Сурет 58. Егеуқұйрық (Rattus norvegicus)
Сыртқы құлақ қалқаны бар, Ауыз тесігі жұмсақ, әрі қозғалмалы еріндермен қоршалған. Сүтқоректілерде мойын айқын бейнеленген.
Аяқтары бессаусақты, тырнақтары бар, алдыңғысында төрт саусақ, артқысында – бесеу. Дененің артқы бөлімінің төменгі жерінде аталықтарында артқы шығару және эәр-жыныс тесігі және аналықтарында артқы шығару, зәр және жыныс тесіктері орналасқан.
Сүтқоректілердің денесі түкпен жабылған. Түк түбірден және сабақтан тұрады. Басында сипап – сезу қабілетін аптқаратын ұзарған түктер вибристер орналасқан.
Сүтқоректілердің терісі үшқабатты: эпидермис, кутис және теріасты клетчаткасы. Тері бездерге бай: тер, май, иіс щығаратын бездер (сурет 59).
Поделитесь с Вашими друзьями: |