 
10.3. Гендік жəне жасушалық инженерия мен əлеуметтік – этикалық мəселелер. 
 
10.1. Генетика   жəне оның түсінігі 
          Генетика  -  өзгергіштік  пен  тұқымқаулаушылықты  зерттейтін  ғылым.  Генетика 
заңдарын алғаш Грегор Мендель ашса, кейін Гуго де Фриз Голландияда, Германияда Карл 
Корренс  пен  Австрияда  Эрих  Чермак  осы  заңдылықтарды  қайтадан  ашты.  Генетика 
дамуының  келесі  этапы  Г.Морганның  тұқымқуалаушылық  хромосомалық  теориясымен 
байланысты  дамыды.  Бұл  теория  бойынша  жасуша  ядросының  хромосомасы  тұқымқуалау 
ақпаратын  ұрпақтан  –  ұрпаққа  тасымалдайтын    негізгі  қызметті  атқарады.  Кейінгі 
зерттеулер  генетикалық  ақпаратты  тек  хромосома  емес,  цитоплазманы  құрайтын 
органойдтардың да тасымалдайтыны анықталды. 
          Генетиканың  негізін  салушы  ұғым  –  ген.  Ген  бір  ақуыздың  синтезіне  жауап  беретін 
ДНҚ  бөлігі.  Төрт  негізгі  нуклейн  қышқылдарының  комбинациалық  үйлесімдігі  маңызды 
болып  келеді.  Мұндай  үйлесімділіктің  əртүрлілігі  органикалық  əлемнің  əртүрлілігі  мен 
эволюциясының  көптеген   тұқымқуалаушылық өзгерістерді береді.  
      Генетикада өзгергіштіктің екі формасын ажыратады: 
•  генетикалық  - тұрымқуалаушылық арқылы берілетін, 
•  фенотиптік  -  тұрымқуалаушылық арқылы берілмейтін. 
      Қазіргі заманғы генетикалық ірі ашылымдары қайта құру өзгергіштігіне, яғни мутацияға 
əкелетін  генотип  қабілетін  анықтауымен  байланысты.  Мутация  ағзаға  пайдалы,  зиянды 
жəне  бейтарап  болуы  мүмкін.  Мутацияның  бір  нəтижесі  жаңа  ағза  түрін  дүниеге  əкеледі. 
Мутация өздігінен қалыптаспайтын өзгергіштік. Олар беймезгілдерде пайда болуы мүмкін. 
Бірақ  олар  ішкі  жəне  сыртқы  орта  əсерінен  туындайды,  яғни  себепсіз  пайда  болмайды. 
Мутация орта жағдайына байланысты жəне арнайы ионды радиация, химиялық реагент т.б 
əсерінен пайда болуы мүмкін. Экспериментальды жолмен алынған мутациялар өзгергіштік 
бейімділік қасиетіне ие болмайды. Бейімделгіштік сұрыптау нəтижесінде болады. 
        
Ертеректе  генотип  түсінігіне  жасуша  құрамына  кіретін  барлық  ген  жүйелерін 
жатқызған.  Қазіргі  уақытта  бұл  түсінік  көлемінде  ағза  ДНҚ  хромосомсының  жиынтығы 
жатады. Барлық гендер жиынтығы геном деп аталады. Сондай-ақ генотип деп - тек ағзаның 
тұқымқуалаушылық  құрылымын  түсінеді.  Фенотип  деп  –  түрлердің  жеке  белгілерінің 
жиынтығын  айтады.  Фенотип  ортамен  генотип  қарым  –  қатынасының  өнімі  болып 
табылады.  
  
10.2. Генетика жəне дарвинизм 
          Алғашқыда  өз  дамуында  дарвинизмге  қарсы  күресте  қолданылады.  Сол  уақытта 
гендер  тұрақтылығы  оның  өзгермейтіндігімен  қабылданды.  Мутация  уақытындағы  гендер 
өзгерісі  түр  өзгерісі  ретінде  қабылданды.  Сондай-ақ  табиғи  сұрыпталу  эколгияның  негізгі 
факторы.  ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдарында  генетика  жеке  өзгерістердің  тууымен  сыртқы 
орта қарым-қатынасында болатын өзгергіштің нақты механизмін ашатынын түсіне бастады. 

Табиғи  сұрыптау  əсерімен  түр  пайда  болуының  нақты  жолдарын  түсінуде  экология  мен 
генетика,  эволюциялық  ілім  шекарасындағы  зерттеу  аймағының  маңызы  зор.  Бұл  аймақ 
генетика  популяциясы  деп  аталады.  Генетика  популяциясы  микроэволюциясымен 
макроэволюциясыарасындағы  байланысты  анықтайды.  Эволюция  процесінде  сыртқы  орта 
негізгі роль атқарады. Бұл эволюциялық теорияны ашады.  
        Генетикамен  эволюциялық  ілім  қызметін  анықтауда  тірі  табиғат    ұйымдастыру 
деңгейінің    екі  қарым-қатынасын    түрлік  жəне  молекулярлы-генетикалық  түсінігін 
қарастыру  қажет.    Бұл  табиғи  сұрыптаудың    əсер  ету  механизмінің  түрлік  жəне 
молекулалық-генетикалық деңгейінің мəселелерін шешеді. Генетикалық белгілердің табиғи 
сұрыптау  жолы  мен  органикалық  эволюция  теориясын  анықтауға  болатын  неодарвинизм 
деп  аталатын  эволюциялық    қөзқарасты  дүниеге  əкелді.  Бұл  теорияның  басқаша  аталуы  
эволюцияның  синтетикалық  теориясы.    Эволюция  механизмінің  екі  бөлімнен  тұратын: 
генетикалық деңгейдегі кездейсоқ мутация жəне қоршаған ортаға бейімделген мутацияның 
ұрпақ қалдыруды реттеуі қаралады.    
              
10.3. Гендік жəне жасушалық инженерия мен 
əлеуметтік – этикалық мəселелер 
      70-ші  жылдардағы  ДНҚ-дан  ген  бөліп  алу  техникасы  мен  қажетті  генді  көбейтудің 
əдістемесі  дамытылды.  Осылай  гендік  инженерия  дамыды.  Гендік  инженерия  – 
биохимиялық  жəне  генетикалық  əдістер  көмегімен  табиғатта  болмайтын  гендер  үйлесімін 
пайда  ету  мақсатындағы  молекулярлық    биологияның    бөлігі  молекулярлық  генетика.  Ол 
кез-келген  ағза  жасушасынан  гендермен  гендер  топтарын  алып,  белгілі  нуклейн 
қышқылдарының  молекулаларын    қосып  алған  гибридті  молекулаларды  басқа  ағза 
жасушасына енгізу.  
      Тірі  ағзаға  бөгде  генетикалық  ақпаратын  енгізіп,  осы  ақпаратты  ағзада  қалыптастыру 
биотехнология  мүмкіншіліктерін  кеңейтті.  Қазіргі  кездегі  биотехнологияның  объектісі  тек 
жеке ген емес, тұтас жасуша.. 
       Қазіргі  кезде  соматикалық  жасушаларды  гибридтеу  əдісі  түр  аралық  гибрид  алуға 
мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  жасанды  жағдайда  екі  ата-анасының  жасуша  қабықшасы  жоқ 
жасуша  протопластарын  бөліп  алып,  қосу  арқылы  гибридті  жасуша  алады.  Бұл  табиғатта 
жоқ жаңа ағзаны пайда етеді. Мұндай гибридті жасушалар екі жақты ата-ана қасиетіне де ие 
болады. 
       Гендік  инженерияның  да  қауіпті  зиянды  жағы  да  бар.  Ол  жасанды  дүниеге  келген 
ағзаларды  белгісіз  жəне  қайтымсыз  Жердегі  тірі  ағзаға,  соның  ішінде  адамға  əсері  мүмкін 
деген  қауіп  бар.  Гендік  инженерия  қоғамда  даулы  мəселелерді  де  тудырады.  Көптеген 
зерттеулер жүргізілуде. 
       Гендік  инженерия  генетика,  медицина,  ауыл  шаруашылығы,  микробиология  өндірісі 
мəселелерін шешудің көптеген жолдарын кеңінен ашады.        
Əдебиеттер: 
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003,  76-80  бет. 
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 99-103 бет.  
 №11 Дəріс 
Тақырып:   Адамның шығу тегі  мен эволюциясы.   
Дəріс мазмұны: Адамның шығу тегі  мен эволюциясына сипаттама беру.        

Дəріс мазмұны. Адам жаратылысты-ғылыми танымның пəні ретінде. Адам пайда болуының концепциясы. 
Адаммен жануарлардың ұқсатығы жəне  айырмашылығы. Адамның эволюцииясы  мен  қалыптасуы  туралы 
антропология. Қазіргі заманғы адамның пайда болу орны  туралы гипотезалар. 
 
11.1.  Адам жаратылыстану объектісі ретінде. Адам пайда  
          болуының концепциялары.  
11.2. Жануарлардан адамның айырмашылығы мен ұқсастығы. 
11.3. Адам құрылымы мен эволюциялық этаптары жайындағы  
         антропология  
 
 
11.1.  Адам жаратылыстану объектісі ретінде. Адам пайда 
болуының концепциялары 
        
Адам таиғаттың бір бөлігі. Сондықтан жаратылыстану табиғатты зерттесе, гуманитарлы 
ғылымдар  адамның  жан  дүниесін  зерттейді.  Қазіргі  кездеадамның  биоəлеуметтік  тіршілік 
ететін зат екенін ғылым анықтады. Яғни, ол биологиялық та,  əлеуметтік те сипатта болады. 
Осымен келісе отырып: 
•  адамды физика мен химияның кез-келген тұрғысынан қарастыруға болады; 
•  тіршіліктің əлеуметтік формада болуы тек адамдарға емес, көптеген жануарларға 
да тəн екенін ескеру қажет. 
     Социобиология  жаратылысты-ғылыми  мен  гуманитарлы  білім  тоғысында  кездесетін 
адам зерттеуге қолданатын ғылым. Адамды зерттеуді үш бағытта қарастырады: 
•  шығу тегі; 
•  ондағы гуманитарлық пен жаратылыстың қарым қатынасы; 
•  жаратылыстану əдісімен адам спецификасын зерттеу. 
     Бірінші  бағыт  антропология.  Ол  адамның  шығу  тегі  уақыты  мен  жануарлардан 
айырмашылығын анықтайды. 
     Екінші  бағытымен  социобиология  айналысады.  Ол  адамдағы  физиологиялық  пен 
психологиялық қатынасты жəне адам қызметінің генетикалық негізін зерттеді. 
      Үшінші  бағыт  адамның  миын,  оның  танымын,  жан  дүниесін  т.б.  зерттейтін 
жаратылысты-ғылыми əдістерді анықтайды. 
      Адам  пайда  болуының  бірінші  концепциясы  белгілі,  оның  бірі  адамды  құдай  жаратуы. 
Алғашқы  тайпаларда  арғы  тектері  жануарлардан,  тіпті  өсімдіктерден  пайда  болады  деген 
көзқарасты да еске алу керек. 
      Сондай-ақ адам мен маймылдың ұқсастығын      
 
11.2.  Адам пайда болуының концепциялары 
Бұл  мəселені  қарастырғанда  Бүкілəлем    мен  тіршілік  пайда  болуы  тəрізді  бірнеше 
концепциясы  бар.Оның  бірі  адамды  құдай  жаратуы.  Сондай-ақ  алғашқа  қауымдық 
тайпаларда олардың ата-тектерінің жануарлар мен өсімдіктерден шықты деген көзқарастар 
болған.  Мұндай  көзқарас  қазіргі  кезде  де  төмен  дамыған  халықтарда  бар.  Ертеректе 
адамның  табиғи  жаратылуы  топырақтан  (Анаксимандр)  деген  көзқарастар  болған.  Осы 
кезде  адам  мен  маймылдың  ұқсастығы  бар  деген  көзқарастар  да  болған  (Карфогеннен 
Ганомның).  Қазіргі    уақытта  АҰО  (НЛО)  көп  көңіл  бөлінуіне  байланысты,  Жерге  келген 

немесе  маймылдар  мен  Жерге  келген  мақұлықтардың  будандасуынан  пайда  болған  деп 
адамның жерден тыс пайда болуы туралы мағлұматтар шыға бастады. 
      ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  ғылымда  Ч.Дарвин  эволюциялық  теорияның 
адамның  арғы  тегі қазіргі  кездегі  жоғарғы дамыған  маймыл екендігі  айтылған.  Бұл теория 
ХХ ғасырда генетикалық  дəлелденді. Яғни, адамның генетикалық аппараты жағынан ұқсас 
маймыл  шимпанзе  екені  анықталды.  Адамда  46  диплойдты  хромосома  болса,  адам  тəрізді 
маймылдарда 48, төменгі тартанаулы маймылдарда 54 тен 78 дейін болады. Сондай-ақ адам 
қанын  шимпанзеге  құюға  немесе  керісінше  болатыны  анықталды.  Мұндай  қан  алмасу 
төменгі тартанаулы маймылдармен мүмкін емес.    
 
11.3 Жануарлардан адамның айырмашылығы мен ұқсастығы 
 
    Адамның  шығу  уақыты  туралы  айтып  бастау  үшін  жануарлардан  адамның 
айырмашылығын  қарастыру  қажет.  Оның  нəтижесі  біздерге  адам  туралы  мағлұмат  береді, 
содан  соң  оның  эволюциялық  құрылымы  туралы  айтуға  болады.  Дегенмен  адамның 
жануарлардан  айырмашығы  туралы  айтпас  бұрын  ұқсастығына  тоқталайық.  Ол  келесідей 
көріністе болады: 
•  заттық құрамы, құрылымы жəне мінез-қылығы жағынан. Адам мен жануарлар бірдей 
ақуыз бен нуклейн қышқылдарынан тұрады. 
•  адам ұрығы тіршілік эволюциясы өткен даму сатыларын бастан кешіреді. 
•  адамда жануарларда маңызды қызмет атқаратын мүшелер рудимент ретінде сақталған 
(мысалы, соқыр ішек, түкті қабат). 
   Мұндай ұқсастықтар адамдар мен жануарлардың туыстығын білдіреді. Бірақ адамдар мен 
жануарлардың арасында да айтарлықтай айырмашылықтар болады.  
   Осы  айырмашылықтар  қатарына  ең  алдымен ақылдылықты  жатқызамыз.  Жануарлардың 
ойлау  қабілетін  зерттеген  ғалымдар  оларда  нақты  болатынын  айтты;  адамның  ойлау 
қабілеті  абстрактілі,  логикалық,  түсінікті,    жалпылайтын  болуы  мүмкін.  Түсінікті  ойлау 
қабілеті бар адамның интелектісі де жоғары болатыны белгілі.  
    Келесі  адамның  жануарлардан  маңызды  айырмашылықтарының  бірі  адамның  сөйлеу 
қабілеті. Сөз арқылы қатынаста болу адам қоғамын басқа қоғамдық жануарлардан айырады. 
Адам  өз  миын  құдайдан  сыйға  алған  жоқ,  ол  өз  қолымен  «еңбектеніп»  алды.  Ойлау  мен 
тілдің  туысы  бір:  ойсыз  сөз  жəне  сөзсіз  ой  болмайды.  Ойды  сөзбен  өрнектегенде  ғана 
қабылдауға  қолайлы  болады.  Неміс  антропологы  М.Мюллердің  гипотезасы  бойынша  сөз 
бен  сөйлеуқоғамдық  еңбек  нəтижесінде  пайда  болды,  ол  біртіндеп  ақылдылықтың  пайда 
болуына  əкелді.  Сөздің  арқасында  адам  түсінікті  тудырды  –  ол  бар  заттардың  немесе 
құбылыстардың,  процестердің  белгілері  туралы  жалпы  сипаттама  беруге  жəне  олардың 
басқалармен  байланыстары  мен  қарым-қатынастары  туралы  сипаттама  беруге  мүмкіндік 
жасады.  
        Тағы  бір  адамның  жануарлардан  маңызды  функционалды  айырмашылығы  еңбекке 
қабілеттілігі.  Біздің  антропойдты  ата-бабамыздың  адамдану  процесін  Ф.  Энгельс 
«Маймылдың адамдану процесіндегі еңбектің ролі» атты классикалық жұмысында ашты. Ф. 
Энгельс  адам  эволюцияларының  факторларының  тек  оған  ғана  тəн  ерекшелігін  көрсетті. 
Қолдың  еңбек  құралын  жасайтын  еңбек  мүшесіне  айналуын,  бөлікті  сөйлеу  мен 
қоғамдықтың дамуы. Бұл жерде еңбектің басқа құбылыс-қоғамдықтың көмегімен болғанын 

атап  өту  керек.  Еңбек  қоғамдықтың  дамуына  жағдай  жасады,  ал  қоғам  еңбекті  дамытты. 
Адам  басқа  қоғамдық  категорияға  жатады  жəне  басқа  жануарлар  əлеміне  қарсы  тұруы 
қажет.  Тек  адам  ғана  еңбек  құралын  дайындап,  жасауға  қабілетті.  Осыған  байланысты 
жануарлардың  қоршаған  ортаға  бейімделетіні,  ал  адам  оны  өзгертіп,  соңында  еңбекті 
жасағаны туралы айтылады. 
     Адамның еңбекке қабілеттілігімен тік жүруі мен қолының дамуы тығыз байланысты. 
     Мəдениеттің  дамуына  адамның  əсерін  сипаттайтын  белгілерге  отты  пайдалану  мен 
өлікті жерлеуді жатқызады. 
     Жануарлардан  адамның  негізгі  айырмашылығы:  түсінікті  ойлау,  сөйлеу,  еңбек-осы 
жолмен адамның табиғаттан жекеленуі жүрді. 
 
11.4 Адам құрылымы мен эволюциялық этаптары жайындағы 
антропология 
   Биологиялық түр ретінде жануарлар əлемінде адам келесі систематикалық жағдайда:  
       Тип:                   Сhordata               -  Хордалылар 
       Тип тармағы:    Verbata                 - Омыртқалылар 
       Класс:                Mammalia            -  Сүтқоректілер 
       Отряд:                Primates               - Приматтар 
       Отряд тармағы: Catarrhini            - Тартанаулы маймылдар 
       Тұқымдас:         Hominidae           -  Адамдар 
                   Туыс:     Homo                   - Адам 
                    Түр:       Homo sapiens      - Ақылды адам 
 
      Антропология - адам туралы ғылым. Адам көптеген ғылымдарды меңгерді, оның ішінде 
жаратылысты  да  гуманитарлы  да  ғылымдар  бар.  Осыған  орай  антропологияның 
қарастыратын  негізгі  мəселелері  адамның  пайда  болуы  жəн  оның  құрылысы  мен 
эволюциясының ерекшеліктері болып табылады. 
     Адам  туысының  пайда  болу  уақытын  анықтау  өте  қиын.  Ең  алдымен  ол  жер 
қабаттарынан ежелгі адамзат ата-бабаларының қалдықтарының аз болуына байланысты. Бір 
жерде  бас  сүйегінің  бөлігі  табылса,  екінші  жерден  қаңқа  сүйектерін  табады...  Мұндай  аз 
ақпараттан тірі заттың қалпын келтіру кімге тəн екенін анықтау қиын болады. 
    Антропологтар біздің ата-бабамыз қашан Адам атанғаны  туралы дəл мəлімет алған жоқ. 
Оған  қоса  маймыл  тəріздес  ата-бабалар  қашн  аяқталып,  Адам  қашан  басталғанын  да  айту 
белгілі-бір қиындықтар туғызып отыр.  
    Дегенмен барлығы да əйгілі ағылшын натуралисі Ч. Дарвин айтқан оймен келіседі: адам 
бір бұтасы  қазіргі жоғарғы маймылдарға əкелетін  белгілі-бір жануарлардан шығады.  Адам 
тəрізді  маймылдар-шимпанзе,  гориллалар-өздерінің  «немере  ағалары»  ораyгутангтар, 
павиандар  жəне  басқа  төменгі  маймылдармен  салыстырғанда  біздермен  үлкен  туыстас 
болады.  Бұл  дене  құрылысының  сəйкестігімен  ғана  емес,  ақуыздың  молекулалық  құрамы 
анализімен де дəлелденген.   
    Қазіргі  кездегі  мəліметтерге  сүйінетін  болсақ  адамның  пайда  болуы  мен  эволюциясы 
келесідей  көрініс  табады.  Ол  үнемі  анықталып  отырады,  бірақ  оның  негізі  сақталып  жəне 
бекітіліп  отырады.  Ең  ежелгі  приматтар  90  млн.  жыл  бұрын  пайда  болған.  37  млн.  жыл 
бұрын  орман  шатқалында  кішкентай  құйрықсыз  ұзын  қолды  жəне  кең  кеуделі  маймылдар 

тіршілік  еткен.  Бұл  біздер  мен  адамтəрізді  маймылдардың  ортақ  ата-бабасы  -  ежелгі 
маймылдар пилопитектер болған.  
    Соңғы  10-15  млн  жыл  бұрын  не  болғанын  елестету  қиын.  Сол  уақыттағы 
антропологиялық зерттеуге қажетті қазылып алынған қалдықтар əліде табылмаған. 24 млн. 
жыл  бұрын  плиопитектердің  біршама  «өсіп»  жəн  еірі  маймылдарға  айналғанын  ғалымдар 
дəлелдеп  отыр.  Бұл  маймылдар  проконсул  атанып,  шимпанзе  мен  горилланың  ежелгі  ата-
бабасы  болып  табылады.  Осы  уақытта  диопитектер  («ежелгі  маймылдар»)  деп  аталатын 
маймылдардың  басқа  түрі  бөлініп  шықты.  Олардың  қаңқаласының  қалдықтары  Еуропа, 
Солтүстік  Үндістан  жəне  Қытай  тау  жыныстарында  кездеседі.  Бұл  жыныстардың  жасы  20 
дан 8 млн. жылға дейін. Олардың маймылдан айырмашылығы үлкен емес... 
     Баяу  біраз  үздіксіз  жүрген  эволюция  пайдалы  белгілерді  таңдап  алып  отырып,  біздің 
маймыл  тəріздес  ата-бабамызды  «толық  жетілуге»  əкелді.  20  млн.  жыл  бұрын  Оңтүстік 
Африкада  джунглидегі  климттық  жағдайлар  кебу  мен  салқындауға  байланысты 
дриопитектерге  теректен  түсіп  тік  жүруге  тура  келді.  12  млн.  жыл  бұрын  жаңа  «үлгі»  - 
рамапитек  (қалдықтары  Үндістаннан  табылып  Рама  құдайының  атымен  аталған)  пайда 
болды. Маймылдан рамапитектің негізгі айырмашылығы мен ұқсастығы - жақ сүйектерінің  
құрылысында.  Маймылдардың  барлық  тістері  ұзын,  ит  тістері  үлкен,  күрек  тістері  жалпақ 
болып  келеді.  Бет  бөлігі  маймылдарда  алға  қарай  шығыңқы.  Біздерде  жəне  рамапитекте 
жоғарғы  тіс  доғасы  қысқа  жəне  алдыңғы  жағы  дөңгелек,  беті  алға  қарай  шығыңқы  емес. 
Рамапитек туралы тағы не белгілі? Өкінішке орай басқа ештеңе жоқ. Қазірде рамапитектің 
жоғарғы жақ сүйектері ғана табылған. 
    Осыдан соң мəліметтерде бірнеше миллион жылға бос аралық бар - осы уақытқа дейінгі 5 
млн.  жылдан  ежелгі  8  млн.  жылдан  берірек  қалдықтар  табылмаған.  Бұл  уақыт 
аралығындағы болжамдар бойынша көптеген өзгерістер болған. Біздің ата-бабаларымыздың 
іріленіп, физикалық күштірек болып, олардың кеуде жасушалары кеңее түскен. 
    Өткен  ғасырдың  60  жылдарында  Кениядағы  Рудольф  көлінде  маймылтəріздес 
мақұлықтардың  қалдықтары  табылған.  Оларды  Австролопитектер  деп  атады,  яғни 
«оңтүстік маймылдары». Бірақ оның көп белгілері маймылға ұқсамады. Австралопитек тік 
жағдайда  қозғалған.  Ол  жақсы  жүгірген.  Ең  маңыздысы  ол  жақсы  жүгірген!  Ол  5,5  млн. 
жыл бұрын тіршілік еткен. 
    Тек  2  млн.  жыл  ішінде  Австралопитек  өзіне  қажетті  қаруды-бірнеше  бұдыры  бар 
кішкентай  тастар  жасауды  үйренді.  Тастан  қаруды  жасаған  Австралопитектердің  бұл 
тобына антропологтар Homo habilis («іскер адам») атауын берді. Бұл түрдегі адамдар отты 
пайдалануды білмеді. Олардың қалдықтары Шығыс Африкадан табылды.  
    Осыған  байланысты  кайназой  эрасының  төртінші  кезеңінде  Шығыс  Африкада  адам  мен 
адам  тəрізді  маймылдардың  бөлінуі  болды  деген  пікір  пайда  болды.  Адамның  осы  жерде 
пайда  болуына  жоғарғы  радиация  бөлетін  уран  жыныстарының  шығуы  түрткі  болуы 
мүмкін.  Осы  құбылыс  мутацияға  əкеліп,  ал  ол  эволюциялық  өзгерістің  қарқынымен 
байланысты.  Пайда  болған  түр  тірі  қалу  үшін  қару  жасауға,  қоғамдық  өмір  сүруге  жəне 
ақыл ойын дамытуға міндетті болды.  
    Тастан  жасалған  қарулар  австалопитектің  қолы  мен  миының  ары  қарай  дамуына 
көмектесті. Келесі миллион жылда біздің ата-бабамыздың миының көлемі 600 ден 800 см
3
 
дейін  өсірді.  Жүрісі  жетіліп  адамдыкіндей  болды.  Бұл  енді  толықтай  Адам  -  Homo  erectus 
(«тік жүретін адам») болды. Оның қалдықтары ең алдымен Ява аралынан, соңынан Азиядан 

(Қытай),  Африкадан,  Еуропадан  табылды.  «Тік  жүретін  адам»  1  млн  жыл  бұрын  тастан 
үлкен қол шапқыларын дайындап, отты пайдалануды білді. 
       Жерге  қоныстанған  «тік  жүретін  адам»  500  жыл  ішінде  физикалық  дамыды  жəне 
«ақылдануды»  жалғастырды.  Ми  көлемі  баяу,  бірақ  дұрыс  жолмен  800  ден  1200  см
3
  дейін 
өсе бастады. Ата-бабалар бірден-бірге өздерінің ұрпақтарына ұқсас болды. 
    Қазіргі  типтегі  адамдардың  қалдықтары  алғаш  рет  1868  ж  Франциядағы  Краманьон 
үңгірінен  табылған.  Сондықтан  бұл  адамдар  Краманьондықтар  деп  аталды.  Олар  Homo 
sapiens («ақылды адам») түріне жатады. 
     80 мың жыл бұрынғы адамның түрі қазірден аз айырмашылықта болды деген пікір бар. 
Ол - Homo sapiens дұрыс геометриялық формадағы, жақсы өңделген кесу құралдарын жасай 
білген... 
     Homo  habilis  («іскер  адам»),  Homo  erectus  («тік  жүретін  адам»)  жəне  Homo  sapiens 
(«ақылды адам») түрлері Homo туысына біріктіріледі. Адамдар тұқымдасына қазір тіршілік 
ететін адам түрі (Homo sapiens) кіреді, басқалары жойылып қазбалар түрінде ғана сақталған. 
    Краманьондықтардан  кейін  тіршілік  еткен  Homo  sapiens  биологиялық  тұрғыдан 
қарағанда  өзгерген  жоқ.  Шамамен  5  млн.  жыл  бұрын  басталған  адамзат  туысының  пайда 
болуы бүгінгі таңда даму шегіне жетті. 
     
Қазіргі  кезде  адамның  пайда  болған  жері  туралы  екі  негізгі  гипотеза  бар.  Ол  У.Хавеллздың  «Ноева 
ковчега»  аталатын  гипотезасы,  онда  адам  200  мың  жыл  бұрын  Шығыс  Африкада  пайда  болды  деп 
айтылады.  Библия  бойынша  барлық  нəсілдер  мен  халықтар  Найдың  үш  ұлынан-Сим,  Хама  жəне 
Иофетадан  тараған.  Осыған  сүйінетін  болсақ  питенантроп,  синантроп  (Homo  erectus  өкілдері)  жəне 
неандерталдықтар  Homo  sapiens  ата-бабасы  болмайды.  Олар  Шығыс  Африкадан  ығыстырылып 
шығарылған əртүрлі гоменидтобы болып есептеледі. 
     Улпоффон  ұсынған  екінші  гипотеза  адам  эволюциясына  мультиплетті  көзқарас  тудырады.Онда 
Африкада  ежелгі  адамдар  ғана  пайда  болған,  ал  қазіргі  кездегі  адамдар  тұратын  жерлеріінде  пайда 
болғанын айтады. Осы гипотезаға сай Африкадан Адам 1 млн жыл бұрын кеткен.  
     Бірінші  гипотезаны  дəлелдеуге  генетикалық  зерттеулер  бар.  Екінші  гипотеза  белгілі-бір  жерде 
тіршілік еткен қазіргі адамдар мен ежелгі адамдардың полентологиялық ұқсастықтарына сүйінеді. 
    Қазіргі кезде осы гипотезалардың əділдігі туралы айту мүмкін емес. Себебі полентологиялық қазбалар 
толық емес жəн еадам мен маймылдың арасындағы түрлер толықтай анықталған жоқ.    
                      5 млн. жыл ол өте көп... Жерге 4,6 млрд жыл болғанын ескеретін болсақ аз да 
сияқты.  Адамның  барлық  тарихына  планета  тарихының  0,001  үлесінен  аз  берілген.  Бірақ 
осы  уақытта  көп  зат  жасалды,  көп  жолдар  жүрілді!  Тас  шапқылардан,  аң  терілерінен, 
мамонттарға шабуыл жасаудан автоматты  құрылғыларға, синтетикалық киімдерге, ядролық 
реакторларға,  космостық  кемелерге,  компьютерлерге  дейін  барлығын  адам  өз  қолымен 
жасады.  Осылардың  барлығы  да  адам  ата-бабаларының  жəне  Homo  sapiens-тің  өзінің 
эволюциясының  əлеуметтік,  мəдени  жолы.  Əсіресе  кроманьондықтар  уақытынан  бастап 
адамдар  өмірінің  табиғи  факторлары  көбірек  өздері  жасаған  мəдениетпен  толықтырылып 
отырады  -  еңбек  құралы,  тұрғын  үйлер,  киімдер,  мінез-құлық  формалары,  дəстүрлер  жəне 
т.б. Осы туралы ойлап, адамды күтіп тұрған таңғажаййып болашақ туралы толғанасың.        
Əдебиеттер: 
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003,  82-87  бет. 
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 122-125 бет. 
Солопов Е.Ф.  «Қазіргі  заманғы жаратылыстану  концепциясы» - М: Гуманит.   Баспа  ВЛАДОС орталығы, 
1998  
«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» Самыгина С.И.  – Ростов н/Д , 2001.- 359-361 бет. 
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет