М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Кесте 1. Қазақстан сүтқоректілеріне систематикаылық шолу



жүктеу 9.83 Mb.
бет85/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Кесте 1. Қазақстан сүтқоректілеріне систематикаылық шолу


Отряд

Тұқымдас

Туыс

түр (2-3 кем емес)

Насекомқоректілер (Insectivora)

Кірпі (Erinaceidae)

Кірпілер (Erinaceus)

Кәдімгі кірпі, құлақты кірпі, қара кірпі

Жертесер (Soricidae)

Ақтістілер (Crocidura)

Ақтісті (кіші, ергежейлі, сібір)

Қоңыртістілер (Sorex)

Қоңыртісті (кәдімгі, кіші)

Су жертесері (Neomys)

Су жертесері

Көртышқан

(Taplidae)



Көртышқандар

(Talpa)


Алтай көртышқаны

Жұпартышқан

(Desmana)



Кәдімгі жұпартышқан

Қолқанаттылар

(Chiroptera)



Тағатанаулы жарқанат (Rhinolophidae)

Тағатанаулы жарқанат (Rhinolophus)

Тағатанаулы үлкен жарқанат, тағатанаулы кіші жарқанат, тағатанаулы бұхар жарқанаты

Жалтыртұмсықтылар

(Vespertilionidae)



Түнжарқанат (Myotis)

Түнжарқанат (үшкірқұлақты, кіші, үштүсті, тоғандық сушыл және мұртты)




Құлақты жарқанат (Plecotus)

Ұзынқұлақты қоңыр жарқанат, ұзынқұлақты сұр жарқанат




Майда жарқанат (Vespertilio)

(Куля, түсті майда жарқанат)




Іңіржарқанат (Nyctalus)

Іңірлік сарғыш жарқанат, іңірлік кіші жарқанат




Терілі (Vespertilio)

Терілі (Солтүстік жарқанаты, Бобринский жарқанаты, шөл жарқанаты)

Қатпарерінді жарқанат (Mollossidae)

Қатпарерінді жарқанат (Tadarida)

Кеңқұлақты қатпарерінді жарқанат

Жыртқыштар

(Carnivora)



Ит (Canidae)

Жанат тәрізді ит (Nyctereutes)

Жанат тәрізді ит

Қызыл қасқыр (Cuon)

Қызыл қасқыр

Иттер (Canis)

Қасқыр, шүйе бөрі

Түлкілер (Vulpes)

Түлкі, қарсак

Аю (Ursidae)

Аюлар (Ursus)

Қоңыр аю

Сусар (Mustelidae)

Сусарлар (Martes)

Сусар (тас, орман), бұлғын

Аққалақ (Mustela)

Сарғыш күзен, аққалақ, ақкіс, европалық күзен

Борсық (Meles)

Борсық

Выдры (Lutra)

Выдра

Итаю (балшы) (Mellivora)

Итаю (балшы)

Мысық (Felidae)

Мысық (Felis)

Сілеусін, қарақал, қамыс мысығы, мәлін




Бабырлар

(Panthera)



Қар барысы

Қалақаяқтылар (Pinnipedia)

Нағыз тюлень (Phocidae)

Тюлень (Phocus)

Каспий тюлені немесе Каспий ит балығы (нерпа)

Қоянтәрізділер (Lagomorpha)

Қоян (Leporidae)

Қояндар (Lepus)

Аққоян, орқоян, құмқоян

Шақылдақ (Ochotonidae)

Шақылдақтар (Ochotona)

Дала шақылдағы, алтай шақылдағы, қызыл шақылдақ, монғол шақылдағы, қалқанқұлақты шақылдақ

Кемірушілер (Rodentia)

Ұшар (Pteromyidae)

Ұшарлар (Pteromys)

Ұшар

Тиін (Sciuridae)

Тиіндер (Sciurus)

Кәдімгі тиін

Жіңішке саусақты саршұнақ (Spermophilopsis)

Тараққұйрық саршұнақ

Боршатышқан (Eutamias)

Азия боршатышқаны

Саршұнақтар (Citellus)

Ұзынқұйрық саршұнақ, зорман, қызылұрт саршұнақ, кіші саршұнақ, тяньшань реликті саршұнағы

Суырлар (Marmota)

Суыр (Мензбир, дала, сұр)

Құндыз (Castoridae)

Құндыздар (Castor)

Өзен құндызы


Жайра (Hystricidae)

Жайра (Hystrix)

Үнді жайрасы

Қарақас (Muscardinidae)

Қарақас (Dryomys)

Қарақас

Жалман ((Seleviniidae

Жалман (Selevinia)

Жалман

Тышқан (Zapodidae)

Тышқандар (Sicista)

Тышқан (орман, сұр, Тяньшань. Алтай, дала)

Жалғанқосаяқтар


Майқұйрық қосаяқтар (Pygerethmus)

Житков қосаяғы, майқұйрық қосаяқ

Қосаяқ (Dipodidae)

Тарақтырнақты қосаяқтар (Paradipus)

Тарақтырнақты қосаяқ

Жүнбалақ қосаяқтар (Dipus)

Жүнбалақ қосаяқ

Тақылдағыш қосаяқтар (Stylodipus)

Тақылдағыш қосаяқ

Құм қосаяқтар (Jaculus)

Үшсаусақты құм қосаяғы

Ергежейлі қосаяқтар (Cardiocraniinae)

Бассаусақты ергежейлі қосаяқ, ергежейлі үшсаусақты Гептнер қосаяғы

Соқыртышқан (Spalacidae)

Соқыртышқандар (Spalax)

Алып соқыртышқан

Атжалман (Cricetinae)

Алақоржын (Cricetus)

Алақоржын

Атжалман (Cricetulus)

Атжалман (сұр, жоңғар, Эверсман)

Сұртоқалтісі (Microtus)

Сұртоқалтіс (табанды, кәдімгі)

Ондатрлар (Ondatra)

Ондатр

Орман тоқалтісі (Clethrionomys)

Жирен орман тоқалтісі, европалық орман тоқалтісі

Соқыртоқалтіс (Ellobius)

Соқыртоқалтіс (шығыстық, кәдімгі)

Бұраубас (Myospalacinae)

Бұраубастар (Myospalax)

Бұраубас

Құмтышқан (Gerbillinae)

Құмтышқандар (Meriones)

Құмтышқан (қызылқұйрық, кіші)

Қаптесерлер (Muridae)

Қаптесер (Mus)

Қаптесер




Ергежейлі қаптесер (Micromus)

Ергежейлі қаптесер

Орман қаптесері (Apodemus)

Қаптесер (орман, сартытамақ)

Дала қаптесері (Apodemus)

Дала қаптесері

Егеуқұйрық (Rattus)

Егеуқұйрық (қара, түркістан, сұр)

Тақтұяқтылар (Perissodactyla)

Жылқы

(Equidae)



Жылқылар

(Equus)


Құлан

Жұптұяқтылар (Artiodactyla)

Шошқа (Suidae)

Шошқалар (Sus)

Қабан

Құдыр (Moschidae)

Құдырлар (Moschus)

Құдыр

Маралдар (Cervidae)

Нағыз маралдар (Cervus)

Кермарал

Еліктер (Capreolus)

Сібір елігі

Бұландар (Alces)

Бұлан

Қуыс мүйізділер (Bovidae)

Арқар (Ovis)

Арқар

Ақбөкен (Saiga)

Ақбөкен

Газели (Gazella)

Қарақұйрық

Текелер (Capra)

Таутеке


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Терінің құрылыстық ерекшеліктері;

  2. Сүтқоректілердің бұлшық еттерінің ерекшеліктері;

  3. Өкпенің құрылысы. Тыныс алу механизмі;

  4. Сүтқоректілердің артериялық және веноздық жүйелерінің

құрылысындағы айырмашылықтар;

  1. Зәр шығару жүйесіінің морфологиялық құрылыс ерекшеліктері;

  2. Сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының сызбасын көрсет;

  3. Сүтқоректілердің артқы аяқтарының сызбасын көрсет;

  4. Насекомқоректілердің және жыртқыштардың басқаңқасын салыстыр. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып көрсет.


Тест тапсырмалары
1. Хордалыларға тән белгілер:

A) хорданың болуы

B) нерв түтігінің болуы

C) жұтқыншақ үстінде желбезек саңылауларының орналасуы

D) метамерлілік

E) биллатериялды симметриялы емес

F) целом қуысының болмауы

G) екінші ауызды емес

H) хитин қабатының болуы

*****

2. Басқаңқасыздардың ерекшеліктері:

A) бауыр өскіні болады

B) қаны түссіз

C) өкпе және тері арқылы тыныс алады

D) миы жақсы дамыған

E) ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады

F) жүрегі болады

G) бауыр өскіні болмайды

H) өкпе арқылы тыныс алады



*****

3. Басхордалылардың тіршілік ету тәсілі:

A) пассивті тіршілік етеді

B) активті тіршілік етеді

C) іштей ұрықтанады

D) жылы суларда мекендейді

E) жүрегі екі камералы

F) жүрегі үш камералы

G) жүрегі төрт камералы

H) дернәсілі белсенді қозғалады, қоректенеді



*****

4. Басхордалылар класына тән белгілер:

A) көлемді жұтқыншағы болады

B) қарны жақсы дамыған

C) жүйке түтігі бар

D) жұп дене бүйрегі болады

E) іштей ұрықтанады

F) жүрегі екі камералы

G) қан айналымы ашық

H) гессе көзшелері болады

*****

5. Ланцетникке тән белгілер:



A) жүрегі болады

B) желбезек саңылаулары 100 жұптай

C) сыртқы қаңқасы болады

D) терісі екі қабаттан тұрады

E) екінші реттік дене қуысы болмайды

F) миы болмайды

G) қан айналымы тұйық

H) іштей ұрықтанады

*****

6. Ланцетниктің қан айналым жүйесінің ерекшеліктері:



A) жүрегі екі камералы

B) қан айналымы тұйық

C) денесіне аралас қан тарайды

D) қаны түссіз

E) жүрегі бір камералы

F) құрсақ қолқа қан тамыры болмайды

G) жүрегі болмайды

H) қолқа доғасы бар

*****

7. Ланцетниктің ас қорыту ерекшеліктері:

A) бауыры жақсы жетілген

B) ас қорыту жүйесі клоакамен аяқталады

C) жұтқыншағы ас қорыту, тыныс алу қызметтерін атқарады

D) өңеш пен қарын дамыған

E) ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады

F) ас қорыту бездері бар

G) жұтқыншақ түбінде эндостиль сайшасы болады

H) бауыр өскіні болмайды

*****


8. Басқаңқасыздарға тән белгілер:

A) қанайналым шеңбері екеу

B) дене температурасы тұрақты

C) құрлықта тіршілік етеді

D) бауыр өскіні

E) терісімен де тыныс алады

F) жүйке түтігі

G) жүрегі екі камералы

H) атриопор қуысы

*****


9. Анамниялар тобына жатады:

A) Ланцетниктер

B) Басқаңқасыздар

C) Тауықтар

D) Кептерлер

E) Басхордалылар

F) Құстар

G) Сүтқоректілер

H) Рептилилер

*****


10. Миксиндерге тән белгілер:

A) қан айналымы ашық

B) клоакасы болады

C) терісі екі қабаттан тұрады

D) тану тесігі біреу

E) жүрегі екі камералы

F) жүрегі үш камералы

G) жүйке түтігі бар

H) бүйрегі болмайды

*****


11. Дөңгелекауыздыларға тән белгілер:

A) іштей ұрықтанады

B) қан айналымы тұйық

C) желбезек тесіктері 5-7 жұп

D) жүрегі болмайды

E) сырттай ұрықтанады

F) жұп жүзбе қанаттары болады

G) желбезек саңылаулары 8 – 10 жұп

H) тану тесігі жұп болады

*****


12. Қазақстан су қоймаларында кездесетін дөңгелекауыздылар:

A) сібір миногасы

B) каспий миногасы

C) қиыр-шығыс миногасы

D) жапон миногасы

E) атлант миногасы

F) балтық миногасы

G) еуропа миногасы

H) үштісті минога

*****


13. Миногалардың белгілері:

A) денесі сегменттелген

B) жұп жүзбе қанаттары жоқ

C) аузы сорғыш типті

D) аралас дене қуысы

E) алғашқы дене қуысы болады

F) денесі радиалды симметриялы

G) паразитті тіршілік етеді

H) хорда мезодермадан пайда болған

*****


14. Миногаларға тән:

A) іштей ұрықтанады

B) жүрегі болмайды

C) жүрегі үш қуысты

D) жақтары болмайды

E) жұп жүзбе қанаттары болады

F) қағанақтылар тобына жатады

G) сырттай ұрықтанады

H) қан айналу шеңбері біреу

*****


15. Дөңгелекауыздылар класына тән белгілер:

A) жақтары жоқ

B) жұп жүзбе қанаттары жоқ

C) денесі радиалды симметриялы

D) аралас дене қуысы

E) алғашқы дене қуысы болады

F) аузы сорғыш типті

G) денесі сегменттелген

H) хорда мезодермадан пайда болған

*****


16. Миногалардың қорегі:

A) балықтардың қанымен

B) етпен

C) балықтардың уылдырығымен

D) шөппен

E) бактериялармен

F) балдырлармен

G) көк-жасыл балдырлармен

H) қарапайымдылармен

*****


17. Суда тіршілік ететін омыртқалыларға тән белгілер:

A) желбезек арқылы тыныс алу

B) өкпе арқылы тыныс алу

C) бүйір сызығы болмайды

D) бүйір сызығының болуы

E) жүрегі 2 камералы

F) тері арқылы тыныс алу

G) тері және өкпе арқылы тыныс алады

H) қан айналу шеңбері екеу

*****


18. Денесі циклоидты қабыршақтармен қапталған:

A) сүйекті балықтар

B) сазан

C) шеміршекті балықтар

D) дөңгелекауыздылар

E) акулалар

F) ланцетниктер

G) тұқытәрізділер

H ) скаттар

*****


19. Қан айналым шеңбері біреу:

A) бауырымен жорғалаушыларда

B) қосмекенділердің ересектерінде

C) скаттарда

D) бүтінбастыларда

E) қолтырауында

F) құстарда

G) сүтқоректілерде

H) акулаларда

*****


20. Акуланың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері:

A) желбезек саңылауларының саны 100 жұптай

B) тері арқылы тыныс алады

C) желбезек саңылаулары 5-7 жұп

D) атмосфералық ауамен тыныс алады

E) желбезек аппаратында желбезекаралық перде болады

F) желбезек доғалары болмайды

G) желбезек саңылаулары жұтқыншақтың екі бүйірінде орналасқан

H) суда еріген оттекпен тыныс алмайды

*****


21. Құйрық жүзбеқанаттары гетероцеркальды:

A) албырттар

B) акулалар

C) сүйекті балықтар

D) шеміршекті балықтар

E) тұқылар

F) майшабақтар

G) бекірелер

H) шортандар

*****


22. Шеміршекті балықтардың қан айналымы:

A) қан айналымы ашық

B) арқа қолқа қантамыры бар

C) арқа қолқа қантамыры болмайды

D) жүрегі екі қуысты

E) жүрегі денесінің арқа тұсында орналасқан

F) қан айналымы қуысты

G) жүрегі үш қуысты

H) денесіне таза қан тарайды

*****


23. Акуланың ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері:

A) тоқ ішегінде спиральды қатпарлары бар

B) сілекей бездері бар

C) ас қорыту жүйесі клоакамен аяқталады

D) ұйқы безі болмайды

E) ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады

F) бауыры үлкен үш қалақты

G) бауыры болмайды

H) тоқ ішегі мен аш ішегінің диаметрі бірдей

*****


24. Шеміршекті балықтардың жіктелуі:

A) басқаңқасыздар тип тармағына жатады

B) тақтажелбезектілер класс тармағы бар

C) сәулеқанаттылар класс тармағы бар

D) жақауыздылар тобына жатады

E) омыртқалылар тип тармағына жатады

F) қабықтылар тип тармағына жатады

G) бекіретектестер отряды бар

H) амниоттар тобына жатады

*****


25. Аратісті акулалардың өкілі:

A) киттәрізді акула

B) балғабас акула

C) алып акула

D) ак акула

E) теңіз түлкісі

F) өгіз акула

G) мүйізді акула

H) поляр акуласы

*****


26. Шаншар құйрықты скаттарға жататын балықтар:

A) манта


B) көбелек скат

C) өзен скаты

D) жылтыр скат

E) гитаратәрізді скат

F) кәдімгі аратұмсық

G) қылтықты скат

H) электрлі скат

*****


27. Шеміршекті балықтардың желбезек аппаратының құрылысы:

A) 5 -7 жұп желбезек доғалары

B) желбезек аралық перделер

C) хоан


D) желбезек жапырақшалары

E) өкпе


F) кеңірдек

G) бронхылар

H) альвеолалар

*****


28. Гомоцеркальды жүзбеқанаттары бар балықтар:

A) сазан


B) алабұға

C) мөңке


D) акула

E) бекіре

F) атбалық

G) жыланбалық

H) химера

*****


29. Бүйір сызығы бар:

A) бауырымен жорғалаушыларда

B) балықтарда

C) ланцетникте

D) сазанда

E) қосмекенділерде

F) тасбақада

G) акулада

H) кесірткеде

*****


30. Қабыршағы сүйекті балықтар:

A) скаттар

B) акулалар

C) көпқауырсындылар

D) сүйектірек балықтар

E) сүйекті ганоидалар

F) алабұғалар

G) шортантәрізділер

H) бүтінбастылар

*****


31. Балықтарға тән белгілер:

A) омыртқа жотасы екі бөлімнен тұрады

B) қарны дамымаған

C) жүрегі екі камералы

D) жақтары болмайды

E) желбезек арқылы тыныс алады

F) торсылдағы болмайды

G) жүрегі үш камералы

H) жүрегі төрт камералы

*****


32. Денесі циклоидты қабыршақтармен қапталған:

A) сүйекті балықтар

B) сазан

C) шеміршекті балықтар

D) дөңгелекауыздылар

E) ланцетниктер

F) тұқытәрізділер

G) скаттар

H) акулалар

*****


33. Қан айналым шеңбері біреу:

A) бауырымен жорғалаушыларда

B) қосмекенділердің ересектерінде

C) құстарда

D) сүтқоректілерде

E) шеміршекті балықтарда

F) сүйекті балықтарда

G) қосмекенділердің дернәсілдерінде

H) қолтырауында

*****


34. Торсылдағы болады:

A) қосмекенділерде

B) шеміршекті балықтарда

C) акулада

D) өзен алабұғасында

E) шаянда

F) сүйекті балықтарда

G) дөңгелекауыздыларда

H) трескатәрізділерде

*****


35. Сүйекті балықтар қаңқасының ерекшеліктері:

A) басқаңқасында сүйекті қақпағы болады

B) басқаңқасында меккель шеміршегі бар

C) басқаңқасының түбінде парасфеноид сүйегі бар

D) омыртқа жотасы үш бөлімге бөлінген

E) омыртқа жотасы екі бөлімге бөлінген

F) иық белдеуінде жауырын сүйегі болмайды

G) иық белдеуінде төс сүйегі бар

H) жамбас белдеуі болмайды

*****


36. Сүйекті балықтарға тән белгілер:

A) ас қорыту жүйесі клоакамен аяқталады

B) қан айналымы тұйық

C) жүрегі болмайды

D) жүрегі үш камералы

E) сырттай ұрықтанады

F) дене температурасы тұрақты

G) танау тесігі жұп

H) танау тесігі тақ

*****


37. Теңіз балықтарының өкілдері:

A) айбалық

B) скат

C) камбала

D) сазан

E) форель

F) алабұға

G) судак

H) карась

*****


38. Тұщы су балықтарының өкілдері:

A) сазан


B) мөңке

C) алабұға

D) форель

E) скат


F) акула

G) камбала

H) бекіре

*****


39. Дене пішіні жыланға ұқсас балықтар:

A) жылан балық (угорь)

B) теңіз инелері

C) вьюн (шырма балық)

D) камбала

E) сазан


F) белуга

G) шортан

H) форель

*****


40. Көктемде өрістейтін балықтар:

A) бекіретәрізділер

B) тұқытәрізділер

C) майшабақтар

D алабұға

E) форель

F) скат

G) акула


H) камбала

*****


41. Бүйір сызығы бар:

A) құстарда

B) бауырымен жорғалаушыларда

C) ланцетникте

D) сазанда

E) қосмекенділерде

F) балықтарда

G) акулада

H) кесірткеде

*****


42. Терісі арқылы тыныс алады:

A) қосмекенділер

B) көлбақа

C) шеміршекті балықтар

D) құйрықтылар

E) сүйекті балықтар

F) ланцетниктер

G) дөңгелекауыздылар

H) басхордалылар

*****


43. Құйрықтылар отрядының өкілі:

A) саламандралар

B) жетісу аяқтыбалығы

C) сібір бұрыштісі

D) құрбақалар

E) құртшалар

F) амбистомдар

G) бақылдауық бақалар

H) шөп бақасы

*****


44. Қосмекенділердің морфологиялық ерекшеліктері:

A) терісі жалаңаш

B) түрленіп дамиды

C) терісін қабыршақ жапқан

D) ересектерінде тіласты доғасы сақталған

E) мишығы нашар жетілген

F) метанефрос бүйрек

G) жүрегі ересектерінде 2 камералы

H) артериалдық конус жоқ

*****


45. Қосмекенділердің көбеюі:

A) сырттай ұрықтанады

B) дара жынысты емес

C) ұрпақтары түрленіп жетіледі

D) жыныс бездері жұп

E) дернәсілдері құрлықта жетіледі

F) ұрпақтары тікелей дамиды

G) жұмыртқалар арқылы көбейеді

H) тірідей туады

*****


46. Мезонефросты бүйректер:

A) бауырымен жорғалаушыларда

B) құстарда

C) сүтқоректілерде

D) кемірушілерде

E) бақаларда

F) тритондарда

G) тұяқтыларда

H) құрбақаларда

*****


47. Қосмекенділерге тән белгілер:

A) сырттай ұрықтанады

B) қанайналым шеңбері біреу

C) жүрегі екі камералы

D) денесіне аралас қан тарайды

E) іштей ұрықтанады

F) жұп дене бүйрегі болады

G) тістері жеке топтарға жіктелген

H) қағанақтылар тобына жатады

*****


48. Көлбақаның дернәсілдерінің ерекшеліктері:

A) денесіне аралас қан тарайды

B) жамбас бүйрегі болады

C) өкпесі арқылы тыныс алады

D) жүрегі үш камералы

E) желбезектері арқылы тыныс алады

F) жүрегі төрт камералы

G) қан айналу шеңбері біреу

H) қан айналымы ашық

*****


49. Қосмекенділер класының жіктелуі:

A) екі отряды бар

B) қабықтылар тип тармағына жатады

C) омыртқалылар тип тармағына жатады

D) басқаңқасыздар тип тармағына жатады

E) қабыршақтылар отрядына жатады

F) үш отрядқа жіктелген

G) жақсыздар тобына жатады

H) анамния (қағанақсыздар) тобына жатады

*****


50. Қосмекенділердің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері:

A) сілекей бездері болмайды

B) тоқ ішегінде спиральды қатпарлар болады

C) сілекей бездері бар

D) тілдерінің пішіні әртүрлі

E) ас қорыту жүйесі клоакамен аяқталады

F) ұйқы безі болмайды

G) өт өзегі ұлтабарға (он екі елі ішекке) ашылмайды

H) ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады

*****


51. Қосмекенділердің жүрегінен шығатын жұп қантамырлары:

A) ұйқы артериялары

B) аорта доғалары

C) тері-өкпе артериялары

D) алдыңғы қуыс вена

E) артқы қуыс вена

F) құрсақ венасы

G) мықын венасы

H) өкпе венасы

*****


52. Тері бездері нашар жетілген:

A) сүтқоректілерде

B) тасбақаларда

C) ескекаяқтыларда

D) кесірткелерде

E) крокодилдерде

F) приматтарда

G) кемірушілерде

H) қолқанаттыларда

*****


53. Қарыншасы толық бөлінбеген үш камералы жүрек тән:

A) шеміршекті балықтарға

B) тасбақаларға

C) бауырымен жорғалаушыларға

D) жыландарға

E) сүтқоректілерге

F) ланцетниктерге

G) миногаларға

H) миксиндерге

*****


54. Рептилилердің жұмыртқасы дамып жетілуі үшін қажетті жағдайлар :

A) су


B) жарық

C) жылу


D) ауа

E) жұмсақ субстрат

F) қоректік заттар

G) топырақ

H) ылғалды орта

*****


55. Бауырымен жорғалаушылар класындағы отрядтар:

A) тасбақалар

B) қабыршақтылар

C) қолтырауындар

D) торғайтәрізділер

E) кептертәрізділер

F) көкектәрізділер

G) сүтқоректілер

H) жыртқыштар

*****


56. Бауырымен жорғалаушылардың жүрегінен шығатын қан тамырлары:

A) өкпе артериясы

B) аортаның оң доғасы

C) аортаның сол доғасы

D) тері веналары

E) тері артериялары

F) өкпе венасы

G) арқа аортасы

H) алдыңғы қуыс веналар

*****


57. Бауырымен жорғалаушылардың жүйке жүйесінің ерекшеліктері:

A) ми қыртысы болмайды

B) ортаңғы миы өте жақсы дамыған

C) төбе мүшесі мен эпифиз жақсы дамыған

D) мишығы нашар дамыған

E) алдыңғы ми сыңарларына бөлінбеген

F) ми қыртыс (неопаллиум) пайда болған

G) төбе мүшесі болмайды

H) мишығы жақсы дамыған

*****


58. Бауырымен жорғалаушылардың қаңқасының ерекшеліктері:

A) омыртқа жотасы төрт бөлімге бөлінген

B) алғаш рет кеуде торы пайда болған

C) бір ғана мойын омыртқасы болады

D) кеуде торы болмайды

E) омыртқа жотасы бес бөлімге бөлінген

F) төс сүйегі болмайды

G) атлант деп аталатын мойын омыртқасы бар

H) эпистрофей омыртқасы болмайды

*****


59. Бауырымен жорғалаушылардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері:

A) өкпесі нашар дамыған

B) тек өкпесі арқылы тыныс алады

C) қосымша терісі арқылы да тыныс алады

D) кеңірдек пайда болған

E) кеңірдегі болмайды

F) көмекейі болмайды

G) терісі арқылы тыныс алмайды

H) тыныс алуы ауыз - жұтқыншақ қуысының қозғалысына байланысты

*****


60. Тасбақалар отрядының отряд тармақтары:

A) жұмсақденелілер

B) бүйірмойындылар

C) жасырынмойындылар

D) құбылғылар

E) кесірткелер

F) амфмисбеналар

G) жыландар

H) тұмсықбастылар

*****


61. Рептилилерің морфологиялық ерекшеліктері:

A) метанефрос бүйрек

B) жүрегі 3 не 4 камералы

C) тері бездері бай

D) уылдырық шашады

E) мезонефрос

F) дене температурасы тұрақты

G) ауа қапшықтары бар

H) тыныс алу мүшесі өкпе

*****


62. Құстардың морфологиялық ерекшеліктері:

A) клоакасы жоқ

B) ауа қапшшықтары бар

C) астыңғы көмекейі бар

D) жүрегі үш камералы

E) тері бездерге бай

F) ұрпағын тірі туады

G) көкет (диафрагма) бар

H) денесін қауырсын жапқан

*****


63. Құстардың ас қорыту мүшесінің ерекшеліктері:

A) жемсау

B) безді қарын

C) етті қарын

D) таз қарын

E) спиральды қатпар

F) пилорикалық өсінділер

G) аналь тесігі

H) ректальды без

*****


64. Қазақстанда кездесетін жапалақтәрізділер:

A) үкі


B) байғыз

C) құлақты жапалақ

D) кәдімгі сипуха

E) қарғылы жапалақ

F) сұр сипуха

G) балықшы үкі

H) қарқылдағыш жапалақ

*****


65. Қазақстанда мекендейтін тауықтәрізді құстар:

A) шіл


B) кекілік

C) қырғауыл

D) күркетауық

E) цесарка

F) аргус

G) тауыс


H) банкив тауығы

*****


66. Құстардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері:

A) төменгі көмекейі бар

B) көмекейі болмайды

C) қосарлы тыныс алу тән

D) өкпеде қан оттек бір рет ғана тотығады

E) бронхы тармақтарынан ауа қапшықтар пайда болған

F) ауа қапшықтарында газ алмасу жүреді

G) ауа қапшықтары болмайды

H) тыныс алу механизміне кеуде торы қатыспайды

*****


67. Құстардың жыныс жүйесінің ерекшеліктері:

A) іштей ұрықтанады іштей ұрықтанады

B) мекиендерінің аналық безі жұп

C) мекиендерінің жұмыртқа жолы да жұп

D) мекиендерінің аналық безі сыңар

E) қораздарының аталық безі сыңар

F) қораздарының аталық безі жұп

G) сырттай ұрықтанады

H) дара жынысты емес

*****


68. Құс жұмыртқасының қабықтары:

A) ақуыз


B) сарыуыз

C) пеликула

D) хитин

E) амнион

F) сероза

G) кутикула

H) скорлупа

*****


69. Құстардың тері жамылғысы:

A) мамық қауырсын

B) қақпа қауырсын

C) түк


D) қабыршақ

E) сауыт


F) қалқанша

G) жалаңаш

H) бағыттаушы (руль) қауырсын

*****


70. Тістері жеке топтарға жіктелген:

A) иттерде

B) қолтырауында

C) тақтұяқтыларда

D) кесірткеде

E) жұптұяқтыларда

F) тасбақада

G) жыланда

H) құрбақада

*****


71. Қолқанаттыларға тән белгіліер:

A) күндіз белсенді тіршілік етеді

B) дене температурасы тұрақсыз

C) саусақтарының арасы терілі жарғақпен байланысқан

D) сырттай ұрықтанады

E) тістері болмайды

F) төс сүйегінде қыры болады

G) қанайналым шеңбері біреу

H) түнде белсенді тіршілік етеді

*****


72. Сүтқоректілер класына жататын жануарларға тән белгілер:

A) ұрпағын тірі туу

B) түрленіп даму

C) салқын қандылық

D) үш камералы жүрек

E) екі камералы жүрек

F) ұрпағын сүтпен асырау

G) желбезекпен тыныс алу

H) тері жамылғысында бездердің көп болуы

*****


73. Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері:

A) тері бездері көп

B) тістері гетеродонтты, әрі текодонтты

C) омыртқасы платицельді

D) тері бездері аз

E) диапсидті басқаңқа

F) мойын омыртқалары жетеу

G) жамбасы ашық

H) эритроциттері ядролы

*****


74. Тақтұяқтылар отрядына тән белгілер:

A) моногамдар

B) салмағы 3-ші саусаққа түседі

C) тері жамылғысы ұзын, әрі түбітті

D) қауырсынды

E) тері жамылғысы ұзын, әрі түкті

F) полигамдар

G) күйіс қайырады

H) қарны күрделі

*****


75. Жұптұяқтылар отрядының белгілері:

A) тері жамылғысы жақсы жетілген

B) қарны қарапайым

C) моногамдар

D) төлдері шала

E) өсімдікқоректілер

F) бұғана бар

G) мүйіздері жоқ

H) салмағы 2-5 саусақтарына түседі

*****


76. Жыртқыштар отрядының белгілері:

A) иіс бездері жақсы жетілген

B) жыртқыш тістері бар

C) тері жамылғысы жұқа

D) өсімдікқоректілер

E) полигамдар

F) жаңа туылғандар ширақ

G) бұғана бар

H) моногамдар

*****


77. Күйісқайыратын сүтқоректілердің қарнының бөлімдері:

A) безді қарын

B) етті қарын

C) жұмыршақ

D) пилорикалық өсінділер

E) жемсау

F) қатпаршақ (жалбыршақ)

G) спиральды қатпар

H) ұлтабар

*****


78. Қазақстанда кездесетін қуыс мүйізді сүтқоректілер:

A) бизон


B) ақбөкен (киік)

C) серна


D) таутеке

E) қарақұйрық

F) гаур

G) енеке


H) тур

*****


79. Сүтқоретілерде болатын бездер:

A) май


B) бүйір сызық

C) сүт


D) төбе органы

E) желбезек

F) екі камералы жүрек

G) үші камералы жүрек

H) тері

*****


80. Мысықтектестер тұқымдасына жататын жыртқыштар:

A) сілеусін

B) жолақ қорқау

C) қабылан

D) құну

E) қарақал

F) борсық

G) мангуст

H) кәмшат

*****


Глоссарий

Автотомия - құйрықтың бір бөлігін бөліп тастау

аксолотль – амбистомдардың дернәсілі (құйрықты қосмекенділер)



аллантойс – амниоттардың ұрық қабығы

альвеолдар - өкпе көпіршіктері



амнион –амниоттардың ұрық қабы

амфистиля – гиомандибуляр шеміршегінің таңдай-шаршы шеміршегімен бітісуі



вебер аппараты –торсылдақпен және ішкі құлақпен байланысатын сүйектер жүйесі

аптерилер – терінің қауырсынсыз бөлімі

археоптерикс – бауырымен жорғалаушылар мен құстардың арасынан аралық орын алатын жануарлар

архипаллиум –нағыз ми бағаны

атлант – амниоттардың бірінші мойын омыртқасы (сүйекті сақина)

атриопор – ланцетниктің атриаль қуысының тесігі

аутостилия – таңдай – шаршы шеміршегінің ми сауытымен бірігуі

базалилер – шеміршекті балықтардың жүзу қанаттарының негізін құрайтын шеміршектер

бүйір сызығы – судың ағыс күшін қабылдайтын балықтардың сейсмосенсорлық органы

боуменов капсуласы-бүйректің зәр шығару каналдарының ерекше өсінділері

брадикардия –жүрек етінің жиырылу жиілігінің төмендеуі

вибристер - сипап сезу қызметін атқаратын сүтқоректілердің қатты түктері

қан айналудың қақпа жүйесі – бүйрекке немесе бауырға құйылатын вена капиллярларының шумағы

балауыз –құстардың тұмсығының қауырсынсыз терілі бөлімі

ганглилер – нейрондар денесі мен өсінділерінің шоғыры, нерв түйіні

гаструла – көп жасушалы жануарлардың ұрықтық кезеңі

гаструляция – екі ұрық жапырақшасының оқшаулануы

гетеродонттылық –сүтқоректілерде тістердің күрек, шошақ, азу тістерге жіктелулері

гипогенез –аналықтың дамуына әкелетін қалыпты дамудан ауытқушылық

гиостилия-таңдай-шаршы шеміршегінің гиомандибулярлы шеміршек арқылы басқаңқасымен байланысуы

гомойотермділік – дене температурасының тұрақтылығы, жылықандылық

гомология - әртүрлі организмдердегі филогенетикалық туыстығы бар органдар сәйкестілігі

диастема –азу мен күрек тістер аралығындағы тіссіз аралық (кемірушілер, қоянтәрізділер)

диафрагма – сүтқоректілердің құрсақ пен көкірек қуысын бөліп тұратын етті орган

жыныстық диморфизм – аналықтар мен аталықтардың сыртқы морфологиялық айырмашылықтары

дифиодонтты тіс жүйесі – тіршілікте тістердің бір рет алмасуы

тапсырыс - өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлері мен ландшафтық элементтері бар уақытша қорғалатын табиғи аймақ

қорық- өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлері бар қорғалатын табиғи аймақ

тұншығу (замор) –оттегінің жетіспеушілігінен пайда болған жануарлардың жаппай қырылуы

зоб – құстардағы өңештің кеңейген бөлімі

инстинкт –туа пайда болған күрделі мінез-қылық актілерінің жиынтығы

ихтиозаврлар –суда тіршілік етуге бейімделген рептилилердің ежелгі түрлері

ихтиорнистер – құстардың ежелгі тобы

ихтиостегидтер – саусаққанатты балықтар мен қосмекенділер арасындағы аралық түрлер алғашқы амфибилер

карапакс – тасбақалардың беті дөңес үстіңгі сауыты

спиральды клапан – дөңгелекауыздылардың ішегінің винттәрізді орамы

клейтрум – сүйекті балықтардың иық белдеуі қаңқасының құрамына енетін орақ тәрізді сүйек

клоака – артқы ішектің сыртқа ашылатын кеңейген бөлімі

конвергенция-организмдердің әртүрлі топтарындағы ұқсас орта жағдайларына қарай ұқсас белгілерінің тәуелсіз дамуы

амфицельді омыртқалар – омыртқалар денесінің екі бетінің ойыс болуы

анадромды миграция – балықтардың уылдырық шашу үшін теңізден өзенге өтуі (бекірелер, албырттар)

гетероцельді омыртқалар – омыртқалардың буындасу беттерінің ершік тәрізді болуы (құстар)

жұмыршақ қарын – күйіс қайтарушы жануарлардың қарын бөлімі

каракоид - балықтың иық белдеуінің сүйегі

катадромды миграция – уылдырық шашу үшін өзеннен теңізге көшу (угртәрізділер)

кориум –терінің ішкі талшықты қабаты

корти органы –ішкі құлақ рецепторы

космин –космоидты қабыршақтың сыртындағы түрі өзгерген дентин

космоидты қабыршақ – дөңгелек немесе ромба тәрізді косминмен жабылған қалың сүйекті тақташа

котилозаврлар – таскөмір дәуіріндегі ежелгі рептилилер

ктеноидты қабыршақ –сыртқы жиегі тісшеленген жұқа жартылай мөлдір тақташалар

құмқазғыш – миноганың дернәсілі

лабиринтодонттар – қосмекенділердің жойылып кеткен ежелгі тобы

метаморфоз- организмдердің түрленіп дамуы

мезодерма – ортаңғы ұрық қабаты

метанефрос-омыртқалардың дене бүйрегі

миомер –ланцетниктің ет қабатының сегменті

миосепта – миомерлерді шектеуші дәнекер тканді қабаттар

невропор - жүйке түтікшесін сыртқы ортамен байланыстыратын тесік

невроцель –ланцетниктің жүйке түтікшесінің ішкі қуысы

неопаллиум –рептилилердің екінші ми бағаны

неотения – дернәсілдік сатыдағы көбею мүмкіндігі

нерест – балықтардың көбею кезіндегі инстинктивті мінез-қылығы (уылдырық шашу)

нефридилер – бір ұшы атриалдық қуысқа екінші ұшы дене қуысына ашылатын зәр шығару каналдары

нефростом – нефридилер тесігі

онтогенез – особьтардың жеке дамуы

опистоцельді омыртқалар – алды дөңес, арты ойыс

парасфеноид –ми сауыты түбінің сүйегі

плакоидты қабыршақ – тісшесі бар, терінің талшықты қабатында орналасқан тақташа

пластром – тасбақалардың бүйір сауыты

платицельді омыртқалар – омыртқалардың буындасу беттері тегіс, жалпақ

полигамия – бір аталық пен бірнеше аналықтардан тұратын некелік қатынастар жүйесі

процельді омыртқалар –алды ойыс, арты дөңес

рострум – бастың алдыңғы бөлімінің өсіндісі (шеміршекті балықтар)

соленоциттер – ланцетник нефридилерінің түйреуіш тәрізді жасушалары

стегоцефалдор - өліп біткен бассауытты амфибилер

сүйекті қабыршақ – бір-біріне шатыр тәрізді жапсарласқан сүйекті тақташалар

тектодонтты тіс жүйесі – жақ сүйектерінің қуысына орналасқан тістер

фабрициев қалтасы –құстардың артқы ішегінің тұйық өсіндісі

фаллопиев түтіктері –жұмыртқа жолының жоғарғы бөлімі

хорион – омыртқалылардың сыртқы ұрық қабығы

цевка –аяқтағы табан мен толарсақ сүйектерінің қосылуы (құстарда)

циклоидты қабыршақ – артқы жиегі тегіс, жұқа, жартылай мөлдір тақташа

эндостиль – ланцетниктің жұтқыншағындағы кірпікшелі эпителилі қуыс (жылға)

эктодерма – сыртқы ұрық қабаты

энтодерма –ішкі ұрық қабаты

эпиорниостар – құстардың ежелгі өліп біткен тобы

эпидермис – жануарлар терісінің сыртқы эпителий қабаты

эпистрофей – екінші мойын омыртқасы

эпифиз – түйнекті без, аралық ми өсіндісі

якобсон мүшесі –қоректің иісін ажыратушы мүше (рептилилер)

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Блохин Г.И., Александров В.А. Зоология. - М.: Колос, 2006. - 512 с.

  2. Дзержинский Ф.Я. и др. Зоология позвоночных.-М., Академия, 464с.

  3. Константинов В.М., Шаталова С.П. Сравнительная анатомия позвоночных животных.- М.: Академия, 2005. - 304 с.

  4. Константинов, С.П. Наумов, С.П. Зоология позвоночных: учебник для студ. биологич. фак. педвузов. М: Академия, 2012. — 448 с.

  5. Бутузов А.А. Руководство к лабораторным занятиям по зоологии. -Тверь, 1996

  6. Константинов В.М., Шаталова С.П., Бабенко В.Г. и др. Лабораторный практикум по зоологии позвоночных. М., 2005.-272с.

  7. Потапов И.В. Зоология с основами экологии животных: Учеб. пособие. М., 2001.

  8. Степанян Е.Н., Алексахина Е.М. Зоология с основами экологии животных: Учеб. пособие для студентов высших учебных заведений. М., 2001.-120с.

  9. Степанян Е.Н. Лабораторный практикум по зоологии с основами экологии. М., 2001.

  10. Определитель позвоночных животных фауны СССР (В 3-х ч.) Пособие для учителей. - М.: Просвещение, 1974.

  11. Павлов Д.С., Решетников Ю.С., Шатуновский М.И., Шилин Н.И. Редкие и исчезающие животные. Рыбы. - М.: Высш. шк., 1994.-324с.

  12. Демеуов Ж.Д., Жақсыбаев М.Б., Батырова К.И., Демеуова Л.Н., Сексенова Д.У., Майматаева А.Д. Омыртқалылар зоологиясының зертханалық жұмыстары. Оқу құралы. 1 бөлім. Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010, б. 136

  13. Демеуов Ж.Д., Жақсыбаев М.Б., Батырова К.И., Демеуова Л.Н., Сексенова Д.У., Майматаева А.Д. Омыртқалылар зоологиясының зертханалық жұмыстары. Оқу құралы. 2 бөлім. Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010, б.140

  14. Батырова К.И., Жақсыбаев М.Б., Майматаева А.Д., Сексенова Д.У. Омыртқалылар зоологиясы. Электрондық оқулық. Атлас. Алматы, 2015



МАЗМҮНЫ

Кіріспе. Хордалылар типі ………………………………………………………3

Тақырып 1. Басхордалылар класы (Cephalochordata)…………………………..4

Сабақ. Ланцетник мысалында басхордалылардың құрылыс ерекшеліктері...........…………… ……………………………………………….4

Тақырып 2. Дөңгелекауыздылар класы (Cyclostomata)……………………… 8

Сабақ. Миноганың мысалында дөңгелекауыздылардың құрылысының морфологиялық ерекшеліктері ………………………………………………….8

Тақырып 3. Шеміршекті балықтар класы (Chondrichthyes)…………………12

Сабақ 1. Тікенді акула мысалында шеміршекті балықтар құрылысының морфологиялық ерекшеліктері ..........................………………………….…13

­Сабақ 2. Шеміршекті балықтардың қаңқасы ….……………………………16

Тақырып 4. Сүйекті балықтар класы (Osteichthyes)………………………….19

Сабақ 1. Өзен алабұғасы мысалында сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы .......................……………………………………………………….19

Сабақ 2. Сүйекті балықтардың қаңқасы……………………………………….22

Сабақ 3. Балықтардың жүйке жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы ...….25

Сабақ 4. Балықтарды анықтау………………………………......................………………..27

Тақырып 5. Қосмекенділер класы (Amphibia)…………………………………30

Сабақ 1. Көлбақасының мысалында қосмекенділердің құрылысының морфологиялық ерекшеліктері ...............................................………………31

Сабақ 2. Қосмекенділердің қаңқасы……..…………………………………….36

Сабақ 3 Қосмекенділерді анықтау ……………………………………......…...38

Тақырып 6. Бауырымен жорғалаушылар класы (Reptilia)……………………40

Сабақ 1. Рептилилердің құрылысының морфологиялық ерекшеліктері…..41

Сабақ 2. Рептилилердің қаңқасы……………………………………………….47

Сабақ 3. Бауырымен жорғалаушыларды анықтау ……………………………50

Тақырып 7. Құстар класы (Aves)…………………………………………….…52

Сабақ 1. Құстардың ұйымдасу ерекшеліктері ………………………………53

Сабақ 2. Құстардың қаңқасы………………………………….……………….59

Тақырып 8. Сүтқоректілер (Mammalia), немесе Аңдар класы (Theria)………70

Сабақ 1. Сүтқоректілер құрылысының морфологиялық ерекшеліктері……...71

Сабақ 2. Сүтқоректілердің қаңқасы ……………………………………………76

Сабақ 3. Сүтқоректілерді анықтау........……………………………………......79

Тест тапсырмалары………………………………………………………….....84

Глоссарий……………………………………………………………………….101

Әдебиеттер…………..............………………………………………………… 104





жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет