Сурет 66. Қоянның қаңқасы
1 – басқаңқасы; 2 – мойын омыртқалары; 3 – көкірек омыртқалары; 4 – бел омыртқалары; 5 – сегізкөз омыртқалары; 6 – құйрық омыртқалары; 7 – қабырға; 8 – төс.
Омыртқалар платицельді, яғни байланыс беті тегіс, олардың аралығында шеміршекті диск, немесе менисклер орналасқан.
Мойын бөлімінде омыртқалар саны – 7. Бірінші мойын омыртқа – атлант немесе ауыз омыртқасы, екііншісі – эпистрофей, қалған омыртқалар кәдімгі құрылысты (платицельді). Көкірек бөлімінде омыртқалар саны әдетте 12 – 13 - ке тең. Омыртқалардың сүйір өсінділері үлкен, оларға қабырғалар бекиді. Бел омыртқаларының саны әртүрлі түрлерде 2 –ден 9 аралығында ауытқып тұрады. Сегізкөз омыртқалары біртұтасып, сегізкөз сүйегін түзеді. Құйрық омыртқаларының саны әртүрлі.
Сүтқоректілердің көкірек клеткасы төстен және қабырғалардан құралған.
Иық белдеуі жұп сүйектерден құралған: жауырын, коракоид (қарғаша сүйек) және бұғанадан (жануарлардың кейбір түрлерінде бұғана болмайды).
Жамбас белдеуі жұп сүйектер түрінде, олар үш жұп сүйектердің бірігуі нәтижесінде түзілген: мықын, шонданай және шат сүйектер (сурет 67).
Поделитесь с Вашими друзьями: |