М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет84/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
3 сабақ. Сүтқоректілерді анықтау

Мақсаты: үйлестірілмелі материалдарды пайдалана отырып сүтқоректілердің негізгі отрядтарына тән белгілерді анықтауды үйрену.

Керекті құрал-жабдықтар: материалдар топтамасы (басқаңқалары), қол лупасы.

Зертханалық сабақты орындау тәртібі:

  1. Басқаңқасы бойынша қай отрядқа жататындығын анықтау;

  2. Әр отрядқа тән «түйіндік» негізгі белгілерді жазу.


Жұмысқа түсініктеме:

Берілген тақырып бойынша бір сабақ жоспарланған жағдайда сүтқоректілердің негізгі отрядтарын анықтаумен шектелген дұрыс. Төменде сүтқоректілердің отрядтарын анықтау үшін қысқаша кесте келтірілген.



Сүтқоректілер класының отрядтарын анықтау үшін қысқаша кесте

1(12)Басқаңқасында көз шұңқыры самай шұңқырынан сүйек арқылы бөлінбеген. Мұрын сүйегінің ұзындығы 100 мм-ден кем.

2(9) Төменгі жақта күрек тістер 2-3 жұп. Шошоқ тіс бар. Жоғарғы және төменгі жақта тістер қатары тұтас немесе тіссіз болатын аралық азу тістер қатары ұзындығынан едәуір қысқа.

3(4) Жоғарғы және төменгі жақтағы күрек тістердің ішкі жұбы басқаларынан едәуір үлкен, егер күрек тістердің барлығының мөлшерлері бірдей болса, онда олардың сыртқысы шошақ тіске тығыз жанасып жатады. ……………………………………...Насекомқоректілер отряды (Insectivora).

4 (3) Жоғарғы және төменгі жақтағы күрек тістердің ішкі жұбының мөлшері басқаларымен бірдей немесе басқаларынан кіші немесе бұл тістер мүлдем болмайды. Жоғарғы жақтағы сыртқы күрек тістер мен шошақ тістердің арасында аз ғана тіссіз аралық болады.

5(6) Басқаңқасында таңдайдың алдыңғы жиегі кең, әрі терең ойық, осыған сай жоғарғы жақтағы күрек тістердің оң жақтағысы мен сол жақтағысының арасы ашық, ішкі күрек тістер жоқ....……...................Қолқанаттылар отряды (Chiroptera).

6(5)Таңдайдың алдыңғы жиегі ойық емес. Оң және сол жақтағы күрек тістердің арасы ашық емес.

7(8) Тіс қатарында «жыртқыш тіс» (жоғарғы жақтағы алдыңғы азу тістердің соңғысы және төменгі жақта нағыз азу тістің біріншісі айқын. ................................................................Жыртқыштар отряды (Carnivora).

8(7)Жыртқыш тіс айқындалмаған. Жоғарғы жақтағы соңғы екі азу тістердің ұзындығы енінен үлкен …………..........Қалақаяқтылар отряды (Pinnipedia)

9(2) / Төменгі жақта күрек тістер 1жұп. Шошақ тіс жоқ.. Жоғарғы жақта күрек тістер мен азу тістердің арасында тіссіз аралық (диастома) бар, оның ұзындығы азу тістер қатарының ұзындығынан артық.

10(11) Жоғарғы жақта күрек тістердің қашау тәрізді үлкен бірінші жұбының артында күрек тістердің баған тәрізді кішкене екінші жұбы орналасқан.Төменгі жақтың бір жартысында азу тістердің саны 5………………………………………..Қоянтәрізділер отряды (Lagomorpha)

11(10) Жоғарғы жақта күрек тістердің қашау тәрізді үлкен бірінші жұбының артында күрек тістердің екінші жұбы жоқ. Төменгі жақтың бір жартысында азу тістердің саны 3-4. ………….………......Кемірушілер отряды (Rodentia)

12(1) Басқаңқасында көз шұңқыры самай шұңқырынан сүйек арқылы бөлінген. Егер бөлінбесе (жабайы шошқа), онда мұрын сүйегінің ұзындығы 100 мм-ден артық.

13/14/ Жоғарғы жақтың бір жартысында күрек тіс 3, азу тістердің барлығының мөлшерлері бірдей. Артқы азу тістің жалпақ беткейіндегі эмаль күрделі қатпар түзеді.………………Тақтұяқтылар отряды (Perissodactyla)

14 (13) Жоғарғы жақта күрек тіс жоқ., егер бар болса, онда көз шұңқыры самай шұңқырынан бөлінбеген. Азу тістердің артқылары алдыңғыларынан ірі, тіс беті айшықты, не бұдырлы. ………..................... Жұптұяқтылар отряды (Artiodactyla).

жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет