М но гопроф ильны й научный ж урн а л



жүктеу 99.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.03.2017
өлшемі99.17 Kb.

Ахмет  Байтурсынов атындағы 

Қостанай  мемлекеттік университеті

КӨПСАЛАЛЫ  

ҒЫ ЛЫ М И  Ж УРН А Л Ы

М НО ГОПРОФ ИЛЬНЫ Й 

НАУЧНЫЙ  Ж УРН А Л

Маусым  (июнь) 

№2(18)  2013

МАЗМҮНЫ  -  СОДЕРЖАНИЕ

ВЕТЕРИНАРИЯ

НАМЕТОВ А.  М. 

АЛМАТЫ  ОБЛЫСЫНДА  ОРНАЛАСҚАН  Ш АРУАШЫЛЫҚТАРДА  IPI

ДЖАКИПОВ  Е.С. 

қ а р а м

.

а л ы н ы ң т ұ я қ а у р у л а р ы н ы ң т а р а л у ы



...........................  

3

ОМАРГАЛИЕВ Д.Ж



БАЙКЕНОВ  М.Т. 

КОМПЛЕКС  ЛЕЧЕБНЫХ  МЕРОПРИЯТИЙ  ПРИ  КЕРАТОКОНЪЮНК-

РАГАТОВА А.Ж 

ТИВИТАХ  КРУПНОГО  РОГАТОГО  С КО ТА ........................................... 

5

ЖАКУПОВА А  С.



БАЙКАДАМОВА  Г А. 

ҚОЙ  ҚЫЛАУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ.................................................................... 

8

АБДУЛЛАЕВ  Ф.М.



СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫ Е  НАУКИ

ЮЗЕФ  МОСЕЙ 

ПРОБЛЕМЫ  АГРАРНОГО  ОБРАЗОВАНИЯ  В  УНИВЕРСИТЕТАХ  ЕВ­

РО ПЫ ................................................................................................................ 

11

НАЙМАНОВ  Д.К. 



ШЕРСТНАЯ  ПРОДУКТИВНОСТЬ  ЕДИЛБАЕВСКОЙ  ПОРОДЫ  ОВЕЦ

ДОСУМОВА  А.Ж. 

И  ПОМЕСЕЙ  В  УСЛОВИЯХ  КОСТАНАЙСКОЙ  О БЛА С ТИ ......................  

15

КАЛИЕВА  А.К.



КУШ НИРВ.Г. 

АНАЛИЗ  ПОСЕВНЫХ  ПЛОЩАДЕЙ  РЕСПУБЛИКИ  КАЗАХСТАН 

 

18

КОМАРОВ А.П.



НАЙМАНОВ Д.К. 

СРАВНИТЕЛЬНАЯ  ХАРАКТЕРИСТИКА  МЯСНОЙ  ПРОДУКТИВНОС-

ЕЛЕМ ИСОВИ  Е. 

ТИ  БЫЧКОВ  КАЗАХСКОЙ  БЕЛОГОЛОВОЙ  ПОРОДЫ  И  ИХ  ПОМЕ­

СЕЙ  С  ГЕРЕФОРДАМИ..................................................................................  

22

ЖАРЛЫГАСОВ Ж   Б. 



ВЛИЯНИЕ  РЕГУЛЯТОРОЗ  РОСТА  НА  РОСТ,  РАЗВИТИЕ  И  УРО-

КАЛИМОВ  Н.Е. 

Ж АЙНОСТЬ  РАСТЕНИЙ  РОДА. SO RG HUM ................................................  

25

САГАНДЫ КОВАЖ .



НАЙМАНОВ Д.  К. 

ӘУЛИЕКӨЛ  ETTI  Т¥ҚЫМЫНЫҢ  «КАРКЕН»  ЖШ СДАҒЫ  БҮГІНГІ

САРЫБАЕВА  Б.  Ж. 

Ж ЕТІСТІКТЕРІ  МЕН  ЕРТЕҢГІ  МҮМ КІНДІКТЕРІ.......................................... 

28

НҮРПЕЙІСОВА  Б



ЖАРЛЫГАСОВ Ж.Б. 

ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЕ  РЕЗУЛЬТАТЫ  КОНКУРСНОГО  ИСПЫТАНИЯ

КАЛИМОВ  Н  Е. 

СОРТОВ  МЯГКОЙ  ЯРОВОЙ  ПШЕНИЦЫ  СЕЛЕКЦИИ  ИНТИТУТА

АНСАБАЕВА А.С. 

БИОЛОГИИ 

И 

БИОТЕХНОЛОГИИ 



РАСТЕНИЙ 

В 

УСЛОВИЯХ



КОСТАНАЙСКОЙ  ОБЛАСТИ.........................................................................  

30

ГУМАНИТАРНЫЕ  И  СОЦИАЛЬНЫ Е  НАУКИ

АЙТМУХАМБЕТОВ А.А 

СОВРЕМЕННАЯ ГЕОПОЛИТИКА ЦЕНТРАЛЬНОАЗИАТСКОГО

ДЕНАШ ЕВА О  М 

РЕГИО НА................................................................................................. 

36

ӘБСАДЫҚОВ А.А. 



ҚАЗАҚТЫҢ МИФТІК  ТАНЫМЫНДАҒЫ 

«ӘЙЕЛ»  КОНЦЕПТІСІНІҢ

ЕСЕТАЕВА А.М. 

КӨ РІНІСІ.................................................................................................  

40

БОНДАРЕНКО  Ю.Я. 



ДИХОТОМИЯ  «ВОСТОК-ЗАПАД»  В  СВЕТЕ  ЦИВИЛИЗАЦИОН­

НОГО  И  СТАДИАЛЬНОГО  ПОДХОДОВ  К  МИРОВОЙ  ИСТОРИИ.  . 

43

ШПАК Н  А 



СОВРЕМЕННОЕ  СОСТОЯНИЕ  И  НАПРАВЛЕНИЯ  РАЗВИТИЯ

ВЫСШЕГО  ОБРАЗОВАНИЯ  РОССИЙСКОЙ  ФЕДЕРАЦИИ..............  

45

БЕРКЕНОВА  Г.С 



ОҚУ-ЗЕРТТЕУ  ІС-ӘРЕКЕТІ  Ж АҒДАЙЫ НДА  БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫҢ

АЙДАРХАН Ж  Ж  

КӘСІБИ  БАГЫТТАЛУЫ................................................................................. 

47


ӘОЖ 811.512  122

ҚАЗАҚТЫҢ  МИФТІК ТАНЫМЫНДАҒЫ  «ӘЙЕЛ»  КОНЦЕПТІСІНІҢ  КӨРІНІСІ

Әбсадықов А.А.  -  фг.д.,  Гумилев  атындагы  Еуразия улт т ы қ университ ет інің профессоры 

Есетаева  А.М. 

-  А.Байтурсыноө  атындагы  Қостанай  мемлекет т ік  университетінің 

магистранты

Мазмундама

Осы мақала  қазақ мифологиясындағы  «әйел»  концептісін  қарастырады.

Негізгі уғымдар:  әйел,  концепт,  мифология, қазақ әйелі,  қазақ мифологиясы.

Адамзат  мәдениетінің  бастау  тегі  мифоло- 

гиялық  таным-түсініктерден  нәр  алады.  Адамзат 

баласының  нәсілі  мен  тегіне  қарамастан  мифтік 

ойлау  мен  сана  ортақ  қүбылыс  болып  саналады. 

Мифологиялық  дүниетанымда 

«әйел»,  «еркек» 

категориялары  ықылым  заманнан  бастап  шын- 

дықты  игерудің  әу  бастағы  деңгейі  ретінде  қа- 

лыптасты. 

Энциклопедиялық 

анықтамаларда 

мифке  мынадай  сипаттама  берілген:  «Мифоло­

гия,  миф,  -   ойдан  шығарылған  қиял  емес,  ол  -  

өткен  заманның  адамының  шындығын  бойына 

сақтап  қалған  ата-баба  сарқыты.  Ол  өткенді  са- 

налы  бүрмалаудың, 

жалғандык^ың  есерткіші 

емес,  бірнеше  мәрте  бүктетіліп,  оралып,  ақиқаты 

мен  қасиеті  қатар  өрілген,  еріксіз  шатасудың  то- 

занының  арасында  байқалмай  қалған  ақиқаттың 

өрім  қамшысы»  [1 ,1 2   б.].  Сонымен  қатар  «мүнда 

поэзия  мен  алғашқы  біл*мнің,  дін  мен  әдептің, 

өнер  мен  емірлік тәжірйбенің  ерекше  бірлігі  орын 

алады  »[2,  326 ].

Қазақ  мифологиясының  арғы  тегіндегі  ор- 

тақ  қазан  -  көне түркілік дүниетаным  екені  мәлім. 

Сондыкң-ан  қазақ  мифтік  әңгімелері,  ертегі,  жыр- 

аңыздарындағы  «әйел»  концептісінің  қалыпта- 

суын  сол  түркілік  кезеңнен  бастап  суыртпақтауға 

тура  келеді.

Әйел-қудай  жасампаздығы.  Көне  түркілік 

мифологияда  әйел  -  дуалистік  дүниетанымның 

бір  бастау  кәзі.  Ертедегі  түріктер  дінінің  негізі 

Көкке  (Тәңір)  және  Ж ер-Суға  (Йер-  Суб)  сиыну 

болған.  Түркі  руникалық  жазбаларындағы  мына 

бір жолдарга назар  аударайық:  «Биікте  көк тәңірі, 

төменде  қара  жер  жаралғанда,  екеуінің  ортасын- 

да  адам  баласы  жаратылғын.  Адам  баласы  үстін- 

де  ата  тегім  Бумын  қаған,  Естеми  қаған  отыр- 

ған».

Бүл  мифтік танымда  адам  баласын  жарату- 



шы  көк  пен  жер.  Ежелгі  түріктерде  қүдірет  деп 

есептелген  бүл  қос  күштің  негізгісі  Көк  болды.  Қа- 

ғандар  нақ  осы  Көктің  еркімен  билік  құрып,  олар 

«Көк  тектестер  және  Көкте  туғандар»  деп  атал-

ды.  Ал  оның  жасампаздық  қызметіндегі  жүбы  -  

жер.  Кейбір  түркі  халықтарының  мифтерінде 

жердің  иесі  әйел  құдай  -  ¥май”  [3,  36.]  екенін  ес- 

керсек,  жер  бейнесінде  «Қүдай-Ананың»  кейіпін 

танимыз.  Байқап  отырғанмыздай, 

Қүдай-Ана- 

ның  қызметі  жаратушының  қызметімен  үндес, 

яғни  оның  негізгі  қызметі  -   жасампаздық.  Бірін- 

шіден,  бүкіл  ғаламды  жасаушыға  серік,  екінші- 

ден,  кейінірек,  жаратушы  Кек тәңірісінің жүбы  ре- 

тінде  ретінде  адам  баласын  тудырушы.

Ж асампаздық 

қызметте 

көк  тәңірісінен 

кейін  тұрған  әйел  тәңірісі  ¥май  -  от  басы  мен 

бала-шағаны  қорғаушысы.  Сондықтан  Орхон- 

Енисей  жазба  ескерткішіндегі  атақты  қолбасшы 

Күлтегіннің  батырлық  есім  алғанын:  «Он  яшда 

Умай  тег  егім  қатун  құтына  інім  Күлтегін  ер  ат 

болты»  (Он  жаста  інім,  ¥май  қатын  қүты  қолдап, 

Күлтегін  ер  есімін  алды)  [4,  536.]  деп  жырлайтын 

жыр  жолдары  ¥май  ананың  -   отбасы  қорғаушы- 

сы,  үйытқысы  екенін  білдіреді.

Күлтегін  сезінің  этимологиясы  «отбасының 

иесі»  (күл-отбасы,  ошақ+тегін  -   үл,  мүрагер)  де- 

генге  саятынын  [5,  436  ]  және  оның  кіші үл  (кенже 

үл)  екенін  ескерсек,  оның  батырлық  есімі  әйел 

қүдайына  қатысты  көне  мифтік  түсініктен  нәр  ал- 

ғанын  байқатады.  Қазақтарда  бүгінгі  күнге  дейін 

отбасына  ие  болатын  үл  кенже  бала  болып  сана­

лады.  Сонымен  қатар  қазақ  халқының  гұрпында 

үйге түскен  жаңа  келіннің бетіне  май  жағу сақтал- 

ған.  Мүның  бәрі  ¥май  қүдайға  табынуының  көрі- 

нісі деп  санауға  болады.

Көне  түркілердің  мифтік  түсінігінде  әйел 

жаратуышы  кек  тәңірінің  ж убы  болса,  мемлекет 

ісінде  әйел  -  ел  басқарған  қағанға  серік  түлға. 

Бүл  сенімнің  керінісін  сол  руникалық  жазбалар- 



дан  таба  алам ыз.  Бул  орайда  Білге  қаған  руника- 

лық  жазбасы  былай  дейді:  «Көк  ез  биігінен  (көк 

жүзінен)  менің  әкем  Илтериш-қағанға  және  менің 

анам 


Илбілге-қатынға 

жөн 


сілтей 

отырып, 


оларды  (халықтан)  жоғары  қойды,  менің  езімді 

түрік  халқының  аты  мен  даңқы  жойылып  кетпеу



40

ГУМАНИТАРНЫ Е  И  СОЦИАЛЬНЫЕ  НАУКИ

»uiiH  қаған  етіп  отырғызған  (қағандарға)  мемле- 

«етті сыйлаушы  Көк деп  ойлау  керек».

Көк  тәңірінің  Елбілге  (Илбілге)  қатынға  ел 

бәсқаруда  ер  адаммен  қатар  (Елтеріш  қағанмен) 

«жөн  сілтеуі»  әйел  адамдардың  мемлекет  ісіне 

араласуына  «жол  ашып»  отырған.  Бұған  тарих- 

*ан  көптеген  мысалдар  бар.  Қазақ тарихынан  ба- 

аэсы  Уәли  елгеннен  кейін  ел  басқаруға  аралас- 

в н,  Ш.Уәлихановтың  әжесі  Айғанымды  атауға 

болады.


¥май  ананы  отбасының  жебеушісі  ретінде 

*эну  танымы  адам  ғұмырының  отбасылық. дәстү- 

з н ің   өне  бойында  түракггы  сакр-алады.  Адам  ба- 

ласының  дүниеге  келуі  мен  өмірінің  соңына 

•эейінгі  аралығындағы  атқарылатын  ғұрыптың 

ш н д е   әйел  баласы  араласпайтын  тусы  жоқтың 

е с ы .  Тіптен,  кейбір  ғұрыптар,  айталық,  бала  дү- 

-*е ге   келгенде  атқарылатын  «шілдехана  күзе- 

ту»,  «бесікке  салу»,  «тұсаукесер»,  кісі  дүниеден 

әткенде  айтылатын  «жоқтау»  бірыңғай  әйелдер- 

қатысуымен  өт^ізіледі.

Шілдехана  күзету -   отбасына  жаңа  нәрес- 

те  қосылған  үйде  әйелдер  шырақ  жағып,  түнде 



<тйыкггамай  күзет  қүруы.  Шілдехана  -   екі  түбірден 

5ріккен  сөз:  шілде  парсының  «шілдә»  сезінен, 



ягни  қырық деген  мағынаны  берсе,  хана  «бөлме, 

жай»  дегенді  білдіреді.  Екінші  сөзбен  айтқанда, 

•«рестені  үйдің  бір  бөлігінде  қырық  күн  бөлек  үс- 

тау.  Мұндағы  наным  -   қырық  күнге  шейін  тәңірі 

баланы  бүл  дүниеге  толық  бермейді.  Оның  ықы- 

ласын  алу  үшін  оны  тойындырып,  оған  жалынып, 

иалбарынып,  жағыну  қажет.  Осыған  байланысты 

■лгімізде  «Отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын»  тір- 

«есінің «қырыққа»  қатысты  сыңары  қалыптасқан.

Бесікке  салу  -   ағаштан  жасалған  арнайы 

« ш ік   сынды  жабдық.  Ол  кеңістікті  шартты  түрде 

«vuxe  бөліп  түрады.  Бүл  көне  мифологиядағы  дү- 

ижені  тұтас,  бөлінбес  космос  деп  қабылдап,  оны 

коғары,  орта,  төменгі  дүние  деп  үшке  бөлген, 

5үл  үш  бөлікті  «өмір  ағашы»  жалғастырып  тұра- 

зы

 

деген  түсініктің  сенімі.  Үш  тағандық  космос 



коделі  қазақ  арасында  кешегі  күнге  дейін  сақта- 

гып  жетті.  Мәселен,  XIX  ғасырда  Ш.Уәлиханов 

жазып  алған  «Өлі  мен  тірінің  достығы»  атты  қа- 

зақ ертегісінде:«Аспанда  да  адамдар  өмір  сүреді. 

Олар  белдікті  тамағына тағынады,  жерде,  ортада 

эмір  сүретіндер  біздер  белімізді  буынамыз,  өздь- 

о*нің  біздегідей  күн  мен  айы,  жүлдызы  бар  жер 

эстындағылар  белдікті  аяқтарына  байлайды»,  - 

леген жолдар бар.

Осы  үштағандық  космосты  жалғастырып 

“ үрған  «емір  ағаш ының^  бөлігі  -   бесік.  Баланы 

бесікке  бөлеу,  яғни  өмір  ағашына  таңу  арқылы 

зны  үштағандық  космостың  бөлшегі  ретінде  та- 

-ып,  баланы  түрлі  қаскөй  күштерден  қорғауды 

мақсат  еткен.  Бесікке  бөленген  баланы  жыр  қүді- 

эетімен-магиялық  сөздермен  желеп-жебеп  оты- 

зуды да  көзделген.

Түсаукесер  -  бала  бір  жасқа  толар-тол- 

уас  шағында  өз  бетімен  түрып,  талыпынып 

хүруге  үмтылады.  Сол  кезде  әйел  атаулысының 

«атысуымен  ырымдалатын  рәсім  -   түсаукесер

ғүрпы.  Жиналған  жұрттың  ішінен  қасиеті  мол  кісі, 

әдетте  ол  жасы  үлкен  кемпір  ала  жіп  есіп,  «күр- 

меуіңді  шешейін,  тұсауыңды  кесейін»  деген  жол­

дар  кездесетін  жырды  айтып,  баланың  түсауын 

кеседі.  Мүндағы  сенім  жас  нәрестенің аяғын  тыл- 

сым  күш  иелері  буып,  жібермей  тұр.  Оған  қасиет- 

ті  кісі  көмектесуі  қажет.  Апа  жіп  -   ақ  пен  қара  тү- 

сіндегі  жақсылықпен  жамандықгың  немесе  тыл- 

сым  күияердің  адамға  жағы  мен  қасы  бейнелен- 

ген  символ.

Аталмыш  ғүрып  үстінде  айтылатын  жыр- 

да  тұрақты  түрде  қайталанып  отыратын  «Қаз, 

қаз,  қаз  балам//  Қадамыңа  мәз  болам»  деген 

жолдар  бар.  Ақ тілекке  оранған  жыр  жолдарында 

өз  бетімен  жүруге  талпынған  сәбидің  талабына 

қуану  сезімі  «қаз»  етістігімен  берілген.  Бүл  кез- 

дейсоқ  қалылтасқан  тұрақты  жыр  жолдары  емес. 

Зерттеушілердін  пайымынша,  «қаз»  етістігінің 

көне  мағынасы  «еркін  өмір  сүру,  өз  бетімен  күн 

көру»  дегенді  білдіреді[6,  159-165  б.].

Бүл  дүниеге  тылсым  күштердің  қолдауы- 

мен  келіп,  алғашқы  қадамын  тәй-тәй  басқан  сәби 

халық  танымында  «енді  ол  бөтен  дүниеден  бергі 

дүниеге  (бүл  дүниеге)  өтті»  деген  қуанышты  біл- 

діреді.  Екінші  сөзбен  айтсақ,  1  жасқа  толған  бала 

бүл дуниеге  толық өтті деп  есептеліп,  адам  сана- 

тына  қосылады.  Еркін,  азат  адамға  айналып, 

оған  ат  беріліп,  айдар  тағылады.  Отбасының  мү- 

шесіне  айналады.  Бүл  ғұрыптардың  барлығы 

¥май-ананың,  яғни  әйелдердің  қатысуымен  атқа- 

рылады.

Әйелдің 


адамды 

жаратушы 

ретіндегі 

серіктік  сипаты  адамның  өз  отбасынан  басқа  от­

басына  (мысалы,  келін,  күйеу)  барған  кезеңінде 

де  сақталып  отырады.  Мысалы,  қайын  ене, 

қайын  сіңілі,  қайын  бике т.б.

Қайын  ене  -  әйелге  күйеуінің  шешесі, 

күйеуге  әйелінің  шешесі.  Ол  -   күйеу  мен  келіннің 

екінші  анасы.  Келін  қайын  ененің  топырагынан 



жаралады.

Қайын  сіңлі  -   жеңгелер  үшін  күйеуінен 

жасы  кіші  қыз  қайын  сіңлі  болып  табылады.

Қайын  бике  -   күйеудің  әйелінің  апалары. 

Ола  да  күйеу  баламен  әзілдесіп  отырады.  Алай- 

да  ол  балдыздардай  емес,  көбінесе  әдеп  сақтап 

отырады.

Әйел  әдептері.  Ж ас  келіндер  қара  шаңы- 

рақтың  немесе  ақсақалы  бар  үйдің  төріне  шық- 

пайды.  Ж үкті  әйелге  күлу  -  әдепсіздік.  Аса  бір ты- 

ғыз  шаруасы  болмаса  әйелдер  отырған  жерге 

ерлер,  еркектер  отырған  жерге  әйелдер  кірмейді. 

Бүрынғы  кезде  жас  келіншектер  таңертең  ерте 

тұрып,  ауылдагы  үлкен  үйлердің  түндігін  ашқан. 

Қазақ  дәстүрінде  туыстығы  ер  мен  әйел  оңаша 

отырмайды.  Келіндер  қайын  жұртының  үлкен 

адамдарына  иіліп  сәлем  береді.  Келіндер  үлкен 

кісілерден  қайтқан  табаққа  сәлем  жасаған.  Қазақ 

әйелдері  еркектер  отырған  жаққа  көз  салмайды. 

Әйелдер  жолаушының,  еркекгін  алдын  кесіп  өт- 

пейді.  Қазақ  әйелдері  кісіге  қарсы  қарап  отыр- 

май,  бір  қырындап  отырған.  Қазақ  әйелдері 

күйеуінің  атын  атамаған  және  оның  айтқандарын

41


ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫ ЛЫ МДАРЫ

мүлтіксіз  орындап,  бетіне  қарсы  келмеген.  Қызы 

босанғанда  шешесі  кәдесін  алып  баруға  міндетті. 

Әйелдер  көлікке  мінгенде  немесе  түскенде  оның 

алдын  орап  өтпейді,  арт  жағынан  өтеді.  Қазақ 

әйелдері  мал  бауыздамайды.  Әйел  дуғаны  іші- 

нен  оқиды.  Әйел  ерте  тұрады.  Әйелге  ер  адам- 

дар  атқаратын  міндеттер  жүктемейді.  Әйел  адам 

кісі  бетіне  ,  әсіресе  бейтаныс  адамға  бажырайып 

қарай бермейді.



Әйел  тыйымдары.  Халық  дәстүрінде  ер 

адам  шашын  өсірмейді,  әйел  адам  шашын  қи- 

майды.  Бұрымын  кеспейді.  Шашын  жулмайды, 

жаймайды.  Турмысқа  шыққан  әйел  жалаңбас 

жүрмейді.  Аталған  тыйымдардың  өзіндік  қыр- 

сыры  бар.  Мысалы,  бурым  кесу  -әйелдерге  бері- 

летін  ең  ауыр  жаза.  Өйткені  шаш,  бурым  әйелдің 

сәні,  салтанаты,  әйелдік белгісі  болып  саналған.

Шашын  жулу  -   долы  әйелдердің  ашулан- 

ған  кезінде  өз  шашын  өзі  жулып  бүлінетін  әдеті 

болады.  Қайғы-қасіретке  тап  болған  әйелдер  де 

шашын жулып  зар  шегеді.

Шашын  жаю  -   қайғылы,  шерлі,  күйікті,  муң- 

ды,  зарлы.бақытсыз  әйелдердің  ісі.  Қазақ  қызды- 

рына  «шашыңды  жайма»  деген  тыйымның  аста- 

рында  осы  мән  жатса  керек.

Дей  турғанмен,  әйел-қудайлар  табиғаты 

басқа  да  бір  қырымен  көрінеді.  Онда  ол  -   тағы- 

лық,  қиратушылық,  жерасты  әлемі,  зулымдық 

сияқты  жағымсыз  рухтың  иесі.  Мысалы,  қазақ ми- 

фологиясында  әйел  рухты  албасты,  жезтырнақ, 

су  перісі  сынды  кейіпкерлар  бар.  Бул  матриархат 

кезеңінің  патриархат  үстемдігімен  алмасуынан 

да  болуы  мүмкін  деп  ойлаймыз.

Албасты  -  қазақтың  көне  мифологиясында 

әйел  жынысты  қаскөй  рух  иесі.  Этнограф  ғалым 

Ә.Диваев:  «Албастының  урғашысының  жетпіс 

емшегі  бар,  әр  емшегімен  жетпіс  баланы  емізе- 

ді...  Келбеті  қорқынышты,  шашы  узын  болады»,  - 

деп  жазады  [7,  229  б.].

Қазақ  арасында  «албасты  басқыр,  албасты 

бассын»  деген  қарғыс  сөздер  бар.  Муның  мәні 

халық  сенімінде  албасты  жаман  ауру,  жайсыз 

түс  әкелетін,  әсіресе,  босанатын  әйелдер  мен 

жаңа  дүниеге  келіп  жатқан  нәрестелерге  зиянын 

тигізетін  зулым  күшке  баланады.  Түркі  халықта- 

рының  мифтік  танымында  албасты  босанатын 

әйелдің  өкпесін,  бауырын  немесе  жүрегін  урлал 

әкетіп,  суға  асығады.  Оларды  суға  ағыза,  әйел 

өледі деген  сенім  бар.

Албасты  тарқатылған  узын  ашық  не  алтын 

түстес  шашы  бар  сулу  немесе  сурықсыз  әйел 

кейпінде  келеді.  Бір  ескерерлігі,  қазақ дәстүрінде 

барлық  суға  қатысты  мифтік  бейнелер  әйел  кей- 

пінде  болады.  Біздіңше,  су  -  космос  моделі,  яғни 

жоғары  дүние  мен  төменгі  дүниені  байланысты- 

рып  және  оның  тылсымын  қабылдап  туратын 

космос  моделі  [8,  217  б.].  Өзен  немесе  дария 

түріндегі  космос  моделі  туралы  түсініктер  қазақ 

халқының  ертегілері  мен  мифтерінде  де  сақтал- 

ған.  Мысалы,  «Ер  Төстік»  ертегісінде 

басты 


қаһарман  Төстік жылан  Бапының  еліне  бару  үшін 

су  астына  түссе,  елімнен  қашқан  «бақсылар  ата­

сы»  Қорқыт  Сырдарияға  келіп,  сол  жерде  су  ор- 

тасында  узақ  уақыт  өмір  сүреді,  су  жыланынан 

ажал  табады.  Қорқыт  туралы  әпсананы  арнайы 

зерттеген  ғалымдар  кейіпкердің  су  сағасынан 

пана  табуын  космос  моделін  үлкен  өзен  түрінде 

бейнелеген  шамандық  түсініктің  әсері  деп  та- 

ниды  [9,  103  6 ]

Кейбір  наным-сенімдерге  қарағанда,  албас- 



тының түрлі  аңның  немесе  жансыз  затқа  айналу 

қабілеті  бар.  Мысалы,  «Алтын  сақа»  ертегісінде 

суға  батпай  турған  өкпе  мыстан  кемпірге  айна- 

лып,  қаскөй  әрекеттер жасайды.

Ә.Кекілбаев  шығармаларында  албастының 

жас  босанған  әйелдерді  өлтіру  сияқты  зулымды- 

лығы,  зиян  әрекеттері  мынадай  мәтін  арқылы  бе- 

рілген:  «Кейде уйықтап  жатқанда,  екі буты  та- 



лыстай  әдемі  әйел  шашы  дудырап  көкірегіне 

қаргып  мініп,  қос  бурым  қусатып,  екі  иыгынан 

асырып,  артына  т үсіріп  қойган  салаңдаган 

үлкен  емшектерін  кезек-кезек  аузына  тыққыш- 

тап  емізіп  отырады.  Әр  үрпісі  Мырзатай  нага- 

шысының  бас  бармағындай.  Үйқылы-ояу  санасы 

буның  албасты  екенін  біліп  жатады.  Албасты 

баяғыда  балаларынан  айырылып қалган әйел кө- 

рінеді.  Содан  бері  түн  баласы  уйықтап жатқан- 

да  адамдардың  арасынан  өз  пөрзенттерін 

іздейді  екен.  Пәлен  жылдан  бері  бауырына  ерін 

тимеген  көкірегі  сыздап  келген  мундар  неме 

талайларды  осылай  туншықтырып  өлтіріпті» 

(Ә.Кекілбаев.  Елең-алаң).

Албастыдан 

адам 


баласын 

қорғайтын 

кісілер  -   бақсы-балгерлер.  «Әйелдер  босанған- 

да,  Қойлыбай  келіп  отырса,  албастылардың  бірі 

де  жоламайды  екен.  Қойлыбай  албастылар  иек- 

тейтін  жерге  беркін  немесе  қамшысын  жіберсе 

болғаны,  ол  жерге  әр  түрлі  ыбылыстар  мен  ал­

бастылар жоламайды  екен»[  10,  160 6  ].

Қорыта  келгенде,  қазақтың  мифологиялық 

танымындағы  әйел  ұғымы  көне  түркі  дәуірінен 

бастау  алып,  қазақ  дүниетанымының  түрлі  қыр- 

ларынан  хабар  береді.  Онда  халқымыздың  әйел 

заты  туралы  уғымының  негіэг'  түсініктері  тілдік 

бірліктер  арқылы  сақталып  жеткен  деп  түйіндеуі- 

мізге  болады.

Әдебиеттер:

1. 


Аяған  Б..  Қазақстан.  Улттық  энциклопе­

дия.  -  т.6,  -   Алматы:  Қазақ  энциклопедиясы, 

2004.  -  696  б.

2. 


Мелетинский  Е.  Мифологический  сло­

варь.  -   М.,  1991.  -  644  с.

3. 

Ыбыраев  Ш.  Қазақтың  мифтері  мен  миф- 



тік  аңыздары  туралы  //  Қазақтың  мифтік  әңгіме- 

лері.  Қурастыр.:  Ыбыраев  111.,  Әуесбаева  П.  -  Ал­

маты:  Ғылым,  2002  -   320  б.

Ж олдасбеков  М.  Асыл  арналар:  эдеби 



зерттеулер.  - Алматы:  Жазушы,  1990.-352  б.

5. 


Кичиков  A.  111.  Героический  эпос  «Джан- 

гар»:Сравнительно-типологическое 

исследование  памятника /Калмыкский  госунивер- 

ситет.  -  М.:  Наука,  1992,-  318  с.



42

ГУМАНИТАРНЫ Е  И  СОЦИАЛЬНЫЕ  НАУКИ

6. 


Юдин  В.П.  К  этимологии  этнонима  казах 

(Казақ).// Юдин  В.П.  Центральная  Азия  в  XIY-XVIII 

веках  глазами  востоковеда.  -   Алматы:  Дайк- 

Пресс,  2001.-384  с.

7. 

Диваев  Ә .Приметы  на  разные  случаи 



./Этнографические  материалы.  - Ташкент,  1916.  - 

вып.7


8. 

Мелетинский 

Е.М. 

Поэтика 


мифа. 

-  


Ленинград:  Наука.  -  1 9 7 6 .-4 0 7   с.

9. 


Қасқабасов  С.  Миф  пен  әпсананың  тари- 

хилығы  //Қазақ  ф олькпорының  тарихилығы.-А л ­

маты:  Ғылым,  1994  -   Б.82-129.

10.  Уэлиханов  111  Қазақтардағы  шамандық- 

тың  қалдығы  //Қазақ  бақсы  балгерлері  /  Қурас- 

тырғандар:  Ж.  Дәуренбеков,  Е.  Турсынов.  Алма­



ты:  Ана тілі,  193,  -   36-40  б.

Резюме

Данная статья рассмат ривает   концепт  «женщины»  в  казахской  мифологии.

Resume

This article studies  the  concept o f "woman" in  Kazakh  mythology


жүктеу 99.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет