М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 64. Үй қоянының миы (үстінен)



жүктеу 9.83 Mb.
бет80/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 64. Үй қоянының миы (үстінен)

1 – алдыңғы мидың үлкен жарты шарлары; 2 – иіс бөлімдері; 3 – орта ми; 4 – мишық; 5– сопақша ми; 6 – эпифиз.


Мишық екі жарты шарлардан тұрады, үстіңгі беті көптегшен сайшалармен жабылған.

Сопақша ми жүйке талшықтарынан түзілген. Сопақша мидан V – XII ми жүйкелері тарайды.

Жұлын омыртқаның жұлын каналында (қуысында) орналасқан және одан 31 жұлын жүйкелері тарайды.

Жануарларды сою:


  1. Препараттық табақшаға жаңа өлтірілген жануарды (егеуқұйрық немесе қоянды) шалқасынан жатқызамыз. Аяқтарын жан-жаққа қарай ашып, инемен шаншып, табақшаға бекітеміз;

  2. Пинцетпен құрсақ терісін көтеріп, орта сызық бойынша қайшы арқылы аналь тесігінен алқымына дейін бойлай тіліп шығамыз;

  3. Кесілген теріні екі бүйіріне қарай рей ашып, инелер арқылы табақшаға түйреп бекітеміз. Сүтқоректілер терісі оңай реледі;

  4. Реуді скальпель тұтқасымен жүргізген дұрыс;

  5. Жыныстық пісіп жетілген ұрғашыларынан сүт безі айқын көрінеді;

  6. Төсінен бастап аналь тесігіне дейін құрсақ етін де орта сызық бойынша және соңғы қабырғалар жиегімен көлденең тілік жасаймыз;

  7. Құрсақ еттің жалбырын да сыртқа қайырып, табақшаға инелер арқылы түйрейміз;

  8. Төс сүйегі мен қабырғалық шеміршектер араларын кесіп, төсті ойып алып тастаймыз;

  9. Тұлға қуысын ашу барысында тек сүтқоректілерге тән құрылымға – диафрагмаға (көкірек – құрсақ пердесіне) назар аударыңыздар;

  10. Диафрагма тұлға қуысын екіге көкірек және құрсақ қуысына бөліп жатады;

  11. Мойын бөлімінде тыныс алу түтігі (кеңірдек), оған бойлай өңеш өтеді;

  12. Көкірек қуысында жүрек қабы – перикард ішінде жүрек және бірнеше бөліктерден тұратын өкпе орналасқан;

  13. Құрсақ қуысында диафрагма астында қара-қызыл түсті көп қалақты бауыр орналасқан. Егеуқұйрықтарда өт қабы болмайды;

  14. Бауырдың астында қарын орналасқан, одан аш ішек шығады. Аш ішек пен тоқ ішектің арасыныан бүйірлік өсінді соқыр ішекті көруге болады;

  15. Аталықтарын сойған кезде құрсақ қуысының төменгі бөлігінен жұмыртқа пішінді аталық жыныс безін көруге болады;

  16. Аналықтарында жатыр жақсы байқалады.



жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет