М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет81/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
2 сабақ. Сүтқоректілердің қаңқасы

Мақсаты: сүтқоректілердің қаңқасына тән белгілерді тауып көрсету.

Керекті құрал-жабдықтар: үй қоянының немесе түлкінің, егеуқұйрықтың қаңқасы,, омыртқалар жиынтығы, алдыңғы және артқы аяқ қаңқалары, басқаңқаларының жиынтығы (топтамасы), кестелер.

Зертханалық сабақты орындау тәртібі:

  1. Басқаңқасын қарап көріп, құрылыс ерекшеліктерін тауып көрсету;

  2. Өстік қаңқаны қарап көріп, құрылыс ерекшеліктерін тауып көрсету;

  3. Белдеулер мен олардың бос бөлімдерін көріп танысу.


Жұмысқа түсініктеме:

Сүтқоректілердің басқаңқасы салыстырмалы түрде ірі, сүйектері ауыр,



әрі жіктер арқылы байланысқан. Басқаңқасында екі жаңа сүйектер пайда болған: торлы сүйек (мұрын қуысында) және тақ төбеаралық (басқаңқасының қақпағында) (сурет 65).


Сурет 65. Мысықтың басқаңқасы (бүйірінен)

1 – шүйде сүйек; 2 – төбе сүйек; 3 – төбеаралық сүйек; 4 – маңдай сүйек; 5 – мұрын сүйек; 6 – қабыршақ сүйек; 7 – шықшыт сүйек; 8 – қанатсынатәрізді сүйек; 9 – көзсынатәрізді сүйек; 10 –тас сүйек; 11 – үстіңгіжақ сүйек; 12 – жақаралық сүйек; 13 – тіс сүйек.


Ортаңғы құлақ қуысының маңында үш есту сүйекшелері болады: үзеңгі, төс, балғаша. Сүтқоректілердің астыңғы жақ сүйегі жұп жабын тіс сүйегінен ғана құралған, екінші қатты таңдай және тек оларға ғана тән шықшыт доғасы жақсы дамыған.

Басқаққасының ми бөлімі:



Басқаңқасының шүйде бөлімі шүйде тесігі бар бір шүйде сүйегі түрінде болады. Шүйде сүйектерінің екі бүйірінде омыртқамен байланысты қамтамасыз ететін екі топсасы орналасқан.

Басқаңқасының бүйірлері артқы бөлігінде күшті дамыған шықшыт өсіндісі бар қабыршақты сүйектермен жиектелген. Көз шұңқырын қанатсынатәрізді, көзсынатәрізді және жас сүйектері құрайды.

Иіс сезу бөлімінде танау пердесі бар торлы сүйек пайда болған. Басқаңқасының қақпағы жұп тері тетес сүйектерден түзілген: мұрын, маңдай және төбе сүйектер. Төбе және шүйде сүйектер аралығында орналасқан төбеаралық сүйек тек сүтқоректілерүшін тән.

Басқаңқасының түбі сынатәрізді және таңдай сүйектерінен құралған.



Басқаңқасының висцеральдық бөлімі (бет қаңқасы):сүтқоректілердің екінші жоғарғы жақ ми сауытымен тұтасып кеткен. Төменгі жақ тек бір ғана

тіс сүйек түрінде. Бұл сүтқоректілердің басқаңқасын басқа омыртқалылардың басқаңқасынан айқындаушы белгі.

Сүтқоректілерде шаршы сүйек есту, байланыс сүйегі балға, ал тіласты доғасының жоғарғы бөлімі – үзеңгі сүйектеріне айналған.

Өстік қаңқасы: омыртқа жотасы бес бөлімдерден (мойын, көкірек, бел, сегізкөз, құйрық) тұрады (сурет 66).






жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет